Пәндік лексика және терминология:
Қимыл белсенділігі, тым жоғары белсенділік, қарқындылық, жүрек соғысы,
жүрек, өкпе, тыныс алу, пульс, мониторинг.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жаттығудан кейін денеңде қандай өзгеріс байқадың? (Температура – маңдайыңды
ұстап көр, қаншалықты ысып тұр? Жүрек соғысы – кеуденің сол жағынан
жүрегіңді тыңдап көр – ол қаншалықты жиі соғып тұр?). Қандай тапсырма
қиынырақ болды?
Неге екенін айта аласыңдар ма?
Неліктен күнделікті физикалық белсенді болу маңызды? Неліктен жүгіргеннен
кейін жүрек соғысы жиілейді? Неліктен жүгіргеннен кейін тыныс алуды
қалпына келтіру маңызды? Неліктен тым жоғары белсенділік зиян тигізетінін
айта аласыңдар ма?
Алдыңғы оқыту
Жерге түзу тасталған жіп бойымен қолды екі жаққа жайып, басына стақан
қойып жүру.
Кедергі заттар арасымен ауыр доп домалату.
Тепе-теңдік
– 5 метр қашықтыққа бір аяқпен секіріп, екінші аяқпен ауыр допты
итеріп бару.
Достарыңызбен бөлісу: |