Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет313/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

 
(Ұ) « құлатып алмай апар»
турасынан жерге тасталған жіп бойымен қолды екі 
жаққа жайып, басына стақан қойып жүру. 
Табанды жіп-
тің үстіне қойып, денені тік ұстауға назар аударыңыз. Ба-
лалар бұл ойын жаттығуына ұқсас өз идеяларын ұсынуына 
болады.
(т) тепе-теңдік 
– 5 метр қашықтыққа бір аяқпен секіріп, 
екінші аяқпен ауыр допты итеріп бару.
Жерге табанды толық қоймай, табанның алдыңғы жағына 
сүйене отырып секіруге балалардың назарын аударыңыз.
Бір қатарға аралығы 1 метр қашықтықта орналастырылған 
кедергі заттар арасымен 
ауыр доп домалату
.
Нұсқау – допты саусақпен көп күш салмай итеру.
Қимылды орындау кезінде заттарды құлатпаған топ жеңіске 
жететініне назар аударыңыз.
Бала санына қарай 
пластмасса стақан-
дар, саптар санына 
қарай жіп.
Салмағы 1 кг доп-
тар.
Қорытынды 
бөлім
28–30
«Ашулы кірпі»
(«пф-фр» деген дыбыстар)
Жаттығу бұлшық етті босаңсытуға ықпал етеді, жүйке жүйе-
сінің қалпын реттейді.
Бастапқы қалып – тұру.
– Біз өзімізді кірпіге айналдық деп елестетейік. Кірпі орман-
мен жүгіріп келеді. Кенеттен ол күдікті бір нәрсені көріп, 
тоқтай қалды. Кірпі домалана қалды. Қолымызды кеуде 
тұсынан айқастыра, өзімізді иықтан айқара құшақтаймыз
басымызды еңкейтіп, иекті кеудеге тірейміз. Осы қалыпта 
«п-ф-ф» және «ф-р-р» деп ды быстап, тізені бүкпестен 
және табанды жерден қозғамастан барынша төмен иілеміз. 
Міне, қауіп те сейілді. Кірпі денесін қайта жазып, жүгіруін 
жалғастырады.
Ұстамақ болсаң, қу кірпі
Домалаңдай қалады.
Тікендерін күдірейтіп,
Ашулана салады:
«П-ф-ф, п-ф-ф, п-ф-ф,
Ф-р-р, ф-р-р, ф-р-р», деп
дыбыстар шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет