Педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогика өз атауын гректің «пайдос» бала, «аго» жетелеуші деген сөздерінен алады. «Пайдагогос»


Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы



бет8/46
Дата10.05.2024
өлшемі136,66 Kb.
#201935
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
Педагогика 1-70 толық (1)

16.Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы
Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арқылы баланың қиялы іс – әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс – әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына еслестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мумкін.Бастауышсынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте — бірте толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз араласып, оның мазмұнын бағамдай алатын болады, яғни, әңгіменің не туралы болып жатқанын ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы жететін болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, өзі үйренген сөздер мен сөз тіркестерін жиі пайдалануға, қарапайым грамматикалық түрлер мен құрылымдарды меңгеруге тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің дамуындағы жетістіктер.
17)Жас өспірім кез және оның ерекшеліктері
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады. Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жасөспірім шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тамағы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір заңдылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндегі осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді, мысалы сүйек етке қарағанда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасынданып, баланың берекесі кетеді. Соның әсерімен баланың мінезінде ашушаңдық, қызбалық пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет