№27 тақырып. Допты жүргізу. Аяқ алқымының ішкі бөлігі, аяқ
алқымының сыртқы бөлігі. Жылдамдықты өзгерте отырып бекітпелер
арсымен ұмтылыс және үдеу жасап, тура және шеңбер, сонымен бірге
бағытты өзгерте отырып, оң, сол аяқпен допты жүргізу.
Допты жүргізу кезінде дененің жоғарғы бөлігі сәл алға еңкеюлі болады,
ол допты жауып тұрады. Тіпті жоғары жылдамдықта доптыңжанасуы соғушы
аяқтың әр қадамында жүргізіледі. Допты көзбен үздіксіз бақылау керек;
футболшы ойын алаңында тез әрекет ете алатындай, алаңда не болып
жатқанын көру міндетті.
Жаттығулар:
1. Ойыншы допты оң аяқ табанының сыртқы жағымен диаметрі 2м шеңбер
бойымен жүргізеді. Әр қадам үшін міндетті түрде оң аяқ доппен бір рет
жанасу керек.
2. Ойыншы допты сол аяқ табанының сыртқы жағымен шеңбер бойымен
жүргізеді. 1,2 жаттығуларды орындағаннан кейін доп шеңбер бойында дене
жанында қалады, екі аяқ шеңбер сыртында қалады.
3. Ойыншы оң аяқтың табанының ішкі жағымен допты сол диаметрлі шеңбер
бойымен жүргізеді.
4. Ойыншы допты сол аяқтың ішкі жағымен шеңбер бойымен жүргізу керек.