I. ҚАзақ этикасы және эстетикасы қАзақТЫҢ ДӘСТҮрлі әдеп жүйесі



Pdf көрінісі
бет109/112
Дата08.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#98797
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
cca242f4f2790512397ba8292d4c4add

Айтматов Ш„ Икэда Д. 
Ода величию духа. М., 1997. - С. 65.


312 
адамзат рухының қарсылығы тұрғысынан жүргізіледі. Осы жөнінде М. Шаханов мынадай 
ойларын алға тартады: 
Оян, Данте, Фирдоусидің және Абайдың айбыны! 
Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқын ғой қайғыны. 
Қол қусырып көнеміз бе, 
Үнсіз жата береміз бе
Робот - түйсік арқаланған, 
Мейірімі тұл жарты адамдар 
Жердің бетін түгел жаулап жеңгенше?...
48
Ары қарай, бұл ойларын жалғастыра келе, ақын қоғамның дегумандануы және 
руханилықтан айырылуы салдарынан туындайтын, өкінішті жағдаяттарды атап өтеді: 
Әлде бұл да жолы шиыр ұлтымыздың соры ма, 
Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына? 
Қуанып ек, қосылдық деп кәусар бұлақ қорына. 
Адасқандай тылсым нудан, 
Біз олардың кір су құйған 
Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық, 
Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық...
49
Батыс мәдениеті табыну объектісіне айналдырып жіберген, индивидуализм ұстыны 
қазақтың дәстүрлі құндылықтарымен сәйкес келе бермейді. Ежелгі рухани мұраларымен 
сусындай беретін қазақтар үшін қонақжайлылық, төзімділік, кең пейілділік сияқты 
ұстанымдар өз көкейкестілігін жоғалтқан жоқ. Қазақтарда қашанда жалғандық, 
қатыгездік, күш көрсету, сатқындық айыпталып келген. Ұрпақтан-ұрпаққа қазақтар 
үлкенді сыйлауды, аруақтарға құрмет көрсетуді, кішілерге, әйелдерге ізеттілікпен қарауды 
құндылық бағдары ретінде ұстанып келген. 
Егер Батыс дүниеге объект ретінде қараса және оны тануға, өзгертуге ұмтылса, онда 
Шығыс дүниемен қосылу арқылы оны білгісі келеді. Дүниені объективтендірудің құралы - 
соз. О. Сүлейменов өзінің "Хат тілі" атты еңбегінде былай жазады: "Оның бүкіл 
кешендігінің күрделігінде, мәдениетті туындатушы негізгі факторға алғашқы иероглифика 
мен тіл жататына, барған сайын өзім сенімді болып келемін. Олардың өзара тәуелділігінің 
актілері адамның өзінде және қоршаған ортада адамдықты қалыптастырып келді. Бірінші 
жазу таңбасынан "гомо сапиенстің" тарихы басталады".
50
О. Сүлейменов сөзде - "адам болмысының үйінде" ұрпақтар және дәуірлер сабақтастығы 
мүмкін дейді. "Тілдер - бұл, үзінді жазбаларда сақталып қалмаған тарихи айғақтардың 
қоймасы. 
Тілдер - бұл жанбайтын, өртелмейтін, сумен шайылмайтын, мүк басып кетпейтін, 
идеологиялық бұрмалауға ұшырамайтын мұражай. Бізге арғы тектеріміздің сансыз 
ұрпақтарынан жеткен, басты интеллектуалдық мұра және олардың біле алмағанын біз ары 
қарай тереңдете отырып ашуымыз үшін, бізге өсиет етіп қалдырылған мұра - олардың 
өткені". 
48
Шаханов М. 
Заблуждение цивилизации. - С. 98.
49
Сонда, 115-6.
50
Сүлейменов О. 
Язык письма. - С. 33.


313 
Сөздің рухани мәдениет үшін маңыздылығын Ш. Айтматов та атап өтеді: "Егер сөзге біз 
қастерлей, тіпті мен айтар едім, сараңдықпен қарамасақ, егер оны күндіз және түнде төге 
беретін су сияқты ысырап етсек, сөзді мөлшерлеп отырмасақ, оның әрбір "дәнін" 
ұғынбасақ, онда ол өзінің тірі қуатынан айырылады. Оның сөзінің артында ештеңе 
тұрмаған, адамның өзі түкке тұрмайтынын, адамзат қоғамы өзінің пайда болған кезінде-ақ 
түсінген". 
Қазіргі Қазақстанда жүріп жатқан интеграциялық мәдени - өркениеттік үдерістер 
дәстүрден ажырау, адамдық болмыс пен адамгершіліктің коп ғасырлық нормаларының 
деформациялануы, тұлғалық өзіндік құндылықтың төмендеуі сияқты құбылыстармен 
ілесіп келеді. Қазақ ұлтының жас буынының айтарлықтай бөлігі бөтен тілдік ортада 
жетіліп келеді; онда басты рөлге тек классикалық еуропалық мәдениет емес, ең алдымен, 
американдық және батыстық көп - мәдениет ие бола бастайды. 
Осындай жағдайдың бір алғышарты, ұлттық дәстүрлі мәдени ауысуларды шектеген, 
интернационализм желеуімен ұлтсыздану үдерісін жүзеге асыра бастаған, кеңестік 
империя уақытында қалыптасты. Қазіргі поп - мәдениетке келсек, онда ғарыш пен ұлттың 
мәдени байланысының тамырына балта шабатын факторлар - девианттық қылық 
(маскүнемдік, нашақорлық, зинақорлық, садизм және т.б.) формалары жарнама, клиптер, 
секс-символдар, өсіре кейіпкерлер арқылы кең етек жайып келеді. 
Қазіргі әлем бір жағынан рухани тығырыққа тіреліп түр, рухани мәдениет деңгейі тым 
төмендеп барады. 
Сан жас қанат ғалам затқа болмақ үшін өтімді, 
Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді, 
Қасиетті ата қоныс – өзен - тауын жерсінбей, 
Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей, 
Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы, 
Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды.
51
Номе sapiens, Адам болу үшін жан - Жоғары Рухтың айрықша күйі қажет. Руханилық - 
мәдени жасампаздықтың мақсаты. 
Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан, 
Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң. 
Ғасырды асар әдебиеті, өнері ұлы болмаса
Ұлт даралық таба алмайды 
Және ұлы боп саналмайды ешқашан! 
Руханилықты тәрбиелеу өзін жетілдірудің маңызды құралы ретіндегі танымдық 
мүдделілікті қалыптастырудан басталады. Адамды тәрбиелеудегі жетекші рөлге өнер ие. 
Өнерді (өнер туындыларын, көркем құндылықтарды) қабылдау күрделі эмоционалдық 
танымдық әрекеттің түрі болып табылады. Өнерді адамға тура ендіру мүмкін емес. Бұл 
үшін оған белгілі білім, ақыл, сезімдер жұмысы, көркем аллегориялар мен метафораларды 
түсінуге деген қабілеттілік қажет. 
Көркем құндылықтар жалпы адамдық және ұлттық болып бөлінеді. Бірақ жалпы адамдық 
құндылықтар қашанда ұлттық - этникалық формада беріледі. Өз талдауымызды ақын О. 
51
Шаханов М. 
Заблуждение цивилизации. - С. 68.


314 
Сүлейменовтың мына сөздерімен аяқтағымыз келеді. "Болашақ әлемі - бұл 
алауыздықтармен тартыстағы Өзіндік Болмысқа қарама-қарсы, Бірге Болмыс".
52
Қазір 
дүниежүзілік қауымдастықта тиесілі орнына ие болған қазақ халқы өзінің ғасырлар 
қойнауынан жалғасып келе жатқан, төлтума эстетикалық мәдениетін зерттеуге және 
әлемге ұсынуға мүдделі. 
 
Динамика эстетических ценностей 
художественной культуры казахского народа. 
Алматы: Раритет, 2004. - С. 46-56, 76-98. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет