Білім және ғылым министрлігі алматы энергетика және байланыс институты Г. Х. Хожин электр станциялардың жабдықтарын пайдалану, монтаждау және реттеу оқу қҧралы Алматы 2005



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#92155
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
3 ХОЖИН ОҚУ ҚҰРАЛЫ монтаждау

Бас инженер 
Қҧры-лыс-тық цех 


КИП цехы 
Жылу-лық кҥштік цехы 
Химия-лық цехы 
Электр техника-лық цехы 
Кҥрделі қҧрылыс бӛлімі 
Кезекші инженер 
Отын- кӛлік цехы 
Жӛн-деу цехы 
Ӛндірістік-техникалық бӛлім 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.2-сурет. 
Электрлік 
станцияны 
басқаруды 
ҧйымдастырудың 
қҧрылымдық сҧлбасы 
Электрлік цехтың оперативтік жҧмысын к е з е к т і а у ы с у б а с т ы ғ ы 
басқарады. Оның қарамағына басқару қалқаны бойынша кезекші мен ӛзіндік 
шығын жӛніндегі кезекші монтер кіреді. 
Кезекті ауысу бастығы ӛзінің кезеңінде қызмет кӛрсетілетін жабдықтарының 
жҧмысына толық жауап береді. Оның басқарумен қондырғыда пайда болатын 
қалыпсыз режимдер мен апаттарын жояды. Ол электр цехқа кіретін электрлік 
жабдықтарды ӛзі қайталап нақты тҥрде қадағалап отырады. 
Ауысу қҧрамына кіретін б а с қ а р у қ а л қ а н ы б о й ы н ш а к е з е к ш і 
станция генераторының жҧмысын, жҥктемесін реттей отырып жоғары тҧрған 
оперативті кезекшінің бҧйрығы бойынша, режимді ҥздіксіз бақылап отырады. 
Басқару қалқаны бойынша кезекшінің бақылауына кҥштік транформаторы, 
электрді жеткізу жҥйесі кіреді. Сондай-ақ ол аккумуляторлық батареяларды 
зарядтау агрегаттарының жҧмысын қадағалайды. 


К е з е к ш і м о н т е р электр қозғалтқыштары мен жарықтандыру 
тораптарындағы және т.б. пайда болған бҥлінулерді жоя отырып, станция 
цехтарын жиі тексеріп отырады. 
Қосалқы станцияға қ ы з м е т к ӛ р с е т у ф о р м а л а р ы олардың 
орнымен, энергетикалық жҥйедегі маңызымен және автоматтандырылу 
дәрежесімен анықталады. Ҥлкен кӛлемді тҥіндік қосалқы станцияларда, электр 
станцияларындағы сияқты кезекші қызметкерлердің ҥнемі кезекшілік жҧмысы 
ҧйымдастырылады. Әдетте кезекшілікті екі адам атқарады: басқарушы және 
кезекші монтер. Телемеханмка қҧралдары мен жабдықталмаған кішкентай 
қосалқы станцияларда, әдетте кезекші қызметкерлердің санынң аз болуын талап 
ететін кезекшілікті ҥйден атқару ҧйымдастырылады. Автоматтандырылған және 
телемеханика қҧралдарымен жабдықталған қосалқы станциясындағы қызмет 
кӛрсету орталықтандырылған, оларда ҥнемі қызмет кӛрсететін қызметкерлер 
жоқ. Оларға кезеңмен немесе қажеттілігіне байланысты, қызмет кӛрсету 
аумағына бірнеше қосалқы станция бекітілген, тораптық аудан қызметкерлері 
қызмет кӛрсетеді. 
4.3 Техникалық эксплуатацияның мазмҧны 
4.3.1 Оперативті жҧмыстың мазмҧны. 
Электр станциядағы және электр тораптары барлық оперативті жҧмыстарды 
а л м а с т ы у қ ы з м е т к е р л е р і жҥргізеді. Әр оперативті кезекші ӛз 
бӛлімінде, ӛзінің кезекшілік уақытында қондырғылардың кҥнделікті жҧмысына 
толық жауап береді. Кезекшілік ҥзіліссіз, алдыңғы кезекшілердің ауысуын 
келесе кезекшілерге ӛткізу арқылы жҥргізіледі. Әр кезекші кезек басында 
қондырғылар қандай жағдайда тҧрғанын білу керек. Сондықтан к е з е к т і ӛ т к 
і з у және қ а б ы л д а у ӛте маңызды және жауапты операция, оның негізі 
келесідей: 
а) кезекші кезекті қабылдау алдында жабдықтардың кҥйімен, сҧлбасымен және 
жҧмыс режимімен танысып алуы қажет. Әсіресе, ең маңызды және 
жауапкершілігі жоғары агрегаттарды, оның ішінде генераторларды, кҥштік 
трансформаторларын, ҥкен қуатты электр қозғалтқыштарды мҧқият тексеруден 
ӛткізу қажет. 
Бір мезгілде оперативті журналдың жазбалары бойынша келесі кезектегі 
кезекші оның соңғы кезегіндегінен кейінгі уақытта электр қондырғы 


режимдерінде қандай бҥлінулер және сҧлбасында қандай ӛзгерістер болғанын 
анықтау және жоғары тҧрған оперативті кезекшінің бҧйрықтарынмен танысу 
қажет. 
Кезекті 
қабылдап алушы кілттерді, қҧрал жабдықтарды, нҧсқау 
материалдарды және кезекшілікті ӛткізу туралы жазбалар жазылған оперативті 
журналды қабылдап алады. 
Кезекті қабылдап алған соң, кезекші жоғары тҧрған оперативті кезекшіге, 
кезекті қабылдап алу барысында табылған барлық бҥлінулер туралы мәлімет 
береді. Кезекті ӛткізуші, ӛзінің бастығына кезекті ӛткізу барысында 
қондырғылар қандай кҥйде болғандығын баяндайды. 
Апатты жою кезінде, оперативті ауыстыру, ауыстырып қосуды, қондырғыны 
қосуды немесе сӛндіруді кезекті ӛткізуші ӛзі аяқтауы керек. Бҧл оның кезегі 
кезінде қызметкерлердің жауапкершілігін кӛрсетеді. Басқа сӛзбен айтқанда, 
апатты жою кезінде кезекті ӛткізу қалыпты жҧмыс уақытын ҧзартуы мҥмкін, 
ӛйткені, жаңадан келген кезекші, жҧмыс барысын бірден тҥсінбеуі мҥмкін; 
б) барлық оперативті қызметкерлердің ең маңызды міндеті ӛзінің аумағындағы 
жҧмыс істеп тҧрған қондырғыларды кҥту және қадағалау болып табылады. Бҧл 
ҥшін кезекші ӛзіне қарасты қондырғыларды нақты тҥрде тексеріп отырады. Бҧл 
тексерулер пайда болған зақымданулады аз уақытында анықтап, оларды жою 
шараларын қабылдауға мҥмкіндік береді. Кӛп жағдайларда зақымданулар 
бірден пайда болмайды, олар біртіндеп ӛседі және кезекшінің мҧқият 
бақылауының арқасында, бақылау кезінде ӛсу сатысының басында кӛзге тҥседі. 
Мысал ҥшін, подшипниктің зақымдануы пайда болғанда, электр қозғалтқыштың 
дірілі пайда болады немесе подшипник қатты қызады. Тҥйіспелі 
қосылыстардың тығыздығының бҧзылуына әкеп соғады және тҥйіскен жерден 
ток ӛтетін бӛліктерге жабыстырылған термопленкалардың тҥсінің ӛзгеруімен 
анықталады. Температура жоғарылаған кезде термопленка ӛзінің ашық қызыл 
тҥсін, қара қызыл тҥске ӛзгертеді, одан кейін шиенің тҥсіне соңынан қара тҥске 
ӛзгереді. Тҥстің ӛзгеруін кезекші оңай тез арада байқайды, ол ӛз кезегінде 
жоғары қызуды тудырған ақауды жоюға мҥмкіндік береді. 
Тексеру кезінде,оқшаулардағы ҧсақ жарықтардың пайда болуына жеке 
бӛлшектердегі қалыпсыз дірілдерге, бӛтен шуылдарға, аздап қызуларға, 
ҧшқындануға, ток ӛткізетін бӛліктердің қалыпсыз электр тәжісіне т.с.с кез-
келген, тіпті елеусіз ӛзгерістерге кӛңіл бӛлу қажет. Бҧл ауқымды ақаулардың 
пайда болуының алдын алу ҥшін қажет. 
Қондырғыларды және ӛндіріс мекемелерін кҥтімдеу, ӛндіріс нҧсқауларын 
қатаң тҥрде орындау маңызды мәселелердің бірі. Ӛндіріс орнын таза ҧстау 
керек, ӛйткені оқшауламаның шаң басуы оның тез ескіруіне әкеп соғады, шаң-
тозаң айналмалы механизмдердің ішіне кіріп, олардың жҧмыс істеу жағдайын 
нашарлатады. 


Подшипниктердің 
майлану 
жағдайын, 
генераторлардың, 
трансформаторлардың, электр қозғалтқыштардың және ажыратқыштардың 
салқындату жҥйелерінің жҧмысын қадағалау ӛте маңызды. Салқындату 
жҥйелерінің жҧмысының нашарлауы, сәйкес агрегаттардың дереу қызуына алып 
келеді, бҧл олардың қызмет кӛрсету уақытын қысқартады. Рҧқсат етілетін 
температуралардың жоғарлауы әсіресе электр машиналары мен аппараттардың 
оқшауларына ауыр әсер етеді, ӛйткені олар тез ескіре бастайды және қатты қызу 
кезінде оқшауламаның бҥлінуі немесе тесілуі мҥмкін. Алынбалы тҥйіспелі 
қосылыстардың 
температурасының 
жоғарылауы 
тҥйіспелердің 
қышқылдануының ҧлғаюына, олардың ауыспалы кедергісінің ӛсуіне және одан 
әры қызуына әкеп соғады. 
Жоғары қызулар тек салқындату нашарлаған кезде ғана емес, сонымен қатар, 
сәйкес аппараттар мен машиналардың асқын жҥктелген кездерінде де пайда 
болуы мҥмкін. Барлық қондырғылардың д ҧ р ы с ж ҧ м ы с р е ж и м і н ҧстап 
тҧру да оперативті кезекшінің міндетіне кіреді. 
Қондырғының жҧмыс режимі берілген жҥктеме графигіне, жоғары тҧрған 
кезекшінің бҧйрығына, эксплуатациялық нҧсқаулардың талаптарына және 
қондырғылардың режимдік картасына сәйкес келуі қажет. Сонымен қатар ол 
сенімді және ҥнемді болуы қажет. 
Қондырғының 
ҥнемді жҧмыс істеуіне, қатар (параллель) жҧмыс 
істейтінагрегаттардың арасында жҥктемені дҧрыс тарату, қатар жҧмыс істейтін 
агрегаттардың саны, торап сҧлбасы және т.б факторлар әсер етеді. Егер жҥктеме 
азайса, атрегаттардың аз саны жҧмыс істегені дҧрыс, ӛйткені мҧндай жағдайда 
олардағы электр энергиясының шығыны азаяды. 
Бірақ, жҧмыс істейтін трансформатордың санын таңдау барысында 
қоректендіру схемасының сенімділігін де ескеру қажет. Сондықтан, мысал ҥшін, 
электр 
станциясының 
ӛзіндік 
мҧқтаждықтарын 
қоректендіретін 
трансформатордың санын экономикалық талаптар бойынша емес, ҥздіксіз 
қоректедіруді қамтамасыздандыруды іске асыру талаптары бойынша таңдайды. 
Электр 
қондырғылардың жҧмысының ҥнемділігін және сенімділігін, 
сонымен қатар электр энергиясының сапасын жоғарылатуда автоматтандырылу 
және телемеханикалық қондырғылар маңызы роль атқарады. Сондықтан да, 
олар әрдайым жҧмысқа қосулы болуы қажет. Олардың ролі апатты жағдайларда 
және басқа да электр қондырғылардың жҧмыс режимдеріндегі кҥтпеген 
ӛзгерістер кезінде арта тҥседі. 
Қондырғының дҧрыс жҧмыс режимін ҧстап тҧруға, қалыпты режимдердің 
бҥлінуін ескеретін және кезекшілердің байланысын қамтамасыздандыруға 
арналған дамыған с и г н а л и з а ц и я ж ҥ й е с і кӛмектеседі. 
Сигнализацияның бҥлінбегендігіне сенімді болу ҥшін кезекші қызметкер жҥйелі 
тҥрде барлық сигнализациялық қондырғылардың жҧмыс әрекеттерін тексеруге 
міндетті. Сигнализациялық қондырғыларын тексеруден ӛткізудің кезеңі 


жергілікті нҧсқаулармен анықталады. Әдетте тексеруден ӛткізуді кезекті 
қабылдаумен бірге жҥргізеді. 
Ең 
қиын және жауапкершілікті әкекет, кезекші қызметкерлердің 
қҧрылғылардың зақымдануы және апатқа ҧшырауы салдарынан болатын 
қондырғылардың жҧмыс режимінің бҧзылуын жою кезіндегі әрекеті болып 
табылады. Режимнің мҧндай бҥлінулері кҥтпеген жерден болады және 
кезекшінің тез және баяулатусыз әрекет етуін талап етеді. 
Апат пайда болған жағдайда кезекші алдымен не болғанын анықтау керек. 
Мҧндай жағдайда кезекшіге, ескерту және апаттық сигнализациялары және оған 
бағынышты кезекшілердің мәліметтері кӛмектеседі. Жағдайды анықтағаннан 
кейін, тез арада, саспастан апатқа қарсы нҧсқауда кӛрсетілген апатты жоюдың 
барлық әрекеттерін жасауға және болған жағдайды, қабылданған шараларды 
жоғары тҧрған кезекшіге баяндауға міндетті. 
Апатты жоюдың табысты шарты, кезекшінің барлық қҧрылғылардың жҧмыс 
режимін және сҧлбаларын, сонымен қатар нҧсқауларды жақсы білуі болып 
табылады. 
Кезенкші қызметкерге апатты жою амалдарын оқыту ҥшін, әдетте әр 
кезекшінің әрекетін жеке анықтаумен жалғасатын, апатқа қарсы жаттығулар 
ҥнемі жҥргізіліп отырады. 
Апатты тез арада және қателіксіз жоюдың ең тиімді жолы, қондырғыларды 
жоғарыда кӛрсетілген апатқа қарсы, автоматтандырылған қҧрылғылармен 
кеңінен жабдықтау және осы қондырғылардың сенімді жҧмыс істеуі. Желіні 
қайта қосу автоматтарын және резервтегі агрегаттарды қосу, жиілік 
тӛмендегендегі автоматты тҥрде форсировка жасауды енгізу, электр 
тҧҥтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін жоғарылатты және 
оперативті қызметкерлердің апатты жою жҧмыстарын жеңілдетті. 
Апатқа әкеп соқтырған қондырғыны қолданудағы барлық кемшіліктерді 
анықтау ҥшін әр апатты мҧқият зерттейді. Сонымен қатар апатты жағдайды 
жою кезінде кезекшілер дҧрыс әрекет етті ме және олардың дайындықтары 
қандай дәрежеде екені де анықталады. Апатты тексеру негізінде жабдықтарды 
қолдануда анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар белгіленеді. 
Кӛрсетілгендерден басқа оперативті қызметкердің міндеттеріне электр 
қондырғыларының жҧмыс сҧлбаларындағы ауыстырып қосуларды іске асыру 
кіреді. Бҧл маңызды сҧрақ басқа тарауда анықтап жазылған. 
4.3.2 Электрлік қондырғыларды жӛндеу 


Электр жабдықтардың жҧмыс істеу барысында біртіндеп оның жҧмыс 
элементтерінің, бӛлшектерінің ескіруі, оқшауламасының ескіруі және 
сапасының тӛмендеуі, тҥйіспелі қосылыстардың нашарлауы мҥмкін. Электрлік 
станцияларының, қосалқы станциялардың және жеткізу желілерінің 
қҧрылғыларының бҥлінбеген кҥйінде сақтап қалу ҥшін, нақты тҥрде алдын-ала 
ескерту, жӛндеу жҧмыстарын жҥргізіп тҧру керек. 
Қондырғыларда, жоспарды алдын-ала ескерту жҥйесі жҧмыс істеп тҧрғанда, 
зақымдану салдарынан қҧрылғының жҧмыс істеуге жарамсыз болып қалуын 
кҥтіп тҧрмайды, оның орнына алдын-ала басшылық бекіткен кесте бойынша 
жекеленген аппараттарды, машиналарды немесе тҥрлі қосылыстарды жҧмыстан 
шығарады. Жҧмыстан шығарылған қҧрылғыны оның жҧмысқа жарамдылығын 
тексеру ҥшін қарап шығады, тексереді және сынайды. Қҧрылғының ескірген 
бӛлшектері мен бӛліктерін ауыстырып салады немесе жӛндеп қайта орнына 
қояды. 
Жоспарлау, алдын-ала ескерту жҧмыстарын кҥнделікті және кҥрделі деп 
екіге бӛледі. 
Маусымдық жӛндеу жҧмыстарының мақсаты жабдықтарды жҧмысқа 
жарамды кҥйде ҧстап тҧру. Бҧл ҥшін жабдықтарды таза ҧстап, тексеру 
барысында анықталған елеусіз ҧсақ ақауларын жою, подшипниктерді 
уақытында майлау, май толтырылған аппараттардың майын керекті мӛлшерде 
толтырып тҧру қажет. Кҥнделікті жӛндеу жҧмыстарын әдетте жабдықтардың 
ішін ашпай-ақ жҥргізуге болады. 
Жабдықтардың ескірген бӛліктерін ауыстырып салу ҥшін және оның жҧмыс 
істеу қабілетінің уақытын ҧзартуды қамтамасыз ету ҥшін кҥрделі жӛндеуді 
жҥргізу жҧмыстары жҥргізіледі. Кҥрделі жӛндеуден ӛткізу жҧмыстары кезінде, 
аппараттар мен машиналардың ішін ашу және бӛлшектеу, барлық тараулар мен 
бӛлшектерінің жағдайын тексере отырып сырттай және іштей қарап шығу
тараулар мен бӛлшектердің шаң тозаңнан мҧқият тазарту, зақымданған немесе 
ескірген бӛлшектерін ауыстыру не жӛндеу, оқшауламаны қалпына келтіру 
жҧмыстары жҥргізіледі. 
Сондай-ақ, кҥрделі жӛндеу жҧмыстарын жҥргізгенде эксплуатациялау 
кезінде 
анықталған 
зауыттан 
шыққандағы 
кемшіліктері 
жойылады, 
жабдықтарды модернизациялау, жетілдіру, қондырғы жҧмысының ҥнемділігін 
және сенімділігін жоғарылатуға мҥмкіндік беретін жеке тарамдарының 
қҧрылымын ӛзгерту жиі орын алады. Осылардың арқасында кҥрделі жҧмыс 
ӛткізілгеннен кейін қҧрылғы зауыттан келіп тҥскен қҧрылғымен салыстырғанда 
тек жаңартылған емес сонымен қатар жҧмыс жасау қабілеті жоғарылатылған 
болып табылады. 
Жабдықтардың тҧрып қалу уақытын қысқарту ҥшін кҥрделі жҧмыс жасау 
жҧмыстарына мҧқият дайындалу керек. Алдымен жҧмыс барысында анықталған 
ақауларды ескере отырып, кҥрделі жӛндеу кезінде жҧмыс кӛлемі туралы тізім 


толтырылады және оларды орындау графиктері тҧрғызылады. Жӛндеу 
жҧмысын жҥргізуге арналған барлық керекті материалдар мен бӛлшектер, қҧрал 
жабдықтар мен икемдендіру және кӛтеру транспорттық қҧрылғылар 
дайындалады, сондай-ақ жҧмыс орнын жабдықтайды. Жӛндеу жҧмыстарын 
жҥргізуге тағайындалған топты мҧқият мамандандырып, барлық сызбалармен, 
зауыттық нҧсқаулармен және жӛндеу жҧмыстарын ҧйымдастыру жоспарымен 
таныстырылады. 
Жҧмыс орны қажетті заттармен кӛтеру-транспорттық және такелажды 
қҧралдармен жабдықталуы тиіс. Жҧмыс орнында тазалық сақтап, 
ҧйымдастырған жӛн. Жӛндеу жҧмыстарын жҥргізуге арналған орындарда 
қысылған ауаның, ацетиленнің, оттегінің айырылыстырылу орындалуы, 
дәнекерлеу тораптары жҥргізілуі қажет. 
Қарастырылып ӛткен барлық шаралардың барлығы жӛндеу жҧмыстарын 
жҥргізудегі жҧмыс ӛнімділігін және жӛндеу жҧмыстарының сапасын 
арттырады. Ӛз кезегінде жӛндеу жҧмыстарының сапасының жоғары болуы 
жабдықтардың жҧмыс істеуінің сенімділігін арттырады және жӛнлеулер 
арасындағы уақыт аралығын ҧзартады. Жӛндеулердің сапасына мҧқият бақылау 
орнату, жӛндеуден торап бойынша қабылдауды орындау және қажетті сынақтар 
жҥргізу қажет. Орындалған жӛндеу жҧмыстары бойынша бекітілген формадағы 
қҧжаттар рәсімделеді. 
Электр станцияларында және электр тораптарында ҧйымдастыру және 
жӛндеу жҧмыстарының екі формасы қолданылады. Бірінші жағдайда бҧл 
жҧмысты обьектінің жӛндеу қызметкерлері орындайды, ал екінші жағдайда 
обьектіні жӛндеуші қызметкері минимумға келтірілген немесе мҥлде жоқ 
болған жағдайда, ол жӛндеулер орталықтандырылған жӛдеу қызметкерлерімен 
жҥргізіледі. Жабдықтарды жӛндеу орталықтандырылған жағдайда, электр 
станциялардың және тораптардың қызметкерлерінің саны айтарлықтай 
қысқарады. 
Қосалқы станцияларда және жеткізу желілерінде орталықтандырылған 
жӛндеу жҥйелерін қолдану тиімді, ӛйткені кӛптеген қосалқы станцияларда 
қызметкерлер мҥлде жоқ немесе кезекшілік ҥйден атқарылады. Электр 
станцияларында маусымдық жӛндеуді электр станцияның ӛз қызметкерлері, ал 
кҥрделі жӛндеуді орталықтандырылған жӛндеу қызметінің қызметкерлері 
орындайтын жӛндеу жҧмыстарының аралас тҥрі кеңінен тараған. 
4.3.3 Электр жабдықтарды қабылдап алу-ӛткізу және профилактикалық 
сынау 


Жинақталған электр жабдықтарын қабылдау кезінде оның жӛндеуден 
ӛткеніне және жҧмысқа жарамды екеніне кӛз жеткізу ҥшін, оны қабылдау-ӛткізу 
сынағынан ӛткізеді. Кҥрделі жӛндеуден ӛткізу ҥрдісі кезінде және одан кейін, 
сондай-ақ маусымдық жӛндеу және жӛндеу арасындағы уақыт аралығында 
электр жабдықтардың профилактикалық сынақтардың кӛлемін, нормаларымен 
жҥргізу мерзімін “электр жабдықтарын сынаудың кӛлемі мен нормаларына” 
және эксплуатациялық нҧсқауларына сәйкес қабылдайды. 
Профилактикалық сынаулардың, электр қондырғының эксплуатациясының 
сенімділігін және ҥнемділігін артырудағы маңызы зор. Профилактикалық 
сынақтар жҥргізу барысында, электр жабдықтарының әлсіреген бӛліктерін дер 
кезінде анықтауға және жӛндеуге мҥмкіндік туады. Профилактикалық 
сынақтарды әрдайым жҥргізіп отыру кӛптеген зақымданулардың пайда болуын 
ескеріп, электр жабдықтарының электрмен ҥнемі жабдықталуының бҧзылуына 
жол бермейді. Профилактикалық сынақтарды енгізудің арқасында апаттық 
жағдайлар кҥрт азаяды. 
Электр қондырғыны тексеру және жӛндеу барысында кӛп жағдайларда, 
сыртқы сипаты жоқ жасырын ақаулардың және пайда болған зақымданулардың 
барлығы байқалмай қалуы мҥмкін. Профилактикалық сынақтардың кӛмегімен 
электр жабдықтарының және оның негізгі элементтерінің, механикалық 
бӛлшегінің, ток ӛткізу бӛліктерінің және оның тҥйіспелері қосылыстары мен 
оқшауламаларының кҥйін толығырақ тексеруге болады. 
Тексеруге қолайлы механикалық бӛліктерді сынау, қозғалмалы бӛліктердің, 
ауа саңылауларының, ажыратқыштардың қосылу және ажырату уақыттарының, 
сыртқы қаптың (корпус) және подшипниктердің дірілінің жҥрісінің ӛзгеруіне 
алып келеді. Бҧл ӛлшеулердің барлығы қҧрылғылар мен машиналардың 
механикалық бӛліктерінің қҧрастырылуының және реттелуінің дҧрыстығын 
тексеруге мҥмкіндік береді. Механикалық бӛлікті тексерудің басты элементі, 
механизм жҧмысын әртҥрлі ауырлатылған режимде, ажыратқыштардың 
тӛмендетілген және жоғарылатылған кернеуде ажырату және қосу, ауаның 
тӛмендетілген қысымда механизм жҧмысын байқаудан ӛткізу болып табылады. 
Газ және май толтырылған аппараттар мен машиналардың копусының 
тығыздығын және бекітілгендігін (герметикалықтығын) тексеру ерекше орында 
тҧр. 
Тексеру барысында анықталған м а г н и т т і к ж ҥ й е н і ң негізгі 
зақымдануы бҧл – трансформаторлардың және электр машиналардың 
ӛзекшелеріндегі 
оқшауланған 
болат 
пластиналар 
арасындағы 
және 
орамаларындағы 
қысқа 
тҧйықталу. 
Магниттік 
жҥйенің 
жҧмысының 
дҧрыстығын тексеру ҥшін бос жҥріс тоғының сипаттамасын алады. Егер 
магниттік жҥйе дҧрыс жҧмыс істемесе, дәл сол кернеуде бос жҥріс тоғын 
кӛбейтеміз. 






4.3-сурет. Тҥйіспелі қосылыс кедергісін амперметрлік – вольтметрлік әдіспен 
ӛлшеу сҧлбасы: 
а) тҥйіспелі қосылыс, б) ретелген реостат, в) сӛдіртіш, г) аккумуляторлық 
батерея 
Тоқ ӛткізгіш бӛліктердің осал жері тҥйіспелі қосылыстар болып табылады. 
Тҥйіспелердің нашарлауын тҥйіскен жердегі ауыспалы кедергіні ӛлшеу арқылы 
анықтайды, бҧл жағдайда ол артады. Сондай-ақ, тҥйіспелердің нашарлауын 
олардың қатты қызуымен анықтауға болады. Тҥйіспелі қосылыстардың қызуын 
анықтау ҥшін, жоғарыда кӛрсетілгендей, термопленка тҥріндегі индикаторлар 
қолданылады. 
Кедергіні 4.3-суретте берілген сҧлба бойынша, амперметрлік және 
вольтметрлік немесе ӛлшеуші кӛпірлердің кӛмегімен ӛлшенеді. Нақты нәтиже, 
соңғы әдістен алынады. Кедергіні ӛлшеу барысында сҧлбаны жинау ҥшін 
қолданылатын барлық сымдарды винттік қысқыштар арқылы қосқан жӛн. Егер 
ӛлшеулерде амперметр мен вольтметр қолданылса, онда тізбек сӛндіргіш 
арқылы тҧйықталғаннан кейін ӛлшеуші қҧралдардың кӛрсеткіштерін санайды 
және кернеудің мәнін токтың мәніне бӛле отырып кедергіні анықтайды. 
Ӛлшеуші 
кӛпірлер 
арқылы 
ӛлшеулер 
жҥргізген 
кезде 
кедергінің 
айнымалыларын ӛзгерте отырып, оның иықтарын теңестіруге тырысады және 
алынған кедергі мәндерін санаудан ӛткізеді. 
Егер тҥйіспе жарамды болса, онда қосылыс орындағы кедергі мәні шинаның 
барлық ауданының ҧзындығына тең кедергіден 1,2 еседен асып кетпеуі тиіс. 


Электр жабдықтардың зақымдалуға ең жиі ҧшырайтын бӛлшегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет