15.Оқу тәрбие процесіндегі оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру Оқушының жас ерекшелігін ескеру дегеніміз әр жас кезеңдеріне сәйкес баланың ақыл-ойының, психикалық процестерінің, дене тұлғасының физиологиялық жетілу дәрежесін және олардың «жақ ын аймақ тағы» даму мүмкіндігін ескеру.
Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз
. Оқушылар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырмалар беріледі. Жеке тұлғаға бағдарланған технологияда (Хуторской А.В.) оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауына қолайлы жағдай жасау көзделеді.
Оқушыларды жас ерекшелігіне сай бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сұрақтарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашыллыққа ұмтылады. Жас ерекшелігін ескере оқыту барысында біліктілікке жетеді.
-әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
-оқушының жеке қабілеті айқындалады;
-іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;
-әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
Жас ерекшеліктерін ескеру барысында тапсырмалар негізінен жеңілден күрделіге қарай құрылады. Тапсырмалар мазмұны күрделенген сайын оқушылардың қызығушылықтары артып, еңбектене түседі. Сондай еңбектенудің арқасында оқушылар өз білімдерін шыңдай түседі және тиісті бағалармен бағаланады.