Бала шоқан повестер



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин

ТЫРНАҚАЛДЫ
Қанат құйрығы жетіліп, көнектей болып толған қара ителгі тоятты
түзден тілейді. Ол ауыл маңына қонған таррақ, бұлдырық сияқты кішкене
құстарға қарай талпынады, аспанға қарап шақырып, аяқ бауын тартып,
тұғырдан түсіп далпылдап, аспан əлеміне қанат қағуды тілейді. Қасына
келіп, қолына қондырып «па-па» деп сипап жем берген Сəтжанға дөп
дөңгелек қарақаттай көзін қадап, жүнін жытып, кейде айналаға қарап
ұшқысы келеді. Құсбегі атасының қыранын қолыма алғандағы əдеттерін
істеп Сəтжан да «қой, па-па, қой!» деп ителгісін сылап-сипай сергітеді.
Құсын қолына алғанда Сəтжан алуан қиялмен шалқып, алдырмайтын аңы
аз болады. «Əттең, бұл жақта қарақұйрық жоқ. Əйтпесе, соған салып
үйретсем, мынау деген киік алатын кенек қараның өзі» деп атасының
айтқанын есінен шығармайды. Ішінен ителгісі ең қыран деп сенеді.
Сиыр фермасы күзге қарай Байқошқар бойына кешіп қонды. Бұзаулары
марқайып, сүт ішуді қойып, ірі малдың қатарына қосылуға айналды. Жаңа
қонған соны өзеннің бойы мол су, кең өрісімен сиыр малға өлеңді жұмсақ
шебі өте жұғымды. Сəтжанның бұзаулары да торпақ деген есейген атқа ие
болып, мүйіздерінің тұқылы көрініп, күн санап үлкейіп өсе берді.
Баққан бұзауы торпақ атына ие болған кезде Сəтжанның бір белеске
шыққан кезі болды. Ол бұзауына торпақ аты берілісімен-ақ, кешікпей
қыста бөлек бағылатын бойдақ сиыр тобына өткізеді. Көктемде туған жас
бұзауды торпақ атын алғанша аман бағып бойдаққа қосу, оның жылдық
еңбегінің есепті қорытындысы. Ол осы кезді тіпті асығып күтіп жүр.
Жаңа жұртта Сəтжан бірнеше елеулі табыстарға ие болмақ. Оның бірі
бұзауларына торпақ деген атты беріп, асыл тұқымды қасқа сиырдың жаңа
төлдерін қатарта қосады. Сол бұзауындай жайлау жартасынан алған ақ
үрпік балапаны жетілген кенектей ителгі болып тұғыр басты. Оны осы өзен
бойында аяқтандырып құс алдырады, қоянға баулиды. Жаздай бірі егісте,
бірі шепте, бірі малда болған құрбыларымен бас қосып жазғы көрген
жаңалықтарын айтысады. Енді аз күнде мектептерінде оқу басталады.
Жаңа кітаптар, тың пəндер оқиды, білім алады. Осы ойлар бірінен бірі


қызықты болып алма-кезек көз алдына елестеген Сəтжан торпақтарын
түскі жусауына əкеліп, ауылға иірді.
Сəтжан, сен ителгіңе кешеден бері жем бердің бе? Кəне, бері əкелші
көрейін. Бұл антұрғанның тұқымы семіріп кетсе, құс қайтқан кезде
қашқыш болады. Сен енді жемді бұған сиретіп бер. Бүгін бір шырға тартып
қызылға шақырып байқайық, — деп Серікбай Сəтжанның ителгісін қолына
алды. Атасының осы сөзін жаңа жұртқа қонғалы күтіп жүрген Сəтжан
қуанып кетті. Ителгісіне екі күннен бері жем берген жоқ-ты. Тоят тілеп
шырылдап отырған балапан Серікбай қолына алғанда қомағайлана жем
дəметті. Ол қыңқыңдап Серікбайдың қондырған қолының айналасынан
жем іздеп жымырылды.
Е, өзі əбден ашыққан екен. Бұл иттің тұқымы қандай қомағай, қазір
қызылды қасқырдың жонынан тартқызсаң да мынау таймайды. Ал мынаны
мен ұстап отырайын, ана жемді біздің үйдегі қоянның терісіне орап, бір
шетін қызартып шығар да, өзін жіпке тағып ана қырқадан сүйретіп алып
қаш, — деді Серікбай.
Атасының айтқанын бұлжытпастан орындап, Сəтжан жемді тыққан
қоян терісін қолына алып, ителгісін Серікбай нұсқаған қырқадан барып
шақырды. Ашығып отырған қомағай қыран қызылды көріп етпетінен түсті.
Ителгі сабалап ұшып жемге бет алғанда, Сəтжан арқанның ұшынан ұстап
қоянның терісіне байланған қызылды сүйрете қашты. Түздегі ителгінің
түйіп түсетін əдетін айнытпай істеп жемнің үстіне келіп жеткенде, ителгі
қайқаң етіп аспанға көтеріліп, жарқ етіп келіп қоянның терісіне
қалшылдаған қыран мінезбен шүйіліп келіп түсті. Ителгінің мына түсісіне
аса разы болған Серікбай ентелей басып о да келді. Жемнен бір-екі
тартқызып, көп бермей сол жерге қондырып тастап, өзі Сəтжанды ертіп үй
жаққа қайтты.
Жем басқан жерінде қойқаңдап біраз отырып ителгі көтеріліп ұшып
аспанға шықты. Серікбай қолындағы жемді қайта көрсетіп, ителгіні енді
өзіне шақырды. Қолдан жем алып үйренген əдетті қыранша ителгі аққан
бетімен келіп, Серікбайдың қолындағы жемге қонды.
— Мұны бүгін аса тойғызба, ертең, мына жердегі қара судағы үйрекке
тағы бір салып көрелік. Үйрек ұшқыр құс, алыстан көріп мына шабан
шіркін жете алмай қалмаса, мынау алады, — деп Серікбай Сəтжанды


қуантып қойды.
Бүгінгі түн Сəтжанға жылдан кем болған жоқ. Ол ителгісінің шырғаны
басып жем алғанын, бүркітші атасының мақтап үйрек алады дегенін
апасына айтып, түн ортасы ауғанша көзін ілмеді. Таң атып, бұзауын, бұзау
емес ау торпақтарын өрістетіп қай ауылға əкеліп жеткізу сəтін өте ұзақ
көріп, əрең дегенде ұйықтады.
Сəтжанның əрбір талабына тағаты қалмай қызықтап қарайтын Зейне де
баласынан аз қуанған жоқ. Ол тек, баласы аса əуейленіп кетпесін дегендей
сыр бермей, салмақты ақыл айтып, шаруа жағына ойыстырып ой сала
берді. Бірақ та, үйкүшік болмай түзшіл болуын, бұйығы болмай өршіл,
ізденгіш болуын өте ұнатады. Көбінесе баласына ой салып, өнерге
талпындыратын да Зейненің өзі. Ол баласына:
— Атаңнан мылтық атуды да үйрен, өзім мылтық алғызып берем. «Қару
алсаң — мылтық ал, қарның ашса тамағың, талыққанда таяғың»— деген
халық мақалын айтып, өнер таңдағанда үйрен дейтіні осындай нəрселер.
Сəтжан күндегі əдетімен уақытында тұрып, торпақтарын өргізіп кетті.
Ол атасы айтқан қара су бойына қарай өрістетіп, үйрек қарады. Салқындай
бастаған солтүстіктің ызғырық желінен жиреніп, жылы жаққа бет алып,
оңтүстікке қарай серпілген үйректер де қара су бойында жиналып қалған
кез болатын. Ұйтқып ұшып, қоныстамай су бетіне шимай салып жүрген
топ-топ шүрегей салмақпен ұшып, көгалы шөптесін, салынды бар жерді
сағалай қонып, бұқпантайлап жүрген қос көкала мойындар да көрінді.
Солардың бəрін бүгін ителгісіне қырғызатындай қызығып, Сəтжан екі көзін
үйректерден алмады. Өзім бүгін ителгімді неге ала шықпадым. Мүмкін өз
қолымнан-ақ алдырар едім, деп өкінгендей де болады.
Оты қанған торпақтары түскі жусауына бой ұрып, ауылға қарай
шалқыды. Əлденеше топ үйректің қара суға келіп қонғанын белгілеп, екі
көзін су бойынан алмай, Сəтжан да ауылға жеткенше асығып келеді. Егер
атасы алдынан ителгіні алып шығып, қазір жүр десе, ол тамақ ішпей-ақ
жүріп кетер еді. Бірақ, атасы оны істемеді. Малын жайғастырып, алды-
артын тиянақтап барып, алаңсыз кезді ғана тауып, үйретер өнеріне сонда
баулиды.
Сəтжанның асығып келген сырын апасы айтқызбай-ақ ұқты. Атасының


уəделі сəті жетіп, бала мақсаты орындалар кез болып қалған тəрізді. Осыны
түсінген Зейне:
— Атаңа бар, үйрекке апарам десе, бұзауды мен өзім оралтып қайтам.
Құсыңды аяқтандыр, — деді.
— Апа, мына қара суға үйрек сыймайды. Атамды ертіп барам. Атам
кеше өзі айтқан, барады, — деп Сəтжан қуанып кетті. Сəтжанның
қуанышын ұғып отырғандай тұғырда тұрған ителгісі де, қолынан жем жеп
үйренген иесін көріп, шарылдап шақырып-шақырып жіберді.
Ителгіні алып Серікбай мен Сəтжан қара суға қарай жөнелгенде:
«Қайырып салған көк құсы
Қаз ілгенде жарқылдап»
деген Абайдың өлеңін есіне алып, Зейне торпақтарды өргізіп, көпке
дейін баласына қуана қарап тұрды.
Жасынан құстың неше түрлі салу əдісін жадына жаттаған Серікбай,
қара суға таянған кезде ителгіні шақыртпай, су жақтан көлеңкелеп өзінің
ығына ұстап, үйректерден ителгіні жасыра бастады.
Түйсігі түз құсына арналған қолбала ителгі де, осы сырды ұққандай
шарылдағанын қойып жымып келеді. Даңғайыр аңшы мен заты қыран
құсының ілезде өзгеріп, басқа мінез тапқан құбылыстарына ойлана қарап
Сəтжан да ата ыңғайымен аңшылық əдіске көшіп, демін іштен алып, жан-
жағына жымиып қана қарайды.
Қара судың күнбатыс жағындағы қалың талдың тасасына жеткен кезде
Серікбай атын ентелете бастырып, қара судың жарлауыттанған қабатына
сып етіп жете беріп, ителгіні көтере ұстап, ат үстінен ұмтылып кеп қалды.
Серікбай келіп тап берген жерде суда отырған бір топ шүрегей жарқ етіп
ұшып ойнап аспанға шықты. Зу етіп көтерілген шүрегейдің тобына ителгі
араласпады. Атам соған жіберді ғой деп күткен Сəтжан өзінің ителгісін
аспаннан көре алмай, атасының қолында далпылдап ұмтылып бара
жатқанын көрді. Осы шақта оның лепіріп келген көңілі басылғандай, не
болды, деген күдік туып, өнебойы тітіркеніп кетті. Сонша болмады,
шүрегей ұшқан қара судың бас жағынан пыр етіп ұшқан қос көкала мойын


судан көтерілгенше, атасының қолындағы ителгі де лып етіп ұшып аспанға
шықты.
Шүрегейдей зулап ұшып, зырлап ақпай, шабандай ұшып түзу жөнелген
қос көкаланың үстіне ителгі сып етіп жетіп барып, жарқ етіп жоғары
көтерілді. Құсының осы сəттегі бар қимылын батып тұрған Сəтжанның
көзіне жас толып, бұлдырап кеткендей болды. Үйректің дəл үстіне жетіп
алып, жоғарылап қайта шүйіліп, ителгі үйректің біреуіне түйіліп кеткенде,
бір үйрек сылқ етіп құлдырап жерге ақты. Ол үйректің қызығына қарап,
ителгісінің одан кейін не істегенінен Сəтжан көз жазды. Ителгісі үйректің
бірін теуіп түсіріп, екіншісіне шүйіліп қуып жөнелді. Сонша болмады,
сасқан үйрек бұлт беріп бір шоқ талға барып жоқ болды.
Талға кірген үйректі таба алмай, ағындаған бетімен барып, өзеннің
қабағындағы бір жартасқа қонып отырып қалды.
Ителгінің теуіп түсірген үйрегін іліп алып, Серікбай да ителгінің қонған
жартасына қарай жүгіртіп келді. Құнанмен шапқылап Сəтжан да жетті.
Қолындағы қызылды көрсетіп, Серікбай ителгіні жемге шақырды. Дағдылы
қыранша бөгелместен ителгі Серікбайдың қолына келіп қонғанда, Сəтжан
шектен тыс қуанып кетті. Түздің құсына дəндесе ителгісі қолға кайтып
келмей қояр, деп те қорқатын ителгісі оны істемеді, лып етіп қызылға
қайтып келді. Ителгі теуіп түсірген көнектей көкала үйректі Серікбай
бауыздап, Сəтжанның қанжығасына байлап берді.
— Құсың аяқтанды, мынау құсыңның тырнақалдысы, сенің де
тырнақалдың. Зейне үлкен той істейтін болды, деп күліп Серікбай
қонышынан қара шақшасын алып, қағып-қағып насыбайын ерніне тастап
жіберді.
Атасының Сəтжанға жұмбақ болып тұрған əрекетінің бірі ителгіні
алғашқы бір топ шүрегей үйрекке жібермей, ұстап қалтаны еді. Ол өз
ішінен көп үйрекке жіберсе, кеп алар еді, мына жекеленген екі ғана үйрекке
жіберіп, біреуін ғана алып қалдық деп азырқанып та қойды. Сүйтті де осы
сырды атасынан сұрағысы келіп оқталды. Бірақ батылы бармады.
Сəтжанның осы сырын қабағынан ұққандай, атасы ауылға бет алғанда,
əңгіме етіп ұшқыр шүрегейдің ителгіге жеткізбейтінін, салған құсына жете
алмаса ителгі беталды ұзап ұшып кететінін ұғындырды.


Тырнақалды үйрегін алып ауылға келгенде, Сəтжанды шашу шашып
қарсы алған Зейне, төбесі көкке жеткендей қуанып, бар тілегін осы сəтте
баласына арнап шүкірана ойын айтып жатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет