48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет69/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   295
Байланысты:
3-книга

 
Бияздықова К.Ә. 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МАШЫҚТАНУ 
ӘДЕБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫНЫҢ МОДЕЛДЕРІ 
Андатпа. Бұл мақалада қазіргі кезеңде оқу үдерісі үнемі дамып отыруды талап ететін 
басымдылықтардың ауысымы және әлеуметтік құндылықтар пайда бола бастауын қарастырған: 
ғылыми – техникалық өрлеу адамның қажеттіліктерін, адамдардың рухани байлықтарының дамуын 
үнемі жетілдіруді қанағаттандыруға жауап беретін өндірістің осындай дәрежесіне жетудің тәсілі 
ретінде қарастырады. 
Түйін сөздер: Ойлау, машықтану, ғылым, техника, индукция, тәжірибе, тіл, сана. 
 
Ойлаудың тілсіз өмір сүре алмайтындығы сияқты, тілдің де ойлаусыз мүмкін еместігін шешендер 
сөзіндегі даналық ойлар да дәлелдейді. Даналық сөздер дұрыс ойлау мәдениетінен туындайды. 
Даналық ең абзал нәрселерді мейлінше жақсы танып білу деген сөз. Ал өз мәнін ақылмен пайымдауға 
және білуге қабілетті болса, оңда ол ең абзал нәрселерді мейлінше жақсы танып біледі[1; 75]. Жүйелі 
логика бар жерде жүйелі түсінік қалыптасады. Таным теориясында тіл мен логиканың байланысын 
былайша түсіндіреді: «Точно так же не вызывает сомнения, что логика в качестве руководства к 
правильным суждениям оказывает влияние и на языковое выражение (и в особенности выражение 
понятий и суждений) и тем самым представляет место для определенных описательно-
семасиологических соображений» [2; 8]. 
Бүгінде кез келген салада, әсіресе бүгінгі Қазақстанның дүниежүзіне бәсекелі мемлекет болып 
танылып жатқан уақытында, салауатты да, сауатты ой жеткізетін бүгінгі ұрпақтың тілі шолақ, ойы 
ойпаң болмауын қадағалау әрине, ұстаздар қауымына келері сөзсіз. Тіл мен ойлаудың өзара байланысы 
ұғымдар арқылы жүзеге асады. Бұл туралы С.Негимов, Г.Қосымова, Б.Қасым, Ф.Шамсиева т.б. 
ғалымдардың оқу құралдары көптеген оқу орындарында тандау пәндерінің негізіне айналды. 
Ұғымның пайда болуы санада өтетін пайымдау әрекетінін нәтижесі. Пайымдау арқылы логика 
ғылымы ойқорытындыларын жасап, қорытпа білім алуда қолданылатын ойлау заңдарын зерттейді. 
Логика таным теориясының бөлігі ретінде ежелгі Қытай, Үнді және Греция елдерінде біздің жыл 
санауымыздан бұрын V-IV ғасырларда зерттеле бастаған. Дегенмен, логиканың ғылым ретінде 
қалыптасқан отаны Ежелгі Греция деп саналады, ал оның негізін салушы ұлы ғалым Аристотель болды. 
Сондықтан ол логиканың атасы деп саналады. Аристотель ойлаудың формалары туралы өзіне дейін 
жинақталған білімдерді талдай отырып, логика ғылымының барлық мәселелерін жан-жақты зерттеді. 
Өзі жасаған бұл ғылымды Аристотель логика демей, «Аналитика» деп атады. Осы еңбегінде өзі ашқан 
ойқорытындының ерекше формасы – силлогизмді жан-жақты зерттеп, логикалық дәлелдеудің мәнін, 
ұғымдарды анықтау және бөлу әдістерін, т.б. ашып берді [2; 346]. Дискурдың сабақ барысында туып, 
оның аяғы таусылмайтын дауға апаратын жері де сол соллогизмге байланысты. Сондықтан сабақ 
барысында осындайға мұқият болуды қадағалау қажеттілікті туғызады. Силлогизмнің үш терминінің 
(P-M-S) арасындағы қатынастар адамның ойлау практикасында сан мың рет қайталана келе, 


81
аксиомалық сипатқа ие болады. Ал аксиома дегеніміз – ақиқаттығы өзінен-өзі көрініп тұрған, арнайы 
дәлелдеуді қажет етпейтін қағида екенін математикадан білеміз. Сондықтан да силлогизм адамның ой 
қорытындысының табиғи формасы. Силлогизмнің аксиомасы терминдердің (ұғымдардың) көлемі және 
белгілері жағынан екі түрлі тұжырымдалады, үшінші ой тудырады.
Индукциялық ой қорытынды дегенімізде, ғылым мен практиканың кез келген саласында таным 
үдерісі эмпириялық танымнан, яғни жеке нәрселер мен құбылыстардың сапалары мен қасиеттерін 
талдаудан басталады. Бір нәрселердің бәрінде тектес табиғат және қоғам құбылыстарын бақылау 
барысында зерттеуші ұқсас қайталанатын белгілі бір қасиеттерін табады. Олардың ұдайы қайталана 
беруі: ол қасиеттер белгілі бір топқа жататын барлық құбылыстар үшін ортақ жалпы қасиет екенін 
көрсетеді. Сөйтіп, жекеше білімнен жалпы білімге көшудің логикалық формасы – индукция әдісі 
қолданылады. Индукциялық ой қорытындының негізгі идеясы – жеке айғақтарды жинақтап, жалпы 
ойқорытып шығару. Бұл жалпылау өзінің мазмұны мен маңызы жағынан алуан түрлі – күнделікті 
қарапайым іс- практикалық әрекеттен бастап, ғылымдағы тәжірибелік жалпылау немесе ғылымдардың 
ең жалпы заңдарын қорытып шығару. Индукциялық ой қорытындының негізіне бір топқа жататын 
құбылыстарда қайталанатын белгілер жайлы тәжірибе жолымен шығарылған жеке-дара жағдайлар 
алынады. Дедукциялық ойқорытындымен салыстырғанда, индукциялық ой қорытындының ақиқат 
сілтемелері әрдайым қажетті түрде ақиқат қорытынды бере бермейді, өйткені индукциялық 
ойқорытынды жеке деректерге, тәжірибелік мәліметтерге негізделетіндіктен, ол деректердің барлық 
көріністерін түгел қамти алмайды. Тәжірибенің толық аяқталу-аяқталмауы индукциялық 
қорытындының логикалық сипатына айтарлықтай әсерін тигізеді. Сондықтан индукциялық 
қорытынды, негізінен, ықтималдық сипатта болады. 
Тәжірибелік зерттеудің толықтығына, аяқталған-аяқталмағандығына индукция 
толымды 
және 
толымсыз 
болып екі түрге бөлінеді. Толымды индукция дегеніміз – белгілі бір құбылыстың барлық 
жағдайларын толық қамтитын алғышарттардан жалпы қорытынды шығаруымызға болатын 
индукциялық ой қорытындының бір түрі. (Мысалы, геометрияда денелердің қасиеттерін, ал 
географияда дүниенің бөліктерін, дүние жүзіндегі елдерді жөне т.б. оқып үйренгенде толымды 
индукцияны қолдануға болады). Толымды индукциядан шығатын қорытынды тек белгілі жағдайларға 
ғана қатысты болады. Мұнда басқа оқиғалар болуы мүмкін емес. Өйткені олай болғанда индукция 
толымды болмас еді. Толымды индукцияны қолдану мүмкіндіктері шектеулі, өйткені көптеген 
нәрселер мен құбылыстардың тобына жататын жеке түрлерін толық тізіп шығу іс жүзінде мүмкін емес. 
Зерттеушінің зерттеуі тиіс нәрселер мен құбылыстардың тобы шексіз болса, онда ойқорытынды 
толымсыз индукция формасында құрылады. Толымсыз индукция дегеніміз – зерттеліп отырған 
құбылыстың барлық жағдайларын қамтымайтын алғышарттардан жалпы қорытынды шығаратын 
индукциялық ой қорытындының бір түрі. Толымсыз индукцияның ерекшелігі және сонымен бірге 
құндылығы мынада: біз толымсыз индукция арқылы зерттеп отырған құбылыстың барлық жағдайлары 
жөнінде жалпы қорытынды жасай алмаймыз. Бірақ толымсыз индукцияның сілтемелерінде ол 
жағдайлардың бәрі емес, біразы ғана көрсетіледі. Алайда толымсыз индукцияны қолданатын 
жағдайлар есепке алынбаса, оның бұл ерекшелігі қате қорытындыларға әкеп соқтыруы мүмкін. 
Мысалы, адамдар аққудың барлығы ақ болады деп ойлап келген. Бұл қорытынды толымсыз индукция 
арқылы жасалған. Толымсыз индукцияның мұндай түрін қайшы жағдайлар кездеспейтін жай атап 
көрсету индукциясы деп атайды. Ғылыми индукция дегеніміз – белгілі топқа жататын нәрселердің 
кейбір бөлігінің себепті байланыстарын және мәнді қасиеттерін зерттеу негізінде, сол топқа жататын 
барлық нәрселер жөнінде жалпы қорытынды шығаратын индукциялық ой қорытындының бір түрі. 
Мұндай қорытынды жасау мүмкіншілігі бір текті нәрселердің, құбылыстардың өздеріне тән 
заңдылықтары мен себептерін білуге негізделген. Ғылыми индукция мен толымсыз индукцияның 
айырмасы осы жай атап көрсетуден қорытындыланады. Мысалы, біз өзіміз көріп жүрген құстардың 
барлығының ауамен тыныс алатынын байқаймыз. Осыдан «барлық құстар ауамен тыныс алады» деген 
қорытынды жасаймыз. Бұл жай атап көрсету индукциясы деп аталады. Бірақ, біз бірнеше немесе тіпті 
бір құстың тіршілік ету үдерісін есептегенде ауаның өмір сүруге кажетті нәрсе екенін анықтағанбыз, 
енді біз ауаның барлық кұстарға кажетті екені туралы жалпы қорытынды шығара аламыз. Бұл ғылыми 
индукция болады. Ол өзінің қорытындыларында тек байқалған фактілердің санына сүйенуден гөрі (жай 
атап көрсету индукциясы секілді), фактілерді мұқият және жан-жақты зерттеуге басымырақ сүйенеді. 
Егер фактілер зерттеу ісіне жаңа материалдар беретін болса және мұндағы заңдылықты тереңірек 
түсіну үшін мүмкіндік беретін болса, ғылыми индукция үшін фактілердің саны маңызды болады. [3; 
73]. Біріншіден, ежелгі грек ойшылдары таным процесіне талдау жасай отырып, мазмұны әр түрлі 
ойқорытындылардың нәтижесінің ақиқат болуы тек алғышарттардың ақиқаттығына ғана емес, сондай-
ақ пайымдау барысында олардың арасындағы байланыс түріне де тәуелді деген қорытындыға келді. 


82
Екіншіден, ежелгі гректер жұрт алдында сөйлей білу өнеріне айрықша мән берген. Әдемі сөйлей білу
жұртты сендіре білу қабілеті аса жоғары бағаланып, оны үйренуге баса назар аударылды. Қазақ 
тіліндегі күрделі атаудың ішкі мағыналық құрылымы мен лексикалық мағынасының арасындағы 
тәуелділікті зерттеген проф. Б.Қасым: «Адам заттар мен құбылыстарды танып білу нәтижесінде жаңа 
атаудың өзіне ғана тән белгіні таңдауы, дүниетанымына байланысты белгілеуі атаудың ұғымдық 
белгісі болып саналады. Ұғымдық, танымдық белгі адам санасында қалыптасқан өмірде бар заттар мен 
құбылыстарды ұқсату, елестету арқылы тандалынып, жаңа атау жасалуына арқау, өзек болады», – 
дейді [2; 198]. Адам миында қандай ой пайда болмасын, ол тілдік материалдың негізінде ғана туындап, 
іске асады. Тіл – ойды білдіретін таңбалар жүйесі. Тілдегі кез келген сөз дыбыстардың қосындысы 
немесе таңбалар жиынтығы ретінде материалдық нәрселерге қолданғанға ғана мағынаға ие болады [3; 
73]. Шешендік сөздерде заттың қасиеттерін іріктеп танып білуден туындаған семантикалық мәні өзара 
түсінікке құрылған тілдік қатынасты құрайды. Адам мен адамның арасындағы қатынаста көбінесе 
сөздердің ауыс, келтірінді мағыналары белгілі бір психикалык және логикалық мазмұнмен бірлікте 
құлқын реттеп отырады. Мысалы: «Дүниеде не жеттім?» деген Жәнібектің сұрағына Қарабас шешен: 
Оты жоқ жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім, Елінен ауған ер жетім, Тыңдаусыз сөз жетім, Жоқтаусыз 
қыз жетім, – деп жауап береді. [4; 23].
Ойқорытуда сөздің нақты, дәлді болу үшін лебіз мазмұнды болуы керек. Жалпылама сөйлеуден 
аулақ болу қажет, бұл - тыңдаушыны жалықтырмаудың алғы шарты. Лебіздің мазмұнды, ұтымды, 
әсерлі шығуы тек, сен кімнің алдында ой жеткізесің, қандай өзектілікті қозғайсың, мәліметтің 
қаншалықты жаңашылдығы бар, дәлелдемелердің жеткіліктілігі бар ма, осыларды сараптап алу 
нәтижесінде ғана, дағдыға айналдырған жағдайда машықтанған сөз әдебі ойқорытудың танымдық 
деңгейіне жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет