Педагогика



бет6/21
Дата22.03.2017
өлшемі12,35 Mb.
#12061
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Насыреддин — астроном. Монғол хандары Таяу және Орта Шығыста өздерінің орталық резиденциясы етіп Азербайжанды таңдап алады. Азербайжанға басып алған басқа елдердің байлықтарын тасып, мұнда мәдени орындар салдырады, ғалымдар жинайды. Сондықтан да Насыреддин жоғарыда айтылған обсерваторияны Оңтүстік Азербайжанның әсем және мәдени дәстүрі мол қалаларының бірі — Марағаның түбіне салдырады. Насыреддин обсерватория үйінің жобасын сызу түрлі астрономиялық құрал-жабдықтар жасау ісіне тікелей өзі басшылық етеді. Мұнда оған басқа да көптеген ғалымдар көмектеседі, кейіннен Насыреддиннің маңында топтасқан бұл оқымыстылар саны жүзге жетеді.

Насыреддиннің тікелей басшылығымен обсерваторияда ұзақ жыддар бойы бақылаулар жүргізіліп, осының нәтижесінде "Зидж эльхани" ("Эльхан таблицалары") деп аталатын астрономиялық зертгеулер мен мағлұматтар жиынының тұратын каталог жасалады. "Эльхан", яғни "ел ханы" деп алғашқы монғол хандарын атаған.

Бұл еңбек орта ғасырларда жазылған астрономиялық еңбектердің ішіндегі көрнекілерінің бірі болъш саналады. "Зидж Эльханидың" бірінші кітабы әр түрлі халықтардың ғылым хронологиясына арналған. Мұнда, қытай, ұйғыр, еврей, араб, (хиджра) календарьлары баяндалады, бір жыл санаудан екінші жыл санауга ауысу тәсілдері көрсетіледі. Мәселен, Насыреддин қытай календарын баяндағанда осыған байланысты түркі халықтарының календарын қатар келтіреді. Насыреддиннің түркі және қытай халықтарының "шақ" ("чаг") деп аталатын уақыт өлшемінің таблицасын келтірейік (орысша аудармасын өзіміз қостық): "Шақ" — сол кездегі ұғым бойынша тәуліктің он екіден бірі, яғни біздің екі сағатқа тең немесе жылдың он екіден бір бөлігі, яғни айға тең. Қазақтың "он екі жыл — бір мүшел" деген өлшемі осы шақтың үшінші сатысы болуы ықтимал.

'3идж" "Эльханидың'" екінші кітабы планеталардың қозғалысы мен олардың эвклиптикалық координаттарын табуға арналған. Кітап он бес тараудан тұрады. Бұл кітапта астрономиялық өте маңызды деректер келтіріледі. Ол деректермен азербайжан ғалымы Г.Д. Мамедбейлінің 1961 жыл Баку қаласында шыққан "Насыреддин Туси-Марага обсерваториясының негізін салушы" деген кітабынан оқып, толық танысуға болады. Мәселен, бұл кітапта эвклиптиканың көлбеулігінің өте дәл мәні беріледі (20°, 30°). Мұнда "Доғалар мен синустардың таблицалары",

99

"Доғалар мен тангенстердің таблицалары" келтіріледі. Бұл таблицаларда синус пен тангенстің мәндері әр 1 минут аралықпен табылған. Кейінгі кезге дейін тарихшылар мұндай таблицалар тек Ұлықбек обсерваториясында жасалды деп келген болатын.



Бұл кітаптің соңғы тарауында жер шарындағы 279 елді мекеннің бойлықтары мен енділіктерін көрсететін кестеде келтірілген. Нөлдік меридиан үшін Насыреддин гридвечтен 34,5° батысқа қарай орналасқан Атлант мұхитының аралдарынан өтетін меридианды алады. Бұл аралдар (оларды арабтар "Бақыт аралдары" деп атаған) сонда Америка құрылығының маңына орналасқан болып шығады. Айта кетерлік бір жағдай, осы тәріздес деректер Насыреддинге дейінгі астрономдар мен географтарда да ұшырасады (мысалы, Бируниде). Ендеше Орта ғасырларда Шығыс ғалымдары Америка құрылығының бар екенін білген болын шығады. Бұл деректерді Колумб білген бе деген сұраққа, бірсыпыра зерттеушілер, мәселен, жоғарыда айтылған Г. Д. Мамедбейлі білген деген пікір айтады. Әрине, бұл мәселе әлі де көп зерттеуді қажет етеді.

Насыреддин "Зидж Эльханиден" басқа "Астрономия ғылымы туралы естелік", "Меркурийдің қозғалысы", "Алмагесті баяндау", "Календарь және аспан сферасының қозғалысы жөнінде", "Астрология туралы" сиякты бірсыпыра еңбектер жазған. Насыреддин негізін салған Марага обсерваториясы және онда жүргізілген астрономиялық зерттеулер шығыс пен батыстың көптеген обсерваторияларына үлгі болды. Мәселен, атақты Ұлықбек обсерваториясында орындалған бірсыпыра көрнекті істер осы Марага обсерваториясында басталған көп жұмыстардың жалғасы болып табылады.



Евклид және Насыреддин. Насыреддин ең әуелі математик. Ол математика саласында ірі-ірі жаңалықтар ашып, жалпы математиканың дамуына орасан зор ықпал еткен ғалым. Насыреддин ежелгі грек математикасының Евклид, Архимед, Алполоний, Птоломей, Менелей сияқты ірі өкілдерінің негізгі еңбектерін араб тіліне жаңадан баяндап, оларға көлтеген сын-пікірлер айтқан, түбегейлі толықтырулар жасаған. Ол Ғаббас әл-Жауһари Сәбит ибн Қорра, әл-Хайсам, Омар Хайям және басқа да шығыс математикасы алыптарының математикалық мұраларын дамытып, алға апарушы оқымысты болып табылады. Насыреддиднің тыңнан жазған математикалық еңбектері өзінше біртөбе. Насыреддиннің "Евклидті баяндау" ("ТахрирУклдис")

100


деген еңбегі ежелгі Александрия математигі Евклидтің "Негіздер" деп аталатын әйгілі кітабын толықтырып өндеу негізінде жазылған. Бізге бұл еңбектің екі нұсқасы келіп жетті. Бұрынырақ жазылған бірінші редакциясы 15 кітаптан тұрады және евклидтің текстіне жақындау. Бұл еңбектің 13 кітаптан тұратын екінші редакциясында Евклидтің тексті бүтіндей жөндеуге алынады. Евклидтің "Негіздері" — математика тарихында өте көрнекті рөл атқарған күрделі еңбек. Алайда бұл шығарманың көп жерлерінде көптеген олқылықтар барлығын гректердід өздері-ақ байқаған болатын. Сондықтан мұсылман елдерінің математиктері Евклидің "Негіздерін" отыз рет қайта аударып, жөндеуге әрекет жасады.

Насыреддиннің Евклид еңбегіне жасаған түзетулерін бұл мақалада айтып шығу мүмкін емес. Сондықтан бірер мысалмен шектелуге тура келеді. Мәселен, "Евклидті баяндауды" бірінші кітабында Пифагор теоремасын дәлелдеудің 36 түрі келтіріледі, ал екінші вариантында тағы да 12 жаңа дәлелі беріледі. Геометрия тарихында Евклидтің бесінші постулаты немесе параллель түзулер туралы аксиома 2000 жыл бойы математиктер арасында үлкен таластар туғызып келеді. Бұл аксиоманың тұжырымы мынандай:

Егер бір түзу екі түзуді қиып өтіп, олармен қосындысы екі тік бұрыштан кем болатын тұтас ішкі бұрыштар жасайтын болса, онда ол екі түзу созған кезде міндетті түрде өзара қиылысады.

Өзі күрделі, әрі дұрыстығы жай көзге онша анық болмағандықтан, бұл аксиоманы көптеген математиктер аксиомалар қатарынан шығарып, теорема ретінде дәлелдеуге әрекеттенген. Насыреддин бұл мәселе жөнінде өзінен бұрынғы Ғаббас әл-Жауһари, әл-Хайсам, Омар Хайямдардың жұмыстарына сүйене отырып, бесінші постулаттың өзінше дәлелдерін келтіреді. Бұл туралы ол "Евклидті баяндаудың" екі нұсқасында да айырықша тоқталады. Оның үстінде ол арнайы "Параллель түзулер туралы күмәннан айықтыратын трактат" ("Ар-рисала аш-фашиййап ашшакк фил-хутут ал-мутавазийа") деп аталатын шығарма жазған.

Бұл трактатта және "Евклидті баяндаудың" бірінші редакциясында Насыреддин V постулатты дәлелдейді. "Евклидті баяндаудың" екінші редакциясында жоғарыдағы бір постулаттары V постулаттарға балама постулаттар болғандықтан V постулатты дәлелдеуге жарамды болмайды. Алайда дәлелдеу әрекеті үстінде Насыреддин бірнеше көрнекті жаңалықтар ашады. Мәселен, ол V постулат пен үшбұрыштың ішкі бұрыштарының

101


қиындысы екі тік бұрышқа тең болу фактісі арасындағы екі жақты тәуелділікті тағайындайды. "паш аксиомасы" деп аталатын геометриялық тұжырымды анықтап, ашық пайдаланады.

Насыреддиннің бұл саладағы көп идеялары Лобачевский геометриясы тарихында үлкен рөл атқарады. "Евклидті баяндаудың" екінші нұсқасы 1594 жылы Римде араб тіліндс, ал 1657 жылы латын тілінде басылып шығады. Бұл еңбек Еуропа математиктері Вадлис, Саккеридің зерттеулеріне негіз болады. Ал соңғылардың еңбектерінің Лобачевскийдің евклидтік емес тригоно-метрияны жасауына тікелей әсер еткені мәлім. Насыреддиннің көрнекті математикалык еңбектерінің бірі — "Толык төрт бұрыш туралы трактат" деп аталады. Бұл кітап 1260 жылы парсы тіліпде жазылын, артынан (сірә, Марага обсерваториясының мұқтаждығы үшін болу керек) іле араб тіліне автордың өзі аударады. Мұны Насыреддин "Қиюшылардан тұратын фигура туралы кітап" ("Китаб аш-шакл ал Кита") деп атаған. Бұл трактат 1891 жылы француз және араб тілдерінде басылып шығады. Ал 1952 жылы француз және араб тілдеріндегі нұсқалары бойынша ("Трактат о полном четырехстороннике" (Шаклу Гита) деген атпен Бакуде орыс тілінде жарық көрді. "Толық төртбүрыш туралы трактат" 5 кітаптан тұрады. Бірінші кітапта құранды қатынастар қарастырылады. Мұнда Насыреддин Омар Хайямның идеясын дамыта отырып, әрбір қатынасты санмен ауыстыру керектігі туралы тамаша тұжырым жасайды, яғни ол сан ұғымын бүтін нақты санға дейін кеңейту идеясын ұсынады. Екінші кітапта б.э. III ғасырда өмір сүрген грек математик Менелайдың жазық толық төртбұрыш туралы теоремасы дәлелденеді. Үшінші кітапта жазықтықтағы дөңгелек ішіндегі тригонометриялық қатынастар қарастырылады. Төртінші кітап Менелайдың сфералық толық төртбұрыш туралы теоремасына арналған.

Насыреддиннің бұл еңбегінің бесінші кітабы сфералық үшбұрыштары бұрыштары және қабырғалары бойынша классификациялауға және оларды шешуге арналған. Насыреддин "Доғаның косинусы", "Доғаның тангенсі", "Доғаның котангенсі", "Доғаның секансы", "Доғаның косекансы" үғымдарын енгізеді. Үшбұрыштарды шешу ол синус және тангенс теоремаларын дәлелдейді. Насыреддин алдымен бұл теоремаларды" Әбу-әл-Вафа, Әбу Насыр әл-Бируни бойынша дәлелдерін келтіріп, артынан өзінше өте жеңіл дәлелдеу жоддарын береді. Насыреддин математика тарихында бірінші болып полярлық үшбұрыш

102


ұғымын енгізеді және сол арқылы берілген үшбұрыш бойынша сфералық үшбұрышты шешу жолын көрсетеді. Ал Еуропа математиктері полярлық үшбұрьшпы XVII ғасырда ғана енгізді.

Қорыта келгенде, "Толық төрт бұрыш туралы трактат" тригонометрия тарихында ерекше мәні бар еңбек. Бұл үшбұрыштарды шешуді яғни тригонометрияны дербес ғылым ретінде қарастырған тұңгыш еңбек, бұған дейін тригонометрия жөніндегі мағлұматтар астрономия кітаптарына қосалқы материал ретінде беріліп келген. Мұнда негізгі ұғымдар мен қатынастардан бастап барлық типті есептерді шешу алгоритміне дейін тригонометрияның барлық системасы жүйелі де толық құрылған.

Насыреддиннің бұл еңбегі Еуроиада ертеден-ақ мәлім болып тригонометрияның дамуына үлкен ықпал жасайды. Соңғы кезге дейін тригонометрияны жасаушы деп айтылып келген неміс математигі Региомонтон 1533 жылы жарық көрген "Түрлі үшбұрыштар туралы бес кітабында" Насыреддиннен көп мағлұматтар алған.

Архимед және Насыреддин. Насыреддин ежелгі гректің данышпан математигі Архимедтің де бір сыпыра еңбектеріне түсініктеме жазып, талдауга тырысқан. Алайда осы уакытқа дейін Насыреддиннің бұл еңбектері Еуропа елдері тілдінріне аударылмай келді, сондықтан да оларды тарихи математикалық тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік болмады.

Зерттеу көрсеткеніндей. Насыреддиннің Архимедтің әсіресе "Шар және цилиндр туралы" атты кітабына жазылған түсініктемелерінде математика тарихы үшін өте бағалы идеялар, әдістер мен фактілер бар екендігі айқындалып отыр.

Архимедтің "Шар және цилиндр туралы" деген шығармасы цилиндр, конус, шар және оның бөліктерінің беттері мен көлемдерін табуға арналған. Бұл мәселелерді Архимедтен бұрынғы грек математиктері (Евклид және басқалар) қарастырамыз деп келген болатын. Мұндағы негізгі қиындык — қисық сызықтың ұзындықтарын, қисық беттердің аудандарын салыстыру болды. Архимед бұл қиындықтарды өзінше төрт аксиома енгізу арқылы шешкен болатын. Ал Насыреддин Архимедтің бұл ойларына үзілді-кесілді қарсы шығып, бұл аксиомаларды Евклид геометриясының принциптері арқылы дәлелдеуге болады деген мәселе қойып, өзі дәлелдеп шығады. Математиканың даму барысы Насыреддиннің бұл әрекеттерін толық қуаттады, қазір жоғарғы геометрияда әлгі айтылкан аксиомалар қарастырылмайды.

103


Осы аксиомаларды дәлелдеу үшін Насыреддин алдымен мынадай бір түұырым енгізеді. Қисық сызықты өте кішкентай, кіші болғанда кішіліктің барып тұрған шегі, бұрыштары оте жақын, болғанда жақындықтың барып тұрған шегі, көп түзу сызықтардан тұратын басқа бір сызықпен ауыстыруға болады.

Осы тұжырымды пайдаланып, Архимед аксиомаларын дәлелдеу барысында Насыреддин қазіргі математикалық анализдегі шексіз аздар теориясының бастамасы болып табылатын бір — инфинитеземальдық әдісті негіздейді. Насыреддиннің бұл еңбегінде геометрияға қозғалысты қолдану жөнінде жаңа идеялар айтылған. Математикаға қозғалыста қолдануга Аристотель қарсы шыққаны мәлім. Алайда, Евклид және Архимед еңбектерінде аз-аздап геометрияға қозғалыс қолдана бастайды. Орта ғасырларда Аристотельдің пікірін Омар Хайям қолдайды, әл-Хайсам қозғалысты математикаға кеңінен пайдаланды. Насыреддин "Евклидті баяндауында" әл Хайсамның идеясын онан әрі дамытады. Біз зерттеген еңбегінде Насыреддин түзу сызық пен қисық сызықты жазықтық пен қисық бетті өзара салыстыру үшін қозғалысты қатыстыру керек екендігін атап айтады. Ол, мәселен, дөңгелектеу арқылы шеңберді түзу сызыкқа беттестіруге, ал конус пен цилиндр беттерін жазықтыққа беттестіруге болатынын, шарды жазықтыққа беттестіруге болмайтынын көрсетеді. Атап өтетін бір жайт, мұндай дөңгелектеу математика тарихында бірінші рет қолданылып отыр. Насыреддиннің қозғалысты математикада қолдану жөніндегі идеялары дамытылып, қазіргі жоғары математикада үлкен орын альш отыр.

Насыреддин ежелгі гректерден қалган кубты екі еселеу есебінің өзінше жаңа шешуін табады. Ол мұнда шеңбер мен гиперболаны пайдаланады.

Күрделі қатынастарды және корпустық қисықтарды шебер пайдалана отырып, Насыреддин куб теңдеудің шешуін зерттеуде көп ілгері кетеді. Мәселен, ол әл-Кухи есебі деп аталатын куб теңдеуге келтіретін есептің шешуін зерттеуде шар ішіндегі геометриялық шамалар арасындағы байланысты функция түрінде қарастырып, оның анықталу аймағын табады, оған кері функцияны да қарастырып, оның да анықталу аймағын табады. Қатынастар теңсіздігі арқылы бірсыпыра элементтер функцияның өзгеру синатын, максимумын, минимумын зерттейді. Бұл функцияларды Насыреддин шар ішіндегі күрделі геометриялық қатынастарды ашуға пайдаланады, солар арқылы Архимедтің теоремаларын толықтырады, жаңадан теоремалар ашады.

104

Фирдоуси Әбілқасымның - әлемдік тәлімі


Фирдоуси Хорасандағы Табахан мскені, қазіргі Фердоус қаласында дүниеге келген. Парсы - Тәжік ұлы ақыны. Қатардағы шаруа отбасында дүниеге келген. Білімді үйінде алып, парсы, араб тілін, тарихын терең білген. Фирдоуси - оның бүркеншік аты, мағынасы "жұмаққа" деген ұтымды аңғартады. Шығармаларын осы "жұмаққа" деген есіммен жазған. Ирандағы Сасани әулетіне тен тарихи Хроника жанрында жазылған "Патшалар кітабы" (Хватай наман) негізіндегі мәліметтерге сүйеніп, Фирдоусиге өз "Шаһнамасын" жазуға парсы ақыны Дакини кеңес береді. Дакини бастаған осы ұлы істі әрі қарай жалғастыруды Фирдоуси колға алады. Ол өзіне дейінгі жазба деректерге сүйеніп, әрі өз бетімен көне мифтік мағлұматтар мен эпостық аңыздарға, халық санасынан орын алған деректерді, шежірелерді сұрау салып ізденеді. Өзі жазған "Шахнамаға" Сасани әулетінің тарихи хроникасында жоқ Систан елі мен Рүстем жайлы зор аңыз жырларды тыңнан қосады. Рүстем образы кейіннен бүкіл әлем әдебиетіндегі ең таңдаулы ұнамды кейіпкер бейнесіне айналып кетті. Фирдоусидің "Шахнамасы" үш саладан тұрады.

1. Мифологиялық - бұл бөлім мифтік, космогониялық аңыздар мен зороастризм дінінің қасиетті кітабы "Авестадағы" кейбір деректерді қамтиды.

2. Ерлік, батырлық бөлімінде Систан батырлары мен Рүстемнің қаһармандық істері арнайы жырланады.

3. Тарихи бөлімінде Дари, Ескендір т.б. тарихи адамдар сөз етіледі. Осы саланың бәрінде иран, туран халқының басынан кешкен төрт мың жолдық тарихи оқиғалары тұтастай шығарма желісіне сіңірілген. Дастанда елу патшаның өмір тарихы суреттелгендіктен Фирдоуси шығармасының атын "Шаһнама" деп атаған. Шаһнаманың көлемі 110 мың өлең жолдан тұрады. Мұның ақын 35 жыл бойы жазған. Шығарманың көлемі орасан зор болсада, ол бастан аяқ он бір буынды муткариб өлшемімен жазылған.

"Шаһнама" Европаға XVIII ғасырда тарап зерттеле бастады. 1829 жылы Калькутта қаласында ағылшын оқымыстысы Т. Мокан 17 турлі қолжазба нұсқаға сүйеніп, "Шахнаманы" төрт том етіп бастырды. 1838-78 жылдар аралығында Француз ғалымы Ж. Молб Парижде 30 түрлі колжазбаға сүйеніп жарыққа шығарды. 1877-84 жылдары неміс ғалымы И. А. Вуллерс жариялады. XIX ғасырда "Шаһнаманың" бір бөлімін "Рүстем-Зорабаты" орыс ақыны В. А. Жуковский неміс тілінен орыс тіліне

105


аударьш бастырды. Фирдоусидің мың жылдық мерейтойына байланысты "Шаһнама, ХІІІ-ХІУ ғасырдағы қолжазбаның негізімен салыстырылып, 1960-71 жылдар аралығында 9 том болып жарияланды. "Шаһнаманың" олеңмен, қарасозбен жазылған нұсқалары Орта Азия мен қазақ елі арасына көп тараған. Қазак әдебиетінің классигі Абайдан бастап, кейінгі буын ақындардың (Ораз Молда, Майлықожа, Шәді, Төре, Тұрмағанбет т.б.) шығармаларында шығыстық сюжеттердің ену дәстүрі молынан кездеседі. Ораз Молда, 1856-70 ж. "Шахнаманың" көлемді үш аудармасын жасады. "Шаһнаманы" қазақ тіліне аударуда Тұрмағамбет Ізтілеуов зор еңбек сіңірді. Оның аудармасы үш бөлімнен: ("Жамшид-нама", "Рүстем-Дастаны", "Дарап-нама") және 40 мың өлең жолынан тұрады. Осылардың ішінен "Рүстем-Дастан" ғана алғаш рет 1961 жылы жарық көрді.
Низами Гәнжауи тағылымы - тәрбие тәлімі
Азербайжан ақыны әрі ойшылы Низами Гәнжауи 1141 жылдар шамасында туған. Еңбектерін парсы тілінде жазған. Өз заманы үшін едәуір білім алды. Жас кезінде лирикалық өлеңдер жазып көрді. 1173 жылы Алпақ атты қыпшақ қызына үйленіп, көп өлеңдерін соған арнағап. Низами Гәнжауидың негізгі шығармасы "Хомсе" ("Бес кітап"). Оған "Қүпия қазына" (1173-80), "Ләйлі мен Мәжнүн" (1188), "Жеті ару" (1197) және "Ескендірнама" (1203) атты бес дастаны кіреді. Лирикалық өлеңдер жинағының (динаваннын) жекеленген бөлімдері 6 қасида, 116 ғазел, 20 рубай сақтаған. Низами дастандары композициялық құрылысы, сюжет тартымдылығы көркем тілі, биік гумманистік идеясымеи ерекшеленеді. "Құпия қазына" -дидактикалық-философиялық поэма. Ақын онда өкімет басшыларын әділ болуга, қарамағындағы халқына қамқорлык жасауға шақырады. Поэма діни сарында жазылғанымен негізінен гуманистік мақсатты көздейді. "Хүсрау мен Шырын" поэмасында Хүсрау Шаһхтың Шырын сұлуга деген махаббаты суреттелгел. Шығармада басты кейіпкер ретінде Шаһх емес, әйел бейнесі алынған. Автор Шырынды ғажайып қасиет иесі етіп көрсетеді Поэмада ерлік пен адамгершілік үлгісі ретінде Фарһад суреттелген, "Ләйлі-Мәжнүн" поэмасы екі араб аңызының сюжеті негізінде жазылған. "Жеті ару", Баһрам Гур шаһ жөніндегі аңызға негізделген. Поэма Баһрам Гурдің жеңіл, мінезді Шаһзададан біртіндеп ақылды да әділ патшага айналуы, жолсыздық пен

106


зұлымдыққа қарсы күресі суреттеледі. Автор халықтың ауыр тұрмысын, қайғылы халін көрсетумен бірге сарай маңындағылардың қорқаулығы мен зұлымдығын әшкерелейді. Соңғы поэма "Ескендірнама" деп аталады. Автор бұл поэмасын өз шығармашылығының қортындысы - деп санайды. Низами Гәнжу шығармашылығы кейінгі дәуірлерде, шығыстың көптеген ақын-жазушыларына елеулі әсер етті. XIII ғасырдан бастап Низами поэмаларына еліктеп жазылған ондаған шығарма пайда болды. Мысалы, оған Әмір Хүсрау Дехлеун, Ә. Науаи, Ә. Жәми Каши тағы басқалардың дастандарын жатқызуға болады. Низами шығармалары қазақ еліне көптен мәлім. Оның дастандары ерте кездің өзінде-ақ қазақ арасына ауызша және жазбаша түрінде кеңінен таралған. Низами Гәнжауи негізінде Абай "Ескендір" атты поэма жазып, ұлы ақынның идеяларын одан әрі дамыта түсті. Совет өкіметі жылдарында Низами шығармасы Қазақстанға кеңінен тарады. Оның "Ләйлі-Мәжнүн" дастаны қазақ елінде бірнеше кітап болын басылды. Ақын шығармасы жөнінде қазақ ғалымдары М. Әуезов, Е. Исмаилов, А. Нұрқатов т.б. мақалалар жазды.

Низамидің тәрбие тағылымдарында - халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен өз халкының тарихына, жазба әдебиеті мен ана тілі негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында поэма мен дастандарында -тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік - ақыл мен еңбектің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады. Жастар махаббатын жырлау арқылы адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің негізін салды.

Ғүлама Низами – адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді. Олар ең алдымен өз кездеріндегі ресми педагогикада - айнала ортадағы өзіндік болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оку үрдісінің көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты.

Орыстың ұлы ойшылы, сыншы, революцияшыл-демократ, революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушы В. Т. Белинский - өзінің 1829 жылы жазған "Ойлау" атты тәрбие жөніндегі шығармаларында: "Тәрбиенің әсерімен адам Сократтай терең ойлы, ізгі жан, Фирдоуси мен Низамидей тәрбиенің тегін терең түсінген - ғүлама, тәрбиенің күшімен "Ләйлі мен Мәжнүн" мен "Шаһнамадай" ұлы шығарма туғызған ірі тұлғалар туады

107

деп көрсеткен болатын. Сондай-ақ, Белинский бұл ғұламалардың тәрбие тағылымдарын талдай келіп, өмір тағдыры осы тәрбиеге тәуелді, тәрбие адамның бірінші мұраты деп, оның рөлін шетінен асыра бағалады. Мысалы, Низамидің лирикалық шығармалары ғасыр біткен сайын, дәуір өзгерген сайын жаңарып, үлгі ретінде қабылданып келген, кейінгі ғасырларда туған лирикалық поэмалар мен дастандар, "Қыз жібек пен Төлеген", "Қозы мен Баян" осы "Ләйлі мен Мәжнүн" негізінде жазылған. Бұл шығарма "Ләйлі мен Мәжнүн" бүкіл Орта Азия мен Қазақстанның Кавказ халықтарының төл туындысына айналып келген.



Низамидың қай шығармасын алсаңыз дене еңбегі, оныц ішінде еңбек тәрбиесі адамнан ажырамайтын, адамның күнделікті тіршілігінің негізгі борышы делінеді. Бүгінгі педагогикалық еңбек тәрбиесі туралы ой-жүйесі бостандықты, әйел теңдігін, езгіден құтылу, жеке адамның қолөнершілдігі, кәсіпкерлігі, ауылшаруашылық еңбегінің салалары, әр түрлі мамандықты меңгерудің қажеттілігі жатыр делінген. Олардың түсінігінше мамандық - жақсы тұрмыс, молшылықта өмір сүрудің, өзінің бостандығын да қорғай алады.

Низамидін "Ләйлі мен Мәжнүндегі" жеке адамдардың бас бостандығы, әсіресе әйел теңдігімен оның бостандығы, жастардың арасындағы арақатынастық пен махаббат тақырыбы – бүгінгі адамгершілік, ақыл-ой, еңбек пен еңбек тәрбиесінің басталуы – негізгі сілемі.

Низамидың тағылымдары, өзі өмір сүрген ортадағы ой-пікірін, бүгінгі тұрғыдан талдасақ, оның шығармаларындағы білім мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің өзегіндегі принцип-тәрбие мен білімнің халықтығы болуға тиіс. Халыққа деген сүйіспеншілік, бұл сүйіспеншілікті сол халықтың бағыттылығы жолындағы күреспен ажырамастай байланыстыру – ғұламалардың артына қалдырған негізгі педагогикалық идеясы еді. Олар бұл үшін өз халқының өмірінен алшақ кетпей алдыңғы қатарлы мәдени қазынаны халық бұқарасының рухани өмірінен азық етуді, сол жолда өмір бойы адал қызмет етуді қатты талап етті. Низами тағылымдарын сұрыптайтын болсақ: өз жерімізден, өз айналамыздан дәуіріміздің алдымызға қойған сұрақтарын сұрыптап алып, сол сұрақтарға қанағаттанарлық толық жауап беру біздің басты міндетіміз - деген тұжырым жасауға болады.

Фирдоуси мен Низами мұраларын ғасырдан ғасырға дейін жалғастырып, біздің дәуірімізге дейін алып келген Жүсіп Баласағүн,

108

Ахмед Яссауи, Әлішер Науаи, Омар Хайям, Әл Бозажани, Әл Бируни, Әт Туси, Мақтымқүлы, Әбу Бәкір Ән Наршаһ т. б. болды.



Қазақ жеріне таратқан, тұңғыш таныстырған Абай мен Абай мұрасын зерттеушілер болды. Мұхтар Әуезов 1926 жылы жазған "Қаракөз" пьесасын - "Ләйлі Мәжнүн" негізінде жазған. Демек, Фирдоуси мен Низами туындыла-рының ауқымы кең – бұлар Кавказ бен Азиядан басталып бүкіл Қиыр Шығыс елдерін қамтыған мол мұра.
Қожа Ахмет Иассауидің әлеуметтік

және ағартушылық ой-пікірлері
Қожа Ахмет Иассауи (XII ғ.) – мұсылман әлеміндегі ғүлама ойшылдардың бірі, ақын, ағартушы философ. Түркістанда Иассауидің құрметше Ақсақ Темір салдырған кесене бар. Оны түркілер: "Орта Азия көшпелі тайпаларының ұлттық әулиесі", "Түркістандық Мүхаммет" (Меккеде - Мұхаммет, Түркістанда - Қожа Ахмет) деп атаған.

Иассауидің өмірі мен шығармашылығы ҮІІІ-ХШ ғ.ғ. аралығында "Мұсылмандық Ренессанстың шағылған сәулесі" (Н.Конрад) деп аталған ерекше кезеңде өтті. Үнді – Иран және Орталық Азия әлемінде бұл көрсетілген кезеңде әдебиет пен ғылымның, мәдениет пен өнердің, философиялық ой-пікірдің дамуына тікелей әсер еткен ақыл-ой төңкерісі болды. Мұсылмандық Ренессанс атақты ақын, ғалым, философ, ойшыл Рудаки, Әл-Фараби, Фирдоуси, Ибн Сина, Баласағүн, Омар Хайям, Махмүт Қашқари, Ахмет Югнеки сияқты даналар тобын берді.

Аталғандар ішінде Иассауидің алатын орны айрықша. Иассауи дүние-танымы жағынан сопылық бағытта. Ибрагим шейхтың баласы Ахмет Испиджаб (Сайрам) қаласында (1103 жылы) туған. Жеті жасында әкесінен айырылған Иассауиді данышпан ұстаз Арыстан баб қолына алып, оған діни тәрбие береді. Арыстан баб дүниеден өткен соң, ол Бұқараға барып Жүсіп Хамаданидің мүриді болады. Осымен оның білім алуы тамамдалып, сопылықтың "ақиқатты тану жолына" үйрету хүқына рүқсат - "иршад" алып Ясы қаласына келеді. Ханака ашып, жанына көптеген шәкірттер (мүрид) жинайды. Өмірінің соңына дейін (1228 ж) осы қалада болады.

Иассауидің шығармашылық қызметі Қараханидтер билігі тұсында өтті. Бұл кезеңде ұлы мемлекет Араб халифатының күш

109

қуаты біртіндеп әлсірей бастады. Иран және Орталык Азия эмираттары мен сұлтандықтарында халифаттың куйреуімен бір мезгілде өкімет нығая түседі. Қазақстанның өңтүстігінде өмірдің барлық саласында феодализм және феодалдық қоғамдық қатынастар қанат жая бастады. Қағанаттың әлеуметтік жағынан ыдырауы қалың бұқараға ауыр тиді, алым-салықтың түрі де көбейді. Еңбекші бұқараны қанаудың күшейген кезеңінде мәдениет біршама тоқырауға түсті. Осы уақытта әр түрлі ағымдар өріс алды, соның бірі - сопылық болды. Иассауи ілімі туған кездің әлеуметтік-тарихи жағдайы қысқаша осындай.



Иассауидің жан-жақты тану, онан жүйелі түрде үйрену, онымен пікір таластыру және сұхбаттасу, оның философиялық-этикалық ілімін одан әрі дамыту, жастарды оның гуманистік іліміне баулу, оны бүкіл Шығыс мәдениеті шеңберінде ұлы ойшыл ретінде зерттеу - бұл ғұлама атамыз Қожа Ахмет Иассауидің әлемдік философия классигі, тұлғасы, оның еңбектерінің бүкіл адамзат мәдениетінің рухани санасына қосқан үлесі екенін білдіреді. Сондықтан бұл "әулие" ойшыл-бүкіл түркі әлемінің, оның ішінде қазақ философиясының аса көрнекті өкілі. Иассауитану-қазақтанудың болашағы зор саласы.

Адам проблемасы, адамның дүниеге қатынасының жалпы формалары - бұрынғы және қазіргі философияның зерттеу объектісі, оның болмысы мен ойлауының таңғажайып сырлары, табиғаты мен мәні, өзін-өзі тануы, рухани тазаруы мен жетілуі, санасының формалары мен деңгейлері барлық заманда ғүлама философ-ойшылдарды қатты толғандырған. Оның ағартушылық, білімді дәріптеу, уйрену, оқу, имандылық тағылым туралы ойлары мұнымен қабаттас келеді. Адамның практикалык іс-әрекетінің өзі адамгершілік, имандылық деңгейімен бағаланады, оның ішкі дүниесінің негізгі формалары болып махаббат, үміт және сенім есептелінеді. Имандылық халықтың бай рухани қазынасымен тығыз байланысты, әрбір адам осы рухани байлықты жүйелі түрде терең меңгеруі қажет. Осы орайда Иассауидің адам және оның имандылығы, адамгершілігі туралы ілімнің маңызы өте зор. Әрбір адамның ары таза болса, онда оның ісі де нәтижелі, ұлттық тарихымыз да таза болады. Ендеше, бұл дүниедегі негізгі әлеуметтік-мәдени байлық-парасатты, іші мен сырты әсем, ылғи ойы мен ісі бірлікте болатын адам. Соның ішінде адамның өзін-өзі тануы - ең қиын мәселе. Данышпан Абай атамыз айтқандай "Адам бол!" атты гуманистік идеясы, сонау Иассауиден

110

Халқымыздың бойына сіңген өзіндік философиясында тән. Осы, идея оқуда, білімде кең өріс алуы тиіс.



Иассауидің басты еңбегі "Диуани хикмет" ("Ақыл кітабы") рухани және гуманистік бағытта жазылған. Иассауи хикметтерінің жеке өз басының түркілерге кеңінен танымал болу себебі - ол ұстамдылыққа және өзін-өзі жетілдіруге шақыратын құнды этикалық идеялар көтерді. "Қапалы жанды көрсең, бол оның сен емшісі", "Мен мойынсұнбайтындардың белгісін табуға тырыстым", "Еліктесең - пайғамбарға (елікте), жетімдерді ұмытпа" т.б.

Оның мейірімділігі, әділеттілігі, өткір ойлығы, қарапайым қалың бұқараның ханының шындығын түсінбек ынтасы, өзін басқалармен тең ұстаған, көкіректігі жоқ, ақ пейілі Иассауи даңқын әлемгс былайша таратты:

"Мен сопымын" - мақтанасың жер-жерде

Бірак оның биігіне шыға алдың ба?

Сопымысың? Қолың неге жетіп ед?

Шын жиналған көз жасы жоқ жүзінде

Халқының кайғы-касіретін Ахмет Иассауи өз басының мұңындай етіп былайша жырлайды:

Біздін жұртта бұрынғы жомарттық жоқ,

Жақсы мен жайсандардан із қалмады.

Құдай да дәуріш қалпын қабылдамай,

Ел басына нәубет өмір орнады.

Оның хикметтерін қарапайым халық жаттап алып, қалада да, далада да ауызша таратты. Көшпелілер "Диуани хикметі" Құранмен тең санады: Иассауи - тірі кезінің өзінде әулие дәрежесіне көтерілген ғұлама адам.

Қазіргі жаңаша ойлау тұрғысынан әулие, әулиелік-сопылық тарихының бір тармағы ретінде қарастырылуы керек -адамдардың барлығы жетуге, оған талпынуга тиіс әлдебір биік тұлғалық арман. Әулие - өзін-өзі жетілдіру үшін көп еңбек ететін адам. Аксет жолымен, ізгі-істер жасай жүріп, ол өзінің ішкі дүниесінің өзегі - жанын ашып алып, келеусіз касиеттерінен арылады, сөйтіп, жан дүниесі тазарады. Әулие өмір бойы адамдарға қызмет ету мен сол жолда өзін-өзі құрбан ету ерлігін көрсетеді. Әулие: "Адамның өмірдегі мақсаты өзін-өзі тануы мен санасын шексіз дамыту", - деп есептейді. Ал, адамның даму үшін қажетті шарт - махаббат болып табылады. Махаббат – Алланың нұры, яғни алланың нұры жауғандарға ғана махаббат сезімі орнайды, ондай адамдар дүниені тану мен өзгертуге, өмірге өте

111


құштар болады. Қазір ғылыми түрде дәлелденіп отырғаныңдай, сәби жүрек жылуымен тезірек өседі, жетіледі екен. Сондықтан әулиенің ең негізгі қасиеті - адамдарға шексіз махаббат сыйлауы. Бейтараптық немесе адамның айтқанына көнушілік мағынасындағы махаббат емес, бәріне кешіріммен қарау және төзімділікпен өз тағдыры мен бақыты үшін күрес мағынасындағы махаббат. Иассауи бізге әмбебап махаббат сыйлайды. Үйлесімділік пен махаббат идеясы сопылыққа тән, бирақ кейін - уақыт өте келе ол өз маңызын жоғалтып алды. Иассауи сияқты ғүлама әулиенің тарихтың бір кезеңінде болғанын тереңірек тану - қазіргі қоғамдық сананы тезірек өзгертуге, өзіндік ұлттық сананы оятуга және қалыптастыруға жақсы көмектеседі.

Құдайға шынайы сену және оны тану арқылы адамның өзін-өзі тануы - ортағасырлық мәдениеттің басты идеясы болды. Ол кезде нағыз ақиқат боп есептелетін құдайға жүрегімен сенушілік ортағасырлық адамдардың дүниетанымын, философиялық, этикалық, эстетика-ағартушылық нормалары мен әлем туралы ғылыми түсініктер жүйесін қалыптастырады. Шығыстың сопылық ағымында құдайға сенушілік адам мен әлемді танудың сыртқы, символдық формасы ретінде көрінеді. Сопылық философия, поэзия, әдебиеттілі, аллегорияларға, екіұштылық емеурінге толы астарға бай болып келеді. Ойлаудың бұл тәсілі ойшылдардың алдыңғы қатарлы ойлары мен дүниетанымын бүркемелеп түрды, ортодокс мұсылмандардың қудалауына жол бермеді. Осы дәуірдің көптеген Шығыс ойшылдарына (Руми, Хафиз т.б.) тән ойлаудың осындай тәсілін символдық рационализм деп атауға да болады. Астарлы ойды шебер қодданудың жарқын көрінісін Иассауи шығармашылығынан анық көреміз.

Иассауидің шығармашылық мұрасы арқылы сөздерді тануы екенін түсінеді. Сопылықтың ақиқатты тану мүмкіңдігі (Упанишад, Гегель, Соловьев, Ауробиндо) және казіргі философиялық атропологиясының қағидаларымен сәйкестігін байқаймыз.

Соңғылардың ой-пікірлеріне назар аударалық. Адам болмысы мен оның әлсеге қатынасының жалпы негізі - өзін-өзі тану, рефлексия болып табылады. Адамның әлемде алатын орны анықтальш, адам санасы шексіз мүмкіндікке ие болып, түрлі жүйе шекарасына белсенді өту қабілеті, менің ішкі жан-дүнимді бүкіл әлемге таныстырумен белгіленеді. Адамды алып тастап яғни әлемді адамсыз зерттеу - толық болмаған болар еді. Жалпы және бүтін біртұтас етіп қарап "Әлем мен адам арасындағы қайшылықты қатынасты шешу арқылы біздің дәуіріміздегі

112

дағдарыстардан соның ішіндегі экологиялық күйзелістен қүтылуға мүмкіндік аламыз.



Иассауи философиясы мен мәдениеттануындағы басты тақырыптың бірі - мәдени кеңістіктердің тығыз байланысы, дүниенің үйлесімділігіне, құдай мен адам бірлігіне жеткізетін уақыт пен кеңістіктің, ғарыш пен адамның, макрокосм мен микрокосмның бір тұтастығы.

"Диуани хикмет" және "Рисала" еңбектерінде Иассауи өз ілімінің негізгі методологиялық принциптерін айқындайды. Негізгі принциптердің қатарына Ақиқатқа, Абсолютке, рухани жаңғыруға жеткізетін жолдарды іздеу жатады. Осы мақсатқа сәйкес адам мынадай сатылардан өтуге тиіс: шариғаттан, тарихаттан, мағрипаттан, хақиқат. Әрбір сатының өз тұрағы бар. Ол туралы Иассауи былай деген:

Өтті ғүмырым шариғатқа жете алмадым,

Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.

Ақиқатсыз мағрипатқа бата алмадым,

Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар.

Ол тағы бір жерде:

Шариғаттың шапанын кимейінше,

Тарихаттың парағына мінбейінше.

Ой әлеміне беріліп батпайынша,

Хақиқаттың майданына кіріп болмас.

(Иассауи Қ.А. Диуани хикмет. - А. 1993. 67 б.)

Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.

Бірінші кезең (шариғат) сопылыққа жатпайды, ол бүкіл исламға жатады. Сонымен қатар өзіндік танымның келесі сатысына көтерілу кез-келген адамның міндеті. Бұл жерде мұсылмандықтың бес парызын (Аллаға сену, бес уақыт намаз, ораза, қажылық, зекет беру) орындау керек.

Екінші кезеңде - тарихат ("жол") - адамның моральдық-психологиялық өзін-өзі жетілдіруі жүзеге аса бастайды. Бұл кезеңде адам үшін әрбір тұрақтың зор мағынасы бар және олардан өтпейінше үлкен өзіндік таным жолына түсу мүмкін емес. Тарихат сатысы мынадай сегіз жүйеден тұрады: Тәубашылдық, Ғибадатшылдық, Махаббат, Сабырлылық, Шүкірлік, Ризашылдық, (анықтық), Ғаріптік.

Осы жерде біз тәуба ұғымына зер салғанымыз жөн. Өйткені, Иассауи шығармашылығында тәуба негізгі тәрбиелік-философиялық ұғьш. Тәуба жолдың басы, кез-келген құбылыстың өлшемі, ол шариғатқа деген жеңіл-желпі сезімнен арылып,

113

шынайы өзіндік жаңғыруға бетбұрыс жасау болып табылады. Тәубашылдық – адамның ішкі жан дүниесінде болып жататын құбылыстардың және өзгерістердің негізі. Иассауи былай дейді:



Тәуба қылып хақты тапқан ғашықтарға.

Ұжмақ ішінде төрт арықша шәрбәті бар.

Тәуба қылмай хақтан тайған ғапылдарға,

Тар лахатта қатты азап, қасіреті бар.

Тәуба коп жағдайда этикалық-педагогикалық мәндс қолданылады. Барға қанағат дегендей тәуба философиясы халқымыздың мінез-кұлқына әбден сіңген. Қазак халқы -тәубасы бар дана халық. Сондықтан, философия-ның халықтық формасын, қазақ философиясын, жалпы алғанда, түркі тектес халықтардың дүниетанымын зерттегенде тәуба философиясына, жағымды да, жағымсыз да, жақтарына зер салган жөн.

Барлық сатылардан сопы ақырында хақиқатқа келіп жетеді, яғни бұл кезеңді Иассауи "нақты, шынайы болмыс" деп атаған. Бұл кезеңде тұлға адамның өмірінің уақытша, өтпелі екенін түсініп, тек қана абсолюттік ақиқат әлемінде ғана мәңгілікке қол жеткізудің жолы – құдайлық мәннің қыр-сырын түсінуте тырысу екенін пайымдайды.

Иассауидің дүниетанымы бойынша абсолютты ақиқатты тануға ұмтылған адам селқос қана өмір сүретін "құдайдың құлы" емес, ол керісінше, белсенді түрде танымның әрбір сатысынан ізденіс, талпыныс арқылы өтетін өмірге өте құштар адам. Ол әрдайым жетілген тұлға деңгейінде көтерілуге тырысады. Біздер тарихи сабақтастық тұрғыдан қарасақ, Абай шығармашылығына Иассауидің сопылық және этикалық идеялары әсер еткен. Иассауиға Әл-Фарабидің шығармашылығы негіз болған. Абай кезінде көптеген Шығыс халқының кемеңгер-ойшылдарының (Физули, Шамси, Сейхали, Науаи, Саади, Фирдоуси, Қожа, Хафиз) шығармашылықтармен жақсы таныс болған. Олар Абайға гұлама ойшыл-ақын болуға көмектесті. Иассауи рухани мұрасының әсері Абай еңбектерінен анық сезіледі. Соған қарағанда жоғарыда аты аталған ақындардың сопы-ойшылдардың замандасы болған Қожа Ахмет Иассауидің Абай әлеміне қосқан өзіндік үлесі бар. Оны ақынның 38-ші қара сөзінен байқаймыз. Балаларды оқытып-үйретуде зорлық-зомбылықты неғізгі қару ететін дүмше молдаларды сынай отырып, ол былай деген: "Олардың адамшылығының кәмелет таппағаны – қиынның қиыны. Себебі, Алла тағала өзі - ақиқат жолы. Ақиқат пен растық -

114


қиянаттын дұшпаны". "Әркім өзінің сенімінде құтқарушыны көруі тиіс", "Біздің ата-бабаларымыз айтып өткен - Алла тағала біреу және ол барлық жерде деген сөз дұрыс деуге болады". "Дінге деген сенім адамды Аллаға жақындата түседі, сондықтан ол адалдыққа, әділдікке, мейірімділікке ұмтылады", "Сопы Алаяр айтқандай, бәрінен дс ең жоғары тұратын бір ерекше Ақиқат болады". Осындай тарихи үндестік, сарындас идеялар Абай шығармашылығында жиі кездеседі. Бүған Абай тәрбие тағылымын тағзым етеді.

"Диуани хикмет" - бастан-аяқ ақыл-өсиет, үлгі-өнеге айтуға құрылған қасиетті кітап. Бұндай дәстүрді біздің әдебиетімізде XX ғасырдың басында өмір сүрген Кердері Әбубәкір, Наурызбай Хазірет, Омар Қараин жалғастырады.

Жоғарыда аталған Иассауидің "Жетілген адам" туралы философиялық концепциясына тереңірек тоқтала кететін болсақ, онда оның адам туралы ілімі қазіргі кездс азаматтық қоғамның негізгі мақсаты "Әмбебап немесе біртұтас адамды" калыптастыру деген. Бәрімізге белгілі, ежелгі дүниеден бері адамды ғарышпен, әлеммен тығыз байланысты қарастыру дәстүрі бар. Ал "жетілғен адам" дегеніміз - микрокосм мен макрокосм. Микрокосм - бұл жетілген адамның сыртқы формасы, ал макрокосм - оның ішкі нақтылығы. Адам – бұл кіші әлем, ол үлкен әлемнің кіші үлгісі. Міне, сопылық ілім дегеніміз осы. Бұл бір жағынан тәрбие туралы ұғымды қалыптастырады.

Вахдат аль вуджуд теориясы сопылық философияның теориялық негізі. Бұл теорияға жүгінетін болсақ, шынайы болмыс мәндік жағынан алғанда біртұтас. Иассауидің пікірінше, "әлем", "ғарыш" және "кұдай" - бір-біріне сәйкес келетін пара-пар ұғымдар. Бұл ұғымдарды болмыстың бірлігі тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда ол бөлінбеген, бөлшектенбеген ақикат, ал егер оны көптүрлілік тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда оны бүкіл әлем аркылы түсіндіруге болады.

Сонымен "әлем" мен "құдай" – ақиқаттың екі құрамдас бөлігі немесе саласы сияқты, яғни екеуі де бір ғана мәннің шеңберіне топтасқан дүниелер деп танылған. Ал, жай адам өзінің сезім мүшелері арқылы немесе ақыл-парасатының күшімен бұл бірліктің мәніне жетуі мүмкін емес. Тек қана құдайлық мәнге жақындаған "хақ" (жаратушы құдай) пен "халықты" біріктіріп, махаббатқа ие болған жай ғана бұл бірлікті тануы мен түсінуі мүмкін. Ондай адамды "жетілген" немесе "әмбебап адам", яғни тұлға деп атайды

115


Жоғарыда айтқандарымызды қорытындылай келіп, Иассауи адамды әлемнің түп-тамыры етіп қарастырады. Ол адам, оның қоғам мен табиғаттағы орны мен ролін айқындауға шақырады. Бұл - Иассауидің әлеуметтік философиясы.

Казіргі философияда антрополоғиялық бетбұрыс болып отырғанда Иассауидің адам туралы ілімінің маңызы өте зор. Әсіресе, адамды әлеммен, ғарышпен бірлікте танып-білуге ұмтылу - біздер үшін болашағы зор талпыныс.

Өркениетті ірі ұлттар қоғамдық өмірдің белгілі бір салаларында айрықша орын алған. Мәселен, ағылшындар -экономикада, ежелгі гректер - эстетикада, римдіктер - заң саласында, еврей мен арабтар - дінде, фраңцуздар - әдебиетте, немістер - музыка мен философияда ерекше коріне білген. Ал, түркі тарихына назар аударатын болсақ, ол басынан аяғына дейін гуманизм мен парасаттылық үлгісімен сипатталған. Міне, сондықтан да болар Иассауи үшін де адамгершілік пен имандылық идеяларын іздеу, адамды жетілдірудің жолдарын табу негізгі мақсат болған. Қүдайды (яғни Ақиқатты) тануды негізінен этикалық акт деп атауға болады. Иассауидің қоғамдық-саяси жәнс елеуметтік дүниетанымының негізінде де этикалык, идеялар жатыр. Оның пікірінше, кез-келген саяси және қоғамдық қызмет имандылық әділеттілік, даналық, мейірімділік т.б. сияқты моральдық-адамгершілік принциптерге негізделуі тиіс. Иассауидің мораль мен сопылықты біртұтас етіп қарастыру идеясы парсы сопысы Фарид ад-дин Аттаридің (1220ж) "Сопылық - бұл адамгершіліктің бір түрі" деген қағидасымен сәйкес келіп тұр.

Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, тарихат - Ақиқатқа жсткізетін жол - бұл этикалык акттәрбие негізі - негізінен белгілі бір сапалық көрініс беретін іс-қимылдардың жиынтығын пайымдайды: Иассауи сопылық, төзімділік, аскеттік, махаббаттылық және т.б. идеясын паш етеді. Сопылық осысымен өзін исламға қарсы қойды. Әр түрлі діни әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді жәй түрде қошеметтеп отырушылық мұсылмандық қоғамдағы бұқара халықта моральдық тазалықтың өлшемін іздеушілікті туындатты. Міне, осы жағдайда ресми діннің кейбір қағидаларынан гөрі халыққа "ішикі наным мен жүрекке сенуге" негізделген сопылық бағьптың пайда болуы заңды нәрсе.

Иассауи аскетизмді адамдағы адамшылықты дамытудың, адамды жаман қасиеттерден арылтудың негізгі құралы етіп карастырады және ол өзінің әріптестерін аскетизмнің барлык ережелерін былайша орындап отыруға шақырады:

46

Махаббаттың дәмін татып, маржан бол



Аскетизм аясында күлге айнал да, көзің жұм

Иассауи этикасында махаббат категориясы үлкен танымдық рол атқарады, оны Ақиқатқа барар жолдағы ең жоғарғы сатылардың бірі деп қарастырады. Махаббат, Иассауидің пайымдауынша, әмбебаптық философиялық ұғым және бұл мәселені түсінуде о л Әл-Фараби, Ибн Сина сияқты ғұламаларға жақын тұрган және оны (одан әрі) дамытқан. Махаббат адамның әлемгс деген көпжақты қатынасының мөлшері анықтаушысы етіп көрсетілген. Сондықтан да болар Иассауи оз ілімін "махаббат діні"деп атайды және оны барынша дәлелдеуге тырысады.

Тарихи сабақтастық тұрғысынан алғанда Қожа Ахмет Иассауиге Әл-Фарабидің философиялық-этикалык. іліміиің біраз ықпалы болған. Бүган оның адам қүдаймен махаббат арқылы жақындаса алады деген қағидасы негіз болады. Әл-Фараби бүл туралы: (Бірінші себепте) сүюші, сонымен бірге, орі сүйікті, таң-тамаша қалатыны - бүл әрі сол таң-тамаша қалдыратын нәрсе болыи табылады. Ол - Бірінші Сүюші, Әрі Бірінші Сүйікті, (Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактатгар, - А. 1975).

Бүл салыстырмалы талдауымыздан мынандай корытынды жасаймыз: Шығыс мәдениетінле ежелден адамиың ішкі жан-дүішесін зерпеуге, оның психологиялық, қүлықтық, иманды-лық, онегелік, тәрбиелік, адамгершілік қасиетгерінс ерекзле назар аударған. Міне, сондықтан да болар адамды моральдық тазарту "тәуба", "қанағат" қүбылыстарыыың хапық дінінде негізгі мәндік күштер болып, қазіргі қазақ үлтын жоғары руханилыққа жетелейтін іргетас болып келе жатыр.

Адам болмысы мен санасы. опы қоғамдық талапқа сай таиу мен өзгерту, омірі мен өлімі, жаны мен тәнінің бірлігі, оның ішкі рухани дүниесі, иманлылығы, зерделілігі, парасаттылығы, адамгершілігі, адам мен табиғаттың іштей бірлігі, адамның өмірді өзінін, іс-әрекеті санасьш белсенді тазарту арқылы өзгергуі - Иассауидің философиялық-этикалық ілімінің өзегі. Сондықтан, біздің болашағымыз оның философиялық-этикалық идеяларын зерттеу және дамыту - біздер үшін өте қажет. Иассауидін. имандылық идеясы адамға, оның санасын тазартуға, парасаттылығына бағытталған.

Иассауи әлемі - өзіндік этикасы, эстетикасы, тәрбиелік өлемі мен тағылымы, дүниетанымы мен исламдық философиясы, адамның өзін-озі тану тәсілдері мен жолдары бар. Оның




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет