67 мектептің оқу тәрбие процесін басқару
Оқу–тәрбие процесін бақылаудың бірнеше түрлері бар: фронтальдық, мысалы, барлық сыныптар, мектеп бойынша барлық жұмыстарды қамту т.б., тақырыптық – арнайы тақырып бойынша тексеру, дербес – кейбір мұғалімнің, тәрбиешінің т.б. іс-әрекетін бақылау, коллективтік – ұжымдық – белгілі бір ұжымның, топтың жұмысын бақылайды.
Мектептің оқу тәрбие процесін басқару көмекші басқарушылар, мұғалімдер, оқушылар мен байланыс ішіндегі көмекшілерді қосу арқылы жасалады. Оқу тәрбие процесін басқару үшін қазіргі мектеп басқару жүйесінің кейбір басты бағыттарын көрсету мүмкін:
1. Мектеп басқарушысы мен әкімшілік:
2. Мұғалімдерге бағыттама беру:
3. Оқушыларды қолдау беру:.
4. Шектеулі жағдайларды басқару:
68 Мектептегі әдістемелік жұмыс түрлері
Әдістемелік жұмыс мектепте өте жуапты жұмыстың бірі болып табылады. Өйткені ол мектептегі істелетін барлық жұмыстың ұйтқысы. Мектептің барлық жұмысының көрсеткіші. Олай болатын себебі тұтас педагогикалық процестің сапасы ең алдымен мектепте әдістемелік жұмыстың дәрежесіне, қойылысына, ұйымдастырылуына, әр мұғалімнің өзінің кәсіби іс-әрекетіне, жауапкершілігіне байланысты. Мектептегі оқу–тәрбие жұмысының сапасы, ең алдымен жеке мұғалімдердің жалпы дайындығына, біліміне, педагогикалық шеберлігіне байланысты.
1-кесте. Әдістемелік жұмыстың дербес және ұжымдық түрлері.
№
|
Әдістемелік жұмыстың дербес түрі
|
Әдістемелік жұмыстың ұжымдық түрі
|
1
|
Ғылыми әдебиеттерді, дидактиканы, тәрбие теориясы және пән бойынша методикалық, педагогикалық әдебиеттерді мұғалім зерттеп оқиды. Ол көптеген проблемалардың ішінен қажеттісін ажыратып таңдап ала алады.
|
Мектептің педагогикалық кеңесі.
|
2
|
Өз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарап, әдістемелік ұсыныстар, әдістемелік құралдар жасау, баяндамалар, мектеп ішілік, аудан, облыстық, республикалық, ғылыми–тәжірибелік конференцияларға, «педагогикалық оқуларға» белсенді қатынасу.
|
Мектептің методикалық кеңесі.
|
3
|
Пән бойынша оқулықтар жазып, конкурстарға қатынасу.
|
Мұғалімдердің методикалық пән бірлестігі.
|
4
|
Тәжірибелерді қорытып диссертациялық еңбектер жазуға, өзекті мәселелерді қорытып, ғылыми жүйеге келтіруге ат салысу, мұғалім шеберлігін шыңдай түседі.
|
Сынып жетекшілерінің методикалық бірлестігі.
|
5
|
|
Шығармашылық топтар.
|
Педагогикалық кеңес – тұтас педагогикалық процестің сапасын арттыруға, мұғалімдер ұжымының іс-әрекетін үйлестіру, білімді гумандандыру, оқу, тәрбие, білім беру ісін қазіргі талапқа сәйкес басқаруды қамтамасыз етумен айналысады.
Әдістемелік пән бірлестіктерді - әр бірлестіке үш одан да көп, бастауыш сынып мұғалімдері сынып санына байланысты болады. Бірлестіктің жұмысы жарты жылға не бір жылға жоспарланады, маслихаты екі айда бір өтеді. Мұғалімдердің шығармашылық тобы – мектептегі жұмыстың жаңа түрі. Шығармашылық ол мұғалімнен терең білімді, мол тәжірибені талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |