Лотман Ю.
Мәдениеттер типологиясы //Элем: Альманах. Алматы, 1991. 251-6.
46
Әлем: Альманах. Алматы, 1991. 252-6.
300
көптеген туындыларында пайдаланатын, "кездесу хронотопы" мен "жол хронотопы"
маңызды рол атқарады. Төлтума эстетикалық құндылықтарды Жаңа заман талаптарына
сай, үйлесімді дамыта білген М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, Ә.
Әлімжанов, О. Сүлейменов сияқты майталмандар қазақтың адамгершілік-эстетикалық
мұраттарын тереңдетуде үлкен рөл атқарды.
Сан алуан эстетикалық құндылықтардың арасында түрлі дәуірлерде әрқилы баяндалған,
бірақ өзінің ең жоғары адамгершілік тұғырынан түспеген ол адамға ләззат, жанқиярлық,
тыныштық алып келетін, махаббат тақырыбы қазақ көркемөнер мәдениетінде терең
бейнеленген. Махаббат адамды қоршаған ортадан бөліп ерекшелейді, оның арқасында
барлық адамдық сапалар адамгершілік өлшемдеріне не болады, сұлулық пен асқақтық
сезімі адамды баурап алады. Ғ.Мүсіреповтың "Ұлпан" романының басты кейіпкері
айрықша туған, бақытқа ұмтылатын, сүйгені үшін жанқиярлыққа дайын, терең сезімді
қазақ әйелінің бейне - рәмізі болып табылады. Барлық дәуірлерде қазақ қыздары таза, адал
махаббат үшін күресіп келген. "Қозы Көрпеш және Баян сұлу", "Қыз Жібек" сияқты лиро-
эпикалық жырлар мен ақын-жыраулар толғауларындағы әйел бейнелері тап осындай.
Олардың көпшілігі өмірдің қатал сынына түсті, драмалығымен ерекшеленді және
трагизмге толы болды. Бірақ ақылы, өжеттілігі, қайраттылығы және шынайы сезімінің
қуатымен әлеуметтік тығырықтан шыға білген қыздар да болды. Ұлпан - солардың бірі.
Ұлпан мен жасы келіп қалған Есенейдің некесі - жас алшақтығына қарамай, өз тағдырын,
өз өмірін қоса білген екі жан, махаббат жарлығымен оларды қоршаған надандықты,
қатыгездікті, кер тартпалықты жеңе білді, әділеттілікке жету жолын көрсетті. Ұлпанның
Есенейге деген сезімі еркекке деген құштарлықтан анағүрлым кең - бұл жарының жігері
мен қылықтарын ізгілендіруге бағытталған, әрекетшіл махаббат.
XX ғасырдың 60-жылдарынан басталған, қазақ ақын-жазушыларының жаңа толқынында
дәстүршілдік пен жаңашылдық өз үйлесіміне ие болады. Олар ұлттық, мемлекеттік
эстетикалық құндылықтармен ғана шектелмей, бүкіләлемдік деңгейге көтеріле бастайды.
Ұлттық көркем дәстүр, дүниежүзілік мәдениет үлгілерін игеру арқылы, өзекті бола
бастайды.
Мысалы, О. Сүлейменовтың шығармашылығында айшықты көрініс табады.
Айналшы, айналайын, Жерім менің!
Сені мен бүгін
Ешкімдей түсінемін
Сырқаттарыңның бәрін сенің
Өзім қабылдаймын
Жолдармен айналшықтап
Мен көшудемін.
Тура мағынасында "сені айналып жүрмін" дегенді білдіретін "айналайын" сөзін ақын жаңа
кең мәтінде жаңғыртады, ол енді "менің сүйіктіме" айналады. Тәуіптік ем жасап жатқан
ежелгі бақсылар, сырқаттан "кесірлерді" аластағанда, сиқырлы "айналайынды" қайталай
берген.
Қазақ көркемөнер қайраткерлері көркем сөздің күнделікті, "кеңселік" тілден
айырмашылығын жақсы түсінді. Осы жөнінде О.Сүлейменов былай дейді: "Бейнелі
айтқанда кез келген тарих жер шарының формасын қайталайды - қиылысқан байлықтар
мен ұзақтықтардың тап осындай болып маған хат өмірбаяны - адамзат ойының тарихы
301
сияқты көрінеді. Уақыт семсерлерімен кескіленген, кабинет қара күйелерімен желініп
тасталған, "уақыттардағы байланыстырушы түйіндерді" қалпына келтіру үшін, бұл
жұмысты көзсіз бастап, өлі түйіндер ретінде байланғандарды тарқатып жіберу керек".
Көркемдік әлемінде метафоралар және рәміздер ерекше рол атқарады. I. Ерғалиев дұрыс
атап өтетіндей, "Рәміз бен метафораны танымның төменгі сатысы деп менсінбеу ақиқат
емес. Рәміз - ол мағыналық өлшемде тұратын, мәдени феномендердің формаларын
туындата беретін, мағына тудыратын акт. Рәміз адам шығармашылық қуатының өшіп бара
жатқан актісі емес. Рәміз әзірше бар болғанда, құпия да бар, құпия бар жерде, ізденіс те
бар". Адамның рухани шығармашылығы мәдениеттің тылсым өлшемділігімен бірге, оны
адам өзінің бүкіл өмір бойында іздестіретін, көп мағыналы және шексіз құпияға
жақындауына мүмкіндік береді. Әмбебап мағыналар, рәміздер әр ретте құндылық
бағдарларынан, әлеуметтік, ментальдық типтерден шыға отырып, жаңаша шешіледі.
Жалпы метафоралық бейнелілік қазақ көркем мәдениетінің ерекшелігіне жатады. Әлемді
көркем игерудегі фольклорлық, эпикалық, мифтік сәттердің өзара қарым-қатынасын
диахроникалық қатарда да қарастыруға болады: өткеннің көркем бейнелері сонда
рационалды және эстетикалық қайта өңделетін, жаңа мәдени кең мәтінге ендірілу ретінде
алға шығады.
Мүлдем басқа әлеуметтік-мәдени ортаға енгізілген көркем құбылыстар көбінесе өз
қасиеттерін түбегейлі өзгертеді. Бұл жағдайда бейне көптеген қырларынан айырылады,
көркем абстракцияға, рәмізге айналады. Ол мәдени-тарихи кеңістікте еркін қозғала алады.
Солай, қазақ жазушылары аңыз-ертегілерді өздерінің әдеби шығармашылығында жан-
жақты пайдаланды. С. Мұқанов үшін олар тарих және этнографиямен танысу құралына
айналды. М. Әуезов аңыздардың көмегімен Абай туралы роман - эпопеяның тарихи
көкжиегін кеңейтті. Ә. Нұрпейісов мифтік Көк бөріні зұлымдықтың рәмізіне айналдырды.
Ә. Кекілбаев, жаулап алушы соғыстардың қатыгездігін суреттей келе, мәңгүрт туралы
аңызды пайдаланады. Ш. Айтматов бұл аңызда тарихи жадыдан айырылудың қауіптілігін
ескерте отырып, философиялық миф ретінде оны қайта жаңғыртады.
Ақпараттық қоғам жағдайында мәдениет тек тікелей шығармашылық шеңберіне ғана
емес, сонымен бірге өндіріс, тұрмыс, адам болмысының өзіне ене бастайды. Қазіргі
жағдайда әлеуметтік стереотиптердің (кодтардың) дәстүрлі моральдық қылық негіздері
жеткіліксіз болып шығады және адамгершілік пен ар-ұятқа сүйене отырып, әр жағдайда
жаңа моральдық таңдауды қажет етеді. Оның үстіне, бүл жағдаят бұрынғы Кеңес Одағы
кеңістігінде жүріп жатқан бір құндылық парадигмасының басқасымен ауысуы үдерісімен
ғана емес (тоталитарлықтың либералдықпен), бірақ жаһандану нәтижесіндегі Батыс
өркениетінің бұрмаланған құндылықтарының экспансиясымен де анықталады.
Қазіргі көркем мәдениет өкілдері бүгінгі өркениеттің тығырығынан шығу жолдарын
іздеуді өздеріне мақсат етіп қояды. Өзінің "Торт Ана" деген өлеңінде М.Шаханов,
Отанына, туған тіліне, өз халқының дәстүрі мен тарихына деген сөнбейтін алаулаған
махаббат, тұлға мұратын эстетикалық құндылық ретінде ұсынады.
Өйткені тек өзінің ұлттық мәдениетін сүйетін және білетін тұлға ғана, өзімен жеке ұлттық
болсын, дүниежүзілік мәдениет болсын, гүлденуді әкелетін, мәдениеттер сұхбатының
құндылығын түсінуге қабілетті. Соңғы бес ғасырда қазақ жерінде, ол өзінің адамгершілік
мұраттары мен абыройын қорғаудың, тәуелсіздік үшін күрестің, "Төрт Ананы"
құтқарудың соңғы жаңғырығы болған, үш жүзден артық ұлт-азаттық соғыстар болды.
302
Бұқаралық қоғамның көркем мәдениеті үш деңгейге ажыратылады: "ақсүйектік" немесе
таңдаулы, "орташа" немесе стандартталған, "тұрпайы" немесе төмен. Бұл бөлінудің
түбінде жоғарыда аталған қоғамдағы жіктелу, ымырасыздық пен келіспеушіліктің артуы
әбден ықтимал. Қазір Қазақстанда да нышан беріп келе жатқан "жоғары" мәдениеттің
феномендеріне, қайтадан ренессанстық кейіпке еніп келе жатқан көркемөнер туындылары
(театр, роман, мюзклдер, детектив, теледидар т.т.), философиялық, діни, ғылыми еңбектер,
этикет, сәулет, компьютерлік ойындар т.б. жатады. Орташа мәдениетте шығармашылық
элементтер аз кездеседі, ол репродукциялық сипатта, жалпы тұтынушыға ұсынылған
формаларда болады. "Жоғары" және "орташа" мәдениеттердің және "төменгі" мәдениеттің
арасындағы айырмашылық шартты болып келеді. Мысалы, романдар философиялық
толғамдарға толы, жоғары эстетикалық деңгейде немесе адамның тек нәпсіқұмарлығын
қоздыратын сипатта бола алады. Төменгі мәдениетке тек өнер туындылары ғана емес,
сонымен бірге бокс, бәйге сияқты көңіл көтеру формалары да жата алады. Басты өлшемге
адам болмысына енудегі тереңдік пен нәзіктік емес, тұрпайы гедонистік сезімдер осындай
"бұқаралық" мәдениетте алға шығады.
Төмендетілген мәдениет жеке тұтыну мотивтерінің таза еліктеушілік табиғатына сүйенеді.
Кез келген зат, темекі маркаларынан бастап қымбат автокөліктерге дейін, жеке адамның
әлеуметтік беделінің рәмізіне айналады. Француз социологі Г. Лебонның пікірінше,
тұтынушы адамда интеллектуалдық қабілеттіліктің орнына, еліктеу мен бейімделу
инстинктері жетекші қызмет атқарады. Мемлекет, - дейді ол, осы бұқара инстинктерін өз
мақсаттарына пайдаланады.
Соңғы онжылдықтарда "тұлғалық нарық" деп аталатын бағдар қалыптасты. Ондағы және
тауар нарығындағы бағалаулардың ұстындары бірдей: біріншісінде тұлға сатуға
ұсынылса, екіншісінде - тауар. Табыс көбіне адамның өзін нарықта қаншалықты жақсы
сата алуына, оның "қорабының" қаншалықты тартымдылығына, оның қаншалықты сергек,
берік, жіті және сенімділігіне, оның отбасылық жағдайына, қандай клубқа
жататындығына, керек адамдармен таныстылығына байланысты. Адам өзінің өмірі мен
бақыты туралы ойланбайды, өтімнің тауарға айналуын ойлайды. Ұтымды тауар сияқты
адам да тұлға нарығында сәнді болуы тиіс, ал сәнді болу үшін тұлғаның қандай түрінің
сұранысқа ие екендігін білуі тиіс. Мұндай үлгілердің картинасын жарнама, газеттер,
журналдар, кино, теледидар, радио береді.
Қазіргі адам өзін базардағы сатушы ретінде де, тауар ретінде де қабылдағандықтан, оның
өзін-өзі бағалауы өзінен тыс жағдайларға бағынышты. Егер ол үлгеріп отырса - құны бар,
ал олай болмаса - ол құнынан айырылады. Ол өзінің күш-жігерімен біртүтас емес, өйткені
оны қолдану үдерісіндегі өзін көрсету емес, оларды сату үдерісіндегі оның табысы
маңыздырақ.
Қазіргі технологияларды қолдану дәстүрлі қоғамның иерархиялық құрылымын
шайқалтып жіберді. Мысалы австралиялық аборигендерде тас балтаны жасау еркектердің
үлесінде болған, кейін миссионерлер тас балталарды үлкен көлемде әйелдер мен
балаларға таратқаннан кейін, еркектердің әлеуметтік мәртебесі біршама төмендеп кетіп,
дәстүрлі құндылықтарды шайқалтып жіберді. "Теледидарлық балта" , - дейді М. Маклюэн,
- бүкіл Шығыстың дәстүрлі өнерінің тамырын шапты, "ыстық" джаз, тыныштық пен
табиғатқа еліктеуге негізделген Шығыс өнерін өртегендей болды. Теледидар батыстық
ықпал кең мәтінінде адамның парасатына емес, оның сезімдік-тылсымдық қатпарларына
бағытталған және сол арқылы түрлі дәстүрлі мәдениеттерді өз мақсаттарына сай өзгертуге
болады. Бекерден-бекер батыстандыру үдерістерінде неше түрлі шоу, комикс, детектив,
триллерлер жетекші рөл атқармайды. М. Маклюэн өзінің "Механикалық қалыңдық" деген
303
кітабында: "эротиканы мифологияландыру арқылы, соны жарнамамен күшейту
нәтижесінде бизнесмендер автокөлікті сатуды кең жолға қоя білді" - дейді. "Жарнама, -
дейді ол, - XX ғасырдың үңгірлік өнері. Үңгірдегі тасқа салынған суреттер сияқты, ол
адам миының терең қатпарларында өшпес ізін қалдыруға ұмтылады. Бұл - жаңа
трайбалист, корпоративтік адам жігерінің құйыны. Жаңа ақпараттық ортада бизнес пен
мәдениет ажырамас күшке айналды". Осының көрінісіне, мысалы, Қазақстандағы алып
корпорациялардағы бизнес этикасы туралы кодекстері жатады. Олар тура әлемдік
ұйымдардан көшіріліп алынғандай.
Батыстандырудың көптеген ерекшеліктерін, М.Маклюэннен бөлектеу, Дэниел Белл өзінің
"Постиндустриялық қоғамның жақындауы" деген еңбегінде көрсетеді және оның біршама
қағидалары қазіргі қазақстандық қоғамды түсіну үшін де маңызды. Оның пікірінше, табыс
пен пайдаға негізделген Батыс қоғамының анық байқалып тұрған қайшылықтары
протестанттық этика және Батыс пен Шығыстың рухани дамуының түйіні ретінде алынған
жаңа рухани мәдениет арқылы шешіледі. Мәдениет түрлі конвенциялар жасап шығарудың
құралына айналады. Осындай мәдениетті, ірі корпорациялар жалдап алған, маман
теоретиктер жасап шығарады, сосын олар Голливуд сахналарынан өткізіліп, кейін
тұтынушыға жеткізіледі. Әр жыл сайын кемінде 40 млн. комикс кітапшалары сатылады,
70 млн. адамнан артық комикс-стрипс деп аталатын газеттерді оқиды. Егер бұрын әдеби
қаһармандар ретінде түрлі әскери, саяси, мәдени қайраткерлер ұсынылса, қазір олардың
орнын неше түрлі құбыжықтар мен "суперадамдар" алып кетті. М. Вебер ұсынған
"әмбебап рационалдықтың" орнына постмодернизмдегі симулакрумдар (елестің елесі)
келе жатыр. Жер бетіндегі "алтын миллиардтан" (батыс адамы) басқасы қарапайым
тұтынушы мен шикізат өндіруші болып қалуы керек.
Қазақстанда және басқа да ТМД елдерінде, адамдар бұрын партиялық беделден басқаны
құрметтемеген жағдайында, батыстық құндылықтар бұқаралық мәдениет барынша
дәріптейтін "имидж" (тұлға бейнесі) және "престиж" (бедел, артықшылық) түсініктерімен
таралады, солар бойынша неше түрлі социологиялық зерттеулер мен "рейтингтер"
жүргізіліп отырады. Әдетте бұл дайын үлгі модельдердің түбінде американдық мұраттар
мен құндылықтар тұрады.
Батыстандыру үдерістері, қазіргі батыс идеологиясы да, философиясы да, ұстанымы да -
постмодернизм
жариялағандай,
бейрационалдық,
плюралистік,
реалистік,
орталықсыздандырылған, жаһанданған әдіснама негізінде жүргізіледі. Француз ғалымы
Жан Эллюль атап өткендей, батыстандыру қазіргі кезде ұрандар мен теориялар арқылы
емес, байқатпай өмір шындығына еніп кету арқылы жүргізіледі, ол адамға оның
күнделікті әдеттері, мінез-құлық стереотиптері, салт - ғұрыптары арқылы енгізіледі; бұл -
иландырудың жаңа формасы; адам жаңа құндылықтарды өз еркімен таңдағандай болып
тұрады. Бірақ, шын мәнісінде, ол жаңа ұжымдық сана - бұқаралық мәдениеттің көзсіз
орындаушысына айналып кеткен.
Батыстандыру қазіргі заманда бұрынғыдай тек қару күші немесе миссионерлік әрекеттен
гөрі, өзіне тиімді жаңа мифологиялық тарату арқылы жүзеге асырылады. Осы мәнісінде
бұқаралық ақпарат құралдарымен кең насихатталып жүрген жаңа мифтердің кейбіреуін
сараптайық.
Қазіргі мифтер - бұлар ерекше тектегі елестер мен жалған бейнелер, "муляждар". Егер
ертедегі миф қауымдық адамның білім жоқ жағдайында қоршаған дүниені сол қалпында
қабылдауына негізделсе, қазіргі миф ерекше технологиямен жасалған, шындық онда
арнаулы рәміздермен бұрмаланған форма болып табылады. Қазіргі миф таным формасы
304
емес, ал әлеуметтік басқару және көпшілікті манипуляциялаудың құралына жатады. Ол
дүниені түсіндірмейді, керісінше, сана немесе бейсана фантомдарын құрастырып, "ерекше
тектегі" симулакрумдарға сүйенеді.
Қазіргі батыстық мифтердің арасында "табысқа жету туралы миф" ерекше орын алады.
Атақты "американдық арман" деген сана артефактысынан бастау алатын, бұл мифте батыс
демократиясында кез келген адамның бақытқа деген құқы өзінше көрсетіледі. "Өзіңді-өзің
жасай аласың" дейді бұл миф қолдаушылары. Бұл мифтің балама формаларына "Золушка"
(жетім қыз) туралы ертегінің бұл заманға үйлестірілген формалары, "Қарапайым
Мариялар" т.б. жатады.
Осыны XX ғасырдың басында байқалған көркемдік дағдарыстарға байланысты деп айтуға
болады. Сондықтан өнер құндылығы, жалпы алғанда уақыт талаптары қойып отырған
позициялық өлшемдерге байланысты бағаланады. Сөйтіп, өнер бұрынғы реалистік
формаларын жоғалтады. Оның орнына таза бояу таңбалары, оның кенеп бетіндегі
шашырандылары, геометриялық формалар үйлесімділігінде құралған композициялар
келді. Ол - ол ма? XXI ғасырдың алғашқы онжылдығында күнделікті қолданылатын
тұрмыстық заттардан бастап жыртылған, өртенген кенептер, кейінірек сыраның, пепси-
коланың банкілері, көптеген шегелер тізбегі қағылған орындықтар мен музыкалық
аспаптар, адамның муляж көшірімдері тағы басқа кездейсоқ немесе көрмеге әдейі
дайындалған нәрселер әкеліне бастады. Одан кейін бейнелеу өнері ашық табиғат аясына
шықты. Суретшіге кей жағдайда кәсіби машықтылығын жетілдірудің өзі қажет болмай
қалды. Себебі өнер қатты индивидуалды сипатқа ие болып, кәсіби машықтылықтың
орнына, кей жағдайда, интеллектуализм жетекші орын алды. Бұлардың бәрі XX ғасырға
тән көркем құбылыстар еді.
Осындай мәдени үдерістердің алдын алу үшін, бұқаралық мәдениеттің теріс әсерлерін
кеміту мақсатында Қазақстан Республикасында көптеген шараларды жүзеге асырған жөн.
Еліміздегі Мәдениеттану және өнертану ғылыми зерттеу институты (жетекшісі - Ә. Қодар)
осы мәселеге катысты мәдени дамудың арнаулы тұжырымдамасын қабылдады. Оның
кейбір қағидаларына назар аударайық.
Классикалық маңызы төмен, ұлттық болмыс пен психикаға кері әсерін тигізетін өнер мен
музыкадағы өнімдер ағымына бақылау қою, оны жүзеге асыру аппараттарын жұмылдыру.
Атап айтқанда:
-
қала мен республикалық маңызы бар және облыстардағы атқарушы орган мен
мәдениет институттарының бақылауын күшейту;
-
сараптама және ақпараттар жинақтау бөлімін жетілдіру;
-
ұлттық психология мен сана-сезімге кері факторларды болдырмаудың әкімшілік
бөлімдерін жұмылдыру т.б.
Халықтың рухани және физиологиялық тұрғысынан дамуының бірден-бір мүмкіндігі өмір
болмысын халық тағдырын бейнелейтін мәдени ошақтардың басты саласының бірі, театр
мен кино өзінің бүгінгі қоғам өміріндегі орнынан казіргі заман талабына сай ұлттық
психология, тәрбие беру, эстетикалық құндылық сапаларын төмендетіп алды. Оған басты
себеп:
305
-
шетелдік немесе батыстық кино мәдениеті: ашық порно-өнімдер, афро-
американдық поп музыкалар, эротик фильмдер, сана-сезім, мінез-құлыққа кері әсер ететін
қатыгез киноөнімдер мен сериалдар;
-
Қазақстандық театр және кино мекемелерінің халық назарын өзіне тартып аларлық
туындыларының әлсіздігі;
-
әртүрлі жат мәдениет үдерістерін насихаттайтын бейне таспалардың шектеусіз
сауда нарығында таралуы;
-
кино мәдени ошақтары - кинотеатрларда шетелдік фильмдерді жарнамалау мен
жаппай көрсетулер.
Бүгінгі таңдағы кітап дүкендері мен кітап сауда орталықтарындағы сатылымдағы кітап
қорының 90 пайызы шетелдік кітаптарды құрайды. Мұражай кешендерінде экспозициялар
мен ұлттық тарихи мұраларды сақтау мен дамыту әлі күнге дейін кеңестік идеология
шеңберінде құрылған өлкетанушылық бағыттан әрі аса қойған жоқ. Осы факторларға
сәйкес кітапхана мен мұражай ісіндегі қордаланып қалған мәселелерге мыналар жатады:
-
ұлттық әдеби-мәдени көркем туындылар дағдарысы;
-
қазақ тіліндегі қоғамдық ғылымдар әдебиетінің жеткіліксіздігі;
-
кітапхана кызметіндегі ақпараттық және интернеттік каталогтар жүйесінің
дамымауы;
-
ғылыми сапасы төмен кітаптар қорының көбеюі;
-
кітапханалардағы ұлттық кітап қор жинақтарының тапшылығы және қаржылай
қолдаудың жеткіліксіздігі т.б;
-
мұражай мекемелерінде білікті ғылыми мамандардың аздығы;
-
осыдан келіп, мұражай ісі мен мұражайтану ғылыми-әдістемелік орталықтарының
жоқтығы;
-
мұражайлық жәдігерлерді, өнер туындыларын жинақтайтын қаржының тапшылығы
және т.б.
Мәдениет негізі мен этностық жады арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Бүгінгі таңда,
БАҚ арқылы жарияланатын материалдар мен ақпараттар батысшылдық сипатқа ие болып
отыр. БАҚ халықты, әсіресе жастарды мәдени-рухани басқа арнаға түсіруге себепші
болып отыр. Ақпарат жүйесі бойынша басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан сияқты
телеарна хабарларының 60 пайызы жат тілде берілетін бірде-бір ел жоқ. (Қазақ елі. 1999,
19 наурыз). Қазақстандағы БАҚ жүйесіндегі телеарнаның үлесі - 90-95 пайыз. Ал мәдени-
рухани институттары дамыған елдерде БАҚ-тың соның ішінде телерадионың үлес
салмағы - 40-45 пайызды құрайды. Мәселен, Францияда француз тіліне аударылғанына
қарамастан шетелдік материалдардың 15-20 пайыздан аспауы заң жүзінде белгіленген.
306
Қандай да бір ұлт мәдениетінің түп тамыры тіл екенін ескерсек жоғарыда аталған және
төменде аталмақ мәселелердің барлығында да тіл мәселесі кезек күттірмес өзектілігімен
айқындалады.
БАҚ саласындағы және жарнама мен телекоммуникация саласындағы негізгі мәселелер:
-
баспа, телерадио ақпараттары бойынша ашық түрде эротикалық суреттер
"бәсекелері", қатыгездік және қыру-жою сияқты психикаға кері әсер беретін фильмдер,
поп музыкаларының таралуы;
-
қазақ тіліндегі басылымдардан орыс және басқа тілдердегі басылымдардың көптігі.
Егер қазақ халқының ұлттық болмысының, тілінің басқа жерде қалыптаспайтындығын
ескерсек, бұл үдерісті де тілдегі экспансия деп бағалауға болады.
-
Қазақстанда БАҚ және интернеттік жүйеде, мәдени руханият саласында
өзімшілдік, жауапсыздық, талғамсыздық таралуда;
-
жарнамалардағы қазақша мәтіндердің дұрыс жазылуы ескерілмеген, қала безендіру
мәселесінде ұлттық нақыш пен қазақ тілінің хәлі мүшкіл;
-
теле және коммуникация жүйесінде қазақ тілін қолданудың заңдық нормасы
сақталынбаған (телефон байланысы, әуе, теміржол, авто бекеттерінде) т.б. ұлттық саябақ,
демалыс орындары, қонақ үйлер қызметтері қазақы болмыс - бітімнен ада дерлік;
-
мемлекеттік ұжымдардың ісқағаз және құжаттарды рәсімдеулері қазақ тілінде
толықтай жүзеге асырылмаған (Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер
министрлігі, қорғаныс саласы т.б.).
Батыстық рухани экспанцияға төтеп берудегі маңызды мәселеге "орыс тілді қазақтарға"
ұлттық рухты сіңіру жатады. Бұл топ қазақтың қалада өскен, өзінің ұлттық бастауларынан
тыс қалған, қазақ тілін білмейтін не нашар білетіндер тобы. Олар қазақтың тілін ғана
түсінбейді емес, сондай-ақ қазақтың табиғатын да, ұлттық таным-түсінігін де білмейді.
Жалпы оларға қазақ стихиясы жат. Ал түсінбейтін нәрсе әрқашан қорқынышты, құбыжық
болып көрінеді. Ауыл қазақтарын олар "артта қалған, ескішіл" деп түсінеді.
Осы топ, яғни ана тілін білмейтін қазақтар тобы бизнесте де біраз табыстарға жетті,
мемлекет басқару ісінде де лауазымды орындарға қолы жетті. Оған себеп олардың
халықтың басқа топтарына қарағанда нарық экономикасын терең түсінуі, арнайы
білімдерінің жоғары болуы, әрі біздің елімізде мемлекетті басқарудың, ісқағаздарының,
өндірістің орыс тілінде жүргізілуінен болып отыр. Әлі күнге дейін жоғары оқу
орындарында дәріс берудің 70 пайызы орыс тілінде. Арнайы оқулықтар да сол тілде.
Бұның өзі қазақтың экономикалық, техникалық ойын қатты тежеп отыр.
Ал іс-қағаздарының мемлекеттік тілге көшірілуі осы қазақша білмейтін қазақтардың
экономикадан және мемлекет басқарудан шеттелуіне алып келуі мүмкін деген пікір бар.
Міне, олардың қостілдік, қазақ мемлекеттілігінің ұлттық сипатын жою үшін жанталаса
күресуінің негізгі себебі де осы - қара бастың, топтық мүдденің қамы ғана.
Осындай топтық мүдде үшін қазақ халқының ұлттық мақсат-мүддесі, ары мен ұяты,
болашағы саудаға салынып отыр. Осы ұлтсызданған қазақтар тобының кейбір өкілдері
өздерін "прогресшіл, ойы озық жаңашыл, нарық экономикасын қолдаушы,
307
реформаторлар" деп біледі. Ал ауылдан шыққан қазақтарды "артта қалған ескішіл,
ұлтшыл, коммунистер, экономикада бұрынғы іске аспай қалған жоспарды, әкімшілдік
әдісті қолдаушылар" деп есептейді. Дегенмен қазақ тілінің экономикалық, техникалық
мемлекет басқару аспектілерін барынша тез дамыту, ұлттық қаны бар басқарушы элитаны
тәрбиелеу қажеттігі айдан анық. Өткенге жармаса беруіміз жетер. Бүкіл ақыл-ойды,
парасат пен білімді келешекке бағыттайық.
Аталмыш топ аз да емес. Халқымыздың 25 пайыздайы ана тілін нашар біледі, не тіпті
түсінбейді деген дерек бар. Оның үстіне, әлі күнге дейін 400 мыңдай мектеп оқушылары
өзге тілде оқиды. Жоғары оқу орындары студенттерінің 50 пайызы ғана қазақша оқиды.
Демек, бұл топтың саяси өмірге ықпалы алдағы уақытта да үлкен болмақ. Өз
мәңгүрттеріміз үшін орыс тілін екінші мемлекеттік тіл қылып, масқара болып жүрмейік.
Дегенмен, қазақша білмейтін қазақтың бәрі ұлтсызданған деуден аулақпыз. Олардың
негізгі бөлігі саяси жағдайды дұрыс ұғынып, қазақ мемлекетінің бекуі, нығаюы үшін адал
қызмет етуде. Осы бір ұлт тағдыры үшін өте күрделі мәселенің екінші қырынан
қарайықшы. Қалың көпшіліктің санасына кез келген идеологияны сіңіруге болады.
Тарихты алып қарасаңыз, миллиондардың санасына кезінде коммунистік, фашистік,
христиандық, либерал - демократиялық идеялар сіңірілді. Миллиондар осы идеяларға
кезінде жан-тәнімен сенді, соған қызмет етті. Ал қазақша білмейтін қазақтардың санасына
біздер қандай ой-пікірлерді құя алдық? Олар қазақша газет оқымайды. Қазақтың ұлттық
идеологиясын білмейді. Қазақ өмірін қараңғы әрі қауіпті құбылыс, түсініксіз стихия
ретінде ғана қабылдайды. Ал оларға өзіміздің ұлттық мүдде мақсатымызды, қазақ
мемлекеттілігінің, тілінің, мәдениетінің маңызын ұқтыру үшін не істедік? "Қазақтың
ұлттық ой-арманын, мақсат-мүддесін орыс тілділерге жеткізетін газет керек. Қазақ
басылымдарындағы мақалаларды орысша аударып басу керек" деген идеяны бүгінде
Президент Н. Назарбаев та қолдап отыр. Лайым да сол ұсыныс іске асып, мәңгүрттерімізді
қайта тәрбиелейтін, бауырымызға тартатын, түсінбегендерін түсіндіріп, мәселенің мән-
жайына көзін жеткізетін заман туса дейміз.
Кезінде ақпарат кеңістігін басқару, саяси үдерістерді бағыттап отыру туралы қадау-қадау
идеялар ұсынылды. Оған құлақ түрген жан шамалы. Мемлекетті ой-пікір, идея басқарады.
Қажетті идея заңға немесе жарлыққа айналып, миллиондардың тағдырына эсер етеді. Ал
сонда айтылған тың ой-пікір, идеялар босқа қала берсе, біз саяси үдерісті басқарып емес,
оны стихияның еркіне беріп, соңына ілесіп қана жүре бермекпіз бе? Және бұл біздің көп
ұлтты еліміз үшін қаншалықты қауіпті.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы, айбыны,
Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі - тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы -
дейді ақын М.Шаханов. Олар тарихтың жол қиылысуында тұрып қалғанына, қазақтардың
рухани пақырлануына қатты күйзеледі. Жат, бөтен сыртқы ықпалдардың әсерімен, қазақ
қоғамы түрлі қиындықтарды басынан өткізуде. Әдепке үйлестірілмеген нарықтық
қатынастар ғасырлық берік моральдық қазықтарды шайқалтады, адамгершілік
308
ұстындарының тамырына балта шабады және жастарға теріс ықпалын тигізеді. Билік
жылдам баюға мүмкіндік береді және осыған тез жетемін деген сезім кейбіреулерді
азғындық жолына салады. М. Шахановтың мына жолдары өзекті:
Байлығы озса мысықтар да жолбарысша көсілмек,
Бес жүз қабат үй салу да емес бүгін боз елес.
Ақшаң болса "маймылды" да бастық сайлау сөз емес.
Адамзаттың бар тағдырын енді ақша шеше ме?
Қарындарды - тек өз қамын ойлаған,
Залымдарды - қан төгуге тоймаған,
Ұрпақтарды үлгі тұтып, орнатуда кесене.
Әділдікке деген сенім бірте-бірте өше ме?
Жол бар ма екен аман өтер пенде мүдде-орманнан,
Адамдықтың салтын қайттік, даңқын қайттік қорланған?
Ақын қазіргі қоғамның, дәстүрлі моральдық негіздердің әдептік құлдырауын, қайда да
пысықтар мен арамзалар салтанат құратынын, сенімділік пен тазалықтың құнсыздануын
сынайды және олардан арылуға шақырады. Бұл үшін қазақ мәдениеті әдептік өлшемдерін
жаңа заманға сай қайта құру қажет. Адамгершілік мұраттарының жоқтығы және
моральдық нормалардың тұлғасыздануы халықтың рухани күйін күйзелтіп жібереді.
Ұлттық өзіндік сананы оятуды ақын елдің болашағы, жастарды тәрбиелеуден бастау керек
дейді. Төлтума рухани мәдениетті жоғалтып алмау үшін өзінің ана тілін, тарихын,
тәуелсіздігін баянды ету үшін ұлттық идеяға жүгіну қажет.
Көркем дүние түйсінудегі негізгі адамгершілік құндылықтары халық намысы ұғымында
түйінделген. Ар-ұят пен намыс қазылығынан адам үшін жоғары сот жоқ. Ар жазасы мен
тәубеге келуден жоғары тазару жоқ. Бүкіл еуразиялық кеңістік осының куәгері. Нағыз
ақын халықтың ар-ұяты ретінде өзін паш етеді.
М.Шаханов өз поэмасында Қайрат Рысқұлбековтың бейнесін поэтикалық түрде сомдап
шығарады. Қайрат өз әкесінің, оған жала жабылған жиналыста үндемей қалған досымен
айырылысып кеткенін еске алады. Қайрат әкесінен ол досымен неге шұғыл ажырасты
дегенде, ол былай жауап берді:
Кім тыныш уақытта тығылып қалса,
Сол міндетті түрде
Шешуші кезде сатып кетеді,
Есіңде осыны сақта, балам!
Тағдыр тәлкегі бойынша, әкесі қауіптенген нәрсе Қайрат үшін трагедия болып оралды.
Оны, ол өзі жасамаған, кісі өлтірдің деп айыптады. Осыны оның досы бекерге шығара
алатын еді. Бірақ досы үндемей қалды және кінәсіз адам өлім жазасына кесілді.
Намыс туы желбіреген өрінде,
Дүниеге келтірген сан алыпты.
Отырарда,
Менің туған жерімде
Мынадай бір асқақ аңыз қалыпты.
Жігерімен жіберердей тасты үгіп,
Өнер, ой тармақты,
309
Адал, жайсаң жас жігіт
Ел ырысын шашып өткен
Тосын келген қасіреттен
Жанын салып туған жерін қорғапты.
Ақын жастарға мынадай кеңес береді. Желтоқсан алаңы арқылы өткенде,
көтерілісшілердің ерлігі мен батырлығын және оларды сатқандардың әлсіздігі мен
арамзалығын көру үшін, мүлгіп тұрған шыршаларға қараңдар. Адам өзінің әрбір
қылығына тиесіліні алады: батырларға халықтың құрметімен мәңгі есінде қалуы,
сатқындарға - жирену мен түңілу. Ақын зорлыққа, қасіреттілікке және әділетсіздікке
батыл түрде қарсы шығады. Ол мейірімділікке, рақымдылыққа, махаббат пен бақытқа,
кешірімділікке шақырады.
М. Шахановтың түпнегізді жалпы адамзаттық құндылықтарға - ақиқатқа, әсемділікке,
ізгілікке көңіл аударуы, қазақ халқының рухани мәдениетіне тән, этикалық пен
эстетикалықтың бірегейлігін дәлелдей түседі. Ақындарға интеллектуалды адам, кейбір
әсіре рационалдық немесе тар прагматикалық ұстанымдардан өзгеше, руханилықтың
барлық бітімдерін бойында ұстайды. Осындай адам тұғырынан, ақын қазіргі әлемнің
көркем суреттемесін жасағанда, айшықты бейнелердің тұтас галереясын жасап шығады.
Қазіргі ақпараттық өркениеттің жетістіктеріне қаншама риза болғанымызбен, оның теріс
салдары кез келген адамды қобалжытпай қоймайды. Қазіргі тұтынушылық деп аталатын
қоғамда діни, саяси, әлеуметтік құндылықтардың құнсыздануы жүзеге асып жатыр, адамға
деген сенім барған сайын жоғалып келеді, өнерге жат элементтердің енуі, оны көпшілік
мәдениетінің жай қарапайым тауарына айналдырып жіберді. Академик Д.С. Лихачев
жазғандай, "мәдениет құлдырауында прогресс сенімсіз болып шығады".
Қазіргі әлемдегі өркениеттік үдерістерді сезіну және аңдау қазақ көркемөнер мәдениеті
мен әдебиеті өкілдеріне Қазақстанның рухани құндылықтарын, олардың өрістеу
бағдарлары мен коллизияларын көркем формада білдіруге мүмкіндік береді. Ш. Айтматов
пен М. Шаханов өздерінің "Құз басындағы аңшының зары" атты диалог - романында
батыс ақылы, дәстүрлі құндылықтарды қирата отырып, "үш өлшемді әлемді" рационалдық
парадигмамен "тауысып", "дүниенің қараңғы жақтарына" бойлап кетті дейді . Қазіргі
руханисыздықтың себебі ретінде авторлар жақсылықты тасада қалдырып, зұлымдықпен
(арзан - құндылықтармен) әуестеніп кетуді атайды. "Тірі адам сансыз әрекеттерден:
жасампаз және жоюшы, ұйғарылған және спонтандылардан тұрады. Адам ішкі
болмысының тылсым тұйықтары күрделі және қауіпті. Бірақ не болса да, қанішерден
қанішердің, зұлымнан зұлымның тууын шектеу, мәңгүрттер мен зомбилардың қаптап
кетуін болдырмау қажет".
Көптеген демократиялық еркіндіктер кейбір тұлғалармен дұрыс түсінілмеген.
Телеарналар садизм, порнография мен нәпсі құмарлыққа толы, кітап сөрелері, қазақтың
дәстүрлі адамгершілік тәжірибесімен мүлдем сыйыспайтын, көркем - эстетикалық
талғамы төмен, триллерлер мен үрей фильмдеріне, пансексуалдық мелодрамаларға толы.
"Ол қандай нақыштаумен берілсе де, тәрбиенің негізінде кісі өлтіру жатса, онда не
камикадзені, не Джеймс Бонды аламыз".
Қатыгездік тек мейірімсіздікті туындатады, ол үлкен мөлшерде, не кішігірім түрінде
көрініс таба алады. Мысалы, ежелгі Рим тұрғындары гладиаторлардың қантөгісінен ләззат
алса, Испанияда корридаға түбінде сондай себептермен барады, ал қатыгездік басты рол
атқаратын қазіргі үрейлі фильмдерді миллиондаған адамдар қарайды.
310
Осы жөнінде қос қалам шеберлері мынадай мысал келтіреді: "XVII ғасырды өмір сүрген,
венгер графинясы Елизавета Баториді алайық. Бұл ақсүйек әйел арнаулы өлтірілген
қыздардың қанымен толтырылған ваннада шомылудан ләззат алған. Зұлым әйелдің осы
"еркелігі" 650 шаруа қыздарының өмірін қиған. Графиня жас қан оның сұлулығын
жетілдіреді деп есептеген".
Біздің заманымызда да мына үш сұрақтар өз көкейкестілігін жоғалтқан жоқ: Адамдардағы
ізгіліктің бастауларын қалай ашып шығару керек? Жаңа Шыңғысхандар мен Жаңа
Гитлерлердің айуандық инстинктерін қалай басып тастау керек? Қалай олардан
руханилықты қорғау қажет? "Бұл қасиет кез келген сырқатпен ұқсас: жай ғана сызат
қауіпті ісікке айналуы мүмкін, кәдімгі грипп адам өлімімен аяқталуы мүмкін. Бірақ
гумандық насихат пен рақымдық үгітімен және діни өсиетпен бірге эпидемияның
ошақтарын жоюға болады. Жүйелі мемлекеттік қамқорлық пен нысаналы саясат бұл
жерде ауадай қажет. Адамда аңды оятпай - ақ қояйық".
Рух мәдениетіне жетуге бағытталған Ш. Айтматов пен М. Шахановтың бұл талпыныс
әрекеті өнеге тұтарлық. Рух инфляциясы адамды құртып жібере алады. "Бізге төніп тұрған
апаттардың арасындағы ең қауіптісі атом бомбасы, планетаның жаһандық жылынуы емес,
ал антропологиялық апат - адамда адамгершілікті жою болып табылады".
Дүниежүзілік көркем мәдениеттің алып тұлғалары қалыптасып келе жатқан өркениеттің
гуманистік мазмұнын нығайту үшін Шығыс пен Батыстың арасында мәдени-рухани
синтезді жүзеге асыру керек дейді. Мысалы, жапон ойшылы Д. Икэдамен бірігіп жазған
"Рух ұлылығын мадақтау" атты еңбегінде Ш. Айтматов, Шығыс пен Батысты
бірегейлендіре отырып, әлемдік субъектінің үйлесімдігін қалыптастыру қажет дейді.
Батыс сыртқы дүниені тануда табысқа жетіп, Құдайды сырттан іздейтін күш ретінде алға
шықса, Шығыс Құдайды адаммен имманентті қарастырады, адамдық субстанцияның
ғарыштық табиғатына мән береді.
Осындай жаһандану көрінісіндегі Қазақстанның өзіндік ерекшеліктеріне соңғы жылдары
қазақ авторлары да көңіл аударып келеді. Мысалы, "Тамыр" журналында Д-р Найман
деген автор "Көкжал егеуқұйрық" атты эссесінде "Қазақ жастарында үлгі тұтарлық
кейіпкерлер жоқ, ал мұратсыз коғам мутацияларға ұшырайды" дейді.
Д-р Найман игіліктің еуропалық үлгісімен әуестену белең алып келеді дейді: "Егеуқұйрық
адам емес, тек егеуқұйрық бола алады. Нәтижесінде қазақ, казак болып шыққысы
келмейді, қазақ адамы тіршіліктің бәріне немқұрайдылықпен қарайтын болады. Осындай
жағдайда елдің ішкі мәселелері шешілмейді. Және ол тек сыртқы манипуляциялардың
объектісіне айналып кетеді".
Батыстың рационалды - прагматикалық философиясынан шығатын жеке - дарашылдық
пен тұтынушылықтың апологиясының орнына, дүниені аңдауға ден қоятын, дәстүрлі
шығыстық этностарда экологиялық ұстындар, этикалық бағдар мен руханилық айшықты
көрініс табады. О. Сүлейменовтың "егер біз мәдениетті құтқарсақ, онда ол бізді де
құтқарады" деген сөздері ақиқатқа жақын".
Әдептен тыс адамның жаны да, қылығы да сұрықсыз, кісі өлтірушінің, сатқынның және
атаққұмардың мақсат үшін құрал таңдамайтындығы үрей тудырады. Адамзат әлі күнге
дейін өткеннен сабақ алмағандығы, қаламгерлерді қатты толғандырады. Қатыгездік әлі
күнге дейін не адам жанында, не қоғамда жойылмаған, сондықтан ол XXI ғасырда да
311
өкінішке орай жалғаса береді. Белгілі философ М. Орынбеков жазғандай, "олар жас
кезінен тазалық пен сенімділік, даналық пен абыройлық - мұраттарынан ажыраған жас
ұрпақта, адамгершіліктің құлдырауы айрықша күйзелтеді" . М. Шаханов бейнелеп берген,
көзіне қара көзәйнек киген, түнге ұқсас, әдеп пен мәдениеттен тыс әсіре адамның
суреттемесі философтың ойымен үндес техникалық дарынды, бірақ ар-ұяттан арылған бұл
"пысық" жаңа заманның теріс жақтарын өз бойында жинақтаған:
Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?
Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.
Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе?
"Әрбір қимыл - қарсы қимыл тудырады тірлікте.
Егер қарын байлығынан рухымыз пәс тұрса,
Ұқсас, тектес жебір ойлар бір бағытта асқынса,
Қоғам қалай ұстамақшы әділ ойдың шылбырын,
Жан байлығы саяз күштер жек көреді бір-бірін.
Олар қазір заманды алдап, заңдастырып әр ісін
Қорғамаққа құлшынады аңқау елдің намысын...
Егер "көз адам жанының айнасы" десек, онда XXI ғасырдың "көзі" - адамзат рухының
айнасы. Сондықтан ақынмен жасалған мына бейне түсінікті бола бастайды.
Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қазіргі заманның басты мәселелерінің бірі - ғасырлар бойы түйіршіктеп жиналған,
адамзаттың рухани байлығының құнсыздануы. Қоғамның жаппай азғындануының
құрамдас бөлігіне жалпылама сатылушылық жатады. Немқұрайдылық пен рақымсыздық
үстемдік ететін қоғамда ізгілік пен мейірімділік біртіндеп ығыстырыла береді. Азғындық
пиғыл тұлғадағы мүдделер мен құштарлықтарды теріс айналдырып жібере алады.
Девианттық (ауыт қышыл) әрекет тіпті осындай қоғамда қалыпты күй сияқты болып
көрініс таба алады. Садистік әрекетті адамгершілік терминдерімен жеткізу мүмкін
еместігінен, ол жарнама және тылсымдық ынтамен ұсталып тұрады.
Шынайы мұраттар үшін күресу қажет. "Арамшөптер әзірше жойылмағанша, жас желекке
тіршілік жоқ. Уақытында "тазартуды" жүргізіп отырмаса, адамның терең тылсым бей
санасының қойнауларындағы алғашқы қауымдық инстинкттермен арнаулы "өсірілген"
садистік бейімділіктерді жұлып тастап отырмаса, онда адамзатқа қарсы жасалатын
қылмыстардың мүмкін қауіптерден заңдалған «нормаға» айналып кетуі ғажап емес".
47
Д. Икэда, Ш.Айтматов, М. Шаханов сияқты жазушылармен Батыс өркениетін сынау оны
тұтасымен терістеу үшін емес, "артта қалып қойған" азиялықтар рухының "өкпесінен"
емес, шынайы адамдық болмыстарды, олардың құндылықтарын "сағынып қалған",
47
Достарыңызбен бөлісу: |