2-тақырып. Білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары 39
Зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгіме-
ге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің
түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сынып-
тастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ
проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қа-
лыптастырады, идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идея-
ларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінік-
ті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге
ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда,
өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып, талқы-
лайды. Талқылау кезінде олар
«мүмкін», «егер», «бәлкім» де-
ген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін
«сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қол-
дау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.
Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап,
өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылар-