Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


ГЛОССАРИЙ «Эксперименталды психология» пәні бойынша глоссарий



бет4/24
Дата29.11.2016
өлшемі3,74 Mb.
#2844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

ГЛОССАРИЙ

«Эксперименталды психология» пәні бойынша глоссарий

пән атауы




Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Артефакт

Артефакт

Arte Factor

Болжам

Гипотеза

Hypothesis

Инторспекция

Инторспекция

Introspect

Әдіс

Метод

Me tot

Эксперименталды

Экспериментальный

Experimental

Нұсқау

Инструкция

Manual

Таңдау

Выборка

Bar chart Sample

Гистограмма

Гистограмма

Measuring

Өлшеу

Измерение

Measuring

Латинский квадрат

Латинский квадрат

Latin square comma

Бақылау

Наблюдение

Observation

Сенімділік

Надежность

Reliability safety

Жалпылау

Обобщение

Generalization

Іріктеу

Отбор

Selection

Парадигма

Парадигма

Paradigm

Айнымалалық көрсеткіштер

Переменные данные

Variable data

Популяция

Популяция

Population

Рандомизация

Рандомизация

Randomization

Фактор

Фактор

Factor

Қарым-қатынас

Общение

Communication

Тест

Тест

Test

Семантикалық диференцал

Семантический диференцал

Semantics differentia

Редукционизм

Редукционизм

Reduction

Арте факт-жанамалы айнымылылықтардың әсерінен тәуелді айнымылылықтың өзгерілу нәтежиесі.

Болжам-негізге бағытталған болатын құбылыс жөнінде бекітілімін шынайылығын және жалғандығын эксперименталдық жолмен ғана жолмен тексеру.

Интроспекция-психологиялық шындық жолындағы өзінің психологиялық жағдайын өзі бақылау.

Әдіс-Субьектінің танымдық позициямын практикалық әрекет немесе обьектінің ғылыми таным әдісі.

Эксперименталды – белгілі бір болжамды ғылыми бағытта зерттеу.

Нұсқау- Белгілі бір әдістің зерттелушіге жүру барысын түсіндіру.

Таңдау-Арнайы процедуралардың көмегімен көптеген қатысушылардың ішінен іріктелу.

Гистограмма-тәуелсіз айнымалалық деңгейіне қатысты кездейсоқ көлемнің бейнесін көрсететін диограмма.

Латинский квадрат-п-п көрсететін квадратты матрица оның әрбір жолы көптеген әрекеттерден тұратын элементтердің қайта құрылуы.

Бақылау-зертелушіні белгілі бір мақсат үшін сырттай психологиялық әрекетін бақылау.

Сенімділік- өлшеу нақтылығы.

Жалпылау-жалпы білімнің заң,заңдылық бейнесі құрылу әдісі.

Іріктеу-процедуралардың көмегімен көптеген қатысушылардың ішінен іріктелу.

Парадигма-ғылымның мақсатын ,әдісін, нәтежиелі бағалаудағы критерилер жүйесі ретіндегі жалпы қабылданған ғылыми стандарт.

Айнымалылық көрсеткіш-экспермименталды зертеуде өлшенетін және өлшенбейтін шындық параметр.

Популяция-арнайы құрылым жиынтығ бар көптеген табағи индивид.

Рандомиция-субектінің топқа кірісуге бірдей мүмкіндігі бар кезіндегі кездейсоқ таңдау стратегиясы.

Фактор-тәуелді айнымалылыққа әсер ететін көптеген математикалық обьектінің ерекшелігі.

Қарым-қатынас-экспериментатор мен зерттелушінің арасндағы мақсатты әрекет.

Тест- психологиялық өлшеудегі ғылыми практикалық әдіс.

Семантикалық деференциал-барлық субьектінің –топтық сана және мағынның

сандық сапалық таңдау.

Редукционизм- күрлелі процестерді қарапайым процестер арқылы түсіндіру.
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

1 дәріс



Тақырып: Эксперименталды психологияға кіріспе.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Эксперименталды психология пәні.

2.Ғылым парадигмасы.

3.Психолгия бойынша алғашқы зерттеулер.

Мақсаты: Студенттреге эксперименталды психология пінінің зерттеу обьектісі мен және негізгі міндеттерімен таныстыру.

4. Дәрістің мазмұны:

Экспериментальды психхология пәні- психологиялық құбылыстарды әртүрлі экспериментальды әдістермен зерттеудің жалпы сипаттамасы. Эксперимент әдістерін қолдану психолоия ғылымының философия саласынан бөлініп шығуында үлкен рол атқарды.Алғашқыда экспериментальды психологиялық лабораториялар қарапайым қабылдау, түйсіну, уақыт реакцияларын зерттеумен айналысты. Алғашқы экспериментальды зерттеулердің негізін қалаған В.Вундт. Вундттың лабораториясынан көптеген ғалымдар дәріс алып нәтижесінде көптеген экспериментальды-психологиялық оқу орындарының инициаторы атанды. Алғашқы экспериментальды зерттеулер қалыпты үлкен адамның психологиялық құбылыстарын арнайы өзіндік бақылау әдістері арқылы талдау болса кейінен эксперимент жануарларға жасалды ( К. Ллойд-Морган, Э.л.Торндайк) , және жандүниесі аурытындарға, балаларға жасалды. Эксперименталды психология психологиялық құбылыстарды дамуынының жалпы заңдылықтарын ғана емес, сезімталдықтың жекелеген вариацияларын, уақыт реакцияларын, есте сақтауды, ассоциацияны зерттеді. ( Ф. Галтон, Д.Кеттел)

Кейінгі кездерде экспериментальды психологияның жаңа саласы- индивидуальды психология пайда болды. Ол психология арқылы адамдар мен топтардың бір-бірінен айырмашылығ анықталды.

Эксперименталды психология курсы ғылыми зерттеу жұмысның мазмұнын оның приципін, құрылымын білгізе отырып, жалпы ғылыми әдістерінің негізін үйретеді. Сонымен бірге бұл курста психологияның эмперикалық әдістерін білуді үйретеді. Психологиялық эксперимент жүргізу эксперимент жүргізудегі эксперментальдық қаррым-қатынасы қамтылады сонымен бірге эксперимент жүргізуші мен зерттелушінің эксперимент кезіндегі іс-әрекеттері эксперименттік таңдау әрі экспериментальдық және экспериментальдық емес жоспарлар мен психологиялық өлшеу эксперимент нәтижесін интерпритациялау оған қойлатын талаптар және эксперимент нәтижесін қарастырды. Психологиялық эмпериклық зерттеу жұмысның мазмұны толықтай таныстырады.

Осы психологиялық көпшілік зерттеу және оқытушылық қызметпен шұғылданды, ал осының аз бөлігі қолданбалы жұмыстармен санаулы ғанасы кеңес беру, психотерапевт, жүргізуі мен яғни адамға көмек етумен шұғылданды.

Елімізде психология ғылымы қоғамның даму өзгерісіне қарай дамып кеңейе түсуде экспериментальдық психология жалпы психологияның бір саласы болып табылады.

Эксперименталыдық психолгияның 4 ерекшелігі бар:

1.Эксперименталды психология барысында барлық ғылыми психология жүйесі түсіндіріледі. Экспериментальдық алынған білім негізінде зерттеу енгізді. Ғылыми психология эксперименталдык психология тәжірибесінде тексеріледі.

2.Эксперименталдық психология кейде нақты зерттеуді қажет етеді.

3.Экспериментальдық психология жалпы психолгиялық зерттеу әдістерінің мәселесімен шұғылданады. Бұл ғылыми маңыздылығы кеңейту үшін жиі қолданылды.

4.Эксперименталдық психология барысында психологиялық эксперимент теориясы түсіндіріледі. Жалпы ғылыми эксперимент теориясы ең алдымен енгізілген жоспарлау және алынған мәліметті өндеумен шұғылданады.

Психологияның өз алдына дербес ғылым болуында эксперимент әдістерінің өзіндік орны бар. Егер ғылым табиғатының заңдарын тану білуін болмаса, онда ғылыми психология ғылым сферасына өзінің табиғатының бір бөлігі ретінде қарастырды адам мен жануарларды тануға әрине эксперимент бұл ғылыми псиологияны экспериментеу арқылы алынған негізгі сүйенбейді және сүйенгенін көрген жоқ. Психологиядағы ерекше орын бақылау және оның формалары алады. Бірақэксперимент әдісі ғылымнын ретінде қалды. Себебі қандай да болмасын бір құб туралы адекватты біл алу үшін бізге сол құб/ты зертеу іздеу керек. Экспериментті психологияда қолдану психологиялық білуіне өзгеруіне, яғни оның бір саласын өз алдына дербес ғылым болуға әкеледі.

Қозғалыс психология ғылымы дамуы ондаған жылдар бойы жинақталған білінің практикада көптеп қолданылып келуімен және білімнің адамның іс-әрекетінің жаңа салаларында біртіндеп кеңеюімен сипаталады. Егер бұрын психология ғылыми лабораториясында алынған апстрактім білінді , қазіргі кезде психологияның өте тез қолданылуына байланысты эксперимент кең пайдаланып келеді. Бірақ бұл эксперимент таза білім алуға бағыталмаған. Ол өмірлік мәселелер мен тапсыманы шешуге бағыталанады. Бұндай экспериментке психологиялық ұсыныстардың тиімділігі мен құндарын тексеруге болады. Эксперимент медицинада, білім беруде, құқық және тағы басқа салаларда, қолданады. Осыға байланысты психологияның дамыған салалары ғылыми және қолданбалы болып бөлінеді.

Ғылыми саласы адам танымы психологиясы байланыс мәселелерді жалпы приципиалды шешуде кереекті теориялық біл алуға балғана.

Қолданбалы сала ғылым негізінде адамның іс-әрекетінде жетістік жетумен байланысты, оның тәртібімен психологиялық даму деңгейінің өсумен байланысты практикалық мәселелер қойылып шешіледі. Педогогика психология эксперименталды ғылымға психологияда және экспериментталдық практикалық психологияда зерттеледі ғылыми танымды және қолданбалы

Ғылыми танымдық психология педогогикалық зерттеуде.

Негізінгі сәйкес ғылымда кеңейтеткенгі біл алады, практикада қолданылып көбіне таба бермейді, ал қолданған психологиялық зерттеуде гипотиза мен жорамал ұсынылады оларпрактикалық жүзеге асырылуы мен тәртібіде өз тиімдін көрсетуі қолданбалы эксперименталды педогогика психология зерттеуін негізгі белгіленеді.

1.Мәселенін дұрыс қойылуы, яғни сұрақтын дұрыс қойылуымен өмірлік маңыздығы бұл арнайы шешімді талап етеді. Бұған арнайы эксперименталды ғылыми зерттеу жүргізбеу жауап табу мүмкін емес.

2.Гипотизаның болуы бұл оның құрылған сол мәселені қалай шешетіні туралы жорамал

3.Болжамды сол мәселенің шешімнің болуы бұл мәселеннің солай шешілуінің болып болмауы және дәлелдеуді талап етеді.

4.Осы гипотизаны шешуге бағытын ғылыми экспериментін жүргізу

5.Эксперимент қорытындыны жүргізілердін алдында алған қорытындымен салыстыру.

Психологиядағы эмперикалық әдістері

1.Психологиялық зерттеу әдістерінің топтастырылуы

2.Эксперименталдық емес психологиялық әдістер бақылау әңгіме архивті әдіс

3Проективті әдістерге жалпы сипаттама

Б.Г. Ананьев көз қарас бойынша психологиялық зерттеу әдістері психологиялық объктілердін операция жүйелері болып табылады. Сол қатар психология ғылымның,объектілері. Ананьв психологиядағы эмприкалықәдістері қолдану мәселелері қарастыра отырып оларның психологиялық әдістер жүйесідегі орнынанықтаудан бастау керек деді. Осыған байланысты 5 деңгейді бөліп қарастырды

1. Әдістеме деңгейі

2.Әдістемелік тәсіл деңгейі

3. Әдістің деңгейі (эксперимент бақылау тағы басқалары)

4. Зерттеу ұйымдеу деңгейі

5. Әдістемелердің үйлесім деңгейі

Бұл қарастынын деңгейі бөліп Пирьевтың бөліп-қарастырғанына ұқсайды. Ол әдістерді


  1. Әдістер

  2. Әдістемелік тәсілдер

  3. Әдістемелік үйлесім (генет, психофизикалық деп бөліп қарастыру)

С.А.Губенштейн өзінін «жалпы психология негіздері» еңбегінде психологияның басты әдістері ретінде бақылау мен экспериментті бөліп қарастырды.

5. Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Эксперименталды психология нені зерттейді?

  2. Алғашқы эксперименталды психологиялық дәрістер қай жылы оқытыла бастады?

  3. Болжам дегеніміз не?

  4. Болжам түрлерін ата?

Әдебиеттер:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента . М ,1978

2. Анастази А ., Урбина С . Психологическое тестирование . СПБ Питер ,2001г.

3. Быков В.В. Методы науки .М,1972г

4.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

5.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.


2 дәріс.

Тақырып: Ғылым парадигмасы.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Ғылыми зерттеулер.

2.Ғылыми зерттеу принциптері.

3.Ғылыми теория құрылымы.

Мақсаты: Студенттерге ғылым туралы, ғылыми зерттеудің негізгі мақсаттары туралы түсінік беру, ғылым негізінде жасалатын теорияның құрылымымен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

1.Ғылым адамның өзге іс-әрекеттерінен өзіндік мақсатымен, әдістерімен мотивімен және өзге де негіздермен ерекшеленеді.

Ғылымның мақсаты- шындықты анықтау, ал шындықты анықтаудың әдісі- ғылыми зерттеу.

Зерттеу қоршаған орта жөніндегі таным формаларынан гөрі, ғылыми әдістемелік жағынан белгілі.

Зерттеулер эмпирикалық және теоритикалық болып бөлінеді.

Белгілі болғандай көптеген зерттеулер теоретико-эмпирикалық негіздерімен ерекшеленеді.Кез-келген зерттеулер толық ғылыми бағдарлама немесе ғылыми бағыттарды дамыту мақсатында болады.Тұлғаның нарцистік ерекшеліктері жөнінде Э.Фром зерттеуді ғылыми бағытта агрессияның зиянды жақтарын анықтауда қолданды.Ал К.Левиннің бағдарламасы жетістіктер мотивациясы және квазиқажеттілікті анықтау негізіндегі зерттеу жұмысы болды.Б.Ф.Ломовтың бағдарламасы қарым-қатынас жүйесі мен сенсорлы тапсырлардың шешілу эффективтілігін зерттеу болды.

Зерттеулерді олардың сипатына қарай фундаменталды және қолданбалы, монодисциплинарлы және дисциплинараралық , аналитикалық және комплексті болып бөлінеді.

Фундаменталды зерттеу – практикалық әрекеттің қатысынсыз шындықты тануға бағытталады.

Қолданбалы зерттеу -дәл практикалық тапсырманы шешудегі қолданылатын білімді алу мақсатында жүргізіледі .

Монодисциплинарлы зерттеу- бұл бір бағыттағы ғылымда жүргізіледі. Мысалы: психология дисциплинараралық зерттеулер сияқты бұнда да зерттеу аймақтары және жақтары болады.Яғни этнопсихологиялық немесе социологияны зерттеу сияқты.

Комплексті зерттеу -ғалымдардың шындық параметрлерін тануда әдістемелер жүйесімен жұмыс жасау үшін қолданылады.

Бір факторлы немесе аналитикалық зерттеу – бір зерттеушінің пікірі бойынша шындық аспектісін тану бағытында жүргізіледі.

Кез-келген зерттеу өзінің құрамына мынадай кезендерді еңгізеді. Әрбір кезеңде белгілі бір тапсырмалар шешіледі. Зерттеу жұмысы "Не белгісіз″ деген сұрақтан басталады, яғни тапсырманы анықтап алу .Келесі кезенде ғалымдар зерттеп жатқан мәселе туралы ақпаратты жинақтап, оны талдайды. Кей жағдайда бұл мәселе шешіліп, бірақ толық қорытындысы шықпауы мүмкін .Егер ғалымдар алынған мәліметке күманданса олар қайтадан әдістер арқылы зерттеп, оларды талдап, қайта тексереді.

Зерттеудің шығармашылық кезеңі болып, дәл әдісті табу болып табылады.Дұрыс әдістеменің табылуы зерттеу жұмысының ғылыми облыстарынан жаңа бағыттарын ашады.Эббенгауездің "Мағынасыз буындары" деген шығармасы көп уақыттық естің заңдылықтарын ашуға бағытталады.Гальтордың егіздердің психикалық ерекшеліктерін салыстыру бағдарламасы жаңашыл психогенетиканың ашылуына әкелді.Зерттеудің келесі маңызды кезеңі алдын –ала жағдайларды формулалау және оларға гипотеза жасау болып табылады.Оларды тексеру үшін зерттеудің жоспары құрылады.Ол өз құрлымына обьект таңдайды,яғни экспериментке және бақылауға қатысатын адамдар тобын.Зерттеу жұмысының пәні анықталады.Эксперименттің орны мен уақыты белгіленеді.

Құрылған жоспарға сай жүргізілген зерттеу келесі кезең болып табылады.Зерттеу жүргізу және қортындылау барысында көптеген қиыншылықтар туындап отырады.

2. Зерттеу нәтижелерінің фиксациясынан кейін алғашқы анализдеу,матиматикалық қайта өңдеу ,интерпритациялаулар және жоспарлаулар жүреді.Бастапқы гипотезаның дәлелденгендігі тексеріледі.Жаңа фактілер мен заңдар құрылады.Теория нақтыланады немесе жоққа шығарылады.Осының барысында ұсыныстар пайда болады.

Зерттеудің өткізілу мақсатына байланысты мынандай типтерге бөлеміз: бірінші болып ізденіс зерттеулерін айтамыз. Кей уақытта аналогиялық зертеулерді мынандай мысалдармен түсіндіруге болады:"Былай істеп көрейік,мүмкін бір нәрсе шығар"деген сияқты.Осындай ғылыми жұмыстар принципиалды жаңа қортындыларды анықтауға бағытталады.

Екінші типке критикалық зерттеуді жатқызамыз, олар қалыптасқан теорияны, модельді, гипотезаны, заңдарды немесе екі альтернативті гипотезаның қайсысы дәл екендігін тексеруге арналады.Критикалық зерттеулер көбіне теоретикалық және эмперикалық білімдерде өткізіледі.

Көптеген зерттеулер ғылыми нақтыланумен байланысты Олардың мақсаты шекараны белгілеу, яғни теория эмпирикалық заңдармен фактілерді қалыптастыру шегін қарастырады.Алғашқы эксперименттік үлгісімен салыстырғанда ,жүргізілген зерттеудің обьектілері мен методикасы ерекше болады.Алдын- ала теоретикалық білімнің шындығының қандай ауқымына жатқызатындығы да тіркеледі.

Оның мақсаты алынған нәтиженің обьективтілігін ,сенімділігін және жеткіліктілігін анықтау болып табылады.Кез-келген зертеудің нәтижесі зерттелген басқада жұмыстардың нәтижесіне ұқсас болу керек.Сондықтанда жаңа эффектілердің, заңдардың,методикалардың ашылуынан кейін осы нәтижені тексеру болып табылады.Экспериметтің әдісі мен нақты әдістемесі интерсубъективті болу керек.Шынайы ғылыми зерттеудің теориясы алдын-ала болжамға сүйенеді.

Уақыт ол үздіксіз яғни өткен шақтан болашаққа өтіп отырады.Себептен бұрын жағдайдың болуы мүмкін емес.Екіншіден біздің ойымызша барлық жағдайлар болатын кеңістік изотропты.

Кеңістіктін бір аумағындағы үрдіс оның басқа аумағында да дәл солай болады.

3. Қорытындылай келе біз әлемдегі оқиғалар біздің оларды тануымызға тәуелсіз түрде болып жатады.Әлем шынайы және объективті.Зерттеушінің көмегімен алынған ғылыми нәтиже уақытқа тәуелді түрде идеалды болуы керек. Заңдардың қалыптасуы уақытқа тәуелді болады. Сонымен ғылыми білім интерсубьективті, яғни ғылыми нәтиже зерттеушінің жеке тұлғалық мотивтерімен және интуицияларына тәуелсіз болуы керек.

Соңғы уақытта ғылыми нәтиженін оның әдісіне тәуелді емес екендігі анықталды.Зерттеушінің объектінің танудағы іс-әрекетімен байланысты.

ХХғ.басындағы ғылыми ойлауда "квант- механикалық ревалюция"болып жаңадан теория қалыптасты.

Белгілі методолог М.Бунге мынандай ғылымдардың арасындағы айырмашылықтарды тапты.Біріншісі зерттеу нәтижесі әдіске тәуелді еместігі.Екіншісі нәтиже мен объект инвариантты болып келеді.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Ғылым дегеніміз не?

  2. Ғылыми зерттеу принциптерін ата?

  3. Ғылым негізінде жасалатын торияның мақсаты?

  4. Ғылыми теорияның құрылымдарын ата?

Әдебиеттер:

1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента . М ,1978

2. Анастази А ., Урбина С . Психологическое тестирование . СПБ Питер ,2001г.

3. Быков В.В. Методы науки .М,1972г

4.Бурлачук Л.Ф. Морозов С .М. Словарь – справочник по психодиагностике .СПБ Питер Ком, 1999

5.Волков.Б.С. Волкова В.Н. Методы исследования в психологии. М., 2002.


3 Дәріс.

Тақырып:Психологиялық зерттеудің теориялық әдістемелік негізі.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Ғылыми әдіснама туралы түсінік.

2.Ғылыми зерттеу әдістемелерінің негізгі бағыттары.

3.Зерттеу кезеңдері мен әдістері.

Мақсаты: Ғылыми әдіснама және ғылыми зерттеудің негізгі мақсаттары негізгі зерттеу кезеңдері туралы таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

1.Бақылау сияқты, тәжірибеде негізгі зерттеу әдісі болып есептеледі . Тәжірибені қолдану қажеттілігі, зерттеу мақсаттары жағдай жасауларды талап етсе, немесе оқиғалардың әдеттегі жүруі көріне алмаса немесе оны белгісіз ұзақ күтуге тура келсе ғана қолданылады. Яғни, тәжірибе - зерттеу әдісі және онда зерттеу жағдайларын өзгерту, өз өзгертуін жасау үшін мүмкіндік алу, оның шарттарын түрлендіру, психикалық процестерді зерттеу немесе педагогикалық құбылыстардың мүмкін және қолайлы сыртқы көрінулер арқылы істеу, механизмдер және көріну тенденциялары, оқылатын құбылыс ифункционирлі түрде бола алады. Баяндалған мағлұмат бойынша, бақылаудың тәжірибеден және басқа әдістердің қатарынан айырмашылығы ескеріледі, зерттеу жағдайларын белсенді жасауға және оларды өзгертуге мүмкіндік бермейді.

2. Тәжірибе зерттеу әдісінен ХІХ ғасырда тәсілдермен және психикалық өлшеулер сияқты өңделгендермен орындалу тәсілі түйсіктердің заңдылықтардың зерттеуінің және қабылдау барысында, реакциялардың жылдамдықтары, психикалық процестердің ағып өту шарттарының т.б. Олар бөліс алғы шартымен қызмет етті және лабораториялық тәжірибені кең қолданысқа енгізді, ол тәжірибелік психологияның құрастырушы болды.

Психолгиялық лабораториялық тәжірибе арнайы орындарда өткізіледі, онда қажетті жабдықтар және тіркеу құралдарды болады. Сыналушы өзіне жағымсыз жағдайға тап болады, онда толқындаулар, бөгеліп қалушылық күй-жағдай, үрейлілік, тағысын тағыда нәтижелері көріне алады. Экспериментші тапсырма орындалуларының шарттары туралы сыналушыға хабарлайды және оның әрекеттерін әрі байқайды.

Лабораториялық тәжірибені қайта-қайта қайталауға болады ( әр түрлі сыналатындармен ) және қанша қажет, негізде үшін алынған тап осылардың бар болатын байланыстар және заңдылықтар айқындар еді және ұйымдастыруға болады . Лабораториялық тәжірибеде психикалық процестер контексттен тыс біреу тұтас қызмет ретінде оқытылады. Лабораториялық тәжірибе әрине нақты жағдай бөлімін және оның мүмкін үлгісін көрсетеді. Мысалы , есте сақтау ерекшеліктерінің зерттеуі үшін лабораториялық шарттарда сыналатындарға 10-15 сөзден үш топты ұсынады, жағымды сезім шамданған ( ғанибеттің ) және парықсыздықтың( парықсыздық сезімі). Мәселен, мына сөздер беріледі: сый ( жағымды сезім ), қайғы ( жағымсыз сезім , қағаз тағысын тағыда және олардың есте қалу сыналатын сұрайды, бір мәрте тыңдап шығып, ал содан соң ұдайы өндіру ( жазып қою ) сөздер, жадта аман сақталды . Табиғи тәжірибе көрсетеді - жақсырақ сөздің ( дұрыс және молынан ) айтылуы, жағымды сезім шамданған демек, олар жақсырақ есте қалады. Ақиқатта сондай нақты бір уақытта « концентрация » сөздердің ұқсас үлгілері практикада кездеспейді, бірақ анықталған заңдылық аман сақталады және ескерілу тиісті.

Тәжірибелік әдіс қолдану әрекеттері педагогикалықтың тәжірибелілер мақсаттардың шешімінде табиғи тәжірибе көрінуіне әкеледі . Бұл тәжірибе түрі 1910 жылға Ф Лазурский өңделген, қолданылған және ұсынылған болатын.

3.Эксперимент – себеп – салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:


  1. Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.

  2. Эксперимент зерттелетін құбылыс жағдайларын өзгерте алады.

  3. Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.

  4. Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.

Экспериментті ғылыми әрекет ретінде қарастырғанда қажетті зерттеу кезеңдері мен міндеттерінің жүйесін белгілеуге болады:

І – зерттеудің теориялық кезеңі. Бұл кезеңде төмендегідей мәселелер шешіледі:

а) зерттеудің тақырыбы мен мәселесін айқындау,

ә) зерттеудің пәні мен объектісін анықтау.

б) зерттеудің міндеттері мен жорамалдарын анықтау.

Пән зерттеулерінің шегін анықтау кезінде төмендегілерді ескеру керек: 1) зерттеудің мақсаты мен міндеттерін; 2) зерттеу объектісін; 3) эксперименттің материалдық және уақыт мүмкіншіліктерін; 4) жеке түсініктемелік теорияда көрсетілген мәселені ғылыми өңдеудің нәтижелерін.

ІІ – зерттеудің әдістемелік кезеңі. Бұл кезеңде эксперименттің әдістемесі мен эксрперименттік жоба жасалады. Эксперимент әдістемесі зерттеу тақырыбын эксперименттік жағдайдың айналымалысы ретінде көрсетуі керек. Экспериментте екі айнымалы болады: тәуелді және тәуелсіз.

Эксперимент жасаушы өзгертетін фактор тәуелсіз; өзгерісін тәуелсіз айнымалы тудыратын фактор тәуелді айнымалы деп аталады.

Эксперимент жобасы мыналарды сипаттайды: 1) эксперимент бағдарламасын құруы; 2) эксперименттік мәліметтерді өңдеудің математикалық жобасы.

ІІІ – эксперименттік кезең. Бұл кезеңде эксперименттік жағдайға, бақылауға, эксперимент жүрісін басқаруға, сыналушының реакциясын өзгертуге байланысты тәжірибелер тікелей жасалады.

ІV – аналитикалық кезең. Бұл кезеңде нәтижелерді сандық талдау, алынған айғақтарды ғылыми жинақтау, жаңа ғылыми жорамалдарды және тәжірибелік нұсқауларды қалыптастыру жүзеге асырылады.

Эксперимент психология әдісі ретінде психофихика мен психофизиология саласында пайда болып, психологияда кең таралды. Эксперименттің қолданылуы қарапайым түйсік үрдістерінен бастап жоғары психикалық үрдістерге дейін таралды. Эксперимент сипаты да өзгерді: жеке физикалық тітіркендіргіш пен оған сәйкес психикалық үрдістің қатынасын зерттеуден нақты объективтік жағдайлардағы психикалық үрдістердің өздерінің жүру заңдылықтарын зерттеуге ауысты.

Эксперименталдық зерттеудің негізгі кезеңдері:

1.әр зерттеу тақырыпты анықтаудан басталады. Зерттеу проблемасы пәні, объект және әдістемелерді таңдайды.

2.проблеманы анықтағаннан кейін ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау Яғни, зертеуші басқалардың да осы проблеманың шешу барысындағы жетістіктермен танысу. Әдебиет журналдармен жұмыс жасағанда негізгі бағалық түсініктердің бағдарламасымен танысудан бастау керек. Сөздік және энциоклопедиялармен жұмыстану құрастырылып отырған тақырып бойынша библиография құрасытру.

3.Гипотезамен айнымалдықтарды анықтау. Алғашқы проблеманы қою, проблеманың өзектілігі, оның ғылыми жаңалығы осы проблеманы зерттеу құндылығы, зерттеудің мақсат міндеттері белгіленіп отырады.

4.эксперименталды құралдарды таңдау әдістемені немесе апаратураларды іріктеу.

5.эксперименталды зерттеуді жоспарлау мұнда уақыт көрсетіліп финанстық есептер жүргізіледі.

6.популяция таңдау – аланған адамадардың жынысын, жасын, әлеуметтік жағдайын, білім деңгейін, жеке дара психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.

7.негізгі эксперименнтті жүргізу кезеңі. Бұл кезеңде зерттеуші нұсқауды оқиды, керек жағдайда, үйрету сериясын өткізеді. Эксперимент зерттелушіден интервью алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет