Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет85/324
Дата07.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#92818
түріМетодическое пособие
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   324
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
89 
Педагогикада әдіс ұғымы – мақсатқа жету жолы деген мағынаны білдіреді. 
Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында білім мазмұнын 
анықтаудың әдістерін келесі тұрғыда топтауға болады: кiрiктiру әдістері, жас 
ерекшелiгiн ескеру әдісі, мәдениеттендiру әдісі, экологиялық әдіс, өлкетану 
әдісі, бiлiмнiң жеңiлден ауырға, нақтыдан белгiсiзге қарай берiлу әдісі.
Кiрiктiру әдістері
– 
ғылыми-жаратылыстанулық бiлiм мен адам әрекетiнiң 
түрлерi және қоғам туралы ұғымдар кiрiктiрiлiп бiртұтастықта берiлуi. Адам, 
табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның iс-әрекетi үнемi табиғи ортада, 
қоғамда (отбасында, мектепте, қоғамда, табиғатта, т. б.) бiр-бiрiмен байланыста 
қаралады. Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезiнде де 
адам әрекетi солармен бiрлiкте, байланыста қаралады. Кiрiктiру «адам – табиғат 
– 
қоғам» ретiнде ғана емес, «адам – заттар», «адам – басқа адамдар», «адам – 
отбасы», «адам – оның шығармашылық әрекеттерi», сонымен қатар пәндерді 
кіріктіру арқылы да жүзеге асады.
Жас ерекшелiгiн ескеру әдісі
– 
бастауыш сынып оқушыларының ұғымына 
жеңiл, психологиялық ерекшелiктерiне лайықты, бiлiм деңгейлерiне сай келетiн 
және олардың өмiр тәжiрибесiн есепке алатын материалдар қамтылады. 
Мәдениеттендiру әдісі
– 
оқушылардың жалпы мәдениетiн көтеруге баса 
көңiл бөлiнiп, жекебас гигиенасынан бастап, жергiлiктi мәдени орталықтармен 
таныстыру, жалпы халықтық мәдениет туралы мәлiметтер беру көзделiп, 
бағдарламаға әдебиет, сәулет, өнер, ғылым адамдары туралы мазмұн енгiзiледi. 
Экологиялық әдіс
– 
әр сынып сайын оқушының өзiн-өзi байқауы, өз 
әрекеттерiн басқаның пайдалы әрекет өлшемдерiмен салыстыруына мүмкiндiк 
берiледi. Оқушылардың табиғатқа, адамдарға, бүкiл қоршаған ортаға жағымды, 
мәдени, адами қатысын қалыптастыру көзделедi. 
Өлкетану әдісі
– 
сынып сайын әрбiр тарауды оқыту үнемi жергiлiктi 
материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. 
Бiлiмнiң жеңiлден ауырға, нақтыдан белгiсiзге қарай берiлу әдісі
– 
оқушылардың келешекте оқу пәндерiн меңгеруге дайындық деңгейлерiнiң 
дамуына көңiл бөлiнедi. 
Оқыту әдістері дегенді оқу материалын зерделеу арқылы нақты бір 
мақсатқа жету үшін, мұғалім мен оқушының арасындағы өзара әрекет деп те 
түсіндіруге болады. 
Репродуктивті әдіс – 
мұғалім оқушыларға білімді, іс-әрекет тәсілдерін, 
есептің шығарылу жолдарын, тәжірибелерді еске түсіруге немесе қайта 
жаңғыртуға арналған тапсырмалар құрастырады, осылайша бұрын өтілген оқу 
материалын оқушы белсенді түрде еске түсіреді: сұрақтарға жауап береді, 
есептерді шығарады, есепті шығарудың өзіндік жолдарын ұсынады, сондай-ақ 
«Көркем еңбек» пәнінде орындалатын жұмыстардың өзіндік нұсқаларын 
көрсетеді, нәтижесінде білімді өз күшімен, өз бетінше іздену арқылы алады.
Проблемалық баяндау әдісі – 
әр түрлі дереккөздер мен құралдарды 
пайдалана отырып мұғалім оқушыларға проблемалық мәселе қояды. 
Оқушылардың мақсаты әр түрлі көзқарастарды, тәсілдерді салыстыру арқылы 
өзіндік дәлелдеу жолын, жүйесін ұсыну, қойылған проблемалық мәселені шешу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   324




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет