Материалдары


КҾНЕ ТҤРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТАҒЫЛЫМДЫҚ МҼНІ



Pdf көрінісі
бет67/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

КҾНЕ ТҤРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТАҒЫЛЫМДЫҚ МҼНІ 
 
А.К. Мырзагалиев,
Атырау қаласы, №19 Қ.Сҽтпаев атындағы мектеп-гимназия директоры 
 
Қ.Т. Тилешев,
Ақтҿбе облысы, Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы» ММ-нің директоры 
Аңдатпа. 
Аталған мақалада кҿне тҥркі жазба ескерткіштерінің тағылымдық мҽні жан-жақты 
талданады. 
Аннотация.
 В данной статье анализируется проблемы воспитательной сущность древнетюрксой 
письменност памятников.
 
Annotation. 
This article analyzes the problems of the educational essence of the ancient Turkic writing of monuments. 
 
Қазақ халқы дҥниенің тҿрт бҧрышындағы ең озық ҿркениетке жеткен ҧлттармен терезесі тең, телегейдей 
тарихы, мҽдениеті бар ел. Оның дҽлелі ілкі ата-бабаларымыз – тҥркілер, ғҧндар, сақтардың тарихи, тағылымдық 
мҧралары. Солар жасаған мҽдениетке ортақпыз. Ҿз алдына қазақ хандығы қҧрылғанға дейінгі (ХҤғ.) дҽуірлерде 
бізді жалпы атпен тҥріктер деп атаған. Кҿк Тҽңіріне табынып, Кҿк бҿріден тарағандықтан, Кҿк тҥріктер 
атанғанбыз. Шамамен ҤІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен тҥрлі ру-
тайпалар бірігіп, Тҥрік қағанаты деп аталатын мемлекет қҧрғаны тарихтан бізге мҽлім. Міне, сол ежелгі тҥркі 
дҽуірінің қоғамдық, ҽдеби, мҽдени ҿмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бҧлар – ―Кҥлтегін‖, 
―Тоныкҿк‖, ―Білге қаған‖ жырлары. Бҧл тарихи ескерткіштер Ҥ-ҤІғғ. тасқа қашалып жазылған ҽдеби мҧра. 
Осы ескерткіштер идеялық мазмҧны жағынан да, кҿркемдік шеберлік тҧрғысынан да кҥні бҥгінге дейін дҥйім 
жҧртшылықты таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу,басқа тілдерге 
аударма жасау жҽне ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс 
жҽне шетел ғалымдары қыруар мол ҥлес қосты. С.Е.Малов кҿне тҥркі жазуындағы тексттердің орыс тіліне 
дҧрыс тҽржіма жасалу жағына кҿбірек назар аударды.
Ғалымдар А. Гейкель, В.В. Радлов атластарының басылып шыққанына да бір ғасырдан астам уақыт ҿтті. Осы 
аралықта Моңғол жерінен байырғы тҥрік ҥлкен ескерткіштерімен қатар майда жазулар, мҽдени-рухани 
мҧралары молдап табыла басталды. Сол тарихи-мҽдени қҧндылықтардың, Орхон ескерткіштерінің Толық 
Атласын жасау, сҿйтіп ғылыми игілікке айналдыру ҽлем тҥркітанушыларының кезек кҥттірмейтін міндеті еді. 
Сақтар мен ғҧндардан кейін тарих сахнасына шығып, бҥкіл дҥниені дҥр сілікіндірген халық – ежелгі тҥркілер 
болғандығын, Византия елімен, оңтҥстігінде Персиямен, тіпті Ҥндістанмен, ал шығысында Қытаймен шектесіп 
жататын орасан ҥлкен Ҧлы Тҥрік мемлекеті мемлекетін қҧрғанын жоғарыда айтып ҿттік. «Тҥрік мемлекетінің 
қҧрылуы бҥкіл адамзат тарихында белгілі дҽрежеде бетбҧрыс кезең болды... тҥркілер қоғамдық ҿмірі мен 
ҽлеуметтік институттардың кҥрделі тҥрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жҥйесі, шендер 
иерархиясы, ҽскер тҽртіп, елшілік дҽстҥрі, сондай-ақ кҿрші отырған елдердің идеологиялық жҥйелеріне қарсы 
қоятын, мҧқият ҽзірленген дҥниетанымның болғандығы таң қалдырады», - деп жазады Л.Н. Гумилев 
Ал, ежелгі тҥркілер ҥшін мҧндай дата 545-ші жыл болды. Иҽ, дҽл осы жылы Ҧлы Тҥрік қағанаты ҿмірге келген 
еді. Сҿйтіп, тҥркілер ҿздерінің тҧңғыш мемлекетін қҧрды. Тек, қҧдіретті Кҥнге ғана, Кҿк аспанға ғана табынып, 
тағзым ететін Кҿк тҥріктер сол кҥннен бастап-ақ аспан тҥстес кҿк байрағын желбіретіп, алғаш рет ҿздерін 
ресми тҥрде бҥкіл ҽлемге танытты.
Ҧлы Тҥрік қағанатының шынайы шежіресі, таңғажайып тарихы бҧдан он ҥш ғасыр бҧрын қағазға емес
қҧлыптастарға қашап жазылған. Оны жазған Тҥрік қағанаты ның қабырғалы бектерінің бірі, ҿз дҽуірінің 
кемеңгер ойшылы, шешендік сҿздің жҥйрігі, ҧлы ақын Йоллығтегін еді. Бҥкіл тҥркі елін егемендік пен 
азаттыққа, ерлік пен бірлікке ҥндейтін бҧл дастандардың ҽрбір ҽрпі меңгі ҿшпестей етіліп ҥлкен-ҥлкен 
қҧлпытастарға қашалып жазылған. Демек, бҧл дастандар бҧдан он ҥш ғасыр бҧрын Тҥрік мемлекетінде болған 
сан қилы оқиғаларды бҥгінгі кҥнге ешбір ҿзгеріссіз, айна-қатесіз кҥйінде жеткізіп отыр. Қазақтың «Қозы 
Кҿрпеш – Баян сҧлу», «Алпамыс», «Қобыланды» тҽрізді ҽйгілі жырларында кездесетін ҿлең арасындағы 
ҽлқисса-тҥсіндірме кҿркем қара сҿздер мҧнда да кездесіп, араласып отырады. Кҿне тҥркі авторлары, ҿзімізге 
ҽбден қанық қазақтың батырлар жырларындағыдай, болашақ жорықтарды немесе ҿткен оқиғаны ақындық 
тҽсілмен, ҥлкен пафоспен баяндай отырып, ҿздеріне елеусіз деп есептеген сҽттерді жыр арасында қара сҿзбен 


57 
жеткізіп те отырған. Ҽдетте мҧндай прозалық жолдардың кҿркем болуы шарт емес, керісінше тусінікті болу 
жағына баса мҽн берілген. Осы заңдылықты Кҥлтегін, Білге Қаған, Тоныкҿктерге арналған ҥш 
шығарманыңҥшеуінде де кездестіреміз. Ҿз кейіпкерін дҽріптеуде, оның жойқын соғыстарда кҿрсеткен есепсіз 
ерліктерін сҥреттеуде сан тҥрлі бояуды, бейнелеу тҽсілдерін мол пайдалана отырып шабытпен жырлаған автор 
бір сҽт прозалық баяндауды да қолданады. Мҧны біз кҿне тҥркі ғҧламаларының эпикалық мҧра жасаудағы 
қалыпты, дҽстҥрлі ҽдісі ме деп ойлаймыз.» 
«Кҥлтегін» жырындағы мынадай ҿлең жолдарына назар аударайықшы: 
Қаның судай ақты, 
Сҥйегің тау боп жатты...
Бек ҧлдарың қҧл болды... 
Пҽк қыздарың кҥң болды... 
Тізеліні бҥктірдік, 
Бастыны еңкейттік... 
Еліміз қайта ел болды, 
Халқымыз қайта халық болды. 
Міне, осы ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, қҧлдық пен тҽуелсіздік жайында тебірене толғайтын ғажайып 
жыр жолдарын ақын бҧдан бір мың екі жҥз елу жылдай бҧрын жазыпты. Демек, ҽрбір шумағы ҽсем айшық-
ҿрнектерге, сезім толғаныстарына, жанды бейнелерге толы бҥгінгі ҿресі биік поэзияның қайнар-бастауы, тҥп 
тамыры кҿне тарихтың тҧңғиық тереңінде жатқаны ғой. 
Кҿне тҥрік қағанаты дҽуірінде, дҽлірек айтсақ VІІІ – ғасырда ҽрбір ҽрпі қҧлпытасқа қашап жазылған, ҽрбір сҿзі 
адамның жан жҥйесін еріксіз тебірентетін, ҽрбір шумағы астарлап айтылған ой-толғаныстарына толы, қадым 
замандардан сақталып, бізге жеткен сҿз патшасы бҥгінгі оқырманына да ҽмірін жҥргізеді – оған эстетикалық 
лҽззат беріп, ой мен сезім ҽлеміне жетелейді. Қиыннан қиыстырып, айтар сҿзін айшықтап, ажарлап, сан тҥрлі 
бояумен қҧбылтып жеткізген ежелгі заман ақынының шеберлігіне таңырқап, талантына тҽнті боласыз. 
Адамзаттың кҿркемдік талғамы ерте замандардан бастап дамығанын дҽлелдейтін ғажайып кҿркем сҿз 
ескерткіштері тек кҿне тҥркілерде ғана емес, ҿзге халықтарда да жиі ҧшырайды. Мҽселен, ежелгі вавилон елінің 
«Кҿрмегені жоқ кісі» деп аталатын батырлық поэмасы біздің заманымыздан бҧрынғы екі мыңыншы жылдар 
шамасында жазылыпты. Бҧл адамның сҧлулығы мен ҧлылығы, батырлығы мен асылдығы жайындағы гимн 
деуге болады. Ал, енді ҥнді жҧртының бҧдан да ертерек жазылған «Махабхарата» деген кҿркем туындысы адам 
бойындағы асыл қасиеттерді жырлауға арналған. Бҧл дастан он тоғыз кітаптан тҧрады, жалпы кҿлемі екі жҥз он 
тҿрт мың жол ҿлең болып келеді. 
Сонымен, тҥркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда мемлекетінің негізін қҧрып, кҿрші 
мекендерді ҿзіне бағындыру ҥшін саясат жҥргізеді.―Кҥлтегін жырындағы эпикалық дҽстҥрді қарастыру 
мақсатында Кҿне тҥркілердің шынайы кҿне тарихы мен тасқа қашап жазылған дастандарды ҿзара салыстыра 
отырып, Кҥлтегін жҽдігерліктер жылнамасы емес, сол дҽуірдің ҿзіне тҽн поэзиялық дҽстҥрімен жазылған ҽдеби 
ҥлгілер деген тҥйін жасаймыз‖ Н.Келімбетов. Осындай ойдан кейін мына пікір соның дҽлелі шынын айтқанда, - 
деп жазды А.Н.Веселовский, батырлардың ерлігін жазған эпостар халықтың қалыптасуымен қатар туа бастаған. 
Тарихи кезеңдердің елеулі тҧлғалар тҿңірегінде неше тҥрлі ҿлеңдер қҧрастырылып, солардың негізінде бҥтін 
цикл жасалған деп атап кҿрсеткен. Бҧл кҿрсетілген циклдар бойынша топтаманы тҥрколог ғалым Н.Келімбетов 
ҥш циклға бҿліп кҿрсетеді. 
Қазақ эпосының тууы жайында академик Қ.Жҧмалиевтің мынандай пікірін келтірейік: ―Қай елдің эпосы 
болмасын, белгілі бір оқиғаның ізін баса туғанға ҧқсайды жҽне ол бір жылдың бір кҥннің жемісі емес, 
халықтың басынан ҿткен талай заман, талай ғасыр, талай тартыстың нҽтижесі‖. Қазақтың осы кҥнгі рулық 
қҧрылысы кезінде: ҥйсін, қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ заманында ҽр рудың ҿз істерін ерлікке айналдырып 
жыр еткен қысқа кҿлемді жырлар екені сҿзсіз. Демек А.Веселовский айтқандай, ерлік жырлары халықтың 
қалыптасуымен бірге қатар туған болса, ―Кҥлтегінге арналған жыр, дҽл осылай тҥрік халқының қалыптасу 
кезінде жазылған. ҤІ-ҤІІІ ғасырлардың тҥрік қағанаты астына топтасқан ҥйсін, керей, қаңлы, найман, жалайыр, 
алшын руларының мҧралары еді деген тҧжырым жасайды‖ М.Жолдасбеков. 
Сол себепті біз қазақ эпостарының ҽдепкі арналары тҥрік қағанатының кезінен басталады дейміз. Қырғыз 
ҽдебиетіне қатысты бҧл пікірді академик М.Ҽуезов баяғыдан-ақ айтқан болатын.―Тҥрік рулары мен 
қағанатының тілсіз таста қалдырған осынау жорықтары қырғыздың сол кезіндегі эпостық аңыздарының тууына 
ықпал жасаған. Егер мҧндай ескерткіштер қара тастан ойылып, қашалып тҧрып жазылған болса, сол 
жырлардың ауызша айтылып таралған ҽрі бҧдан да толық нҧсқалары болуы мҥмкін. Егер мҧндай жыр 


58 
аңыздарды оғыздар, тҥргештер жҽне басқа да тайпалар шығара алмаған болса, сондай аңыздарды сол дҽуірде, 
тіпті ІХ ғасырда емес, ҤІ-ҤІІІ ғасырда соншалықты бҧғауда болған, халықты қорғаушы батырға ҽсіресе, ділгір 
болған қырғыздар қайтіп шығармайды? ...Эпостың туу дҽуірін айқындап, анықтағанда осындай жҽйттерді 
ескерту қажет‖ деп атап кҿрсетті М.Ҽуезов ―Уақыт жҽне ҽдебиет‖ атты еңбегінде. Бҧл пкірге біздің жылдардың 
берер бағасы қҧнды. Осы айтылғандардың бҽрі де тегі бір тҥрік тілдес халықтар эпосының, оның ішінде қазақ 
эпосының тууына қатысты екені сҿзсіз. Тҥрік руларындағы Азман атты Кҥлтегін, қыпшақтағы Тайбурылды 
Қобыланды, Қоңыраттағы Байшҧбарлы Алпамыс жалпы тҥркі халықтарының М.Ҽуезов айтып отырғандай 
қаһарманы еді М.Жолдасбеков. ―Тастар сҿйлейді‖ атты еңбегінде ―Сҿз тапқанға қолқа жоқ‖ деп, қашанда 
тҧрлаулы сҿздің мінін тосып оған тҿрелік беретін, ҿлмес-ҿшпес мол жырлар тудырған қазақ халқы ежелден-ақ 
шешен сҿйлеген. 
Халқымыздың осы жыршылық, шешендік қасиетін ғалымдардың кҿбі тамсана жазған еді. Соның бірі академик 
В.Радлов былай дейді: ―Қазақ, қырғыз шешен болған, олар тҥркі тектес басқа халықтардың қай-қайсысынан 
басым сҿзге ҧста келеді. Сҿйлей тҧрғанда кідіру, кҥрмелу дегенді білмейді... Кҿп уақытта қазақ, қырғыздың сҿзі 
ҿлең жыр тҽрізді болып келеді; сҿздері ырғақты, ҧйқасты шығады. 
Қазақ халқы шешен, ҿткір кҿркем сҿзді сҥйеді. Поэзияны қадірлейді. Сондықтан оларда халық поэзиясы 
мейілінше ҿркендеген. Қазақтардың мақал-мҽтелі болсын, айтыстары мен билік сҿздері болсын бҽрі де ҿлең, 
жыр болып келеді‖ В.Радлов айтқан пікір біз ҥшін қҧнды. 
Орхон ескерткішінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін ҿзара қарама-қайшы екі тҥрлі кҿзқарас 
орын алып келді. Бірі – Кҥлтегін, білге Қаған, жҽне Тоныкҿк ескерткіштері кҿркем ҽдебиетке, соның ішінде 
поэзияға ешбір қатысы жоқ. Тҥрік қағанатының дҽлме-дҽл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі – руна 
жазуындағы бҧл ескерткішті поэзиялық туындыға қатысты барлық белгілер бар, ежелгі тҥркілердің ҽдеби 
дҽстҥріне негізделген кҿркем туынды деп таныды. 
Сонымен, кҿне жазба жҽдігерліктердің ҽдебиетке қатыстығы туралы мынандай пайымдаулар жасауға болады. 
«Кҥлтегін» жҽне «Тоныкҿк» жырлары ҿзінің идеялық мазмҧны, композициялық қҧрылысы, кҿркемдік 
бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы ҥлгілері болып 
табылады. Біз сҿз етіп отырған «Кҥлтегін» жыры тарихи тақырыпқа жазылған дастан. Соның ҿзінде бҧл жырда 
қазақтың батырлық эпосына тҽн шынайы белгілер айқын кҿрініп тҧрғанын аңғару қиын емес. Елдің қамын 
ойлаған ержҥрек батырға тҽн басты белгілер: 

батырдың текті ортадан шығуы; 

жастайынан халық қамын ойлауы; 

ҿзінің ерлік бейнесін елге ерте танытуы; 

нағыз батырға лайықты тҧлпар таңдауы; 

елін сыртқы жаудан қорғау ҥшін сан рет шайқасқа шығуы; 

батырдың шайқастарда міндетті тҥрде жеңіске жетіп отыруы; 

халық қҧрметіне бҿленуі сияқты болып келеді; 

жырда басты кейіпкердің (батырдың) дҥниеге келгенінен бастап ҿмірден ҿтуіне дейін суреттелуі.
Ал бҧл аталған қасиеттердің, ерекшеліктердің бҽрі Кҥлтегін батырдың бойынан табылады. 
Кҥлтегін ескерткішіндегі қытай жазбасын зертеп талдау жасағанда туындаған ғылыми тҧжырымдардың 
негізгілерін тҥйіндеп білдірсек мынадай: Кҥлтегін ескерткішіндегі қытай жазбасының ҽр тілге аударылуы, сол 
аудармалар сапасы, бҧл жазбаны тҽржімалаудың қазақ халқы ҥшін маңызы, яғни, кҿршімен қарым-қатынгасқа 
тигізер ҽсері, аударма жасау тҽсілдері, сол бағыттағы жетістік пен кемшілік сияқты мҽселелер аудармаларды 
бір-бірімен салыстырып талдау жасау арқылы ғылыми тҧрғыда негіздеуге талпыныс жасалды. Сондай ақ ежелгі 
жазба мҧраларға аударма жасағанда сол жҧрттың мҽдени жетістіктерін, тарихын, кҽсібін, ҿзге елдермен қарым-
қатынас деңгейін білмей толыққанды тҽржіма жасау мҥмкін еместігін нақты дҽлелдермен кҿрсетіліп, 
жинақталған тҧжырым жасалынды. Сонымен бірге Кҥлтегін ескерткішініне табғаш жазбасын орналастырудағы 
кҿзделген мақсаттар мен міндеттер, солай жасауға қандай тарихи жҽне саяси жағдай себеп болғаны 
айқындалды. 
Тҥркі елінің дҥниетанымын, қоғамдық-ҽлеуметтік ҿмірін, тҥрлі тҥркі тайпаларының ҽдет-ғҧрпын, наным-
сенімін, графикасын, т.б. танып-білуде Орхон ескерткіштерінің мҽні аса зор. Ал, осы бабадан жеткен асыл 
қазынамызды, тарихи ескерткіштерімізді тануда кҿне жҽдігерліктерімізе байланысты бҧрынғы зерттеулерді 
жҽне жаңадан қосылған мҽліметтерді жинақтап, бір ізге тҥсірген, дҧрысын мен бҧрысын айырған 
Қ.Сартқожаҧлының «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» атты кітабы аса қҧнды тағылымы мол мҧра болып 
табылады. 


59 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет