№29 тақырып. Допты алып кету. Қарсыласпен жекпе-жекте допты
алып кету. Орында тұрып қозғалып келе жатқан адамға қарсы немесе
қырынан допты алға ұмтыла аяқпен соғып алу.
Допты алып қоюшының дене салмағы сәл тізеге бүгілгентіреулі аяққа
түседі. (ерекше жағдайларда, мысалы допты иелену кезінде, тіпті допқа жол
ашу кезінде дене салмағын допты алушы аяққа түсіруге болады). Доп алып
кетушінің жанында немесе біршама алда болған кезде, оның тіреуіш аяғының
бойлық осі алға бұрылған болу керек. Қорғаушы алып кетуші аяқтың ортан
жілігінің ұршық басымен айналады. Табанның бойлық осідоп жолының
бағытына перпендикуляр болу керек. Осындай жағдай доп алушының
аяғының тізесінен аздап бүгілуіне себепші болады. Допты алу кезінде
көкіректің жоғарғы бөлігі алға еңкеюлі болады, қолдар тепе-теңдік үшін екі
жаққа жіберілген.
Жаттығулар:
1. Екі футболшы жақын қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
Екеуінің арасында жерде соғылатын доп бар. Екі ойыншының тіреуіш
аяқтары шамамен доп сызығында болады. Басқа аяқтарын артқа жіберілген
күйде ұстайды. Ысқырық берілген кезде табандарының ішкі бөлігімен бір
мезетте соғу қозғалысын жасайды.
2. допты алушы ойыншы грунтта жатқан доптың ар жағында тұрады. Келесі
ойыншы оған 3-4м қашықтықтан жүгіреді. 1жаттығудағы сияқты екеуі де
допқа аяқпен бір мезгілде қозғалыс жасайды. Егер жаттығу дұрыс орындалса,
доп алушының аяғында қалады, сол сәтте жүгіріс нәтижесінде шабуылдаушы
доптың жанынан өтіп кетеді.