Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»


 Педагогикалық менеджмент негіздері



бет43/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

64 Педагогикалық менеджмент негіздері
Менеджмент «кадларды басқару» және «персоналдық менеджмент» пәндеріне, «тұлғалық менеджмент» пен «өзіндік менеджментке» жақын екенін көруге болады. 
Педагогикалық менеджмент – білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процессін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы. Садвакасова З.М. анықтамасы Педагогикалық менеджмент – Бұл басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру. Педагогикалық менеджмент білім беру жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған басқару ұстанымдары, əдістері, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тəсілдерінің кешенінен тұрады. Педагогикалық менеджмент мақсаты-басқару ұстанымдары, əдістері мен функцияларына негізделген тиімді (рационалды) басқаруды қамтамасыз ету, ортақ мақсатқа ұжымды жұмылдыру, адами ресурстарды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, педагог қызметкерлердің ынталандыру белсенділігін туғызу, олардың ішкі, сыртқы мүмкіндіктерін еңбек əрекетінде өнімді қолдану,басқарудағы қарама-қайшылықтарды жеңу жолдарын табу, іздеу. Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттері: адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыру; педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкердің қажеттіліктерін дамыту жəне оны мүмкіндігінше қанағаттандыру; адамдардың дамуын жетілдіру; педагог қызметкерлердің коммуникациялық дағдыларын, жеке жауапкершіліктерін дамыту; үрдісті жоспарлау, ресурстармен қамтамасыз ету; педагог қызметкерлердің жоғары ынталандыруын туғызу; үрдісті бақылау жəне түзету; оқыту үрдісін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру; нəтижеге қол жеткізу, тиімді басқару Педагогикалық менеджмент міндеттерін жүзеге асыруда келесі шаралар жүзеге асырылады: ұйымдастырушылық, əдістемелік, дидактикалық, тəрбиелік, жоспарлық, қаржылық кадрлық, қамтамасыз ету, ақпараттық, имидждік, бақылау- мониторингтік т.б. Осы іс шаралар кешені білім беру үрдісінің мазмұнын құрайды, оның нəтижелі орындалып, жүзеге асуы дұрыс ұйымдастырылатын басшылыққа, педагогикалық менеджментке байланысты. 
Сонымен, педагогикалық менеджмент еңбекті жаңаша ұйымдастыра отырып, білім беру үрдісінің тиімділігін жетілдіруге бағытталған басқару ісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет