Қазақстан педагогтары мен ғалымдарының педагогикалық мұрасында оқыту идеяларын дамыту: Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Р. Г. Лемберг, Н. Д. Хмель және т.б.
Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым–қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанғандардың бірі Ыбырай. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсіресе, қазақтың мәдениетін, өнерін терең білетін, ақыл – парасаты жоғары, сөзге шешен, елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды. Ыбырай атамыз бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім – тәрбиесін, үлгі – өнегесін көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңдіре білді.
Ы.Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып қалдырмағаны белгілі, бірақ ұлттық – эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты.
20-30жж. қазақтың ағартушы педагогтарының ішінен А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев және т.б. айтуға болады. Олар отандық педагогика мен мектептегі оқытудың дамуына тарихи-мәдени мұра мен қазақ халқының салт-дәстүрлері тұрғысынан көп үлестерін қосты. Білім беруді қолдау негізінде олар мынадай оқу пәндерін қойған, олар: ана тілі және әдебиеті, тарих, география, Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі, Қазақтың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекет түрлері негізіндегі еңбек тәрбиесі, бейнелеу өнері, ұлттық ойындар және т.б. Бірақ қазақ ағартушыларының демократиялық ойлары сол кездердегі мемлекеттік партия ұйымдарының саяси идеологиялық үкіміне қарсы тұра алмады.
Атақты ғалым, профессор Р.Г.Лемберг өзінің көптеген еңбектерінде шығармашылық оқыту әдістерін қолдану, оқу үрдісінің психологиялық аспектісі, оны белсендендірудің тәсілдері мен жолдарын сипаттайды. Ол оқытудағы догматизм мен формализмге қарсы шығып, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік кедергілерден өту қажеттілігін және жаңа тиімді оқыту әдістемелерін іздеуге баса назар аударды. Жаңа педагогиканы шығармашылықпен іздеуде кейіннен өздерінің педагогикалық мектебін ашқан Р.Г.Лемберг мектебінің оқушылары белсенділікпен қатысты. Бұл профессор Г. А. Умановтың ғылыми мектебі еді, мұнда еңбекке оқыту мен тәрбиелеу, кәсіби-техникалық білім беру мәселелері зертеледі; педагогикалық үрдіс мәселелері және педагог кадрларды дайындауды Н.Д.Хмель ғылыми мектебі зерттеді.
Достарыңызбен бөлісу: |