Педагогика


Қадырғали Жалайридің еңбек пен тәрбие



бет8/21
Дата22.03.2017
өлшемі12,35 Mb.
#12061
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Қадырғали Жалайридің еңбек пен тәрбие

тағылымдары (1530-1605)
Орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайри ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жете игеріп, Шығыстың. классикалық озат әдебиеті мен мәдениетін терең білген. Ол орта Азияның атақты ғалымдарымен теңдес білімдар адамның бірі. "Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөзге қанық көптеген кітаптар оқыған адаммын"-деп жазды ол "Жылнамалар жинағында". Бұл шежіре кітапта ол қазақ жері, оның қалалары т.б. сол кездегі адамдар

туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды. Ол әсіресе, сол кездегі қазіргі Жетісу жерін мекендеген адамдардың қант қызылшасының өнімін арттырып, бұл өңірді түгел баққан адамдар болған, бұлар нағыз еңбек адамдары деген мәліметтер келтірген. Бұл таза еңбектін, жемісі деген. Ол қол еңбегін пайдалы еңбек және халықтық еңбек деп екіге бөлген. Өзі өмір сүрген дәуірде қазақ хандарының алдына үлкен талап қойған. Хандар

халық қамын жесін. Халықтың тек мал бағумен бірге отырықшылықпен айналысып, егін егіп, астық өсіріп жер кәсібімен айналысуын уағыздаған. Халықтың бірлесіп еңбек етуін жақтаған. Ол өзінің шежіре кітабында жер атауларын анықтаған. Еңбектің түрлерін белгілеген.

Шежіре кітабында (термин ретінде) әрбір руға байланысты еңбектің түрлерін келтірген. Ол еңбек атаулары, халықтың салт-дәстүрін көрсеткен. Олар: адал еңбек, пайдалы еңбек, халықтық еңбек, көпшілік еңбек, бірлестік еқбек және т.б. Ол жастардың

137

халықтық еңбекпен айналысуын мақұл көрді. Ол туралы өлең жолдарын арнады.



Халқыңның қамын жесең, таза еңбек ет,

Дәстүрді үста, көксеген мұратқа жет.

Болашаққа апарар бірақ жол бар,

Білім, еңбек, тәрбие - ол парасат.

Автор "Жылнама" атты деген еңбегіңде Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы найман, қоңырат т.б. түркі ру-тайпаларын тарихын анықтап беріп, осы халықтардың дамуындағы тәрбиенің және еңбектің рөлін жоғары бағалады. Жастарды әке-шешелері үшін еңбек етуге шақырды, отбасы иесі жастар - деген тұжырым жасады.

Ол үлкендердің кішілерге, жастарға беретін тәрбиесін "үлкендер ұлағаттылығы" - деп атады. Жастарға тәрбиенің мәнін түсіндірді. Оны ақындық жырға қосты:

Жалындаған ұл өссін,

Тәрбиелі қыз өссін.

Екеуі де өсіп дамысын,

Қалыптассын жаңғырсын,

Бермесін жауға намысын.

Қадырғали жастарға арналған осы бір ғұламалық, ақындық шумағы оны ғалымның бүгінгі жастарға берген батасы, үстаздық үлгісі, артына қалдырған тәрбиелік нақылы деуге болады.

Ол өзінің, "Жами-ат-тауарих" атты еңбегінде еңбектің тәрбиелік мәніне зор баға беруі өте құнды айтылған пікір еді. Ол еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың жеке басының дамуын, оның денесінің жетілуін жақсартады. Өз түсінігі бойынша Қадырғали еңбек тек жастарды емес, материалдық байлыққа жеткізеді деді.

Қадырғалидың үйретуі бойынша, адамның жетілік қалыптасуы қоғамдық жағдайлардың ықпалымен, қоғамдағы еңбек бөлінісімен, жеке еңбек пен еңбек тәрбиесін уағаздаушылардың ықпалымен, тәрбие және еңбек тәрбиесі арқылы және адам табиғатында туысынан - дүниеге келумен бірге болатын қасиеттер арқылы қалыптасады. Осының ішінде адамның калыптасуында еңбек пен еңбек тәрбиесі шешуші рөл атқарады. Демек, Қадырғали ғалым философ ретінде адамның жетілуіне, оның дүниеге келумен бірге болатын, қажетті кейбір адамгершілік, еңбек салаларын, тәрбие салаларын, оны адамнын сапалық қасиеттерімен. тәрбиенің күшінен болады - деп мойындады.

138

Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың "Жами-ат-тарауих" яғни шежірелер жинағы" атты еңбегі қазақ халқының мәдениеті және рухани тарихында бірегей еңбек болып табылады. Атақты орыс ғалымы И. Н. Березин 1854 жылы Қазанда, Шығыс тарихшылары кітапханасы басылымдары, қатарында алғаш рет жарияға шығарған, қазақтың ұлы ғалымы Шоқан бірінші болып зерттеп, ғылыми бағасын берген.



Бұл тарихи еңбек өз заманындагы Ортаазиялық жазба дәстүрінде жазылган. Ол өзінің мағынасы мен желісі және құрылымы жағынан "Тауарих ғузида-и нусратааме" (XVI ғ), Әбілғазының "Түрік шежіресі" (XVII ғ) және басқада еңбектерге ұқсас.

Қадырғалидің "Шежірелер жинағын" мазмұны, құрылымы жағынан алып, қарағанда, шартты түрде үш бөлімге жіктеуге болады.

1. Ресей патшасы Борис Годуновқа арнау.

2. "Джами ат-тауарих" атты Рашид-ад-диннің еңбегі негізінде жазылған тарих.

3. Үрүсханнан Ораз-Мүхаммед сұлтанға дейінгі Шыңғыс әулеті ұрпақтарының шежіресі.

Қадырғали Жалайырдың еңбегінің негізгі желісі — Ораз - Мұхаммед. Онда сұлтан ұлының тарихы. Қадырғалидың шежіре жазудағы басты мақсатын да осы болуға тиісті.

Қадырғали Жалайырдың өзі туралы бірер сөз айтар болсақ, оның шыққан теп мен өмірбаяны жөніндегі деректі де осы шежіреден ала аламыз. Оның шыққан елі - Жалайыр. Жалпы Жалайыр тайпасының аты ежелгі тарихи еңбектерде өте жиі ұшырасады. Автор бұл жайтты өзі де қысқаша баяндай отырып, Шыңғыс хан заманынан бері қарай ата-бабасының шежіресін таратып береді.

Ал Қадырғали Жалайырдың Ораз-Мұхамедпен бірге Керман қаласына келгенге дейінгі өмір жолынан ешкімде ешқандай дерек, мәлімет жоқ. Қалай болған күнде де Қадырғали Тәуекел ханның ордасында жасынан қызметкер істеген болса керек. Өйткені Қадырғали ата-бабаларынан бері Ораз-Мұхаммед ханның әулетіне қызмет жасап келеміз деп нақты нұскап айтқан.

Ресей мемлекеті Сібір , Каспий өңірі, Қазақстан және не Орта Азия хандықтарын өзіне қарату үшін жымысқы саясат жүрпзіп келгені белгілі. Бұл ретте тікелей басқыншылық соғыстарымен қатар, туыстас хандықтардың өзара қырқысын өте кәнігілікпен ұтымды пайдаланды. Соның нәтижесінде Сібір,

139


Еділ бойы, Қазақстан және Орта Азия елдері орыс патшасына жем болды. Бұл біздің тарихымыздың ең бір трагедиялы тұстары.

Ресейдің экспансиялық әккі саясатының салдарынан талай хандардың отбасы, туған-туыстары мен ханзадалар Мәскеудің тұтқыны болды. Ресейге кіріптарлықка түскен мұндай тұтқындар мемлекет қызметіне жегілді, енші алып, жат елде жүріп жатты. Соның бірі - Ораз-Мұхаммед ханзада. Оны тұтқындап Мәскеуге алып келген соң, көп ұзамай Керман қаласына хан етіп отырғызады. Керман-Ресей құрамында "Қасымов' аталатын орталығы еді. Осы жерде Ораз-Мұхаммедпен бірге бірнеше билердің де қызметі басталды. Солардың ішінде ең көрнектісі Қадырғали Жалайыр болатын. Оның өте білімді адам болғаны бізге келіп жеткен еңбегінен-ақ көрініп тұр.

Жалайырдың көне түркі, араб, парсы тарихы мен тілдерін жетік білгендігі осы "Шежірелер жинағын" зерттеп оқыған адамға айқын байқалады.

Енді Ораз-Мұхаммед ханның өмір жолына қысқаша тоқталып өтейік. Ол атақты Тәуекел ханның (1586-98) інісі Ондан сұлтанның баласы еді. Ал оның аталары Ұрұс хан, Барақ хан, Жәнібек хан, Шығай хандар Алтын Орда, Ақ Орда және қазақ хандығындағы белгілі тарихи тұлғалар.

Нақты мәліметтерге қарағанда, Ораз-Мұхаммед 1588 жылы 16 жасында тұтқынға түскен. Ол кезде жоғарыда айтқанымыздай, Орыс мемлекеті Сібірді толық иелену үшін Көшім ханмен қатты қақтығысып жатқан болатын. Ораз-Мұхаммед өз нөкерлерімен Тобыл қаласына жақын маңдағы жаздың жұпар исі аңқыған көк майсады далада ит жүгіртіп, құс салып, аң аулап сатятшылық құрып жүрген болатын. Воевода Данил Чулков олардың тегін адамдар еместігін біліп, қалай да қолға түсірудің қам-қаракетін жасайды. Арам ойлы Д. Чулков Ораз-Мұхаммедті алдап, нөкерлерімен бірге арнайы қонаққа шақырып, қапыда қолға түсіреді де тұтқындап Мәскеуге жібереді.

Енді ғана ат жалын тартып мінген 16 жастағы ханзада Ораз-Мұхаммедтің қызықты балалық шағы осымен үзілді. Ата мекендегі шат өмір бақытты күндермен қош айтысып, туған елінің мәңгілікке кететінін бозбала ханзада ол кезде білген де жоқ еді. Діні бөлек, тілі басқа, әдет-ғұрып жат жұртта оның аса ауыр да сағынышы мен қиыншылығы көп жаңа өмірі күтпеген жерде басталып кетті.

Ол кезде Ресейде патша Иван Грозныйдың баласы Федор Иванович болатын. Қазақ ханы Тәуекелдің бауырын қолда ұстау

140


орыс патшасы үшін өте тиімді болды. Келешекте әлде қалай күн туа қалгандай болса, мұны алдыға тартып қазақ ханын айтқанына кондіруге болады.

Белгілі қолбасшы, батыр Ондан сұлтанның баласы Ораз-Мүхаммедте аталарына тартқан нағыз жауынгер еді. Құралайды көзге ататын мерген әрі жауынгерлік дайындығы жақсы жігіт еді. Ресей басшыларына оның бұл қасиеті қатты ұнайды. Сөйтіп, Мәскеуде алғашқы күннен бастап-ақ осылайша оның әскери қызметі басталып кетеді. Әскери қызмет болғаи соң нар тәуекелге бел байлайды, өміріне де талай қауып-қатер төнеді. Алайда талай-талай ауыр ұрыстардан Ораз-Мұхаммед жеңіспен оралып отырады. Мысалы, 1591 жылы ол Федор Иванович патшамен бірге Ресейдің әскери дайындығы жоғары полкы құрамында шведтерге қарсы жорыққа аттанады. Ям, Ивангород сияқты мықты бекіністерді алу кезінде қаһармандық көрсеткені үшін патша өзіне жақын тарта бастайды. Енді бұдан былай Ресей әміршісінің әртүрлі жиналыстарына, бас қосуларына, сарайда өтетін салтанатты ойын-сауықтарға, Кремльде елшілерге берілген арнайы қонақ асыға шақырылатын болды. Оның Мәскеудегі атак-абыройы мен беделі тез артады, әскери дәрежесі воеводаға дейін өсірілді.

1598 жылы Федор Ивановичтің орнына таққа Борис Годунов отырды. Сол жылдың көктемінде Ораз-Мұхаммед Борис патшаның салтанатты әскери шеруіне қатысады. Көп ұзамай, 1600 жылы көктемде Борис патша Ораз-Мұхаммедті Мәскеудің жанындағы "Қасым патшалығына" хан етіп тағайындайды.

Ресей патшалығы құрамындағы Қыпшак хандарының әулеттері билеген "Касымовское царсгво" деп аталатын бұл князьдік Ока өзенінің бойында құрылған болатын.

Оның орталығы Керман қаласы еді. Қасым деп оның алғашқы ханының атымен аталған. Екі ғасырдан астам уақыт жасаған бұл патшалық 1681 жылы, яғни Бірінші Петр мемлекет басына келер алдында ғана таратылды. Себебі, бұл кезде Ресейдің Шығысқа байланысты жүргізген саясаты күшейе түскен еді де, "Қасымов патшалығы" арқылы жүргізілетін саясатқа енді Ресейдің зәрулігі бұрынғыдай болмады.

Кезінде Қазан хандығымен күрес мақсатында құрылған бұл хандықтың Ресей тарихында алатын орны ерекше. Касым патшалығында, ол өмір сүрген екі ғасыр ішінде 14 хан билік құрды. Солардың ішінде ең әйгілі хандар - Сайыпболат, Ораз-

141

Мұхаммед Онданұлы, т.б. Жалпы, бұлардан басқа қыпшақ хандары әулетінен шыққан белгілі сұлтандар мен батырларға да патша ерекше көңіл бөлді. Бұл - Ресей патшалығының алысты көздейтін аса нәзік саясаты. Себебі осындай төрелер мен батырларды қолда ұстау арқылы жауынгер түрік халықтарын патша қызметіне тарту негізгі мақсаты болатын.



Сонымен Борис Годунов патша 1600 жылы қазақ сұлтаны Ораз-Мұхаммедті патшалығына хан етіп тағайындап, таққа отырғызды. Бұл тарихи оқиғаның барлық салтанаты бүге-шегесіне дейін Қ. Жалайырдың өз кітабыңда (соңғы тарауда айтылады). Сондықтан біз оған тоқталмай-ақ, Ораз-Мұхаммедтің одан кейінгі тағдырына қысқаша болса да тоқталып өтейік.

Сөйтіп, қазақ сүлтаны Ораз-Мүхаммед Қасым патшалығын билеп тұрды. Әрине, патша болып тек әмірі мен үкімін жүргізіп, дүниенің рақатын көрген ештеңесі жоқ. "Жат елде сүлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол" дегендей, туған елі мен жерін аңсап, ақыр бір күн жетем деп сырты бүтін, іші түтін куйде жүріп жатты. Бұрынғыдай Ресей патшалығына қатысты мәселелерге қызу ат салысып жүрді. Мысалы, 1601 жылы наурыз айыңда Борис Годунов пен бірге Мәскеуде поляк елшісін қабылдауға қатысса, екі айдан соң орыс әскерінің қолбасшыларымен Оңтүстікке аттанып, Қырым тарабындағы әскери күзет қызметінде болды. 1602 жылы Ораз-Мүхаммед Борис Годуновтың шақыруымен Мәскеуге келіп Дания тағының принці Иоганды қабылдауға қатысты. Осынау салтанатты қонақасыға және бір атақты жерлесіміз Петр Урусов (Едіге бидің ұрпағы) да шақырылған еді...

Жат елде жиырма екі жыл тұрып, оның 10 жылын Қасым патшалығын басқарған Ораз-Мұхаммед өз қарауындағы халқына аянбай қызмет етіп, көптеген тарихи оқигалардың куәсі болды.

Борис Годунов патша 1605 жылы өледі. Ресей елінің басына аласапыран кез туды. Тақтан дәмесі бар әртүрлі бақталастар пайда болды. Мемлекет басындағылар және олардың арқа сүйерлері өзі-өзімен қырқысып, алауыз болып жатқаңда Ресейдің алтын тағына Польша королі қол созды. Нағыз аласапыран енді басталады. Бұрынғы тақтан дәмесі барлардың көбі жалтактап жаңа патшаның көңілін табуға тырысты. Кейбір боярлар, әсіресе Ораз-Мұхаммед абырой-беделін көре алмай жүргендер және оған Борис Годуновтың ықыласын қызғанушыларға қазақ сұлтаныпан кек алатын уақыт жетті. Поляк королі Сегизмунд және оның айналасындағылар Ораз-Мүхаммедтің Ресейге

142

жасаған бұрынғы ерен қызметі мен жауынгерлік ерліктерін, адал қызметін біле тұра оған сезіктене, күдікпен қарай бастады. Сөйтіп, Ресей патшасына адал қызмет еткен абзал жанды өлтірудің жоспары мүқият жасалды. Мұндай арам пиғылды іске асырудың жолы-өзі батыр, талай қырғын шайқаста бойына оқ дарытпаған ержүрек қазақ сұлтаны Ораз-Мүхаммедті қапыда мерт қылмақшы болды. Сол үшін Лжедмитрий оны аң аулап саятшылық жасауға бірге алып шығады. Есіл ерді қапыда, қастандықпен өлтіріп, оның денесін Ока өзеніне тастайды. Бұл оқиға 1610 жылыдың қараша айында болған деседі. Ал, мұндай масқара оқиғаны ешкімге білдірмей, Ораз-Мүхаммед өлімін әртүрлі саққа жүгіртіп, өсек-аяң таратады. Жұрттың көбі бұған сенсе де сенбесе де іштен тынады. Себебі патшаға қарсы сөз айтуға қай заманда да ешкімнің батылы бармаған. Алайда Едіге бидің ұрпағы, асылдың тұяғы князь Петр Урусов шындықтың түбіне жетеді. Ол өзінің қандыкөйлек досы Ораз-Мүхаммедтің денесін өзен түбінен тауып альш арулап Қасымов қаласындагы хандар қорымына жерлейді.



Сондай-ақ Ораз-Мүхаммедті өлтірген Лжедмитрийдің басын қағып альш, кегін қайтарды, яғни Ресей тағын қоргап, орыс елінің шетелдік басқыншылардан құтылуына жол ашады. Қай заманда болса да Ресей елі аса жоғары қадірлейтін тарихи тұлғаның бірі осы П. Урусов болуға тиіс. Өкінішке қарай бұлай болмай келе жатыр. Тіпті, XVIII ғасырдың ақырында П. Урусовтың ұшқан ұясы ноғай елін патша өкіметі түгелге жуық қырып жібереді. Оған әйгілі қолбасшы А.В. Суворов та белсене қатысты.

Осылайша 38 жасында Ораз-Мұхаммед сынды сұлтан жат елде дүниеден өтті. Әуелі тұтқыны болды, кейін қастандықтың құрбанына айналды.

Ораз-Мұхаммед қазақ мемлекетті үшін аса қажет тұлға болатын. Ол Еуропа мен Ресей әскери өнерінің сол кездегі озық жетістіктерін білетін қазақ елінен шыққан бірден-бір аса білгір қолбасшы еді.

Енді Қадырғали бек Қасымұлы Жалайырдың "Шежірелер жинағына" тоқталайық. Қадырғали Қасымұлының еңбегі көшірмесінің бізге екі түрлі нұсқасы жетіп отыр. Әттең, түпнұсқа осы күнге дейін табылмай келе жатыр. Оның бірінші нұсқасы Петербург университетінің ғылыми кітапханасының шығыс бөлімінде сақтаулы. Осыдан 150 жыл бұрын И. Березин кітап етіп басып шығарған осы нұсқа. Бұл нұсқаның көлемі 157 бет.

143

Бұл көшірменің жазылған кезі 1641-1642 жылдар. Екінші нұсқасы Қазан университетінде сақтаулы (№ 5028, т. 40), 160 бет. Көшірменің дайындалған кезі 1732 жыл екен.



Жоғарыда айтқанымыздай, еңбектің кіріспе бөлімі Борис Федоровичке арналған. Екінші бөлімінде қазақ хандығының құрылғанға дейінгі тарихы қамтылған. Қ. Жалайыр кітабының алғашқы беттері жоғалып кеткендіктен, И. Березин бұл еңбекті Рашид-ад-диннің "Жами ат-тауарих" атты кітабының түрікше аудармасы деп санап, жаңа кітаптің атын да солай атаған болатын, оған автордың қойған атты әлі күнге дейін белгісіз больш отыр. Қадырғали өз заманының араб, иран тіліндегі талай тарихи кітаптарымен таныс болған. Әрине, қазақ хаядығына дейінгі тарихты жазу үшін Рашид-ад-дин еңбектерін аттап кету мүмкін емес. Сондықтан ол "Жами ат-тауарихты" пайдаланған және қысқа күйінде шежірелерді баяндаған Ал ешқашан оның аудармасын жазуды ойламаған. Егер ол "Жами ат-тауарихты" аударуды жоспарлаған болса, оның көлемі де бірнеше есе үлкен болып шығар еді

Осы жайларды ескере отырыпг біз бұл кітаптың атын И. Березинше "Жами-ат-тауарих" деп қоюға да "Жылнамалар жинағы" деп қоюға да болмайтынын ескеріп, "Шежірелер жинағы" деп атауды жөн көрдік. Шынында, Қадырғалидың бұл еңбегі бұрынғы тарих пен қазақ хандығының XVI ғасырдың аяғына дейінгі шежіресі.

Екінші бөлімде ертедегі түрік-монғол тайпаларының тарихын жан-жақты және қысқа көлемде баяндаған. Одан ары қарай шыңғыс хан аталары мен ұрпақтарын, яғни Ғазан ханға дейін (ІЗООж) жіктеген.

Қазақстан тарихы үшін аса маңызды бөлігі 3 -ші яғни бұрын-сонды ешқандай автордың еңбегінде жазылмаған тың тарихи мәліметтер берген соңғы бөлімі. Ол 9 дастаннан тұрады. Олардың сегізі Шыңғыс хан ұрпақтарының ішінде Қазақстан тарихына қатысы бар хандар-Ұрұсхан, Тоқтамыс, Темір-Қүтлық Үрысхан ұлы, Қажы-Керей, Қажы-Мүхаммед, Әбілхайыр, Жәдігер, Ораз-Мүхаммед және басқаларға арналса бір дастан Алтын Орда тарихындағы ірі тұлға Едіге биге арналады. Мұны алғашқы зерттеушілер түпнұсқа бөлім деп атаған болатын. Ал, осынау "түпнұсқа" бөлімге кіріспе Борис Федоровичке бағышталған тарауды да жатқызған еді. Кіріспенің өте түсінікті аса көркем тілмен жазылғандығы туралы Ш.Ш.Уәлиханов:

144

"Қадырғали Жалайыр кітабының негізгі өзегі автордың замандасы әрі шәкірті болған Ораз-Мүхаммедке арналғаи, ал қалған болімдерінде оның арғы аталары жөнінде қысқаша түсініктеме береді."



Қазақ хандығына дейінгі тарихи шежірелерді жазуға негізгі деректерді Рашид-ад-диннің "Жами ат-тауарих" кітабынан алған. Алайда, басқа деректерден алған материалдар туралы ешқандай сілтеме берілмеген. Әсіресе, қазақ хандары туралы айтылған бөлімдерде "Бұл туралы кезінде көп жазылған" әлде "айтылған" деген сөз тіркестері бар. Олардың қай жерде қалай айтылғаны туралы ешқандай сілтеме жоқ. Мысалы, Қасым хан туралы: "Оның жақсы хикаясы әр жерде айтылады, сондықтан мәшһур болды"- деп жазған. Темір -Құтлық, Едіге, т.б. туралы да осындай сілтемелер жасалады.

Дастанда айтылған тарихи оқиғаларға байыптан қарасақ, Қадырғали Жалайырдың қолында көптеген иран және түрік тілдеріндегі тарихи материалдардың болғаньш байқау қиын емес.

Қадырғали кітабында казақ халқының фольклоры, әсіресе әйгілі Едіге жыры кеңінен пайдаланылған. Автордыц Едіге мен Тоқтамыс туралы жазғаңдарында халқымыздың асыл мұраларының, жырларының тілі мен желісінің ізі бар. Қадырғали өзі туралы: "Дүниеде көп елдерде болдым, көп оқыдым",- деп жазғанына қарағанда, біз оның тек Қазақстан, Батыс Сібір мен Ресейде ғана болғанын білеміз. Осы уақытқа дейін басқа қай мемлекетте болды және қандай кітаптарды оқығаны, әрине бізге беймәлім.

Шыңғыс хан тарихын зерттеудегі Қадырғали еңбегінің үлкен маңызы туралы А. А. Ромаскевич Рашид-ад-дин еңбектері басылымының алғы сөзінде "при установлении чтения собственных имен Хулагуидских ханов очень много помог татарский текст сборника летописей изданный И.Н Березиным" - деп жазғап болатын.

Қадырғали кітабының деректемелік маңызы, әсіресе түпнұсқалық бөлімдерде ерекше бағаланды. Кіріспе бөлімде Борис Федоровичке арналған мадақтау түсінікті, себебі өздерінің жағдайы оған түгелдей тәуелді болды. Әрі ол кездегі кітап жазу дәстүрі де осындай болатын. Сондықтан ол орыс патшасыи "Жаһан ішінде дүниенің әр бұрышын кездім мен. Көп кітаптар оқып, көпті білдім мен. Әділдік және инсаптық хабарын да көрдім мен. Бұндай қымбат сихуат падишах көргенмін жоқ. Сенің қайырың таусылмас, қазьшаңда малың түгесілмес. Төрт тарапқа тарқатып берсең де еш кемімес. Кімде кім сенің шапағатына кезіксе,өлсе де өкінбес", - деп мадақтап, әлемде

145


соған тең келетін патша жоқ екенін өрнекті тілмен жеткізеді. Осылай Борис Федоровичті бүкіл христиан әлемінің патшасы деп көрсетсе, қазақтың сол кездегі Тәуекел ханын "бүкіл (ислам патшасы) мұсылман билеушісі" деп жазған. Осы арқылы сол дәуірдегі қазақ хандығы да тасы өрге домалап тұрған мемлекет екенін көрсетеді. Автор "Алаш мыңы үш сан" болса, "Қатаған қауымы екі сан" екенін айтады. Ол кездегі қазақ мемлекеті құрамында Ташкент уәлаяты, қарақалпақ пен қырғыз болған. Тіпті, Жалаңтөс батырдың өзі Самарқандта 1608-1656 жылдары бүкіл билік құрған. Қысқасын айтқанда, XVI ғасыр мен XVII ғасырдың бірінші жартысында Орта Азиядағы барлық саяси істер қазақ ханының араласуымен шешілген. Мысалы, Тәуекелден кейінгі қазақ елінің айбынды ханы Есім хан қырғыздарды Көкім би сияқты аса беделді ру басының көмегімен басқарған. Ал XVIII ғасырдың бірінші ширегінде Есім ханның немересі Тәуке хан қырғыздарды Тиес би арқылы басқарады.

Осылай Қадырғали Жалайыр кітабын алғашқы зерттеушілердің еңбектерін сараптай отырып Қазақстанның сол кездегі жағдайына көз жеткізе аламыз. Қытай мен Ресейдің, яғни екі айдаһардың ортасында тұрған қазақ елінің басына 1723 жылдан бастап ауыр күндер туғаны белгілі.

Ұрүс хан туралы бөлімде оның арғы атасы Шыңғыс ханнан бастап жалпылама айта келіп, яғни ұлы ханның төрт баласына 4 мыңнан әскер бөліп бергені жайында қысқаша баяндайды. Соның ішінде Жошы өзіне тиісті әскермен Дешті-Қыпшақта тұрғанын айтады. Оның барлық жері түгелдей Сайынхан деп аталатын, екінші ұлы Батуға етеді. Ол көп елді бағындырды: Ібір-Сібір. бүлғар, башқұрт, орыс, шеркес, неміс (поляк), Дешті-Қыпшақ, Темір қақпа бәрі соның әмірінде болды. Өзі Еділ бойында дүние салды. Ұрпақтан-ұрпаққа өткен Бату хан иелігі ақыры Тоқтай ханға тиді. Ол Ноқаймен жауласушы еді. Ноқай жеңіліп, башқұрттар еліне қашады, бірақ оны жолда орыстар ұстап алып, Тоқтайға алып келе жатқанда каза болады. Тоқтай ұрпақ қалдырмады. Сол кезде Тоқ-Бұға бек башқұрт әскер басы болатын, ұлысты сол биледі

Қият Исатай мен чичут Алатай Иран жеріне барып, Тағырылча ұлы Өзбекті алып келіп, хандыққа отырғызды, башқүрт Тоқ-Бұғаны өлтірді. Өзбек хан неше жылдар Еділ бойында патшалық құрды. Одан соң оның ұлы Жәнібек хан елу"жыл патшалық құрды. Жәнібек хан өлген соң қарауын-дағылары әржаққа бытырап кетті.

146

Жәнібек ханнан соң қият Исатайүлы Чиракутлы (Шархатлы) ұлысты түгел биледі. Оны Ұрүс хан келіп өлтірді. Барлық туыстары Ұрүсханды патшалыққа отырғызды. Ұрүсхан Алатау аймағында қоныс тепті. Одан ары қарай сол өңірдің қалалары туралы жазылды. Ұрүсхан көп жыл осы өлкеде патшалық құрды. Ақыры өз ұлысының солтүстігінде Қаштам деген жерде дүние салды.



Ұрүс хан өлген соң оның баласы Қүйыршақ сүлтан биледі, сол кезде Қашғар уәлаятымен жауласатын еді. Оны таққа отырғызған соң, Күйыршақ хан деп атайтын болды. Оның баласы - әйгілі Барақ. Әкесінен соң ол патша болып, ұлысты түгелдей өзі биледі. Оның жаужүрек, батыр қолбасшы болғандығы соншалық, көптеген жеңістермен тарихта аты қалды. Көрші ұлыстардың бәрін өзіне бағындырды. Ақыры Еділ-Жайық өңірінде Сарайшыққа жақын жерде Қазы Наурызбен шайқас кезінде қаза тапты. Оның баласын Кіші Жәнібек хан деп атады. Ол әкесінің ұлысын биледі. Оның балалары өте көп еді. Жұрттың айтуынша оның 30 ұлы және 40-қа жуық інілері болған. Алайда солардың ішінде әйгілілері, яғни тарихта аты қалғандары - Қасым хан мен Қамбар сұлтан бір анадан. Сондай-ақ Бауыш пен Бүйдаш бір анадан, тек Қожаш хан бір анадан жалғыз еді.

Ұрүс хан дастанының қысқаша мазмұны осындай Байыптап қарасак, осы дастан толық көшірілмеген сияқты, себебі үзіліп қалган жерлері көп. Мысалы, XIII ғасырға қатысты көп белгілі, яғни Бату ханнан кейінгі (1257ж) Берке (1257-1266), Мөңке-Темір (1266-1280 ж ж), Тұда-Мөңке (1280-1287) және Төле-Бұқа (1287-1290 ж ж) хандар туралы ештеңе айтылмаған, демек, айтылса да бізге жеткен көшірмеге түспей қалған.

Қадырғали шежіресінде Алтын Орданың ыдырауына байланысты аса қажетті деректер берілген. Қазак, хандығының құрылар кездегі алғы щарттарына қатысты, ягни Ұрүсхан мен оның ұрпақтарына байланысты өте құнды материалдар бар. Сондай-ақ кейбір авторлар Ұрұсханның мүрагерін Тоқтақия деп атайды. Ал біздің Қадырғали Жалайыр Құйыршақ хан деп көрсетеді. Жәнібек ұлысының ыдырауына қатысты да дерек келтірілген. Қолжазбаның осы тұсгары да жөнді көшірілмесс керек.

Қадырғали "Ұрүсхан дастаны тарауында": Жәнібек ханның уәлаятын Фетка Ноуакрат келіп бұзды. Сол аласапыран уақытга Үрүсхан өз әскерімен Алатауға кетті - деп жазған. Бұл жерде айтылған Фетка ешқандай тарихта белгісіз адам. Сондықтан көптеген тарихшылар оны анықтау керек деп мәселе көтеріп жүр.

147

Бұл жерде таңданатын ештеңе жоқ. Біріншіден, бұл сөйлемдер, кімнің кінәсі екені белгісіз (мүмкін кошіруші кінәлі) ешқандай негізсіз жазылған. Себебі, Ұрұсхан секілді тарихи тұлғаны әбігерге салатын орыс адамы болған болса, ол туралы талай зерттеулер жазылар еді. Екіншіден Ноуакрат-Новгород. Бұл жерде белгілі Новгород қаласы емес, Вятька қаласын сол ксзде осылай атаған. Кейбір Вятькадан шыққан қарақшылар Еділмен жүзіп келіп, Сарайшық маңындағы кейбір хандардың шаруашылықтарына тиісетін болған. Олар, әрине Алтын Ордадағы хандар қырқысып пайдаланған, яғни жеңілген ханныд қора-қопсысына тиіссе керек. Фетка Вятькадан шыққан сондай қарақшының бірі болса керек, ешқандай тарихи дерегі жоқ адам. Оның Ұрұсхан сияқты белгілі ханға айтарлық залал келтіруі мүмкін емес.



Тоқтамыс туралы дастанның мазмұны мынандай: Тоқтамыс Тойқожа ұланның ұлы еді. Еділ бойын биледі. Ол туралы коп жазылған және айтылған. Едіге Күшік Құтлықияұлы оның қарсыласы еді. Бірде олар келісе алмаған соң хан Едігені өлтірмекші болады. Ол Темір бекке қашып, бірнеше жылдан сод әскерімен келіп, Тоқтамыспен шайқасады. Тоқтамыс солтүстікке қашьш, көп күндер аш-жалаңаш жүреді.Тоқтамыс ешқашан көз ілмей, Етим батыр, Тубал батыр және Қожа арғын сияқты батырлар басқарған шолғыншыларын жіберіп отырады. Бір куні Едіге Күшіктің баласы Нураддин қосымша әскер ертіп келіп, Тоқтамыстың қолын талқандайды. Сонда Етим батыр және басқалары каза табады. Тоқтамыс өзі де осы шайкаста көз жұмады.

Тоқтамыстың тарихта аты қалған балалары мыналар: Жаладдин сұлтан, Күшік сұлтан, Жафарберді сұлтан. Қалымберді сұлтан және Қадырберді сұлтан.

Оның Жанике атты қызын Едіге би алды, Едіге Жәникені алғанда Қадырберді үш жаста еді. Анасы оны өлімнен құтқарып Қырымға қашырып жібереді.

Он бір жыл өткен Қадырберді хан Қырым әскерімен келіп Еділден өтіп Едігемен шайқасады. Ол Едігені ауыр жарақаттап, өлтіреді. Осы шайқаста жараланған Қадырберді хан да қаза болады.

Жоғарыда айтқанымыздай Қадырғали Жалайыр Тоқтамыс және оның балалары туралы шежірені баяндайды. Оның тек алты баласы туралы, яғни "тарихта аты қалғандары" туралы ғана мәлімет береді. Басқа деректерде Тоқтамыстың балаларының саны 13 екені айтылады.

148


Шежіреде сондай-ақ Қадырбердінің атынан айтылған халық жырларынан үзінді берілген. Қадырберді хан Едігемен соғысу үшін Еділ бойына келеді. Оның кенесшілері Еділден өтуді қыска қалдырайық, яғни өзен қатқан кезде өтейік деп ақыл береді. Сонда Қадырберді:

Еділ тоңса кім кошпес,

Едіге өлсе, кім бармас!

Еділ тоңбас бұрын,

Едіге өлмес бұрын...- дейді.

Бұл олең жолдары әртүрлі нұсқада Едіге туралы жырларда кездеседі. Міне осыныц бәрі Қ. Жалайырдың қазақ халқы жырларымен жақсы таныс болғанын дәлелдейді.

Одан әрі қарай Темір-Құтлы хап Темірбек Оғлан ұлы туралы дастан және Қажы Керей хан дастады, яғни шежірелері жазылған. Бұдан соң біздің тарихта аса маңызды Едіге би мен оның балалары туралы дастан жазылған. Қ. Жалайырдың бұл дастандары, яғни шежірелері тарихнамалық бағытпен жазылған аса құнды дүниелер. Ең соңында Ораз-Мұхаммед хан дастаны жазылған.

Қ. Жалайырдыд осынау "Шежірелер жинағында" үлкен екі бөлім - Оғыз хан ұрпақтары мен Шыңғыс хан ұрпақтарына арналған дастандар, яғни шежірелер берілген. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл бөлімдерді көптеген зерттеушілер Рашид-ад-диннің "Жами ат-тауарих'" атты кітабының түрікше аудармасы деп атайды. Шындығында олай емес. Қ. Жалайыр Рашид-ад-диннің еңбектерін пайдаланған, бірақ түгелдей аудармаған,тек қосымша мазмұндамасын берген. Ол сондай-ақ "Шыңғыснама" және басқа еңбектерді кеңінен пайдаланғаны туралы өзі де айтады.

Ал Оғыз хан туралы біздің замаңға жеткен еңбектерді екі топқа бөлеміз. Біріншісі-мұсылман дінінің әсері жоқ нұсқалар, бұларды кейде ұйғыр нұсқасы деп те атайды. Екіншісі-мұсылман дінідің әсері бар шығармалар. Олар негізінен Радшд-ад-дин, Ұлықбек, Қ. Жалайыр, Әбілғазы және басқалардың еңбектері. Қ. Жалайыр кітабындағы Оғызхан туралы баяндалған тарихи оқиғаларда мұсылмаңдықтың әсері мол. Оғызханның ұлылығын, жеңімдаздығын мұсылмандықты қабылдау мен байланыстырады.

Қадырғали Жалайырдың "Шежірелер жинағы" тек қазақ қана емес, бүкіл түрік халыктарыныд мәдениет тарихында айрықша орын алатын құнды тарихи мұра. Бұл асыл қазынаның көпшелік оқырманға жеткізу үлкен парыз болмақ.

149
Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары

(1441-1501)
Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. Әлішер Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын болды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, философия, математика пәндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы Фирдоуси, Низами, Дехлауи, Хорезми, Саиф сарал, замандастары Атаи, Саккакл, Лутфи; Жәми творчествосымен танысты. Оның ағартушылық көзқарастарының дамуы Фирдоуси мен Низами еңбектерімен танысқан соң пайда бола бастады 1472 жылдан бастап өз қаржысына мектеп салдырып, 1476 жылдан бастап творчестволық жұмыспен айналысқан. "Жақсылардың таңдануы", "Гауһарлар шоғыры","Құстар тілі", "Көңілдерің сүйгені" атты әдеби теориялык, шығармаларында тәрбие тағылымдары жан-жақты сөз болды. Ал, дидактикалық тұрғыда жазылған "Ғажайып мәжілістер", "Ажал патшаларының тарихы" атты еңбектерінде ағартушылық көзқарастары айқындалған. Ол философиялық көзқарастарын, ағартушылық, педагогикалық көзқарастарымен ұштастырып, өз халқын отырықшылыққа шақырады, отырықшы халықтың оқу ағарту ісі дамитынын, мәдениетті елге айналатынын тұжырымдаған. Ол тәрбие мәселелерін өзінің "Бес қайрат" - адам, оның ақыл-ой қабілеттері мен тәрбиесі туралы" деген кітабында жазды. Педагогикалық көзқарасын, философиялық козқараспен ұштастыра отырып, ол барлық адамдар бірдей тең рухани қабілеттіліктен туады, бізді, жеке тұлғаны, жеке адамды адам ететін тек қана тәрбие деді. Тәрбие өз кезегінде еңбектен туындап еңбек тәрбиесіні ңегізін салады деп ғылыми

тұжырым жасады. Науаи озі өмір сүрген замандағы еңбек пен еңбек тәрбиесінің адам төзгісіз ретсіздігін әшкерелей отырып, барлық азаматтарға бірдей болатын таза еңбектің болуын, бірдей болатын тәрбиенің, бір текті міндет мақсатын құру қажеттігін айтты. Мұндай тәрбие мен еңбек деді Науаи бүгінгі қоғамды дұрыс жолға салады, оны жағдайлы етеді, бүкіл халықтың, көпшілік азаматтардың тұрмысын жақсартады. Ол тәрбиенің халықтығын жақтады, Тәрбиенің тең праволығын көкседі. Әлішер Науаи -"Тәрбие арқылы ғана азаматтар, барша халық өздерінің жеке басы мен ұлттық камқорлығын ұштастыра білетін патриоттарды тәрбиелейді" - деді. Әлішер Науаи XV ғасырда жасаған 400 шайырдың творчествосынан мәлімет беретін" ғажайып мәжі-

150

лістер" атты кітабын жазды. Бұл еңбегінде бұл жазушылар мен ақындардың қоғамдык, әлеуметтік-экономикалық және ағартушылық, тәрбиелік озық ойлы, көзқарастары мен ой-пікірлері, нақты суреттелген, кейінгі ұрпаққа өсиет тағылым ретінде қалдырған. Оның бұл ой-пікірлері, тәрбиелік тағылымдары, бүкіл шығармалары XV ғасырдың өзінде Мауаранахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Азербайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдерін, кейіннен Еуропа мен Америка елдеріне кеңінен тараған. Ақын творчествосы, еңбектін, қоғамдық пайдалылығы, тәрбие туралы ой-пікірлері Шығыс танушы ғалымдарды, ағартушы педагогтардың творчествосынан кең көрініс тапты.



Өзі жасаған тәрбиенің халықтық теориясына сүйене отырьш, Науаи тәрбиенің мақсаты мен міндетін азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі.Бала тәрбиесінде, тіпті жеке адам тәрбиесінде- жалпы адамға деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деді. Науаи - тәрбие жеке адамдардың қоғамдық орнын анықтайды деп тұжырым жасады. Оның еңбектерінде еңбек тәрбиесі адамның еңбек үстінде қалыптасуын, айнала қоғамдык, жағдайлардың ықпалымен және адамның табиғатында туысынан дүниеге келумен болатын қасиеттер арқылы қамтамасыз етеді. Ол еңбектің қоғамдық маңызын анықтады. Жеке адам өзі өмір сүрген ортада немесе белгілі бір қоғамда еңбек даярлығынан өтсе, еңбек оның дене жағынан жетілуін қамтамасыз етеді. Ол адам еңбек арқылы өзінің тыныс-тіршілігін, өмірін қамтамасыз етеді, - деді. Өзбек жазушысы М. Айбектің "Науаи романының қазақша аудармасына /1950/ алғы сөз жазған" Мұхтар Әуезов "Науаидың ғұламалығы жеке адамға деген мейірбандығы, адамды қоғамдык деңгейге дейін көтерудегі еңбек пен еңбек тәрбиесін, тәрбиенің адамгершілік, ақыл-ой, саяси бағдарламасын қоғам өмірімен байланыстыра білуі" деген болатын. Сондай-ақ, М. Әуезов "роман образдары еңбек адамдары, сол орта ғасырда Науаи өз елін еңбек етуге, отырықшылыққа егін егуге, бау-бақша жұмыс істеуге үйреткен, өзі қолма-қол жұмыс істеген, өзіне сая-бақ кұрып алған. Жұртын соған шақырған. Адам өмірі еңбекке негізделуі қажет деген Науаидың үлкен өсиеті деген еді".

Науаидың дәлелдеуінше еңбек - қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі, адам өміріндегі, өзгерістерге байланысты дамиды. Еңбек тәрбиесі еңбектен туындайды, деп үлкен көрегендік жасады. Науаи Орта ғасырдағы тәрбие ілімінің негізін

151

салушылардың бірі. Өйткені, оның тәрбие тағылымдары тәрбиенің барлық түрін қамтиды. Ал, еңбек тәрбиесі туралы тұжырымдары XIX ғасырға дейінгі сң озық пікір. Еңбек өмірдің құралы деуі соның айғағы. Жас бүлдіршіндерді еңбекке шақырады. "Бактағы бала" деген елеңінде:



Көбелекті қуалап,

Бақта жүр бала секіріп,

Зиянкесті түгел жояды,

Жүзімдерін саялап,

Гүлдерге су қүяды.

Бүлдіршіннің бұл да еңбегі,

Баққа деген миуалы.

Аралары бақтағы,

Гүл шырынын жияды - дейді, ұлы акын.

Демек, ол бала тәрбиесінің бастауы еңбек деген тұжырым жасады.



Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері

(1040-1123)
Омар Хайям – тәжік және парсы халықтарының Орта ғасырларда өмір сүрген ұлы ғалымы, көреген ойшылы, дарынды ақыны.Сол кездегі, оның ғылыми зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді. Философиялық еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой-өрісін кеңейтті. Ал, өлеңдері поэзияның жаңа түрін қалыптастырды.

Омар Хайям 1040 жыл шамасында (кейбір деректер бойыыша 1048 жылы) туған. Жергілікті медреседе оқып білім алған. Оның негізгі ұстазы Нишаһурдың белгілі ғалымы Насыреддин Шайх Мүхаммед Мансур дарынды Хайям өз бетімен де оқып білім алады. Ғалымның жігіттік шағы Балх қаласында өткен, ол онда математика, физика, астрономия, дін негіздері, тарих ілімдерімен шұғылданған, араб тілін еркін меңгеріп шыққан. Одан кейін Самарқанд, Мерв, Исфаған, Рей тағы басқа қалаларда тұрып қызмет істеген.

Математик ғалым Мыңбай Ысқақовтың дәлелдеулері мен зерттеулеріне қарағанда Хайям үлкен математик бллған. Хатық астрономиясының негізін салған.Оның математикадан жазған басты-басты екі еңбегі сақталған, оның бірі - Алгебра мен Әлмүнәбәлс есептерінің дәлелдемелері туралы. Екіншісі-Евклид кітабындағы қиын тарауларға түсіндірмелер. Алдынғысында алгебра, соңғысында геометрия мәселелері баяндалады - дейді Мынбай Ысқақов.

152


"Қатынастарды құру және оларды зерттеу" туралы кітабында шамалардың рационал және ирационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі әл-Фараби идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту қажеттілігін дәлелдеді. Омар Хайям еңбектеріндегі жаңалықтарды Насреддин Туси т. б. математиктер колдап дамытты. Алтын мен күмістен тұратын заттардың мөлшерін анықтау тәсілі туралы трактатында Архимед шешкен физикалық есептерді жетілдірді. Омар Хайям музыка теориясымен де шұғылданды.

Омар Хайям Аристотель мен Ибн Синаның философиялық көзқарасын ұстады. Жаратушыны мойындағанымен, өмір тіршілік құбылыстарының өзара байланысатын өз дәуірі үшін материалистік тұрғыда түсіндіреді. Ол философиялық көзқарастарын мына төменгі еңбектерінде тұжырымдады: "Болмыс және Борыш туралы трактат", "Үш сауалға жауап", "Жалпыға ортақ ғылымның пәні жөнінде" т. б. философиялық шығармалары мәлім.

Омар Хайям әлемге әйгілі төрт тағандардың (Рубайдың) авторы - ол "Өмір мен өлім", "Жақсы мен жаман", "Жастық пен кәрілік", "Құштарлық пен тақуалық", "Махаббат пен зұлымдық", "Қанағат пен озбырлық" парқын төрт жолдан тұратын бір шумақ өлеңге сиғызды. Оның төрт тағандары- адам өмірінің әр қырын, кезендерін қамтитын тапқыр да өткір адамгершілік пікірлерге құрылған өрнекті өлең шумақтары мұнда ақынның өмір-тіршілік құбылыстарына қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға көзқарасы айқын көрінеді. Ол жеке бастың азаттығын жырлады, дүниедегі әділетсіздікке қарсылық білдірді, адамды теңдікке, бостандыққа шақырады. Ақын өлендерінде шарапаты дәріптеу, сауық-сайран, махаббатты қызықтыру едәуір орын алады.

Омар Хайям өмір сүрген дәуірде айнала ортаны, халықты, оның ұлы адамдарын өз өлеңдерінде және рубайларында жырға қосып мадақтады. Адамның ұлылығы тәрбие мен білімге байланысты - деген ой түйді. Еңбек, еңбек тәрбиесі, білім, жалпы тәрбие адамды ұлы етеді деді. Оны былай жырлады.

"Еңбек, білім, тәрбие

Басын қоссаң мәнді де

Үшеуін бірдей меңгерсең

Жібермес Сені-өлімге!

Үшеуінің мәңгілік категория, тәрбиенің еңбек, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің бірлікте жүзеге асырылуын уағыздап тұрғандай. Ол өзі өмір сүрген дәуірде өмірдегі байлык пен молшылық тек еңбек арқылы келеді және қалыптасады. Ол

153


еркіндікті, тәрбиедегі демократиялық бағытты - еркін тәрбиені жақтады. Еркін тәрбие еңбек тәрбиесінің жемісі - деді Омар Хайям. Оның өлеңдерін, бүгінгі педагогикалық тұрғыдан қарасақ адамды жан-жақты жетілдіру сарыны басым. Аз сөзбен көп мағына беру, бір шумақ өлең арқылы тәрбиені, бірнеше түрін бір адам бойына еңгізу идеясы көрініп тұрады.Мұнысы бейнелеп салыстыру арқылы адамдық, адамгершілік, ақылдылық, парасаттылық, мейірбандық элементтері үштасып жатады. Бұларды молайтып, толтырып, жеке адам бойына, тәрбиенің әсіресе еңбек, адамгершілік, ақыл-ой, дене, патриоттық тәрбиені батыл енгізуді ұсынды. Ол философиялық көзқарастарында тәрбиені, еңбек тәрбиесін, тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыратын тағылым артық туынды деген.

Омар Хайямнын, төрт тағандарын зерттеушілер әр түрлі түсіндіреді. Біреулер мистикалық-софылық десе, басқалары атеистік сарында ұғады. Дұрысы ол емес, бұл да емес - деп Омар Хайямның өзі айтқандай, қазіргі оқушы оның өлеңдеріндегі өмірге құштарлықты, ақиқатқа талпынысты, тіршіліктің мәнін парықтауды, енжарлық пен екі жүзділікті ажуалауын ұнатады. Омар Хайям өлеңдері қалыптасқан композицияның құрылымы бар, лирикалық шығарма. Оның стилі күрделі емес. Аз сөзбен көп мағына беру пернелеп, бейнелеп айту арқылы автор өз ойын еркін жеткізеді. Оның тілі қарапайым да, жаттык,- Омар Хайям рубайларының түркі тілдеріне аударылған кейбір шумақтары қазақ оқушыларына ілгеріден таныс болатын. Ақын Қуандық Шаңғытбаев қазақ тіліне аударған 325 рубай 1965 жылы жеке кітап болып шықты. Ол екінші рет "Шығыс Жұлдыздары" 1973 жинағына басылды.

Омар Хайям тұңғыш күнтізбе жасаған ғалым. Кунтізбенің көптеген түрлері бар, олардың әрқайсысының дәлдігі әр түрлі. Тарихты халық жасайтындықтан, күнтізбені жасаушы да халық болып табылады. Ғүламалар Хорезми, Бируни, Ұлықбектің тағы басқалардың күнтізбе жөніндегі еңбектері уақыт есебін жүргізуді бірталай тәртіпке келтірген.Күнтізбені түзетушілердің бірі Омар Хайям.

Парсы аңызы бойынша, адам бұдан сегіз мындай жыл бұрын, Фервердик айының бірі күні жаралған. Ол кезде күн жазғы тұрғы күн мен түннің нүктесінде болған. Осы аңызға сүйеніп, парсы Фервердиннің бірін жыл басы етіп есептейді де, оны жаңа жыл күні наурыз деп атайды (Нау-жаңа, Руз-күн деген). Қазақтың наурыз сөзі осыдан шыққан. Күн мен түннің

154

күзгі теңелуін парсылар - "Меһрен" деген. Бұдан Қазактың "Мейрам" сөзі жасалған.Наурыз бен "Мейрам" парсылардың негізгі мейрамдары болған. Парсы ақындары "Ай мен Күн" -аспанның екі көзі деп жырлаған.



Омар Хайямның күнтізбесі - дүние жүзі халықтарында болған күнтізбенің ең жақсысы. Ол 1079 жылғы 15 наурыздан (Хиджра бойынша - 471 жылы 10 рамазаннан) бастап қолданыла бастады. Сол күні Мәлік Шаһ жобаны декретпен бекітетін болатын.

Хайям күнтізбесінің екі ерекшелігі бар. Бірі - оның аса дәлдігі, екіншісі күн қозғалысына негізделуі. Омар Хайям мұрасы математик, астроном, философ, педагог ұстаз ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді және ол әрдайым жаңарьш толықтырылып отырады.


Мақтымқұлының тәрбие тағылымдары
XVIII ғасырда өмір сүрген түркіменнің классик ақыны Азади Дәулетмәмбет ақынның баласы. Ол алғаш ауыл мектебінде, кейін Хиуадағы Шерғазы медресесінде оқыған. Орта Азия, Азербайжан, Иран халықтарының ауыз әдебиетінің нұсқаларын жастайынан жатқа білген. Мақтымқұлы поэзиясының өзекті тақырыбы - адамгершілік және еңбек, еңбек ету, еңбектәрбиесі. Осы негізде, оның қоғамдык, философиялық, ағартушылық көзқарастары қальштасады. Өлендерінің тәрбиелік мәні ерекше. Ең бастысы өлеңдерінде халықтық бірлікке, татулыққа бостандыққа, достыққа, еңбекке шақырады. Оған "Ер", "Түркімен", "Болмаса", "Елмекен" атты өлеңдері дәлел. Төрбие мен білім әрбір адам болмысындағы қазынасы - деп ой түйіп, оны жырлауда қоғамдық деңгейге дейін көтереді. "Бұқара халық", "Туған ел", толғаулары арқылы ағартушылық көзқарастарын философиялық көзқарастарымен ұштастырады.

Еңбек пен еңбек тәрбиесі әрбір адамды жетілдіреді, қалыптастырады. "Еңбек пен еңбек" атты өлеңінде, еңбектің отбасынан басталатын тәрбиелік мәнін философиялық категорияларға дейін көтерген. Адам өмірінің, оның тұрмыс халінің ахуалының, өзі өмір сүрген XV ғасырдағы жаңару жағдайын, оның жетілуі мен түзілетінін еңбектен іздейді. Өлеңдерінде ең-бскті бірнеше кагегорияға бөліп, оны төмендегідей жырға қосады.

Оқу, білім - құлпырар еңбекпенен,

Көмкеріп - өнерменен өрнектелген.

Халықтың даналығы, өсиеті,

Еңбектің жемісі сол - өнбек деген.

155

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов 1954 жылы жазған "Орта Азия сапарлары" атты еңбектерінде Мақтымқұлының Түркімен ақындарының атасы - дей келіп, ол туралы былай деп жазды. "Мақтымқұлы - адамгершіліктің, достықтың, еңбектің ақыны. Ол тек түркімен ақыны ғана емес, өлең жырлары, адамгершілікті ең басты биікке көтерген - бүкіл Орта Азияға, тіпті Қиыр Шығыс пен Азияны қамтитын ауқымы кең үлкен поэзия аймағын жасаған тәрбиелік тағылымы үлкен ақын деп көрсеткен". Мақтымқұлының еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы жырларының құндылығы сол, оның өміршеңдігі, тәрбиелік мәнінің жоғарылығы Тек өз дәуірі үшін емес, оның бүгінгі жастарды жан-жақты етіп, қалыптастыруға үлгі болатындығы.



Сондай-ақ Мақтымқұлы патриот және достықтың ақыны болған. Өлеңдерінде халықты бірігуге ру алауыздығын жоюга, Иран шахы мен Хиуаны Бұқара Әмірі сияқты басқыншыларға қарсы күреске, ерлікке үндейді. "Керекті", "Ер", "Болмаса", атты өлеңдерінде, ел ішіндегі бек, қазылар, жалқаулық пен тоғышарлықты сынайды.

"Егемен", "Түркімен"- олеңдерін философиялық деңгейде жырлайды. Мұнда танымдық продесс басым әдет, салт хакында жаңа гуманистік бағыт ұстады. қоғамдық мәселелер көтерді. Бұған Таусонар", "Қарамас", "Кетігі барады", "Болмаса" т. б жырлары дәлел. Ол өзінің өлеңдерінде халық даналығын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жырлаған. Мақтымқұлының өлендері халық арасына кең тараған. XVIII ғасырдың өзінде, оның бірсыпыра өлеңдерін Ф. Шопенинг мен Ходзо (1842), Г. Вамбери (1863) Батыс Еуропада жырлады. Мақтымқұлының шығармалары - таңдамалы өлеңдері, хақында 1947, 1954, 1968жылдары Қазақ тілінде басылып шықты. Оның өлеңдерінің қай қырын алсаңыз достықтың, бостапдықтың, адалдық, жоғары парасаттылық пен инабаттылық - эстетикалық талғамда жазылған. Ел ырысын молайту, әл-ауқатын жақсарту, молшылықта өмір сүру - өлеңдерінде бұлар демократиялық бағыт өлшемімен жырланады. Ол патриотизм, гуманизм, ұлы достықты, шынайы интернационализмді - биік сезіммен жырлады. Бүкіл Орта Азияыны жырға қосады. Сондықтан да Ұлы достықтың ақыны болып қала бермек.

Мақтымқұлы өз каржысымен мектеп ашады. Ол қоғамдық тәрбиені және мұғалімнің ролін жоғары бағалады. Мектептегі "еркін еңбекті", балалардың қоғамдық деңгейдегі еңбекке араласуын уағыздайды. Оны өзінің "Ер түркімен" атты өлеңінде

156


жырлаған. Мақтымқұлының тағылымдық ерекшелігінің бірі, сол кездің озінде "Жалпы халықтық тәрбие беру идеясын" жақтады. Оны мектептің, басты мақсаттарының бірі – деген педагогтар пікірін қолдады. Мақтымқұлы балаларға тәлім- тәрбие беріп, ұстамдық көрсетстіп, үлгі мұғалімдерді өз олеңдерінің арқауы етті. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп есептеді. Оның ойынша мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол өз шығама-шылығында "мұғалім ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәніп сеуіп, нұр құятыи тынымсыз лаулаған жалын иесі - деп мұғалімнің көркем образын, бейнесін жасады. Демек, Мақтымқұлы өз шығармаларымен өзі өмір сүрген ортаның , Әуезовтің сөзімен айтқанда, бүкіл Орта Азия ғұламасы болды. Мақтымқұлы оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап ауыл шаруашылығының еңбегіне баулуды уағыздаған педагог-ғалым деседе болғандай, өйткені, ол Түркіменніц экологиялық-экономикалык, жағдайын-да түйе өсіруге, әсіресе, қаракөл қойын өсіруге оның сол XVIII ғасырдағы экономикалық пайдасын тауып, оған жас өспірімдерді, окушыларды ұдайы қатыстырып отыруды өлең, очерктер дастандар арнап- еңбектің мәнін көтеріп отырған. Ең бастысы ол еңбекке баулу мен еңбек тәрбиесінің жаршысы болған. Бұған "Еңбек ерліктің иегізі" және "Еңбек ер атандырады" атты поэмалары дәлел. Бұлар өз кезегінде қазақ тіліне аударылған. Соңдай-ақ, Мақтымқұлы өз дәуірінің жыршысы, өзі өмір сүрген кезеңінің ғұламасы, ұлы ойшылы, оның озық пікірі-демократиялық, гумманистік бағытты белгілеп берген - үлкен қайраткер.
Өтебойдақ Тілеуқабылұлының отбасы және

еңбек тәрбиесі туралы ой-пікірлері (1388-1483)
"Қарттарды сыйлап, еркін сөйлеттіріп Өтебойдақты көп тыңдағыштап, сіз деп қастерлеп, қолтықтап тұрғызбақ, отырғызбақ, тағылымдық танымын таққа көтеріп, алдына қоймақ керек – деген ұлағатты сөздерді айта келіп Ақсақалдар батасын бермек. Баталы пенде жаман болмағандықты алла жаратқан" - деп барша жұртты имандылыққа шақырады. Ғұламаның осы сөзі арқылы сол кездегі үлкенді сыйлау тәлімі көп тындап, аз сөйлеу - бүгінгі жастарға ауадай қажетдер едік.

Имандылықтың басты белгісі- иманжүзділік. Адамның жүзі жылы болса, жөн сұраған адамға жөндеп жауап берсе шын көңілімен көмек көрсетсе кандай жақсы.

157

Ғүлама ғалымның ұрпақтар өсе келе ата-анасын асырамақ. Құдандалық молығып, жақыншылық көбеймек. Топталым көлемі ұлғаймақ, үлғая бермек - деген аталы созінің де тәлімдік мәні аса маңызды. "Қазақта не ексең соны орасың" - деген мақал бар. Мұнда ата-ана мен ұрпақтың өзара бір-бірімен қарым-қатынасының тәлім-тәрбие тәсілінің негізі, қысқа да нұсқа түрінде тұжырымдалған.



Осы айтылғанға орай Ө. Тілеуқабылұлының "тектіден текті ұрпақ жалғасуы" - дейтін тұжырымы ерекше коңіл аударарлықтай. Мүның мәнін қазіргі оқырман қауымға түсіндіріп жатудың қажеті жоқ деп ойлаймыз.

Ғүлама-ғалымның пікірінше тіршілікте істелеген жақсы мен жаман қылық Алла тарапынан түбінде ескерусіз қалмайды. Жаман-жақсы қылығыңнан түбінде сүрауы бар. Сол үшін іс-харекетінді имандылыққа негіздеуді есінен шығарма дей келіп ол жас ұрпақты білім алуға өз бетінше үнемі іздену, үйренуге, білмегенін білетіндерден ұялмай сұрап барлық көрген-білгенін миға тоқып сарапқа сала білуге шақырады. Бұл жерде ол жас өскіннің ақыл-ой тәрбиесін дамытуда шешендік өнердің алатын орнынан ерекше мән бар. Мұны Жиренше бейнесі арқылы астарлап айтылған ой-тұжырым арқылы жеткізеді. Ғүлама-ғалым атақты Жиренше шешеннің "Әділдіктің заты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді" - деген ұлағатты сөздерінің тәлімдік астарына ерекше мән береді. Шешендік өнер ерекше сергектік пен нәзік сезімталдықты талап етеді. Адамның ой-өрісін өрістету бұл көп ойланып-толғануды, шытырман қиын сәттерде жол таба білуді, қажет етеді: бұл үшін ешбір жалыкпай тынбай еңбек ету керектігін меңзейді Осы айтылғанға орай ғүлама былай дейді: "көп ойланып, тиянақ нақтылығын таппаққа күш салымдық болмақ. Жеті өлшеп бір кесіп, оны екі рет елілеп, қырық бір рет салмақтап түйінерлік жүйе-жүйесін үй, мектеп, түбірін табу болмақ".

Шешімін таппай тұрған сәттерде басқалардың кеңесін, ақылын тыңда, бұған қоса қабырғаңмен кеңес, өйткені алға қойған мақсатыңа терең, орамды ақыл-ой арқылы жетесің -деді. Толғаным шарты жай оғынан тез, нар кескіден қазірде өткір, теңізден терең болмақ түйіндеулік шарт.

Автор адамда ойдың үшқыр болуы тез шешім қабылдауға жәрдемдеседі, әр іс-әрекетінде үнемі ойланып-толғанып жүрсең ғана мақсатыңа тез жетесің, таудай талабың болса да, дұрыстап

158

ойланбасаң әр нәрседен құр қаласың дейді. (Ойланым-аңғарымдықтың шыңы, жетпек емес оған құрғақ ойдың мыңы).



Ғүлама білімді жастарды тәрбиелеу барша халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуы үшін аса маңызды дейді. Бұл жайт елдің тұрмыс-тіршілігін, денсаулығын көркейту үшін де аса қажет "Аллажар, хан тақсыр. Сіздің қасиатлы құзырыңызда жазыльш жатқан "Шипагерлік баянының" мархабатлы көзіңбен көріп құлағыңызбен естіп болғасын, арнаулы Ордаңыздан ұғындырғы ашып, ордаңыздағы гүлтекше үстінде өсіп тұрған гүлтегіндегі гүлдей жеткіншектерді өнерге баулытып жеткізсеңіз, менің ең зор арманым орындалған болар еді".

Мәселен, ол қоғам өмірін табиғат тылсымымен байланыстыру, яғни аспандағы жұлдыздарға қарап, адамның мінез-құлқын жас мөлшерін келешегін болжай алуға болатындығына да назар аудартады.

Аспандағы жұлдыздар жердегі адамдардың егізі. Оларға қарап адамдар адасып кетпей, өз бағыт-бағдарын дұрыс тауып жүреді. Ғарыштағы жұлдыздардың қалай орналасқанын есептеп, табиғат өзгерістерін пайымдап-оны күнделікті тіршілікте пайдалану жағын ойлайтын қабілетке қол жеткізудің кажеттігін айта келіп, Ө.Тілеуқабылұлы білім мен ілімнің шегі жоқ ұшан-теңіз екендігін, оны жалықпай үйрену жас ұрпақтың негізгі борышы екендігін аталмыш еңбектің өн бойында еске салып тұрады. Ол жастарды қол өнер мен диқаншылыққа үйретуді дене мен ой еңбегінің бір-бірімен үйлесімді қалыптасуына ерекше мән береді. Еңбек ету ол адамның өле-өлгенше іс-әрекеті болмақ, еңбекшіл адамның көңілі көтеріңкі, қарны тоқ, денсаулығы мықты болады - ден түйіндейді.

"Дәмжалақ түбі - бақ мехнат түбі - алтын тақ". Ғүлама дене еңбегі туралы жалпы түсінік бере келіп, баланы еңбекке баулуды отбасынан Өзінің шипағерлік өнерді әкесінен үй келіп: Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" дейді.

Халқымыз есте жоқ ерте заманнан бастап ер бала мен қыз баланың өзіндік тербиесіне ерекше көңіл бөлген. Мәселен, ұлды мал бағуға отын шабуға, тас қашауға, аң аулауға, мерген болуға қолөнер шеберлігіне, жауынгерлікке әкесі мен атасы үйретсе, қыз балаға үй сыпыру, төмек жинау, ас пісіру, кесте тігу, кілем тоқу, тон пішу сияқты отбасының ішкі жұмыстарына үйретуді анасы мен әжесі өз мойындарына алғаны белгілі.

159


Ғүлама-ғалым баланы қоршадайынан өнерге тәрбиелеу арқылы оны белгілі бір еңбек түріні майталманы етіп шығаруға болады дейді: "Жақсы іскерлігімен көзге түсіп, ысылып алғандар басқаға үйретпек; басқалар одан үйренбек, кімнің ісі ел қалауына ілінсе, содан жаман істейтіндер үлгі алмақ. Үйрететін, ысылған ісмерлерді жүрт мақтап, онерпаз деспек. Жақсы ісімен көзге түспек. Ісмерлік - өнер. Осы атқа ие болғандар өнерпаз атанбақ".

Өтейбойдак, ұстаз ретінде жастарды сондай-ақ мал бағу, диқаншылық, қолөнершілік, сәулетшілік онерлерін меңгеруге тәрбиелеу қажет екендігін еске салып жас өскінді сұлулық, әдемілік цен әсемдікті түсіну білуге тәрбиелеудің маңызына да тоқталады.

Ө.Тілеуқабылұлы "Шипагерлік баянда" жан сұлулығы мен тән сұлулығы жайлы біраз пікір айтқан. Адамның жайдары мінезі, сөз шеберлігі, әдемі киінуі, денені жинақы ұстауы оны көркемдікке баулитындығын айта келіп, ол былай дейді: "әр пенденің тұлғалық бітімі, бет әлпеті, өң түсі, ылпалық жарасымы: мінездемелік ұнасымды тақылеттер бір-бірімен айқындық парықталыс белгілеп танымал кісілер көргеннен жазбай танитын бітіске ие болымы жарақтық жарасымдылық ерекше қасиет дейді".

Ол адамның киген киімі қонымды, жарасымды, таза болуы, оның көңілін көтеріп, мінезінің жайдарлы болуына себеп болады дейді: "жарастылық, ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек" мәтелін уағыздайды.

Ылпа әрі толық, әрі орамды, әрі жылы, жарасымды әрлі болмағы мен сәні болмағы шарт... "Ылпа сәнді болса, сөйлемің мәнді болмақ" көңілің көтеріңкі, ойы болмақ. Ғүламаның пікірінше адамның: "ылпасы алым-жұлым болса, жыртығы септелмесе'(тіилмесе) тозығы жамалмаса жәнәннам мазаққа қалып, сайқы болмақ".

Сол замандағы түсінік бойынша жас адамдардың атқа отырысы мығым, жарасымды болуы қажет, бұл да сұлулықтың белгісі деп түйіндейді автор.

Ғұлама ғалымның осынау тұжырымдары Х-ғасырда өмір сүрген әлемнің екінші Аристотель атанған ұлы жерлесіміз әл-Фарабидің сұлулық жайлы пікірлерімен, адам табиғатпен бірегей және табиғат көрінісі адам жанын дамытады деген философиялық ойларымен түйісіп жатыр. Бұл жөнінде Өтейбойдақ бабамыз

160


былай дейді: "Мейлі Әбунәсір болсын, мейлі Жүсіп сак Баласағұн болсын, мейлі мен болайын бәріміз, бір тілектерміз. Осы екеуінің менен артығы жырауыл, сөйлеуіл, шижаламада жазуда ғана".

Отейбойдақ Тілеуқабылұлы өзі ғұмыр кешкен қазақ даласын жан-тәнімен сүйген. Оның атамекенді жауға иелендірмек түгіл "Сол жердің бір тал түгінде жұлдырмай, ел-жұртты қорғамаққа" шарт,- деген түйіні бүгінгі күннің де қасиетті ұраны.

Ғүлама ғалымның қазақ руларымен тайпалары жайлы пікірлерінде де тәрбиелік мәні терең тұжырымдар бар. Ол қазақ руларын табиғатын төмендегіше жіктейді: "Бірнеше үйлі бір ауыл, бір ауыл топтасқан үлкен ауыл, бірқанша үлкен ауыл топтасқан бір ру больш андаспақ... Бірпеше ру бірлескен тайпа, бірқанша тайпа бір одақ, бірканша одақ бір ауыздықтан ұлыс, бірнеше бал жаласқан бір ел болмақ".

Оның осы тұжырымыңда қазақтардың бұрынғы кезде ауыз жаласқан бірегей бір ел болғандығын айтып отыр. Осынау пікір әрмен қарай дамыта келіп, ол жастарға атамекенді жан-тәнімен сүйіп, оны басқыншы жаудан қорғау үшін батыл жүректі, сом білекті болу қажеттігін ерекше еске салады. "Шипагерлік баянда" автор бір кезде Майқы би айтқан "Еркек кіндік атқа қонсын. Сауыт киіп, қалқанды тосып қорғанып, өзінде, елінде, атамекен байтақ жерінде қорғауы шарт. Кәрілер ауылға, малға бас-көз болсын. Ұрғашылар қарттардың тілін бұрмасын" - деген аталы сөзді тағы бір қайталайды.

Ө.Тілеуқабылұлының қазак жастарын Отанды, туған жерді, оның халқын сүюге бағышталған ой-пікірлері осы еңбектің өн бойынан жиі кездесіп отырады. Бұл айтылғандардың қазіргі жастарымыздың патриоттық сезімдерін дамытуда, ұлт намысын ту кылып үстай білуде алатын орны ерекше.

Ғұлама ғалымның адамның өз ұрпағының жаны да, тәні де сау азамат болып өсуіне ерекше мән бергенін байқаймыз.

Баланы дүниеге келген бойда-ақ баршамыз білетін тұзды суға шомылдырып, маймен сылап, қол-аяғын созып, түрлі ем-дом жасаудың маңызы зор дей келе адамдардың денсаулығының жақсы болуы үшін жеті атадан асқанда ғана некеғе тұрған абзал дейді. Ғүлама жат төсектен туылған баланың мінез-құлығының осал болатынын айта келіп, отбасындағыларға, әсіресе ата-ананың алдына төмендегідей үш талап қояды:

161


Бірінші талап - ерлі-зайыптылардың "ақ неке төсегін таза сақтауы"; Екінші талап - "ұрпак тазалығы үшін жеті атадан аспай қыз алыспау"; Үшінші талап - "адамдардың бет пен ауыз сүйісуін тоқтату".

Ғұламаның осынау ұлағатты пікірлері қазіргі қазақ ұлтының өкілдеріне түп-тура арнап айтылғандай. Шипагер бабамыздың осы айтқандарын кезінде Жәнібек хан табанда жүзеге асыру үшін қолын қойып, мөрін басқан.

Ұрпак бітімінің мінсіздігін әріден ойлаган шипагер дүниеге келген нәресте тәнінің шынығуы таза су, таза ауа, қуатты тамақ, туған жер құнарлы топырағының әсерінен тәуелді екенін медициналық ілім-білім тұрғысынан дәлелдей түсіндіреді.

Баланы тазалыққа тәрбиелеуде қолды таза ұстауға, денеде жағымсыз нәрсс болмауына ерекше мән береді.

Ол дене мүшелерінің қадір-қасиетін жеке дара-баяндай келіп, аяқты таза ұстаудың аса кажеттігіне тоқталады. Бұл жөнінде ол былай дейді: "Табандағы сызықтар, алақанда алла аты жазылғандықтан, һарамды ұстамау шарт көздеме", жастарды тазалыққа тәрбиелеу мақсатында ғұлама шипагер дене тазалығы мен қатар ауқаттанудың организм үшін қандай маңызы тиімділерін ғана ұсынады.

Адамның дене бітімінің дұрыс қальштасуына, қан айналысының жақсаруына көкөніспен қоректенудің маңызы зор екендігін ескереді:... жеміс-жидекті көп жеп, қанды кепкіндірмей, сүйылтып, жүрінділігін тықсырғылап қаңды баптамақ шарт.

Дененің суыққа шыдамдылығын арттыру үшін бұлақтың мұздай суына шайынуы қажеттілігі туралы айтқандары бабамыздың Ресей шипагері Порфирий Ивановтан бұдан 500 жыл бұрын түйіндеуіне қайран қаласың (Тілеуқабылүлы Ө. Шипагерлік баян. - Алматы: Жалын. 1996 54-б.).

Ғүлама жер астынан шығатын ыстық сулардың емдік қасиеттері туралы да сындарлы пікірлер айтқан (Арасан әсіресе бу арасан, ыстық су арасан төтенше айықтырғыш).

Ол кез келген асты жей беру қомағайлық және іш тазалығын бұзатындығын, тіпті адамды ауруға шалдықтыратынан да еске сала кетеді.

Қазіргі кездегі жастарымыздың тазалықты басқаша "түсініп" арақ-шарап ішіп, темекі мен есірткі тартып жүретіндер көңілге қаяу түсірмей қоймайды.

162

Ғүлама ғалымның тәлім-тәрбиелік пікірлері жоғарыда айтылғандар мен ғана шектелмейді. Біз осынау шағын еңбекте бұл тағылымдардын кейбіреулеріне ғана қысқаша тоқталып өттік.



Оның тәлім-тәрбиелік көз қарастарын терендете талдау, зерделеу-қазақ ғалымдарының абзал борышы дер едік.
Ғұламаның психологиялық идеялары.
Өтейбойдак Тілеуқабылұлының психологияга байланысты арнайы еңбектер жазбағаны белгілі. "Шипагерлік баянда" адамның ішкі және сыртқы дене мүшелері мен оның психологиясына байланысты біраз әңгіме болады. Мәселен: осы кітаптың тараулары мен бөлімдеріндегі "Қуат", "Түйсік", "Ойлау", "Сөйлеу" т. б. біраз түйіндерінен оның психологиялық көзқарастары Аристотель, әл-Фараби, Әбу әли ибн Синалардың жан қуаттары жайлы толғамдарымен сабақтастып жататындығын байқатады.

Адам психикасының күрделі бір түрі - ес. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы есті дені сау адамдардың жан қуаттарының қатарына жатқызады. Оның пікірінше ес көрген, естіген нәрсені есте сақтау үшін аса қажет жан қуаты. Мәселен, ол адам немесе мал бейнесін анық аңарып еске ұстау қажет дейді. Бұл, қасиет адамның жаны мен тәнін емдейтін шипагерге өте қажет.

Арнайы есте сақтау мақсатында адам тез аңғарғыш, байқағыш, және есте қалдырғыш болуы тиіс (тез шапшаң жеткілікті аңғарып, ойға қонымды, көңілге толымды, өте нанымды, бүге-шігесіне дейін ойда сақтау).

Автор адамның қабілетін дамыту үшін көптеген тау, тас, жер-су және мал мен аңдардың аттарын дәл білу қажеттігіне үлкен мән береді.

Еске сақтау қабілетінің ойдағыдай дамуына себеп болатын касиеттің бірі - зейінділік. Оның пікірінше саналы іс-әрекет зейінсіз іске аспайды. Аталмыш кітапта зейін көбінесе "мәнділік аңғарым" деген ұғыммен беріледі. Зейіннің қалыптасуы адамның мақсатты қызығуынан туындайды. Хас шебердің жасаған құрал-жабдықтары, малшының малды баптай білуі іске қызыға зер салуынан туындайды.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы адамның негізгі жан қуаттарының біріне ойлау процесін жатқызады. Оның бұл пікірін

163

мына тұжырымнан байқаймыз: "Туылма қимыл-қаракеттілік қуат сезімдік қуат тудырақ, сезімдік қуат толғамданулық (қазіргіше-ойлау.) білімдік, ақыл-парасаттылық, адамзаттық нағыз қуатқа жетпек".



Ойлау адам сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өндейді. Түйсіну мен қабылдау арқылы алынған мағлұматтарды жинақтап, талдау, саралау арқылы ойлау дамып отырады. Ғұламаға затты, іс-әрекетті жан-жағынан қара, қолыңмен ұстап көр, көз өлшеміне сал, одан соң толған. Толғаным сараланбаса ойлау дараланбайды, - дейді. Ол ойлау процесінің өте күрделі екенін, оның жан барлық түрлерінің қатарынан жұмыс істеуінен туындайтынын ерекше ескертеді. Ойлау сөйлеу әрекетіне байланысты. (Сөйлемелік толғамдық түйін) - екендігін де айтады.

Ойдың сөз арқылы бейнеленуінің арқасында адам өзінен бұрынғылардың ілім-білімдерін сақтап қала алады, олардың ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Айтар ойымызды түгел сақтап қалу үшін біз оны шижаламалап (хатқа жазу) сақтай аламыз деп жазды Ө. Тілеуқабылұлы. Ойда келесі адамға жеткізу үшін оны сарапқа салып, әр нәрсеге толғана талдау жасау қажет. Айтар ойыңды алдымен өзің тусініп ал. Мұндайда алдамша сезімге беріліп үстірт ойлау - үлкен қателік. Жақсылап түсіну үшін көзбен көріп, құлақпен естіп, керек болса қолмен ұстай білу шарт. Ол осы түйіндерін әрмен қарай жалғастыра келіп... Көп толғанып, тиянақ нақтылығын таппаққа күш салымдық болмақ. Жеті өлшеп, бір кесіп - он екі рет елілеп, қырық бір рет салмақтап, түйіндерлік жүйе-жүйесін жинап үймектеп, түбірін табу болмақ. Автор терең толғанудан кейін ғана ойыңды басқаға жеткізуге тырыс, - дейді. Егерде айтар ойың әлі де пісіп-жетілмеген болса, тағы да іздене түс. Бұған шамаң жетпейтінін білсең, басқалардан сұра. (Ел қашанда ел, қашанда көл, бірі білмегенді бірі біледі).

Ғүлама бабамыз айтқандай - "білім мен ілімді бір күнде сарқып тауыса алмайсыз".

Ғұламаның пікірінше, сөйлеу алдымен адам ойын басқаруға жеткізу үшін аса қажетті. (Сөйлемелік адамзаттың ең зор артықшылығы, ақыл-парасатын ләммен аяндамадағы көз көргі. Қүлақ естілігі шындық аяны. Қазір бұған қоса, парасаттық жасалмалы ләмсіз сөйлемелік бөлекшелік сөйлемділігі - жазу туылымдылығы бізге мақтаныш сезілгісі болғылық айқындау

164

ұғыныс) - деген түйіндерде сөйлеу қабілетінің адам өміріндегі маңызы тәлтештелген. Ғүлама сөйлеудің ауызшадан бөлек жазбаша болымы да бар екенін айтады. Ол сөйлеу арқылы адам бір-бірімен ұғынысып, пікірлесе алатындығына ерекше көңіл бөледі. Адамның сөзі анық әрі жылы боп келуін қалайды ("Сөзің сәнді болса түбі мәнді болмақ", "Жақсы сөйлемек жанға шырай бермек").



Адам сөйлеген сөзін ойлап, қадағалап отыруы тиіс. Қиуасы сөйлемдік сөз- атқылық жебе, не қадала кетпек не далаға кетпек. Шипагер сөйлемелікке асықпай терең толғанғылық жасап жай оғындай аңғарылып наркескідей ашалап, нақталамалап дәл түсіргілік тұжырымдаулықпен өнерлік өресі де, өнері де болғанымен сасқалақтап не өзін таудай санағалық ойламмен орнын таппастықпен пендемелік қылмақ - ең үлкен парыз. Осы түйінде ғүлама- ғалымның адамның сөйлеу мәдениетіне қатысты кейбір мәселелерді баяндаған.

Айтатын ойыңды жинақтап, оның мазмұнды болуын қадағалап сөйлеу — ақылды адамның қасиеті. Сөзің сәнді болса түбі - мәнді болмақ, — деу арқылы автор сөйлеу әрекетінің мазмұнды болуы мен мәнерлі болуының маңызды екенін айтады.

Ғүлама адамның сөйлеу қабілеттерінің түйсіну және қабылдау процесімен тығыз ұштасып жатады. Ол дұрыс түйсіну арқылы ғана ойлаудың іске асатындығын "Шипагерлік баянның" "Қуаттар" атты бөлімінде тәптіштеп түсіндіреді.

Ғүлама бала түйсігінің дұрыс қалыптасуы үшін сезім мүшелерін таза ұстап, оның түрлі сырқаттарын дер кезінде емдеп отырудың қажеттілігіне назар аударады. Баланың өң мен түсті дұрыс ажырата алуын, жақсы естуі, алыс-жақын дыбыстарды дәл естуін, тәтті мен ащыны айыра білуін ата-аналар мұқият қадағалау қажет, өйткені жан-жақты түйсіне алу кейіннен заттың сыр-сипатын түсіне білуге жәрдем етеді дейді

Ө. Тілеуқабылұлы қабылдау процесі жайлы арнайы пікір білдірмеген. Бірақ ел мұны түйсіктердің барлық түрлерінің қосылуынан туындайтын қуат екенін топшылаған. Мәселен, қолында ұзын таяғы бар шауып келе жатқан адамды алғашқыда байқай алмайтынымыз, ал жақын келгенде оның қолында құрығы бар екенін аңғаратынымыз, сөйтіп мұның малшы екенін топшылайтынымыз бар ғұламаның қабылдау туралы пайымдауларын аңғартады. Көзбен көріп, құлақпен естіп, тұтастай

165


пайымдау туралы айтқан ғалым пікірлерін әлде де болса таразылап, талдауды қажет етеді.

Ө. Тілеуқабылұлы адамның жеке дара ерекшеліктерінің болатындығына да арнайы тоқталады.

Ол адам дүниеге келгенде Аллатағаланың жазуымен біреуі: "ақылы асқан дана, талғамы талғар кемеңгер, енді бірі ел іші береке бірлігін сақтап жауынан қорғану үшін қол сайлаған батыр, білікті, білгішті ақылғойлар құрамағы шарт болмақ" — деп түйіндейді. Оның осынау пікірлерін талдау жасайтын болсақ кейбіреулердің ерекше қасиетпен өмірге келетінін аңғарамыз.

Дала ойшылының осынау психологиялық пікірлеріне тоқталғанда, сол кездегі адамның таным ерекшеліктерін, сенімі мен талғамдарын қызығуларының өзіндік өзгешеліктерін еске алуымыз қажет. Өйткені адам ортадан тыс өмір сүре алмайды. Жеке адам көпшілік не істесе соны істеуге тиіс екенін және белгілі мақсатпен өмір сүретіндігін ұмытпаған жөн.

Ө. Тілеуқабылұлы жеке адам қасиеттері жөнінде кейбір ойларын айта келіп жастардан ұстамдылықты, аз сөйлеп, көп тындауды, іскер де ісмер болуды талап етеді. Ол адамның жақсы мінездерінің қатарына батырлықты, батылдықты жатқызады. Ғүлама ғалым ешнәрсеге қызықпайтын енжар адамның ешкімге шапағаты болмайды, ол да бір мал да бір деп, олардың адресіне қатты сын айтады. Адам өмірге келген соң, белсенді өмір сүруге, сегіз қырлы бір сырлы болуыға ұмытылуы тиіс деген тұжырым аталмыш еңбектің өн бойынан аз кездеспейді.

166
IV ТАРАУ. ХҮІІ-ХУШ ҒҒ.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет