Бала шоқан повестер



Pdf көрінісі
бет28/29
Дата07.02.2022
өлшемі1,6 Mb.
#94641
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
pdf Бала Шоқан Сапарғали Бегалин

ЖОРҒА ТАУЫНА ЖОРЫҚ
Қар бекіп, суық түскелі, Сəтжандар сан рет шаңғы жорығын жасады.
Демалыс сайын жақын жердегі мал фермаларына барып, газет оқып беріп,
почта тасып, малдың жайы-күйін де біліп отырды.
Сəтжан əлі құсын қоянға салып аяқтандырған жоқ. Серікбай атасы
сонау күнгі сонардан бастап: Қаранай, Шақпақ, Шұбарайғыр, Жорға,
Жауыртағы тауларына кетіп құсын салып, ауылда болған емес. Ал, жалғыз
өзі алып шығуға құсының етіне де жетік емес жəне құсын тағы да
қашырып алам ба, деп қорғанады.
Көптен үйінде болмаған атасы бір күні атын тынықтырып, өзінің кір-
қоңын жудырып, бір-екі күн дем алды. Жəне күзден бері алған жиырмаға
тарта түлкісін, қақпанмен алған бір-екі қасқырын дайындау орнына өткізді.
Атасының осы бір көңілді кеші Сəтжанның қысқы демалысымен қатар
келді. Ол ителгісін қолына алып атасының үйіне келгенде, құсбегі карт
бүркітінің бетегесін тазалауға кірісіп жатыр еді. Кесек-кесек екі шақпақ
қантты құсына жұтқызып жіберіп, жем бермей, құсын тұғырына қондырып
байлап қойды. Құсқа қант берген дегенді Сəтжан көрмек түгілі естіген де
емес еді. Бұл Сəтжанға ете бір өзгеше жаңалық болып көрінді.
Атасы Сəтжанның ителгісін қолына алып, етін көріп біраз отырды.
«Есейіп қалыпты, мынау ертең алып шыққанмен қоянға түсер ме екен?
Сүйтсе де байқалық», — деп ителгіге кішірек-кішірек екі бөлек мұз
жұтқызды. «Енді апарып кілет үйге салқын жерге байлап қой, мынау етімен
суықты елемейді» деп Серікбай Сəтжанның ителгісін қолына берді.
Таңертең Серікбай құсбегі Сəтжанның үйіне өзі келіп ителгіні қолына
алып етін көрді. «Байқап көруге болады, сүйтсе де» деп ителгіге тағы бір
бөлек мұз жұтқызып жіберді. Түске дейін мына жерден қоян көрсетіп
қайтайық» деп Серікбай атын ерттеді. Сəтжан қуанып, ителгіні атасының
қолына беріп, өзі шаңғысын киіп алды. Сəтжан үйден шығуын аңдып
тұрған Жанай да шаңғысын жылмаң еткізіп сырғытып жетіп келді.
— Балалар көп ұзамалық, мынау талдың ішінде бірлі-жарым қоян болу


керек, сендер сол талға қарай барыңдар. Мен мына «Борша тастың»
мұрыншағына шығып ителгіні ұстап отырайын. Сендер қоянды айдап
шығыңдар, — деді Серікбай.
Екеуі мына сөз құлағына тиісімен айдап жарыса жөнелді. Жортып
барып Серікбай да мұрыншақ тасқа шықты. Атын тасаға қоя салып,
ителгіні алып тастың басына шыққан да, Сəтжандар да талдың ішінен
лақтай бір ақ қоянды үркітіп айдап шықты.
Көптен аң көрмеген ұрыншақ ителгі етбетінен түсті. Серікбай да қолын
көтере сілтеп, ителгіні қарсы алдынан көлденеңдеп өте берген қоянға жаба
салды. Ителгі, əдеттегі теуіп түсетін дағдысын істеп, қоянның дəл үстіне
келе беріп жарқ етіп аспанға көтерілді. Қорғалап, тығылар талдың ішінде
жаңағы өзін қуған шаңғышылар жүр, мына сыртта өзіне құс жіберіп тұрған
аңшы, су жүрек, сасқан қоян бой жасыра алмады, ителгінің көктен түйіп
түсер темірдей тегеурініне қара құсын тосқандай артқы екі аяғымен шоқая
қалды. Дəл осы сəтте, жоғарыдан шаншыла құйылған ителгі көктен түскен
жайдай жарқ етіп қоянды желкеден түйіп өтті. Түсе бергенде атып кетіп,
ителгіні жер соқтырам деген əдісіне қоян үлгіре алмады. Етбетінен түскен
қоян тыпырлап орнынан тұра алған жоқ. Тал ішінен ағызып Сəтжандар да
келіп жетті. Келе қоянды ұстап аталарына алып келді.
Осы ителгі өте бір күйсіз қыран. Мынау етімен айнымай қоянға түсуі
түсу-ақ, — деп Серікбай тымағын басынан алып бір сілкіп киді.
— Бұл қоян Жанайдікі, тағы қараңдар, — деп ителгіні қызылға
шақырып алып Серікбай қайтадан тастың басына шықты. Талдан əлгіден
басқа қоян табылмады. Бірақ өзеннің аржақ кабагынан бір топ шіл ұшып
келіп төбенің күнгей бетіндегі бір кішкене қара сынға қонды.
Шілді көре салып ителгі тағы етбетінен түсті. Серікбайдың қолынан
шығысымен ителгі ойнап аспанға шығып алып шілдердің дəл үстіне
түйілді. Ителгіні көрген соң бірде-бір шіл қонған жерден көтеріле алмай,
жапырлай жер бауырлап сайдағы көпсік қарға сүңгіп кеп кетті. Шілдердің
қарға кіргенін көріп тұрған Сəтжан мен Жанай ағызып келіп, қарға кірген
шілдердің бірнешеуін ұстап алды.
Қысқы каникулға босар алдында шаңғышылар үйірмесінде Сəтжан
шаңғы жорығына шығуды ұсынды. «Жорға тауындағы қой фермасына


барып қайталық. Малды көрейік, малшыларға газет апаралық,» — деді.
Оның сөзіне
Нариман қосылды. Оныншы кластың оқушысы Қапан:— «Онда біз
Сəтжан ителгісіне Қайрақты өзенінің құры мен қоянын алдырамыз. Бұл бір
тамаша серуен, демалыс болады», — деді.
Сөзді осыған байлап, жүріс əзірлігіне жұмыла қам істеді.
Шаңғышылардың бұл жүрісін аудандық комсомол комитеті де ұнатты.
Комсомол ұйымы бұларға арнаулы тапсырма берді. Бұлардың бұл жүрісі
«Жорға тауына жорық» деп жарияланды.
Шаңғышылар алдымен ауданда, Жорға тауы мен Шұбарайғыр
тауларының картасын жасап алды. Кісі басы бір-бірден құбыланама
(компас) алды. Бұл жолдағы кездесетін үлкен қауіптің бірі топтанған
қасқыр. Екіншісі, — түтей соғатын боран. Осылардан сақтану қамы
ескеріліп, керекті құралдар да алынды, Сəтжан өзінің ителгісін алып
жүрудің қамын істеді. Ителгісіне талдан иіп жіберіп бөлеу ағаш жасады.
Дəл жүрерде соған жатқызып орап бөледі де арқасына іліп алды.
Шаңғышыларды аудан орталығынан аттандырған ұйымдастырушылар
ең шеткі «Еңбек» колхозына дейін шығарып салды. Сол жерден
шаңғышылар таң ата тұнжыраған сырттың тұман басқан бұйратын бетке
алып сызып берді.
Белес-белес бүктетілген Жайлау тауларының сілемдерін кектей етіп,
шаңғышылар 
ағызып 
келеді. 
Теңізге 
жүзген 
балықтай 
жүйрік
шаңғышылармен қар теңізіне жер бауырлаған тұманға сүңгіп кетіп
əлдеқайдан барып шығады. Жүрген сайын балғын денелерінен күш қызуы
бұрқырап, жастық жалыны аспанға атады. Бірақ тұман жер бауырлап
серпілер емес. Қапан тұра қалып сағатына қарады. Біз шыққалы үш
сағаттан асып кетті. Бір қыдыру жерге келіп те қалдық. Тез дем алайық, деп
шаңғышылар иріле қалды.
Қалталарындағы картаны алып жайып, құбыланаманы қойып, жүріс
бағыттарын қарастырды. Əзір бетіміз дұрыс тəрізді, деп аз демалыстан
кейін таты жүрді. Барған сайын тұман белдеуленіп қоюланғандай. Күн
көзінің бедері тұман пердесіне малтығып ешбір сызат бермейді. Жүрістің
алдын бастап келе жатқан Қапан:


— Егер бетіміз дұрыс болса, осы алдымызда бір арна кездеседі. Сол
арнамен құлдилап отырып Жауыртағы саласына барамыз. Егер ол арна
кездеспесе, онда біз бір жағына бүйрек шығып кеттік, — деді.
Шаңғышылар тағы біраз жүрді. Қапан айтқан арна кездеспеді. Бір қалың
миқы адырдың ішіне түсіп, содан жуырда шыға алмады. Осы адырдың бір
үлкен сайына келгенде, алдарынан жаңа ғана жорытқан бір топ қасқырдың
ізі кездесті. Шаңғышылар үлкенді-кішілі жеті қасқырдың ізін санап шықты.
Аңшы атамның айтуына қарағанда қасқырдың топталатын айы бола
қойған жоқ. Бұл бір ұялас қасқырдың ізі. Егер ұялас тобы болса, олар
көзіне көрінген қараға ұрынғыш болады деуші еді. Енді бірімізден біріміз
аса ұзамалық. Жəне жан-жағымызды байқап отыралық, — деп Сəтжан түз
тағыларының сырынан жолдастарына хабар білдіріп қойды. Біраздан кейін
миқы адырдан шығып құлаш ұрған жазыққа түсті. Осы жазықта
шаңғышылар бойларын жаза шаңғыларын жұлдыздай ағызды. Бірақ əлі де
мөлшерлі жерден белгі тапқан жоқ.
Біраздан кейін солтүстіктен жел лебі шығып тұманды сыпырып көтере
бастады. Тым алыс атырап болмаса да біраз жердің бұйрат шоқылары
көрінеді. Булыққан дала, тұншықтырған тұманнан серпілгендей болды.
— Біз жаңылыс жүріппіз, мынау Жауыртағы өзенінің Шұбартау жақ
қабағындағы кең жазық. Қазір Жорға, Шұбар, Айғыр тауларының төбесі де
көрінеді. Ал, басыңдар жолдастар! — деп Қапан бойы жазылып құлаш
ұрған жүйріктей оза жөнелді.
Алғашқыда 
сонша 
қунақы 
болғанымен 
Жанайдың 
балғындап
қатаймаған əлсіз денесі шаршауға айналды. Ол осы сыдыруда бірсыпыра
жер кейіндеп қалды. Кішкене белестен асқан жолдастары алыстап бара
жатқан тəрізді. Қапанмен тізе қағыса сілтеген Сəтжан да қалыспай ағызып
берді. Ерегіскен жүйріктей екеуі жүріс қызығына түсіп жолдастарынан ұзап
кетті.
Барған сайын жел көтеріліп, жақында жауған қырбақ қарды айдап, жаяу
борасын басталды. Екі қара саны сырқырап шаңғыны сілтей сырғытуға
келмей, Жанайдың денесі ауыр тартты. Айқайлап жолдастарын шақыруға
намыстанып, ол əлі де болса күшін жинап қуып жетпек болды. Əсіресе
оның қысылатыны Нариманның қылжағы. Егер Нариман Жанайдың
болдырғанын білсе өмірі мазақтап иығынан түспейді.


Барған сайын денесі ауырлап, Жанайдың жүрісі өнбеді. Əлде
жолдастарының бəрі күшейіп көтеріліп кетті ме, əйтеуір өз жүрісіне көңілі
толмайды.
Көбіктеніп жатқан қарды қақпалап мініп жорғалатқан ерке жел, ақ
жорға жаяу борасынды үдетіп барады. Алыстан андағайлап Шұбарайғыр
тауының найза шыңы көрінді. Шаршап келе жатқан Жанай қуанып кетті.
Ол шаңғысын тұқырта басып сырғытып зулата жөнелмек болды. Сонша
болмады əлдеқайдан жел лебінде бір жат дыбыс талықсып келіп естілді.
Дыбыс əлде ышқынып соққан жел дыбысы, əлде ұлыған қасқырдың
дыбысы. Осы дыбыс құлағына шалынғанда Жанайдың шаршаған салмақты
денесі түрпиіп, əлденеден шошынғандай жеңілденіп кетті. Оның көз
алдына бағана кездескен көп қасқырдың ізі елестеді. Дауыс барған сайын
молайып анықтала түсті.
Ағызып барып-барып арттарына қараған Сəтжан мен Қапан
жолдастарынан əлдеқайда ұзап кетіпті. Жел серпіп, тұман сырылуы,
алыстағы таулардың басы көрінуі, бұлардың ойын сергітіп көңілдендіріп
жіберді. Бірінің артынан бірі ілесе ағызып Нариман, тағы басқа
жолдастары көрінді. Бірақ, бəрі түгел емес, тым кейіндеп қалды, қалай
қалды? Олар осыны ажыратып болғанша кейінгі жолдастары келіп жетті.
Жанайдан басқасы түгел. Тек арттарында қалған кішкене белес шымылдық
болып Жанайды сол жасырғандай, бəрі соның жолын көздеді. Жанай тез
шыға қоймады. Аз тосты, дыбыс күтті, Жанай жоқ.
— Ол жай бөлінген жоқ, не жазым болып шаңғысы сынды, не өзі бір
бөгетке ұшырады. Бармаса болмайды, кəні менімен кім жүреді? — деді
Сəтжан.
Сəтжанның сөзін Қапан қостады.
— Екеуміз барайық, жүр, — деп Қапан шаңғысын кейін қарай бұрып
алды. Бағанағыдан гөрі жел көтеріліп, боран үдей бастаған. Желге қарсы
қасқая сырғытқан екі шаңғышы омырауын желге төсеп, тұқыра шапқан
жүйріктей тізе катыса құлаш ұрды.
Ұлыған дауыс барған сайын молайып, Жанайдың арт жағынан өзіне
əлденелер лап қойғандай өне бойын елес биледі. Оның қорқу сезімі
билеген денесі лез ширап, кенеттен дуылдаған бір қайрат қанат


қақтырғандай шаңғысын зулатып келеді. Дыбыс өшті. Жел екпінінен
əлдекімнің шуылдаған серпіні естіледі. Бүктетіліп құлаштаған жүйріктей
алдына қарай сермеп келеді. Жанамалап өзіне келіп қалған көкжал
қасқырдың арандай ашылған аузы əлі көзіне түскен жоқ. Бірақ өзімен
жарыса өрекпіген қар құйыны, əлденені қоршап алып ұшқандай, көзі
жайнаған сабалақ құйрық бір əппақ денені алдынан көлденеңдете берді.
Көзі жайнап, тілі салақтаған тайыншадай көкжал қар топанын
ұшырғандай алдын орай Жанайға тап бере өңмеңдеп таяна түскендей
болды. Сол сияқты бір екпін сол жағынан да зуылдап келіп қалды. Жүрегі
аузына тығылып, тек жан ұшыра шаңғысын қысыла сырғытты. Артынан
қуалай соққан жел көбік қарды үйіріп əкеліп лап өткізіп атып жібергендей
бұрқ еткізіп лақтырды. Кірпігіне қырау тұрып, жасаураған көзіне жан-
жағының бəрі қасқыр болып қамап кеткендей болды. Сол сəтте қарсы
алдынан ағараңдаған екі тұлға елең етті. Жүрегі қысылды, аузына
тығылды, ол бірақ іле сергіп есін жиып алды. Неге сонша қорқады?
Жолдастары қайда? Қасқырға алғызбайтын айла жоқ па? Ол осы ойларға
келгенде сергіп кетті. Қалтасында жүрген жаңада ғана Нариманнан алған
«күміс» оттығы бар. Қасқыр отқа жоламайды, Қазір орамалын алып,
тұтатып қасқырды шошытады.
Сөйтеді де сырғып кетеді. Мүмкін сол сəтте жолдастарына да жетер.
Бес бөлтірігін ертіп алып, Жанайдың алды артынан орай қаптаған бір
арлан, бір қаншық қасқыр, енді ғана бата қимылдауға бет қойып, жас етке
сілекейі шұбырып-ақ еді, бірақ, ол үміттері орындалмады. Емін-еркін енді
ортаға ала бергенде Сəтжандар келіп қалды. Жалтарған қасқырларды көре
салып Қапан қолындағы оқтаулы бердеңкемен алдынан көлденеңдей басып
салды, қасқыр қаңқ етті. Сүйтті де жел үйіріп айдаған қар топанына кіріп
жоқ болды. Елсіз жайлауда азық іздеп аңдаған ашқарақ қанды ауыз
қасқырларды Арқаның сұрапылы қақпалап шаңғышыларға көрсетпей түтей
жөнелді.
Сəтжан жүгіріп келіп Жанайды құшақтай алды:
— Жазым бола жаздадың ғой, неғып кейіндеп қалдың, — деп Жанайдан
жай сұрай бастады. Жанайдың алқынған жүрегі сонда барып орнықты.
Қапан үшеуі аз ғана дем алып алдағы шаңғышылар тобына келіп қосылды.


Шаңғышылар ызғытып келеді. Күн еңкейіп қалды. Төбесі ашық,
белдеулене соққан боран, кей жерде түтек болып түк көрсетпей, кей жерде
алаң-бұлаң ашылып кетеді. Осындай бір алаң-бұлаңда шаңғышылар жер
жобасын анықтап бетін түзетіп алды. Жорға тауының қой фермасы
қыстаған кең саласына көз байланбай-ақ ілінді. Бірақ, үлкен ақтардан ағыза
соққан боран бұл өлкеде ерекше түтеп кетті. Күн бата боран қоюланып,
желде суыта бастады.
Жер жобасын, қой қыстауын бұрын көрген Қапан құбыланамасына
қарап алып желге қырындай тартты. Əлі ауыл белгісі жоқ. Алда жүріп келе
жатқан Қапан бір дыбысқа құлағын тосып тұра қалды. Қалғандары да
дыбыс шығармай бұрқыраған боран ішінен үн күтті. Бұлардың күткені
ферма қораларынан шығатын дыбыс. Бірақ, бұл дыбыс оған ұқсамайды.
Сəлден соң қарлыққан, шаршаған əлсіз дыбыс естіледі. Біраз жерге
келгенде, ұйлыға ығып келе жатқан қалың қой кездесті. Қойды көргенде
шаңғышылар қауіптеніп те қалды. Қалай иесіз, неғып ықтырып алды?
Əлдеқандай бір уақиғаға кездесіп қой бөлінді ме? Міне, осы сұрақтар
шаңғышылардың ойында аңдап тұрғандай болды.
Əлгі естілген дыбыс таяу жерден таты шықты. Шаңғышылар қойдың
алдын тоқтатып, ықтырмауға кірісті. Қойдың алды аздап бөгеле бергенде
таты бір топ қой келіп қосылды. Осы топ қойдың ішінде дауысы барлығып,
əбден қалжаураған қойшы да келді. Ойда жоқтан қойының алдын тоқтатып
өзін қарсы алған жастарға қойшы қуанып та, таңданып та қарады. Жорта
тепсеңінің сұрапылдана соққан дүлей боранына қойын ықтырмаймын, деп
күні бойы алысып. Əбден қалжыраған қарт қойшы қайта ширағандай
сергіп кетті.
— Қарақтарым, жолдарың болсын! Мал да өздеріңдікі, шал да
өздеріңдікі. Ықтырмаймын деп алыса, алыса əбден қалжырадым. Ауыл
мына тұсымызда алыс емес. Қырындата-қырындата бетін түзей алмай,
жеткен жерім осы еді. Əзір қойым түгел, енді айрылам ғой деп қорқып ем,
— деп қойшы шаңғышыларға барлық салмақты да, сенімді де тастай берді.
— Қойға енді біз ие, ал, ата, бетті өзің түзе, — деп Қапан
жолдастарымен қойдың бас-аяғын ықшамдап меңгеріп алды.
— Алда қарақтарым-ай, есімді енді жидым. Есіл малдан айрыламын ба,
əлде қасқыр киіп кете ме, деп шошып ем. Жолым болды, — деп қуанғаннан


көзіне жас алғандай болды. Əрі қойны-қонышын қар кернеп, əрі шаршап
əлсіреген қойшы тек жобалап ауыл жөнін ғана айтып нұсқап отырды.
Шаңғышылар қойды топтап бытыратпай, қойшы айтқан жобаға беттетіп
алып жүрді.
Қойшы айтқандай ауыл да онша алыс емес еді. Аздан соң барлық қойды
түгендеп ферманың қорасына енгізді. Шопандар аудан орталығынан
əкелген жаңалық хабарға қанық болды.
Сəтжандар ферманың ең шеткі ауылы Қайрақтыны қыстаған Ниязбай
қорасына келді. Жорта саласынан шығатын Қайрақты бұлағы жазғытұрым
тасып, жаз ортасына жетпей аяқсып тартылып қалады. Сол тасуында
жайылған судың орнына тал аралас қалың бұта еседі. Қазір ол түйе
көрінбейтін тоғай болып кеткен. Сол тоғайдың іші толған қоян, құр,
қырғауыл неше түрлі ұсақ аңдар болады. Бұл аңдарға Ниязбай шопанның
қызыл тазысынан басқа ешбір жəндік аяқ басып көрген емес. Ниязбай
Қызыл тазыны ілуде болмаса бұл тоғайға əкелмейді. Көбінесе қырдағы
түлкіге қосады. Аңы мен құсын төл өсірген Қайрақты бойы аңқұмар
Ниязбай, жас талап Сəтжан бастаған жастардың аңсарын аударды. Əзілқой
Нариман:
— Ал, Сəтжан, сенің қыраныңның қызығын қашан көреміз? — деді
Қайрақтыдағы ауылға келген күні.
— Аңға шығып қыран сынайтын жерге жаңа келдік.
— Таңертең шығамыз, — деп Сəтжан Ниязбай ақсақалға қарады.
— Ондай ойларың болса тіпті жақсы. Өзім алып шығам, - деді ол.
Ниязбай өзінің атына мініп, тазысын ертіп шыққанда, ылғи жарау
қылаңнан мінген жорықтың жігіттеріндей жас шаңғышылар сып етіп олар
да шықты. Бөлеуімен алған ителгісін арқасына салып Сəтжан топты бастап
сырғып берді. Құс пен қоянның көп жүретін жерін сырттай бататын
Ниязбай алдан түсіп жортып отырды. Ниязбай өзеннің ор басына келе
бергенде тоқтай тұрып:
— Сəтжан екеуміз ана қабақша тасқа шығамыз. Сендер осы арада
қалып, мына тоғайдан бізге қарай қоян қағып қашырыңдар! Мүмкін, құр да
бар шытар, — деді.


Сəтжан мен Ниязбай барып қабақшаға шыққан кезде шаңғышылар тұс-
тұсынан тоғайға кірді. Бөлеуінен шешіп алған ителгісін қолына алып
Сəтжан да Ниязбаймен қатарласа келді. Жан-жағынан асыр салып кірген
сергек жүрістен оянғандай тоғай іші үн қатты. Əлде не бір аңдар орғи-орғи
үрке жөнелді. Сəтжан мен Ниязбайдың тап алдынан көлденеңдей жоғары
қияға тартқан бір топ тағы ешкі, таңы жарқылдап жөңкіліп берді. Бұрын
ешкіні көріп ит қосып көрмеген Ниязбай не дерін білмей сасып қалды.
Сəтжанның қолынан лып етіп атып шыққан ителгісі жер бауырлап барып
көтеріліп жосыған ешкі тобының үстіне шықты. Ниязбайдың айтатын
күтпей-ақ ешкіге қосыла жөнелген қызыл тазы, о да тақымдап барады.
Көрмеген аңдары алдынан өрген, күтпеген жерден итін қосып, құсын
жіберген екі аңшы не қыларын білмей аңырып қалғандай болды. Ешкі
тобының үстіне шыға көтеріліп алған ителгісі, құйқылжып келіп шаншыла
бір ешкінің басына түйіліп қонып қалды. Сонша болмады, мөңки секірген
ешкі өзге тобынан бөлініп айнала орғып бөгеле берді. Ителгі ешкінің
басынан айрылмады.
Шаңғысымен сырғытып келе жатқан Сəтжан да осы сəтте ителгі
ұстаған ешкінің қасына зулатып жетті. Тоғай ішінен көре салып аңыратқан
Қапан да бір жағынан келіп алдым. Бұлар келгенде екі көзінен қан ағып
сорғалаған тағы жүре алмай, басына қонған ителгіден босай алмай, айнала
орғып жүрді. Естиярлау Қапан келе тағы ешкінің аяғынан алып қарымды
шапшаңдықпен жығып бас алды. Ешкінің басынан айрылмай далбырлаған
ителгісін босатып алып Сəтжан қолына қондырды.
Қияға қарай орғи жөнелген ешкілер тобының артынан қуған
Ниязбайдың қызыл тазысы ешкілерге жете алмай үркітіп кайтқандай бір
қиядан көрініс беріп шыға келді. Өрге қарсы атын тебініп əрең жеткен
Ниязбай: «Балалар, майлансын!» деп таңданған пішінмен екі көзін ешкіден
алмай, атынан домалай түсіп, ешкіні бауыздап тастаған Қапанның қасына
келді.
Көптен бері жоқ болып кеткен жануар еді. Қайдан келді екен? Анық
ақбөкеннің өзі. Жер шала келген-ау, сірə. Қырда қар қалың, тоғайдың қары
бос, шөбі қалың, соған келді ғой. Əйтпесе киік тоғайта кірмеуші еді, — деп
Ниязбай ителгі өнерінен кері киік жайына түсіп кетті.
— Ата, сіз киікті айтасыз, мына Сəтжан балаңыздың құсбегілігіне не


айтасыз? — деді Қапан, жолдасының өнерін мақтан етіп.
— Қарақтарым, өнер сендерден шытады ғой, оған таласымыз жоқ.
Замандарың өнер заманы, өрлей беріңдер. Сəтжандікі өнер-ақ. Бірақ бұл
ителгіні баулыған, аяқтандырған əлгі «саудайы сары ғой»— деп Серікбай
құрдасын Ниязбай да əзілдей отырып көтермеледі.
Онысы рас. Сонау бір кезде Сəтжанның ителгісіне қоян терісінен шырға
тартқызып, үйрек алғызғанның артынан Серікбай таты бір саятшылық
істеген. Ол егіншілерге азыққа əкелген көк серкенің басына өкпе байлап,
ителгіні соған ұшырып қызыл тарттырған. Бір емес, бірнеше рет жіберіп,
ителгіні əбден жаттықтырып: «Шіркін-ай, бұл жақта киік жоқ, егер киік
болса, мынау киікті тобымен иіріп тұрып алар еді» — деп қызыға сөйлеген
еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет