Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет10/24
Дата29.11.2016
өлшемі3,74 Mb.
#2844
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Эксперименталды қарым-қатынас дегеніміз не?

  2. Экспериментатор; оның тұлғасы және іс-әрекетін ата?

  3. Зерттелуші: оның эксперименттегі әрекеті қандай?

  4. Зерттелуші тұлғасы және эксперименттегі психологиялық ситуация қалай жүреді?

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.

3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г

4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.

5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.


15 дәріс.

Тақырып:Тәуелді және тәуелсіз айнымалылықтар.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Тәуелді айнымалылық.

  2. Тәуелсіз айнымалылық.

  3. Айнымалылықтардың арқатынасы.

  4. Айнымалылықтарды бақылау.

Мақсаты: Тәуелді айнымалылық, тәуелсіз айнымалылық, айнымалылықтардың арақатынасы, айнымалылықтарды бақылау жөніндегі білімдерді меңгерту

1.Экспериментатор екі құбылыстағы А және В себепті байланыстардың болжауын тексереді. «Себептілік » түсінігі ғылымда күрделі құбылыс болып табылады. Екі құбылыс байланысу себебінің эмперикалық белгілері бар. Бірінші белгі – себептің бөлінуі . Ұқсас обьектімен салыстырғанда, егер зерттеуші эксперименттен кейін обьектідегі өзгерісті байқаса, онда эксперимитатор объектінің эсперимент әркетінде өзгеруіне себеп болды деп айта алады. Қолда бар әрекетті және объектілерді салыстыру қорытындыға қажетті шартталған құбылыс. Екінші белгі – екі айнымалылық арасындағы

қолда бар деп статистикалық байланыстары. Бір айнымалылықтың өзгеруі екінші айнымалылықтың өзгеруіне алып келеді. Басқаша айтсақ, екі

айнымалылықты сызықты корреляция немесе сызықтық емес корриляция бақылау қажет.

Қолда бар корреляция нәтижесіндң себептілік байланыстардың шарттары жеткіліксіз, яғни байланыс кездейсоқ немесе үшінші айнымалылықты шартталған болуы мүмкін. Үшінші белгі себептіліксіз байланыс тірнеледі, егер эсперименталған процедура басқа мүмкіндіктерді қосып, А және В байланыс түсіндірсе және басқа да альтернативті себептердің В құбылысында шығару эсперименталдық әрекетте тіуелсіз айнымалылықтың өзгеруі тәуелді, айнымалылықтың өзгеруіне себеп болады. Экспериметатор зертелуіне әр түрлі алдыңдағы қатты сигналдар береді және ол оның психикалық жағдайын өзгертеді, зерттелуінен сигналды естейді немесе естімейді, бұл әр түрлі материя немесе верболды жауаптарға алып келеді («ия»,-«жоқ», «естіп тұрмын – естімей тұрмын») эксперименталдық жағдайдағы сыртқы айнымалылықтарды экспериментатор бақылау қажет.

Сыртқы айнымалылыөтан мыналар бөлінеді: 1) кеспекті айнымалықтар, систематикалық араласуды жалғастырып, сенімсіз мәліметке алып келеді. 2)Қосымша айнымалылық себеп арасындағы байланыстарды білуге арналған.

Зертеушілер тәуелсіз айнымалылықтың әртүрлі өзгешілігін көрсетті олар сапалық жіне сандық болады. Тәуелді айнымалылықтардың арасында базистікке бөлінеді. Базистік айнымалылық – бұл жалғыс тәуелді айнымалылық, яғни тәуелсіз айнымалылыққа ісер етеді.

2.Жетеуші тәуелсіз айнымалылықты алға түсіруге талпыну қажет. Экспериментте осы шарт орындалса, онда оны жаңа эксперимент деп атайды. Бірақ экспериментке кірерде бір айнымалылықты өзгертіп, сондықтан бірге басқа да қатарды өзгертеді. Бұл өзгеріс экспериметатор әрекетінен болуы мүмкін және екі айнымалылық арасында шартталған байланыс болуы мүмкін.

Эсперименталдық зерттеудегі ортақ мәселе ол тәуелсіз айнымалылықтың бөлінуі және оның басқа да айнымалылықтардан бөлшектенуі.

Айнымалылық эспериментте тәуелсіз айнымалылық сапасы алға шығуы мүмкін:



  1. Тапсырма мінездемесі.

  2. Жағдайдың ерекшелігі

  3. Зертелушінің басқару ерекшелігі

Тапсырма мәлемдемесі – бихевиоризм салты бойынша эксперимитатор стимулятордың мінездемелерін өзгерте алады, бірақ оның басқаруында үлкен мүмкіндік бар. Эскпиримитатор стимуляторда немесе тапсырма материалың өзгерте алады, зертеушінің жауабының типін немесе бақылау шкаласын т.б. өзгерте алады. Ол интрукцияны оның мақсатын өзгертуі мүмкін, яғни зерттеуші тапсырманың орындалуына жетуі үшін. Эксперимитатор сондай-ақ зертелушіге тапсырманың шешілу амалын өзгертңп, оған кедергілерді қоюы мүмкін және т.б.

Жағдайдың ерекшелуіне, яғни зертелушінің жасағаны эксперимиталды тапсырманың құрамына кірмейтін айнымалылықтар жатады. Бұл мысалы орналасқан орындағы температура, жағдай немесе сыртқы бақылаушылардың болуы.

Эксперимитатор нені өзгерте алады? Ол біріншіден берілген жағдайдағы физикалық параметрді өзгерте алады. Мысалы, олар апаратуралық орналасуды өткізетін орынның сыртқы түрін және сыртқы дыбыс, айқайды, температураны, жиһаздардың орналасуы, қабырғалардың түсін, эксперименті өткізу уақытын т.б өзгерте алады. Яғни стимул болмайтын бүкіл жағдайдағы физикалық параметрді өзгерте алады.

Екіншіден, бұл әлеуметтік физикалық парметрлер бөлінуі – экспериметатордың қатысуымен жұмыс жасау, жалғыз жқмыс жасау т.б.

Үшіншіден, бұл зеттеушімен экспериметатор арасындығы қатынас.

Ереже бойынша қазіргі эксперименталдық зерттеулерде тұлғаның диференциялды – физикалық ережелері, яғни олар интеллект, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы т.б. қосымша айнымалылық санасына ескеріледі, яғни бұны экспериметатор жалпы физикалық экспериментте бақылайды.

Бірақ бұл айнымалылықтар дифференциалдық физикалық зерттеуде , екінші негізгі айнымалыққа айналуы мүмкін , бұндай жағдайда факторлық жоспар жүргізеді.

Психологтар зерттеушінің тәртібімен жұмыстанып , сондықтан тәуелді айнымалылықтар санасына вербольді немесе вербольді емес параметрлерді таңдайды.

Тәртіптік параметрлер таңдауды экспериментталдық болжамның нәтижесімен анықталады. Зерттеуші оны максималды нақтылауы керек, яғни тәуелді айнымалылық операцияланған және экспериментке кірудегі тіркелуге беріледі.

Тәртіп параметрлерін қалыпты динамикалық және мазмұндық болып бөлінеді. Қалыпты динамикалық параметрлер аппаратуралық тіркелу оңай беріледі.

1) Дәлдік Жиі тіркелетін параметр болып табылады. Физикалық экспериментте берілген тапсырмалардың көбі жетістікке жетуге бағытталған , оның дәлдігі немесе қатесі негізгі тіркелген тәртіп параметрлері болады.

2) Латенттілік- сызықты бақылаушыдан психикалық процесс білдіртпей өтіп кетеді. Дабыл берілу алдындағы уақыттан бастап жауап таңдауға дейінгі уақытты латенттік уақыт деп атайды. Кейбір жағдайларда латенттік уақыт үрдісте маңызды мінездеме бола алады, мысалы, оймен шешетін тапсырмаларда.

3)Қаутық немесе жылдамдық , орындалу әрекеті таңдау уақытымен оны аяқтауды әрекеттің шапшаңдығы деп аталады.


  1. Температура – маңызды мінездеме, тәртіптің жай формаларын зерттеу болып табылады.

  2. Өнімділік- орындау уақытында қате саны мен әрекетті орындаудағы сананың қарым-қатынасы. Маңызды мінездеме болып зерттеуді үйренуде , танымдық үрдістер, шешіле қабылданған үрдістер жасады.

Тәуелді айнымалылық валидті және сенімді болуы керек.

Тәуелді айнымалылықтың үш түрін көрсетуге болады: 1) бір уақыттағы,

2) көп қалыптағы, 3) фундаментальды бірінші жағдайдағы тек бір параметр тіркеледі және ол тәуелді айнымалылықтардың көрінуі болып есептеледі. Екінші жағдайдағы тәуелді айнымалылық көпқалыпты. Ал үшінші жағдайда, жеке параметрленген көпқалыпты тәуелді айнымалылықтардың қарым-қатынасы, параметрлер саналық аргумент ретінде қаралады, ал тәуелді айнымалылықтың өзі жүйелер сапасы ретінде қарастырылады.

Тәуелді айнымалылықтардың өзгеруіне екі негізгі қабылдау фиксациясы бар. Бірінші бір зертелушінің қатысуымен көптеген эксперименттерде қолданылады. Тәуелді айнымалылықтардың өзгеруі эксперименттегі тәуелсіз айнымалылықтардың өзгеруінен кейін тіркеледі. Екінші қабылдау фиксациясы ол тәуелсіз айнымалылықтың деңгейінің шапшандатылған өлшемі деп аталады.

4.Қазіргі экспериментталдық физикалық түзелуіне К.Левиннің формуласы жатады – тәртіп тұлға функциясы және жағдайлары бар.

Вf(p;s)

Физикалық эксперимент теориясында көптеген мамандар соның ішінде Мак Гиган, физикада 2 типтің заңы бар. Олар: «стимул» - «жауап» , «ағза» - «тәртіп»

Бірінші тип заңы экспериментталдық зерттеуге кіреді, стимул – бұл тәуелсіз айнымалылықтардың , ал тәуелді айнымалылық зерттеушінің жауабы.

Екінші типтегі заңы әдіс өнімділігі бұл жүйелік бақылау және өлшеу болып табылады.

Классикалық физикалық тәртіптілік эксперименте функционалды тәуелділік түрі тұрақталады.

R=f(s)


Мұндағы R- жауап, ал S-жағдай немесе тапсырма. S айнымалылықтың жүйелі түрінде өзгереді. Тәуелділіктің қортындысы сызықтық немесе сызықтық емес болып бекітіледі.

Тәуелділіктің басқа типі таңбаланады, яғни тәртіптің тәуелділігі және қасиеті немесе зерттелушінің ағзасының жағдайы:

R=f(0) немесе R=f(P)

Зерттелушінің тәуелділік тәртібі зерттелуде содан немесе басқадан ағза жағдайы немесе жеке тұлғалық қасиеттер.Зерттеу топтың адамдардың қатысуымен өтеді,берілген белгі бойынша: қасиеттермен немесе актуальды жағдайына байланысты айырылынады.

Левиннің формуласына тоқталайық. Жалпы қалыпта ол экспериментальдық физикалық идиялын кескіндейді: анықталған ситуация бойынша тұлғаның нақты тәртібін болжауда мүмкіндік болады.

Рсы формулаға кіретін « Тұлға» айнымалығы, тек «қосымша» ғана қарастырылмайды. Необихевиоризмдік салт «аралық» айнымалық терминін жүргізуді ұсынады. Соңғы уақытта бұндай «айнымалықты» - тұлғаның қасиеттерімен жағдайларымен мынандай термин бекітілді.

Бұл «айнымалылық- модератор» .

Айнымалылықтардың алты түрлі байланыстары бар.Бірінші ол жай, - тәуелді айнымалылық қатыспайды. Графикалық ол тіке көрінеді, графикте базистік осьтер параллельді х осінде тәуелсіз айнымалылықтың деңгейі кейінге қалдырылған.

Тәуелді айнымалының тәуелсіз айнымалылықтың өзгеруіне сезімталсыз.

5.Тәуелсіз айнымалылық сыртқы айнымалылықтардың бақылауын айыру қажет.Тәуелсіз айнымалықты бақылау оның белсенді өзгеруімен тұрады. Екінші түсінік мазмұны ол «бақылау» сыртқы басқару болып табылады, ол «қалғаны» эксперименттегі айнымалылар.

Тәуелсіз айнымалылықты бақылаудың басты екі негізгі тәсіл айырады. Бұл тәсілдер эмперикалық зерттеулердің екі типтің негізіне жатады: олар белсенді және енжар. Физикада белсенді қызметтік әдіс (эксперимент) және коммуникативтік (әңгімелесу), ал енжарға –бақылау және өлшеу жатады. Енжар әдісті сонымен қатар жүйеленген тіркеу немесе жүйеленген бақылау деп аталады.

Экспериментте тәуелсіз айнымалылықты бақылау белсенді манипуляциялау көмегімен өңдіріледі.

Зерттеуді жоспарлауда көрінген принциптер белсенді және енжар зерттеулер жоспарының қалыптасуына бағытталған.

Эксперимент нәтижесінде бірнеше бақылау қабылдаулары сыртқы айнымалылықтарға әсер етеді:

1.Сыртқы айнымалылықтар элиминациясы

2.Шарттардың тұрақтылығы

3.Балансировка

4.Контор балансировка

5.Рандализация

Бұл қабылдаулар бөлек айнымалылықтардың жағынан әрекеттерден түгелдей арылмайды,алайда оның орындалуы өзіндік профилактикалық процедура болып табылады.



1.Элиминация.Жай түрі, бірақ мүмкіндігінше орындалуына «радикалды» бақылау тәсілі.Экспериментальді жағдайда мынадай амалмен констукциялайды, яғни сыртқы айнымалылықтағы қандай да бір қатысуды ескерту.Мыс; психифизикалық зертханаларда көбінесе экспериментальдық камера орналастырады,ол зерттелушін айқайдан, діріл әрекеттерінен ,және электро магниттің сыртқы дауыстардан оқшаулындырады.Бірақ көбінесе сыртқы айнымалықтардың әсерін элементтеу мүмкін емес.Мыс;мынадай айнымалылықтарды шығаруды елестету қиын яғни олар жыныс,класс немесе интеллект,

2.Тұрақты шарттарды құру.Егер экспериментальдық жағдайлардан сыртқы айнымалылықтарды шығару мүмкін болмаса, онда зерттеулә оны өзгермейтін қылады.Осындай әсерде сыртқы айнымалылық барлық зерттеулерде де өзгеріссіз болады, бүкіл маңызды тәуелсіз айнымалылықтарда да, және ол барлық, эксперимент ұзақтығында да болады.Алайда бұл стратегия эффект араластыру түгел қашғызбайды.Эксперимент жүргізгенде зерттеуші сырқы кеңістік уақыттың шартты өзгерпеуге тырысады.Көбінесе экспериментальдық сынау,немесе бақылау барлық зерттеушілермен бір уақытта, аптаның сол бір күнінде өткізіледі,мыс; дүйсенбі таңғы сағат 9.Алайда бұл эффект араласуынан құтылуына кепіл берілмейді.

Зерттеуді өткізудегі техниканы стандарттайды және экспериментальды орындағы құрал-саймандарды стандарттау кажет.

Зерттеуші қосымша айнымалылқтарды тұрақты етуге талаптанады,зерттеуге маңызды жекелік мінездемелерімен топтағы зерттеушілерді теңістіру.

Экспериментатор барлық зерттеушілерге бірдей нұсқауды ұсынуы қажет. Ол өзінің интонациясы мен даусының күшін сақтауы қажет.Магнитафонға инструкцияны жазу ұсынылады және жазудыұсынуы болады.



3.Балансировка. Мынадай жағдайда,яғни экспериментті өткізудегі тұрақты шарт құру мүмкіндігі болмайды немесе шарттың тұрақтылығы жеткіліксіз болғанда, эффектіні балансировкалау техникасын сыртқы айнымалылықтар әрекетінен қолданады.Балансировка екі жағдайларда қолданылады:

1.Егер сырты айнымалылықты теңестіру мүмкін болса;

2.Егер оны теңестіріп және осы айнымалылықты бақылауға арнайы алгоритмді жүргізсе.

Балансировка тәсілі өзгешесіз сырты айнымалылықтарға әсерін қарастырамыз.Ол мынадан тұрады,яғни эксперимент жоспарында бақылайтын тобы кіреді.Бақылау топтарындағы экспериментальдық зерттеу, сол экспериментальдық зерттеу шарттарындағыдай топқа жүреді.Тек айнымалылығы,экспериментальдық әрекет зерттеушіге ғана орындалады. Бақылау тобындағы осындай тәуелді айнымалылықтардың өзгеруі тек сыртқы айнымалылықтарға сертті,ал эксперименталдыда –сыртқы және тәуелсіз айнымалылықтардың бірлескен әрекетімен. Әрине, бұнымен әрбір сыртқы айнымалылықтардың өзгеше әсерін бөлуге болмайды және сол тәуелсіз айнымалылықтың ерекшілік әсерін айнымалылықтар дара әсер эффектісі үшін бөлуге болмайды.

1.Бақылау тобын пайдаланумен балансировкалау тәсілі.

2. Сыртқы айнымалылықтар эффект бөлінуінің балансировка тәсілі.

Тәуелсіз айнымалылыққа оны немесе басқа сыртқы айнымалылар қалай әсер ететінін анықтау үшінбір болса да бақылау тобы бар жоспарды жүргізеді. Жалпы жағдайда бақылау тобының саны экспериментальдық жоспарда.

N=n+1,қайда n-ол сыртқы айнымалылықтар болуы қажет. Екінші бақылау топтары эксперименттальдық шартқа сиады, бұнда сыртқы айнымалылықтардың біреуінің әрекеті шығады, бұл эксперименттальдық тәуелсіз айнымалылығына және бірінші бақылау тобына әсер етеді. Бірінші және екінші бақылау топтарының айырмашылығы бұл сыртқы айнымалылықтардың біреуінің ерекше әсерін бөліп көрсету.

Қиын эксперименттерде бірнеше айнымалылықтарды бір уақытта балансировка жүргізіледі.Интеллект тестелеуде экспериментатор жынысы зерттелушінің әрекетіне әсер етуі, есепке алынуы мысал бола алады. Бізде екі топ зерттелуші, ер адам және әйел адам және екі экспериментатор (ер және әйел адам).

Эксперимент жоспары желесі бейне бойынша көрінуі мүмкін.



Топ 1 (Эксперимент)

Топ 2 (Бақылау)

1.Ер адамдар-экспериментатор ер адам.

1.Ер адамдар-экспериментатор ер адам.

2.Ер адамдар-экспериментатор әйел.

2.Ер адамдар-экспериментатор әйел.

3.Әйелдер-экспериментатор ер адам.

3.Әйелдер-экспериментатор ер адам.

4.Әйелдер-экспериментатор әйел.

4.Әйелдер-экспериментатор әйел.

4.Конторбалансировка.Бұл қабылдау қосымша айнымалылықтар қабылдауы көбінесе экспериментатор өзіне бірнеше серияларды қосқанда қолданылады.Зерттелуші кезек-кезек әртүрлі шарттарда болады, және \алдындағы шарт ілесуші шарттардың эффект әсерін өзгертуі мүмкін. Мысалға: дифференциалды есту сезімталдығын зерттеуде бәрібір емес, қандай дауыс , қатты немесе тыныш зерттелушіге қайсысы бірінші , ал қайсысы екінші көрінгені бәрәбір емес. Сонымен бірге интеллект толтырудағы тесттен зерттелушіге тапсырманың ретін көрсету маңызды:жайдан күрделіге немесе күрделіден жайға.Бірінші жағдайда көбірек интеллектуальды дамыған зерттелушілер көп шаршайды және мотивация сын жоғалтады басқаларына қарағанда. Яғни олар көп тапсырма санын шешуге мәжбүр болады.

Екінші нұсқауда азырақ интеллектуалды дамыған зерттелушілер тақырыпты көргенде сәттілік стресін сезінеді және оның көбірек интеллектуалды әріптесіне қарағанда ол көп тақырыпты шешуге мәжбүр болады. Осындай жағдайда жалғастырушы эффектілерін жою және эффект нәтижесінде контрбалансировканы қолданады.Оның мағынасы мынадан тұрады ,әртүрлі тапсырмалардың ретімен көрінуі, стимулдар бір топтың әсері тапсырманың басқа ретін көрінуімен.



5.Рандализация. Яғни популяциядағы әрбір мүшел эксперементке қатысушы қылуға тең мүмкіндікті кепілдік береді. Әрбір таңдуға сайланған кісіге реттік нөмір иемделенеді,ол эксперименталдық және бақылау топтарына зерттелушілерді таңдау.Ол кездей соқ нөмір таблица көмегі арқылы өткізіледі.

4.Рандализация эксперимент нәтижесінде зерттелушілердің индивыдуалды жағдай жасайтын тәсіл болып табылады.

Рандализация екі жағдайда пайдаланылады:

1.Эксперименталды жағдайларда сыртқы айнымалылыларымен басқаруды білгенде,алайда бізде бақылаудағы бір техниканы пайдалануға қатысқан.

2.Біз қандайда бір эксперименталды жағдайда сыртқы айнымалылықты операциялағанды болжаймыз, алайда біз оны өзгешелей алмаймыз және басқа техника да айырбастай алмаймыз.

Көп мамандардың пікірінше, соның ішінде Кэмпбеллде рандализация процедурасының нәтижесінде топтарды теңестіру жалғыз сенімді элиминизация тәсілі сыртқы айнымалылылардың тәуелді айнымалыға әсері. Кэмпбелл яғни эксперименталдық әсер алдында рандализацияны яғни топты теңестірудегі тәсіл деп анықтады.Басқа тәсілдер,мысалы барлық салыстыру әдістері, үшінші болып мінезделеді және ол валидті емес нәтижеге әкеледі.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Тәуелді айнымалылық дегеніміз не?

  2. Тәуелсіз айнымалылық дегеніміз не?

  3. Айнымалылықтардың арақатынасы қандай?

  4. Айнымалылықтарды бақылау қалай жүреді?

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

2.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.

3. Гайда В.К. , Захаров В.П. Психологическое тестирование . Л,МГУ , 1982г

4.Ганзен В.А. Балин В.Д. Теория и методология психологического иследования.

5.КрыловаА.А, МаничеваС.А.Практикум по общей экспериментальной и прикладной психологиим.,2006. 33-49.

16 Дәріс.

Тақырып: Психологиялық өлшеудің классикалық теориясы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Психологиялық өлшеудің классикалық теориясы.

2.Теория бөліктері.

3.Шкалалар типтері.

4.Шкалалар типреті және түзілістер типтері

Мақсаты: Психологиялық өлшеудің классикалық теориясы, теория бөліктері, шкалалар типтері, шкалалар типтері және түзілістер типтері жөніндегі түсініктерді қалыптастыру.

Дәрістің мазмұны

1.Өлшеу жекелік зерттеу әдісі болып табылады. Бірақ эксперименттік толық процедураның компоненті де бола алады. Өлшеу өзіндік әдіс ретінде субьект әрекетінің индивидуалды ерекшеліктерін және олардың қоршаған ортада бейнелеуін анықтайды. Сонымен қатар индивидуалды тәжірибе құрамын және бейнелеу адекваттылығын зерттеуге болады. Өлшеу экспериментке зерттеу обьектісінің жағдайының тіркелу әдісі ретінде енеді, және сол жағдай эксперименталды әсер ету нәтижесінде өзгерске түседі. Зерттеу –тек түрлі уақыт аралығында зерттелуші іс-әрекетінің ерекшеліктерінің өлшенуіне тоқталады. Уақыт – бұл жағдайда обьектке әсер ететін жалғыз өзгертуші болады. Өлшеу теориясының негізінде психологиялық тесттер құрылады. Тест – уақыт жағынан қысқартылған және оңайлатылған психологиялық өлшеудің процедурасы . Практикалық есептерді шешу үшін қолданылады. Психологиялық өлшеудің түп негізі неде?Психологиялық өлшеудің 3 негізгі процедурасы ерекше ленеді. Ерекшелеу негізгі - өлшеу обьектісі. Біріншіден , психолог адамдардың іс- әрекет ерекшеліктерін өлшей алады. Бір адамның екіншісінен айырмашылығын кейбір қасиеттерінің көрінуіне байланысты психикалық күйіне байланысты немесе оны белгілі тұлға типіне жатқызуын психолог , іс- әрекет ерекшеліктерін өлшей отырып, адамдардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтайды. Психологиялық өлшеу зерттелушілердің өлшемдері бола бастайды. Екіншіден, зерттеуші өлшеуді зерттелушінің есебі ретінде қолдана алады, зерттеу барысында ақтық сыртқы обьектілерін зерттейді. Басқа адамдарды, стимулдарды немесе сыртқы өмірдің заттарын , өзіндік сыртқы жай күйлерін көбіне бұл процедура стимумдарды өлшеу болып табылады. Стимул- түсінігі кең мағынада қолданылады. Үшіншіден , адамдар мен стимулдарды біріктіріп, өлшеу немесе шкалалаудың процедурасы бар. Мұнда стимулдар мне зерттелушілер бір өсте орналасуы мүмкін деп жорамалданады. Зерттелушінің іс- әрекеті тұлға мне ситуацияның өзіндік әрекетінің көріну реті қарастырылады. Бұндай процедура білім мен есептерді тестілеуде; Мысалы Кумбс, Гуттман, тестілерінде қолданылады. Сырттай психологиялық өлшеу процедурасының психологиялық эксперимент процедурасынан айырмашылығы жоқ. Психологияның зерттеу практикасында “өлшеу мен эксперимент түсінігі синонимдер ретінде қолданылады. Алайда психологиялық эксперимент жүргізерде бізді өзгермелер арасындағы себеп байланыстар қызықтырады . Психологиялық өлшеудің нәтижесі зерттелушінің белгілі клас

қа , шкала нүктесіне немесе белгілер арасына жатқызылуы болады. Қатаң түрде психологиялық өлшеу деп зерттелушінің іс-әрекетіндегі өлшеуді айтамыз.

Стимулдардың психологиялық өлшеуі жай психологиялық эксперимент барысында экспериментатор емес, зерттелушінің өзі шешетін есеп болып табылады. Бұл жағдайда өлшеу психологиялық әдіс ретінде болады, ал зерттелуші тек өлшеу құралы ролін атқарады. Сол түрдегі “өлшеу нәтижесі өлшеудің моделі негізінде қолданылатын болса және сол математикалық процедурасын қолданып өңделетін болса, психологияда зерттелуші іс- әрекетінің өлшеу қорытындысын *психологиялық өлшеу түсінігі ретінде қолдану керек.

Психологиялық өлшеу процедурасы эксперименталды зерттеудің этаптарына тән . Психологиялық өлшеудің негізі өлшеудің математикалық теориясы болып табылады. Математикалық көзқарас тұрғысынан өлшеу деп көптеген обьектілер мен символдардың екі жақты бір мағыналы үйлесім құру операциясын айтады. Символдар (сандар) заттарға белгілі ережелер бойынша жазылады. Ереже өлшеу шкаласын анықтайды. Өлшеу шкаласы- 1950 жылы С.С Стивенспен психологияға енгізілген негізгі түсінік . Оның шкала трактавкасы қазіргі кезде де ғылыми қолданылады. Сонымен обьектіні сандармен белгілеу шкала болып табылады . Сандық жүйе арқылы қатынас құрылған элементтер жиынтығы болып табылады және көптеген өлшеу обьектілерінің моделі болады.

Бұнда шкаланың бірнеше типтері бар. Операциялар соның ішінде обьектілерді өлшеу әдістері шкала типтерін шығарады. Шкала өз алдына өлшеу нәтижесіне қатысты болатын қайта түзілулер түрімен сипатталады. Егер осы ережелерді сақтамасақ шкала құрылымы бұзылып , берілген өлшеулерді қорытындылау мүмкін болмайды. Шкала типтері сөздің статистика әдістерін бірігуін анықтайды. Әдістер берілген өлшеулердің өңдеуінде қолданлады. Шкала (лат scala-баспалдақ) - өлшеу құралы.

П.Суппес және Дж.Зинес шкаланың классикалық анықтамасын берді. А-қатынас пен эмпирикалық жүйе , R-қатынас пен толық сандық жүйе,F-R жүйесінде А-ның гомоморфты бейнелеу функциясы .Шкала деп жинақталған үштікті атасақ < A; R; F>.

Әдетте сандық R жүйесі ретінде нақты сандар жүйесі таңдалады. А көптігі –осы көптекті анықталған қатынастар жүйесімен өлшенетін обьекті жиынтығы. F бейнеленуі - әрі обьектіге белгілі санды қою ережесі.

Қазіргі кезде Суппес пен Зинес анықтамалары нақтыланды. Біріншіден , шкала анықтамасына қайта түзілу мүмкін топ G тобы енгізілді. Екіншіден, А көптігі – тек сандық жүйе ретінде ғана емес , кез- келген формальды , белгіленген , эмпирикалық жүйемен гомоморфизм қатынасына қойылуы мүмкін жүйе . Сонымен шкала ол төрттік < A; R; F; G>.Жаңашыл ойларға байланысты , шкаланың ішкі сипаттамасына G тобы жатады, ал F тобына нақты өлшеудің жағдайына шкаланың байлануы жатады.

Шкаланың негізгі типтері бар: интервал шкаласы , реттік шкала , атаулар шкаласы, қарым- қатынас шкаласы . Кейбір мамандар қатары тағы абсолют шкаласы мен айырмашылық шкаласын атап өтеді.

Атаулар шкаласы обьектілерге атаулар қоюмен ерекщеленеді . Обьектілер бір – бірімен салыстырылып , олардың эквиваленттілігі анықталады. Белгілі бір класқа жататын обьектілер бір біріне ұқсас және басқа обьектілерден ерекшеленуімен сипатталады. Эквивалентті обьектіге бірдей атаулар беріледі. Салыстыру операциясы әрбір шкаланы тұрғызудың бірінші шарты болып табылады. Мұндай шкаланы құру үшін обьекті өзіне өзі тең немесе ұқсас болуы керек . Психологияның обьектілер үшін , мысалы зерттелушілермен психикалық образдар, бұл қатынас орындалуы мүмкін . Барлық обьектілердің жұптық салыстырылу операциясы эмпирикалық бір уақытта жүзеге асады, ал эмпирикалық өлшеу кезінде бұл жай ғана жағдай орындалмайды.

Еске сақтайтын жайт : кез- келген шкала , атаулар шкаласының өзі де шындықтың моделі, идеамуция болып табылады. Обьекттерде симметриялық R ( X= Y )- R (Y= X ) және транцитивті R ( X = Y; Y= Z ) – R (X =Z ) қарым қатынас жүзеге асады. Бірақ психологиялық эксприменттің көптеген нәтижелерінде бұл жағдайлар бұзылуы мүмкін.

Эксперименттің бірнеше рет қайталануы ( статистиканың жиналуы) класс құрамының араласуына экеледі. Бір жақсысы біз обьекттің сол класқа жататынына нұсқайтын баға ала аламыз. Сондықтан, атаулар шкаласын жай шкала деп атауға болмайды. Шкаланың аса қолайлы түрлері бар: толеранттық қатынас негізіндегі шкалалар , шайылған классификациясы шкалалар және т. б .

Атаулар шкаласы туралы айтуға болады.,егер эмпирикалық обьектілер тек санмен белгіленсе. Сондай белгілердің мысалы болып, футболистердің майкасындағы сандарды айтуға болады. Дәстүр бойынша 1 саны қақпашыға беріліп , сол себептен ол басқа ойыншылардан ерекшеленетінін айтады. Бірақ оның футбол алаңындағы функциясы басқа қақпашылардың функциясынан эквивалентті.

Атаулар шкаласын қолданғанда сандардың орнына басқа символдарды қолданған жөн , немесе сандық шкала түрлі операция жүйесімен сипатталады .

Сонымен , егер обьекттер қандайда бір қатынаста эквивалентті болса , онда біздің оларды бір топқа жатқызуға құқымыз бар. Бұл шкала үшін кез- келген келісімді біртекті қайта түзілістер тән. Өлшеудің субьективті психологиясында сонымен қатар классификация да қолданылады. Мысалдар: Гарднер бойынша обьекттерді іріктеу , психофизикадағы константты стимулдардың әдісі және т. б.

Атаулар шкаласын қолданатын зерттеуші келесі вариантты статистикаларды қолдана алады : қатысты жиілік , мода, кездейсоқ шамалардың коррелациясы , критерий т. б

Реттік шкаланы құту атаулар шкаласына қарағанда күрделі . Реттік шкалада обьект басқа екеуінің арасында орналасуы мүмкін, егерде а>в , в > с немесе а >с.

Атаулар шкаласы арқылы арқылы анықталған эквива- тік кластар кейбір себептерден жинақталуы мүмкін . Шкала қатаң реттік шкала және элсіз реттік шкала деп бөлінеді. Бірінші жағдайда көптік элементтерінде жүзеге асылады. Көп емес және аз, ал екінші жағдайда көп емес және тең және кем немесе тең.

Реттік шкала танымды процесстер психологиясында , экспирименталды психо семантикада, социалды психология кең қолданылады. Реттік шкаланы қолданудың классикалық мысалы болып , тұлға қасиеттерін, қабілеттерін тестілеу табылады. Қалай болса да , реттік шкала обьектілердің кейбір белгілер өсінде түзу жинақталуын енгізуге көмектеседі. Сол арқылы ең маңызды түсінік енгізіледі- өлшенетін қасиет, түзу қасиет.

Реттік шкаланың өтпелі варианты ретінде бар қасиет - жоқ қасиет принципіне сүйеніп жүргізілетін дихотомикалық классификация саналады . Көптіктің дихотомикалық бөлінуі тек реттелуді ғана емес сонымен қатар метриканы да қолдануға мүмкіндік жасайды. Берілгендерді қорытындылау үшін статистикалық өлшеулердің аса кең спиктрлерін қолдануға болады.

Интервалдар шкаласы бірінші метрикалық шкала болып табылады. Осыдан бастап өлшеулер туралы тар мағынада айтудың маңызы бар . Интервалды шкала обьектілерді қасиеттерінің көрінуі арасындағы айырмашылықтарының көлемін анықтайды. Интервалдар шкаласының көмегімен екі обьектіні салыстыруға болады. Белгілі бір обьектідегі қасиеттердің айқын көрінуін екі обьектіні салыстырмалы түрде қарастырады. Интервалдар шкаласы жиі зерттеушілермен қолданылады .

Интервалды шкала өзінің көмегі арқылы алынған анализ белгілері үшін бүкіл параметрлік статистиканы қолдануға мүмкіндік береді . Медиана мен модадан басқа орталық тенденцияның сипаттамасы үшін орташа арифметикалық байланыстар үлкендігін бағалау үшін Пирсонның сызықтық корреляция коэфиценті пайдаланылады. Психологияның өлшеу теориялары жөніндегі мамндардың ойынша тесттер психикалық қасиеттерді интервалдар шкаласы арқылы өлшейді . Ең алдымен ол интеллект пен жетістіктер тестіне қатысты . Бір тесттің есептеуін екінші тесттің есептеуіне аударғанда сызықтық қайта құрудың көмегі зор . x= ax+b.

Қарым- қатынас шкаласы - физикада көп қолданылатын шкалалардың бірі . Қарым –қатынас шкаласының интервалды шкаладан айырмашылы « нөлдік жағдайдың анық болуында . Соның классикалық мысалы - Кельвин темперетурасының шкаласы .

Психологияда қарым – қатынас шкаласын көбіне қолданбайды . Қарым –қатынас шкаласының белгілері түрдің қайта құрылуына қатысты инвариантты : x = ax . Шкала белгілерін константқа көбейтуге болады . Оларға кез – келген статистикалық өлшеулер қолданылады .

Қарым - қатынас шеаласының қолдану аймағы – массасын , реакция мен тесттік тапсырманы шығару уақытын өлшеу . Бұл шкаланың абсалютті шкаладан айырмашылығы « шынайы масштабты бірліктің болмауы .

Шкалалық қайта түзілулердің екі варианты мүмкін .

1) Шкала күштілігінің өсуі ;

2) Шкала күштілігінің кемуі ;

Екінші жағдай тривиалды болып табылады . Күштілігі көбіне жататын бүкіл мүмкін процедуралар күщтілігі аз жағдайға жататын болса онда интервалды шкала арқылы алынған мәліметтерді - реттік деп , ал реттік шкаланы - номиналды ретінде алуға құқығымыз бар.

Атаулар шкаласының реттік шкалаға көшуді қарастырамыз . Ол үшін кейбір негіздер бойынша кластарды реттеу қажет . Обьектінің кейбір кластарға жатуы кездейсоқ функция дерлік . Онда реттік шкаладан атаулар шкаласына көшу кластардың рет телуі болған жағдайда ғана жүзеге асады . Біріншіден , әрбір элемент үшін модальды класс болады: басқа класқа қарағанда көп иеліктердің болуы . Екіншіден , әрбір элемент үшін көптік класқа жату мүмкіндігінің бірі ғана функциясы бар және соларды бір ғана әдіспен реттеуге болатындай . Жай айтқанда , әрбір кластың тек екі көрінісі болуы керек : « сол жақ» және « оң жақ», ал көршілік реттілік элементтердің түрлі класқа түсудің эмпирикалық жиілігімен анықталады . «Өзінің » класына элементі жиі түседі , ал «көршіге » кем және алыстағыларға - өте кем түседі . Берілгендерді өңдеу кезінде кластың әрбір үштігі стохастикалық транзиттікке эмпирикалық тексерістен өтеді. Реттік шкаланың интервалдар шкаласына ауысуы - ең жиі вариант . Ол психологияның теориясына арналған әдебиеттерде бейнеленген .

Психологияда көптеген нақты өлшеу әдістемелері қолданылады. Психологиялық өлшеудің қолайлы классификациясы С. С. Паповян ұсынды .

Психологиялық өлшеу әдістері әртүрлі негіздер бойынша топтастырылады.

1. «шикі» мәліметтер жинау процедурасына

2. өлшеу пәніне

3. қолданылатын шкала түріне

4. шкалаланатын материал типіне

5. шкалалау моделіне

6. «өлшеулердің» санымы ( бір өлшемді және көп өлшемді )

7. мәліәметтерді жинау әдісінің күштілігіне

8. индивид жауабының типіне

9. Олар қандай: детерминистік және мүмкіндікті .

Экспериментатор - психолог үшін өлшеу пәні мен мәліметтер жинау процедурасы басты негіздері болды.

Субьективті шкалалаудың жиі қолданылатын процедурасы :

Ранжирлеу әдісі : бүкіл обьектілер зерттелушінің алдына бір уақытта ұсынып, өлшенетін белгісінің үлкендігіне қарай реттеу .

Жұптап салыстыру әдісі: обьекттер зерттелушіге жұпталып беріледі . Жұптар мүшелері арасындағы ерекшеліктерді зерттелуші өзінің ұқсастықтарында бағалайды .

Абсолютті бағалау әдісі: стимулдар бір –бірлеп беріледі .Зерттелуші берілген шкала бірлігінде стимулдарды бағалайды .

Таңдау әдісі : Индивидке бірнеше обьектілер беріледі , кейбіреуінен берілген критерийге сай авлентінін таңдау керек .

Өлшеу пәні бойынша бүкіл әдістемелер бөлінеді :

А) обьектерді шкалалау әдістемесі;

Б) индивидтерді шкалалау әдістемесі;

В) обьекттер мен индивидтерді бірігіп шкалалау әдістемесі .

Обьекттілерді шкалалау әдістемесі эксперименталды және өлшеу процедурасы контекстінде айтылады . Негізі олар зерттелушінің есебі болып табылмайды, эксперименталды есебі болады . Зерттеуші бұл есепті зерттелушінің мінез құлқын шығару үшін , психиканың ерекшеліктерін анықтау үшін қолданады .

Субьективті шкалалау барысында зерттелуші өлшеу құралының функцияларын орындайды, ал экспериментатор зерттелушілермен «өлшенетін» обьектілердің ерекшеліктеріне аз қызығады және «өлшеу құралын » өзі зерттейді .

Субьективті шкалалаудың әдістемесі мен моделі дәстүр бойынша мінез құлыұты өлшеу моделі мен техникасымен бір бөлікте қарастырылады. Бұл дәстүр мыналармен байланысты : «обьектілерді шкалалауда» , «индивидтерді шкалалауда » мәліметтерді интерпритациялау мен өңдеу процесінде ұқсас математикалық аппараттар қолданылады . Бір өлшемді және көп өлшемді субьективті шкалалау процедурасына кең ғылыми және мектептік әдебиет арналған .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет