Мұрат АХМЕТОВ
КЕҢІСТІКТІҢ ШЕКСІЗДІГІ МЕН ШЕГІ:
КӨШПЕЛІЛЕР ИДЕЯЛАРЫ МЕН ОБРАЗДАРЫ
Қазіргі философиялық зерттеулерден бұрынғы дәуірдегі, айталық, XV-XVIII
ғасырлардағы поэзиялық мұраға, қазақтың ақын-жырауларының жыр - толғауларына
назар салғанда, оларды қалыптасқан философиялық ұғымдар мен категориялар арқылы
таныту қиын екені айқын аңғарылады.
Шынында да, Гегельдің өз кезінде "Рух феноменологиясы", "Рух философиясы" және
"Эстетика" еңбектерінде сыртқы объективтік кеңістікке берілген анықтамалары
еуропалық үлгідегі поэзияның мазмұны мен формасын толық тануға мүмкіндік беріп
келеді. Ал Шығыс поэзиясын, қазақ өнерін еуропалық таным, онда қалыптасқан ұғым
түсініктер тұрғысынан бағалаудың жеткілікті, ұтымды бола бермейтіні байқалады.
Гегельден де бұрын И. Кант өзінің "Таза зердені сынау", "Ойлау қабілетін сынау" атты
еңбектерінде философиядағы сыншылдық бағытты сөз еткенде, философиялық білім
өзінің шарықтау шегіне көтерілді дегенді айтып, енді ішкі, субъективтік уақыт пен
кеңістіктің формасы мен мазмұнын одан әрі айқындайтын анықтамалар іздеудің қажеті
жоқ деп санаған. И. Кант пен Гегель көркем өнер (искусство) философияға және дінге
қарағанда бір саты төмен, оның негізі ұнату арқылы пайымдау (И. Кант), өмір
құбылыстарының сыртқы әдемілігіне еліктеу (Н.Чернышевский), бейнелеу, шебер
көшірме жасалу арқылы рухтың көрініс табуы (Гегель) деген пікірлер түйген.
Мұндай философиялық пайымдаулар, сондай-ақ экзистенциализм, рационализм,
материализм, эмпириокритицизм сияқты бағыттар өздері жүйелеген философиялық
ұғымдар мен категорияларға сүйенеді. Яғни, қай философиялық категория болсын өз
шеңберіндегі ұғымға ерекше мән беріп, өзге құбылыстарды оншалықты маңызды деп
қарамайды. Материя, идея, мазмұн, уақыт, кеңістік, тағы басқа категориялардың қай
қайсысына да қатысты осыны айтуға болады. Бұл - негізгі философиялық
категориялардың танымдық мағынасы алған бағытына, алдына қойған мақсатына сәйкес
қалайда шектеулі деген сөз. Осы айтылған жағдайды ескере отырып, қай философиялық
бағыттың өкілі болсын, ғылыми категориялар негізінде талдау жасаумен қатар, олардан
басқа гармония, бірлік, арақатынас, даму, тұтастық сияқты жалпылық мәні кемшіндеу
логикалық ұғымдар мен ұстындарды қолдануға ұмтылады.
Ал Аристотельді алсақ, ол өзге категорияларға қоса әрекет категориясын бөліп қараған.
Бұл категория өзінің метафизикалық мән-мағынасы күрделі болғандықтан кең қолданыс
52
Сулейменов О.
Язык письма. - С. 204-205.
315
таппады. Аристотель оның мәнін "нанды кеседі" деген сөздер арқылы түсіндірген. Осыған
ұқсас "ағаш кеседі", "балық ұстайды", "от жағады", "автомобиль жүргізеді" деген сөздерді
алуымызға болады. Әрекет категориясының ұстыны, мәні неде екенін осы келтірілген
мысалдардан анық аңғаруға болады. Әрекет объектісі нақтылы, айқын көрсетілген, ал
әрекеттің субъектісі ондай көрнекті емес, тасада түр, пышақ кеседі, өйткені ол өткір, нан
кесіледі, себебі ол жұмсақ. Ал сол пышақпен нанды кесетін субъект тікелей, анықтап
көрсетілмеген. Алайда жасалған әрекеттің нақтылығы, тұтастығы сол тасада тұрған,
анықтап көрсетілмеген субъект арқылы аңғарылады, өйткені ол - әрекетті орындаушы,
әрекетті іске асырушы. Әрекеттің өзі - сол субъектінің мақсатын іске асыруының,
қимылының нәтижесі.
Әрекет категориясы Шығыс халықтарының рухани қасиетін, шығыс елдерінің, соның
ішінде қазақ халқының поэзиясын зерттегенде қолдануға бірден-бір лайық, ұтымды ұстын
дей аламыз. Сондықтан ақын-жыраулардың айрықша сезімталдығын, интуициясы
қуаттылығын танып-білу үшін, олардың бүл қасиетіне зерттеу үстінде көбірек назар
аудару үшін осы ұстынды талдау тәсілі ретінде қолдана білу қажет. Аз зерттелген күрделі
объектіні, шешімі табылмаған мәселені, қоғамдық құбылыстарды талдап, баяндауға
ұмтылғанда әрекет категориясының танымдық мүмкіндігін ескеру пайдалы болмақ.
Әрекет категориясының мәнін тағы айқындай түсу үшін әрбір нақтылы әрекеттің өзі соны
іске асыратын субъектіге байланысты екенін, белгілі мақсатты орындаудың құралы екенін
есте сақтау қажет. Ендеше, әрекеттің немесе оның нәтижесінің негізін логикалық
тұрғыдан айқындау үшін, логикалық анықтама беру үшін оның көрініп тұрған сыртқы
себеп-салдарын ғана байқау немесе алдыңғы әрекетті білу аздық етеді. Мысалы, пышақты
нанға, араны ағашқа, ауды су бетіне, отты жағатын нәрсеге жақындату, автомобильге
отыру. Бұлар кездей - соқ жағдай болуы мүмкін, өйткені басқа бір кезде пышақ нанның
үстінде жатуы, шырпы мен от және жағатын нәрсе бір-біріне жақын болуы, ау суда жатуы,
жүргізуші жолаушыны тосуы мүмкін.
Қандай да әрекетке, оны жүзеге асырушы субъектіге негіз боларлық логикалық ұстынды,
жалпылама ұғымды айқындау үшін нақтылы объектінің, құбылыстың өзін ғана сырттай
қарап танып - білумен шектелмей, олардың түпкі, ішкі себеп-салдарлы арақатынасын
терең түсініп, тегіне, түр - түріне қарай жіктелу жүйесін ажырата алу шарт.
Әрекет категориясын талдау ұстыны ретінде қолдана отырып, қазақ поэзиясының
эстетикалық өзгешеліктерін басқаша қырынан қарастырып көрелік.
Қазақ поэзиясында, сөз өнерінде ең маңызды деп саналатын эстетикалық категорияға
келсек, ол алдымен әдемілік, тіпті асқақтық категориясынан жоғары қойылатын киелілік,
қасиеттілік дер едік. Қасиетті адамдардың, жыраулардың киелілігі этникалық,
эстетикалық ұғымдардың негізі және асқақ шабыттың да, әдеміліктің де, асқан ақындық
шеберліктің де бірден көзге түсе бермейтін, бірақ өте маңызды алғышарты. Эстетикалық
сезімталдық пен имандылық, киелілік қалай үйлеседі?
Жыраулар поэзиясының жалынды рухын, қасиеттерін, әрине, дайын қағида арқылы
саралап сипаттап беру өте қиын. Десек те, логикалық ұстындарды, теориялық ұғымдарды
қолданбай ғылыми ой-пікір түйіндеу мүмкін емес. Мақсат поэзияға тән гармонияны, асқақ
сезім, киелі рухты санмен өлшеуде, мөлшермен анықтауда емес, ғылыми теориялық ұғым
түсініктер арқылы сипаттауда екені дау тудырмаса керек.
Эстетика мәселелеріне арналған зерттеулерде өмір құбылыстарын, дүние - болмысты
бейнелеп суреттеуді, бейнелі түрде қабылдауды, әдетте, сезінушілік, сезімталдық
316
қабілеттен туады деп санайды. Бүл мәселені байыптап түсіну үшін оған арнайы көңіл
қойсақ артық болмас.
Қандай да образ, бейне болсын, соның ішінде көркем образ да, сезінушілікті,
сезімталдықты талап етеді, сезіну арқылы айқын сипат алады. Алайда сол образға
нақтылық, айқындық сипат дарытатын сезінушіліктің, сезімнің шеңбер - шегі, түр-түстері
қандай екенін де ажырату, анықтау қажет. Мысалы, белгілі кеңістік пен уақыт көлемінде,
мөлшерінде алынған образ болса, ол тек қана кеңістік пен уақытты сезіну және оларды
ойша елестету негізінде пайда болады.
Мұндай нұсқасы жобалауға келетіндей образдар кеңістік пен уақытты сезінушілікке,
әсіресе, соларды нақтылы түрде елестететін қабілет пен түсінікке тікелей байланысты
болады. Бұл образдар жүйесі көрнектілік сипаты бар бейнелеуші көркемдік құралдар
қатарына жатады. Олардың интеллектуалды, яғни ойшылдық, зерделеушілік сипаты
басым образдардан айырмасы да осы көрнектілігі мен нақтылығында. Образдың,
бейнеліліктің осы түрін И. Кант ұнату арқылы пайымдау (суждение вкуса) қабілетімен
байланыстырады және бұл қабілетті эстетикалық сезімнің, ұғым - түсініктердің негізі деп
санайды.
Образдың, бейнелі ойлаудың мазмұнының тағы бір қырын Н.Чернышевский атап
көрсетіп, ол көркем өнер дүние - болмысты, өмірді оз қалпына сәйкес бейнелей отырып,
сыншыл пікірлер айтады, үкім де шығарады деген. Шығармашылық қабілеттің мұндай
әмір етерлік қуаттылығын айқынырақ түсіну үшін И. Канттың "субъективтік уақыт"
туралы анықтамасына назар салалық. И. Канттың айтуынша, сезіну тәжірибесінде уақыт
сезіммен қабылданып отырған образдардың мезгілдік мөлшерін (бір мезгілде орын алуын,
яки рет-ретімен алмасуын) ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге тәжірибенің үш
құранды бөлшегін қалыптастырады: сезінушілік тәжірибенің көрнектілік мазмұны, оның
жеке бір адамның ("Мен") сана-сезіміне қатыстылығы және құбылыстың нақтылық
(заттық) қасиетін зерделеу.
Сезім арқылы қабылданған уақыт адамның (субъектінің) санасына аз-кем болса да сыртқы
дүниедегі өзгерістерге қарсы тұруға, образдың көлем - мөлшерін біркелкі өлшеммен
анықтауға мүмкіндік береді. Уақыт адам санасында сан алуан образдардың жүйесін
табудың, жекеленген образдарды бөліп алып, басқаларымен сабақтастыра қараудың
өлшемі (шарты) болып шығады. Сан түрлі сезім - әсерлердің бір "Менге" қатысты болуы,
бір адамның ой-санасында түйісуі ақыл-ойдың, ойлау қабілетінің ең басты шарты болып
табылады. Бұл жағынан алғанда уақыт тәжірибенің құрылымдық жүйесін қалыптастыру
міндетін атқарады және таным үдерісінің бірлігін, синтез жасау мүмкіндігін қамтамасыз
етеді.
53
И. Канттың жоғарыда қысқаша баяндалған философиялық қағидасы образдардың сипат
белгілері мен өлшем - мөлшері туралы түсініктер белгілі уақыт көлемінде реттелетінін
және сол образдың аумақтық нұсқасы мен шеңбер - шегі уақытты сезінуге байланысты
екенін дәйектілікпен көрсетеді. Сонымен қатар, образды сезіп - қабылдаудың барлық
субъективтік сипат - белгілерінің субъектінің санасында бірлестік табуы ақыл-ой мен
жорамал - елес жасай білу қабілеті арқылы, яғни интеллектуалдық синтез жасау қабілеті
арқылы жүзеге асатынын айғақтайды. Мұның өзі тек логикалық ойлау жүйесіне ғана
қатысты емес, көркем образдарға да қатысты. Басқаша айтсақ, егер образдарды, соның
53
"Критика чистого разума И.Каита и современность". АН Лат.ССР. Институт философии и права. Рига. "Знание" 1984. - С. 102-104. (ответ.ред.
Штеинберг В.А.).
317
ішінде көркем, поэзиялық образдарды кеңістік пен уақыт тұрғысынан тұтастай алып
қарасақ, ол образдар жүйесі сезімдік, эстетикалық мәнділігінен гөрі жалпы адамға тән
түйсіну, әсер алу қуаттылығы арқылы мән-мағынаға, мазмұнға ие болатынын аңғарамыз.
Ал образдар жүйесінің интеллектуалдық мән - мазмұны оларды ақыл-ойдың күшімен бір
кең мәтінде біріктіруден, яғни, И.Канттың терминологиясын қолдансақ, сананың бір
тұтастығынан келіп туады. Бұл айтылғандардың бәрі ой жүйесіне, ойлау ерекшелігіне
қатысты, ал образдарды алсақ, олардың ішінен кеңістікте көрініс беретін фигуралар
секілді сезім - түсініктерге негізделген логикалық мәні бар образдарға көбірек катысты.
Сөйтіп, И. Канттың пайымдауы бойынша, маңызды нәтиже деп қарайтын қағида -
интеллектуалдық синтез бен синтез жасау қабілеті адамның санасында және ойлау
жүйесінде айрықша зор қызмет атқарады. И. Кант синтезді ойша елестете білу қабілетінің
әрекеті деп санайды және жоғарыда атап көрсетілгендей, адамның сезім - әсерлерін "Мен"
кең мәтінінде тұтастыру, ойлау, ақылға салудың ең басты шарты деп қарайды.
Образды ойлау, көркемдік ойлау саласында осы синтез сезімшіліктің күрделі маңызды
факторы болып табылады. Ол көрініп тұрған көркемдік, бейнелілік құрал, тәсіл емес,
керісінше, көзге түспейтін, байқалмайтын, алайда әр алуан образдардың біртұтастығын
танытудың маңызды шарты болады. Ол образдардың нұсқасынан, құрылымынан көрініс
таппайды, олардың үйлесуі, тұтасуының реттілігінен, қисындылығынан танылады. Ол -
идеяны, ойды бейнелеп жеткізуге еркіндік беретін және созбен мүсінделген картинаға,
көрініс - бейнеге гармониялық, үйлесімділік, жанасымдылық, жарасымдылық сипат
дарытатын ең басты интеллектуалдық көркемдік құралдардың бірі.
Сонымен қатар, сезім - әсерлерді, көркем образдарды, ақыл - ойдан туындайтын ұғым-
түсініктерді ақыл-ойдың қуатымен жеке адамның ("Мен") санасында бірлестіріп, сонымен
қатар оларды үйлестіріп, тұтастық сипат дарытады.
Жоғарыда біз арнайы тоқталып өткен әрекет категориясы интеллектуалдық синтездің
және жеке адамға ("Менге") тән ойша елестету қабілетінің мәнін тереңдеп тануға
мүмкіндік береді.
Бұл символ арқылы жеке адамның интеллектуалдық қабілетінің, ойлау жүйесінің бір
ерекшелігі - онда бірнеше орталықта сезім - әсерлердің түйінделіп, шоғырлануы екенін
аңғарамыз. "Мен" деген абстрактылық символ жеке адамның, субъектінің дербестігін
білдіреді. И. Канттың пайымдауынша, ақылға салу, ойлаудың ең басты шарты барлық
түсінік, сезім - әсерлерді жеке адамның ("Мен") санасында синтез жасап жинақтау,
түйіндеу болса, бұл - жеке адамның ақыл-ойының өз бітім-болмысына тән, өз
ерекшелігінен туындайтын әрекеті. Ал жеке адамның өзіне ғана емес, өзгелерге де, жалпы
адамдардың тегіне тән әрекет көптеген адамдармен жанасымдылық, ұқсастық, бірлестік
табуда болса керек.
Енді интеллектуалдық синтез дегенді көркемдік құрал ретінде қалай түсіну керек, соған
тоқталалық. И. Канттың трансценденттік (логикалық ойлаудан, тәжірибеден тыс)
эстетикалық категориялары қатарында бұл ұғым арнайы қарастырылмайды, өйткені
ғалым эстетиканың теориялық негіздерін, пәндік шеңбер - шегін, философияға
қаншалықты қатысы, жанасымы барлығын айқындауды ғана мақсат еткен. Сондықтан И.
Кант, бір жағынан, эстетикалық интеллект (ақыл-ойдың пікір түйіндеу қабілеті және оның
санада синтез жасау қызметі, категориялар кестесі, таза апперцепция, яғни қабылдаудың
дара, жеке тәжірибеге тәуелділігі т.б.), екінші жағынан, эстетикалық сезімшілдік (кеңістік
пен уақыт) - осыларды бүтін бір үдерістің бір-біріне қарама-қарсы, бірақ қалайда
318
жақындасып, жанасатын екі жағы ретінде талдап баяндаған. Осы мәселелердің эстетиканы
теориялық тұрғыдан зерделеуге айрықша қажеттілігі ешбір талассыз. И. Канттың
айтуынша, ақылға салуға, ойлауға сырттай қарау тон емес, ал сезімге ойлау, зерделеу тон
емес. Бұл тұрғыдан қарағанда синтез ойша елестету қабілетінен туатын әрекет ретінде
ойлау мен сезінудің аралығында тұр.
Қысқаша тұжырымдап айтар болсақ, ойша елестетуге тән синтез, интеллектуалдық синтез
индивидтің, жеке адамның, оның санасының тұтастығының айқын, анық көрінісі және ол
адамның бар қабілетінің белгілі мақсатқа бағытталатынын аңғартады.
Синтез белгілі мақсаттан туып, логикалық және образды ойлау заңдылықтары мен
тәжірибеге сүйенсе, құндылықты тірек етсе, сонда нәтижелі болмақ. Сөйтіп, сөз көркемдік
шеберліктің трансценденттік, яғни материалдық әлемнен тыс, рухани негізі туралы болып
отыр.
Дүние - болмысты образды түрде бейнелеуді сезінушілік деп санау суреттілігі,
көрнектілігі басым көркем шығармаларды сөз қылғанда ғана қисынды. Ал жалпы
көркемдік құралдар (тәсілдер), нақтылап айтсақ, интеллектуалдық синтез туралы сөз
қозғағанда, мұндай бейнелеу әдісі ой мен сезімге бірдей қатысты деп қарау жөнге келеді.
Сонда ақын, суреткер қоғамдық құбылыстарды сынап, адамгершілік ұғым - түсініктер
тұрғысынан өз үкімін шығарады деудің орны бар екені түсінікті болады. Және мұны ақын,
суреткер тікелей оз атынан баға беріп, оз пікірін үнемі тура айтады деген мағынада емес,
шығарманың мазмұны, мән-мағынасы арқылы немесе кейіпкерлердің тағдырынан
бейнеленген жайлардан туындайтын қорытынды - түйіндер арқылы өз позициясын
аңғартады деп қараған жон. Елдің мұқтаж мүддесін айта алған XV-XVIII ғасырлардағы
қазақ поэзиясының озық өкілдері - жыраулар, ақындар биік азаматтық идеяларымен,
адамгершілік өнегесімен, киелілік қасиеттерімен сөз өнерінде ұлттық рухтың, еркіндік,
отаншылдық идеяларының күшеюіне үлкен үлес қосты. Олар өзінің идеялық - көркемдік
ізденістерінде, шеберлік шыңына көтерілу жолында халықтың өте бай ауыз әдебиетінің
игі дәстүрлерін тірек етті, соларға сүйеніп, өрістетіп, одан әрі дамыта түсті.
Қазақтың ауыз әдебиетінің сан салалы жыр, толғау, терме, өлең - шығармаларына, соның
ішінде эпостық жырларына назар салсақ, оларда жыраулар поэзиясының ерекшеліктерінде
жалғастық тапқан арналар, ақындық, шешендік дәстүрлер, үлгі - өрнектер аз емес екенін
байқаймыз.
Эпостық жырлар туралы айтар болсақ, осы жанрға қатысты пікірлерге де назар аудару
қажет. Эпос туралы қазіргі теориялық түсініктердің қалыптасып дамуына белгілі Батыс
Еуропа ғалымы Тамон Менендес Пидальдің еңбектері үлкен әсер етті. Ол ауызша эпостың
жазба әдебиетінен, жеке авторлық тұлғалардың қол таңбасы айқын бедерленетін сөз
өнерінен мүлде өзгеше келетінін дәлелдеді. Ауызша эпостық жырларда қалыптасқан
дәстүрлерге, үлгі - өрнектерге сүйену басым болатынын және шығарманың авторы туралы
түсініктің өзі де басқаша екенін атап көрсетті. Өзінің "Ролланд туралы жыр" еңбегінде ол
Ж. Бедье және оның көптеген ізбасарларының ауызша эпосты жеке адамдар шығарған
көркем туынды деп санайтын теориялық тұжырымын қатты сынады. Бұл еңбек және Ж.
Перри мен проф. А.Б.Лорд зерттеулері ауызша эпосты жаңаша пайымдауға негіз салды.
54
Ауызша эпостық дәстүрдің өзгешелігі туралы пікірді фольклордың, ауыз әдебиетінің
басқа жанрлары туралы да айтуға болатыны анық. Алайда бұл мәселеге қатысты кейбір
54
Достарыңызбен бөлісу: |