Сақтардың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы мен мәдениеті
Сақ халқының басым бөлігі егіншілікпен шұғылданбайтын кошпелілер болған "Ханнамада" көрсетуінше, сақтар да жер шұрайьш сағалап, көшіп-қонып жүреді екен. Ежелгі грек тарихшылары да оларды көшпелілер қатарына жатқызады. Еренқабырға бауырындағы Алагу сайынан байқалған сақ дәуіріне тән бір қабірді қазу барысында ондағы мүрдеге қоса көмілген ағаш астаудың ішінен қойдың сүйек-саяғы мен кішкентай темір пышақ табылды. Бұл осы қабір иесінің фәнидегі тірлігіне ет тағамының өте маңызды орын алғанын біддіреді. Оған қоса көмілген қой, сиыр, жылқы, сүйектері сақтар заманында мал түліктерін өсіру бұл оңірдегі негізгі өндіріс тәсілі болғандығын айғақтай түседі.
Сақтар көшпелі өмірге ыңғайлы киіз үй пайдаланған. Олардың киіз үйі сыртқы пошымына қарағанда дөп-дөңгелек көрінетін, ал "ішінен қарағанда ол тор көзді ағаштардан құралған. Керегелер 6 немесе 10 қанатқа дейін жетіп, оны жаюғада, жинай салуға да, алып жүруге де болады. Үй төбесін сақиналанған дөңгелек шаңырак ұстап түрады". Ағаш қаңқаның (уық-керегенің) сыртынан киіз жабу - сақтар дәуіріндегі ірі тапқырлық. Ертеде Америка мен Африка құрлығындағы халықтар мыңғыртып қой бағуды білгенімен оның жүнін пайдаланып, киіз жасауды білмеген. Америка ғалымы Лауфердіц атап көрсетуінше, киіздің ойлап табылуы - Орта Азиядан таралған тағы бір мәдениет үрдісі. Мүндай жиьш-қаттауға, алып жүруге оңтайлы үй ағаштар мен туырлық, бау-шулар түгелімен көшпелі омір жағдайына бейімделіп жасалған. Ол - сақ халқы ақыл парасатының туындысы. Бүгінде қазақ ұлты пайдаланып жүрген киіз үйлер мен қой жүнінен жасалған әдемі киіздерден қиюластырып өрнск басылған оюлы сырмақтар - сонау сақтар заманынан бергі қарай келе жатқан өнер туындысы.
Сақ әйелдердің қоғамдық орны едәуір жоғары болатын. Олар ерлермен бірге әлеуметтік істерге араласудан басқа тұлпар мініп, ту алып, соғыс шебіне де аттанып кете беретін, әрі соғыста өте жанкешті жауынгерлігімен көзге түсетін. Грек жазушысы Кияутс сақ әйелдеріне деген сүйінішін "Сақ әйелдері - нағыз батырлар, олар соғыстың қиын сәтінде ерлермен бірге қасап қырғынға кіріп кетеді" деп білдірсе, Алимарт Александр "Мен соғыста ерлерден кем түспейтін массагет әйелдерін, құтты
11
ерлердей садақты сарната толғайтын өзге сақ әйелдерін жақсы білемін" деп жазады. Б.з.д. VI ғасырдағы массагеттердің әйел шахы Томирис ері өлгесін, қалың қолға өзі бас болып, парсылардың қалың қолын ойсырата жеңеді. Кейінгі кездегі үйсін әйелдсрінің ер коңіл, адуындығы да сол ескі кездегі сақтардан жалгасқан қасиет болса керек.
Сақтар жекпе-жек соғыста айбалта, гүрзі, найза, семсер, садақ, жебе сияқты құралдарды пайдаланған. Бұлардың ішінде скифтердің семсері қысқалау, ал сарматтардікі ұзындау келеді. Скифтер осы құралдардың ішінде садақ пен жебені көптеп пайдаланған. Сондықтан әрбір сақ жауынгері садак, пен жебе жастанып жатып өлетін. Олардың жебелері қысқа хәм өткір келетін. Жебелердің үшы алғашында сүйек пен тастан жасалса, кейін қола мен темірге ауысады. Алып жүруге қолайлы болу үшін қорамсақ пеп садақты бір жерге байлайды. Сақ мәйіттерінен табылған қорамсақ пен садаққап көрер көзге өте әдемі. Ерте заманда-ақ сақтардың өз діндері болған. Олар ата-баба рухына тәу етті. Кейін келе күллі ғаламның тылсым сырларына бой үрып, барлық табиғи құбылыстарға тәу ете бастайды. Геродот көшпелі массагетгер жөнінде жаза келіп "Олар күллі тәңірлер арасында тек күнге ғана тәу ететін, олардың күнге атап шалатын құрбан-дықтары жылқы. Олардың жылқыны құрбандыққа шалу себебі, бұл фәниде желдей ұшқыр, тұлпар аттары ғана күллі құдайлар ішінде күнге тез жетеді деп қарауынан" дейді. Сақтар үнемі жаугершілікті бастарынан кешіп отырғандықтан соғыс піріне де қатты табынатын. Олар селебе-семсерлерін жерге шаншып қойып, семсердіқ ұшынан сүт пен қан тамшылатып, алдағы алапат қан кешуден аман өтуді тілейтін. Оқымыстылар қытай, парсы, грек тарихындағы сақтардың ру-тайпалары, шет-шекарасы, кісі аттары жайындағы атауларға талдау жасай келіп, "б.з.д. VI ғасырдан IV ғасырға дейінгі"қазақ даласының сол белігіндегі сақтар түркі тілін, оң бөлігіндегі сақтар иран тілін қолданған" деп есептейді. Өйткені йуузейлер, үйсіндер тіліне ұксайтын. Әйтпесе, йуузейлер мен үйсіндерге Іле бойына келген сақтардың қысқа уақыттың ішінде сіңісіп кетуі неғайбыл еді. Егер тіл ұксастығы болмаған жағдайда мұндай сіңісу барысының неше ондаған жылдарға созылуы, тіпті болмай қалуы да мүмкін. Тек ұқсас тілді халықтар ғана мұндай бейбіт сіңісудің жемісін көре алады. Бұдан біз сақтардың да бұрын түркі тілін қолданғандығын, батысқа көшіп, Иран шегіне жеткесін, ондағы
12
иран тілдес халықтармен ұзақ уақыт бірге өсіп, біте қайнасудың әсерінен қазақ даласының алыс түстігіндегі сақтардың иран тілін қолданып, ал солтүстікте - қазақ даласында қалған сақтардың жалғасты түркі тілін қолданғанын байқаймыз.
Сақтардан сақталған мұралардың ұлттық-
тарихи танымдылығы
Қытайдың Еренқабырға тау бөктеріндегі Алагу сақ мәйіттерінен табылған құрал-жарақтарының ішінде алтын, күміс, мыс, темір, фарфор, ағаш, жібек, түрлі сырлы бұйымдар бар. Темір құралдардан жебе ұшы, кішкентай темір кездік бар. Соның ішінде алтын бүйымдар мен әшекейлер КСРО жерінен табылған осы тектес мұрағаттарға ұқсас келеді. Кісі козін кызықтыратыны төрт бұрыш тұғырға қондырылған тұз тағысының бейнесі орнатылған мыс табақша. Оның жалпы биіктігі 32 см, тұғырдағы айналасы 30 см-лік төрткіл табақшаның ортасына қатар тұрған арыстан тақылетті екі жыртқыштың бейнесі қойылған. Олардың жалпы толкындаған түрде қуыс түтік рәуішті түйістірілген.
1983 жылы тамызда Күнес өзенінің оңтүстік жағасынан, Бестөбе қаласынан солтүстік шығысқа қарай 20 км-лік жерден бұдан екі мың жылдан астам уақыт бұрынғы бағалы қола мұрағат табылды. Бұл мүрағаттар: үш сирағы жыртқыш ал бейнесіндегі салмағы 21 кг үлкен қола қазан, бір қола коңырау, бір-біріне айқасқан сақина формасындағы қоладан жасалған жұп жолбарыс, бір-біріне казинектен қарасып жатқан бір жүп қанатты мақұлық, сынған қола шырағдан, тізерлеп, тік отырған биіктігі 42 см-лік батыр бейнесі. Сүйіншілеп хабарлаушылар мұны "Үйсін мұрағаты" десті. Мен осынау маңызды мәдени мұраларды үйсіндердікі дегеннен гөрі сақтардікі дегенді құптар едім. Өйткені, қоладан жасалған батыр бейнесін сөз етушілер оны: "Шарт жүгініп тікесінен тік отырған айбатты, сол бойында биіктігі 42 см, іші қуыс, ауырлығы 4 кг, басына шошақ, қайқы төбелі дөңгелек бөрік киген... екі көзі түп-тура алдына қараған, белден жоғары жалаңаш, мүсінші оны көз шанағы терең, кеңсірікті етіп, самай шашын шығарып, өте әсерлі жасаған"-дейді. Мұның бәрі айна-қатесіз байырғы сақтардың бейнесі. Байырғы үш арыс сақ қауымының тек шошақ төбелі бөрік киетін бір тобы ғана Іле бойын ұзақ уақыт мекендеген. Геродот баяндап өткен бөріктің төбесі шошақ (үшкіл). Ал біз тілге тиек етіп отырған Күнестегі бөріктің үшы оған қарағанда қайқы. Бұл
13
осында ғүмыр кешкен сақ қауымының арасындағы тағы бір топтың киім үлгісі болуы мүмкін. Өйткені қазіргі қазақ ішіндегі керей, найман тайпалары киген түлкі тымақтың төбесі бірдей биік болғанымен, найман тымақтың төбесі керей тымаққа қарағанда аласалау. Қазақтар біреудің бөркіне (тымағына) қарап-ақ оның қай рудан екенін біле қоятыны соңдықтан. Бұдан ежелгі сақтар киген шошақ бөріктің пошымы да ру-тайпаларға қарай әр түрлі екенін байқаймыз.
Қазып алынған аталмыш мәдени мұралардың жасалу пошымына қарап та, оның сақтардың мәдени ескерткіштері екенін кесіп айтуга болады.
Бір-біріне қарап тістесіп жатқан жолбарыс мүсіні, қола қазан, тік отырған батыр бейнесі, қарама-қарсы жатқан мақүлық, үзын сирақты шырағдан - міне мұның бәрі сақ үлгісінде кейіптелген.
Күнестен табылған сынық қола шырағдан іс жүзіңде Алагуден табылған жыртқыш мүсінді мыс табақпен бір типке жатады. Шырағдан бүлініп, сынғанымен, оның табақшасы бұрынғыдай бүтін, табақшаның екі жағында бір-бірден аю тақылетті дала тағысының кішкентай мүсіні бар. Жасалуы өте ғажап дерлік.
Мұндай үстінде жыртқыш-тағылардың мүсіні кейіптелген дөңгелек, шаршы табақтар, сирақтарына жыртқыш кейіптелген даңғара қазандар - сақтар мәдениетінің айшықты үлгілерінің бірі. Мұндай мұрағаттар Қазақстанның Тянь-Шань тау бөктерлерінен, Жетісу алқабынан үнемі кездесіп отырады. Сонымен бірге, әлгіндей "тістескен жолбарыс", "қанатты мақұлықтар", олардың сақиналарына жұптасқан бейнесі, жасалу ерекшеліктері де нағыз сақ өнеріне сай келеді. Бұдан сырт Ереңқабырғадағы Алагуден көптеген жолбарыс суреті салынған доңгелек алтын теңгелер табылды. Ал, Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысынан да осы тектес қабылан бейнесі бәдізделгек дөңгелек алтын теңгелер табылды. Мұндай жыртқыш хайуандардың кескіні, бейнелері сақ-скиф бейнелеу өнеріндегі негізгі өрнек үлгілерінің біріне жатады.
Сақтардың әшекейлілік пен шеберлікке
үйрету әдіс-тәсілдері
Жоғары бағалау, сол заманда алтын бұйымдар мен алтын әшекейлер өте көп қолданылғандықтан, қазылған қабірлерде көп кездеседі. Алагуден табылған алтын бұйымдар өте сапалы. Сондағы төрт орынның (қабірдің) төртеуінен де денеге, киімге
14
тағатын алтын бұйымдар табылды. Егер 30 қабірді мысалға алсақ, одан жолбарыс бедерлі теңгеден 8 дана, қарама-қарсы жолбарыс бейнесі түсірілген алтын қағаз 4 нұсқа, аузын ашьш атылып бара жатқан арыстан бейнесі салынған алтын қағаз - 1 нұсқа, ромбы тәрізді алтын әшекейден - 3 дана, дөңгелек, кесетірек алтын жәлемшеден 33 дана, кішірегінеп (әйел мүддесінің бас жағынан) табылған 10 дана, тал жапырақшаларындай алтын әшекейлерден 100-ге тарта, бұранда тәрізді алтын түйреуіштен 33 дана, одан басқа төрт бұрыш соқпақ, алты бұрыш формалы алтын жапырақшалар, алтын шеге, алтын сақина, алтын жіп, т.б. Ұзын саны 200-ден асатын алтын бұйымдар табыллы. Бұлардың бәрі тонауға ұшыраған (ұрланған) моладан қалған тәжіге, киімге, етікке, өне-бойға тағатын алтын әшекейлер. Ал күміс бүйымдарадан осында табылғаны небәрі 7 нұсқа. Бұдан алтынға тәу етудің сақтар омірінің ерекшс бір белгісі екенін байқаймыз.
Геродот Орта Азия сақтарының мінездемесін жасаған кезде сакиян (сақ) патша ордасындағылардың алтынға оте ыждағатпен қарайтындығын әр жылы он айрықша әспеттеп, тасаттық беретіндіктерін, әркімде оған тәу етіп, киім-кешектеріне әшекей ретінде тағып, тұмардай сақтайтындығын, "Акадрсойлықтардың басқаларға қарағанда сән-салтанатқа бейімділігін, тіпті киімге алтын өшекей тағуға өлердей құмарлығын", "Скифтердің өнер туындыларының көбі киімге, айыл-тұрман, әбзелдерге тағатын алтын өшекейлер екендігін", патша өлгенде "қабіріне алтын қадактарды қоса қоятындығын" жазады. Кеңес ғалымдары да сақтардың алгынға ерекше әуестігін растайды. 1981 жылы 11 тамызда КСРО-ның ТАСС агенттігі Алматыдан: "Батыс Қазақстаннан б.з.д. ІІІ-П ғасырларға тән ежелгі сармат сарбазының алтын киімін тапты. Бұл киімнің құрамалары Еділ, Жайық өзендерінің арасындағы бір моладан қазып алынды. Ол тері тонға қадалған 600-дей алтын түймеден (теңгеден-ауд.) құралған. ...Бұл моладан тағы бір металл қазан алынды, қазанның ішіне көрінісі ерекше көз тартқан алтын алқа қойылған" деп хабарлады.
Сақтарға тән тағы бір ерекшелік - олардың ағашқа, киімге, жартастарға өздерінің копшелі өмірлерін бейнелейтін суреттер салуы. Мұндай бейнелер олармен қоса көмілген бұйымдарда да көрініс тапқан. Мысалы, олардың ыдыс-аяқтарында жылқының, қойдың, қошқардың, түйенің, қодастың, арыстанның, аюдың суреттері бар. Ал, семсер-селебелерде, ошақ сирақтарында,
15
таралғы-тартпа айылда, үзеңгіде, т.б. керек-жарақтарда да әр түрлі хайуанат бейнелері бәдізделген. Ал, олар мекендеген өңірлсрдің тау-тастарында аңшылықты, көшнелі өмірді бейнелейтін жартас суреттері сызылған. Мұндай жартас суреттері алдағы тарауларда айтьш өткеніміздей, Еренқабырға, Алтай, Тарбағатай, Барлық тауларының Қытай жақ бетінде, Қазақстанның барлық жеріне дерлік таралған.
1967-1970 жылдары Қазақстанның астанасы Алматыдан 50 км жердегі Есік өзенінің солтүстігіндегі Есік сақ моласынан көп мөлшердегі бағалы мұрағаттар қазып алынғаны мәлім. Онда 17-18 жастағы сақ жауынгерінің басына әрбірінің биіктігі 65-70 сантиметр келетін алтынмен апталған 200-дей жұмсақ бөрік қаттап қойылған. Бұл бөріктер жылқының, жолбарыстың, арқардың, құстардың бейнелерімен айшықталған. Бөріктердің алғы жағына бөкен мүйізді екі аттың бейнесі, екі тал жапырақ және басқа әдемі өрнектер кестеленгеи. Мүрденің үстіне 3000 парша алтын жапырақшалармен әшекейленген қызыл түсті тері тон кигізілген, белінде алтын көздер (теңгелер) қағылған батқылы белбеу, мойнында аждаха басының суреті бар алтын алқа. Батырдың оң жақ иығына темірден соғылған үзын семсер, оң иығына темірден соғып, сабьш алтынмен аптаған селебе қойылған. Бұл фактілер сақтардың алтьшды қүрмет тұтқан, салтанатты ел болғандығын онан сайын растайды.
Осы Есік қорғанынан тағы да 30 кесе табылды. Ксселердің сыртында күміспен булаған нақыштар және 26 әріптен тұратын екі қатар жазу бар. Осы жазуды ұзак зерттеген ғалымдар: "Есік жазуы күні бүгінге дейін байқалмаған алфавиттерден құралған. Есік жазуының байқалуы ежелгі Қазақсган топырағында бүдан 2300-2500 жыл бұрын тұрғындардың өз алдына жазу ойлап тауьш, пайдаланғанын тус:індіреді" деп есеитейді. Бүл жазулар бүгіндс "Есік жазуы" дсп аталады.
Қытайдағы Еренқабырға қойнауындағы Алагудегі тік ағаш қабірлерден сырлы бұйымдар, жібек кездемелер табылды. Соньшен біруақытта Нылқы ауданындағы Нұрасай мыс кенінің орнынан карьерлерден кен шығаратын таразы тас табыдды. Оның ортасы ойқыл, үш жағында да байлауға қолайлы болу үшін жасалған кертпек бар. Бұл сияқты тас Ішкі Қытайдағы Дайе ауданынын, Тоңлү тауыңдағы Жаньго, Чуньчю дәуіріндегі металл еріткен орыннан да байқалғанды. Мұндай үқсас тастардың жиі кездесуі әсте кездейсоқ құбылыс емес. Ол, бәлкім ежелгі Орта
16
Жазықтың (Ішкі Қытай-ауд.) металл ондеу әдістемссінің Батыс өңірге жасаған ықпалының нәтижесі болуі да мүмкін. Нұрасайда кен орны ашылған дәуір туралы оңдағы үңгір тіреулеріне, ішінен өскен ағаш осімдіктерге "С-14" әдісімен талдау жасаған кезде бұдан 2440 +-75 жыл бұрын болғаны анықталды. Бұл Жаньго дәуірінің бас кезінде тура келеді. Ал, Еренқабыр- ғадағы Алагу сақ молаларының дәуірі де Жаньғо дәуірінен Батыс хан патшалығы дәуіріне дейінгі уақытқа тура келеді. Бұл Алагудегі сақтар моласы мен Нұрасайдағы кен орнының бір кезеңге тән ескерткіштер екендігін әйгілесе керек. Бұған қарап Хан патшалығының патшасы Хань У-ди Хэси коридорының батысына қатынаудың алдында Орта жазық пен Іле бойындағы көшпелі сақ қауымы белгілі мәдени, экономикалық байланыста болған ба деген ой туады. Егер бұлай болса, онда осы екі аралықта Жібек жолы да баяғыдан болғаны. Онда бұл жол Лопнор мен Түрпанды басьш, Алагу арқылы үлкен, кіші Жұлдыз жайлауынан өтіп, батыста Күнес, Текес, Қорғас өңірлерін басып өтіп, Орта Азия аймағына қарай созылып жатқан болады. Осында ол терістік Қытайдан басталып Еренқабырғамен және Тақну -Ұраңқай ойпатымен батысқа қарай Алтайдан өтіп, Еділ, Жайыққа шейін баратын, "далалық жібек жолына" қосылып, көздеп атқан жебедей түп-тура Европапың кіндік түсына дейін барып жетеді.
Сақ қоғамының тәлім-тәрбиелік құндылықтары
Сақ заманында Қазақстан аумағында мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен тәлім-тәрбиесі өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысы Темір металургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгерген тағылымдық тәлімі мен тәрбиесі де ілгеріледі.
Евразияның мал өсіретін тайпалары өз негізінде біртұтас экономикалық базисі және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аума-ғын, Еділ бойы, Солтүстік Қаратеңіз өңірін мекендеген тайпа халықтардың - әсіресе, ерте кездегі Сақтардың, Сарматтардың, Скифтердің және басқалар-дың көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда, осы тайпалардың мәдеииеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар бар. Олар Қазақстанның түрлі аүдандарын мекендеген сақ тайпалар әртүрлі болған. "Ұлқең тарихшы Геродот "Сақ тайпасының мәдениетіне назар аударғанда,
17
олардың тәрбие тағылымы үлкендер тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа жалға-сымы, тәрбиесіне тән екенін баяндап жазған. Оған дәлел сақтар заманындағы мол мыс пен алтын бұйымдары үлкендер, кішілерге, балаларына қалдырып содан алуан түрлі бұйымдар жасауға үйретіп отырған. Оны олар жеке дара жасамаған, топтап бірінің білмегенін екіншісіне үйретіп отырған. Сондай-ақ, осылай тәрбие үйрету, үлкендер оның істері балаларына "үйрету сабағы" болып есептеледі. Мұны Қарқаралы қаласына жақын Суықбұлақ қоныс жұртын қазу кезінде тоғай-1 кені ішінен табылған жақсы сұрыпталған темір кенінің үйіңдісіне қарап білуге болады. Б.з.б. ғасырларда темірден соғылған бұйымдардың Орталық Қазақстан мен Жер обаларынан табылған қазбалардың едәуір жиынтығы (темір қанжарлар, пышақтар, жүген әшекейлер т.б. ыдыстар мен темір бұйымдар), сондай-ақ, Аралдың Шыгыс өңірінің ертедегі Сақтар тұрақтарындағы тікелей рудадан темір балқымасының {кесектер мен темір бұйымдар) көптеген іздері де осыны дәледдейді. Ғалымдар дәлелдеуінше темір бұйымдарға балқытып жазған жазулар, ол бұйымдарды "Шебер қолдар, жастар жасаған" деген ұғым берген. Бұдан біз еңбек тәрбиесінің алғашқы элементтері "Сақтар" дәуірінен басталды деген тұжырым жасауға болады.
Қытай республикасының Синьцзян университетінің тарих факультетінің профессоры Су Бэйхай "Сақтар мәдениеті" атты еңбегінде, Сақтардың тәлім тәрбиесі, үйретуі мен оқуға дағдыландыруға жас өспірімдерді бала жастан үйрететінін дәлелге келтіреді. Әсіресе, олар балаларын ескерткіш жасауға, алтын алқа, моншақ, сақина қыз жиһаздарын, қыздарға, үй мүліктерін жасауга балаларды жасынан үйрететінін дәлелдейді. Әсіресе, сақтар үлкенді силау, топтасып жұмыс істеу, татулық бірлік сақтау ерекшеліктері жөнінде ерекше көзге түскен. Бэйхай, бұған дәлел ретінде "Алагуден" табылған төрт археологиялық қазбадан төртеуінен алтын әшекейлі бұйымдар табылуы, осының дәлелі деп жазған. Бұдан сақтарда адамгершілік пен еңбек тәрбиесінің алғы шарттары жасала бастағанын аңғаруға болады. У-ҮІІІ ғасырларда сақ ейелдерінің отбасы тәрбиесін ғана емес, атқа мініп жауға шапқан батыр да батыл әйелдердің патриоттық тәрбиенің арқауы болатын ерлігін - Грек жазушысы Киятус сақ әйелдеріне деген сүйінішін - "Сақ әйелдері нағыз батырлар, олар соғыстың қиын сәттерінде ерлермен бірге қасап қырғынға кіріп кетеді" деген тұжырымы дәлел.
Америка ғалымы Ш. М. Медовечен "Сақтар мен сарматтар тіліндегі ерекшелік жүйесіне кіреді, оған ұқсас, алайда ана тілін үйрету ерекшелігіне қарағанда, ол Солтүстік Түркістан мен Иран тіліне жақын" деп жазғаны. Ұлттық тілді ана тілін қастерлеу Орта ғасырдан бері қарайғы барлық педагогтар мен ғұлама ғалымдардың еңбектерінде дәлелденіп келе жатқаны, сақтар тәрбиесінің ана тілді үйретуден бастағанының айқын айғағы болып табылады. Белгілі тюрколог В. В. Радлов "Жоңғар даласы мен оңтүстік Сібірді мекендеген Түрік тайпаларының халық әдебиеті мен жырауларының, тіл білімінің негізін салудағы кейбір нұсқаларын келтіреді. Әсіресе, ана тілін үйрену мен жазу сақ мәдениетінің тәрбие тағылымының негізі болды. Оны кейінгі ғасырлардағы ғүламалар жалғастырды" деп жазды.
1967-1970 жылдардағы Есік өзенінің Солтүстігінен табылған 17-18 жастағы алтын адам бейнесі - жас батырдың алтын айшық бейнесін суреттейді. Қазақстандық ғалым - археолог Ақышевтің дәлелдеуінше бұл жас батыр жауға шапқан, оған ол ұзақ дайындалған, оқыған-үйренген, тәрбие үлгісін алған, бұл одан да бұрын осындай Сақтың батыр бабалары, болған деп жазды. Бұл да үлкендер тәрбиесін үлгі еткенін белгісі болып табылалы. Сақтардың тәрбие тағылымының тағы бір ерекшелігі өздерінің күнделікті өмірін, от-басы, ошақ-қасы тәрбиесін ағашқа, киімге, жартастарға сызып жазып бейнелеп әшекейлеуі екені дәлел.
Шығыс зерттеушісі, академик В. В. Бартольд "Жетісу тарихының очерктері" (1898), "Монгол шапқыншылығы жылдарындағы Түркістан" атты (1898-1900) еңбектерінде Сақ мәдениеті мен тәрбиссінен бері карай, Орта Азия мен Казақстан халықтарының өзінің тарихы мен тәлім тәрбиесі болғанын дәлелдеп берді. Ол Әл-Фарабиден бергі дәуірдегі Абайға дейінгі кезендегі қазақ тәлім-тәрбиесі Сақтан оның тарихи тағылымынан басталғанының айқын айғағы.
Сақтар өнері және салт-тұрмысы
Евразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың - әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердін және басқалардың көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелген. Алайда осы тайпалардың мәдениеті
19
мен өнерінде елеулі айырмашылықтар бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақ тайпаларында әр түрлі болған.
Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім- қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын-жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі - киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналган аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: "Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Кыста ағаш кез-келген сәтте тығыз киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады". Көшпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б.з.б. I мыңжыл-дықтың өзінде-ақ белгілі болган еді.
Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың көші-қонды тұрғын үйлермен бірге, кошпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылған киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл мау-сымдарында пайдаланады. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте - шикі кірпіштен, солтүстікте және шығыста -бөренелерден салынған үйлер болғаны мәлім.
Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер күмбез тәрізді қима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен дөңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезеңдегі жер үстіндегі тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған бұл ағаш құрылыстар киіз үйге ғажап ұқсайды. Көшпелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес құрылыстарының бастапқы түрі төбесі шошақ күрке, ал далалық аймақта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды.
Күрке мен жертөленің эволюциясы бір жағдайда төбесі шошак киіз үйдің, екінші жағдайда төбесі дөңгелете жабылатын киіз үйдің жасалуына жеткізді.
Сақтардың киім, бас киім және аяқ киім үлгісі туралы деректер көбірек.
20
Мәселен Геродот сақтар топтарының бірі жайында олардың тығыз киізден тігілген шошақ бөрік киетінін хабарлайды.
Персопельдегі Ксеркс сарайының бедеріндегі және Пасаргадтағы Дарий мазарындағы бейнелер сақтардың киімі туралы айқын түсінік береді. Оларда бейнеленген сақтар шошақ бөрік, денемен дене, тізесіне дейін жететін бешпет киген, белбеу буынған, тар шалбар және окшесіз аяқ киім киген; белбеудің оң жағына қанжар, ал сол жағына садақ ілінген.
Археологиялық олжалар осы түсініктерді қуаттап толықтыра түседі. Б.з.б. УІ-У ғасырлардағы Орта Азия тұрғындарының Әмудария көмбесінен табылған алтын және платина табақшаларында бейнелеиген киім-кешек пен аяқ киім Иран бедерлеріне жақын, бірақ бас киімнің шошақ төбесі мұнда қайырылған. Оңтүстік Қазақстаннан табылған сақтың қола мүсінінде тік жағалы қысқа бешпет, қырлы дулыға киген адам бейнеленген; Жетісудан табылған алтын тоғалардан жалбағайлы шекпен киген салт аттыны көреміз.
Есік обасынан табылған олжа ақсүйек сақтың сән-салтанат киімін, бас киімін, аяқ киімін, үстіне тағатын сәндік заттарының калай орналасатынын қалпына келтірудің ілуде бір кездесетін мүмкіндігін беретін. Оның басында тымақ тәріздес желкелігі бар, төбесі шошақ бөрік болған, ол жылқы, барыс, таутеке, құс, ағаш бейнеленген алтын қаптырмаларымен және тоғалармен сәнделген; мойнында - үшы жолбарыстың басы іспеттес алтын алқа, сол жақ құлағының сырғаларында - перузадан жасалған салпыншақтар бар, көз салған алтын сырға болған. Үстіне мата көйлек кигізілген, оның өңірі мен жеңдері неше түрлі алтын қаптырмалар мен тізбелер араластырып, әшекейленіп, кестеленген; көйлектің сыртынан киілген қызыл бояумен боялғап былғары бешпеттіц өн бойы жолбарыстың басы бейнеленген алтын тоғалармен және үш сала жапырақ формасындағы кішкене тоғалармен қапталған; бешпеттің сыртынан зоомофтық стильде жасалған, көздің жауын алатын он алты көлемді қаптырмамен қапталған құрама белдік буынған. Белдіктің оң жағына қызыл қынға салынған ұзын темір семсер, сол жағына бұлан мен жылқы бейнеленген алтын қаптырмалар шегеленген қыны бар темір ақинақ ілінген. Тігіс-тігісі бойымен ұсақ алтын шеттіктер-мен әдіптелінген шалбар киіп, балақтары бешпеттегідей алтын қаптырмалар шегеленген саптама етікке сұғындырылған. Есік жауынгерлерінің алтын киімі иеархиялық
21
басқыштың жоғары сатысында тұрған адамның салтанатты киімі болған. Тоң болып қатып жататындықтан Таулы Алтайдагы сақ обаларында неше түрлі киімдер: тігіс-тігісіне қызыл жүн бау жүргізіліп әшекейленген ақ мата көйлектер, ақталдырма киізден және бұлғын терісінен тігілген бешпет, жабағайлы киіз күртешелер, ерлер мен әйелдердің киіз ұйықтары, әйелдердің тар жеңі кестеленген бешпеттері мен қысқа қонышының ойығы бар шегірен етігі, бұлғын терісінен балалар мен әйелдердің кеудешелері және т.б. сақталған.
Діни нанымдары мен ғұрыптары
Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба әруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғүрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғүрыптары мен ережелері бойынша, өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайықты мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғүрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді. Мұндай ғүрып кейін сүйегін ру зиратына көшіретін болып не уақытша жерлеуді немесе өліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.
Таулы Алтай мен Қазақстан аумағында сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамының ерекше ақсүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді.
Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (Шілікті, Есік, Бесшатыр, Жуантөбе, Сыпыра-оба, Қараоба, Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болган жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөддідалалық аудаңдарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2-4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Сірә, халықтың көші-қонымының көптігіне және қоныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек.
22
Сақ тайшаларының жерлеу ғүрпы алдындағы уақыттың ғүрыптарынан сдәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшіп тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тән болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған қабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті өртеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады.
Жерлеу ғүрыптарының салттарында да бірсыпыра айырмашылықтар орын альш, олар шағын және уақытша сипатта болған. Мәселен оңтүстік Орал сырты мен батыс Қазақстанның савроматтары өлген тайпаластарын бетін ағашпен жапқан тар немесе кең тік бұрышты шұңқырларға көмген. Осы аумақтағы кейбір тайпаларда шаршы және шеңбер түріндегі қабірлерге жерлейтін болды, ұзын қабырғаларының жақтауынан шығарылған кертпешелері немесе ойықтары бар қабірлер ұшырасады.
Арал маңы сақтарында түбін айнала шамалап оралған, жерден ойып нар жасаған және түбінің бұрыш-бұрышына не оны айналдыра орнатылған діңгектердің орны бар өзінше бір үлгідегі қабірлер кездеседі. Жетісуда және Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынған не жерді қазып орнатқан улкен ағаш қималарға қойылатын болған. Бұл аудандарға қарапайым адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең қазылмаған қабірлерге бірінен кейін бірін жерлеу ғүрпы да тән. Орталық Қазақстанда жалпақ тақта тастармен жабыльш, жерден қазылатын сопақша жерлеу тұрақты дағдыга айналды, нақ осында тас кешенді обалар түріндегі мола құрылыстардың ерекше үлгісі де табылған. Тайпалардың жерлеу ғүрыпындағы айырмашылықтар оларда біртұтас жұйелі діни үғымдардың болмағандығын көрсетеді.
Казақстанның мал өсіруші тайпаларының отқа, жылқыға, күнге және басқа аспан шырақтарына табынумен байланысты ғүрыптары да тарихи тұрғыдан анықталып отыр. Антик деректемелері мен көне ирандық деректемелер бірқатар сақ тайпаларының сыйынатын басты құдайы Күн болғанын анық көрсетеді, онымен аспан отының бейнесі тығыз байланысты болған. Орталық Қазақстан мен басқа аудандардың сақ қабірлерінде Күн құдайға құрбанға жылқы шалу дағдысы талай рет анықталды, әр түрлі нұсқалары: аттың өлігі мен оның тұлыбын көму, аттың басы мен аяқтарының терісін көму, ат әбзелдерін немесе оның жекелеген бөлшектерін көму нұсқалары да мәлім.
24
Бәрінен тазартатын киелі күш деп біліп, отқа табыну Күнге табынудан келіп шыққан. Ол Евразияның мал өсіретін көптеген тайпаларында кеңінен таралған. Батыс Қазақстандағы ағаштан жасалған мола үстіндегі құрылыстарды өртеу ғүрыптары, зұлым рухтарды жолатпайтын оттың тазартқыш күшіне сенумен байланысты. Арал маңы сақтары сияқты, Еділ пен Жайық савроматтарының қабірлерінен де қызыл бояу - от пен Күннің символы жиі ұшырасады.
Қола (Жетісу) және тас (Арал оңірі, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Орал сырты) құрбандық мехрапатарының көптеген табылуы күнге, отқа және үйдегі ошаққа сыйынумен байланысты.
Сақ және савромат тайпаларының діни нанымдарында өлген адамға екі түрлі қарау айқын аңғарылады: бір жағынан, оны құрметтеп, оған сыйынатын болса, екінші жағынан, тайпаластарға өлген кісі қайтып келіп кіреді деп қорқатын болған. Соңгы жағдайда отқа табыну, сірә, өзінше бір сақтану қызметін атқарған болса керек. Нақ осы мақсатпен жерлеу ғүрпы аткарылған кезде обаларды айнала ондаған жерге от жағылатын болған, мәселен, Қараоба (Орталық Қазакстан) және Бесшатыр (Жетісу) қорымдарында осылай істелген.
Сақ заманында түр жағынан барынша өзгерген және өнделген күнде болса да имизм, тотемизм, және магия сияқты алғашқы ең ежелгі діни ұғымдар да сақталған. Савроматтардың қабірлерінен әдейі сындырылған бұйымдардың жиі кездесетінін ғалымдар анимизмнен, заттардың жаны болады деген сенімнен деп түсіндіреді. Тайпалас адамдар өлген кісінің қаруын, айнасын және басқа да меншікті заттарын әдейі сындырғанда, өлген адамның жанымен бірге өліктер еліне жетстін заттардың жанын азат етуге көмектестік деп сенген.
Тотемизмнің және магияның сарқыншақтары әр түрлі тұмарларда, тылсымдар мен бойтұмарларда сақталған. Рудың немесе тайпаның қайсыбір мифтік хайуан тегінен шығуы туралы ұғым жануарлардың металдан жасалған мүсіндерінде бейнеленген. Шайқастарда желеп-жебейді деп онымен қару, жауға мінетін атты сақтасын деп жүген безендірілген. Сақтарға жақсы таныс жабайы аңдар бейнесіндегі киелі хайуандар туралы олардың шапшандығын, ептілігін және көбіне киелі күшін мадақтайтын аңыздар шығарылған.
24
Бейнелеу өнеріне үйретудің тәрбиелік мәні
Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының ең жарқын көріністері арасында қолданбалы өнер ерекше орындалады. Оның басты компоненті б.з.б. УІІ-УІ ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және оңтүстік Еуропаның тайпалары арасындағы тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.
Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде дс бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы андарды, хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Мазмұны жағынан мифологиялық, түрі жағынан аң стилі өнері сәндік сипатта қолданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна сскідді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланды.
Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бұйымдары дүние жүзіндегі ең таңдаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Ертегі суретшілердің шығармашылығы өздерінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар мен таутекенің, жолбарыс пен қабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, қасқыр мен қоянның, жылқы мен бұланның, өздеріне жақсы таныс бейнелерін сомдай білген. Аңдарды бейнелеуде әртүрлі материалдар қолданылды. Бізге дейінгі жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалған андардың бейнелері де кездеседі.
Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңғе: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.
Б.з.б. VIII-VII ғасырлар үшін аңдарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының үшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттер көп кездеседі. Қос щеңберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұқырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп түр (Тасмола).
25
Жетісудан (Талдықорған) табылған екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда көрсетілген; мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы қола қүю өнерінің тағы бір үлгісі -Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары көтерген және мүйіздері бірнеше рет бұралған арқардың іші куыс мүсіні, ол соғыс қаруы - балғашотқа (Бурабай) салынған. Шілікгі отбасынан (Шығыс Қазақстан) табылған заттардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасаган шағын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе тұтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат түяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған.
Алдыңғы кезеңнің өнеріне жануарлардын қимыл-қозғалысының болмауы тән, олар ең жақсы дегенде мысалы, Шіліктіден табылған Бүркіттің алтын мүсіндері сияқты, басы сәл бұрылып бейиеленеді. Бейне бір құрсакта жатқандай кейіпте орала бүктеліп жатқан жануарлардың бейнесі кеңінен тараған сюжет болып табылады. Бүл кейіптес бейнелердің ең ертедегі үлгілері Евразия далаларының шығыс аудандарынан: Солтүстік тувадан (Аржан), Қазақстаннан (Мәйәмір, Шілікті, Үйғарақ) табылған. Мысық тұ қымдас жыртқыштардаи басқа осындай бүктетіле оралғак кейште қасқыр, қабан мен киік бейнеленген.
Б.з.5. УІ-ІҮғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі онер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжеттер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, қозғалыс үстіндегі аңдардың бедерлі бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап жатқан көріністері бар композициялары көбірек кездеседі. Атыла ұмтылған қозғалыс мүсіндердің "бұратылуы" тәсілімен беріледі, бұл жағдайда аңның жарты денесі қарамақарсы жағына бүктетіле салынады. Бейненің қозғалыста екендігін көрсетудің басқа да техникалық әдістері: қисық сызықтар жуйесі, жануарлардың дене мушелерін бұрамалар, шырмауықтар, орамалар, үш бүрыштар, жақшалар жәие т.Ь түршдегі арнайы белгілермен бару әдістері қодцаныладьі. Көп мүсінді композициялар арасынан Орталық Қазакстаннан табылған қола тоға-айылбас ерекше көзге түседі, онда уш
26
жыртқыштың (барыстардың) шалқасынан құлаған киікті жұлмалап жатқан көрінісі бейнеленген. Аңдар таласының тақырыбы Батыс Сібірден және оған іргелес жатқан Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарынан алынған I Петрдің Сібір коллекциясы деп аталатын мұрағаттардан ерекше айкын көрінеді. Осы бірегей мұраның көптеген алтын тоғаларында жыртқыш аңдар мен құстардың жылқыларға, текелерге, бұғылар мен бұландарға шабуылдары, жыртқыштардың өзара таласы жыртқыштардың жыланмен, түйемен шайқастары бейнеленген. Қазақстан аумағынан табылған басқа да археологиялық олжаларда да әлгіндей нышандар байқалады. Алайда бұл аймақтағы сақтар өнерінің, оны Еуразияның аң стилі тараған басқа аймақтарынан айыратын ерекше сипаттары да бар. Мұндай қозғалмай тұрған хайуандар бейнесі біршама ұзақ уақыт сақталады, ол кейбір жағдайларда көп мүсінді композиция түрінде көрінеді. Мәселен, Жетісудың кейбір құрбандық ыдыстары мен қазандарындағы аңдар шеруі көріністері осындай.
Есік обасынан табылған сақ қанжарының жұқа алтын қаптырмаларында жатқан күйінде бейнеленген аңдардың ширатылуын орындау шеберлігі жөнінен бірдей дүние. Ақинақ жүзінің екі жағынан алтын қаптырмалар көмкерілген; олардың бірінде жұқа бедермен он екі, екіншісінде - тоғыз бейне бар. Олардың арасында жыланның, түлкінің, қасқырдың, арқардың, киіктің, таутекенің, қоянның шағын мүсіндері кездеседі, олардың барлығы ерте кезен өнеріне тән кейіпте аяқтарын бүгіп жатқан күйінде берілген. Б.з.б. III-II ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай бастайды. Аң стилі ою-өрнекке айналады. Оның орнына түрлі-түсті тастармен көз салып безендіру техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль келеді, қолданбалы өнер туындылары пайда болып, оларда жануарлар дүниесінің бейнелері схемаға айнальш полихромдық бай орнекпен араласып кетеді.
Бұл өнер дайын күйінде сырттан, бір жақтан әкелінген жоқ, ол сақ өнерінің қойнауынан шыққан. Ою-өрнектік полихромияның кейбір әдістері б.з.б. VII-VI ғасырларда-ақ жетіле бастады. Мәселен, түрлі-түсті тастан көз салу, бедерлеу (алтын түйіршіктерін денекерлеп бекіту), тоспа эмаль (жекелеген ұяларды арнайы құрамдағы заттармен толтырып құю) Шілікті (Шығыс Қазақстан), Жыланды (Орталык Қазақстан), Арасан (Жетісу) ескерткіштері мен басқа да ескерткіштерінде белгілі
27
болған. Б.з.б. У-ІУ ғасырлардағы полихромдық өнер туындыларының Қазақстанның, Орта Азия мен Сібірдің бүкіл аумағынан ондаған үлгілері табылды. Бәлкім, нақ осы үш аймақта б.з.б. I мыңжылдықтың аяғында сақтар өнеріндегі аң стилін ығыстырған полихромдық өнердің қуатты ошағының негізі қалыптасқан да болуы мүмкін. Бірак, оның реалистік бейнелері із-түссіз жоғалып кеткен жоқ. Аң стилінің шығуы жөніндегі тарихи әдебиетте екі негізгі көзқарас бар: бірінші болжамды жақтаушылар скиф-сақ тайпалары бұл өнерді алдыңғы Азиядан қабылдаған деп санайды. Евразияда оның пайда болу мерзімін б.з.б. VII ғасырдың 70 жылдарында Манней патшалығы мен Мидияның солтүстігіне таман орналасқан аймаққа скиф тайпаларының басып кіруімен байланыстырады. Мидиялықтармен этникалық жағынан туыстық пен мәдени жақындық скиф-сақтар арасында көне шығыс өнерінің кейбір үлгілерінің тез тарауына себепші болды, кейін бұл үлгілерді скифтер мен сақтар өздерінің талғамдары мен қажеттеріне бейімдеп алды. Одан әрі, шамамен, б.з.б. V ғасырдан бастап еуропалық және азиялық өнердің даму жолдары түбегейлі ажырайды, ғалымдардың пікірі бойынша, мұның өзі Қара теңіз жағалауындағы скифтерге көне Грекия ықпалының күшеюінен болған, ал сақтардың мәдениеті мен өнеріне алдынғы Азияның Ахеменид өнері тікелей ықпал жасады.
Екінші пікірді жақтаушылар аң стилі өнерінің қалыптасуына Алдыңғы Азия мәдениетінің ықпалы болғанын теріске шығармайды. Бұл ықпал б.з.б. VI ғасырдың соңынан бастап, Ахеменид уақытында ерекше күшті болды делінеді. Нақ осы кезеңде сақ өнерінде оған бұрын тән болмаған арыстанның, жарты денелі арыстан самұрықтың бейнелері, негізгі мүсіні қасиетті ағаш не құдайдың мүсіні болып табылатын геральдикалық композициялар, гулдер немесе тұтас алғанда лотос түйнегі түріндегі өсімдік тектес ою-өрнектер пайда болады. Алайда, аң стиліндегі өнердің шығуын бұл зерттеушілер жерғілікті ортамен байланыстырады да, оның тууын соңғы қола дәуіріне жатқызады, сөйтін оның шыққан негізі карасук мәдениеті деп аталатын мәдениеттің мүсіндік бейнелері және неғұрлым арғы замандағы тотемдік бейнелер деп санайды.
Аң стилі өнерінің мазмұнын анықтаумен байланысты мәселелер әлі де болса айқын емес. Оның діни наным сипатында болуы ықтимал. Скиф-сақ өнерінің мазмұнына кіретін хайуандар бейнелері нақты этникалық және тайпалық топтардың тотемдік арғы тегін бейнелеген. Әр түрлі бұйымдарға
29
салынған бұл мүсіндер өзіншс бір үлгідеғі бойтұмарлар (апотропейлер) мен тұмаршалар болды. Сонымен бірге аң стилі өнері мазмұны жағынан мифологиялық өнер болды. Бұл өнер аллегориялық формада, аңдар таласының көптеген сюжеттерінде шиелеиіскен тартысқа толы рулық және тайиааралық күресті, ерлік даңқы мен жаулап алушылықтың қатігездігін бейнеледі.
Сақ заманында, алғашқы қауымдық қүрылыстың ыдырауы кезсцінде дала тайпаларында батырлар жыры пайда болады. Ертедегі эпостың кейбір бейнелері мен сюжетгері барынша әзгер-ген және түрленген күйінде біздің заманымызға дейін жетті. Батырлар жырының кейбір тақырыптары, мәселен, аңшылық ерлікТерінің, батырдың қайіа тірілуінің көріністері, батырлардыц соғыс жорығынаы оралуы I Петрдің Сібір коллекциясындаі ы Сақтардың алтын тоғаларыіща бейнеленген.
Сақтардың қолданбалы өнерінің мадызды іүрі ою-өрнек болды, ол аң стилі өнерімен қатар, онымен өзара байланыста дамыды. Коркемдік металға қарағанда ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталатыны мәлім, өйткені ою-өрнек салына-тыи органикалық негіз (тері, киіз, ағаш, жүн маталар) тез шіриді. Сондықтан да ою-өрнек шығармашылығының кейбір үлгілері тек ерекше қолайлы жағдайларда ғана, мәселен, оба тоңында сақталған, оньщ іигіңде бүл үлгілер Алтайдың Пазырық қабірлерінен табылған.
Сақ заманындағы ою-өрнектің бірнеше түрін: геометриялық, өсімдік тектес, зооморфтық, симвллдық түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Сақтардың металдан, киізден жасалған бірқатар бұйымдарында және керамикасында сақталған геометриялық ою-өрнек өзінің бастамасын андронов тайпаларының өнерінен алады. Ол сақ бұйымдарында үш бұрыштар, шеңберлер, ромбылар, шаршылар, шыршалы меандрлық және шеңбер бөліктері тектес ою-өрнектің мүншалықты көне жергілікті дәстүрлері жоқ. Оның басты-басты әуендері лотостың түйіндері мен гүлдері, гүл тізбе, шырмауық өсімдіктерінің өрмесі, үш салалы жапырақтар түрінде болды, кейбір ою-өрнек әуендері, мәселен, лотос Ежелгі Шығыс өнерінің ықпалынан туған.
Символдық ою-өрнектің негізгі табиғат күштері мен аспан шырақтарына сыйынушылықтан туды. Шеңбер, бұрама, айқыш-ұйқыш сызық үлгісіндегі сарын күннің эмблемасы болды; бұйра толқындар сарыны бұрама ирек түріндегі қисық сызық белгілермен, S- тәріздес сипатта берілді.
29
Зооморфтық ою-өрнек аң стилінің көптеген сюжеттеріне негізделді. Мұнда хайуандардың, дала қыранының бастарын, теке, бұлан, бұғы, тур мүйіздерін схемалық түрде бейнелеу көп тараған әдіс болды. Қайсыбір затта бірнеше ою-өрнек сарындарының араласып келуі де жиі ұшырасады.
Қазақстан аумағында жаппай тараған петроглифтер -жартастарға суреттер де сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылады. Әдетге олар күнге-күйіп, бетін қоңыр тат басқан жартастарға үшкір металл құралдармен қашап салынған, жартастағы гравюралар түрлі әдістермен: бейненің бүкіл көлемін тікелеп ою, сызық нобайы, ойып түсірген сызықтар, қырьш түсіру арқылы салынған. Кейде бір бейненін өзі әр түрлі екі-үш әдіспен салынатын болган.
Жалпы алғанда жартастағы суреттер әр түрлі тарихи дәуірлерде салынған, бірақ олардың ең көбі сақтар салған петроглифтер. Оларды аң стиліндегі қолданбалы өнерде жақсы мәлім бейнелер мен сюжеттер бойынша бөлуге болады.
Мәселен, талай ғасырлар бойы тайпалардың киелі орны, алуан түрлі ғұрыптық мейрамдар өткізілетін орын болған Таңбалы аңғарының (Алматы облысы), Қойбағар, Арпаөзен атыраптарының (Шымкент облысы) жартастарында сақтардың оңдаған бейнелері бар. Олардың арасында сақтар суретшілеріне ұнаған (түяқтарының ұшымен тұрған және аяқтарын бүгіп жатқан) кейіпте салынғаң бұғылардың суреттері, археологиялық қазбалардан табылған қола мүсіндерге ұқсас жабайы қабандардың суреттері, туйелердің шайнасқан көріністері, аю меп басқа да жыртқыштардың бедерлері бар, бұлар осы мүсіндердің металдан құйылған түрлеріне ұқсас. Сонымен бірге жартастағы гравюраларда сақтардың қолданбалы өнер бұйымдарында аз немесе мүлде ұшыраспайтын сюжеттер бар. Бұлар адамның аң аулап жүрген кезінің көріністері, желіп келе жатқан түйелердің бейнелері, соғыс және жүк арбаларынын. суреттері, адам бейнеленген композициялар және басқалары.
Жартастағы суреттер сақ тайпаларының күрделі де сан салалы көркемдік шығармашылығының көрінісін едәуір толықтыра түседі. Демек, осы жоғарыдағы барлық өнерлілік пен мәдениеттілік, олардың тәрбие тағылымдарына негізделгенін көрсетеді. Үйрену шеберлікке баулу, оқудың алғашқы элементтерінің пайда болып, іске асырыла бастағаннын белгісі.
30
Анахарсис сақ әлемінің әйгілі ойшылы
Әлемдік тарихта есімі "Анахарсис Скифский" дсген атпен қалған, сақтар мемлекетінің әйгілі ойшылы туралы ақиқат та, аңыз да баршылық. Геродоттың айтуынша, ол қазіргі (христиандық) жыл санауымызға дейінгі УІ-УІІ ғасырларда өмір сүрген.
Анахарсистен XX ғасырға дейін шамамен екі мың бес жүз жыл немесе жиырма бес ғасыр. Осы уақыт аралығы, халқымыздың мәдениетінің тарихи кеңістігі. Бұл тарихи-мәдени кеңістікті меңгеру осал іс емес. Жиырма бес ғасыр ішінде бірнеше ренессанстық жағдай міндетті түрде екі компоненттен тұрады. Бірі жаңа өркениеттік сапалық өзгеріске ұмтылу, екіншісі алдағы откен мәдени дөстүрді жаңғырту, жаңалау. Демек, ренессанстық жағдайларда алдыңғы мәдени дәстүр мүлдем жойылмай эволюциялық жолмен жүреді. Ренессанс табиғатына революциялық төңкеріс жат. Ренессанс - дегеніміз мәдениеттің өзінен-өзі, өз ішкі даму заңдылықтарына сәйкес жаңарып, жаңғырьш отыруы. Ренессанс заманда өтпелі дәуірлерде көрінеді. Ондай дәуірлер Ренессанстық тұлғаларды туғызады. Біз анахарсистен XIX ғасырға дейін деген тарихи-мәдени концепцияны ұсынғанда, аттарын атап, еңбектеріне зер сальш отырған ойшылдардын, бәрі ренессанстық тұлғалар. Олар: Анахарсис, Майқы би, Иоллығтегін, Жүсіп Баласағүн, Ахмед Яссауи, Абай.
Тіл мәдениеттің аса құнарлы айнасы. Ол таным тарихының формасы, тарихтың нақтылы дерегі. Атадан қалған сөз бізге тіл арқылы жеткен. Жоғарыда айтқан ойшылдарың бәріне ортақ түркі тілі. Әрине мен туркі тілі дегенде шартты мәнді айтып отырмын. Яғни, "түгел сөздің түбі бір" деген мағынада.
Біз қазақ мәдениетінің генезисін Анахарсистен бастауға тиістіміз. Себебі, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар бір "атаның" балалары екенін тарихшылар атап бергені ақиқат. Сондықтан сақтар елінің ойшылы Анахарсис тарих басы. Анахарсистің өмір сүрген заманы, өзі туралы мағлұматтардың да көбі ауызша жеткен. Кезінде қағазға түскен деректер сирек. Шынында да осыдан екі мың жыл бұрынғы оқиғалар, адамдар туралы шыңдықты кім далме-дәл айта алады. Көптеген мәселелер болжам, пәлен айтты, түген айтты деген пікірлерден құралған. Бұл тек Анахарсиске ғана қатысты емес, ол Фалес, Сопон Афинскийге де қатысты.
Анахарсис уакыт сарабынан өтіп, мәңгілікке айналған жан. Егер де ол Скифияда тумай Палестина немесе Таяу Шығыстың
31
бір елінде дүниеге келсе, сөзсіз Библияда және Құранда да пайғамбарлар санатында жүрер еді. Бұлай деп отырғаным, Анахарсисті тарихтағы ұлы тұлғалармен салыстырсам, оған тендес келетіні - Ғайса. Екеуінің ұқсастық жағы мол, екеуі де адамзатқа жаңа өмір ұсынған, қазіргі тілмеи айтсақ, бұлардың екеуі де демократтар. Сонымен қатар бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар. Біріншіден Анахарсис Ғайсадан бес ғасыр бұрын өмір сүрген. Демек, замандары бөлек. Екіпшіден Ғайса мәдени ортада өмір сүрсе, Анахарсис заманы өзгешелеу болатын. Сақтар кезіндегі негізгі мәселе өнер, білім емес, соғыс өнеріне үйрену болатын. Айнала жау. Қала салып отырықшылыкқа көшпеген жұрттың басты қамы күнкөріс еді. Үшіншіден, ерекшелік олардың дүниетанымында.
Екіншіден, Платон өзінің объективтік идеясын парсылардың діні зораситризм ықпалымен құрастырған деген болжам бар, ал біз Платонның бұл идеясын сақтар дуниетанымы негізінде қалыптастырған десек, оны кім қалай жоққа шығарады. Себебі, сақтардың ойшылы Анахарсисті Платон өте жақсы білгені анық тарихи дерек. Үшіншіден Анахарсис есімі гректің данышпан философы Платонның (б.э.б. 427-347) сңбектерінде де кездеседі. Ол "Мемлекет" деген еңбегінің оныншы кітабында тарихшы Гомер, философ Фалес және Скиф Анахарсис туралы айтқан (Платоп. Шығармалар, 3-том, 1 тарау, - М., 1971, 427-бет) Осы кітаптың 642-бетінде Анахарсис туралы мынандай түсініктеме берілген: "Анахарсис аты аңызға айналган скиф, Грецияға саяхат жасағаңда Солонмен кездесіп, соның ықпалында данышпандылығымен атағы шыққан. Ол туралы Геродот хабарлайды", делінген. Гректер қазіргі біздің территорияны мекендеген халықтарды ортақ атпен скифтер десе, парсылар сақтар деген.
Геродот жазбаларына қарағанда, "Дарийдің жорық жасаған елдерінде, Евксииский Понт жағалауындағы скиф тайпаларын айтпағанда, түрпайы тайпалар өмір сүрген. Понттың солтүстік жағалауында ешбір мәдениетті тайпа болмаған, тек қана атақты скиф Анахарсисті атамағанда оның тармағы өмір сүрген" (Геродот. История. - М., "Наука", 1972, с. 198}
Бұған қарағанда, Анахарсис Қара теңіздің солтүстік жағында өмір сүрген скиф тайпаларының бірінен шыққан.
Кезінде Анахарсис туралы Геродот көптеген аңыз, әңгімелер естігенге, білгенге ұқсайды. Себебі, ол оның кім болғанын, Грецияға қалай келгенін, есімін, ата-тегін ашып берген. Геродоттық баяндауында, Анахарсис скиф патшасы Иданфаристің
32
әкесінің туған ағайыны. Ал Иданфарис болса Персия патшасы Дариймен соғысқаи скиф патшасы.
Жоғарыда Платон да өз заманында естігенін айтып отыр. Платон заманында Фалес пен Анахарсистен жазба мұра болды ма, жокпа, анықтау қиын. Мүмкін болуы да. Олардың есімі аңыздарда ғана сақталған. Негізгі дерек - аңыз, әңгімелер. Бірақ олар әншейін ойдан тумаса керек. Анахарсис туралы Платонның естуі заңды. Себебі, Платонның шешесі атақты Солонның тұқымы. Диоген Лаэртскийдің баяндауынша, Солон мен Анахарсис дос болғанға ұқсайды. Ол жөнінде мынадай аңыз бар: "Ол Афинаға Евкрат архондығының 48-олимпиадасына келген... Гермиптің айтуынша, ол Солонның үйіне келіп, қызметші құлға: "Қожайынға айт, алыс скиф жерінен Солонға қонақ әрі дос болуға Анахарсис келіп тұр де", - дейді. Солон құл арқылы жауап қайтарып: "Әдетте досты адам Отанынан іздейді", - дейді. Бірақ Анахарсистің тапқырлығына таң қалып, үйіне енгізіп, содан дос болып кеткен.
Демек, бұл Солон мен Анахарсиситің алғашқы жолығуы туралы аңыз. Көне оқиға. Шындығында да Солон мен Анахарсис бір-бірін сыйлап өткен. Ая Лукианның айтуынша, Анахарсистің еліне оралуына басты себеп Солонның дүниеден қайтуы (Лукиан. Шығармалар жинағы, - М., 1935, 95-101 беттер). Платон Фалес пен Анахарсистің өнертапқыштык қасиеттерін де жоғары бағалайды. Фалестің ғылымдағы еңбегі әбден белгілі. Ол қазіргі мәндегі гидроинженнер болған, Күннің тұтылу себептері туралы зерттеген. Ал Анахарсис туралы - ол кеменің зәкірін ойлап тапқан деген сөз бар (Диоген Лаэртский. 96-бет). Платонның Анахарсис жайлы пікірі өте жоғары. Ол "Протагор" деген еңбегінде оны "Жеті ғұламаның" бірі деп санаған.
Анахарсис есімі Аристотельдің еңбектерінде де кездеседі. "Аналитиканың екінші кітабының үшінші тарауына Аристотель нақтылы заттың барлығын дәлелдеуден осы заттың неге бар болуы туралы дәлелдің айырмашылығы жайлы айта келіп былай дейді: "Анахарсистің айтуы бойынша, скифтерде флейтаның болмауы оларда жүзімнің жоқтығынан" (Аристотель, Шығармалар, 4-том, 281-бет), - деп мысалға алды. Анахарсис скифтерде флейтаның жоқтығын, скифтердің жүзім өсірмейтіндігіне байланысты екенін айтьш отыр. Жүзім жоқ, яғни шарап жоқ. Демек, флейтаның да қажеттігі жоқ. Бар нәрсені білу мен оның неге барлығын білу, біркелкі түсініктер емес. Аристотель өзінің
33
осындай логикалық топшылауларында Анахарсистің кезінде кең тараған қанатты сөзін дәлел ретінде пайдаланған. Аристотель "Никомахова этикасы" деген еңбеғінің оныншы кітабында тағы да Анахарсис айтты деген пікірге сүйенген. "Игі істер атқару мақсатында көңіл котеру дұрыс, себебі, көңіл көтеру - демалыс, үнемі үздіксіз жұмыс атқаратын адамдарға өте қажет" (Аристотель, Шығармалар, 4-том, 280-бет) өзінен әдеби мұра қалмағаннан кейін Анахарсистің дүниетанымын анықтау қиын. Ал, Фалесті сөзсіз материалист деп жүрміз. Алайда Анахарсисті скептиктер қатарынан іздеген өте орынды, оған бір дол ел - біздің санауымыздан бүрын III ғасырдың екінші жарғысында, II ғасырдың басында өмір сүрген, мамандығы дәрігер, көне грек философы, скептик Секст Эмприктің еңбегі. Сексг Эмприк Анахарсистің еңбектерін арнайы сөз еткен, талдаған. Философия тарихында Секхт Эмприк скептицизм идеяларын өзіне дейінгі бір жүйеге келтірумен айналысқан ойшыл.
Секст Эмприк Анахарсиске біршама философиялық талдау жасаған. Оның пікірінше, Анахарсис-скептик. Себебі, ол ақиқат өлшемін жоққа шығарады. Бір нәрсе туралы бір саладагы мамандар әңгімелессе де, әр түрлі мамандар пікір таластырса да ортақ бір қорытындыға келе алмайды. Оның себебі, бұларға төреші болатын адам керек. Айтысқа түскен адам бір мезгілде және айыпталушы. Оның әрқайсысының сөзі шындық әрі шындық емес. Демек, ақиқат өлшемі жоқ. Жыл санауымызға дейінгі У-УІ ғасырларда осы бағыттағы айтыстардың болуы, әрине, таным талпынысынан туған. Әңгіме сенім туралы болып отыр. Егер Анахарсис ақиқаттың өлшемі жоқ деген ұғымға әбден келген болса, ол мистикалық көзқараста болмағаны. Құбылыс-тардың себептерін іздеп, оған сенімсіздікпен қарау көне заман үшін алдыңғы қатарлы ой-пікірлердің ұшқыны. Анахарсис пен Сократқа дейінгі өзге де грек ойшылдары туралы бірден-бір құнды еңбек неміс ғалымы Г.Дильскидікі. Бұл еңбек әлі орыс тіліне аударылмаған. Анахарсис туралы арнайы сөз қозғаған философтың бірі Лукиан. Лукиан Македонияда болғанда Филиппоподе қаласының зиялыларының алдында лекция оқыған. Сондағы сөздері: "Скиф, "Геродот", "Зевксис". Бұл сөздерде (Скифте) Көптеген тың дерек бар. Оның айтуынша, Афинаға ең бірінші келген скиф Анахарсис емес, одан бұрын Токсарид деген емші-скиф болған. Ол туралы да грек жұртында аңыз бар. Лукианның айтуынша, Анахарсистің Афины қаласына келгендігі
34
түңғыш кездескен адамы осы Токсарид. Ол жас скифті Солонға жолықтырып жақындастырады. Бұл кезде Солонның егде тартқан шағы болатын. Солонның қамқорлығының арқасында Анахарсис грекжұртына аты мәшһүр ғүламаға айналды (Лукиан, Шығармалар жинағы. - М., 1935, 95-101-беттер.)
Анахарсистің көркем бейнесі Плутархтың (б.э.д. 40-жылдары туып, шамамен 120-125 жылдары өлген.) "Жеті ғүлама сауығы" деген еңбегінде жасалған.
Плутархтың дәлелдерінде, көнс заманның атақты материалисі Фалестің Анахарсис туралы пікірі өте жоғары болған. Анахарсис туралы іздеген адамға тың деректер табылуы әбден мүмкін. Әсіресе орыс тіліне аударылмаған көне грек авторларының еңбектері бүған дәлел. Себебі, "Жеті ғүламаға" қатысты айтылған жайларда Анахарсис есімі қоса жүруі өте орынды.
Скиф ойшылы Анахарсис есімі Мишель Монтеннің "Тәжірибелерінде" жиі ұшырасады. Оның бірінші кітабының аты "Біздің арамыздағы теңсіздік" (Мишель Монтень. Тәжірибелер. - М., 1981, 24-бет.) Скиф тайпасынан шыққан ғұлама туралы еңбек 1979 жылы "Мысль" баспасынан тұңғыш рет орыс тіліне аударылып жарық көрген. Диоген Лаэртскийдің "Атақты фило-софтардың өмірлері, ілімдері, нақыл создері туралы" деген кітабында Анахарсиске қатысты көптеген мағлүмат бар. Мұнда да оның Солонмен дос болғаны айтылған. "Жеті данышпан" кімдер деген еңбегінде Диоген Лаэртский олар: Фалес, Биант, Питтак, Солон, т.б. мен бірге Анахарсис есімі болады.
Диоген Лаэртскийдің жоғарыда аты аталған кітабына жазған алғы сөзінде белгілі кеңес философы А. Ф. Лосев "Жеті ғүлама" туралы үзілді-кесілді пікір айтқан, оның ішінде Анахарсис те бар. Мәселе Анахарсистің "Жеті ғұлама"сонатында міндетті түрдс болғанында емес оның аты көне заман данышпандарымен үнемі бірге аталуында. Осы жайлар философия тарихында Анахарсистің үлкен орны алатындығының дәлелі. Жазылып қалған "мұра" туралы әңгімеге келсек, "Жеті ғүламаның" көбінен еңбек қалмаған. Олар айтты деген сөз көбінесе ел аузында аңыз күиінде сақталған. Сондай аңыздардың бірі шешендік туралы. Греция елінде Анахарсиске қойылған ескерткіш бар. Онда "Басқа пәле тілден" деген мағынада соз жазылған. Диоген Лаэртский кітабында Анахарсис айтты деген мынадай қанатты сөздер кездеседі: "Қалайша маскүнем болмауға болады" дегенге көз алдында маскүнемнің тұрқы тұрса болғаны деп жауап берген.
35
Анахарсис Скифияға оралып өз еліне Эллиндер тұрмысын үйрете бастағанда, оны атып өлтіреді. Геродоттың айтуынша. Анахарсисті грек әдет-дөстүрін сақтағаны үшін өз туысы Савлий патша атьш өлтіреді. Анахарсис гректің атақты заң жүйесінің реформаттары Солонмен дос болған, олай болса, оның идеяларын скифтердің мемлекеттік тұрмысына енгізуге талпыныс жасауы әбден орынды. Сірә, шындығы, Анахарсис өзі көріп, оқып, үйреніп келгенін жүзеге асырғысы келген болуы керек. Ондай өзгерістер Скиф мемлекетінің қалыптасқан басқару жүйесін сөзсіз өзгертуге, тіптен бұзуға әкелуі мүмкін. Оған скиф натшасы көне қоя ма?! Біздің болжауымызша, Анахарсистін қазасының басты себебі, өмір тәжірибесі, оның ақылы, данышпандығы болды. Оның өлімі Ұлықбектің өліміне ұқсас. Скиф мемлекетінде туған жерінде қаза болуы заңды. Қайта елге оралып, ұзақ жасап, табиғи түрде дүниеден қайтса, таңқалуга болар еді. Анахарсис Грекиядан алған білімін жүзеге асыруға жалғыз кірісті. Ол скиф тайпалары ортасында мүмкін емес болатын. Сондықтан да Анахарсистің өлімінің себебі түсінікті. Анахарсистің туыстары (патша әулеттері) оны тек өлтіріп қана қойғаи жоқ, оның есімін атауға тыйым салған. Оның тарихта аты қалуы Грекиядағы пікірлестері арқасында ғана. Геродот "скифтерден Анахарсис туралы сұрасақ, ондай адамды білмейміз", деп жауап қайтарады дейді. Соған қарағанда Анахарсис Скиф патшалығына аз әуре салмағанға ұқсайды. Алдыңғы озық-ойлы адам тарихта үнемі "үстем таптарға" үрей беріп отырганы мәлім. Сондай адамның бірі - философия тарихында, тарих және тәрбие тағылымыңда оның, окулықтарында әлі өз орнын алмаған көне заман ғүламасы Анахарсис Скифский.
Сонымеи, негізінде Платон, Аристотель сияқты философтар мойындап оның беделіне бас иген Анахарсис Скифскийдің өз бабамыз екендігі анық. Оны Майқы Мән баласы "Анарыс" деп атаған. Мүмкін оның есімі Анарыс шығар. Анахарсис деген латынша аталган есімі болуы мүмкін.
Анарыс деген сөз түркі тілінде екі компоненттен құралған. Аң-Арыс Скиф, сақ өнерін зерттеушілердің қолтума шығармаларында андардың бейнесі ерекше орын алған. Сондықтан Анарыс деген сөз құлаққа тосын естілмейді. Әрине, бұл болжам Анахарсистің Майқы би айтқан Анарыс екені рас болса, сөздің түп төркінін (этимологиясының) тілшілер шешуі тиіс.
36
Біздің айтарымыз, Анахарсис қазақша айтқанда Анарыс болса керек. Майкы бабамыздың айтқанын әзірше жоққа шығаратын дәлел жоқ. Олай болса Анахарсис - Анарыс біздің бабамыз, ол бізге өз ұрпағына екі мың жарым жылдан соң танылып отыр. Оның әруағына бас иіп аты өшпейтін істер атқару керек. Орта ғасырда Еуропаның елінде "Жас Анахарсистің басынан кешкендері" деген роман жарыққа шықты. Сол шығарманы казақ тіліне аудару кезек күттірмейтін істердің бірі.
Демек, Анахарсисті тану ілімін жолға қойған жөн.
37
Достарыңызбен бөлісу: |