Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет17/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

Эмоционалдық белсендендіру технологияларын тұжырымдау идеясы 
төмендегі айқындамаларда көрініс табады
[30]: 

кез-келген педагогикалық технология оқушының жеке тұлғасының ішкі 
құрылымына, ең алдымен оның мотивациялық-қажеттілік аясына бағдарлануы 
тиіс; 

білім беру технологиясы зияткерлік және эмоционалдық-еріктілік 
шиеленістерін, яғни оқушының танымдық және рухани-адамгершілік 
мәдениетінің дамуы мүмкін болмайтын механизмдерін белсендендіре отырып
тұтасымен жеке тұлғаға әсер етеді; 

педагогикалық технологияның негізгі функционалдық бағдарлануы – 
жеке тұлғаның: оның өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі ынталандыру, өзін түзету, 
өзін белсендендіру, өзін таныту, өз орнын табу секілді қасиеттерін жетілдіруде; 

«технология» түсінігі өз құрылымы бойынша «қатты» емес, «жұмсақ 
реттелген құрылым, ол педагогтің және оқушының мүдделі дамыту қарым-
қатынасы жағдайындағы шығармашылығына негізделген; 
Эмоционалдық ынталандыру әдістері

бұл рухани сезімдердің 
оянуымен байланысты толғаныстар, бұл ұжымды, жеке тұлғаны белсенді 
шығармашылық әрекеттерге (өзіндік әрекеттерге) ынталандыру, бұл тәрбиелік 
үдеріспен байланысты эмоционалдық күйлер, ол әрекетті-шығармашыл және 
жеке тұлғалық-мәнді, сол себептен – тәрбиелік болып шығады. 
Эмоционалдық ынталандыру нұсқалары арасында салыстырмалы түрде 
дербес, бірақ өзара байланысқан эмоционалдық ынталар ретінде шығатын 
келесілерді атап көрсетуге болады: ойын; жарыс; проблемалық-ізденіс әрекеті; 
эмоционалдық-бейнелі әрекет; қоғамдық-бағалаушы әрекет; шығармашылық 
әрекет. 


35 
Эмоционалдық ынта ретінде ойын әрекеттің дербес түрі (басқа 
шаруаларынан бос уақытта) емес, қызметтің басқа түрлеріне қосылған құрал 
ретінде қарастырылады. Осыдан еңбек пен ойынның, көркем шығарма әрекеті 
мен ойынның, танымдық қызмет пен ойынның педагогикалық көзқарастан 
тиімді кешендері бастамасын алады. 
Жарыс – бұл себептерді күшейтуге және қызметті белсендендіруге 
бағытталған эмоционалдық ынта (түрткі). 
Жарыстың жетекші 
эмоционалдық ынтасы ретінде бағалау мен нәтижелерді салыстыру шығады – 
екеуі де мектеп оқушысы үшін өте маңызды екенін білеміз. 
Проблемалық-ізденіс ынтасы
— 
педагог пен оқушылар арасында пікір 
алмасуды, ақиқатты ұжымдасып іздестіруді, пікір таласудың жағдайын әдейі 
жасауы. 
Қоғамдық-бағалау әрекеті
– 
бұл, ең алдымен, мектеп оқушылары 
ұжымында ұжымдық бір іс, нақты факт немесе әрекет бойынша рухани 
пікірлерінің эмоционалдық бірлігінің көрінісі. 
Шығармашылық әрекет 
– 
ой тұрғысынан жаңа құндылықтарды құру, 
ерекше, қайталанбас шешімдерді іздестіру. 
Эмоционалдық белсендендірудің әрбір нұсқасында үлкен, ал олардың алуан 
түрлі үйлесімділігінде болса – одан да үлкен тәрбиелік мән бар.
Оң 
эмоционалдық күйлер мен өктемдік үйлеспейтіндіктен, әділ де, саналы 
талаптармен үйлесімділікте жүретін, гуманистік қарым-қатынастарға 
негізделген әріптестік пен өзара түсінушілік ахуалы туындайды.
Л.И.Клочкованың пікірінше, тәрбиедегі ресурстық көзқарас дегеніміз – 
бұл бірыңғай тәрбиелік кеңістіктегі барлық субъектілердің балалардың жеке 
өсімі мен шығармашылық дамуындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру 
мақсатымен, олардың адами реурстары (рухани, когнитивті, коммуникативтік 
және т.б.) білім беру ұйымының тәрбие беру жүйесін жетілдіру барысында 
анықтаушы күш болуы үшін өзара өнімді әрекеттесуіне жағдай жасау. 
Тәрбиенің дамуын басқарудағы 
ресурстық көзқарас
тәрбиелік міндеттерді 
шешу және білім алушылардың әлеуметтенуіндегі нәтижелерге қол жеткізу 
үшін тәрбиедегі жаңа мән-мағыналарды, тәрбие беру үдерісі субъектілерінің
кәсіби және ұйымдастырушылық бірегей құзыреттіліктерін, озық басқару мен 
ақпараттық қамтамасыздық технологияларын іске асыруды көздейді [31]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет