57.Оқушылар ұжымын қалыптастыру
Ұжым дегеніміз – бір мақсат көздеген бірнешеадамнан құрылған топ.
Оқушылар ұжымы— оқушылардың жалпы мақсатпен жәнеқоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақтыбірлестігі. Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымынатән сипаттар — идеялық нысаналылық, оның іс-әрекетінжалпы ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз әрекететуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жекемүшелеріне жоғары талап қоюшылық. Жақсы ұйымдасқанұжымның маңызды белгісі — дені таза қоғамдық пікір, сенім мен жоғары талап болуы. Сондай-ақ, топтасқаноқушылар коллективі үшін онда игі дәстүр, алға тартымдыперспектива қою, сергек, көңілді күй, жоғары тәртіп орнату, сын мен өзара сынды дамыту тән. Оқушылар ұжымы — бұлөзіндік әрекетке ие ұйым, ол оның барлық мүшелері әртүрлі іс-әрекет ұйымдастыруда дербестік және инициатива көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды.
Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру — мектептіңдаму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылғанұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметіойдағыдай орындалып отырады.
Оқушылар ұжымы толық қалыптасуы үшін оған:
- игі дәстүр;
- перспектива қою;
- сергек көңіл-күй;
- жоғары тәртіп орнату;
- сын мен өзара сынды дамыту керек.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдау. Осыған орай, А.С. Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс -әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. «Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. А.С. Макаренко адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш» - деді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады.
Орта перспектива – бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |