106
шежіресін таратқанда ата-бабаларының ҥрім-бҧтақтарының
әрбіреуінде
осындай
аурулардың
белгілері
болғаны
анықталады. Осы жолмен полидактилия, Альцгеймер ауруы,
Гентингтон хореясы, ахондроплазия тоғышектің полипозы,
отбасылық гиперхолестеринемия, нейрофиброматоз т.с.с.
аурулар
беріледі.
Аутосомдық-ҥстем
жолмен
дерттің
ҧрпақтан ҧрпаққа тарауына:
● еркектер мен әйелдерде дерттің бірдей жиілікпен
кездесуі;
● ата-ананың әрбір буын ҧрпақтарында дерттің болуы;
● жынысына қарамай туған балалардың екісінің бірінде
дерттің кездесуі;
● сау туған балалары ары қарай дені сау ҧрпақ ӛрбітуі
– тән қҧбылыстар.
Альцгеймер ауруы
ҧрпақтан ҧрпаққа тарайды. Бҧл
дертпен ауыратын адамдардың 40-жастан асқан соң ақыл-есі
кеми береді. Олардың ми қыртысында, гиппокампында, ми
бағанасында бҥліністік ӛзгерістер болады. Альцгеймер
ауруымен сырқаттанған адамдардың 21-жҧп аутосомасында
бета-амилоид тҥзетін нәруыз тҥзілуін қадағалайтын, немесе
14-жҧп аутосомасында пресинилин-1 (PSN-1), немесе 1-жҧп
хромосомасында пресинилин-2 (PSN-2) тҥзілуін қадағалайтын
ӛзгерген гендер болады. Осындай гендері бар адамдарда
бета-амилоидтардың пептидтік тізбектері ҧзарып, олар ми
қыртысында т.б. ми қҧрылымдарында жиналып қалады. Оларды
қарттық тҥйіндақтар немесе нейрофибрильдік шумақтар
дейді. Осыдан нейрондардың бҥліністері болып, олар
тіршілігін жоғалтады, нейрондарда ацетилхолинтрансфераза
ферменті тҥзілмеуінен ацетилхолин қатты азайып кетеді,
тҥйіспелер арқылы жҥйкелік серпіндердің тарауы бҧзылады.
Біртіндеп оттегі мен глюкозаның жҥйке жасушаларымен
пайдаланылуы
азайып, мида қан
айналым нашарлайды.
Науқастардың жадында ҧстау қабілеті тез арада немесе
біртіндеп
азая
береді,
жҥре
пайда
болған
шартты
рефлекстер жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: