(т) «Жолақтардан секіру» Алаңға ені 50 см құрайтын жолақтар орналастырылады. Екі
топ алаңның бір жағына тұрады. Белгі берілгенде алғашқы
ойыншылар жолақтан-жолаққа секіре бастайды. Педагогтің
нұсқауы бойынша (секіру тәсілі көрсетілген карточкалар) олар
бір аяқтан екінші аяққа немесе қос аяқтап т.б. секірсе болады.
Тапсырманы дұрыс орындағандар ұпай жинайды.
(т) «Жүрдек пойыз» Әрбір топтың балалары бір-бірінің артына сап құрып тұрады.
Топтың әрқайсысының алдына 6 метр қашықтыққа зат
қойылады. Топтағы бірінші тұрған ойыншы жүгіріп барып
қойылған затты айналады да орнына келеді, екінші баланы
артына жалғастырып екеуі затқа қайта жүгіріп барады. Осылай-
ша барлық бала бір-бірінің артына жалғасып затты бәрі толық
айналып болғанша ойын жалғасады. Ойынды бірінші аяқтаған
топ жеңіске жетеді.
«Өткел» Әр топта бір құрсаудан болады – бұл «қайық». Топтар қайықпен
өзеннің арғы бетіне жүзіп баруы тиіс. Бастапқы сызық пен мәре
сызығы белгіленеді. Ойын бастаушы белгі бергенде, топтағы
бірінші тұрған ойыншылар «қайыққа» отырып, өзімен бірге бір
баланы алып, оған арғы жағаға жүзіп баруға көмектеседі. Содан
кейін қайта оралып екінші баланы алып кетеді. Қайыққа тек бір
жолаушы ғана алуға рұқсат. Келесі жағаға бірінші өткен топ –
жеңімпаз.
«құрсаудан өт!» Балалар екі топқа бөлініп, бір қатар сапқа тұрады. Әр сап-
тың қарсысында 3 және 5 м қашықтықта бір-бірінің артында
екі құрсау жатады, ал 7 метр қашықтықта доп тұрады. Ойын
бастаушы белгі бергенде, әр топтың бірінші ойыншысы бірінші
құрсауға дейін жүгіріп барып алдына тоқтайды, құрсауды екі
қолмен алып жоғары көтеріп, басынан өткізіп киеді, отырады да
құрсауды еденге тастайды. Енді екінші құрсауға жүгіріп барып
оның ортасына тұрады, екі қолмен алып басына көтеріп, еденге
қояды. Осыдан кейін балалар допты айналып шығып орнына
оралады. Бірінші болып аяқтаған топ – жеңеді.
Диаметрі – 50 см
құрсаулар.
Қорытынды
бөлім
28–30
Жаттығуды қорытындылап, балалармен бірге топтың жіберген
қателіктерін талдау.