Педагогика



бет13/21
Дата22.03.2017
өлшемі12,35 Mb.
#12061
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

* * *

Н. Г. Чернышевскийдің революцияшыл қызметі мен көзқарасын демократтар жоғары бағалады. "Чернышевский 50-жылдардан бастал 88-жылғадейін тұтас философиялық материализмнің дәрежесінде бола білген, неокантшылардың, позитивис-

229

тердің, махистердің және баска сондай шатастырушылардың өрескел сорақылықтарын лақтырып тастай білген — орыстың бірден-бір шын ұлы жазушысы, — деп жазды.

Өзінің философиялық көзқарасы бойынша Н. Г. Чернышевский заманының ірі материалисі болды, ол дүние материалдық және объективті деп таныды. Нақты материалдық дүние адам білімдерінің негізі, сондықтан ол - бірінші, ал біздің ойлауымыз — материалдық дүниенің жемісі, сондықтан ол — екінші деп есептеген.

Қоғам өмірінің оқиғаларын түсіндіруде Чернышевский тарихи материализмге қарай өрлеп отырды, бірақ ол идеализмнен де түпкілікті арыла алмады. Социализмге ескі шаруалар қауымдары арқылы өтуді арман етті, өйткені ол социализм орнататын күш пролетариат екенін білмеді және ол кезде білуі де мүмкін емес еді. Бірақ Чернышевский өзінің теориясы мен ғылыми социализмге барлық утопистерден әлдекайда жақын келді, өйткені, ол өзінің үмітін революцияға артты. "Русьті қолдарына балта алуға шақырыңдар!"' — деп жазды ол. Демек, Чернышевскийдің утопиялық социализмі оның революциялық демократизмімен тығыз байланысты болды.
Тәрбиенің рөлі мен мәні
Чернышевский өз заманында кең талқыланып жатқан қоғамдық-педагогикалық мәселелерге араласты, соның бірі — адамның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар жөнінен айтқан ойлары. Бұл мәселеге ол саяси мән берді, себебі үстем тап ойшылдары адамның қалыптасуын алдын ала туғаннан белгілеп, адамның кім болары баланың нәсіліне байланысты деген теріс ойлар тарататын. Бұл пікір сол кездегі орыс крепостной шаруала-рының ауыр халінің, сауатсыздығының, мәдениетсіздігінің шын себептерін жасырып бүркемелеуге бағытталған еді.

Чернышевскийдің көрсетуінше, адамның рухани бейнесін сипаттайтын мінез-құлқының, адамгерішлігінің, басқа да қасиеттерінің өзгешелігі оның тұқымынан емес, адамның еңбегі мен өмір жағдайлары және тәрбиенің әсерінен болады. Оның "Ғылыми ұғымдар очерктері" еңбегінде әр мамандықтағы адамдардың, мысалы: жер өңдеушілердің, ақсүйектердің, қолөнершілердің түсінігіндегі, мінез-құлқындағы және әдетіндегі өзгешеліктер емес, олардың қоғамда алатын орнына, еңбегі мен тұрмыс жағдайларына және тәрбиесіне байланысты деп есептеген.

230

Батыс Европаның социалист-утопистері көрсеткендей, Чернышевский адамды өз айналасын қоршаған дүние мен тәрбиенің дәрменсіз нәтижесі демеген революционер болғандықтан, ол адам өзі өмір сүріп отырған ортасына, жағдайына белсенді араласуы тиіс, ұнамсыз ортамен күресуі керек деген. Міне, осылайша Н. Г. Чернышевский тәрбиені адамның қалып-тасуындағы негізгі факторлардың бірі деп дәлелдеп, оның рөлі мен маңызын аныктауда көп ілгері тұрды. Бірақ Чернышевский де кейде тәрбиенің рөлі мен мүмкіншілігін асыра бағалады.



Тәрбиенің маңызы жөніндегі мәселемен тығыз байланысты түрде Чернышевский самодержавиелік крепостнойлық құрылыс жағдайындағы Россиядағы тәрбиені, үкіметтің "ағарту" саясатын негізінен сынап өтті. Өзінің "Ырымшылдық және логика ережелері" деген мақаласында елдің қараңғылығы мен сауатсыздығын сипаттады: "Россия империясында тұрушы 65 немесе 70миллион тұрғыннан 5миллиондай оки білетін адамдар бар деп есептеледі, бұл цифрдың өзі де артығымен алынған болар", - деп қайғыра жазды. Көп мақалаларында ол мектептердің мүшкіл халін суреттейді: "Мектел тәрбиесінде Россияда да, Батыста да тоқыраушылық орын алған. Мұнан 300 жыл бұрынғыдай мектепте окыту әдістері де төмен, баланың өз бетінше ойлауы түбірінен жойылған". Осы көзқарастарынан кейін Чернышевский мектептің ағарту ісіні" бұл жағдайы жаңаша ойластырылған негізде өзгеруі тиіс деген қорытындыға келеді.
Тәрбиенің мақсаттары
XIX ғасырдың 60-жыддарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыстың, ықпалымен Н. Г. Чернышевский орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский бастаған ағарту ісінің прогресшіл қайраткерлерінің жалпыға бірдей білім беру талаптарын қолдады. Бірақ, ол бұл сияқты талаптардың шеңбері тар екендігін көрсетті, Чернышевскийдің дәлелдеуінше, халықтың материалдық хал-жағдайын түбірінен жақсартпайынша, халық саяси билікке ие болмайынша, оның оқып білім алуына берілген қандай право болса да іс жүзіне аспайтын бос қиял ғана болып қалады.

Өзінің "Земледельческая газета" және "Июль монархиясы" мақалала-рында бостандық пен ағарту ісінің бір-бірінен бөлінбестей байланыстылығын көрсетті, халық саяси өкімет билігін өз қолына алмай, ағарту жүйесі нағыз халықтық болмайтынын жете көре білді. "Саяси билік, материалдық әл-ауқат

231

және білімділік — осы үшнәрсе бір-бірімен тығыз байланысты, - деп жазды ол, — кімде-кім қайыршылықта кунелтсе, ол өзінің ой-өрісі тар адам билікті өз өмірінің пайдасына жұмсай алмайды. Саяси билікті пайдалана алмайтын адам езгіден, демек, қайыршылықтан, надандықтан арыла алмайды".

Револкщионер Чернышевский халық ағарту ісін түбірлі қайта қүрудың басты жолы — халық революциясы деп білді. Бұл мәселеде ол интернационалдық бағытта болды: ағарту ісіндегі ұлттық тежеушілікке қарсы шықты, білімді бүкіл халыққа жеткізу жолындағы күрес тек орыс халқының ғана ісі емес, өзге халықтардың да, бүкіл дүние жүзі адамдарының борышы деп есептеді. Осы мәселеге байланысты Чернышевский әр халықтың ана тілінде оқуын табанды түрде жақтады.

Н. Г. Чернышевский тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін де революцияшыл-демократтық тұрғыдан шешті. Оның ойынша, тәрбиенің мақсаты — қоғамдық идея жағынан ұстамды күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын, "азаматтық істерге" араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу.

Тәрбиенің осы мақсаттары арқылы тәрбиеленетін жаңа адамдардың аса маңызды қасиеттерінің бірі — отанға және өз халқына деген сүйіспеншілік деп есептеді. "Әрбір орыс адамының тарихи маңызы оның отанға еткен еңбегімен, оның адамгершілік азаматтығы — оның патриоттық күшімен өлшенеді", - деп жазды. Ол бұл образды өзінін атақты "Не істеу керек?" романындағы кейіпкер Рахметов арқылы береді.

Сөйтіп, Чернышевскийдің педагогикалық принципінде: бүкіл жаңаның жеңіп шығуы жолындағы күресшілерді тәрбиелеу, жаңа қоғам куресшілеріне қажет қасиеттерді тәрбиелеу талаптары болды.
Оқудың мазмұны мен әдістері
Н. Г. Чернышевский жан-жақты жетілген жас өспірімдер тәрбиесін жүргізудегі шешуші жол — жалпы білім беру, ал оны оқытып, үйрететін, онымен қаруландыратын орын мектеп деп есептеді. Ол халық мектептерін дамыту ісіне аса зор маңыз берді.

Черныш евскийдің зер сала көңіл бөлген мәселесі — осы мектепте берілетін білімнің көлемі мен бағыты жөніндегі мәселе еді. Ол осы кезде орыстың белгілі педагогы Н. И. Пироговтың "Өмір мәселелері" деген мақаласында негізделген мектепте алдымен жалпы білім беру жөніндегі ойларын қолдайдьг

232

Жалпы білім Чернышевскийдің көрсетуінше, адамның болашақ мамандарына негіз болады. Жан-жақты жетілдіруді көздейтін жалпы біліммен қаруландырмайынша, адамды білімді және маман деп түсінуге болмайды деді ол. Әрбір адам өзіне тән өмір саласының арнаулы жолына түсуіне қарамастан, жалпы білім оның болашағының мызғымайтын негізі болатындығын көрегендікпен дәлелдеп шықты. "Александр Сергеевич Пушкин..." деген еңбегінде жалпы біліммен қаруланған білімді адамды суреттейді: "Ол көлемді білімді, ойлауға машықтанған, сезімтал адам''.



Білімнің бағыты жөнінде ойластыра келе, Чернышевский табиғат және қоғам туралы, яғни ғылыми жаратылыс және қоғамдық білімдер беруді талап етті. Материалист болуына байланысты Чернышевский жаратылыстану ғылымын аса жоғары бағалады. Бұл ғылымды ол айналасын қоршаған дүние туралы адамда дұрыс козқарас қалыптастыратын, ескі наным, сенімдермен күресу құралы деп есептеді. Сөйткенмен де Чернышевский саяси-қоғамдық көзқарастарды қалыптастыратын ана тілінің, әдебиеттің, тарихтың маңызын да жоғары бағалап отырды.

Жаңадан құрылатын мектеп, Чернышевскийдің көрсетуінше, жаңа дидактикалық негізде, ескі мектептін әдістерінен басқа, жаңа оқыту әдістерімен жұмыс істеуі тиіс. Оқытуды ұйымдастыру, окыту әдістері мен тәсілдері оқушылардың сан алуан білімдерді ойдағыдай игеруіне, олардың рухани күші мен қабілеттерінің жан-жақты дамуына, дұрыс ой-пікірлерінің қалыптасуына зор әсер етуге тиіс деп есептеді. Материалдың көлемін, сипатын және оқыту әдістерін анықтауда оқушылардың ерекшеліктерін, олардың ой-өрісі мен қабілеттерін қатаң еске алуды, материалдың біртіндеп және тізбектеп берілуін әрдайым сақтап отыруды, мазмұндауда да, анықтамаларда да қорытындылар мен тұжырымдардың анық та дәл айтылуын талап етті. Сондай-ақ шәкірттердің ойлай білуін дамытудың және де өздігінше білім алатын дағдыларын егудің маңызды құралы ретіңде оқушылардың өздігінен істейтін жұмысына зор маңыз берді.

Чернышевский әсіресе мүғалімнің сабақтағы баяндауы мен әңгімесіне баса назар аударды, сабақтың тартымды формада, қарапайым да ұғымды, көп сөзді болмай, орынды дәлелдер, айқын мысалдар, анық деректер келтіріп жүргізілуін талап етті.

233


Адамгершілік тәрбиесі
Н. Г. Чернышевский жас өспірімдерге, болашақ белсенді қоғам қайраткерлеріне, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік сапалар мен қасиеттер қажет деп есептеген: патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыра білу, кішіпейілділік, әдептілік т. б.

Патриотизм, Чернышевскийдің көрсетуінше, адамгершіліктің басқа бір саласы гуманизммен тығыз байланысты. Ортақ іске қызмет ету үнемі адамгершілікті керек етеді дей отыра, Чернышевский гуманизмді теріс ұғынушыларды сынады, оның пікірінше, шын гуманист адам айналасындағы адамдарға зор сүйіспеншілік және құрмет сезімімен қарауы, қайырымды болуы, зиянды әрекеттер мен істерге қарсы шығуы, адам баласының мұң-мұқтажын біліп отыруы, жамандық атаулының бәріне келіспес, мейірімсіз күрес жүргізе білуі тиіс. Ол жастарға М. В. Ломоносов пен Н. В. Гоголь патриотизмін үлгі етті.

"Саяси экономиканың негіздері", "Н. А. Добролюбов", "Гоголь дәуірінің очерктері..." деген және тағы басқа шығармаларында Н. Г. Чернышевский адамгершіліктің маңызды бір саласы, адамның өмір сүру шарты, адамның пайдалы істері мен әрекеті — кең мағынадағы еңбек деп есептеді. Сондықтан жастар табанды түрде еңбекке, жалпыға пайдалы жұмысқа тәрбиеленуі, оны сүйе білуі тиіс. Болашақ қоғамның барлық мүшесі өз әлдеріне қарай еңбекке араласады дей отыра, "Не істеу керек?" романында ("Вера Павловнаның төртінші түсі") болашақ қоғамдағы ерікті де сергек еңбекті суреттейді. Чернышевскийдің ойынша, мектептің басты міндеті - оқушыларды еңбекті құрметтей білуге және оның дағдыларын үйрете білуге тиіс, бұл тек сөз арқылы иландырумен бітпейді, қайта балалар әр түрлі еңбек салаларына тікелей араласуы керек.

Тәрбиенің әдістері жөнінен Чернышевский сендіру, иландыру әдістерін қолдайды. Ол сапалы оқудың өзі тәрбиеге күшті әсер ететіндігін ескертті.

Чернышезский оқу мен тәрбиедегі негізгі жауапкершілік мүғалімге жүктеледі деп есептеді, сондықтан мұғалімнің педагогикалық қызметі мен қоғамдық орнына ерекше мән берді "Саяси экономиканың очерктері" деген еңбегінде мүғалімді өз халқы мен Отанына қызмет етуші қайраткер деп бағалады.

Ғылыми және идеялық мазмұны жағынан Н. Г. Чернышевскийдің педагогикалық көзқарасы, педагогика туралы

234

Маркске дейінгі ойшылдар айтқан пікірлердің ең құндысы болып табылады. Педагогика мен ағарту ісіндегі реакцияшыл көзқарастарға қарсы күресте оның көзқарасы Россияның прогрессившіл күштерінің тамаша құралы болып табылады.


Н. А. Добролюбов - сыншы, публицист - педагог

(1836-1861)
Орыс халқының ұлы ойшылы, тамаша сыншысы және публицист, педагог Николай Александрович Добролюбов 1836 жылдың 24 қаңтарда Нижний Новгородта (қазіргі Горький қаласы), священниктің семьясында туды. Әл бастапқы білімді үйінде және діни мектептен алды. Діни семинарияда орта білім алғаннан кейін, Петербургтегі Бас педагогикалық институтқа түсіп оқиды.

Н. А. Добролюбов педагогикалық мәселелермен студент кезінде-ақ әуестенген, 1856 жылы "Современник" журналында оның Бас педагогикалық институттың тым мүшкіл халін суреттеген мақаласы жарық көреді. Н. Г. Чернышевскийдің бағалауынша, бұл мақала жұртшылыққа "тамаша әсер етеді". Осы студенттік кезінде "Современник" журналына "Тәрбиедегі беделдің мәні туралы" деген әйгілі педагогикалық мақаласын жариялайды.

1857 жылы Н. А. Добролюбов институтты жемісті аяқтасымен, "Современник" журналының редакциясына тұрақты қызметке орналасады, мұнда ол алғашқы күннен бастап өзінің тамаша публицистикалық мақалалары арқылы асқан іскерлігі мен дарындылығын байқатады.

Бірақ Н. А. Добролюбовтың тым әр салалы және жемісті қызметі ұзаққа созылмайды, жастайынан жабысқан өкпе ауруы күшейе береді. 1860 жылы шетелге емделуге барады, бірақ дерттің беті қайтпайды, 1861 жылы августа Петербургке қайта оралып, осыдан төсек тартьш жатьш қалады да, 1861 жылдың 17 ноябрінде 25 жасында дүние салады.

Н. А. Добролюбов институттан кейін творчестволық жұмыспен төрт жыл шамасындай ғана шұғылдана алды, бірақ орыстың революцияшыл демократиялық педагогикасының көсемдерінің бірі болған ол осы тым қысқа мерзімнің өзінде бірнеше болашақ ұрпақтардың да, өз замандастарының да сүйікті ақылшысы және ұстазы дәрежесіне көтерілген еді.

235


Патша үкіметінің ағарту саясатын және

ресми педагогиканы сынау
Саяси қайраткерлер Н. А. Добролюбовтың көзқарасына терең талдау жасай келе, оны самодержавиелік үкіметке қарсы бағытталған халық көтерілісін күткен және зорлық-зомбылық атаулыға табанды түрде қарсы шыққан жазушы еді дейді. Міне, осындай патша үкіметімен бітіспес күресте қалыптасқан Добролюбов либералшыл-буржуазиялық бағыттағы педагогтарға қарама-қарсы тәрбиенің саясаттан алшақтауы мүмкін емес, ол саясатпен тығыз байланысты және соған қызмет етугс тиіс деп есептеді. Осы тұжырымына сәйкес ол өзінің "Россиядағы халық ағарту министрлігі" деген мақаласында елдегі орын тепкен сословиелік-крепостниктік тәрбие жүйесін, ресми педагогиканы және оқу министрлігінің бюрократтык-чиновниктік жұмыс әдісін бұлтартпас дәлелдермен қатты әшкерелейді. Н. А. Добролюбовтың дәлелдеуінше, үкіметтің халық ағарту саласындағы саясаты еңбекшілердің білімге деген кұштарлығы мен талабын жаншып, езуге бағытталған. Сондықтан да ол мұндай саясатты соғыс деспотизмі деп атайды. Добролюбов үкіметтің халыкты ағарту мәселелері жөніндегі реформалармен ғана көз бояп, алдайтындығьш дәлелдейді.

Материалист Добролюбов ағарту ісі мен білімнің халықтың материалдық тұрмыс жағдайымен тығыз байланыстылығын көрсетеді, әсіресе миллиондаған шаруалар арасындағы қараңғылық пен сауатсыздықтың себебін көрсете келе, ол былай деді: "Бір үзім нан үшін, түрлі салықтарын өтеу үшін күн сайын жұмыс істеуғе мәжбүр болған шаруаның кітапқа қол созбайтыны түсінікті, оның басқа да қажеттірек мұқтаждары бар, соларын ойлауы тиіс".

Ұлы революцияшыл-демократ Добролюбов шаруа балалары мектеп біліміне, ақыл-ой әрекеттеріне қабілетсіз келеді деген екі жүзді теріс пікірлерге қарсы шыға отырып, шаруа балаларының арасында қабілетті де, онымен бірге ынталы да балалар жеткілікті деген тұжырым айтады.

Осындай дәлелді әрі орынды тұжырымдармен бірге, Н. А. Добролюбов революцияшыл-демократиялық педагогика тұрғысынан Россиядағы ағарту және білім беру жүйесін түпкілікті өзгерту және қайта құрудың жолдары жөнінен құнды пікірлер ұсынады.

236

Тәрбиенің міндеттері мен мақсаттары
Н. А. Добролюбов революцияшыл демократиялық педагогиканың талаптары тұрғысынан елдегі ағарту ісінің түпкілікті өзгеруі Россияның крепостниктік "тәртібін" революцияшыл жолмен талқандауға байланысты деп есептеген. Ол "Қоғамда саналылық орнау үшін, шын білім таралуы үшін не керек? - деп сұрақ қояды да, бұл сұраққа: "Қоғамдык, қарым-қатынасты өзгерту керек!"'деген революцияшыл ұранмен жауап қайтарады. Демек, Добролюбов Чернышевскиймен бірге халықты революцияға шақырды, халықты "балтамен" қаруланған табанды күреске шақырды. Міне, сөйтіп, орыстың революцияшыл демократтары халық ағарту ісінің негізінен қайта құрылуын кең салалы саяси-қоғамдық талаптармен байланыстырған еді. Н. А. Добролюбовтың революцияшыл демократиялық педагогика тұрғысынан топшылауынша, халық революциясының жеңуі нәтижесінде қайта құрылатын халық ағарту жүйесінің негізінде білім берудің демократизм, гуманизм және ғылымдық принциптері болуы тиіс. Дәлірек айтқанда, біріншіден, жынысына, сословиесіне, ұлттық ерекшеліктеріне және ата-аналардың ауқаттылығына қарамастан, білім алуға әрбір азаматтың праволы болуы, екіншіден, білім беру ісі мен тәрбиені ұйымдастыруда тиісті дәрежеде әрбір баланың жеке басын қадірлеу, табиғи ерекшеліктерін ескеру, окушылардың белсенділігі мен өзіндік әрекеттерін дамыту, үшіншіден, білім мен тәрбиені мазмүны мен бағыты жағынан ғылыми негізде құру. Осындай принциптерде қайта құрылатын халық ағарту жүйесінің негізгі ұйымдас-тырушы кіндігі, орталығы — халық мектебі. Бұл жаңа халық мектебінің міндеті — ақыл-ой, дене және адамгершілік жағынан әр салалы жетілген, коғамдық істерге саналы түрде біте қайнаса араласатын, табанды күресші, халық тілегін-қорғаушы азаматтарды әзірлеу. Міне, Н. А. Добролюбов халық ағарту жүйесі мен халық мектебінің жаңа революцияшыл демократиялық міндеттерін осылай анықтаған болатын. Мұндай зор міндеттерді; белгілеуде Добролюбов, тек сол кезендегі дәуір талабын ғана ескермей, алдағы келешекке көз жібереді, себебі, — деп көрсетті ол, - бала жаңа жағдайда өмір сүруге әзірленуде, ал ол жағдай оның. тәрбиешісі білім алған 20-30 жыл бұрынғыдай болмайды.

Мектеп, Добролюбовтың түсіндіруінше, алдымен білім немесе ақыл-ой тәрбиесін береді: оқушылар қоғам және табиғат жөніндегі білімдермен әр тарапты қаруланады, осының

237

нәтижесінде олар өздерінің өмірдегі орнын белгілейді, ескі әдет-ғүрып пен салт-саналарға қарсы күреске әзірленеді. Сондықтан Добролюбов мектепте балаларды тым ерте мамандандыруға қарсы болған, ғылым негіздерімен қаруландыратан жалпы білім беретін мектепті жақтаған.


Ақыл-ой тәрбиесі және оқыту әдістері
Н. А. Добролюбов білім мен тәрбие жөнінен жаңа мақсаттарды көздейтін оқуы әрі салалы, әрі мазмұнды мектеп жаңа дидактика мен әдістерге сүйене жұмыс істеуге тиіс деп есептеді.

Дидактика мен әдістерден оның талап еткендері білімді мейлінше ойлана-толғана меңгеруге жағдайлар жасау, нәрсе, зат жөнінен дұрыс ұғымдар мен түсініктер қалыптастыру үшін ғылыми қорытындылар мен ережелерді мысалдармен бекіту, оқушылардың өз бетінше ойлауын дамытуға жағдайлар жасау, оқудың балалар үшін тартымды және қызықты құрылуын қамтамасыз ету.

Добролюбов әсіресе оқушылардың белсенділігі мен өзіндік әрекеттерін дамыту үшін әр салалы және мазмұнды жаттығулар жүргізуді, шығармалар жазғызуды, өздігінше кітап оқуды, байқаулар мен экскурсиялар ұйымдастыруды қолдайды.

Оқу материалын баяндауда Добролюбов мұғалімнің тілінің жатық, пікірлерінің айқын, қорытындылар мен ережелерінің дәлелді болуын талап етті. Осы мәселелерге байланысты ол: "Ғылымның әрбір мәселесі мысалдар арқылы берілсін, әрбір ұгым елестеулер тораптары арқылы айтылсын, әрбір қорытынды талдаулар арқылы берілсін", - дейді.

Добролюбов көзқарасының бір ерекшелігі — ол педагогиканың өте нәзік, ерекше көңіл аудара зерттеуді талап ететін мәселелерін ұсынады.

Қай заманда болсын, педагогтар үшін өте күрделі мәселенің бірі — мектептерде кездесетін "баяу түсінетін шәкірттер" жөніндегі проблема болып саналады. Н. А. Добролюбов — осы "баяу түсінетін шәкірттермен" жұмыс жүргізуді әдейі зерттеген педагог. "Әдетте, — дейді Добролюбов, — мектептің өзі кінәлы болып отырса да "баяу түсінетін шәкірттер" түк ұқпайтын топас, кабілетсіз окушылар тобына коса салынады, "артықша ауырлык, ретінде шетке шығарылып тасталады". Ал, шынында мұндай шәкірттердің өзі өте ұқыпты және мұғалімдер мен тәрбиешілер тарапынан мұқият назар аударуды керек етеді.

238

Баланың ішкі рухани сырына жете түсіне білген Добролюбовтың ойынша осы топтағы балалардың ішкі дүниесінде рухани күштер емін-еркін жарыққа шыға алмай жасырын жатады, сондықтан мұғалімдер мен тәрбиешілер мұндай шәкірттерді "жалқау", "мисыз, топас" деп жазғыра бермей, олармен шыдамды түрде педагогикалық жұмыс жүргізе білуі тиіс. Балалардың мұндай тобымен жұмыс жүргізудегі ең қажетті бір шарт — оқу материалына оқушылардың ықыласы мен ынтасын тудырып отыру. "Ынтамен жұмыс істейтін болса, - деген Добролюбов, — онда жұмыс анагұрлым жеңіл және нәтижелі болады". Осы мәселелерге байланысты оқу процесінде баланың ойлауына, сезіміне, елестеулеріне әсер ету жөніндегі берілетін білім материалдарының көрнекі, нақтылы және түсінікті болуы жөніндегі Добролюбов ойларының педагогикалық зор мәні болды.


Адамгершілік тәрбиесі
Революцияшыл демократ Добролюбов өзінің педагогикалық пікірлерінде бүкіл халықтың қамы үшін, жалпы істің тағдыры үшін азаматтық борыш болып есептелетін жоғары адамгершіліктің үстем болуын арман етті.

Оның түсінігі бойынша жаңа мектеп тәрбиелейтін жоғары адамгершілік қасиеттерге: отанға, еңбекке деген сүйіспеншілік, ортақ іс жолындағы күреске деген тұрақтылық пен табандылық жатады. Добролюбов "Шын патриотизмге" жат, халықтар мен елдер арасында араздық пен ала ауыздылық тудыратын жалған патриотизмге қарсы бітіспес күрес жүргізді. Сонымен бірге ол даурықпа, жалаң фразаларға әуестердің тобын да жете сынады. Ол өзінің жалған патриоттармеп күресінде: "Бізге жүректі киялдармен ғана баса толтыратын даурықпалар, мылжыңдар керек емес, бізге ақыл мен сөздің ерлері, ескішілдікке карсылар, коғамдық әділетсіз-діктерге карсы бетпе-бет, жан киярлық күреске қатысушылар керек, - деген.


Н. И. Пироговтың ағартушы-демократ

ретіндегі ойлары (1810-1881)
Ағартушы демократ. Орыстың әскери хирургияның негізін салушы. Анатом, алғаш университет ашқан адам. Москва университетін бітірген. Петербург ғылым академиясының мүше-

239


корреспонденті. 1836-1841 Петербург медицина-хирургия академиясының профессоры болып жұмыс істеген. 1856 жылы алғаш рет "Теңіз бетіндегі жинаққа" "Өмір мектебі" атты мақала жазған. Мұнда ол сол дәуірдегі оқу-ағарту жүйесін қатаң сынға алған. Оның көтерген басты мәселесі тәрбиедегі гуманизм "Нағыз адам тәрбиелеу". 19 ғасырдың 60 жылдарындагы В. Г. Белинский көтерген педагогикалық қозғалысқа қатысқан.

Пироговтың осы кезендегі ой-пікірін Ушинский былай деп көрсеткен - "Ресейдің ұйықта жатқан педагогикалық ойын көтерген. Осы пікір (шығармалар, 1943, 3-том, 11 б). Сол кезеңдегі орыстың прогрессивті педагогикасы Пироговты жақтады. В. Я. Стюнин Пирогов "Тәрбие мен білім берудің тұңғыш рет сара жолын көрсетті - деп жазды. 1856-1858 жылдары ол Киев және Одессея оқу округтерін басқарды. Болашақтағы қандай өзгерістер болмасын, қандай қоғам құрмасын негізгі де бастапқы құрал болатыны дәлелденді. Демек, болашақ мектептің қолында - деген ой-тұжырым жасады. Ол мектеп басқарудағы жетістік пен әкімшілікті сынады. Педагогтардың жеке жауапкершілігін көтеру азаматтық ақыл-ойымен ұштастырылуын талап етті. Педагогикалық журнал ашты. Педагогикалық кеңестің жұмысын жақсарту, мүғалімдердің жетілдіру идеясын ұсынды. "Тәрбиешінің жеке тұлғасы баланың адамгершілігінің бастауы мен негізі" деген қағида ұсынды. Оның бұл ойын Н. К. Крупская - XIX ғасырдағы педагогикалық кеңес пен мұғалім беделі -Пирогов есімімен берік байланыста, айнымаста ауытқымас пікір, қайталанбас тұжырым - деп бағалады.

Пирогов оқыту әдістемесін жасады. Оның айтуынша, әдістемелік жұмыстар балаға адамгершілік тәрбие берудің бастапқы күші болады. Мектептегі мақсат жас өспірімдерді білімге деген талпыныс немесе сұраныспен, бір ізгілікке баулу - деп көрсетті. Ол мектептің типін белгіледі. Олар - басқыш мектептер, элементарлық училищелер кластық және реальдық училищелер, прогимназия жоғары техникалық-кәсіптік училищелер. Сол дәуірдің үздік студенттер бастамасымен "Жексенбілік мектептер" ашылды.

Пирогов жоғары білімге ерекше көңіл бөлген педагог. Ғылым оның пікірінше қоғамды өзгертуші және жаңа құрушы күш. Ол мемлекеттік теңсіздік ғылымды меңгеру арқылы жойылатынын дәлелдеп жазды. Ол студенттердің ғылымды меңгеру жолдарын, әдістемелік негізде жүргізу қажеттілігін ұсынды. Сабақтағы семинар өткізу әдісін белгілеп, жолдарын

240

айқындады. Ол мұғалімдер мен педагогикалық кеңеске: баланы жазалау мен мадақтаудың әдіс-тәсілін тұңғыш ұсынған педагог. Добролюбов оның педагогикалық ойларын саралай келіп, орыс педагогикасының тұңғыш дәрігері, ұстаз, демократ ретіндегі қайраткері болды - ден көрсетті.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет