11
философиялық антропюлогиясы - қазақ философиясы мен педагогика тарихының басты проблемасы. Осыған орай бүкіл түркі тектес халіықтардың байырғы философиялық ойыныц антологиясын, сонау Қорқыттан бастап қазіргі кәсіиқой қазақ философиясын қоса қамтитыя қазақ халқьшыд көп томдық үздіксіз философия тарихын жасау - бүгінгі егемсн қазақ мемлекетішң рухани мақсаты болуы керск. Сонымен, Шыгыстың ұлы ойшыл-философы және гуманисі Қожа Ахмет Иассауидің мұрасы қазіргі Қазақстанның рухаии қайта өрлеуіне үлкеп үлес қосатыны анық.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың тарихи
тәлімдік тағылымдары
Мұхамедд Хайдар Дулати Ұлы жүздің Жетісу өлкесіндегі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Дулатидің ата-бабалары Монғолстан мемлекетіне қарасты Өңтүстік Шығыс Қазақстанның, Қырғызстанмен, Шығыс Түркістанның саяси өмірінде белгілі кісілер болған. Ұлы атасы 1480 жылға дейін Қашқарияиы билейді, әкесі Мүхаммед Хусаин Монғолстанның батыс бөлігін билеген Сұлтан Махмұд ханның жақын адамдарының бірі болды. Анасы Хуб Нигар ханым — Жүніс ханның қызы. Ол үңдістандағы Ұлы Монғолдар әулетінің негізін қалаушы Захир ад-дин Мұхаммед Бабырмен бөле. Оның балалық шағы Мұхаммед Шайбани хан бастаған көшпелі өзбектердің қысымымен Орта Азиядағы Темір әулетінің күйреу, Монғол-станның ыдырау және қазақ хандығының өркендеу дәуірімен тұтас келді. 1508 жылғы бір соғыста әкесі қаза болып, туыстары оны Кабулдағы Бабырға жібереді. Мүхаммед Хайдар Дулати Бабырдың Мауаннахр жорығына қатысады. 1512 жылдан Сұлтан Саид ханның Қашғардагы сарайында тұрып, көрнекті әскери басшы және сарай қызметкері болды. Әбу Бакирмен бірге 1514 жылғы Қығызстанға, Оңтүстік Қазақстандағы, Тибетке жасалған әскери жорықтарға катысады, хан мұрагері - Әбу ад-Рашид сұлтанға тәрбиеші болады.
1553 жылы хан тағына отырған Әбу ад Рашид Дулат тайпасының басшылары қатты қуғынға ұшырады, оның немере ағасы Сайд Мұхаммед мырза Дулатты өлтіреді. Осы жағдайдан қауіптеніп ол Үндістанға кетуге мәжбүр болды. Ол мұнда монғолдар сарайының әскер басы болады. Кашмирді жаулап алып, оны билеп тұрды. 1551 жылы жергілікті тұрғындардың көтерілісі кезінде қаза табады.
118
Бабырдын, айтуы бойынша Мұхаммед Хайдар Дулати жан-жақты білімді болған. Сол кездегі саяси оқигалармен қоғамдық қайраткерлерді, сондай-ак Қазақстан мен Орта Азия Монголстанның өткен тарихын, әсіресе Дулат тайпасының тарихын жақсы білген. 1541-46 жылдары Кашмирде "Тарих-и Рашидиді" жазады. Мұнда Дулат тайпасының ұрпақтан ұрпаққа жеткен тарихи әңгімелері, монголдардың аңыздары, монгол хандары сарайында сақталған ресми құжаттардан қызықты деректер келтірілген. Парсы тіліндс жазылған осы еңбекте езінен бүрынғы ғальшдар Жувейнидің, Жамал Қаршының, Рашид ад-Диннің, Хамдолла Казвинидің, Абдуразак Самарканидің т.б. тарихи шығармаларына сілтеме жасалған. Мұнда сондай-ақ орта Азия қазақтар тарихына байланысты өте құнды мәліметтер бар. Шығармада ХҮ-ХҮІ ғ.-дағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қала және егіншілік мәдениеттері, Жетісудың тарихи географиясы туралы құнды деректер кездеседі. Осы еңбекті ХҮІ-ХІХ ғ.-дағы өмір сүрген көптеген ғалымдар (Амин Ахмад Рази, Махмуд бей Вали, Мухаммед Азам т.б.) өз шығармаларында пайдаланған. Кейіннен бұл еңбек түрік тіліне аударылады. Орта Азия, Үндістан, Иранда бірнеше рет қолмен көшіріледі. Мұның үзінділерін алғаш рет орыс тіліне В.В. Вельяминов-Зернов аударса, Д. Росс ағылшып тіліне аударып бастырады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегі туралы Ш. Уәлиханов "Жоңғария очерктерімен" (1861), "Тарихи Рашидиден үзінділерінде" сындарлы пікірлер айтқан.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Жаһан неме" атты көркем дастан жазғаны — оның тамаша ақын болғанының жақсы айғағы. Мұхаммед Хайдар Дулатидің шығармалары туралы зерттеулер XIX ғасырдан бастап қолға алынған. Бұл жерде орыс ғалымдары В.В. Вельяминов-Зернов, В.В. Бартольд, Н. Петровский, И.Н. Березин, А. Крымский, Е. Бертельс, А.П. Чулошников, Вильгельм де Рубруктарды ерекше атап өтуіміз қажет.
Мұхамед Хайдар Дулатидің мұрасын зерттеуден қазақ оқымыстылары да сырт қалмаған. Мұнда Ш. Уәлиханов, Ә. Марғүландардан бастап, М. Қозыбаев, Б. Көмеков, К. Байпаков, Ә. Дербісалиев сынды ғалымдарды жылы лебізбен атап өтуіміз абзал. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмір сүрген дәуірдің (ХҮ-ХҮІ ғғ.) өзіншілік ерекшеліктері бар екендігін де атап өтпесе болмайды. Бұл билік пен байлық үшін үздіксіз күрес жүріп
119
жатқан қиян-кескі ұрыс, жанжалдың қ осарласа, қазақ елінін. іргесін қалана бастаған қазақ мемлекетінің сан алуан мәселесі туындап тұрған аласапыран кезең еді.
Мүхаммед Хайдар Дулатидің өмірге аса құштар, қолынан келмейтіні жоқ бесаспап, сегіз қырлы бір сырлы тұлға болып қалыптасқанын жоғары да атап өттік. Ол көп нәрсені бастан кешіріп, өзі тікелей араласқан сол кездердегі қазақтың дәстүр салты мен мінез-құлықтарын тайға таңба басқандай көрсете білген. Ғұлама ғалым шығармасында ұлан-ғайыр қазақ жерінде болған небір қиян-кескі соғыстар мен ірі оқиғаларды шебер суреттейді. Дала ойшылының еңбегінде қазақ жерінің, жер, су атттары, Ыстықкөл, Мерке, Кеңсу, Ертіс, Ешім, Шу, Қапал, Кеген, Жаркент т.б. жиі кездеседі. Бұған қарап оның қазақ жердің ой-шұңқырын жетік білгенін байқаймыз. Мұнда казақ ру, тайпаларының аттары, сондай-ақ осы елдің қабырғасы қалануына ат салысқан батыр бабаларымыз мен ел басылары туралы деректер баршылық.
Кітаптың кіріспесінде үш нәрсеге ерекше көңіл аударылады. Оның біріншісін ғүлама былай деп түйіндейді: - "Елден естіген оқиғаларды қысқаша сипаттап, козбен көргендерімді кеңірек қайырдым, көрген білген нәрселерді парасаттылықпен түйдім". Мұхаммед Хайдар шығармашылы-ғының арқауы - ел бірлігі мен мемлекет тұтастығы барша жұртты бұзарлық кесір-кесапаттан сақтандыру, елді күйзелтетін іс-әрекеттерді болдырмау жағын ойластыру көпке өнегелі істермен сыйлы бола алатыны ел басшыларының психологиясын көрсету дер едік.
"Тарихи-Рашиди де" аталмыш мәселелер жайлы сөз қозғаған ғалым қоғам өмір бойы зұлымдықтан неге арылмайды, кайткенде адамдар рахат өмір сүруі керек, тіршіліктің түбегейлі мәселелері неге келіп тіреледі дейтін сауалдарға шама-шарқынша жауап іздегісі келеді.
Оның пікірінше біз өмір сүріп тұрған дүниеде достық пен татулықтан басқа құндылық жоқ, елдің мамыражай тыныш өмір сүрген кезінде кіршіксіз достыққа негізделген бақыт орнайды. Бірақ бұндай жағдай ылғи да бола бермейді. Сондықтан да әркез көңіл күйді көтеріңкі ұстап, жан дүниемізге қуат беріп отырған абзал. Мұндай қасиет әсіресе басшыларға ерекше жарасады. Осындай қасиетке ие болған ел басшысы елді ыдыраудан, күйреуден сақтап қалады.
Мұхаммед Хайдар Дулати сол кездері құрыла бастаған
120
қазақ хандығының күш-қуатын ерен тұлғалардың, аса қабілетті басшылар-дың қадыр-қасиеттеріне қарай таразылайды. Ол ел басында жүрген атақты адамдарды сипаттауға ерекше көңіл аударады. Оның ойынша білікті ел басшысы мемлекет күштілігінің тұтқасы. Автор осындай ерең тұлғаның біріне Қасымханды жатқызады. Қазақта «Қасым салған қасқа жол" деген ұлағатты сөз бар. Хайдар Дулати осы сөздің мән-мағынасын түсіндіреді. Қасымхан билік құрған кезіндегі қазақ хандығы өзінің саяси-әлеуметтік қуатымен бүкіл Еуропа жұртына алғаш мәлім болды. Хандықтың территориясы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауынан басталып, оңтүстік батысы Түркістанға дейін жетіп, онтүстік шығыста Жетісудың солтүстік бөлігіндегі таулы алқаптарды қамтыды. Хандық халқының саны бір миллионнан асты, орыс князі Василий III бірінші болып қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Қазақтар дербес этнос ретінде батыс Еуропаға мәлім болды. Бұл жонінде Австриялық Зерберт Гербертштейннің "Мәскеу істері жайындағы жазбалар" атты еңбегінде қызғылықты деректер келтіріледі.
Қасым хандығы кезінде ел басқару ісінде қолданылатын әдет-ғұрып заңдарынын ережелері жасалады. Бұл заңда көтерілген ережелер:
1) мүлік заңы (жер, мал-мүлікті иемдену мәселесі),
2) қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу, ойран салған кісілерді жазалау тәртібі),
3) әскери заң (қосын жасау, аламандық міндет, ер-азамат пен тұлпардың құны жайлы),
4) емшілік мәселе (халықаралық қатынастағы әдептілік, сыпайылық, шешендік өнер),
5) жұртшылық заңы (түлен тарту, ас, той, мереке үстінде қолданысқа түсетін ережелер, жасауыл, береуіл, тұтқауылдардың міндеті).
"Қасым салған қасқа жолдың заңдары ешбір өзгеріссіз XVII ғасырға жетіп, Есім ханның (1595-1693) ол кезінде "Есім салған ескі жол"-дан жалғасын тапқан."
Сонау ережелер жоқ ерте заманда Шығыс Аристотелі атанған Әбунәсір әл-Фараби елбасшының бойында 18 қасиет болу керек деген еді. Осы іспеттес тұжырымға бұдан V ғасыр кейін Мүхаммед Хайдар Дулати да келген сияқты. Оның пікірінше ел басқару қыры мен сыры мол — ерекше өнер. Бұл адамда киелі екі қасиеттің болуын қажет етеді. Біріншісі: қайтпас
121
қажырлық, алыстан орағытатын салиқалы зерде, терең ақыл -парасат. Екіншісі: төзімділік пен батылдылықты шындайтын қайтпас қажыр қайрат. Мұхаммед Хайдар Дулати мұндай қасиеті бар пенденің іс-әрекеті қылыш пен садақтың күшінен анағұрлым артық дейді.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашидиі" казақ хандығының оңаша отау тігіп, шаңырақ көтеріп жатқан кезінде жазылғаны белгілі. Бұл кез қазақ елінде Керей хан биліктен кетіл, Жәнібектің ел-жұрт тізгінін қолына алған кезең еді.
Орта ғасыр рухани жәдігерліктерінің арасында аз зерттеліп, қазақ ғылымының нысанасына айнала қоймаған шығарманың бірі - "Тарих-и Рашиди". Мұның авторы - тарихшы, ақын, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Дулати мұрасына Батыс ғалымдары қызыққанымен, өз ұрпағы ұзақ уақыт бойы назар аудармай келді. Біз бүгінде дерекнама ретінде сол Батыс ғалымдарының еңбегіне ғана сүйене аламыз. Тарихшы-қайраткердің ертерек зерттелінбеуі қазақ мектебін бітірген сан мыңдаған шәкірттердің тарихи танымына нұқсан келтірді. Бірақ, қазір зерттеліп-зерделеніп жатқанына шүкіршілік айтайық.
"Тарих-и Рашидиді" жазған Мұхаммед Хайдар Дулати 1499 жылы Ташкент қаласында, Моғолстанның билеушісі Жүніс ханның күйеу баласы, ата-бабасы шонжар тұқымынан шыққан Қүсайынның шаңырағында дүниеге келді. Онын. атасының есімі де Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. Сондықтан тарихшының есімі тарихи әдебиеттерде Мырза Хайдар аталады. Тахаллусы (бүркеншік есімі) — Аяз. Бұл жайында тарихшының қолжазбасында былай деп жазылған: "Алланың рақымы түскен пендесі, әлейім жұртқа Мұхаммед Хайдар есімімен танымал болған". Мен алланың әмірімен, аса бір қабілетім асып-тасып бара жатпағанмен, ата-бабамның тарихын жазып қ,алдыруды парызым деп ұғып, аллаға мінәжат етіп, қолыма қалам алдым" (Қолжазба, бірінші дәптер, З-б).
Шығарманың қазақ тарихына байланысты беттерін әңгімелемес бұрын оның есіміне жалғанған бабалық атауы - Дулаттар жайында бірер сөз қозғайық. Қазак, шежіресінде Дулат -Үйсіннен тарайтын тайпа ел. Олай болса біздің заманымыздың жыл санауынан бұрын ғүмыр кешкен Үйсін мемлекеттік бірлестігінің құрамындағы тайпа. Ал біздің заманымыздың бірінші ғасырында Үйсін мемлекетінің 120 мың түтінінде 630 мың жан, 188 мың 800 атты әскер болғаны Қытай жазбаларынан белгілі.
122
Таяу арада бұл көне деректі қытай жылнамаларынан толықтырып, Шыңжан қазақтарына "Ханнама", "Батыс өңір шежіресі" секілді еңбектер ұсынылды.
Хайдар мырзаның Дулат тегі сол Үйсін заманынан басталады. Үйсін күнбиінің бір ұлы Далудаға еншілікке Іле бойын береді. Бұл ел далу (Дулу, Дұғлат, Доғлат) аталады.
С.Е. Маловтың зерттеуі бойынша Күлтегін тас жазуындағы Бұмын қаған, оныд інісі Естемес қаған да Дулу болған. Дулулардың бір бөлігі һүндармен, Моншақ ханның баласы Атыл (Махмүд ибы Уәлидің "Бахр әл-Асрар фи Манакиб әл-Ахиарда" еңбегінде Атил-Еділдің ежелгі атауы) әскерімен Еуропа жорығына қатысты. Көптеген түркі тайпаларымен Басымыл (арғын), найман, қоңырат, үйсін тайпаларымен одақтасып, дулаттар 515 жылы жужандарға бағынышты болуын тоқтатып, Юсбан (Үрбі) одағын құрды. Оларға Бұмын қаған, Естемес (Естеми, Иштеми) қаған қолбасшы болады.
"Дулу қағаны Естеместің ордасы, - деп жазады Қазақ энциклопедия-сында, - көне Құяс (Қазіргі Алматы облысы, Кеген ауданы маңында, Жалаңаш бөктерінде болған)".
Наршаһидың, Л. Гумилевтың жазбасына қарағанда Естеми өзінің бар ғүмырын жорықта өткізген, қырық бес жыл аттан түспей Орал тауы мен Еділ бойлап, Каспий теңізін жағалап. Памирді бөктерлеп, Хантәңірді айналып түрік елінің шекарасын белгілеген. Бұл деректі алты жүз жыл өткеннен кейін де Құсайынның ұлы Махмүд Қашғари "Диуани лұғат ат-түрки" шығармасында: "Қазіргі бүкіл түрік елінің шекарасы Абискүн (Каспий) теңізінен айналып Рүм елінен, Өзкенттен Шығысқа дейін созылады. Ұзындығы сегіз мың парсақ", - деп жазады. Соған қарағанда Естемес қағанның кейінгі ұрпағы ел шекарасын бұрыпғыдан да кеңейткен болды ғой!
Бұл кітаптағы дерекке қарағанда ХІУ-ХУІ-ғасырларда Моғолстанға, Моғол мемлекетіне қараған Жетісу, Қашқар аймағы — кезіндегі Үйсін мемлекеттік бірлестігінің иелігі еді. Дулат - Үйсіннен тараған тайпа. Мүхаммед Хайдар Дулатидың бабасы Ұртубуға монғол хандары Қашқардағы Манғылай-Сүмбені тегіннен иелікке бермегені осы жерде мәлім бола түседі.
"Тарих-и-Рашидиде", "Қазақ жағдайының ерекшелігі, олардың хандары, оларға мұндай ат берілуінің себептері, олардың құлдырауы" деген тарау да бар. Тараудың аталуынан-ақ қандай деректер айтылатынын аңғарасыз. Бұл - тарихи-энциклопедиялық шығарма. Онда бүгінде қираған жұрты ғана қалған,
123
заманында гүлденген қалалар қатарында айтыльш, Шағатай тұсында астана болған, қазіргі Жаркент (Панфилов) каласынан өтетін Құлжа жолдың Қорғас тұсында, Іленің бойында жатқан Алмалық туралы: "Тағы бір қала - Алмалық, оның орналаскан жері қазір де белгілі, онда Тұрғылық Темір ханның құлпытасы, ғажайып қаланың орны сақталған" делінеді. ("Тарих-и-Рашиди", қолжазба, 121-б). Одан бері бес жүз жылға таяу уақыт өтті, бірақ әлі күнге дейін іздеу салған ұрпағы жоқ.
Автордың тарихшы аталуы, шығармасының естелік қана емес, тарихи жазба аталуының негізгі себебі – оның өз заманынан бұрынғы түрік халқының өмірінен, жалпы Азия тарихынан, Тұран елінен мағлұмат беретін тарихшы, этнограф, саяхатшы, географтардың шығармаларынан деректер пайдаланып, көптеген жұмбақ деректердің сырын аша білуінде болу керек. Ойымыздың тірегін "Тарих-и-Рашидидің" беттерінен қарастыру керек. Онда тарихшы моғолдардың атадан балаға қальш, желісі үзілмей келе жатқан аңыз-әңгімелерімен қатар Мір Қияс ад-дин Мансұрдын "Жами-и-гити-нумасын", Йақүттың "Мұджам әл-булданың", Жамал ад-дин Қаршидің "Мұлхакат ас-саурахын", Фазылаллақ Ратид ад-диннің "Маджма ат-тауарихын" ("Жами ат-тауарих"). Хамдаллах-Мустауф Қазунидің "Сувар-и ақалим", "Тарих-и манзумын", Ұлықбектің "Ұлыс арбасын". Хазрат Маулан Мұхаммед Қазының "Силсиат әл-арифиннің", Заһир ад-дин Мұхаммед Бабырдың "Бабырнамасын" пайдаланған.
Ендігі туындайтын сауал: "Тарих-и Рашиддиді" кейінгі замындағы тарихшылар дерекнама ретінде пайдаланды ма? Әринс, ХУІ-ХІХ ғасырлар аралығында көптеген тарихшылар, әдебиетшілер, жыршылар (Әмин Ахмет Рази, Махмүд бен-ули. Мухаммет Азам, т.б.) одан өз туындыларына дерек алған
Мұхаммед Хайдар Дулатидің ақындық мұрасынан қалған бірден бір шығарма - ертегі үлгісімен құрылып, түрік тілінде жазылған - "Жаһаннама" дастаны. Шығарма Берлин қалалық кітапханасында сақтаулы. Мұны башқұрт ғалымы Ашет Заки Уәли ұшыратқан. Қолжазбаны 1814 жылы Молда Омар ибн-Қашы көшірген. Көлемі 125 бет. Оқырмандарымыздың қолына әлі тиген жоқ
"Тарих-и Рашиддиден" алғаш орыс тілінде үзінді аударған - В. Вельями-нов-Зернов. Қазақстан тарихшыларынан "Тарих-и Рашиддиді" парсы тілінен тәржімелеуді алғаш қолға алған Қазақ ССР ҒА Тарих, археология және этнография институтының қызметкерлері - К. Пишулина - Жандосова мен Н. Меңғүлов. Бұлар тек аудармашы ғана емес, осы еңбекті зерттеп, тарихи басылымдарға, "Қазақ совет эициклопедиясына" мақала жазушы ғалымдар.
124
"Тарих-и Рашидиди" орыс, өзбек, қазақ тіліне де толық аударылып жарык көрмей отыр. Көлемі 50 баспа табаққа жуық, қазақ тарихы үшін аса қүнды шығарманы Ташкенттегі Шығыстану институтының ғалымдары орыс тіліне аударуды аяқтап келеді. Бұл еңбек өзбек, қазак, тіліне аударылып жатыр. 450 жылдан бері жерлестерінің қолына тимей, өз отанына жарияланбай келе жатқан ғылыми қазына.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың Моғолстан кезінде билік жүргізген ата-бабалары былай таратылады: Бобдахан - Үртубу — Болатшы - Қүдайдат — Сейіт Ахмет — Сейітәлі — Мұхаммед Хайдар. "Тарих-и Рашиди" еңбегіне сүйенсек, бұлардың билікке бәрінің қолы жеткенімен атақты қолбасшы болғандары - Ұртубу, Болатшы, Құдайдат. Осылардың ішінде тарихта ерекше аталатыны — Болатшы. 1360-62 жылдар шамасында қайтыс болады. 1359 жылы ол құндызда Тұғылық Темір ханнан моғол тілінде, моғол әрпімен жазылған мадақтама (грамота) алады. Ол бойынша хан Дулат тайпасының әмірлене тоғыз түрлі артықшылық береді. Болатшының бауыры Түлек те, Кәмелладин де ұлыс бектері һәм әскери қолбасшы болған. Соңғысы Тұғылық Темірдің баласы Ілияс Қожаны өлтіріп, Моғолстанда өкімет билігін қолына алады. Ал Сейітәлі әмір Уәйіс ханның (1428) әскери қолбасшысын, Кашқардағы Ұлысбектің кәменгерін қуып шығьш, Қашқарда ұзақ жыл билік жүргізді. Мүхаммед Хайдар Дулатидың атасы – Мұхаммед Хайдар Қашқариды билеген. 1480 жылы оны өзінің жиені Әбубәкір Ташкентке қуьш жіберген. (Бұл дерек "Тарих-и Рашидиде" жазылады).
"Тарих-и Рашидиде" Хайдар мырзаның қолында билік болған бабаларынын бәрінің есіміне Дулат жалғанып отырған. Солардың мықтылары ұлыс бегі Құдайдат Дулати мен Кәмаләддин Дулати. Құдайдат моғолдың алты ханын таққа отырғызып билік етсе, ал Кәмаладдин Моғолстандағы билік үшін өмір бақи Ақсақ Темірдің тұқымымен жауласып өткен.
Сонымен жоғарыда келтірілген деректерге қарап, Хайдар мырзаның есіміне, оның бабаларының аты-жөніне Дулат тайпасының атауы бекер қосарланбағанын байқаймыз. Оған тағы бір тиек - оның ата-бабасының Қашғария мен Жетісуға билік жүргізгендігі. Әрі ол елдің Моғолстан, Моғол мемлекеті атал-
125
уының себебі де бұл аймақтардың ықылым заманнан өз жері, өз қонысы, иелігі екенінің бір дәлелі.
Солай дегенмен де, көне тарихтың қоржының ақтарсаңыз бүгінгі Орталық Азияны мекендейтін түрік халықтарының тарихи, мәдени мұрасы, қаласы мен даласы да ортақ. Сондықтан қандай да болмасын ғалымдардың, жыраулардың мұрасын сирағынан тартып, кызғаныш туғызып, алакөзденіп бөлшектеу — ортаға шоқ тастау, арандату, жауластырудан өзге ешқандай да пайдасы жоқ. Бұл ой көптен бері айтылып келеді, бірақ ұрпақ алмасады, өмірге жаңа перзенттер келеді, оның әрбір кезеңінде қайталап айтьш, жазып отырмаса үмыт болатының куәсі болып отырмыз.
Орайы келгенде айта кетейін, 60-жылдардың ақырында барлық Одақтас Республикалар ұлттық энциклопедия шығаруға кірісіп, "Анау ғалым біздікі, мынау ғальш сіздікі" деген күңкіл әңгіме баспасөз бетінде де ара-тұра жарияланып, тіпті энциклопедиялық басылымның алғашқы томдарында да жарияланып қалды. Соған байланысты Ташкентте Орта Азия мен Қазакстан энциклопедистерінің бас қосқан құрылтайы өтті. Сонда мынадай бір ойымды ортаға салып едім: "Біздің бабаларымыз өте көреген, кемеңгер адам болыпты, кейінгі ұрпақтарымыз жеке-дара ел атанып, отау тігіп, ватанға (отанға) айналғанда құлағымызды шуылдатып жүрмесін деп, отырықшылары ныпсысына кешенінің, шаһарының атын жалғап: Бируни, Самарқанди, Қашқари, Ақсикети, Фараби, ал көшпенділері: Дулати, Жалайри, Қыпшахи деп тайпалық, елдік атауын жалғапты. Сондықтан, сол елді-мекенді, кешенді, шаһарды бүгінгі ұрпақтары иемденіп, тайпа есімдерін солардың ұрпағы өз санатына қосқаны жөн болар", -деген едім. Одан бері не оқиғалар бастан отпеді. Қалай дегенмен де түрік жүртының қайсысына болса да сол атаулар жат емес, тіпті Әбунасыр әл-Фараби, Әбуәли ибн Сина адамзатқа ортақ тұлғалар емес пе! Солардың қатарына Хайдар Дулати да жатады. "Тарих-и Рашидидің" өзге тарихи шығармалардан ерекшелігі — ондағы тарихи атау, жағрафиялық атауларға ғылыми тусінік беріп отырмаса, бүгінгі оқырманға ұғымсыз жері мол. Сондықтан да еңбекте жиі айтылатын Моғол, Моғолстан, Моғол мемлекеті, Ұлы Моғол мемлекетіндегі "моғолдың моңғолдармен шатыстыруға болмайды. Бұл атау тарихи әдебиетте дәлелденген. Ш. Уәлиханов, В. Григорьев, Г. Левшин сияқты ғалымдардың түйінді пікірлері бар. Моғол — жете - чете — жалайыр жұртының орта ғасырдағы атауы. Егер четенің шығу тегін қарастыра берсеңіз
126
тым алысқа, конеге сапар шегесіз. Мәселен, дүние жүзінің екінші ұстазы аталған данышпан ғалымымыз Әбунасыр әл-Фараби өзінің музыкалық трактатында: "Менің шыққан тегім четеде музыкалык оқулық болмаған-дықтан араб әдебиетін пайдаландым", - дейді. Ал Алтын Орданың бегі Чете мырза 1330 жылы ұлы кінәз Иван Даниловичке келіп сіңген. Четеден тарағаны бүгінгі орыс халқының құрамындағы көп кездесетін тұқым Сабуров, Годунов, Вельяминов-Зернов Ораз Мүхаммед пен Қасым хандығы жайында зерттеу жүргізіп, біз әңгімелеп отырған "Тарих-и Рашидиден" алғаш рет орыс тіліне үзінді аударған. Моғол атауының шығу тарихы қысқаша осындай. Содан өрбіп шығарманың ен бойында әңгіме болатын Моғолстан, Моғол мемлекетінің атаулары туындайды. "Тарих-и Рашиди" екі дәптерден, яғни екі бөлімнен құралады.
Көлемі елу баспа табақ. Алдымен екінші дәптері (1541-42) жазылады. Екінші дәтерін ол 1546 жылы наурыздың 3-жұлдызында Кашмирде аяқтайды. Кітаптың "Рашидтің тарихы" аталуының үш түрлі себебі бар екені еңбекте ескертіледі: "Әуелі, Тұғылық Темірді ислам дініне құлшылық еткізген шейх Аршад ад-динге бағыштадым; халқын рушт ("ақиқат") жолына бастаған Тұғылық Темірге бағыштадым; осы заманда Қашқарды билеп отырған Әбумұзафар Әбдірашид ханға бағьштадым". ("Каталог Восточных рукописей Академии наук Таджикской ССР", т.1, 1960).
Шығарманың атауы, бағышталуы ел аузындағы аңызға сүйеніп жазылғанмен, тарихшы бірінші дәптерін де Моғолстанға, Жетісу өлкесіне, оны билеген хандар Түғылық Темір, Уәйіс хан, Жүніс хандардың саяси катысына, елдің ахуалына, олардың бүгінгі Жетісу мәдениетіне, Қазақ хандығына тоқталады.
Ал екінші дептер — негізінен Қашқар мен Кашмир естелігі, сол сияқты Мұхаммед Шайбаыи ханның (Шахибек хан) қазақтарға қарсы жорығы, оның тізе бүгуі, Моғолстанның аймағы, оның шекарасы, қазақ хандарының жорығы сөз болады. Кітаптың Рашид патшаның тарихи аталуы оның бір дәлелінде: "Руштакиқат жолына түскен Тұғылық Темірге арнадым", - дейді. Оның билеушісі Тұғылық Темірдің ислам дінін қабылдауы жайында кітапта былай делінген: "Тұғылық Темір ханның ислам дінін қабыддауының себебі болған жағдай мынадай еді: Тұғылық Темірге Жамал ад-диншейхты ертіп келгенде ол итін шошқа етімен азықтандырып жатыпты. Хан шейхтен сұрапты: "Мына ет адал ма, сен адалсың ба?" — деп. Сонда шейх: "Егер
127
менің дінім болса мен адалмын, егер сенер дінім болмаса, онда менен иттің өлігі артық", - депті. Бұл сөз ханды қатты толғандырьш, жанын күйзелтіп, исламга ден қойыпты. Егер алла тағаланың рахымы түссе, оны мен сіздерге баяндап беремін" (қолжазба, 5-6).
"Тарих-и Рашидиде" Әбілхайыр ханның билігі қысқа да, нақты дәлелдермен сөз болады. Шығарманың "Қазақтардың жағдайының ерекшелігі, олардың хандары, оларға мұндай ат берілуінің себептері, олардың құлдырауы" деген тарауға сүйенсек, мұнда Әбілхайыр хан Дешті Қыпшақты толық таратқаннан кейін, одан сескенген Керей хан мен Жәнібек сұлтан, тағы басқа да ханзадалар Әбілхайырдан қашып, Моғолстанға келгені баяндалады.
Әбілхайыр қаза тапқаннан кейін Өзбек ұлысында таққа таласқан айқастар басталады, осындай кезде көп халық Керей мен Жәнібекті паналап, қоныс аудара бастайды. Ол екі хан дүниеден қайтқаннан кейін билік Керей ханның баласы Бұрындық хан мен Жәнібек ханның баласы Қасым ханға көшеді. Қасым хан Әдік Сұлтанның жесірі, Жүнісханның қызына үйленіп, жергілікті хан тұқымына иек сүйеп, бұрынғыдан да нығаяды. Бүкіл Дешті Қыпшақты өзіне қаратады. Мүхаммед Хайдар Дулатидың жазуынша: "Жошы ханнан кейін мұндай қуатты даңқты адам болған емес".
1462 жылы Моғолстанның ханы Есенбұға дүниеден қайтқаннан кейін билікті Жүніс хан (1462-1487) алды. Темір әулетінің мықты ұрпағы, әрі құдасы Әбусейіт мырзаның қолдауымен бұрын қолынан шығарып алған Батыс бөлікті қаратты, ал Қашқарды Есенбұғаның баласы Досмұхаммед хан 1468 жылға дейін билеп, ол өлген соң Жүніс хан Ақсуды басып алды, дәл осы кезде Керей мен Жәнібек қазақ хандығын құрып жатқан 1472 жылға қарай Батысты Ташкентке, Ферғана уәлаяатына, оңтүстігі Қашқарға дейінгі Жетісу, Хан тауының етегі Жүніс ханның қарамағына көшті. Жүніс хан 1482 жылы Сайрамды, 1485 жылы Ташкентті жаулап алғанымен, бұлар баянды болмады. Мұхаммед Шайбанидың толық жеңісіне дейін Ташкентті Жүніс ханның үлкен ұлы Сұлтан Мухаммед хан билеп (1487-1508) отырды. Онын, інісі Сүлтан Ахмед хан әкесінен бөлініп, Ыстықкөлдің аиналасына орналасып, Жетісу мен Сырдария казақтарына, қалмақтарға карсы соғысты, бірақ оның иелікті кайтару әрекетінен ештеңе шықпайды. ХҮІ-ғасырдың бас кезінде Моғолстан хандары Жетісудағы билігінен айрылды.
Бұл кітапта Орта Азиядағы Темір әулеті мен Шағатай
128
әулетінің, оларға бүйірден қосылған Мұхаммед Шайбани әулетінің билік жолындағы ұзақ жолға созылған шайқастары һәм Хайдар мырза тағдырының да қилы-қилы кезеңдері. соқпақтары көрініс табады. Хайдар мырза Шайбани тұқымымен де қандас туысты. Оның шешесі — Шағатайдың туажаты Жүніс ханның кенже қызы Хуб Нигер ханым болса, ал Жүніс ханның үлкен қызы Құтлық Нигер ханымнан Темірдің туажаты Мұхаммед Бабыр туады. Сөйтіп, Хайдар мырза билік үшін таласушы екі әулеттің арасыңда гұмыр кешіп, көп қиыншылықты да, билікгі де бастан кешірді.
Шағатай әулеті билік құрып отырған Моғолстандағы қақтығыста оның әкесі Құсайын мырза да қудаланып, Бабырдың әкесі Омар шейх мырзаның, Жүніс ханның ұлы, Ташкент уәлиятының билеушісі Сұлтан Махмұдтың қарауында кызмет атқарып, Ұрантөбеде оның әменгері де болды. Ол қазаға ұшырағанда жалғыз ұлы Хайдар мырза бөлесі Бабырдың тәрбиесінде қалды. Ол да билікке ерте араласқаны болмаса, әлі де буыны қатпаған ұланды. Соған қарамастан Бабыр, Ферғана, Ташкент, Самарқанд аймағында Мұхаммед Шайбанимен кескілескен ұрыс жүргізген тұста бөлесі Хайдар мырза да бірер жорыққа қатысты. Ақыры күйеу баласы Сұлтан Сейіт ханның жасағына қосылып, бүгінгі Қашқар жеріндегі Моғол мемлекетінің құрылуына қатысып, 1513-1533 жылдары Сейіт ханның әскерінде қолбасшылық етіп, әрі жиені Әбдірашит падишаһты тәрбиеледі.
1533 жылы Хайдар мырза Тибет жорығына қатысады. Сол жорықта Сейіт хан каза табады. Үзеңгілес күйеу баласынан айырылған Хайдар мырзаны жиені Әбдірашид хан сыйлай қоймады.
"Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпастың'' кері келіп кеше ғана ақылшы, ұстаздық етіп қасына ертіп, баулып жүрген жиені Әбдірашит әкесі Сейіт дүние салғаннан кейін, таққа отырысымен, оның бұрынғы ақыл-кеңесші уәзірлерінің көзін жойып, ал нағашысы Мүхаммед Хайдар Дулатиді қуып жібереді. Ол әкесінің сарбаздарынан, үзеңгілес жолдастарынан қол үзеді. Жиенінен жапа шеккен Хайдар мырза Үндістандағы бөлесі Бабырдың әулетіне қарай ойысады. Бұдан басқа амалы жоқ еді: "Туған өлкесі, ата-бабасының қонысы Жетісудан да айырылды, нағашы атасы Есенбұға Ақ Ордадан ойысқан Керей мен Жәнібектің жасағына жер бөліп беріп, қоныстандырамын деп пәлеге қалды. Олар біртіндеп Шағатай тұқымын ығыстырды.
129
Мауараннахрды Шайбани тұқымы билеп алды, Темір тұқымын биліктен айырды. "Өзге пана болар жер қалмағандықтан Үндістанға беттедім", - дейді Хайдар мырза.
"Тарих-и Рашидидің" екінші дәптері көбіне осы Кашмирде кешкен өміріне арналған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің мұнда өз жеріндей бауыр басып қалғанының тағы бір себебі, Кашмир —атам заманнан түрік шекарасындағы қала, оның бабалары одан жүздеген жылдар бұрын, дәлірек айтқанда, біздің заманымыздың 4-5 ғасырлар аралығында билік кұрган. Мұнда тіпті XII ғасырда түрік халықтарының тілі мемлекеттік тілдерін біріне айналғанды. Оған бір нақты дәлел - Ә.Н. Нәжіптің зерттеуінде көрсетілген. Дели сұлтанатындағы Бадыр ад-дин Ыбырайымның "Ауызекі лұғат, зерттелетін дүние" атты шығармасы. Мұнда Үнді жеріндегі өзге халықтың тілдерімен қатар түрік тілінің сөздігі берілген. Онда бүгінгі қазақ тілінің қорындағы іні, келін, ене, балдыз тәрізді сөздердің молынан ұшырасуы жоғарыда айтқан ойымызды нақтылай түседі. Бұл тіл Мұхаммед Хайдар Дулати Кашмирде билік жүргізген кезде қатынас тілі болғаны оның тарихи шығармасында да жазылған. Соған байланысты бұл мәселенің төркінін әріден қарастырған жөн.
Теріскей Алатаудың Сапы асуының етегінде болған Барсыған қаласының ежелгі тұрғыны Құсайынның ұлы Махмұд Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрік" хамсалық шығармасында да Кашмир қаласы туралы: "Кашмир — түрік елінің шетіне орналасқан шаһар. Бұл шаһарды тәңір жарылқағыр Сүлеймен пайғамбар салдырған". Ал Қаз атауында: "Қаз - Афрасиаптың қызының есімі. Ол Қазойын шаһарын түрік елінің шекарасы деп атайды. Құм шаһары да шекара болып есептеледі. Себебі құм — түрік сөзі. Кейбіреулер Мауараннахрды да түрік елі деп есептейді. Ол Янкенттен басталады. Оның тағы бір аты Диаройынмыс шаһары, беріктігіне байланысты солай аталған. Бұл Бұхараға жақын. Бүкіл Мауараннахр мен Янкенттен Шығысқа қарай түрік шаһарлары деп аталатындары сондықтан, Самарқант-Семізкент, Шаш-Ташкент деп аталатыны сияқты". "Тарих-и Рашидидің" бетінде бұл қалалардың XVI ғасырда да аталуы, әрі осы уақытқа дейін түрік халықтарының мекені саналуы тарихл тамырластықты, әрі ол халықтар өзге жаққа қоныс аудармағанының дәлелі бола алады. "Тарих-и Рашидиде" жазылған ежелгі қалалар Шыңғысханның жорығынан, оның әулеттерінің өзара қақтығысынан қирап біткен. Бұл жағдай
130
"Бабырнамада": "Ферғананың солтүстігінде Алмалық, Алмату (Алматы Б.Қ.), сондай-ақ кітаптарда Отырар аталып жүрген Янти секілді қалалар болғанымен, монғол мен өзбектің шапқыншылығынан кейін бұл қалалар жермен жексен болып, тіпті жұртында елді мекен де қалмады" ("Бабырнама", "Ататек", Алматы, 1993, 13-б).
Сол Бабырдың баласы Ақсақ Темір он бір рет шабуыл жасап, енді ғана жауқазындай қылтиған қаланы қиратып кетіп отырса, қала қайдан қалсын?! Алматыны Мұхаммед Хайдар "Моғолстандағы ең жұмақ жер" деп жазғанмен, "елді-мекен" деп қана өте шығады. " Моғолстанда одан басқа да тамаша салынған әсем қалалар болған, - деп жазады М. Хайдар Дулати, -бірақ бүгінде оның қираған орны ғана жатыр... Мұндай қираған жұртты Моғолстанның кез келген жерінен ұшыратамыз. Бірақ жұрт оның атын да ұмытқан... әуелі Баласағүн деп айтатын жер де белгісіз, қираған орны да ұмыт болған. О, жаратқан, тып-типыл болды деген осы. Бір кезде Гобалық аталатын жердің аты да өшкен". Мұхаммед Хайдар Дулати осы қаладан Мұхаммед Факих Баласағұни деген имамның шыққанын, оның ойшыл ғұлама һәм ақын болғанын, 1312 жылы дүниеден қайтқанын жазуына қарағанда, қала 14 ғасырда ғұмыр кешкенін анықтай түседі. "...Моғолдарда Жаңа Тараз деп аталатын қала да бар. Бұл қаланын тұрғындары да йангиліктер аталады... Қырда бұл аттас бірнеше қала болған, бірақ оның қираган орнына, мұнарасына, ханахасына қарап, қайсысы Йанги екенін, өзге қалалар не деп аталатынын ажырату қиын" ("Тарих-и Рашиди", Қолжазба, 124-б).
Шығармада тек қалалар жайында емес, өзге де тарихи жер атаулары, жайлаулар қисапсыз мол аталады. Мәселен, көктем-жаз айларында моғолдарды іздеп жорыққа шыққан Темір әулетінін билеушілері Текес пен Күнгес жазығындағы жайлауға аттанған екен. "Тарих-и Рашидиң: "'Ұлық жұлдыз, Кіші жұлдыз - бұл елдің атақты хан жайлауы .. Есенбұға хан сол уақытта Шығыс шекарадағы (Моғолстанны" - Б.Қ.) Жұлдызына көшіп еді" (сонда 48-б) деп жазады. Енді бір оқиғаға байланысты: "Әбіш жазығы, Шарын мен Шелек өзенінің аралығы баяғыдан Жете хандарының мекені, жайлауы, жасақтың тынығатын жері болған", - дейді. Моғолдар ата-бабаларының салтымен саумалтой өткізген. 1405 жылы Қызырқожа хан "Моғолстандағы белгілі жер-Көктөбеде (сонда, ЗЗ-б) саумалтой жасайды". Жоғарыдағы деректерге байланысты бұл шығарманы энциклопедиялық
131
туынды деп айтуымызға құқымыз бар. Бұл да "Бабырнама" сияқты елдің саяси өміріи, хандардыц билік үшін таластарын, түрлі ұрыс тәсілдерін, елдік қатыстарын, халық арасындағы бітімді, сауда-саттықты әңгіме етеді. Этнографиялық тәлім, салт-сана, одет-ғұрып, колөнерлері де баяндалады. Шығармада осы жағдайлар жақсы жазылғандықтан, кеңес заманынан бұрынғы археологтар да. тарихшылар да, "Тарих-и Рашидиге" соқпай кетпеді. Археолог К.М. Байнақовтың зерттеуінде Талас пен Шудың бойында ғана екі жүзге жуық елді мекеннін қираған жұрты қалып, ХІІІ-ХІУ ғасырдың аралығында жиырмаға жуық қираған қалада ғана түтін түтетіліп жатқаны айтылады. Хайдар мырзаның жазуынша, XIV ғаырдыд басында Қашғар, Самарқант аймағына қарап кеткен дулаттардың Шудың басы мен Ыстықкөлдің айналасындағы елді-мекендері өзара қырқыстың салдарынан қирап қалған.
Қазақ хандығы құрылғанға дейін де қалмақпен жауласып келген моғолдықтар енді қазақ қауымын да соғысқа тартады, яғни ойраттар мен қалмақтарға қарсы айқастарына серік етеді. "Тарих-и Рашидиде" сол кезеңде Қасым ханның әскері бір миллионнан астам болды делінуі шындыққа жанаспайды. Өйгкені хандықтың бар жұрты екі миллионның шамасындайды. Демографиялық деректерді де үшыратасыз. Мәселен, IV-ғасырдың ақыры мен УІ-ғасырдың басында әрбір қазақ ұлысында отыз-қырық мың жасақ болған. Сонда бір түтінде 4-5 жан бар десек, бір ұлыста 120-200 мындай адам болмай ма. Яғни 16-ғасырдың басындағы Қазақ хандығының он үлысында екі миллион шамасындай халық мекендеген. Олай болса Хайдар мырза қазақ пен моғол жасақтарын қосып есептеген болуы керек. Ол заманда әр хандықтың қолында болғанмеп Казақ пен Моғолстан хандығының халқы бір текті халықтан құрачғанды. Бірақ майданға әр елдің, әр хандыктың өз қолбасшысы бастаған. Мұның тарихи бір дәлелі — Моғолстан ханы Ахмет —Алаша ханның майдандағы әрекеті. "Ол қалмақтарды талай рет жеңіп, көп адамды қырғынға ұшыратқан, сондықтан да ол Алаш аталып, келе-келе Алаш есіміне айналған".
Ал жоғарыдағы "қазақ хандығының жасағы бір миллионға жуық болды" деген деректің жаңсақтығын Бабырдың жазбасында кездесетін ақпармен дәлелдеуге болады. Онда былай жазылған: "'Жұрттың айтуына қарағанда, қазақ хандары мен сұлтандарының бірде бірі бұл халықты дәл осы Қасым хан сияқты ба-
132
ғындыра алмаса керек. Оның әскерінде үш жүз мыңға жуық адам бар еді".
Моғолстанның ханы Есенбұғаның Ақ Ордадан қашып келген Керей мен Жәнібекке Шу алқабынан жер бөліп беріп, хандық құруына жағдай жасаудағы түп мақсаты Ақ Орда ханзадаларының шабуылына тосқауыл жасау, сонан соң қалмақ шапқыншылығына қарсы одақ құру еді. Екінші мақсаты түбегейлі жүзеге аспағанымен, бірінші ойына жетті де, өздері торға түсті. Алдымен алақандай қоныс сұрап, паналап келгеп Барақ тұқымдары отыз-қырық жылдың ішінде Моғолстан хандарын ежелгі атамекені - Жетісудан айырып, Шығыс Түркістанға қарай ығысуға мәжбүр етті. Бұл деректер "Тарих-и Рашидидің" беттерінен жүйелі орын алған. Шығарманың құндылығы да осында.
Жоғарыдағы: "Қазақ хандығы құрылғанға дейін де қалмакпен жауласып келген моғолдар енді қазақ қауымын да соғысқа тартты" деген ойымызды дәлелдей түсейік. Неге қазақ хандығы? Моғолстан бөлек пе еді? Неге қалмақтармен соғысады? Біз тарихта ойраттармен, жоңғарлармен соғысты деп жазып келеді емеспіз бе? Бұл жайында "Тарих-и Рашиди" не дейді? Енді осы бағытта әңгіме қозғап көрейік. Ең әуелі ойымыз жүйелі түсу үшін "Тарих-и Рашидиде" Қазақ хандығын құрған хандар кімнің тұқымы екендігіне, олардың Моғолстанмен туыстық, қарым-қатынасына тоқталайық.
XIII ғасырдьщ басынан бастап бүгінге дейін Орталық Азия, Орта Азия, Шығыс Европа Шыңғысхан әулетінің хандары құрған ордалар, ұлыстар Кеңес заманында республика, облыстар мен аймақтар атауына ие болып, қазір дербестік жолында кейбірінің бұлқынып жатқан жайы да бар. Қазақстандық белгілі тарихшы марқүм В.П. Юдии осы ордалар жөніндегі ғылыми еңбегінде: "Алтын Ордадан өзге Ақ Орда, Көк Орда, Боз Орда, Ала, Мамай, Мұрат, Ахмат, Еділ, Жайық сырты, Қырым, Белогород, Заленск, Городец, Үлкен, Кіші жүз Ордалары, Ноғай, Қазақ, Қарақалпақ, Қалмақ т.б. Ордалар болған", - дейді.
Мұның ішінде тарихта елеулі орын алғандары Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда. Ноғай Ордасы, Қарақалпақ Ордасы, Қалмақ Ордасы, Жүздік Ордасы, Қазақ Ордасы. "Шыңғыснамада" Дешті Қыпшақтың билігін Батыйға беру жөнінде айтылғанда, Ақ Орда мен Көк Орда жайында дерек келтірілген. Жошы қаза тапқаннан кейін үлкен баласы Орда Ежен мен оның інісі Батыйдың
133
арасында: "Жошы ұлысының билеушісі кім боладьг?" деген әңгіме туады. Ағайынды екеуі жолды біріне бірі ұсынады. Ақырында ұлы ханның төрелігіне жүгіну үшін бәйбішеден туган екі ұлы, тоқалдарынан туған он жеті ұлы жолға шығады. Олар атасына сәлем бере барғанда үш орда (монғолша—өргә): Алтын босағалы Ақ Орда Сайын ханға (Батый), Күміс босагалы Көк Орда Әдженге (Орда Ежен), болат босағалы Боз Орда Шайбанға (Жошының бесінші ұлы) тігіледі.
Өтеміс хажының "Шыңғыснамасында" Шайбан тұқымдары Тоқтамыс хан, Темір Құтылық пен Орыс ханның тұқымдарына: "Сендерден біздің жолымыз үлкен. Мына Орда шаңырағына, босағасына қарамайсыңдар ма? Біздің бабамыз Жошы хан дүние салғаннан кейін әкелеріміз, ұлы бабамыз сайыпқыран Шыңғысханға барып бата сұраған. Сонда ол Ежен мен Сайыннан кейінгі отау-орданы біздің әкеміз Шайбан ханға тіккен. Ал сендердің әкелеріңе отау тігу былай тұрсын, жаппа да құрмапты. (Өтеміс хажы ибн Маулана Мұхаммед Дости, "Шыңғыснама". Өзбек Республикасы ҒА Шығыстану институтының қолжазба қоры, № 1552, 38-б).
Мұнан туындайтын сауал — "Тарих-и Рашидиде" жазылғандай Казақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек қай Ордадан тарайды? Әрине, бұлар орыс ханның тұқымы, Орда тігілген атаның баласы емес, бірақ Жошы тұқымы болған соң - жеке ұлысқа, билікке ие болып, біздің байтақ жерімізге үстемдік құрып, өзара билікке таласып қырқысьш өткен. "Тарих-и Рашидидің" дерегіне қарағанда Бердібек хан (1357-1359 жыл) таққа отырғаннан кейін Алтын Орданың біраз жүртын Қият Мамай Қырымға көшіріп, Қият Теңіз Бұға Сырдың төменгі ағысына тартты. Мамай туралы дерек мол, ал Теңіз Бұға ше? Теңіз Бұға дерекнамаларға көп түсе қоймаған Орданың иесі. Оның әкесі Иса көрегенге Алтын Орданың каны Өзбек. Шайбан түқымынан өзге Жошы кіндігінен тарағандардың бәрін де соның қосшылығына берген. Сол атадан қалған билік Теңіз Бүғаға да жетті. Ол Сырдың бойында билік құрып жайбарақат жатқанда Бердібек хан дүние салды деп аламан келеді. Ол нөкерлерімен, билерімен кеңесіп, егер Жошының бар үрім-бұтағын қырып тастауға келіссе. Қара Ноғайды хан сайлайық деген уәжімге келеді. Бұл ойларын Қара Ноғайға айтып көндіреді. Бірақ кесапат іс жата ма, сыбыс Жошының өзге балаларына да жетіп, олар Қара Ноғайға шындықты айтқызып, Теніз Бұғаны өлтіреді.
134
Таққа Қара Ноғай отырып, ол Сыр бойына үш жыл билік жүргізіп, дүние салады да, орнына інісі Тұғылық Темір отырады. Ол өлгеннен кейін Бодық оғланның үлы Орыс хан тақты алады. Қазақ хандарының әулетін қалаушы осы Орыс хан. Сонымен қазақ хандығы жарияланбас бұрын да қазақ хандығының негізін Сыр бойында Орыс хан қалағаны жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати Рашид-ад-диннің "Жами ат-тауарихынан" да алуы мүмкін. Онда Жошының отау тіккен үш ұлынан өзге балалары Жүз Орда аталып, Ұлыстар құра білген. ХІІІ-ХУ ғасырлар аралығындағы Дешті Қыпшақ даласында билік құрған ұлыстар толық зерттелген емес, өйткені заманында жазылып қалдырылған тарихи жазбалар қазақ тіліне аударылмай отыр. Сол жазбалардың алғашқы аудармасы "Бабырнама" ғана.
Жоғарыда аталған Орыс ханның ұрпағы Керей мен Жәнібек XV ғасырда Қазақ хандығын құрғаннан кейін Шағатай ұрпағы билік жүргізіп отырған Моғолстанмен бірігіп түстігінде қалмақтармен, шығысында ойраттармен соғысады. Ойраттар — торғауыт, дербет, баяат, өлейт, хошут, захчи т.б. тайпалар бірлестігі. Бұлар XV ғасырдың екінші жартысында, Есен тайшы кезінде мемлекет құрды. Ал қалмақтың арғы тегі Бәндиден тарайды, олар Жонгар мемлекетінің құрамында болып, кейін Еділ бойындағы туыстарына ығысады, көп бөлігі бүгінде Шыңжаң өлкесін мекен етеді Ұлы жүз Қазақтарының ХУІ-ХУШ ғасырларда жауласқан қалмақтары — солардың арғы аталары. Сонымен Хайдар мырзаның тарихи жазбасында Моғолстанның аумағы туралы мынадай дерек келтірілді: "...Маған дейін жазылған тауарихтарда Моғолстанның шекарасы белгіленбейді, сондықтан да жұрттың есіне кіріп те шықпайды. "Көзден кетсе ұмыт болады, көңілден кетеді" деген осы емес пе. Бірақ Моғолстан атап жүрген еліміздің аумағы жеті-сегіз айлық жол. Оның Шығыстағы қалмақтар жайлап отырған Барыскөл, Еміл мен Ертіске дейін; терістігі - Көкше теңізбен (Балқаш — Б.Қ.) Бұм, Қаратал; Батысында - Түркістанмен, Ташкентпен; түстігінде — Ферғана уәлаятымен Қашқар, Ақсу, Чалыш, Түрфанмен шекаралас" ("Тарих-и Рашиди", қолжазбаның 237-6).
Дулатидың тәрбие тағылымы өзінше бір тарих. Бабырдың айтуы бойынша Мұхаммед Хайдар Дулати жан-жақты білімді адам болған. Сол кездегі саяси оқиғалар мен қайраткерлерді, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азия, Монғолстанның өткен тарихын, әсіресе халықтың дәстүрін, оқу-ағарту мәселелерін,
135
тәрбие тағылымдарын жақсы білген. Тәрбиені "Бабырнама" негізінде құрды, ең бастысы тарихын, сол дәуірдегі әрбір халықтың ұлт-дәстүрін, қоғамдық-құрылысты, тарихи тәжірибені, саяси-ахуалды, ұлттық тәрбиені-халықтык педагогика (ол кездегі ата-бабалық тәрбие деп түсінген) негізінде жүргізуді уағыздаған.
1541-1546 жылдары Кашмирде "Тарихи Рашидиде" жазды. Сондай-ақ қазақтардың /өз тайпасы Дулаттардың/ өткені жайлы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен әңгімелер, алғашқы қоғамдағы еңбек процесінің құрылғандығы, феодалдық қоғамдагы таптық тәрбиенің пайда болуы, Моғолдардың анызы, туралы жырлар, Моғол хандарының әлеуметтік-тәрбиелік үстемдігімен хандардың оқу, тәрбие ісіндегі дара ерекшеліктері, олардың еңбек бөлінісі, дәуірдің тәрбиелік ерекшеліктері қарастырылды. Әсіресе, еңбек, еңбек ету, еңбек тәрбиесі туралы бұрынғы тәжірибелер мен соңгы деректердің тарихи және тәрбиелік мәні келтірілді, (еңбек парсы тілінде жазылған). Автор өзінен бұрынгы белгілі ғалымдар — Жувейнидің, Жамал Қаршидің, Рашид ад-дидің, Ходдолла Казвинидің Шарафаддин Әли Иоздидің, Абдуразақ Самарханидің т.б. Тарихи шығармаларын пайдаланды. Олардың әрқайсысының өмір сүрген дәуірінде еңбек ету, еңбек тәрбиесінің қойылысына, еңбектің қоғамдағы орнына талдау жасаған. "Тарихи Рашиди де" қазақ хандығының құрылғаны және одан кейінгі Жетісу мен Дешті қыпшақтағы оқиғалар, тарихи тәжірибе мен тәрбие тағлымдары, сол кездегі педагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы мен дамуына талданып жазылады. Сондай-ақ, еңбекте Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, сыртқы жауға қарсы казақтар мен қыргыздардың, өзбектер мен достастық одағының қалыптасуы мұндағы саяси оқиғалар, жеке адам санасының қалыптасуындағы тәрбиенің атқаратын ролі жайлы көптеген мағлұматтар келтіріледі. Мухаммед Хайдар 'Тарихи Рашидиде" еңбек пен еңбек тәрбиесін жеке адамды қалыптастырумен ұштастыра қарастырды ол өзінің дәлелдеулерінде - жекс адамды қалыптастыру еңбек пен еңбек тәрбиесінің нәтижесі дей келіп, "Жеке адам болу дегеніміз - өзін азаматтың адамы ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасына, күнделікті тұрмысқа енгізу - дейді. Хайдар — тәрбие адамды ақылдыққа, адамгершілікке үйретеді, адамгершілік пен ақыл-
136
ой тәрбиесінің алғашқы ұғымдарын енгізді. Сондай-ақ ол өз еңбегінде "Жеке адам болмыстың жаңа формасы жөніндегі өз халқының жасампаз істерін, бұхараның творчествосына белсенді және саналы түрде қатысатын, қоғамға пайдалы болуға деген ішкі қажеттілікті сезінетін адамды айтамыз" деген тұжырым жасады. Хайдар Дулатидың осы пікірлеріне орай Шығыс тарихының докторы, ленинградтық ғалым-академик Бартольд Василий Владимирович өзінің "Хайдар мырза" — деген еңбегінде былай деп көрсетті. Хайдар Дулати әл-Фарабидан кейінгі еңбек пен еңбектәрбиесінің негізін салды, қоғамдағы еңбек пен еңбек тәрбиесі аса құнды да пайдалы категориялар. Хайдар әрбір жеке адамның еңбек тәрбиесі арқылы биікке көтерілуі тиіс екенін дәлелдеп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |