Педагог кадрлар аттестацияси комиссиялари ва



бет8/23
Дата25.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#114702
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
курс жұмыс КураловаГулдана[1]

2.Есім баяндауыштар

2.1. Есім баяндауыштар туралы жалпы түсінік

Есім баяндауышты сөйлемдер Еуропа тілдерінде көмекші етістік (связка) арқылы жасалады. Мысалы, Бұл кітап дегенді неміс тіліндe Das ist ein Buchgen ist дәнекерін қосып айтады. Орыс тілінде де ондай есімді сөйлемдер, көбінесе, есть связкасы арқылы айтылады. Сол тілдердің грамматикаларының ізімен еңбек жазған түркологтардың бір қатары «баяндауыш» деген ұғымды «етістік» деген ұғыммен байланыста қарайды да, жалаң есімдердің баяндауыш болуын онша ескермейді.

Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді, бұл үшін олардың қасында көмекші етістіктің тұруы шарт емес. Сонымен қатар есімді сөйлемдердің қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктері де бар. Оларды басқа тілдердің, мысалы, орыс тілінің фактілерімен салыстырғанда дұрыс түсінуге болады.

Мен студентпін – Я есть студент. Бұл сөйлемдердің сыртқы тұлғалық белгілеріне қарасақ та, сөйлемге бас мүшелердің өзара байланысу амалдарына қарасақ та, елеулі айырмашылығы барлығы байқалады. Егер мен студентпін дегенді я студент деп аударсақ, ондағы айырмашылық баяндауышқа қазақшада жіктік жалғаудың жалғауында ғана емес, сол арқылы баяндауыштың баяндауыштық мүшелі дербестігі сақталып, сөйлемдік құрылысының берік болуында. Сондықтан қазақша Ол - оқушы дегендегі баяндауышты бастауышсыз айтуға болмайды, ал оқушымын, студентпін деп сөйлемді бір құрамды етіп айта бере аламыз. Сонда сөйлем құрылыс жағынан ықшамдылық қасиетке ие болады. Бұл – қазақ тілінің артықшалығы емес, өзгешелігі.

Осы мысалдағы, «Наверняка буду учеником» деген ұғымды «Оқушы болатын болдым» деп айтқанымыз мұнымен бір емес. Соңғыдағы негізгі предикаттық мағынаны білдіретін сөз – оқушы, одан кейін тұрған көмекші етістіктер предикатық ұғымға келер шақтық мағына қосудың аналитикалық амалы ретінде жұмсалған. Оны «Оқушы болдым» дегенмен салыстырсақ, екеуінің арасында елеулі шақтық айырмашылық байқалады.

Ал есім баяндауыштардан кейін тұратын көмекші етістіктер баяндауышқа ондай тек шақтық мағына қосып қана қоймайды, сөйлемнің тұлғасын түрлендіретін де қызметте жұмсалады.

Сондықтан Мен оқушымын, Сен оқушысың, Ол – оқушы дегендерді таза есімді сөйлем деп қарасақ, Мен оқушы едім, Мен оқушы болатын болдым. Сен оқушы болатын болдың дегендерді есімді және етістікті сөйлемдердің екі арасынан орын алатын, бірақ есімді сөйлем болу қасиеті басым, жай сөйлемнің ерекше бір есім-етістікті құрама баяндауышты түрі деп қараймыз.



Мен де осы мектептің оқушысымын деген сөйлемді де есімді деп танып жүреміз. Бірақ оның жоғарғы сөйлемдерге қарағанда тұлғалық та, мағыналық та ерекшелігі бар. Оны орысшаласақ, Я тоже ученик этой школы дер едік. Соңғыда баяндауыш – ученик. Қазақшада баяндауыш – мектептің оқушысымын. Бұл екі сөз – басқа жағдайда бір-бірінен айыруға болатын, бірінсіз-бірі айтыла беретін изафеттік құрылыстағы сөздер. Бірақ бұл арада олар предикаттық бір тізбек болып, бірі екіншісіне меншіктеліп баяндауыш қызметінде айтылған. Мұндай есімдер тіркесінен болған баяндауыштарды күрделі есім баяндауыштар дейміз.

Қазақ тілінде зат есімді, сол сияқты басқа есімдерді, түбір күйінде баяндауыш қызметінде қолдану үшін, бастауыш пен баяндауыш белгілі орында тұрады: баяндауыш бастауыштан кейін тұруы керек: Ол – студент, Рабиға – инжинер, Абай – ақын, т.б. Бірақ ондайда қатар айтылған тұрлаулы мүшелерді өзара байланыстырып, олардың мүшелік қызметін айқындауға себеп болатын – дауыс ырғағы.

Бұл айтылғандар – есімдердің ІІІ жақта тұрып баяндауыш болуының шарттары. Ал, І,ІІ жақта (баяндауыштық) жалғаулар жалғанады. Ондайда есімдерден болған баяндауыштарға тиісті жіктік есімдерді баяндауыш етуге дауыс ырғағының көмекшілік қатысы болмайды және бастауыш пен баяндауыштың әр уақытта қатар тұруы да шарт емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет