56.Ұжым.Ұжымның белгілері мен даму кезеңдері Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.
Ұжым теориясына Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Щацкий, В.А.Сухомлинский, т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К.Крупская 1926 жылы «Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы» атты еңбегінде: «Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету», -деп атап көрсетті.
Жеке адамның тәрбиесіне ұжымның тигізер әсері орасан үлкен. Баланы ұжым арқылы тәрбиелеу соны көне заманнан бері күн тәртібіне қойылып келеді. Солардың ішінде балаларды ұжымдық негізде тәрбиелеу мәселесін тәжірибе арқылы іске асыру әрекетін жасаған швейцар педагогі И.Г.Песталоции болды. Ол балалар үйін ұйымдастырып, оны үлкен отбасына айналдыруға тырысты, онда мейірбандық бірліккен әрекет және еңбек әуені орын алды. Ал теориялық жағынан бұл мәселені көтерген атақты «Әрекет мектебінің» негізін салған неміс педагогі Вильгельм Август Лай болды. Ол еңбек бірлестігі, қоғамдық әрекет жасауды педагогикалық принциптің негізі ретінде ұсынды.
А.С.Макаренко: «Ұжым дегеніміз жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы». А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір санасын, белгілерін көрсетеді.
1. Ұжым тәрбиесінің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бір бөлігі.
4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым байланысты және негізгі болып екіге бөлінеді. Байланысты ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым -бұл байланысты ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, байланысты ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет т.б.
Ұжым шығармашылық бірлікке іс-әрекеттің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асырау, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді.
Кеңес дәуірінде ұжым мәселесіне әсіресе көңіл бөлініп, ұжымда жеке адамның, баланың рөлі ескеріле бермеді. Адамды жеке тұлға ретінде қарау, сөз жүзінде болды да, іске асыру ұмыт қалды. Жеке бастың мүддесі, оның дамуы, оқушымен жеке жұмыс жүргізу, таланттарға жол ашу, белсенді, іскер адам тәрбиелеу күн тәртібіне қойылмады.
Елімізде орын алып отырған білім берудің алуан түрлі салаларындағы бүгінгі өзгеріс, адамды ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелей отырып, оның жан-жақты дамуына, өз мүмкіншілігін толық пайдалана отырып дамуына кең жол ашуды көздейді.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі. Мысалы, сынып жетекшісі сынып ұжымын ұйымдастыруда балалардың белсенді қатынасын ескермесе, ол өктемшіл басқару жүйесі болып есептелінеді. Бұған керісінше, оқушылардың өздерінде туындап отырған мәселелердің өздері шешіп отырса, онда ол демократиялық жүйе болып саналады.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесінен өзін-өзі дербес басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс. Сондықтан да оның қозғалмалы күші ең алдымен оқушыларға бағытталған. Себебі, ол өзінің болашақ қоғамдық маңыздылығымен ерекше.