ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ЖӘНЕ ДАМУЫ
Шоқан Уәлиханов - ғалым, ағартушы (1835-1865)
Тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушісі, археолог, этнограф, саяхатшы, ағартушы-демократ. Құсмұрын бекінісінде (Кокшетау облысы), Абылайханның немересі, қазақтың сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов-тың отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқыған, кадет корпусын бітірген (1853). Батыс Сібір генерал-губернаторында әскерлік қызмет атқарған. Орта Азия мен Қытайға жасалған бірнеше экспедицияға қатысқан. 1859-1862 ж.ж. Петсрбургке барған кездерінде А. Щапов пен Т. Елисеев т.б. тобындағы, тәрбиесіндегі демократиялық бағыттағы интелегенциямен араласады. Н. Г. Чернышевскийдің "Современник" және А. И. Герценнің "Колоколымен" танысады. Ғылым академиясының және орыстың географиялық қоғамының жұмысына белсене араласады.
Шоқан Уалиханов мұсылман дін басшылары халық ағарту ісін өз қолына алғанын, мектептер мен медреселер құнды оқушыларға құрғақ жаттататынын, оның маңызын түсінбейтінін, сол кезең үшін, оның ешбір пайдасыз екенін қатты сынады. Қазақтардың білім сипатының, оның мәнділігі мен маңызын, сол кезең үшін гумандық, халықтық - деп түсінген Шокан, білім мен оку ғана қазактарды әлеуметтік-әділетті күреске жұмылдырады, тек білім мен оқу көшпенділерді қоғамдық прогресс пен еркін дамуға жол көрсетеді - деген улкен гуманистік ой-пікірде болды.
295
Шоқанның көзқарастары материалистік бағыт ұстады. Психологияны, оның ішінде этнопсихологияны, оның этно-психологияның табиғатын түсінуі, оның әртүрлі факторларын толықтыруы соны көрсетеді. Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Түркістан халқының психологиялық ерекшелігі туралы мәселесі Ш. Уәлиханов жалпы мәдениетті дамыту және "халықтық рухты" қайта ояту проблемаларымен берік байланыста етіп шешуге тырысты. Ғалым Шоқан халық мінезінің сипатын, оның пайда болуын көп жоспарлы, сан қилы мақсатта қарастырды. Сөйтіп, ол өзінің көптеген шығармаларында халық тұрмысын, әдет-ғұрпын, тілін, өзара қарым-қатынасын, дінін, оның әрқайсысының ерекшелігін асқан дәлдікпен талдау жасады.
Ш. Уәлихановтың оқу-ағарту қажеттілігі туралы ойы, ғылым халықты дамытатынын, олардан оку-тәрбиедегі маңызды жол ұрпақ тәрбиесінің бастауы екенін дәлелдеуі, оның прогрессивтік көзқарастарының ерекшеліктерін көрсете отырып, Қазақстандағы қоғамдық ойдың дамуына айтарлықтай әсер ететінін дәлелдейді.
Ғалымның шығыс, батыс халықтарының көптеген тілдерін білуі әр түрлі қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра зерттеуге, тарихи шындықты ашуға мүмкіндік туғызды. Шоқан өз ойын нақты дәлелдеу үшін Орта Азия халықтарының тарихын көп зерттеген Жолбарыс әулетінен шыққан Абылғазының "Түрік шежіресі" атты белгілі кітабына жүгінеді.'Түрік шежіресін" толықтыра түсу мақсатында ол "Қазақ шежіресі" еңбегін жазады. "Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз, орыс жылнамалары (Псков жылнамалары) біздің сөзімізді растайды", - деп баяндайды да, сол кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу жасайды, олардың деректерін шежірелермен салыстырады.
Қазақтың әрбір ру басылары өз ру тайпасының шежіресін - шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждағатпен үйреніп, өзіндік шешендік өнерін шыңдауда аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын, сондай дайындығы бар билердің аузынан шыққан сөздерді халық ұйып тыңдайтынын, ол нақыл сөздердің өмірдің
296
бар саласын қамтитындай өсиет-өнеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазған.
Зерттеушісі тарихи аңыздар - тарихи деректер жаңғырығы деп білген. Оның танымдық мағлұматтарын ғылыми еңбектерінде шебер пайдаланған. Ауызша айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық мәліметтерді өзара салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан. Тарихи аңыздардың маңызын ашуда Шоқанның асқан білімпаздығын танытатын мұрасының бірі - "Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихынан жазбалар". Зерттеуші бұл еңбегін жазу үстінде дүние жүзі шығыстанушыларының бұрын-сөңды жарық көрген шығармаларына жүгінгенін көреміз. Левшин, Риттер, Клапрот зертгеулеріндегі пікір қайшылықтарын, неміс шығыстанушысы Вильгельм Шоттың және орыс этнографы Евгений Огород-никовтың якут (саха) халқының тарихы туралы айтқан пікірлеріндегі бұрмалаушылықты, қателер мен үстірт жорамалдарды ғалым аталған еңбегінде сынайды, өзінің батыл ойларын айтады.
"Қазіргі қолда бар деректерді ел аузындағы аңыздармен, ноғайлармен қарым-қатынас жайлы орыстың елшілік фактілерін Жалайридің "Жылнамалар жинағымен" салыстырған жөн" - деп жол сілтеген кемеңгер ғалым 'Қырғыздар туралы жазбаларында" Орта Азия көшпелілерінің өздерінің ата-бабаларының, даңқты батырларының ерлік істерін баяндайтын, құйма-құлақ аңызшылар аумай-төкпей жеткізген аңыздары бар, бұл аңыз-ертегілер халықтың өткендегі өмірінің қысқаша тарихи суретін бейнелейді, өздерінің батырлары мен халық арасындағы оқиғалары туралы аңыздарды жырға айналдырып, келешек ұрпаққа от басындағы естелік-әңгіме ретінде жеткізіп отыру барлық көшпелілерге тән салт", - деген салиқалы қорытынды жасайды.
Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайға айтқаны", "Абылай туралы жырлар", "Шора", "Орақ жырлары", "XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылады. Сондай-ақ Шоқаннық "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатады. Ал атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар"
297
сияқты монография дерлік шығармаларының көптегеи беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған.
Ш. Уәлиханов қазақ өлендері мен ауыз әдебиеті туралы алғаш деректер жинаған Н. П. Рычковтың 1770 жылы жарық көрген "Күнделік жазбаларын", А. И. Левшиннің 1832 жылы баспадан шыққан "Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласы туралы жазбаларын" т.б. ғалым-саяхатшылардың жазғандарын ой елегінен өткізіп, сын-ескертпелер жасағанын айта кеткен жөн.
Әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді, ағартушылық тәлімді теріс түсіндіруді көздегендерге батыл наразылық білдірген Уәлиханов өзі бас болып әдеби мұрамыздың шынайы мәнін ғылыми негіздеуге арналған зерттеулер жазды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасады.
Ғалым өзінің "Жоңғар очерктерінде" халық аузындағы нақыл сөздерді зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін, оны өзінен бұрынғы ғалымдар да сан рет аңғарғанын, ойткені одан халықтың тұрмысы мен әдет ғұрпы айқынырақ көрінетінін тебірене жазған. "Ескі нақыл сөздерге бай келуі Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті больш табылады. Ондай нақыл сөздер не ру ескерткіші ретінде, мәселен заң, ғүрып аңыздары ретінде қариялар аузында қасиеттеліп сақталып отырады, не халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп отырды".
Қазақ мақалдары ықылым замандағы көріністі, сенімді айқындай түсетін құрал ретінде пайдаланылатынын жазады. Қазақ тілінде халықтың мінез-құлқын, жалпы ерекшелігі туралы ұғымды накты білдіретін мақалдар да бар екенін айта келіп, мақалдарды бір тілден екінші тілге аударғанда мәні кететінін, оны дәл аударудың қиындығын айтқан және өзінің үш жүздей мақал жинағанын да білдірген. Зерттеуші халықтың тұжырымды ойға құрылған мақал-мәтелдерінің қайсы біреулерінің мазмұнын дәл сақтай отырып орыс тіліне аударды, оған түсініктер берді. Ондағы ойы орыс оқырмандарын халқымыздың мәдениетімен, әдебиетімен тереңірек таныстыра түсу болды.
Әнсаналар мен аңыздарда әр қырынан көрінетін, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ тарихи тұлғалардың бірі - ұлы бабамыз Қорқыт Ата туралы Шоқан Уәлиханов қысқа болғанымен мәнді, мағыналы мағлұматтар келтіреді. Әр халықтың
298
жазба мәдениеті, ауыз әдебиетінің үлгілері жайлы баяндағанда, Қорқыт Атаның да көптеген халықтарға танымал бейне екеніне тоқталады. "Жоңғар очерктерінде" Қорқытқа байланысты ертегі, жырлар территориялық және тіл жағынан жақын халықтардың әдеби, мәдени бірлігін нығайтуға септігін тигізгенін айтады.
Әлемдік әдебиет пен мәдениеттен және оқу-ағарту ісінен хабардар болған Шоқан - түркі тектес халықтардың әдеби мұраларын да білгірлікпен зерттеген ұлы ғалым. Әсіресе, қырғыз өлінің "Манас" жырына айрықша көңіл бөледі. "Манасты" өркениетті елдерге тұңғыш таныстырушы Ш. Уәлиханов екенін мақтан етуге тиіспіз.
Зерттеуші өзінің "Қырғыздар туралы жазбалар" еңбегінде халық есінде, тамаша философ ретінде сақталған Асанқайғынын. Жырғаланда көшіп-қонып жүрген қазақ екенін, оның аты тек қазаққа ғана емес көрші қырғыз еліне де мәлім болып, "Манас" жырында кездесетінін, зираты Ыстықкөлдің маңында екенін ескертеді.
Шоқан аса қабілетті қайсыбір жыршьшар мен жыраулардың өміріне, ол туралы айтылған естелік аңыздарға, жыршылар мен жыраулардың өздері шығарған өлеңдерге айтарлықтай мән берген. Ол "XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" деген мақаласында Бұқар жырауға қатысты біраз мәліметтер келтірді. Жыраулардың Абылай алдында айтылған өлеңінің аудармасын жасайды. Сөйтіп, Бұқар жырауды орыс оқырмандарына тұңғыш рет Шоқан таныстырды.
Шоқан қазақтар импровизаторлық өнерге шебер келетінін атап көрсетеді. Зерттеушінің көшпелі елдердегі суырып салушылық өнердің жоғары дәрежеде дамығандығы жайлы пікірлері назар аударарлықтай мәнді. Өлең сөзді суырып салып айту, кідіру-мүдіру дегенді білмеу себебін өзінше топшылай келіп, Шоқан: "Мұндай қасиеттің болуына көшпелілердің алаңсыз өмірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдызды, көк ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме, ол әзір бізге мәлімсіз", - деп жазады және "қазақ ақындарының импровизаторлық өнері көшпелі елдің салт-тұрмысына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық дәстүр негізінде туып, дамыды"... "Импровизаторлық өнері жағынан қазақ ақыидары көшпелі араб ақындарынан бір де бір кем түспейді", - деп салыстыра ой түйеді.
299
Естеліктерден Ш. Уәлихановтың өнерге, оны баяндаушыға деген сүйіспеншілігін, екіншіден, ана тіліміздің қоспасыз, таза күйінде сақталуын қадағалаған қамқоршы екеніп және халық арасында жылт етіп көрінген игі нышанды қалт жібермей тыңдай да, зерттей де білгенін аңғарамыз.
"Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті, дарынды және ғажайып сезімтал келеді... Сұлтандардың ерлік істері мен естеліктерін жырлайтын суырып салма ақындары олардың барлық руларында кездеседі. Қазақтардың барлық эпосы мен аныздары, ертегілері өте көп және олар өлең мен музыканы жақсы көреді"
Шоқанның бұл пікірлері поляк саяхатшысы Адольф Янушкевичтің ойларымен үндес келеді: "... мен алғаш рет өлеңшілерді тыңдауға мүмкіндік алдым. Бұлар қазақ трубадуралары, даланың бардтары - ұлы ақыңдары. Олардың өлең шығаруы мен қазақтардың көбіне тән орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой қабілетін тамаша айғақтайды, қазақтар еңбекке де беиімділігін байқатады".
"Қытайлар мен мұсылман жазушыларының деректері бойынша, ертедегі қазақтардың өз жазуы болған және басқа көшпелілерге қарағанда мәдениеттің анағұрлым жоғары сатысында тұрған". Шоқанның мұндай қортындыға келуіне окың Орхон-Енисей, Талас жазба нұсқаларымен де таныс болуы, Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының нығайғаны, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің арасындағы алғашқы саяси байланыстар осы кезеңде жасала бастағаны, мұндай дипломатиялық қатынастардың болғандығын 1575-1584 жылдары жүргізілген патша тізімдері айқындайтыны, "38-ші жәшікте Қасым ханның тұсындағы қазақ кітаптары мен көшірмелері бар" деген деректі дәлел, басқа да көптеген кене жазба нұсқаларда сақталған нақты фактілер себепші болған сияқты.
Шоқан Уәлихановтың әдебиет зерттеу ғылымына қосқан үлесі оның
И.Н. Березиннің "Хан жарлығына" жазған пікірі мен Жалайридің "Жәмих-ат-тауариғы" ("Жылнамалар жинағы") тарауларын алғаш орыс тіліне аударып, ондағы шығыс терминдерінің сөздігін жасағанынан да көрінеді.
Ш. Уәлиханов "Профессор И.Н. Березиннің "Хан жарлығы" кітабына ескертпе" деген шығармасында Сеадат-Гирей жарлығында ноғайлының Орал ордасындағы рубасы, ақтастық
300
Әли биді қазақ жырларында күні бүгінге дейін айтылатын Кіші орданың батыры Шораның қалай талқандағаны суреттелген.
"Жамих-ат-тауарихты" тарихи, әдеби құнды мұра ретінде бағалаған
Ш.Уәликанов Қадырғали Жалайри халқымыздың тарихын, өмірін басқа тарихшылардан жақсы білгендіктен, өз еңбегінде оларға кең орын бергенін, тілі өте коркем екенін кызыға жазған. Есімі аңызға айналған, түрік тілі арқылы дүние жүзінің барлық негізгі тілдеріне аударылып, әлемді шарлаған атақты "Оғыз-нама" эпопеясының бас қаһарманы Оғызхан жайлы мәліметтерге зор көңіл бөлген.
Ш. Уәлиханов зерттеулерінде "тарихи жыр" терминін қолданған. А. Байтүрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінде тарихи жырдың жанрлық ерекшелігіне мынандай анықтама берілген: "Тарихи жыр деп, тарихта болған оқиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихында жазылған мағлұматгар бар, халықтың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген оқиғалары толып жатыр, солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады". Шоқан ХУІІІ-ХІХ ғасырларда, Абылай заманы тұсында ерекше дамыған тарихи жырларға зор мән берген. Ғалымның "ХУІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" атты еңбегінде тарихи жырларда, аңыздарда есімдері зор сүйіспеншілікпен айтылатын тарихи тұлғаларға, олардың қаһармандығына ғылыми дәлдікпен, көркем барлау жасаған.
Шоқанның "XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз" шығармасында атақты Баян батырдың қазасы, қалмақ әйелдерінің (Шарыштың анасының, Теміржан батырдың қарындасының) жоқтау зары, елшілік алмасу дәстүрі және басқа да жайлар қамтылған.
"XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз" - белгілі сюжетке құрылған, оқиғасы қызғылықты, адам психологиясын терең ашып суреттеген асыл мұра, әрі қысқа, әрі нұсқа туынды. Ұлы зерттеуші осынау құнды шығармасында тарихи кейіпкерлерді қандай шебер шоғырландырған, заман тынысын қалай дөп басып, естен кетпестей айшықты бейнелеген десеңші! Көз алдыңызға кесек бітімді, мәрт мінезді ірі тұлғалар, жанды қаһармандар келеді. Өзіңізді қазақ даласындағы ұрыс майданына араласып кеткендей сезінесіз. Бұл қаламгер дарынның сиқырлы Қүдіреті болса керек!
Ш. Уәлиханов өзінің атақты "Жоңғар очерктері" арқылы
301
әлемге танылды. Бұл ғылыми, әдеби, тарихи, публицистік құнды еңбек өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Еуропа ғалымдарын, шетел баспасөзін, әсіресе неміс зиялыларын елең еткізді. "Жоңғар очерктері" Шоқанның ардақты есімін дүниеге асқақтата шарлатты.
Онда саяси-әлеуметтік мәні бар оқиғаларды ұлы ғалым жалынды публицистикаға тән сипатта шебер баяндайды. Философиялык, терең ой түйіп, батыл пікірлер айтады. Сөйтіп, ғылыми очеркті саяси деңгейге көтерді. Ал өзінің аса көрнекті мұрасы "Сот реформасы туралы ғылыми хатында" саяси көзқарасын бұрынғыдан да терендете түскен.
Ш. Уәлиханов Қашқарға барған сапарында көптеген материалдар, ауыз әдебиеті үлгілерінің бірнеше түрлерін, очерктер, сынақ мәліметтері, тарихи хабарлар, онда халык әдебиетінің үлгілері, білім, ғылым, оқу қырлары жинақталған деректер толы.
Ш.Ш.Уәлжановтың орыстың озық мәдениетімен танысып, көзқарасының қалыптасуына Омскідегі кадет корпусына түсіп оқуы себеп болды. Осы оқу орны арқылы жас Шоқан әскери даярлықтан өтумен бірге, жалпы білім беретін физика. химия, арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия, география, жалпы тарих, Ресей тарихы, орыс және Батыс Европа әдебиеті, философия негіздері, сызу, сурет, орыс және түркі тілдері пәндерін оқып үйренді. Кадет корпусында ол демократияшыл бағыттағы Н.Ф. Костылецский, К.К. Гутковский және Г. Гонсевский т.б. сияқты өз кезінің жан-жақты білімді адамдары болып табылатын оқытушылардан дәріс тыңдап, тәлім-тәрбие алды. "Корпустың осылардай жақсы оқытушылары, - деп жазады Ә.Х. Марғүлан, - жас Шоқанды білімге, ғылымға қызығушылық туғызды, оның демократиялық көзқарастарының қалыптасуына көмектесті, кітапқа, ғылыми және көркем әдебиетті оқуға сүйіспеншілігін тәрбиеледі".
Оқып жүрген кезінде Шоқанның өз кітапханасы болған, ол орыс және Батыс Еуропаның атақты жазушыларынан Пушкин, Гоголь, Белинский, Герцен, Диккенс, Теккерей т.б. көркем шығармаларын оқыған. Бұл жөнінде осы корпустағы оның досы Г.Н. Потанин былай деп жазады: "Шоқанның ой-өрісі тез дами бастады. Сондықтан ол өзінің орыс жолдастарын басып озып кетгі. Оның табиғи ақылдылығымен бірге басқа да артықша қасиеттері болушы еді... Шоқанға көп адамдар құштар болатын...
302
Бұл қырғыздың баласы сондай қабілетті, тіпті суретті де оқуға келуден бұрын жақсы сала бастаған".
Ш. Уәлиханов корпус оқытушыларының үлгі, әсерінен тарих, географиямен әуестеніп, соның негізінде өзінің туған өлкесін зерттеуді арман ете бастайды. Г.Н. Потанин Шоқанның оқьш жүрген кезінде-ақ ғылымға қатты құмартқанын былай суреттейді: "Ол мектеп қабырғасында-ақ саяхатшылыққа әзірленді, Палластың, Рычковтың, Левшиннің, Вельяминов, Зерновтың шығармаларын және басқа да толып жатқан кітаптарды бірнеше рет қайталап оқып үлгерді... Оған кадет басшылары келешектегі зерттеуші, мүмкін ғалым болады деп қарайтын еді". Ал кадет корпусының соңғы курсында өзінің оқытушысы Н.Ф. Костылецкий арқылы Шоқан Қазан университетінің профессоры И.Н. Березинмен танысады. Осы таныстық Ш. Уәлихановтың Шығыс тарихы мен ауыз әдебиетін зерттеуге бағытталған ынтасын бұрынғыдан да күшейте түсгі.
Шоқанның орыс ғалымдарымен достық байланысының кеңейе түсуінде орыстың көрнекті ғалымы және қоғам қайраткері Петр Петрович Семенов-Тянь-Шанскиймен (1827-1914) танысуының зор мәні болды. 1856 жылдың қасында Омскіде П.П. Семенов-Тянь-Шанский Шоқанды бірінші көргеннен-ақ болашақ ғалымның талаптылығына және табандылығына, білім құмарлығына сүйсініп, өмірін өз халқы үшін ғылым жолына арнамақ болған ниетін жоғары бағалайды.
Ш. Уәлихановтың философиялық саяси әлеуметтік жөне ағартушылық көзқарастары XIX ғасырдың ортасындағы орыстың материалистік философиясыньың Н.Г. Чернышевский бастаған революцияшыл демократтарының идеяларының ықпалымен қальштасты. Сонымен қатар оның демократиялық козқарастарының қалыптасуына екі жылдай Петербургте болуының да үлкен әсері тиді. Шоқанның Петербургтегі еңбегін Тянь-Шанский жоғары бағалады. Ол: "Өте үздік талант иесі болған Уәлиханов... соңынан Петербург университетінде лекция тыңдады және француз бен ағылшын тілдерін сонша жақсы үйренумен бірге, "Шығыс тарихын", әсіресе кырғыз тайпалас халықтар өмірін, өте білгіш больш шықты",- деп жазды.
"Современник" журналының редакциясымен танысып, орыстың ұлы революцияшыл демократы Н.Г. Чернышевскиймен кездесуі қазақтың жас демократ ғалымының материалистік және Демократиялық көзқарастарының қальштасуын жеделдетті.
303
Шоқан туралы: "Ол алпысыншы жылдардың қозғалысымен де әуестенді",- деп жазды академик А.Н. Пыпин.
Ш. Уәлихановтың орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы қайраткерле-рімен творчестволық байланыстарымен өрістеуі мен дамуына оның орыстың ұлы жазушысы Ф.М. Достоевский арасындағы таныстық 1854 жылы Достоевскийдін Семейде айдауда болған кезінде бастальш, әрі қарай Петербургте де жалғасты. Сонымен бірге олар алты жыл бойы (1856-1862 жылдар) өзара үзбей хат жазысып тұрды.
Ф.М. Достоевский мен Ш. Уәлихановтың жазысқан хаттары аса құнды тарихи-педагогикалық дерек болып саналады. Өйткені онда орыс пен қазақ қайраткерлерінің арасындағы достық қарым-қатынастардың тууы мен дамуы өте әсерлі баяндалған.
Ф.М. Достоевский өз хаттарында қазақ досына мейлінше кең ағартушылық міндеттер ұсынады. Атакты жазушы оны туған халқының ағарту жолындағы ой-арманын білдіруші болуға шақырады. Бұл жөніндегі ойын ол:
"... қазақ даласының не екенін, оның маңызын және өз халқыңыздың Ресейге қандай қатысы бар екенін Ресей халқына түсіндіріп беруші ең бірінші қазақ болу дегеннің өзі нағыз ұлы мақсат емес пе, оның бер жағында орыстар арасында өз Отаныңыздың ағарту жолындағы іздеушісі болуыңыздың өзі қандай игілікті іс",- деп білдіреді.
Ф.М. Достоевскийдің пікірінше, мәдениет қайраткерлерінің ағартушылық талпыныстары мен творчестволык еңбегі негізінен ел, халық жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысына, оқу-білім таратуға, қазақ жерінің өмірі мен тұрмысын мейлінше толық және жан-жақты көрсетуге бағытталуы тиіс.
Ф.М. Достоевский Уәлихановпен достығы, қазақ ғылымына шынайы қамқор ойлары, ақыл кеңестері арқылы орыс-қазақ мәдени қарым-қатынастарының кеңеюі мен дамуына зор үлес қосты. Ш. Уәлиханов – педагогика тақырыбына арнайы еңбек жазбаған адам. Бірақ оның ғылыми туындылары, орыс ғалым, жазушыларымен жақын достық байланыстары педагогикалық және ағартушылық жағынан мәнді болды.
Ол өз елінің оқу-ағарту мен ғалымын дамыту үшін күресті. Қазақ халқында экономика мен мәдениет саласында артта қалуына қатты қынжыла да қинала ой жіберіп, халық бұқарасын сол азаптан арылту жолында талмастан үлкен жұмыс жүргізді.
Ш. Уәлихановтың орыс-қазақ мәдени-педагогикалык
304
байланысының тарихындағы өшпес еңбегі сол - ол орыстың озат білімі мен ғылымын таратушы, насихаттаушы болды, артта қалушылық пен надандыққа қарсы күресті. Бұл жөнінде оның жақын достарының бірі Н. Ядринцев: "Ол (Ш. Уәлиханов) орыс қоғамын түсінетін және еуропалық цивилизация негізінде онымен туыстас болып кетуге дайын еді", - деп жазды.
III. Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Соңдықтан да оның пікірі халық ағартудың жайы саяси өкіметтің сипатына тәуелді болып келмек деген революционер-демократтардың пікірімен үндесіп жатады. Н.Г. Чернышевский "Июль монархиясы" деген еңбегінде "Саяси билік, материалдық әл-ауқат және білімділік - осы үш нәрсе бір-бірімен тығыз байланысты" десе, Ш. Уәлиханов та сол ізбен: "Халықтың жетіліп дамуы үшін бостандық пен білім кажет... Демек, оларды ең алдымен оқыту қажет",- дейді.
Оның ойынша мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы принципіне сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды арман етті.
Ш. Уәлиханов қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда "нағыз шынайы білімділер" ұясы болатындай мектеп түрлерін ұйымдастыруды талап етті. "Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді",- деді ол.
Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отыра, Ш. Уәлиханов ең алдымен жасөспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен (өз кезеңі үшін бұл ақиқат еді Ж. Ә.) бөлінген дүниелік білімдерді енгізуді жақтады. Қазақтар мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі,- Ш. Уәлихановтың пікірінше, монархиялық тәртіп пен ислам Діні. Сондықтан да ол ислам дінін қатал сынға алды. Діннен келетін ешбір пайда жоқ, адамдарды аздыра түседі, ой мен сезімнің дамуына кеселін тигізеді",- деп жазды ол. Шоқан діннің халықтарымыздың бірлігіне қауіп туғызатынын атап көрсетті.
305
Ш. Уәлиханов қазақ халқының болашағы мистицизмге де, аскетизмге де емес, тек цивилизация мен оқу-ағартудың табыстарына байланысты деп білді.
В.Г. Белинский сияқты, ол да халыкқа діни уағыздар мен өсиеттердің орнына, оның адамгершілік сезімін оятьш, ұлттық сана-сезімін дамыту қажет дейді.Бұл үшін Шоқан өкіметтің ислам дінін таратушыларға қамқорлық жасауға тыйым салуын, мұсылмандық діни мектептердің орнына орыс мектептерін ашуды талап етті. Өзінің бұл талаптарын ол "Даладағы мұсыл- мандық туралы" деген мақаласында негіздеді.
"... ақыл-парасаты тың, ұғымтал қазақ халқы бұл татар ағартушылары-нан ақыл-ой мен сезімнің еркендеуіне тосқауыл ғана бола алатын өлексе схоластикадан басқа не күте алады. Біз қалай да болса татар дәуіріне соқпай өтуіміз керек, ал өкімет бұл жөнінде де бізге жәрдемдесуі керек. ... Сөйтіп қазақ округтарында татар мектептерінің орнына орыс мектептерін ашу керек",- дейді.
Ш. Уәлихановтың дінге қарсы күресі Қазан төңкерісіне дейінгі қазақстандағы діни фанатизмге, надандық пен қараңғылыққа ағартушылық тұрғыдан алғашқы ашық түрде қарсы шығу болған еді. Бұл күрес Ресеймен жақындасу, орыс пен қазақтың мәдениет қайраткерлерінің достық-ынтымағы бағытында өрістеді. Оның айрықша маңызы да осынды еді.
Ш.Уәлиханов орыс ғалымы мен педагогикасындағы халықтық және ұлттық принципті негізге ала отыра, қазақ ағартушыларының ішінен бірінші болып өз елінің табиғатын, тарихын, : өмірі мен мәдениетін зерттеуге баға жетпес үлкен үлес қосты.
Шокан еңбегінің тағы бір өзіндік ерекшелігі - өз елін орыс жұртшылы-ғына таныстырып, екі халықты жақындастыруға тырысты. Сол халықтардың достығының, бауырластығының және өзара толық түсінушілігінің дамуына жағдай жасауды ойлады.
Ш. Уәлихановтың тарих, этнография, география, психология салаларындағы көлемді де ғылыми мәні терең зерттеулері, оған өз халқының мәдениеті туралы маңызды топшылаулар жасауға және қазақ пен орыс халықтары арасында достық қарым-қатынастарды нығайтудың қажеттілігі туралы ойлар айтуға мүмкіндік берді.
Қазақ халқын ол білімге құмар, бейбіт өмірді тілейтін, еңбек сүйгіш, момын халық деп сипаттады. "Біздің халқымыздың көркемдігі жағынан қалыспайтын өскелең әдебиеті бар... Оның
306
үстіне, біз... орыстармен тарихи жағынан да және, тіпті қан араласу жағынан да тығыз байланыстымыз",- деп жазды ол.
Ш. Уәлиханов адал патриот ретінде өз халқына деген шын сүйіспеншілігін басқа халықтарды сыйлау, олардың ұлттық ерекшеліктерін ұлттық демократиялық мәдениетін сыйлаумен ұштастырды. Шоқан өзінің ғылыми, мәдени және ағартушылық қызметін қазақпен көршілес Шығыс және Орта Азия халықтарының тарихын, мәдениеті мен ағарту мәселелерін терең зерттеумен байланыстырды. Ол бұл салада кытай, ұйғыр, монғол, бурят, ойрот, татар, башқұрт, қалмақ, қырғыз халықтарының тарихын, мәдениеті мен оқу-ағартуын зерттеп, шығыстану ғылымына ерекше үлес қосты. Шоқанның "Жоңғария очерктері", "Шығыс Түркістан", "Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу өлкесінің Шығыстағы алты қаласының жайы" атты еңбектері өз кезінің Шығыс зерттеу ғылымында бағалы жаңалық болды.
Ш. Уәлихановтың көршілес халықтардың рухани мұрасын зерттеудегі баға жетпес еңбегі оның бауырлас қырғыз халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын жете зерттеуінен айқын көрінеді.
Бұған - Ш. Уәлихановтың қырғыз халқының әдеби мұрасы "Манас" жырын жазып алып , өз замандастарын таныстыруы дәлел. "Манас" жырын зерттеушілердін, бірі, қазақ ғалымы академик Ә.Х. Марғүлан өзінің "Шоқан және Манас" атты монографиясында ол жайында былай дейді: "Манас" - тарихи заманнан таулы Азия қыратында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан қызықты жыр, қырғыз халқының айтулы мұрасы. Бұл жырды алғашқы рет қағаз бетіне түсіріп, оны әдебиет дүниесінің белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоқан еді". Шоқаи оз еңбектерімен қазақпен көршілес Шығыс және Орта Азия халықтарының арасындағы мәдени-ағартушылық байланыстар мен ынтымақтықтың мықты негізін қалады.
Ш. Уәлихановтың ағартушы ғалым болып қалыптасуына, қоғамдық-мәдени қызметіне Ресейдің алдыңғы қатарлы қайраткерлерінің тікелей ықпалы тиді, сонымен қатар оның орыс оқымыстыларымен ғылыми және мәдени-ағарту саласындағы достық қарым-қатынасы ғылым мен мәдениеттегі орыс және қазақ халықтары достық байланыстары тарихының тамаша кезеңін ашты. Шоқан - қазақ халқының мәдениеті мен ағартуы тарихынан көрнекті орын алатын қайраткер, халқымыздың мақтанышы, демократ-ағартушы, тұңғыш педагог, ақын жазушы.
307
Ыбырай Алтынсарин қазақтың
тұнғыш педагогі, ұстазы (1841-1889)
Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог -ағартушы, ақын және прозаик, публицист балалар жазушысы, орыс графикасы негізінде казақ алфавитінің негізін қалаушы ретінде Алтынсарин мектеп пен тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды. Сондай-ақ, оның тамаша тарихи, болашағына асқан сеніммен қарады. Ыбырай Алтынсариннің пікірі бойынша, ауыл мек- . тептері болыс мектептерінің бірінші бөлімінің бағарламасы бойынша жұмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс - деген қағида ұсынды. Ы. Алтынсарин қазақ халқына білім беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеледі - деген пікірден аулақ болды. Ол орта мектептер құру туралы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының университеттерде оқуын қалады. Алайда ол Ресей патшаларының жағдайындағы осыған ұқсас жоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып, Оренбург және Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерінде оқитын қазақ балалары мен жастарға арнаулы стипендия тағайындады. Ы. Алтынсарин кәсіптік білім берудің маңызын жете түсінді және жақтады. Ол Торғайда төменгі қолөнер училищесін ашудың жоспарын жасады және оны ашуды қолға алды. Ағаш- токорлы, слесарлы - ұсталық, тігін бөлімі бар Торғайдағы Яковлев қолөнер училищесі тек 1884 жылы ғана ашылды. Ы. Алтынсарин Қостанайдағы ауылшаруашылық училищесін ашу үшін өзінің, екі үйінің орнын және училище участкесі үшін қыстауындағы жерін берді. Алайда, бұл үстемдік етуші топтың әсері салдарынан ол ұлы Октябрь төңкерісіне дейін ашылмады, қолдау таппады. Училище сол күйінде ашылмай қалды. Ы. Алтынсариннің табандылығымен Орынборда 1886 жылы мұғалім даярлайтын
308
қыргыз мектебі ашылды. Бұл Орыс-қазақ мектептеріне мұғалім даярлаудың орталығына айналды. Сөйтіп, Алтынсарин қазақ халқының өмір мен салтына сәйкес келетіп қолтума қазақ мектептерін ашудың жолдарын көрсетіп берді, өзі ашты. Бұл жүйенің ең басты құндылығы барлық мектеп типінің мирасқорлығы болып есептеледі. Мұның ерекшелігі осында, яғни Ресей жағдайындағы мұндай мектептердің көпшілігі тұғырына тірелген еді.
Тұңғыш қазақ мектебін ашып, оқытуға кіріскен Ыбырай соған тікелей комектескен Н.И. Ильминскийге жазган (1864 жыл, 16 март) хатында: "Осы жылы наурыздың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де есті, жақсы балалар. Мен оқытуға, қойға шапқан қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетіп болды... Кейін парақор больш шықпаулары үшін, оларға адамгершілік жағынап әсер етуге де бар күшімді салып отырмын. Күлсеңіз, күле беріңіз мен кейбір оқытудан бос уақыттарда оларға ресми түрде молда болып та қоямын, сөйтіп, оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын. Менің қашаннан арман-тілегім қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады",- деп жазады.
Ұлы ағартушы-педагог тек мектеп ашумен шектеліп қалуға болмайтынын, бұған лайықты оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар керек екенін жақсы түсінді. Сондықтан Ы. Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырын, қазақ балаларына арнап "Оқу құралын" жазды. Сондай-ақ ол әдістемелік мәні бар "Семья мен мектеп", "Халық мектебі" журналдары мен қолөнері үшін қажетті Гестерманның техникалық коллекциясын, физика, химия кабинеттері үшін құрал-жабдықтар алдыруға 600 сом жинағанын айтты. Мұның бәрінен оның жалаң оқумен қанағаттанып қалмағанын, бұған қоса ғылым мен техника тетіктерін үйретуде көрнекілік тәсіл ұстанғанын көрсетеді. Сондай-ақ, аса қажетті кітаптар мен журналдарды орталық мектептерге топтап жинау арқылы сондағы кітапханаларды байытуды көздеді, оқимын деген жастар мен мұғалімдердің өз білімін көтеруіне қолдан келгенше жағдай жасамақ болдады. Автор сол тұстағы мектептерде дін сабағының өту мүмкіндігін пайдаланып, қазақ
309
балалары үшін "Шариятул-ислам" атты оқулық жазды. Бұл кітап кезінде балалардың мұсылман дінінің қағидаларьш игеруіне айтарлықтай үлес қосты.
Ыбырай жастарды оқу-білім, өнерге үндегенде, құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады. Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал-тәсіл қолданады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендік қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын әр шумақ сайын:
Бір құдайға сыйынып,
Кел, балалар, окылық,
Оқығанды коңілге
Ықыласпен тоқылық! -
деген жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу-білімнің пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білген. Сол хрестоматияға сөз басы ретінде берілген "Бір қүдайға сыйынып, кел, балалар, оқылық" атты өлеңде ақын оқушы түсінігіне жеңіл қарама-қарсы ұғымдарды әдейі шендестіріп қолданады. Мәселен, ол білімділік пен надандықтың аражігін ашып көрсету талабында жарық пен қараңғылықты катар, жарастыра алып сипаттайды. Осы орайда алдымен оқудың. пайдасын жарыққа балап:
Оқысаңыз, балалар
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар –
десе, надандықтың мән-жайын:
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап, - дейді.
Автор өзі үндеп отырған оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына үлкен мән береді. Ол үшін инемен қүдық қазғандай ыждаһат, сабырлылық қажет екенін ескертеді. Сондай сарыла ізденудің арқасында қол жеткізген оқудың азбас, тозбас өнерге айналатынын айтады.Ақын ойынша: оқу-білім мәңгілік, ол жұтамайды, таусылмайды. Ал бүған қарама-қайшы тұратын надандықты ақын:
Надандықтың белгісі -
Еш ақылға жарамас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас...
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас, -
310
деп бейнелейді. Сондықтан ол өз ойын қорытқанда да оқу-білімнің өмірдегі орнын, қажеттілігін баса көтереді. Осы орайда да Ыбырай бала жүрегіне жақын ата-ананың ертеңгі күнін көлденең тарта сөйлейді.
Әлпештеген ата-ене
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата-енең қартайса,
Тіреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса,
Сүйеу болар бұл оқу! - дейді.
Әдебиетімізде бұған дейін оқу-білім өнерге бірыңғай шақыратын мұндай жырлардың жоқтығын ескерсек, осы "Кел, балалар, оқылық" өлеңінің мән-маңызын бастан аяқ тың мазмұнды, жаңа сипатты шығарма дей аламыз. Ыбырай мұнда қазақ балалары түгіл, ересектердің ұғымында жоқ техника тетіктері мен құрал-жабдықтарының іс-әрекет, қозғалысы мен адамға көр-сетер қызметін суреттейді. Шынында, құлақ естіп, көз көрмеген паровоз, пароход, радио, телеграф, газ, электр, самолет, т.б. Сондықтан бұларды қазақ балаларына айтып түсіндіру талабында ол ел өмірінде бұрыннан бар жұмбақтау тәсілін ұстанады.
Автор сол таныс емес техника заттарының іс-әрекеттерін алдымен өзімізде бар нәрселермен теңеу арқылы ұғындырмақ болады. Айталық, ол паровозды "аты жок құр арба" деп бейнелесе, ал суда жүзген кемені кәдінгі нән балыққа балайды. Бұл, біріншіден, жұмбақ шешіп үйренген қазақ балаларының ойлау қабілеті мен соған деген ықылас-ынтасын арттырса, екіншіден, жаңа заттың болмысы мен қызметінен хабардар болып, нақты түсінік алады. Осындай танымдық сипаты жағынан теңдесі жоқ бұл жырлардың бір үзіндісі төмендегіше болып келеді.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзінді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
311
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді!...
Рас, еңбек пен өнерді игеруге шақыру халық ауыз әдебиеті үлгілерінде бұрыннан бар, алайда мұндағы негізгі мақсат кошпелі өмірдің талап-тілсктері төңірегінен аса қоймайтын.
Ы. Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып, сол Хрестоматиясына енгізді. Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пеп бауырмалдыққа, адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейіндік пен білімді еркін игеруге шақырды. Ыбырай прозасының басты ерекшелігі қазақ халқының мәдени-әлеуметтік өмірін арқау ете отырып, жаңа буын жастардың өсіп жетілуіне қажетті үлес қосу еді. Ұлы ағартушы өз Хрестоматиясының түзілім міндеті туралы Н.И. Ильминскийге жазған хатында былай дейді: "Қазақ балаларына, меніңше, мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер немесе оларды қызықтыратын, мысалы, жібек құртының, көбелектерінің өзгерулері сияқты әңгімелер тәуірірек болады. Өлең жағын мен мүмкін болғанынша қазақ өлендерінің арасынан іріктеп аламын. Екінші кітабымды мен балаларға қызықты етіп, табиғат құбылыстары, табиғат күштері туралы, тарих және географиялық-ғылыми әңгімелер келтірмекпін". Бұдан тұңғыш ұстаздың шәкірттерге ғылымның әр саласынан тыңғылыкды білім беретін пәндік оқуды енгізуді ойластырғанын көреміз.
Ыбырай әңгімелерінің негізгі түйіні: жас буынды өнер-білімге үндеу, адамгершілік мінез-кұлыққа тәрбиелеу болып келеді. Ол ел-жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске асады деп санады. Сондықтан ағартушы қазақ халқын егін егіп күн көретін отырықшылықтың артықтығын дәлелдеуге ерекше зер салады. Мысалы, "Қьшшақ Сейітқүл", "Киіз үй мен ағаш үй".
"Қыпшақ Сейітқұл" атты әңгімесінде автор мал баққан халықтың жүт пен барымтаға тәуелді екенін айта келіп, жоқшылыққа ұшыраған отыз үйлі тобырдың басшысы Сейітқұлдын, ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға үлгі етіп ұсынады. Ол сауда жасауға мал жоқ, үрлық істеуге оның түбі қорлық деп санап, өзен-сулы Қабырға деген жерге елін көшіріп келіп қоныстандырады. Жұртқа кетпен беріп, аз жылда малды
312
ауыл болып, байып та кетеді. Ойдан-қырдан келушілер көбейіп, артынша төрт жүз үйлі ауылға айналады. Сөйтіп, адал еңбек, маңдай терімен байыған жұрт өзгелер батып келе алмайтындай қорған тұрғызьш, қалалардан киім-кешек, азық-түлік алдырып, мамыржай өмір кешеді. Бұларға кезінде қосылмаған Сейітқұлдың ағасы үрлықпен жүріп колға түсіп мерт болады. Ыбырай осы оқиғаны тартымды да көркем етіп әңгімелей отырып, жортуылшының басы жолда қалғанын, ал адал еңбек еткендердің аз жылда ел қатарына қосылғанын накты дәлелдей алган.
Сондай-ақ жазушы "Аурудан аяған күштірек", "Асыл шөп", "Малды пайдаға жарату" атты әңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық секілді қасиеттерді тәрбиелеуге арналған. Ендігі бір алуан әңгімелері табиғат құбылысы мен оған деген адамның қарым-катынасын ашуға құрылады. Автор өмірлік құбылыстың сан алуан болып келетіндігі секілді соларды ұғып түсінудің де әр қилы екенін ашып аңғартуды көздейді.
Сондай-ақ жазушының балаларды әдеп пен әділдікке, қанағатшылдық пен жомарттыққа, сақилық пен тазалыққа, ізеттілік пен бауырмалдыққа шақыратын әңгімелері де бір төбе. Бұлардың ішінде жан-жануарлар тіршілігінен алып жазылғандары да аз емес. Мысалы, "Түлкі мен ешкі", "Қарға мен қүрт", "Сауысқан мен қарға" т.б. Алайда, оның балалар табиғатына жақын, қазақ өмірінен алып жазған шығармаларынын өзі аса елеулі. Осы орайда қара сөзбен келсе де айтыс өнерін еске түсіретін "Жан-жануарлардың дауласқаны", "Байұлы", "Сәтемір хан", "Жәнібек батыр", "Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары" тәрізді топтамала-рында тапқырлық, шешендікке баулуды мақсат етеді. Ыбырай өз әңгімелерін де шешендік, нақыл, аталы сөздерді жиі қолданып отырады.
Айталық, ол "Әке мен бала" әңгімесіңде ақыл-насихатка толы: "Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат ете білмесең, көптен де қүр қаларсың" секідді жолдарды ұсынса, "Қьшшақ Сейітқұлда": "Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай термен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды",- деп шешендік үлгіде сөйлейді.
Ыбырай әкесінен ерте айрылып, атасы Балғожа бидің қамқорлығында болған. Балғожа немересі Ыбырайды 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы қазақ балалары үшін ашылған мектепке оқуға береді. Оны Ыбырай 1857 жылы
313
ойдағыдай бітіріп шығады. Сөйтіп, ол математика, физика, биология, география, тарих, әсіресе орыс тілінен өз заманына сай терең де жан-жақты білім алады.
Орынборда жас Ыбырайдың көрнекті ғалым, Шығыс зерттеушісі, шекаралық комиссияның председателі В.В. Григорьевпен тығыз қарым-қатынаста болуы оны мол білім қазынасына құлшындырады. В.В. Григорьевтің бай кітапханасы арқылы Ыбырай орыс халқының атақты ойшылары Белинскийдің, Добролюбовтың, Чернышевскийдің еңбектерімен танысады. Ол әсіресе сол кездегі орыс қоғамының алдыңғы қатарлы идеяла-рымен зер сала танысты. Мұғалімдік және инспекторлық қызмет атқарған жылдары ол педагогика саласындағы жаңалықтармен, көпшілікке арналған ғылыми әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді баспасөзбен мұқият танысып отырды. Оның кітапханасында орыс әдебиетінің классиктерінің шығармалары және орыс педагогтарының еңбектері, сол сияқты шетел авторларының аудармалары, атап айтқанда Шекспир, Байрон, Руссо, Гегель тағы басқалардың еңбектері болды. Сөйтіп, шәкірттік кезінен бастап-ақ туысқан халықтардың кең арналы білім бұлағынан сусындайды.
Ыбырай өмірінің осы кезеңі жайлы Н.И. Ильминский былай дейді. "1859 жылы Каспий теңізінің жағалауын мекендейтін елді пунктті зерттеу үшін арнайы экспедиция жасақталған еді. Сол экспедицияның құрамында болып, Орынборға қайтьш оралғаннан кейін, мен Василий Васильевич Григорьевтің үйіне соқтым. Міне, дәл осы үйде мен тұңғыш рет Ыбырай Алтынсаринмен кездескен едім. Ол қара торы, сұлуша келген әдемі жігіт көрінді.
Григорьев Орынбор қаласындагы облыстың қазақ басқармасының басқарушысы екен де, Ыбырай Алтынсаринді өзіне хатшы етіп алыпты. Василий Васильевич маған Алтынсарин туралы аса бір ілтипатпен әңгімеледі. Ыбырайдың өз жеке басы, кісіні қадірлегіштігі, кішіпейілдігі басқаны сүйсіндірмей қоймайтын еді. Кейіннен де біз оқыған кітаптарымыз жайлы пікірлесіп, түсініксіз сөздер жөнінде әңгіме базарын құрып жүрдік. Ол біздің отбасының сүйікті қонағы болушы еді". Прогресшіл орыс ғалымдарының әсерімен ол көреген ғалым болып қалыптасты. Ыбырай тарих, әдебиет, лингвистика, әсіресе педагогика жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізуге маманданды. Ыбырайдың замандастары қазақ әдебиеті, тіл, этнография және педагогика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары
314
бағалады. Ыбырай орыс және дүние жүзі әдебиеті мен мәдениетінің алдыңғы қатарлы идеяларын терең ұғынып, оларды өзінің тәжірибесіне, ғылыми-зерттеудегі ізденістерше қолдану дәрежесіне көтеріліп. Мұның өзі оны орыс пен қазақ халықтарының арасындағы мәдени достық қарым-қатынастардағы қажырлы күресші дережесіне көтерілді.
Ы. Алтынсарин арман етіп, ұзақ күткен мектебі 1864 жылы 8 январьда ашылды. Мектептің ашылуын мәдениет пен білімге зәру болған халық той-думанмен қуана қарсы алды. "Осы жылы январьдың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектел ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, балалар. Міне, балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім, бұл балалар да менің айызымды қандырып, не бары үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша, жаза білетін болды...", - деп қуана жазды ұлы ағартушы.
Ы. Алтынсарин қазақ арасы тұңғыш рет мектеп ашты, оны сол кездегі орыстың озық педагогикасы тұрғысынан құрды, жаңа типті қазақ мектебінің кең таралуы жолында қажымастан еңбек етті, бұл бағытта ол елеулі табысқа жетті. Ол мектепте оқылатын сабақтарды мынадай жүйеде құрды:
1. Орыс тілінде оқылатын пәндерді ана тілінде түсіндіре отыра, орыс кітаптарын оқыту.
2. Әр түрлі нәрселер мен заттардың орысша аттарын үйрету.
3. Орысша сөйлеуте үйрету.
4. Методикалық талдау.
5. Көркем жазу.
6. Арифметикалык қосу, алу, көбейту, бөлу амалдарын жөнінен мәлімет т.б.
Ы. Алтынсарин мектепте оқуды негізінен ана тілінде жүргізді. Бірақ орыс тілі де оқу мазмұнының ең маңызды бөлімі саналцы.
Ы. Алтынсарин оқыту әдістерін жаңа бағытта оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздей отыра құрды. Мектеп оқуында, әсіресе ана тіліне үйретуде ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің терең ойларын басшылыққа алды.
1864 жылы май айының аяғында Ы. Алтынсарин салтанатты жағдайда, жұртшылық алдында өз мектебінде бірінші оқу жылы бойынша сын (емтихан) жұмысын өткізді. Оқуды дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде оқушылар төрт жарым ай ішінде орысша дұрыс жазып, оқи білетін болған. Шәкірттер 1000-ға
315
тарта орыс сөздерін үйреніп, оларды байланыстырып қолдану ережелерінен мәлімет алған.
1869 жылы Ы. Алтынсарин жұмыс бабына байланысты бұл мектептен кетуге мәжбүр болды. Бірақ демократ-педагог ЬІ. Алтыпсарии ашқан тұңғыш қазақ мектебі прогресшіл орыс педагогикасының негізінде туған қазақ арасындағы шын мәніндегі азаматтық мектептердің үлгісі, азаматтық білімнің ірге тасын қалауда алғашқы бастама болды.
Мұнан кейінгі жылдарда да ұлы ағартушы өзініқ педагогикалық ой-пікірлерін байыта, тереңдете береді. Әсіресе ол орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинскийдің мол мұрасына тереңірек үңіледі. Оның педагогикалық принциптерін жаңадан ашыла бастаған орыс-қазак, мектептерінің оқу-тәрбие жұмысына ендіру жолдарын іздестіреді. Ушинскийдің педагогикасын демократ-педагог Ыбырай зор көрегендіктен меңгере отырып, оның оқу-лықтары үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап жаңа оқулықтар жасауды жоспарлайды. Бұл жонінде ол Н.И. Ильминскиге жазған хатында: "Балалар дүниесі" ("Детский мир" - К.Д. Ушинскийдің оқулығы) маған өте ұнап кетті, өйткені онда менің аудармақ болып жүрген нәрселеріме жарамды мақалалар көп екен",- деп хабарлайды. Осылай қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин арқылы К.Д. Ушинский ілімі қазақ мәдениеті мен оқу-ағартуына және мектебіне тереңдеп ене бастады.
Ы. Алтынсариннің қоғамдық-педагогикалық қызметінің толысуы мен орыстың прогресшіл педагог қайраткерлерімен достық байланысының мейлінше өрістеген шағы - 1879-1889 жылдары қамтитын өмірінің соңғы он жылы болып саналады. Бұл жылдары тамаша педагог орыс педагогикасының бай қазынасын меңгеруде және оларды Қазақстанның оқу-ағарту жүйесінің тәжірибесіне асқан творчестволықпен пайдалануда, сөйтіп, орыс-қазақ педагогикалық байланыстарының берік негіздерін қалауда өрісі кең, тарихи жұмыстар жүргізді.
Ы.Алтынсарин орыс мектебінін, мол тәжірибесін терең меңгеру бағытында қажымастан еңбектенді. Әсіресе ол орыс бастауыш мектебінің қайраткерлері Л.Н. Толстойдың, Н.Ф. Бунаковтың, және Н.А. Корфтың шығармаларын, олар ұйымдастырған мектептер тәжірибесін ыждағатпен зерттейді.
Ы. Алтынсарин он жыл (1879-1889) бойы Торғай облысының халық училищелер инспекторы қызметін атқарды. Осы жұмысында сан салалы ағартушылық инициативалар көрсетуіне оның қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық құрылысын
316
және мәдени өмірін терең білуі зор мүмкіндік туғызды. Ол Қазақстанда оқу-ағарту мен мектептерді дамытудың түбірлі мәселелсрін қазақ халқының қоғамдық-саяси омірімен байланыстыра білді. Орыс педагогтарының озық идеяларын қазак халқының шаруашылық және әлеуметтік ерскшеліктеріне сәйкес шеберлікпен қолданды. Ол жаңадан ашылып жатқан мектептердің қазақ халқының саяси қоғамдық прогресіне әсер тигізетіндей болуын, олардың сахара даласында нағыз мәдени ошақтарға айналуын табанды түрде талап етті.
Алтынсарин мектептің мынадай болуын арман етті: жаңа мектеп жаңа өмір үшін күресшілерді дайындауы керек, оған діннің ешқандай ықпалы болмауға тиіс;
Мектеп халық үшін орыс мәдениетін, білімі мен ғылымын оқып үйренудің ошағы болуға тиіс;
Ол қазақ халқы арасына жаңа мәдениетті, жаңа әдеттер мен тәртіпті, гигиена мен санитарияны, қолөнер мен көркем өнерді тарататын бірден-бір мәдени ошақ болуға тиіс;
Мектеп өмір мен табиғат туралы ұғымдарды кітап арқылы ғана емес, көрнекті құралдарды қолдана отырып түсіндіруге тиіс;
Мектептің арнайы учаскесі, тәжірибе жүргізетін бау-бақша, гүл алаңы болуға тиіс. Мектеп жанында сол мандағы халықтын. сауатты бөлігіне қызмет ете алатын ыңғайлы жабдықталаған кітапханасы болуы керек;
алдыңғы қатарлы орыс мектебінің теориясы мен практикасының қол жеткен табыстарын пайдалана отырып, оқу процесін үлгілі ұйымдастыруға тиіс;
қазақ мектебіндегі ғылым негіздерін жүйелі түрде тиянақты оқытылып, ол сапалы оқу құралдарымен жабдықталуы керек;
мүғалім ұстаз әрі тәрбиеші ретінде мектепте барлық істің тетігін шешеді. Жұмыстың табысты болуы оның өз ісін сүйе білуіне, соған деген ынтасы мен ықыласына байланысты.
Өзінің инспекторлық қызметі кезінде, жергілікті халықтың қолдауымен жоие орыс ағарту қайраткерлерінің көмегімен жоғарыдағы талаптар тұрғысынан Торғай облысының барлық бес уездік калаларында бес екі кластық училище ашты. Олардың әрқайсысының жанында 50 орындық интернаты болды. Бұл учшщщелер үйлеріне, оларды жабдықтауға Ы.Алтынсарин орыс бастауыш мектептерінің үлгісін қолданды.
Қазақстан үшін бастауыш мектептердің негізгі түрі ретінде ауылдық жерлерде 5 болыстық мектеп ашты.
317
Ы.Алтынсариннің басшылығымен қазақтар үшін түңғыщ рет кәсіптік-техникалык, және мұғалімдер мектебі ұйымдастырылды. Ы.Алтынсарин Россияның ұлт аудандарында бірінші болып қазақ қыздарының мектебін ашып, оларға білім беру ісін жолға қойды.
Өзінің оқу инспекторы болып, жаңа мектептер ашу, олардың материалдық жағдайын оңдау елдің көңілін мектеп біліміне аудару сияқты ұйымдастырушылық істерінде кемеңгер ағартушы үнемі халыққа арқа сүйеді. Қараңғы қазақ халқын Ыбырай оқу, мәдениеті озық орыс халқынан үлгі алуға шақырумен болды. Оның халыққа деген үндеулерінде былай делінеді: "Балаларымыздың білім алуы жөнінде біздер, өздеріміз, балаларымыздың жақын туысқандары, қамқоршы болуымыз керек. Бұл іске мүмкіндігімізше қаражат бөлу керек, орыс және барша ұлттар білім арқылы бірнеше мыңдаған километр қашықтықтан хабар алатындай телефондар құруға, ат пен түйесіз тәулігіне 1000 шақырым жерге адамдар мен ауыр жүк таси алатын нар машиналарын шығаруға қол жетіп отыр".
Ы.Алтынсарин қазақ қоғамының патриархалдық-феодалдық артта қалушылығын жоюды арман етті. Осы бағытта ол қазақ даласында мектептің жаңа түрлерін ашуды ойластырды, қазақ жастарына жалпы білімдермен қатар, көшпелі елдің экономикасы мен тұрмысын жондеуге септігі тиетін арнайы кәсіптік білімдер берілген де жөн деп есептеді. Сондықтан екі класты училищелерде жалпы білім пәндерін өтумен қатар өмірге, тұрмысқа қатысты пәндерді енгізуді жақтады. Демократ-педагогтың бұл ойларының құндылығы: мектептегі өмірге, қазақ халқын шаруашылық дәрежесі ілгері тұрған орыс халқымен жақындастыруды көздеуі еді. Мектеп орыс халқынын "ғылыми және тәжірибе білімдерін қабылдау" құралы екенін терең түсінді. Мектеп екі халықтың достық байланысын нығайтатын дәнекер болуға тиіс деген ойда болды.
Ы.Алтынсарин екі класты училищелердің білім дәрежесімен қанағаттанбай, білім беру жүйесін әлі де жетілдіре беруге талпынды. Әсіресе ол қазақ жастарының қолөнерін, ауыл шаруашылығы мен басқа да білім салаларын меңгеруін қуаттады. Сондықтан ол қолөнершілікке шеберлер дайындайтындай екі класты қалалық училище ұйымдастыру мен жалпы білім беретін екі класты училищелерде ағаш пен металдан әр түрлі бұйымдар, құралдар дайындауға үйрететін, оқушыларды қоленершілік
318
еңбегіне әзірлейтін сабақтар енгізуді ұсынды. Міне осының барлығын ол қазақтарды отырықшылыққа айналдыруға септігін тигізуі тиіс деп есептеді.
Осы мақсатпен Ыбырай Торғайда ауыл шаруашылық қолөнер мектебін ашуға дайындалды. Оның жобасы бойынша мектеп жанында бау-бақша өсіру, мал шаруашылығы, егіншілік, өсімдіктерді қорғау және ветеринария сабақтары жүргізілуге тиісті болды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларын тері илеуге, сабын қайнатуға, тағы басқа сол кездегі қазақ өмірі талап етіп отырған қолөнер кәсіптеріне үйрету керек еді.
Ы.Алтынсариннің ұсынысымен және Орынбор оқу округының белгілі қайраткері В.В. Катаринскийдің қолдауымен қолөнер мектебі 1883 жылы Торғайда ашылды. Қазақ даласында мұндай оқу орнының ашылуын орыс жұртшылығы жоғары бағалады. Бұл жөнінде жергілікті баспасөзде: "Алтынсарин мырзаның қазақтарға тым жақындығының, әсіресе оның асқан жігерімен өзінің қоғамдық міндетіне құштарлығының, өз халқына деген толық сүйіспеншілігінің нәтижесінде ғана қолөнер мектебін ашуға мүмкін болды", - деп жазылды.
Осы қолөнер мектебін Ы.Алтынсарин Қазақстаннын, экономикалық ілгерілеуінде қазақ халқының арасында реальды білімді таратудың негізін салатын маңызды оқу орны деп есептеді.
Қазақ жастарын орыс мәдениеті мен біліміне таратуда Ы.Алтынсариннің басшылығымен қазақ қыздары үшін ашылған пансионатты қыздар училищелерінің негізгі оқу пәндері -тігіншілік өнері болды, онымен бірге қазақ қыздары орыс тілін (жазу, оқу) және арифметиканы окыды.
Тамаша педагог қыздар училищелеріне зор тәрбиелік міндеттер жүктеді. Ол бұл училищелер арқылы қазақтардың арасында семья тәрбиесін өрістеуді көздеді.
Училищелерде оқыған қазақ қыздары Ы.Алтынсаринді ұстазы және қамқоршысы деп білді. Олар сол замандағы әйелге деген патриархалдық-феодалдық көзқарасқа қарамастан, қазақ қыздарын білімге тарту жөніндегі оның ізгі өсиеттерін орындауға тырысты. Ыргыздағы қыздар училищесінен білім алған Қымбат Айтжанқызы Бөлекова "Көзімді ашқан Ыбырай" деген мақаласыңда кейіннен былай деп еске алды: Менің әкем Айтжан сауатсыз адам болған... баланы оқытудегенді көп армандайтын. Сөйтіп, жүргенде Сарыбатыров Бөлебай деген жігіт мені оқуға сұрап келді. Ол сауатсыз қазақ халқы үшін Ырғыз қаласынан
319
1887 жылы қыздар училищесі ашылғанын, училищені ашқаң қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин екенін, өзінің сол Ыбырай Алтынсариннің өкілі екенін айпы.
Сонымен, 1887жылы Ырғыздағы қыздар училищесіне бірінші болып мен түстім. Менімен бірге 20 қыз оқыды. Көпшілігі қазақ қыздары. Біз Пушкиннің "Зимний вечер", Ы. Алтынсарин нің "Кел балалар, оқылық" деген өлендерін жаттап айтып жүрдік.
Мен училищені 1892 жылы үздік бітіріп шықтым... Ы. Алтынсариннің ізімен, барған жерімде орыс тілінде бастауыш мектеп аштым. Бірінші жылы өзім сонда мұғалима болдым. Одан ; әрі үй шаруашылығы қол байлаулық жасады. Менің орнымда, Кузнецова дейтін орыс қызы келді".
Ы. Алтынсарин 1886 жылы "Қазақтың болыстық мектептері жайлы" маңызды еңбегін жазып, оны Орынбор округі -арқылы Халық ағарту министрлігіне жіберген. Болыстық мектептер жөніңдегі ұсыныстарын негіздеуде ол Орынбор оқу округінің инспекторы, Қазақстанда білім тарату ісінде елеулі еңбек сіңірген адам В.В. Катаринскиймен көп пікірлесіп, кеңесіп", отырған. Ы. Алтынсарин қазақтардың сол кездегі әлеуметтік- экономикалық өмірі үшін болыстық мектептердің тиімділігін дәлелдеді. Болыстық мектептер қазақ ауылының көшпелі тұрмысына сәйкес келеді, себебі жазда олар елмен жайлауда көшіп жүретін, қыста елмен бірге қыстауды мекендейтін болады деп есептеді. Ы. Алтынсарин тірі кезінде бес жерден болыстық мектеп ашты. Сөйтіп ол халық арасына білімді кеңірек таратуға мүмкіндік беретіндей мектептің жаңа түрі - болыстық мектептердің негізін қалады.
Ал енді ауылдық, болыстық мектептерді көбейту ең алдымен мұғалімдер кадрларын даярлауға байланысты еді. Кемеңгер ағартушы бұл күрделі мәселені шешуде де өлкедегі алдыңғы қатарлы орыс ағартушыла-рының тәжірибесіне, әсіресе олардың осы саладағы тікелей көмегіне сүйенді. Бұл мәселені сол кездегі Қазақстан жағдайында шешудің негізгі екі жолын көрсетті: біріншіден, қазақтардың өз араларынан мұғалімдер даярлайтын оқытушылар мектебін ұйымдастыру, екіншіден, жаңадан ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Россиядағы педагогикалық оқу орындарын бітірген жас мұғалімдерді шақыру.
Қазақ мұғалімдерін даярлайтын оқытушылар мектебін ұйымдастыруда да Ы. Алтынсарин Н.И. Ильминский және В.В. Катаринский тығыз қарым-қатынаста болды. Бұл мектеп
320
1883 жылы Орскіде ашылды. Орск оқытушылар мектебі өзінің оқу-тәрбие жұмысын Халық ағарту министрлігінің орыс мұғалімдері семинариялары жөніндегі нұсқауларына сәйкес жүргізді. Мектептің педагогикалық коллективінде өз ісіне шын берілген, қазақ мүғалімдерін даярлауға ынталы мамандар болды.
Мектепті 1886 жылы бітіріп, мұғалімдік мамандыққа ие болған оның алғашқы 20 түлегі Қазақстанңың әр жеріне мұғалімдік жұмысқа жіберіледі. Бұл жөнінде олардың қызықты естеліктері де бар. Осы мектепте 1885-1890 жылдары оқып, қейіннен Қазақстанның белгілі ағарту қайраткері болған Ахмет Балғынбаев өз естелігінде: "Тәрбиешілер құрамы татар, башқұрт, және қазақ тілін, қазақтардың әдет-ғұрыптарын қазақ мұғалімдерінің өздерінен кем білмейтін тамаша адамдар болды. Мектеп инспекторы оз шәкірттерін мейлінше жақсы көрді, нашар үлгерушілерге көмектесіп, олардың оқуға ынтасыи арттырды. Ботаника, физика, химия, минерология және зоология оқытушылары сабақтарды қарапайым түсінікті өткізіп, химия мен физикадан сәтті тәжірибелер жүргізетін",- деп еске алады.
Орск оқытушылар мектебінен білім алған жас мұғалімдер екі класты орыс-қазақ училищелерінің, болыстық және ауыддық мектептердің меңгерушілері және оқытушылары болып қызмет атқарды. Бұл мектеп қазақ мұғалімдерінің алғашқы тобын даярлаған тұңғыш арнайы педагогикалық оқу орны еді.
Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулерге қарағанда, Ыбырай елде жалпы оқу-ағартуды дамытуда, әсіресе жаңадан ашылып жатқан мектептерді мұғалімдермен қамтамасыз етуде, Қазақстанмен көршілес елдердің алдыңғы қатарлы ағартушылармен де тығыз қарым-қатынаста болған.
Ы. Алтынсарин чуваш халқының атақты ағартушысы И.Я. Яковлевпен байланыста болған. Ыбырай И.Я. Яковлев арқылы Симбирь губерниясының мектеп инспекторы, атақты педагог И.Н. Ульяновтың педагогикалық дәстүрінде тәрбиеленген чуваштың тұңғыш мүғалімдер мектебін бітірушілерді орыс-Қазақ мектептеріне оқытушылыққа тартуды ойластырды. Сондай-ақ орыс емес халық жастарын орыс тіліне үйрету жөніндегі И.Н. Ульянов пен И.Я. Яковлевтің мол тәжірибесімен жете танысуды көздеді.
Ы. Алтьшсарин мен И.Я. Яковлев арасындағы орын алған байланыстарға себепкер болған профессор Н.И. Ильминский еді. Оған дәлел ретінде чуваштың И.Я. Яковлев атындағы
321
педагогтық институтының педагогика кафедрасының оқытушысы Н. Красновтың: "Н.И. Ильминскийдің өзінің алдында Ы. Алтынсарин мен И.Я. Яковлевтің кездескені жайлы хаттары сақталған",- деп жазғанын келтіруге болады.
Ы. Алтынсарин да, И.Я. Яковлев те жаңа демократиялық мектеп жүйесін ұсынды, ана тіліндегі тұңғыш мектептердің алғашқы мұғалімдері болды, әйеддерге арналған мектептер ашты. Чуваш және қазақ мектептеріне арналған алғаш оқулықтардың авторлары да осылар болатын. Бұл екі атақты қайраткердің өзара достығы қазақ халқы мен чуваш халқы арасындағы достық байланыстың бастамасы еді. Ы. Алтынсарин өзінің оқу инспекторы болып тұрған кезінде орыс-қазақ мектептері жас мұғалімдерінің арасында жиі болып, оларды жергілікті қазақтармен жақындастыруга көп көңіл бөледі. Ол жас мұғалімдерді мектептердің оқу-материалдық базасын кеңейтуге, оқушыларды мектептерге орналастыруға және оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты істерге үйретіп отырады.
Ы. Алтынсариннің жас мұғалімдерге деген қамқорлығы олардың оқытушылық өмірінің барлық саласын: атап айтқанда, олардың оқу ісіне жауапкершіліктерін, тіптен күнбе күнгі өміріне қатынасты мәселелерін де бірдей қамтыды. Кемеңгер ұстаз жас мұғалімдермен жазысқан хаттарының бірінде, мысалы, дидактика мен методика жөніндегі ойларын баяндаса, басқа хат-хабарларында жас мұғалімдермен ұстаздық өмірдің алуан салалары жөнінен пікірлесіп отырады.
Жас мұғалімдер Ы. Алтынсариннің еңбегін аса жоғары бағалады, оны мейлінше құрмет тұтьш, талантты ұстаз, басшы және дос деп есептеді. Барлык мұғалім онымеп кездесуді асқан қуаныш деп бағалады. Мұндай кезеңдер біздермен шын мәнінде ыстық дидарласу болатын, өйткені Алтынсарин мұғалімдер үшін тек қана бастық емес, әке ретінде ең қадірмен туысқан сияқты болатын. Оның мектепке келуін көңілді мерекедей қуана қарсы алатын ек, оған барлығын айтуға, мектеп тәжірибесіне байланысты өзіміздін, барлық қателіктерімізді де айтуға болатын, осының барлығына ол шын көңілмен риза болып, болашаққа нұсқаған келелі кеңестерін беретін",- деп еске алады оқытушылардың бірі.
Өзінің инспекторлық жұмысында Ы. Алтынсарин іс жүзінде қазақ мұғалімдері мен орыс мұғалімдерінің алғашқы тобы арасындағы достықтың мықты негізін қалады. Ол Түркістан
322
оқушылар семинариясының түлегі, Сырдария облысындағы қазак мүғалімі Е. Букиннің тағдырына тікелей араласқан. Е. Букин Түркістан оқу округында қазақ жәнс орыс мұғалімдерінің достық байланысын нығайтуға көп еңбек сіңірді.
1883 жылы Е. Букин Ташкентте жергілікті орыс педагогтарының тікелей көмегімен Түркістан оқу округындағы мектептеріне оқу құрал ретінде "Орыс-қазақ сөздігін" бастырған. ЬІ. Алтынсарин осы оқу құралын орыс-қазақ мектептері мұғалімдерінің арасына таратқан. Осылай ол Қазақстанның оңтүстігінен шыққан орыс-қазақ оқу-ағарту қайраткері, мұғалім Е. Букинді қызу қолдады.
Қазақстандағы халық мектебінің негізін салушы және қазақтың ағартушы-педагогы Ы. Алтынсариннің өшпес еңбегі - ол өз заманының шытырман да қиын жағдайына қарамай, прогресшіл орыс педагогикасының қағидаларына сүйенді.
Ы. Алтынсарин К.Д. Ушинскийдің, Л.Н. Толстойдың үлгісімен орыс-қазақ мектептерінің оку мазмұнын анықтайтындай жаңа оқулықтар жазуды көздеді. Бұл туралы Илминскийге 1862 жылы жазған хатында: "Молдалардың оқытып жүрген татар, араб, парсы кітаптарының бәрі де адам баласын дұрыс ойдың бәрінен адастырады, кері кетіреді. Ал басқа халықтар сияқты қазақтарға да олардың өздеріне түсінікті тілде жазылған, оқығанда акыл беріп, ой түсіретін кітаптар керек. Бар күшімді жинап мен "Балалар дүниесінен" бір мақаланы қазақшаға аударып көргелі отырмын, тірі болсам, оны сіздің шолып шығуыңызға жіберемін",- деп хабарлады.
Ы. Алтынсариннің пікірінше, орыс-қазақ мектептеріне арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің, халық даналығының бай қазынасын көрсетуге тиіс және оның мазмұнында орыстың демократияшыл әдебиетінің материалдары мол болуы қажет. Сонымен бірге мұндай оқулықтар діни мектептерге және мұсылман идеологиясына бағытталған болуы керек.
Ағартушы педагог ең алдымен өзінің оқулығының идеялық бағытын халықтық принцип негізінде, балаларды өз Отанына сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу бағытында құруды ойлады. Осы мақсатпен ол 1862 жылдан бастап қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеп, жинастырды, олардың мазмұнын халықтың мұңы мен мақсатын болашаққа деген талпынысы мен тебіренісін көрсетті. Бұл жөнінде де Н.И. Ильминскийге 1876
323
жылы жолдаған хатында:... Қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым. Ол мынадай олеңдермен бастадым:
Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық...
Қазақ балаларына, меніңше, мағыналы... жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер немесе оларды қызықтыратын... әңгімелер тәуірірек болады. Өлең жағын мен, мүмкін болғанынша, қазақ өлендерінің арасынан іріктеп аламын.
Ы. Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы" атты оқулығы және дидактикалық құрал болып есептелетін қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы 1879 жылы жарық көрді.
Бұл кітаптардың жарық көруі қазақ қоғамының мәдени өмірінде баға жеткісіз оқиға еді. Бұл халық тіліндегі оқулық туралы, сол арқылы берілтіп жалпы білім мен ғылым туралы соны ұғым, жаңа түсініктен туған еді. Меңіреу дала өмірінде тың өзгеріс жасаған бұл оқулықтар Ыбырайдың өз тұсында да, одан кейін де халкымыздың рухани өміріне зор ықпалын тигізді, қазақ жастарының бірнеше ұрпағы осы оқулықтардан тәлім-тәрбие алып өсті.
"Қазақ хрестоматиясын" жазуда Ыбырай Алтынсаринға К. Д. Ушинскийдің педагогикасы мен оның "Балалар әлемінің", Л. Н. Толстойдың, И. И. Паульсонның, Н. А. Корфтың және басқаларының оқулықтарының күшті әсері болды.
Бастауыш мектепке арналған орыс оқулықтарының негізінен үш түрі болды да, олардың өзара педагогикалық ерекшеліктері бар еді. К. Д. Ушинскийдің "Балалар әлемінде" оқу мазмұны бала ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми материалдар арқылы берілді. Ол материалдар методикалық дәйекгілікпен, логикалық және психологиялық жағынан дәлелді түрде орналастырылған. Л. Н. Толстойдың "Оқу кітабында" балаларға жақынырақ қызғылықты, тартымды, ұғымды материалдар кеңірек орын алған. Бұл материалдар арқылы мектеп оқуында балалардың алдына өмірдің, ой-пікірдің, білімнің "құпия сыры" ашылып жатты. Ал, енді белгілі орыс методисі және педагогы И. И. Паульсонның оқулығында ауыл шаруашылығы, экономика және техника, жөніндегі матерлалдар болды
Ы. Алтынсарин терең білгірлік және шеберлікпен осы үш бағытты (ғылыми, көркем әдеби және пайдалы техникалық) өз оқулығында ұштастыра алды. Сондықтан "Қазақ хрестома-
324
тиясында" әртүрлі білім салаларынан ғылыми материал іріктелінді, қазақ балаларының қызығушылы мен талғамына сәйкес әңгімелер мен өлеңдер жазылды. Сонымен бірге оқулыққа телеграф, поезд және кеме жөнінен жазылған коркем әңгімелер мен өлеңдер беру арқылы техника жөніндегі тақырыптарды да енгізді, осыған орай оның "Киіз үй меп ағаш үй" әңгімесі өте тартымды болып шыққан.
"Қазақ хрестоматаясы" орыс графикасына негізделіп, жаңа алфавит бойынша жазылды. Орыс алфавитін қазах тіліне қолдану көреген педагог- тың уақытша ғана әуесқойлығы емес еді. Ол қазақ халқының арасына орыс білімінің таратудың тиімді жаңа жолдарын іздестіруге, орыс-қазақ мектептеріндегі сауаттылыққа үйретуді жақсартуға байланысты жүргізген ұзақ іздестірулерінің заңды нәтижесі болатын.
Қазақ тілі үшін орыс графикасыи пайдалану жөнінде Ы. Алтынсарин "Қазақ хрестоматиясында" былай деп жазды: "Бұл шығарғалы отырған кітабымыз көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жалпы пайдалы кітаптарына тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әріп жағынан да қайшы келмеуін көздеп, біз осы кітабымызды орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық".
Ы. Алтынсарин өзінің "Қазақ хрестоматиясы" арқылы қазақ халқының арасына алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының, ағартушыларының және педагогтарының озық шығармалары мен идеяларының кеңінен таралуы мықты негіз қалады, сөйтіп, Қазақстанға орыс мәдениетінің таралуына баға жетпес үлес қосты.
Қазақ мектептерін оқулықтармен қамтамасыз етуді армандаған Ы. Алтынсарин "Қазақ хрестоматиясының" екінші бөлімін жазуға кірісті. Оның мазмұнын ол белгілі орыс педагогы Н. А. Корфтың оқулығына сәйкес құрып, білім материалдарын өмір, тұрмыс талаптарына негіздеуді ойлады. Бірақ, ол бұл арманын жүзеге асыруға үлгермеді.
"Қазак хрестоматаясын" баспаға әзірлеу және оның жарық көруі жергілікті интеллигенцияның Ы. Алтынсаринға деген ілтипатын арттырды. Хрестоматияны бастыруда және оны жариялап насихаттауда "Оренбургский листок" газетінің редакторы И. И. Ефимовский-Мировицкий біраз еңбек сіңірді.
Ы. Алтынсаринның оқулығы жөніндегі қуанышты хабар Россияның мәдени орталықтарына да жетті. 1880 жылы 7 июльде А. С. Пушкинге ескерткіш ашуға байланысты өткізілген Москва
325
дворяндарының салтанатты мәжілісінде сөйлеген Орынбор интеллигенция-сының өкілі П. Распопов оз сөзінде Ы. Алтынсариннің "Қазақ хрестома-тиясы" жарық коргендігін, онда А.С. Пушкин шығармаларының қазақшаға аударылғандығын айтқан.
"Мен - деді ол, - Ресейдің алыс түкпірінен келген өкіл ретінде сіздердің көпшілігіңізге әлі мәлім емес жаңа бір жайды айтқым келеді. Осы залда тұрып көрегендікпен айтқан Пушкиннің өз сөзімен айтқанда, оның "даңқы бүкіл орыс жеріпе жайылады және ол барлық тілде сөйлейтін болады". Бұл қазір шындыққа айналып отыр.
Орынбор бекіністерінде ашылып жатқан ұлттық мектептерде балалар енді өз ана тілінде оқи алатын болды, олардың енді өз хрестоматиясы бар және ол оқулықтардың алғашқы бетінде біздің бәрімізге де аса қадірлі, арамыздан қыршын кеткен ұлы ақынымыздың шығармалары жүр. Қазактар мен башқұрттар орыс тілін оқып үйрену үстінде Пушкин есіміне қанык болады. Сонымен Ресейдің шығысында ұлы ақын таныла бастады.
Ы. Алтынсарин Қазақстан мектебінің ілгері дамуы орыс мектептерінін жетістіктерімен және алдыңғы қатарлы орыс педагогикалык ой-пікірлерімен байланысты екендігін жете түсінді. Міне, осы тұрғыдан ол дидактика мен әдістеме проблемаларын зерттеді.
Дидактиканың өзекті мәселелерінің бірі - мектепте ана тілін оқыту және жаңа алфавит проблемаларын қарастыруда Ы. Алтынсарин орыстың ұлы педагогтары К.Д. Ушинский мен Л. Н.Толстойдын және солардың Грузияда, Арменияда, Азербайжанда, Татарияда, Чувашияда т. б. жерлердегі жолын ұштастырушылармен пікірлес болды.
Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептеріндегі оқу үшін ана тілін өмірлік мәнді екендігіне, ал қазақ жазуының орыс алфавитіне негізделуі тиіс екендігіне мықты сенді. Оның ойынша, қазақ жастары ана тілін де, орыс тілін де білуі қажет. Сондықтан орыс-қазақ мектептеріндегі оқу тілінің проблемасын шешуде ол бастауыш мектеп пен екі класты училищелер қос тілді болуға тиіс, яғни бұларда орыс тілімен бірге казақ тілі де оқытылуы керек деп тапты. Өзінің мұғалімдік тәжірибесіне сүйене отырып, ол өз қарамағындағы мектептерде қазақ балаларын орыс және қазақ тілдерінде оқытудың жүйесін құрды, оны сәтті түрде іске асырды.
Өз жүйесінде Ы. Алтынсарин орыс тіліне үйретудің "аударма әдісі" дегенді қолданды. Бұл әдіс бойынша, шәкірт
326
оқуда ана тілінде де, орыс тілінде де еркін ойлау міндеттерін шешіп отырады, сабақты міндетті оқу құралы ретінде әр түрлі сөздіктер қолданылады.
Бірақ, Ы. Алтынсарин орыс тілі сабақтарында да ана тілін жанама, қосалқы санауға қарсы болды. Керісінше, ана тілінен жүргізілетін ауызша және жазбаша жаттығуларды, хрестоматияны оқуды ол жеке, дербес оқу жұмысы деп қарады. Сол сияқты орыс тілі сабағында ана тілін түсіндіру үшін ғана қолдануды ол ана тілін оқыту деп есептемеді. Міне. осындай күрделі педагогикалық мәселені жемісті шешу үшін алдымен, мүғалімнің өзі осы екі тілде сауатты сөйлеуі керек.
Ы. Алтынсаринның педагогикалық мұрасының манызды саласы К. Д. Ушинскийдің бастапқы білім теориясын меңгеруі және оны орыс-қазақ мектебінің тәжірибесіне шебер қолдана білуі. Атақты педагог мұның үстіне өзінің "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы" деген еңбегінде қазақ балаларына бастауыш білім берудің методикасын жасады. Бұл кітапта қазақтарды орыс тілінде оқытудың толық жүйесі жасалып, орыс граматикасын оқытудың бағалы методикалық нұсқаулары баяндалған.
Ыбырай Алтынсаринның мұғалімдерге арнап жазған методикалық нұсқауларында, есептері мен мұғалімдерге жазған хаттарында оның бағалы дидактикалық пікірлері баяндалған. Бұл пікірлері 60-70 жылдардағы алдыңғы қатарлы педагогтары мен методистерінің ықпалымен қалыптасты.
Ол К. Д. Ушинскийге сүйене отырып, жалпы білім беретін мектептің өмірімен байланысты болуын, ойластырылған белгілі жүйемен жүргізілуін талап етті. Оның дидактикалық ойларының К. Д. Ушинский мен үндестігі - оқу орнының бүкіл жұмысы өзара байланысты, біртұтас құрылуы керек деуінде еді. Мектепте негізгі оқу пәндері (орыс тілі, жаратылыстану, география мен тарих) жүйелі оқытылуга тиіс, оқытуда жүйе болмаса, мұғалім сабақтарының толық тұтастығы мен бірізділігі сақталмайды деп көрсетті.
"Орыс тілін, жаратылыстану ғылымын, географияны және тарихты оқыту жұмысы әрбір мектепте күн ілгері белгіленген бір жүйемен, оқу құралымен жүргізілуі керек, өйткені тәжірибеге Қарағанда оқыту, тәрбиелеу жұмысына дәйекті көзқарасы бекіп болмаған кейбір жас окытушылар оқу құралдарын бет алды өзгерте береді, оның үстіне, халық мектептерінде өтілетін пәндердің оқыту әдістері мен тәртіптерінің өзін өзгерте береді...
327
оқыту жұмысын былайша жүргізуден ешбір жақсылық күтуге болмайтынын күн ілгері-ақ айтуға болады", - дейді ол.
Ы. Алтынсаринның ойынша, оқушылар мектепте тек қана білім деректерінің жиынтығын қабылдап қоймай, белгілі көзқарасты қалыптасты-руы керек. Мектеп оқуы балалардың қабілетін жетілдіруге тиіс. К. Д. Ушинский сияқты Ы. Алтынсарин да білімдердің "идеясын", "негізгі дәнін", "күрс тамырын", меңгеру, оқыту ақыл мен ойға бағытталу" керек дегенді айтты.
Мұғалімдерге көмек және өнегелі басшылық ретінде Бобровскийдің педагогикасын, Коменскийдің "Ұлы дидактикасын", Ушинскийдің "Родное словосын", Бунаковтыд "Ана тілін", Корфтың "Біздің дос", Реклюдің "Жер. құрлық және мұхитын", Советовтың "Егіншілік пен мал шаруашылығын" ұсынды. Сол арқылы мұғалімдерді дүние жүзі және орыс педагогикасының бай қазынасымен таныстырды.
Ы. Алтынсаринның педагогикалық, әдеби және публицистикалық шығармаларында тәрбие, әсіресе, адамгершілік проблемаларына ерекше көңіл бөлінген. Халық мүддесін ойлау, ол үшін аянбастан қызмет ету оның педагогтық пікірлерінің негізгі мазмұны болып саналады.
Кемеңгер педагог және қоғам қайраткері Ы. Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық мұралары және тікелей ағартушылық қызметі арқылы тәрбие мәселесінде халықты еңбекке, отырықшылыққа, егін салуға, кәсіп, өнерге үндеді.
К. Д. Ушинский сияқты, Ы. Алтынсарин да мектепті саудагерлік рухта болудан, тар өрісті тәжірибелік шектелушіліктен сақтандырды. Ол мектеп тәрбиесінің қапас заманның қатал әдет-ғұрпына қарсы болуын, адамдарды жарасымды мінез-құлыққа, игі сезімге баулып, дүниеге кең көзқарасын қалыптастыруға бағытталуын уағыздады.
Демократ-педагог өзінен кейін өлмес іс, өшпес даңқ қалдырды. Ыбырай Алтынсаринның көзі тірісінде-ақ замандастары "Торғай қазақтары" деп қол қойып, "Оренбургский листок" газетінің бетінде 1884 жылы мақала бастырып, оның әдебиет пен оқу-ағартудағы орны мен рөлін, қазақ халқының тарихи тағдырындағы Россияның мәдени-ағартушылық ықпалын, осы ықпалды өзгертудегі Ы. Алтынсаринның ерекше еңбегін орынды бағалады. Мақалада: "Бізге Алтынсаринды берген орыс мектебі. Біз оны фанатизм мен надандыққа қарсы тікелей күреске шыққан, қазақтарды оқу-ағартуға, жаңа өмірге үйреткен
328
батыр деп білеміз", - деп жазылды. Шекспир мен Байронның, Гете мен Пушкинның тағы басқа орыс классиктерінің әсерімен тәрбиеленген, халықтың дәл ортасынан шығып, оның мұңын коксеген халық ақыны, қазақтың жазба әдебиеті мен тілінің негізін салған кеменгер ғылым деп санаған. Осы бір әділ де зор баға Ыбырай педагогикасы мен еңбегін өз отандастарының туңғыш тануы және бағалауы болды.
Ұлы педагогтың әр салалы ағартушылык, қызметін, оның алдыңғы қатарлы педагогикалық идеяларын, әсіресе оның орыс және қазақ халықтарының арасындағы экономикалық және мәдени байланысты дамытудағы еңбектерін орыс қоғамы, оның көрнекті қайраткерлері мен қарапайым мұғалімдері жоғары бағалады. "Қазақ халқының әдеби творчествосының ең тамаша өкілі Ы. Алтынсарин болды", - деп жазған педагог-ғалым А. Алекторов. Мұғалім Ф. Д. Соколов Ы. Алтынсаринның өз халқының оқу-ағартуы жөнінде жан аямай қамқорлық жасап, облыстың түкпір-түкпірінің аралап, оқытуға қаражат жинағанын, талмай үгіт жүргізгенін атап көрсетеді.
Ы. Алтынсаринның замандастары оны "қазактар арасына күллі адамгершілікгі және орыс білімін таратқан атақты педагог",- деп бағалады.
Ы. Алтынсаринның көзқарастарында белгілі қайшылықтар да кездеседі. Басқа да ағартушылар сияқты, ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіну дәрежесіне көтеріле алмады, тап күресінің мәні мен сипатына түсінбей, ол адам қоғамының дамуындағы оқу-ағартудың рөлін асыра бағалады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық мешеулігіне байланысты эксплуататорлық құрылысты революциялык жолмен өзгертудің қажеттілігіне
түсіне алмады.
Көзқарастарының кейбір кемшіліктеріне қарамастан, ЬІ. Алтынсарин қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері, өз заманының прогресшіл ағымының жаршысы, бұқара халықтың ақыл-ойшысы болды. Ол орыс пен қазақ халықтарының достығы жолында қажымай күрес жүргізді. Ол: "Қазақ халқы өзінің мүмкін болған бақытын алдағы уақытта тек орыс халқымен адамгершілік жағынан жақындаса түскенде ғана табады, орыс-қазақ білімі негізінде рухани және экономикалық даму арқылы табады", - деген дана өсиет қалдырды.
329
Достарыңызбен бөлісу: |