Патологиялық анатомия



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата06.02.2022
өлшемі299,9 Kb.
#81841
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Патанатомия и патофизиология

Жалпы нозология. 


Нозология (гректің поsos — ауру, дерт, Іоgоз —- ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бүл 
медицина ғылымының ең бір көне күрделі мəселесі. 
Аурудың мəнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін 
денсаулық толық зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері əлі 
жинақталмаған.
Егер организімнің сыртқы қоршаған орта (адам үшін əлеуметтік орта) жағдайларына 
бейімделу қабілеті бұзылмаса,


онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. 
Денсаулықтың физиологиялық өлшемі балып қалыптылық немесе белгілі бір түрақты 
өлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық (қан қысымы-ның деңгейі

г

дененің 
температурасы

г

қан жасушаларының саны, қандағы əртүрлі заттардың глюкозаның, 
нəруыздың ж. б. деңгейі т. с. с.) көрсеткіштердің көпшілікке тəн арифметикалық 
орташа деңгейімен анықталады. Ал

,

бұл көрсеткіштер əр жерде əртүрлі болуы мүмкін. 
Мəселен, таулы жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттердің саны орташа 
арифметикалық деңгейден көп болуы мүмкін. Емтихан тапсырар алдында 
студенттердің қанында глюкозаның мөлшері мен кан қысымы көтерілуі байқалады. 
Тамақ ішкеннен кейін шеткі қанда лейкоциттердің саны көбейеді. Міне осындай ж. б. 
жағдайларда бүларды ауру адамның қатарына жатқызуға болмайды. Сондықтан 
орташа арифметикалық көрсеткіштермен денсаулық жайлы қорытынды жасау кейде 
ауыр қателіктерге əкеулі мүмкін. 
Сондықтан 1946 Бүкіл əлемдік денсаулық сақтау үйымы (БДҮ) денсаулық туралы 
мынандай анықтама берді: «Денсаулық дегеніміз ол денеде дерт пен көзбен көретін 
ақаулардың болмауы ғана емес, адамнын көңіл-күйі мен əлеуметтік жағдайларының 
толық сəттілігі». Сонымен, ауру деп қоршаған ортаның ықпалдарына организімнің 
бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, оның қалыпты денсаулығының 
бұзылуын айтады.
Ауру деп айту үшін оның мынадай үш түрлі нышандары болуы қажет:
1. тұлғалық əйгіленімдері (субъективтік симптомдары) немесе науқас адамның өзін-өзі 
сезінуі;
2. дерттің дəлелімді əйгіленімдері (объективтік симптомдары);


3. қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның икемделіп-бейімделу 
мүмкіншіліктерінің шектелуі. 
^

 Тұлғалық əйгіленімдердің

негізінде адамды əлі ауру деп айтуға болмайды. Кейбір 
адамдар жоқ сезімді бар деп шағынуы мүмкін. Мəселен, ауыр қылмыс жасаған адам 
өтірік науқас болуға тырысатыны белгілі. Кейбіреулер осындай айлакерлікті соғысқа 
қатыспау үшін жасайды. Кейде өздерінің сезімін тым əсірелеп көрсетуі мүмкін. 
Сондықтан жекелеген аурулардың көріністерімен оқулық əдебиет арқылы таныса 
бастаудан 3-курстың студенттерінің арасында сол аурулардың белгілерін өздерінде 
табу жиілейді. Бұндай аурулар 3-курс студенттерінің . аурулары делінеді. Кейде науқас 
адам өзінде бар ауруды ұзақ уақыт сезбеуі ықтимал. Артериалық гипертензиялар, 
бүйрек аурулары, қантты диабет, ісіктердің ж. Б. Көптеген аурулардың бастапқы 
кезеңдері науқас адамдарға білінбей өтуі мүмкін. 
Аурудың 

дəлелімді əйгіленістері

(объективтік симптомдары) медициналық 
аспаптармен клиникалық жəне лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады. Кейде 
бұл əйгіленістердің болуы да əлі ауру деуге негіз бермейді. Мəселен, адамның қанында 
глюкозанының тамақ ішкеннен кейін деңгейі əдеттегіден жоғары болады Таулы 
жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттер көбірек болатыны белгілі. 
Аурудың үшінші нышаны – қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның 
икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі, осыдан ересек адамның еңбекке 
қабілетінің төмендеуі байқалады. 
Осы үш нышандары бірге қабаттасып адам бойында болғанда ғана оны ауру деуге 
болады. 
Аурулардың жіктелулері 
^

 Пайда болу себептеріне қарай:

туа біткен жəне жүре пайда болған аурулар деп 
ажыратылады. Туа біткен аурулар: тұқым қуалайтын тектік ерекшеліктерден немесе 


іштегі ұрықтың даму бұзылыстарынан немесе туылу кездеріндегі кесепаттардан 
дамитын болулары мүмкін. Жүре пайда болған аурулар: жұқпалы жəне жұқпалы емес 
болуы ықтимал.
^

 Даму жолдарына қарай

оларды аллергиялық, қабынулық, зат алмасулық, нервтік 
дистрофиялық т. б. аурулар деп ажыратады. 
Даму жылдамдығы мен көріну қарқынына қарай

:қауырт, жіті, жедел дамитын, тез 
дамитын, баяу дамитын, созылмалы ауруларға ажыратылады. 
^

 Арнайы дерттік өзгерістердің денедегі деңгейіне қарай

: молекулалық, 
хромосомалық, ағзалық, жүйелік деп бөлінеді.
Науқас адамдардың жасына қарай

: жаңа туған нəрестелердің, балалардың, ересек 
адамдардың жəне қарттардың аурулары болады;
^

 Жынысына қарай

: əйелдердің жəне еркектердің ауруларын ажыратады. 
Аурулардың өту кезеңдері 
 
Қандайда болмасын аурудың өтуі үш кезеңге бөлінеді:
1. аурудың бастапқы кезеңі;
2. аурудың айқындалу кезеңі;
3. аурудың аяқталуы мен салдарлары
Ауруалды деп қоршаған ортаның жағдайларына организімнің икемделіп-бейімделу 
мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, сəйкес сауықтыру шаралары болмауынан 
ауруға ауысатын адамның жағдайын айтады. Бұл кезең жасырын жəне аурудың 
басталу сатыларынан тұрады. Жасырын сатысы ауру туындататын ықпалдың əсерінен 
бастап аурудың алғашқы клиннкалық көріністеріне дейінгі уақытқа созылады. Ол 


жұқпалы аурулар кездерінде инкубациялық, химиялық заттармен уланулар, сəулелік 
ауру ж. б. кездерінде латенттік, өспелер дамуында - өспе алды немесе обыралды 
делінеді. Бұл сатының ұзақтығы бірнеше секундтан (ұланулар кездерінде) бірнеше 
жылдарға дейін (өспелер дамуы кездерінде) созылуы мүмкін жəне бұл кезде аурудың 
ешқандай көріністері болмайды.
Артынан аурудың алғашқы хабаршы, бейнақты, белгілері: əлсіздік, көңіл-күйдің 
бей-жайлығы, ұйқының бұзылуы, тəбеттің болмауы, бас ауыруы т. с. с. пайда болады. 
Бұл аурудың басталу сатысын хабаршы (продромалық) сатысы дейді. 
Осыдан кейін аурудың екінші айқындалу кезеңі басталады, оның барлық клиникалық 
əйгіленімдері (симптомдары) айқын байқалады. Олар дамыған ауруға ғана тəн арнайы 
(спецификалық) жəне көптеген ауруларға жалпылама бейнақты (бейспецификалық) 
болып ажыратылады. Сонымен бірге, аурудың əйгіленімдері (симптомдары) тұлғалық 
(субъективтік) жəне дəлелімді (объективтік) болады.
Аурудың аяқталуы мен салдарлары көпшілік жағдайда ауру адамның сауығуымен 
аяқталады. 
Сауығу - науқас адамның бұзылған ағзалары мен тіндерінің құрылымы мен 
əрекеттерінің жəне қоршаған ортаның ықпалдарына сəйкес оның бейімделу 
мүмкіншіліктерінің қалпына келуі. Ересек адам үшін сауығудың белгісі болып, оның 
еңбекке оралуы есептеледі. Бұл жағынан оны реабилитация (лат. Re - қайтадан, abilitas 
- жарамдық) - қайтадан еңбекке жарамдық дейді. 
Сауығу толық немесе жартылай болуы мүмкін. Көрсетілген сауығу механизімдері 
жеткіліксіз болғанда, дұрыс ем тəсілдері қолданылмағанда ж. б. жағдайларда сауығу 
жартылай дамиды. Мысалы, ревмокардиттен кейін жүрек қақпақшаларында ақау 
қалыптасуы мүмкін. Қабынудан кейін ағзаның қызметін бұзатын көрнекті тыртықтар 
қалуы ықтимал. Кейде ауру туындататын əсер немесе оның даму жолдарында пайда 
болған өзгерістер тоқталмаған жағдайларда ауру созылмалы түрге ауысады. Дерттің 
созылмалы түрге өтуінің белгілері: ремиссия, рецидив (қайталану), асқыну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет