Педагог кадрлар аттестацияси комиссиялари ва



бет4/23
Дата25.01.2022
өлшемі74,9 Kb.
#114702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
курс жұмыс КураловаГулдана[1]

1. Баяндауыш

1.1Баяндауштың жасалуы
Сөздердің түбір күйінде баяндауыш болуы. Қай сөздің болса да сөйлемде баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субьектілік, предикаттық қатынастан көрінеді. Сондықтан баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе, бастауышпен қатар қойып айтқанда айқын болады. Қара, керек сөздері сен малға қара, мысыққа ойын керек дегендей тіркесте айтқанда болмаса, олардың баяндауыш екендігі белгілі болмайды. Рас, бірқатар сөздердің атау, түбір күйінде маңында басқа сөздер болмаса да баяндауыш қызметінде екені айқын болатыны бар. Көтеріңкі дауыспен Шық! Мақұл! Дұрыс! Масқара! дегенде, олар жеке тұрып-ақ баяндауыш қызметінде жұмсалуы мүмкін. Бірақ ондайда олар сөйлемдік әуенмен айтылуға тиіс не маңында басқа сөздер болуы керек.

Сондай дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болатын сөздер – етістіктер. Олардың түбір күйінде баяндауыш бола кетуінің себебі олардың ІІ жақтық грамматикалық мағынаны да білдіруімен байланысты болуы керек. Сондай сөздердің баяндауыш қызметінде жұсалуы олардың айтылу жағдайымен де байланысты. Жападан-жалғыз жайбарақаттанып отырған кісі қоңыр дауыспен өзіне-өзі шық, түс десе, сырттан кісі не айтып отырғанын түсінбес еді, айтып отырғаны қай шық, қай түс, - етістік мағынасындағы шық, түс пе не зат есім мағынасындағы шық, түс пе? Ал бір кісі екіншісіне есік жаққа бас изеп шық десе, не атты кісіге қарап жерде тұрған кісі түс десе, онда жоғарғы сөздердің баяндауыштық мағынасы айқын болады. Мен, рас деген сөздер жеке айтылса, баяндауыш болмас еді. Ал Мен шығарған кім? дегенде – Мен десе, осы айтып отырғаның рас па? дегенде – рас десе, олар толық мағыналы бастауыш болар еді.

Сөйтіп, жоғарғыдай жеке сөздердің өз алдына баяндауыштық қызметте тұруы олардың басқа сөздермен мағыналық байланыста айтылуынан болып отыр.

Есім сөздер де түбір күйінде, ешқандай баяндауыштық жалғау жалғанбай-ақ баяндауыш бола береді. Бірақ ол үшін бастауыш пен баяндауыштар қатар айтылу керек. Сонда олардың сол қызметте жасалуына себеп болатын жағдай олардың сөйлемде белгілі орында тұруы болады. Жамал отызда. Ол тәртіпті. Сапар – доктор, т.б.

Оның үстіне баяндауыш бастауыштан дауыс ырғағы арқылы бөлініп, онымен қарсыласа қабаттасып келеді. Ондай амалмен баяндауыш болған сөздің де бастауышпен байланысы әрі мағыналық, әрі грамматикалық болады. Оларды бастауышсыз айтуға болмайды, бұл – бір, екіншіден, бастауыш көптік мағынада, көптік жалғауында айтылғанмен, оның есім бастауышы, П.М.Милиоранский айтқанындай емес, көптік жалғауында тұрса да, тұрмаса да бастауышпен грамматикалық байланыста бола береді. Олар – оқушы. Олар – оқушылар.

Еістіктің кел, бер, ал, отыр сияқты түбір күйі де сол қалпында, жіктік жалғауынсыз-ақ, сөйлемдер тұрған орнына қарай баяндауыш бола береді дедік. Бірақ олар ІІ жақтық мағынада айтылып қалыптасқандықтан, кейде бастауышсыз да жұмсалады, бастауышпен орын ауысып та айтылады. Кел, балалар, оқылық (Ы.Алтынсарин). Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл).

Түбір етістіктердің ішінде жақтық мағынасы екі түрлі болып келетіндері: тұр, отыр, жатыр, жүр. Бұлар осы қалпында дара тұрып ІІ жақтық та, ІІІ жақтық та баяндауыш болуы мүмкін.

Бірақ бұл етістіктер ондайда екі түрлі шақтық мағынада, екі түрлі синтаксистік байланыста жұмсалады. Олардың жақтық мағынасын сол өзгешеліктеріне қарап айтуға болады.

Сен орындыққа отыр (келер шақ). Ол орындықта отыр (осы шақ). Сен өз орныңда тұр (келер шақ). Ол орнында тұр (осы шақ). Сен өз орныңда жат (келер шақ). Ол өз орнында жатыр (осы шақ).

Сөздердің грамматикалық тұлғалар арқылы баяндауыш болуы. Баяндауыштардың морфология-синтаксистік тұлғасы – жіктік жалғаулары. Жіктік жалғаулар - әрі баяндауыштық тұлға, әрі бастауыш пен баяндауышты өзара байланыстыратын синтаксистік тұлға. Олар тек етістікке ғана емес, баяндауыш қызметіндегі І, ІІ жақтық есімдерге де жалғанады. Егер жіктік жалғаулар етістіктердің отыр, тұр, жүр, жатыр деген төрт етістікпен басқаларының түбіріне тікелей жалғанбай, көсемше, тұйық рай қосымшаларынан кейін ғана жалғанатын болса, есімдердің негізгі, туынды түбірлеріне де, тіпті, жатыс, шығыс септіктеріндегі сөздерге де жалғана береді. Мен қырықтамын. Біз бәріміз ауылданбыз.

Бұдан жіктік жалғаудың сөздерге жалғану мүмкіншілігі үлкен, синтаксистік қызметі әрі орнықты екенін әрі бастауыштық тұлғасын бастауыштан көруге мүмкіндік беретін грамматикалық форма екенін аңғарамыз.

Түркі тілдерінің бір қатарларында (мысалы, өзбек, құмық, т.б.) есімдерден болған баяндауыштарға кейде дүр, дир, дыр, тұр тұлғасы жалғанады. Қазақтың қазіргі әдеби тілінде ол баяндауыштық тұлға жұмсалмайды десе де болады. Оны фольклордан, өткен ғасырлардағы әдебиеттен ғана кездестіруге болады.

Жақсылыққа жамандық –

Әр кісінің ісі дүр.

Жамандыққа жақсылық

Ер кісінің ісі дүр

(Мақал).

Баяндауыш қызметі жіктік жалғаулардан болмағанмен, көбінесе, баяндауыш болған сөзге жалғанатын қосымшаның бірі – дікі, -нікі, (ның-кі). Ол тұлғадағы есімдердің қазақ тіліндегі предикаттық мағынасы басқа түркі тілдеріндегідей болады.

Ол қосымша жалғанған баяндауыштар, жоғарыда айтылғандай, басқа затқа меншіктелмейді, басқа затты өзіне тәуелді етіп, өзі меншік иесі болады. Мысалы

Киіз кімдікі болса, білек соныкі (Мақал).

Айтқаныңыз келсе, Кертөбел сіздікі.

- Осынау үй кімдікі? – Кәрібайдікі. Әне біреу үй Құтжан дегендікі. (Ғ.Мұстафин).

- нікі, -дікі қосымшасы жалғанған сөздердің баяндауыш болу амалы да оның сөйлемдегі орнымен байланысты. Солай болғандықтан ондай тұлғадағы баяндауыштар бастауыштардан соң тұрады, бастауышсыз айтылмайды. Өйткені ондай баяндауыштардың меншіктеп тұратын заттары сол сөйлемдердегі бастауыштар болады.

Сенің ұлың менікі,

Бақытты біздің жердікі,

Ер өмірі күнде той,

Айқай, қызық заман ғой! (Жамбыл).

Баяндауыштардың негізгі түрлері: Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен, көбінесе, баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты-басты негізгі екі салаға бөлінеді.

1.Етістік баяндауыштар;

2.Есім баяндауыштар.

Етістік баяндауыштар да, есім баяндауыштар да дара күрделі және ол екі түрі аралас айтылған құрама болуы мүмкін.
Етістік баяндауыштар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет