Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2006. – 5-том. – 555 б. "Қазақ әдебиеті тарихының" бұл томында XIX ғасырдың екінші
жартысындағы әдеби процестергс талдау жасалды. Кітапқа халық әдебиеті
мен жыраулар поэзиясының сол кезеңдегі сипаты және жаңа әдебиеттің
ӛркендеу жолына ұласу зандылықтары қарастырылады.
Қазақ әдебиетінің ең бір құнарлы, идеялық-кӛркемдік шарықтау
дәуіріндегі жаңғыру заңдылықтары алғаш рет тарихи шындық тұрғысынан
сараланды. Кӛркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметке құбылыстардың
сабақтастығы ғылыми дәйектермен негізделді. Шоқан Уәлиханов, Абай
Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің бастап, бірқатар кӛрнекті тұлғалардың
туындылары арнайы талданды. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет
тарихындағы орны жете сараланбай келген Шәңгерей Бӛкеев, Ақмолла
Мұхамедиярұлы, Шәді Жәңгірұлы сынды бірнеше ірі ақындардың
шығармашылығына назар аударылды.