Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»


Қазіргі мектептегі балаладың қоғамдық ұйымдары



бет40/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

59.Қазіргі мектептегі балаладың қоғамдық ұйымдары .Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесіарқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін өзібасқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері, кеңесшімұғалімдер - 5, ата аналар - 2 адам кіреді. Мұның қызметінегізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірінжақсарту және шешім қабылдау мәселелерін статегиялықжоспарлауды көздейді.
Мектеп және оқушылар өмірін басқарудың мұндай жүйесіқоғамды демократия жолмен басқарудың негізін қалайды, соған сәйкес оқушыларды тәрбиелейді. 
Бүгінде оқушылардың өзін-өзі басқаруды дамытудабелсенділерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Олүшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналыкөзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісінееркін араластуына, әрбір оқушының әлеуметтену процесінеқатысуына жағдай туғызу қажет. Әрине, негізгісі олардыосындай етіп міндетті түрде тәрбиелеу керек. 
Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқаруды дамыту үлгісіншартты түрде былай көрсетуге болады.
1.​Әрекеттің мақсатын анықтау.
2.​Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжымболып талқылау).
3.​Басқару мәселесін қою (идея ұсыну).
4.​Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесенақты бір нұсқасын таңдау).
5.​Шешімді қабылдау (жобаны қабылдау).
6.​Шешімді жүзеге асыру (әрекетті пәрменді түрдеұйымдастыру).
7.Ұжым болып нәтижесін қорытындылау (өздерініңмүмкіншілігін бағалау)
Өзінөзі басқару процесінің қозғаушы күші ондағы мотивтіңболуы. Сондықтан, өзін өзі басқарудың жоғарыдакелтірілген әрбір кезеңі мотивті қалыптастыруға нақтылыықпал етуі тиіс.
XX ғасырдық бас кезеңінде балалардың жәнежасөспірімдердің скауттық ұйымдары пайда болды. Бұлұйымдардың негізгі идеяларын жасаған ағылшынполковнигі Р.Баден-Поуэлл (1857-1941 ж.). Оның идеялары1847 жылы шыққан «Инструкция для скаутов» атты кітаптатолық жарияланған.
Скаутизм мектептен тыс тәрбие жүйесі, скауттықұйымдардың негізгі әрекеті. Оның мақсаты - жасжеткіншектерді буржуазиялық қоғамның идеяларынаберілгендік рухына тәрбиелеу.
1921 жылы мұндай ұйымдар Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция, т.б. елдерде өркендей бастады. 1972 жылы скауттар ұйымы 106 елде жұмыс істеді. Ресейдескауттардың отряды алғашқы рет 1909 жылы Пущино селосында ұйымдастырылды. 1914 жылы II Николайдыңжарлығы бойынша «Русский скаут» қоғамы құрылды. Негізгі мақсаты - жастарды ұлы державалық шовинизм және монархиялық құрылысқа берілгендік рухынатәрбиелеу.
1917 жылы Ресейде 50 мың скауттар болды. 1918-20 жылдары комсомолдардық I, II және IV съездерініңшешімдері бойынша скауттық топтар таратылып, олардыңорнына жаңа балалар ұйымдары құрылды.
1920-30 жылдарда бұрынғы КСРО-да және кейбір басқамемлекеттерде жасөспірімдер мен балалар ұйымдарыныңөсуі, скауттың ұйымдарының ықпалы төмендеуіне әсер етті. Өйткені бұл ұйымның Заңы, анты, ұраны буржуазиялықморальды бойнелеп келді. Скаут мүшелерінен өзбасшыларына, ата-аналарға, мемлекетке бағынуды талапетті. Осыған байланысты көп жылдар бойы КСРОғыжастар ұйымдары мен скауттар ұйымдары арасында қарама-қайшылықтар орын алып келді. 1990 жылдан бастапБүкілодақтық пионер слетінің шешіміне сәйкес балалардыңқоғамдық қозғалысының дамуына елеулі жаңа өзгерістерболды.В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық пионер ұйымының балалар қозғалысының жалғыз және бірыңғайпысаны, демек, орталық басқару органы болу уәкілдігітоқтатылды.
Осыған орай, балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, бірлестіктері
саясиэкономикалық, білім және тәрбиежүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесінежәне тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдерқозғалысын дамытуға нақты үлес қосулары қажет.
Ол үшін барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық жәнебасқа ұйымдар балалар мен жасөспірімдер қозғалысыныңдамуына барынша жәрдемдесіп, көмек көрсетеді.
XX ғасырдың 90-шы жылдарының бас кезінде скаутизм қайта дамыды. 1990-91 жылы бұрынғы КСРО-да 70. тен астам скауттар отрядтары жұмыс істеді. Скауттарқозғалысының тартымдылығы, жақтаушыларының, ізбасарларының санының өсуіне және өмірге икемділігіне, тіршілікке қабілеттілігіне мүмкіндік туғызады.
1991 жылы бұрынғы КСРОның ыдырауына байланыстыоның құрамындағы барлық одақтас республикалар егемендімемлекеттерге айналды. Олар бостандық алып, жастардыңқоғамдық ұйымдарын жаңа демократиялық талаптарға сайұйымдастыру қажет деп тапты.
Бүгінгі қоғам жағдайында Отан игілігі үшін қызмет ететінбалалар қозғалысының дамуына мүмкіндік жасайтынұйымдардық бірі - балалар мен жасөспірімдер бірлестігі. Олардың республикада болып жатқан демократиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, экологиялық өзгерістергеқатысы бар. Балалар мен жасөспірімдер қозғалысыныңмақсаты: қоршаған дүниені тану және жақсарту үшін әрбірбалаға көмектесу, өз Отанының қадірлі азаматы етіп өсіру. Ұраны: «Отан үшін, жақсылық және әділдік».
Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдерұйымдары өздерінің іс-әрекеттерін «Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламаларын басшылыққа алып жүргізеді. «Атамекен» бағдарламасында балаларға арналған тәлім-тәрбиежұмысының бірнеше бағыттары көрсетілген. Олар:
• «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып» қазақ және Қазақстандағыбасқа халықтардың ұлттық салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптарымен танысу. Этнографиялық жұмыс, фольклорлық материалды жөндеу.
• «Шежіре» - қазақ халқының және Қазақстанда мекендегенхалықтардың тарихын, мәдениетін, дәстүрін зерттеу, тарихимәліметтерді жинау, архитектуралық ескерткіштерді есепкеалу.
• «Сөнбес жұлдыздар» - қазақтың және басқа ұлттардыңұлы ағартушыларының, батырлардың, ақындардың, ғалымдардың, саяси қайраткерлердің өмірін, қызметін жәнетуған өлкенің тарихын зерттеу.
• «Толғау» - балалар қазақ халқының ұлттық төл мұралары, фольклорлық-этнографиялық музыка аспаптары, т.б. мұралары туралы мағлұматтар іздестіреді.
• «Наурыз» - халық мейрамдары, әдет-ғұрыптары, халықойындарымен танысу.

• «Орта» - балалар табиғатты қорғаудағы мәселелергебайланысты экологиялық жорықтар, саяхаттарұйымдастырады.


• «Ардагер» - Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, ұлт-азаттыққозғалыстарға қатысқан жауынгерлер туралы деректержинап, мұражай, ескерткіш тақталар ашу.
• «Достық» - әрбір мектепте ұлттық мәдени орталықтарашу, шетелдердегі балалармен достық байланысты дамыту. Қазақстан тарихына, мәдениетіне із қалдырған әр түрлі ұлтадамдарының өмірімен, іс-әрекетімен танысып, зерттеу.
• «Алыстағы бауырлар» - шет елдерде тұратын қазақтарменжәне басқа ұлт балаларымен байланыс жасау: хат жазысу, кездесу, тәжірибе алмасу, бірлесіп шаралар өткізу, т.б.
1991 жылы Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдер ұйымдары үшін Ақмола облыстық балаларұйымының авторлық ұжымы профессор Е. А.Дмитриенконың басшылығымен «Жұлдыз» бағдарламасын жасады.
Бұл бағдарлама балалар мен жасөспірімдердіңреспубликалық слетінде қаралып, 1991 жылы мамырайында қабылданды. Бұл құжатта былай делінген: «Жұлдыз» бағдарламасы сенің жарқын өмір сүруіңе, қиындықтарды жеңіп, нағыз достар тауып, бақыттыболуына көмектеседі». Ең бастысы - өз жұлдызыңның биікшыңына шығу тек өз қолыңда екенін ұмытпа. Ол үшінөзіңе-өзің көмектес! Бағдарламада балалардың жасерекшелігіне байланысты 4 кезең көрсетілген:
1. «Балапан» кезеңі - 5-8 жас.
2. «Балдырған» кезеңі - 9-11 жас.
3. «Жас ұлан» кезеңі - 12-14 жас.
4. «Мұрагер» кезеңі - 15-18 жас.
Осы төрт кезеңнің негізінде іс-әрекеттердің нәтижеліаяқталуына «Жұлдыз» бағдарламасындағы 7 сәулекөмектеседі. Олар:
1. «Үйелмен сәулесі» - өзің шыққан ата тегіңді тануғакөмектеседі.
2. «Достар» сәулесі - сенімді дос табуыңа, өзіңнің де нағыздос болуына көмектеседі.
3. «Жер» сәулесі - туған жеріңді, Отаныңды сүюге, халқыңның адал азаматы болуына көмектеседі.
4. «Білім мен іскерлік» сәулесі - көп біліп, көп нәрсенітанып, үйренуге көмектеседі.
5. «Қүштарлық» сәулесі - бос уақытыңды қызықты, пайдалы өткізуге көмектеседі.
6. «Мамандық» сәулесі - өмірде өз орныңды табуға, өзіңдіқызықтыратын ісіңді табуға көмектеседі.
7. «Үндестік» сәулесі - әдемі, лайьщты өмір сүругекөмектеседі.
Әрбір сәуледе төрт кезең қайталанып отырады. Сонымен«Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламаларыныңжасөспірімдердің ойын, дүниетаным қабілеттерінқалыптастыруда, инабаттылық, имандылық қасиеттерінтәрбиелеуде әсері мол.
«Кәусар бұлақ» бағдарламасы (авторы Зейнеп Ахметова) «Сөз атасы сәлем». Ата-баба дәстүріндегі сәлемдесу жөн-жобалары (шаңыраққа сәлемдесу, аттан түсіп сәлемдесу, қолдасып, төс қағысып амандасу).
«Ұлттық болмыс ұғымдар» Жетілік ұғым (7 ата, 7 күн, 7 шелпек, 7 қазына, т.б.).
«Қазақша жыл, ай атаулары туралы».
«Ислам дінімен байланысты ұғымдар» (ораза, айт, намаз, т.б.).
«Қазақтың тыйым сөздері» (Үйді айналма, итті теппе, түздытөкпе, нанды аяқпен баспа).
«Бабалар батасы».
«Адамдық парыздар» – үлкенді сыйлау, туыстық туралы, туған жер, әке-ана, ата-әже.
«Еңсесі биік Аң Орда». Киіз үйлі қазақпыз. Ұлттыңжиһаздар, ұлттық киім, киіз туралы (оның түрлері, қадір-қасиеті).
А.Қыраубайқызының «Сенім бағдарламасы». Бағдарламабойынша жұмыс істейтін мектептің мақсаты:
• Баланы жасытпай оқыту, бұйығылықтан құтқару, сенімсіздік комплекстерін жою;
• Адамның ішкі еркіндігі мен әлеуметтік қатынастарғаыңғайлылығын қатар дамыту;
• Мектеп ішінде өміршілдік пен өктемдікті кажет етпейтінқұрылымды қолдану;
• Саясаттандыруға ұмтылмайтын, мәңгілік құндылықтардымеңгеруге тәрбиелейтін мектеп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет