Педагог кадрлар аттестацияси комиссиялари ва


Сапалық есімдер мен есімдіктерден болған



бет10/23
Дата25.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#114702
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
курс жұмыс КураловаГулдана[1]

2.3. Сапалық есімдер мен есімдіктерден болған

баяндауыштар
Сапалық есімдер мен есімдіктердің бәрі де баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Бірақ олардың баяндауыш болу дәрежесі де, баяндауыштық қызметі де бірдей емес.

Сапалық есімдер (сын есім, сан есімдер), әдетте, зат есімдердің әр алуан сындық, сандық сапасын білдіріп, көбінше, анықтауыш болумен қатар, баяндауыштық та қызметте көп айтылады. Олар анықтауыш болғанда, анықтайтын зат есімнің алдында келсе, баяндауыш болғанда, бастауыштан соң тұрады, оның қандай, қанша екенін, қандай күйде екенін білдіреді. Ай жарық; Қар қалың; Ауа райы жақсы; Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.

Сапалық есім баяндауыштар бастауыштардан оқшауланып, айырым интонациямен айтылады. Ондайда бастауыштардың айтылу әуені көтеріңкі болады да, баяндауыштардың айтылу әуені одан төмен болады:

Сапалық есімдерден болған баяндауыштар І, ІІ жақтық жіктік жалғауларда айтылғанда, олар бастауыштан оншалық оқшаланбайды, мұндайда екі бас мүше бір сыдырғы әуенмен айтылады:



Біз бақыттымыз. Сен әдептісің. Сіз еріншексіз. Біз он жетіміз. Біз жиырма төртпіз (Ғ. Мүсірепов).

Сапалық есімдер тәуелдеулі зат есімнен бастауышы бар сөйлемдердің баяндауышы болып жиі кездеседі:



Кіре берістегі әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа (Ғ.Мұстафин). Оның бойы зор, бас бітімі ірі келген, келбетті (М.Әуезов).

Есімдіктер қай сөз табына қатысты сөздердің орнына жүрсе, сол сөзге тән синтаксистік қызмет атқарады. Солай болатындықтан, есімдіктердің бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен бұл қызметте жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері жиі кездеседі: Бұл кім өзі? – Ол сенсің ғой, Абай! Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі- осы (М. Әуезов).

Жіктік жалғауларымен тұлғаланып баяндауыш болатын жіктеу есімдіктерінің бір ерекшелігі мынада: егер басқа баяндауыштар бастауыштың жақтық мағынасына үйлесімді тұлғанатын болса, жіктеу есімдіктерден болған баяндауыштар өздерінің жақтық мағынасына үйлесімді болып тұлғаланады; Айтқан менмін. Бастық сенсің. Басқаға үлгілі болатын бізбіз.
«Бар», «жоқ» сөздернің баяндауыш қызметінде

жұмсалуы


Арада тау бар, тас бар, өзен бар, теңіз бар, итмұрын өтпейтін қалың орман бар, олардан қалай өттің?(Ғ.Мүсірепов).

Бұл сөйлемдерде бар сөзі бастауыштармен қатар тұрып, баяндауыш қызметінде жұмсалған: тау бар, тас бар, өзен бар, орман бар.

Сол сияқты, жоқ сөзі баяндауыш болып жиі қолданылады:- Жоқ, жоқ? Нағыз сұлу, нағыз ақылды бала менікі еді...Сенде ол да жоқ (Ғ.Мүсірепов).

Бар, жоқ сөздері баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, бастауыш болған заттардың қайда, кімде, неде екенін, бар-жоқтығын факт ретінде баяндайды. Ондай сөйлемнің құрамында жатыс жалғаулы пысықтауыш не толықтауыш жиі кездеседі.

Алматыда Омарбек деген жолдасым бар. Жылқыда өт жоқ (Мақал). Аспанда алақандай бұлт жоқ.

Осындай болымды, болымсыз сөйлемдердің де баяндауыштары, басқа есім баяндауыштардай, І, ІІ жақта жіктік жалғауларында айтылып, бастауыштармен қиысып тұрады.



Мен бұл тізімде бармын.

Біз бұл тізімде бармыз.

Мен бұл тізімде жоқпын.

Біз бұл тізімде жоқпыз.

Бар, жоқ сөздерінен болған баяндауыштар ІІІ жақта әр уақытта сөйлемнің соңында, көбінесе, бастауыштармен қатар тұрады.

Сырдың Алмалық қонған жағасында қалың қамыс бар (С.Мұқанов). Бәріміздің өміріміздің басталуы бар ...еске түссе, жүректі тулататын оқиғаларымыз бар (Ғ.Мүсіреов).

Төрі толған түлікке -

Ұлан- байтақ жерің бар,

Көкорайлы белің бар.

Айдың шалқар көлің бар.

Сағасы мол көп өзен,

Өлке толған егін бар

( Жамбыл).

Жоқ сөзі өткен шақтық есімшемен тіркесіп, сөйлемнің күрделі баяндауыштың құрамында да қолданылады:

Ол арқан іздеген жоқ, шынжыр іздеген жоқ, құрсау іздеген жоқ (С.Ерубаев). Соғыс салдары канал құрылысының екпінді қарқынын әлсіреткен жоқ (С.Мұқанов). Сенің қанды тұяғың ол жерге жеткен жоқ (Ғ.Мүсірепов). Рахмет Дәуірдің кім екенін білген жоқ. Әлде қайда тау жарылып жатқан жоқ па еді, жер астындағы күштер қозғалып, жер сілкініп жатқан жоқ па еді? (С.Ерубаев)
Есімдерден болған күрделі баяндауыштар

Күрделі баяндауыштың құрамы. Есімдерден құралған сөз тіркестері де баяндауыш қызметінде жұмсалады. Сөз тіркестерінің күрделі баяндауыш болуы, біріншіден, сол сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің ерекшеліктерімен байланысты, екіншіден, олардың бастауышқа қатнасымен байланысты. Күрделі есім бастауыштардың құрылысы, негізінде, мынадай болады:

1.Күрделі атаулар мен күрделі есімдер:

Бейбітшілік ордасы- халықтар достығы. Екі ауданның арасы- бір жүз елу бес километр.

2.Изафеттік тіркестегі есімдер тобы:



Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

(Абай)

Есімдерден болған күрделі баяндауыштар қалай танылады? Баяндауыш болған сөз зат есім болғанда, ол зат есімнің анықтауышы болуы мүмкін. Көп жерде олар сол тобымен күрделі баяндауыш тәрізді болып көрінеді. Ондай өзара грамматикалық байланыста тұрған анықтауыштың бәрі күрделі баяндауыш бола бермейді. Ол - мектепті биыл бітіретін оқушы дегеннің грамматикалық бастауышы - ол, баяндауышы – оқушы, ортадағы сөздер- баяндауыштық мағынадағы тұрлаусыз мүшелер. Оспан - ерінбейтін жұмысшы дегенде, Оспан- бастауыш, жұмысшы- баяндауыш.

Ондай сөйлемдерге синтаксистік талдау жасағанда, бастауыш, баяндауыш деп танылатын екі сөздің сөйлемдік дәрежесінің қалай екеніне қарау керек: Ол - оқушы, Оспан - жұмысшы дегендер - тиянақты ойды білдіретін бастауыш, баяндауышты сөйлемдер. Сонымен қатар сөйлемнің жалпы мазмұнына қарау керек. Мысалы:

Мына қыз - кедейдің қызы. Ауылдың бір шетімен бір шеті - ат шаптырым. Қарағанды биік белдің солтүстік бетінде (Ғ.Мұстафин).

Бұл сөйлемнің баяндауыштары күрделі. Күрделі деп танылатын себебі - олар сөйлемдерде айтылған ойға лайық күрделі қалпында бастауыштардың жайын баяндап тұр.

Сөйтіп, предикаттық топтағы есімдердің соңғы сөзі сөйлемде айтылатын ойға лайық бастауышпен қатар айтқанда, тиянақты мағынаны білдірсе, ол дара баяндауыш болады. Оның маңындағы сын есімдер, сан есімдер, есімшелер оның анықтауышы болады. Ал олай болмай, предикаттық топ түгелімен бастауыштың жайын хабарлап тұратын балса, олар күрделі болады.

Жоғарғы мысалдардағы есім баяндауыштардың көпшілігі – изафеттік құрылыстағы сөздер. Ол сөздер өзара берік байланыста болғандықтан, бастауышқа сол матаса байланысқан тіркес тобымен қатысты болып тұр. Сол сөз тіркестерінің тек тәуелдеулі соңғы сөздерін ғана баяндауыш деп, ілік жалғаулы сөздерді, басқа ыңғайдағыдай анықтауыш деп талдасақ, онда тұтас сөйлемнің мағынасын елемеген боламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет