5.Педагогиканың шығуы мен дамуы Тәрбиелеуді алғашқы адамдармен бірге пайда болды деуге болады. Ешқандай педагогика туралы түсінік болмай-ақ тәрбиелеу процесі жүріп жатты. Тәрбие ғылым ретінде басқа ғылымдар пайда болғаннан кейін барып қалыптасты.
Кез-келген ғылымның өмір мен қоғам қажеттілігінен пайда болатыны белгілі. Тәрбиелеу тәжірибесін жалпылау, жас ұрпақты өмірге дайындау, тәрбиелеу үшін арнаулы оқу-тәрбие мекемелерін құру қажеттілігі туындады.
Ежелгі әлем мемлекеттері Греция, Қытай, Индия, Египетте тәрбиелеу тәжірибесін жалпылау философия ғылымында көрініс тапты.
Ежелгі грек философиясының көрнекті өкілі Демокрит тәрбиені жалпылау туралы еңбектерін жазды. Ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель еңбектерінде адам тәрбиесі, тұлғаны қалыптастыруға байланысты маңызды идеялар жариялады. Грек-римдік педагогикалық ойлардың дамуының қорытындысы ретінде ежелгі римдік философ және педагогі Марк Квинтилианның «Образование оратора» шығармасын атауға болады.
Орта ғасырларда шіркеу үстемдік етіп, тәрбие діни ағымға бет бұрды. Догматикалық оқыту жетіле түсіп, он екі ғасыр бойы бірінші орында болды. Шіркеу өкілдері Тертуллиан, Августин, Аквинат кең көлемді педагогикалық трактаттар жазғанымен педагогикалық теория алысқа бармады.
Қайта өрлеу дәуірінің педагог-гуманистері Эразм Роттердамский, Витторино де Фельтрэ, Франсуа Рабле, Мишель Монтень «Мен адаммын, маған адамға тән нәрсенің барлығы бөтен емес» ұранымен танымал болды.
Педагогика көп жылдар бойы философияның құрамында болды. Тек XVII ғасырда өз алдына жеке ғылым болып бөлініп шықты.
Педагогиканың өз алдына жеке педагогикалық жүйе болуына үлкен үлес қосқан атақты чех педагогі Ян Амос Коменский. Оның 1654 жылы Амстердамда «Великая дидактика» еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірі болып табылады. Я.А.Коменский ұсынған сынып-сабақ жүйесі педагогикалық теорияның негізі болды.
6.Қазақстанда педагогикалық идеяның дамуы Қазақ халқының көрнекті ағартушы-ғалымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың мақсаты – халыққа білім беру, оқыту, дүние тануға жетелеу, оны реформа арқылы іске асыру болды.
Аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин өзінің өмірін қазақ даласында мектептер ашуға, оқу құралдарын жазуға, мұғалімдер дайындауға, бала оқытуға тартуға арнады.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев өлеңдері мен «Қара сөздері» педагогикалық ой-пікірлерге толы. Ақынның педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктерінің пікірлерін қостайды. Ұлы ойшыл-ақынның өсиет сөздері, тәлім-тәрбиеге қатысты ақыл-ойлары әлі күнге дейін жастарға дұрыс жол көрсетер рухани қазына.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қысқа ғұмырында жастарды оқуға, үйренуге, мәдениетке жетуге, алға ұмтылуға, басқа елдермен теңесуге ұмтылға шақырды. Өмірді өзгертуші адам мінезі қалыптастырушы ұлы күш тәрбие деген қорытындыға келді.