Педагог кадрлар аттестацияси комиссиялари ва


Зат есімдерден болған баяндауыштар



бет9/23
Дата25.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#114702
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
курс жұмыс КураловаГулдана[1]

2.2. Зат есімдерден болған баяндауыштар
Зат есімдер түрлі тұлғада, тіпті кейбір сепік жалғауларында тұрып та, баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Ондай зат есімдерден болған баяндауыштар бастауыштың, негізінде, заттық сапасын – кім, не екенін - білдіреді:

Түнергенде – түнмін, күлгенде – күнмін. Сөзім – шекер, тілім – бал, лебізімнен алған нәр (Ғ.Мұстафин). Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек (Мақал). Адамның ішкі сезімінің айнасы – көз (С.Мұқанов). Ән шырқаған -...жылқышы қыз (М.Иманжанов).

Бұл мысалдардан мынаны байқауға болады: түнмін, күнмін – жіктік жалғаулары арқылы зат есімдерден болған баяндауыштар. Ал жіктік жалғаусыз ІІІ жақта баяндауыш болған зат есімдер (шекер, бал, жапырақ, шүберек, қөз, жылқышы қыз) сөйлемде тұрған орнына қарай, ерекше әуенмен айтылу арқылы сол қызметте жұмсалған. Олардың көбінің мағыналары бастауыштармен теңдес келеді. Сондықтан бұл екі мүшені көп жерде еркін орын ауыстырып айта беруге болады. Бірақ сонымен қатар олардың синтаксистік қызметі де ауысады: бастауыш-баяндауыш, бұрынғы баяндауыш-бастауыш болады:



Адам ішкі сезімінің айнасы – көз. Көз –адам ішкі сезімінің айнасы; Мәскеу – астанам. Астанам – Мәскеу.

Бұлардың мағыналары да бірдей емес: зат есімдерді бастауыш етіп айтудан гөрі баяндауыш етіп саралап айтудың мағыналық әсері ерекше болады. Сондықтан ондай есімді сөздер әдебиеттерде ойды ықшамды түрде дәл айтудың ерекше стильдік тәсілі ретінде жұмсалады. Сонымен қатар көркем әдебиетте жоғарғыдай есім баяндауыштар метафоралық теңеу қызметін атқарады. Ондайда сөйлемнің бастауышы, көбінесе, тәуелдік жалғауларының бірінде жұмсалады: Сөзім - шекер, тілім – бал (Ғ.Мұстафин). Өлеңім - балға, ән - қашау...(Жамбыл). Қазағым-жолдасым, қаламым –сырласым (Шәкәрім).

Зат есімдер көлемдік септіктерде, әсіресе, жатыс, шығыс жалғауларында баяндауыш қызметінде айтылады;

Вагонда ояу тірі жан жоқ, бәрі де шырт ұйқыда. Оның ұғымында дүниедегі ең зор байлық суда. Қой баласы қозыдан (Мақал).

Жатыс жалғауда тұрған шығыс, барыс жалғаулардағыдан гөрі жиі ұшырайды. Сонда жатыс жалғаудағы баяндауыш қай сөзден болғанына қарай бастауыштың мекенін, орнын қалыпты күйін, қимылдың дүркінділігін білдіреді.

Тәуелдік жалғаулы зат есімдер басқа жағдайда өзі ілік септікті заттың меншігі болып тұратын болса, баяндауыш қызметінде ол екеуі не тәуелді сөздің бір өзі баяндауышы өзіне меншіктеп тұрады (Мысалы: Алматы –астанам, Райхан – қарындасым). Ал бастауышта тәуелдеулі сөздер болса, ол екеуінің бұл айтылғандай мағыналық қатынасы болмайды.

Менің үлкен ағам – университеттің суденті. Сенің бақытты болғаның – менің бақытты болғаным дегендерде, бастауышпен күрделі баяндауыштар арасында біршама теңдестік бар. Осылар тәрізді, Бұл күнге дейінгі қоғам тарихы – тап тартысының тарихы деген сөйлемдердің баяндауыштары белгілі құбылысты атайды, ал баяндауыштары сол құбылыстың маңызын баяндайды. Есім баяндауыштардың бастауыштары есімдіктер, есімшелер жинақтау сан есімдер болғанда, ол мүшелердің өзара қарым – қатынасы басқаша да бола береді:

Бұл – Байжанның талай келген үйі (С. Мұқанов). Тебіндегі жылқыны бұл – менің бірінші рет көруім. Әлібек келгенде, табыншының үйінде екі адам бар еді. Бірі кемпір, бірі – Ардақ (Ғ. Мұстафин).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет