Педагогика вн блок indd


-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі



Pdf көрінісі
бет106/153
Дата24.12.2021
өлшемі3,58 Mb.
#128554
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   153
Байланысты:
педагогика китап

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі
100
тынаста болатын көптеген зияткерлік қырлары бар екенін 
мойындауымыз  керек  деп  қорытады.  Говард  Гарднердің 
жұмысына айтылған жалпы сын оның теорияларының ба-
сым бөлігі эмпиристік зерттеулер аясындағы кешенді және 
толық  негіздемелерге  емес,  өзінің  жеке  интуициясы  мен 
пайымдауларына  негізделген  дегенге  келіп  саяды.  Қазіргі 
уақытта зияттың қырларын анықтауға және өлшеуге арнап 
әзірленген нақты кешенді тестілер жоқ. Оның үстіне, Гард-
нер  ен-таңба  жапсырып,  жалпы  қорытынды  жасауға  апа-
рып соғады ма деп секемденгендіктен, тестілеу әдісіне ден 
қоймаған. Мидың жұмыс істеуі жөніндегі зияттың қырлары 
тұжырымдамасын  қолдайтын  зерттеулер,  тұтастай  алған-
да, әлі де жалғасып жатыр, бірақ олар Говард Гарднер тео-
риясының  ерекшелігін  қолдай  бермейді.  Зиятқа  қатысты 
соңғы зерттеулер, атап айтқанда, Роберт Стернберг ұсынған 
«үштік модель» теориясы Гарднердің зияттың стандартты 
теориясына  сенімсіздігі  туралы  ойларымен  ұштасып  жат-
ты. Алайда, Гарднерге қарағанда, Стернберг адам санасында 
өңделетін нақты материалға аса мән бермейді. Оның орны-
на  ол  зияттың  компоненттік,  эмпиристік  және  мәнмәтін-
дік аспектілеріне назар аударады. Стернбергтің айтуы бой-
ынша,  адами  зият  –  бұл  «жеке  тұлғаның  өміріне  қатысты 
шынайы  ортаны  бейімдеуге,  іріктеуге  және  құруға  бағыт-
талған ой әрекеті» (Sternberg, 2007), яғни зият жеке тұлға-
ның  өз  өміріндегі  қоршаған  орта  өзгерістерін  қалай  жеңе 
алатынын көрсетеді.
Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке 
тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет