Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»


 Мектеп жұмысын жоспарлау турлери



бет44/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

65 Мектеп жұмысын жоспарлау турлери
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу. Мектеп жұмысын жоспарлы түрде жүргізудің негізгі мектептегі барлық күшті – ұжымды және жеке адамдардың еңбегін уақыт жағынан белгілі жүйеге келтіре отырып, бір мақсатты жұмыс әстеуге жұмылдыру үшін қажет. Ол мектептің басты орындарының және мемелекет пен оқу–ағарту орындарының нұсқауларын дер кезінде орындауға да қолайлы. Жоспардың түрлері:
• мектептің 3-5 жылға арналған перспективалық жоспары;
• мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары;
• әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардың тоқсандық жоспары;
• қоғамдық ұйымдардың жоспары. Перспективалық жоспар аудандық (қалалық) оқу бөлімдерімен келісіледі.
Жылдық жоспар – мектепті бір мақсатқа дұрыс бағыттап, педагогикалық ұжымының, мектептің басқа да қосалқы қызметін тиімді үйлестіріп, іске жұмылдыру үшін жылдық жоспар жасалады. Оған мектеп директорының, оның орынбасарлалырының, оқу-тәрбиеге қатынасты барлық звенолардың жұмысына басшылық жасау мәселесі қамтылады.
Перспективалық жоспарлау – мектептің, мемлекеттің бағдар–бағытын, халыққа білім беру министірлігі мен оның жергілікті органдарының, әр шаруашылық региондағы экономикалық-әлеуметтік дамуының бүгінгі және ілгері мерзімдік бағдарларына үйлестіре жасалды. Жалпы алғанда перспективалық жоспарлау әсіресе социалистік жоспарлы шаруашылық кезінде негізгі жоспардың түріне енгізіледі.
Педагогикалық кеңестің, методикалық кеңестің, пән бірлестіктерінің, сынып жетекшілерінің жоспары жалдық жоспардың әр бөліміне сай мектептегі оқу–тәрбие жұмысын сапалы, дәйекті өткізуге, оқу бағдарламаларының тыңғылықты, уақытылы іске асып, сапалы орындалуын қамтамасыз етуге арналады.
66 Мектептин негізгі құжаттарының түрлері және сипаттамасы
. Мектеп құжаттарды шамамен алғанда, мына төмендегі жоба бойынша бөлінеді:
1) Басшылыққа алынатын материалдар (үкіметтің, оқу орнын басқару мекемелер т.б.)
2) Ұйымдастыру мәселелері (ережелер, міндеттер, актілер т.б.)
3) Оқыту, тәрбие беру жұмысы (оқу жоспары, бағдарламалар, педагогикалық кеңестің қаулысы, т.б.)
4) Мектептің жоспары, есеп–қисабы, есеп беру және статистикасы
5) Жалпыға бірдей білім беру (Оқушылардың тізімі, есепке алу қорытындысы жөніндегі шаралар т.б.)
6) Кадрлар (тағайындау, босату, оқушылардың жеке іс қағазы).
7) Мектептің жұртшылықпен байланыс жасауы және көпшілік арасында жүргізілетін жұмыс.
8) Қаржы, шаруашылық, жабдық-саймандармен қамтамасыз ету, жөндеу жұмысы. Бұл мектеп тіршілігіне байланысты өзгеруі мүмкін.
Мектеп қызметкерлерін есепке алып отыру үшін дербес кітапшпа болады. Мұғалімдердің жұмысқа келіп-кетуі есепке алып отырылады.
Аяқталған құжаттар, жинақталған қағаздар белгілі бір мерзімге дейін мектеп мұрағатында сақталады. Одан кейін жергілікті жердегі аудандық, облыстық мұрағаттарға тапсырылады.
Сынып журналы – негізі құжат. Журнал екіге бөлінеді. Бірінші жартысында, оқу пәнінің аты (әр пәнге бет арналады), сабақ кестесі, сабаққа қатысуы, бағасы, сабақтың мазмұны, үй тапсырмасы жазылады.
Екінші жартысында - әр сынып бойынша әр оқушыға мәлімет, сабаққа, келгенін, тоқсан бойынша, жылдық үлгірімін т.б. жиынтық ведомость жазуға арналады. (апайдың лекциясынан)
 Мектеп құжаттары – бұл мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының сандық және сапалық жай-күйінің сипаттамсы.
Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауға, оқу-педагогикалық есепті, мектептің іс қағаздарын жүргізуге байланысты мектептің өзіне жүктелген міндеттерді атқаруы және қызметінің нәтижесі арнайы құжаттарда жазылады.
Оқу бағдарламасы, оқу жоспары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет