2-тақырып. Білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары 41
Сабақты зерттеу тәсілі бастауыш және орта мектеп-
терде барлық пәндер аясында қолданылады. Тәсіл аясын-
да басты назарда «сабақты зерделеу» үдерісі тұрады.
Мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір педаго-
гикалық тәсілді, оқыту мен оқу әдіс-тәсілдерін қалай да-
мытуға болады деген мәселені шешу үшін оқушылардың
білімді қалай игеретінін зерттейді. Сабақты зерттеу тәсілі
оқушының пән мазмұнын қалай игеретінін – олардың
нақты идеялар мен тұжырымдарға қалай түсініктеме беріп,
қалай түсінік немесе қате түсінік қалыптастыратынын
зерделеуге мүмкіндік береді. Мұғалімдер ойлау кезінде
оқушылардың санасында жүріп жататын үдеріс және олар-
дың жаңа тақырыпты қалай меңгеретіні туралы түсінік қа-
лыптастырады.
Сабақты зерттеу бір мезгілде 4 деңгейдегі мақсатты көз-
дейді (Lewis, 2002):