Педагогика


Иоганн Гербарттың педагогикалық теориясы



бет11/21
Дата22.03.2017
өлшемі12,35 Mb.
#12061
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Иоганн Гербарттың педагогикалық теориясы

(1776-1841)
Иоганн Фредрих Гербарт 1776 жылы Германияда туған. Ол әуелі классикалық латын мектебін, онан кейін Иен университетін бітіреді. Оқуын бітіргеннен кейін Швейцарияда жеке үйлерде сабақ беретін оқытушы болады. Осы кезде атақты педагог Г. Песталоццимен танысады, бірақ Гербарг оның көзқарасындағы демократияшыл бағыттан әсер ала алмады. 1802 жылдан бастап Гербарт Геттинг және Кенисберг университетінде профессорлық қызметте болады. Осы қызметінде ол кең салалы педагогикалық жұмыспен айналысып, Кенисберг университетінде мұғалімдер әзірлейтін семинар құрады, педагогикалық практика жүргізу үшін оның жанынан шағын мектеп ашады, онда өзі де сабақ береді.

Осылай Гербарт өзінің университетіндегі профессорлық қызметін педогогикалық тәжірибемен ұштастырады. Бұл оған педагогика мәселелерін тереңірек қарастыруға жағдай туғызады.

Гербарттың педагогикалық идеялары оның жазған мынадай еңбектерінде "Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика" (1806), "Психология окулығы" (1806), "Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар" (1831), "Педагогика лекцияларының очеркі" (1835) баяндалған. Гербарт педагогика ғылымының жүйесін идеалистік философияның негізінде, әсіресе этика мен психолгияға байланысты зерттеуді көздеді. Өзінің философиялық пікірлері бойынша, метафизик болды. Оның пікірінше, дүние шексіз көп, өзгермейтін мәңгілік, абсолюттік мазмұндардан тұрады, бұларды адам танып біле де алмайды. Дүниенің өзгеруі жөніндегі адамның елестеулері мен түсініктері алдамыш; болмыс, болмыстың мазмүны да өзгермейді деді ол.

Гербарт психологиялық мәселелерді зерттеуде де метафизик болды. Оның ойынша, адам жаны да өзгермейтін, қарапайым мазмұн. Жан адам денесімен ұштасу, байланысу

191

кезінде өзіндік дербестікке ие болып, сол тән арқылы бірнеше түйсіктерге ұшырайды, адамдағы басқа денелермен байланысады, осыдан елестеулер туады.



Гербарт бүкіл психиканы елестеулермен байланыстырды, адамның бүкіл мазмұны елестеулерден тұрады деп есептеді. Оның ойынша, психология - елестеулер жөніндегі, солардың пайда болуы, ұштасуы және жойылуы жөніндегі ғылым. Ес, қиял, тағы басқаларды Гербарт сол елестеулердің өзара қатынастары арқылы түсіндірді. Сезіну - оның топшалауынша, елестеулердің әр салалы түрлері жағынан өзгерістері ғана.

Гербарт - ассоциативтік психологияның көрнекті өкілі. Оның психологиялық теориясында апперценция ұгамы кең орын алады, бұл ұғымды ол адамның бұрынғы тәжірибесінің оның елестеулеріне әсер етуі ретінде түсінді. Гербарт апперценцияға осындай мән бере отыра, оны ес, қызығушылық тағы басқа да психикалық функциялармен байланыстырды.

Осылай Гербарт адам психикасының әр түрлі салаларының ерекшеліктерін мойындамады. Ол психикалық әрекеттің күрделі, алуан салалы, терең дидактикалық процесін елестеулердің жай құрамына әкеліп тіреді. Ол баланың елестеулеріне ықпал ете отыра, сол арқылы оның сезімдер і мен еркінің де қалыптасуына әсер етуге болады деп есептеді. Осыдан келіп Гербарттың ойынша дұрыс ұйымдастырылған оқу тәрбиелі сипатта болуға тиіс деген пікірлер туды.

Гербарт бала еңбектенсін - деген тұжырым жасады. Ол балалар күнделікті өсімдікті, құсты, жануарларды күтумен айналыссын - деді. Олар кендірді және жүнді өңдеуді үйренсін, өздері тұратын ауылдың айналасындағы үлгілі шаруашылықтарда болсын, басшылармен, шаруашылық иелерімен кездессін, тікелей практикалық іс үйренсін, - деді. Балалар еңбек сабақтарында шаруашылықты жүргізуді, есептеуді, сауаттылыққа үйренуі тиіс, - деді.

Ол балалар қоғамдастығын ұйымдастырып, оны үлкен еңбек коллективіне дейін көтеру қажеттілігін ұсынды. Тәрбие -тәрбиеленушілердің қальштасуының қайнар көзі, негізі болуын талап етті.

192
К. А. Гельвецийдің педагогикалық



ой-пікірлері (1715-1771)

Гельвеций философ және материалист. Оның даналықтарының негізгілері: "Тәрбие ережесі осындай талас туғызатын және ешбір анықталмаған күйінде қала бермек, егер оны қандайда болмасын белгілі бір мақсатқа тұрақты да тұтас күйге бағыттамаса".

Олар: "асқан бір қоғамдық игілік, ерекше қанағаттанарлық рухани дүние, адамдар санасының көбейіп, олардың айтарлықтай бағытқа ие болуы".

"Егер мен адамдар өз тәжірибесінің жемісі, онын, нағыз шындық екенін дәлелдеген болсам, онда мен ешбір күмәнсіз, халық алдына ұлы шындықтың бетін ашқан болар едім".

"Тәрбие, ең бастысы біздің жүрегіміз шашқан жылуын жеткізе білсе, ол қоғамға және жеке тұлғалар үшін пайдалы да, күнделікті әдетпен дағдыға айналар еді".

"Тәрбие қүдіретін дәлелдеудің ең күшті құралы - ол біз тұрақты бақылап жүрген әр түрлі жемісімен қорытындысы".

"Тәрбие шырқау шынына жеткізген болса, алайда, кейде ойлап ой жеткізе алмайсың, демек, барлық адамдардан, олардың арасынан асқан дана адамдар дараланып шықса, олар тәрбиені тез қабылдайтын ерекше құдіретті адамдар болса, соған жетсек". Тәрбиенің көмегімен адамдар арасында жарыс ұйымдастыруға болар еді, оларды көңіл аударуға белгілі бір ұғымға назар аудара білсе, оларды гумманистік үлкен жүректілікке жүрек жылуын шаша білуге тәрбиелесек, ақылын шындық үшін жұмсауға арнай алатын, барлық адамдарды асқан дана, ержүрек болмаса да, кем дегеңде, пікірі дұрыс, жоғары саналы адамдар тәрбиелеп өсірсек". Тіпті болмаса тәрбие ғылымын жетілдіру сатысына кетере білсек, оғанда ризашылық жасар едік, халқымыз, осыған ұқсас адамдардан тұрса және құралса, оңда ешбір талассыз, әлемдегі бірінші халық - деп айтуға әбден болады".

"Қазір, біз тұрып жатқан өмірдегі басқару формалары -біздің тәрбиеміздің бөлігін құрайды".

"Әрбір елде адамды қалыптастыру өнері көп жағдайда, басқару формасына тығыз байланысты, алайда, қандайда бір, қоғамдық тәрбиедегі өзгерістер, мемлекеттік құрылыстың өзін өзгертпейінше болуы мүмкін емес".

"Мен әлі де оқуды, үйренуді жалғастырамын, менің тәрбием әлі толастаған жоқ. Ол сонда ғана тоқтайды. Сонда

193

ғана, оған менің қабілетім жетпеген күні мен дүниеден өткеннен кейін, менің барлық өмірім сол, ол - дәлірек айтсам, ұзақ ғүмырлы тәрбие".


Адольф Дистервегтің тәрбие туралы ойлары

(1790-1866)
Неміс педагогі «Адам алған тәрбие, өз мақсатына сонда ғана жетеді және біткен болып есептеледі, оның күшін және еркін билеп, өзі әрі қарайғы өмірінде туындатып, жанартып жинай білсе және оның әдісімен құралын меңгере білсе, осылай айнала ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білсе, міне тәрбие күші осында" (А.Дистервег, таңдаулы педагогикалық шығармалары. - М., 1956, 118-бет).

"Нағыз тәрбие - дамудың табиғатқа ұқсас түрін және оның күнделікті өсіп-жетілуіне ұдайы ұмтылады". Егер талант ерте оянса немесе шамадан тыс шаршаса соның салдарынан, оның қызметімен іс-қимылы әлсірей бастайды немесе мезгілсіз тоқтайды. Егер талант, кеш оянса, ол қандай қабілетті болса да, ешқасан ойлаған мақсатына жете алмайцы "Тым ерте" және "Тым кеш" - бәрібір екеуі де тәрбие үшін зиянды сөздер.

"Одан не пайда? Егер тәрбие бізді бұзатын болса, қажеті сол бізді жақсылыққа бағыттап, оған жеткізсе" - ғана пайдалы болмақ - дейді Дистервег.

Россия мен Қазақстанда мәдени-ағарту

байланысының тууы мен пайда болуы
Халыққа білім беру жүйесі қай кезеңде және қай түрде болмасын қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен байланысты дамиды. Капиталистік елдерде бұқара халық ешуақытта толық, нағыз ғылыми білім ала алмады. Россияда патша өкіметі халыққа білім беру ісін кедергі жасаумен бірге, ұлттық мектептерді орыс емес халықтарды қанау, орыстандыру және христиандандырудың құралы ретінде пайдаланды. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда орыс-қазақ училищелерінің аздығы және түрлі типтілігі, білім беру мазмұнының үстіртгігі, оқу-материалдық базасының қораштығы және жалпы білім беретін орта мектептер болмауы қазақ халқының білім алу талабын тежеп келді. 1897 жылғы санақ бойынша халықтың сауаттылығы 8,1 процент болды.

194


XIX ғасырдың 60 жыддары қазақ жерлерінің Россияға қосылуы аяқталды. Осының нәтижесінде қазақ еңбекшілері Россия пролетариатының азатгық жолындағы революциялық күресіне қатысты. Қазақ еңбекшілерінің тікелей қарым-қатынас жасауы, ұлт-азаттық қозғалысқа орыс пролетариаты-ның белсенді араласуы — қазақ еңбекшілерінің ұлттық және әлеуметтік езгіден толық азат етілуі үшін объективті алғы шарттар жасады. Қазақстанның Россияға қосылуының аса маңызды прогрестік нәтижесі міне осында.

Қазақстанның Россияға қосылуының әлеуметтік-экономикалық және мәдени нәтижесінің де терең мәнді прогрестік маңызы болды. Россиямен экономикалық байланыстардың күшеюі және қазақтардың мал шаруашы-лығына товар-ақша қатынастарының кеулеп өсуі қазақ қоғамындағы патриархаттың-рулық қатынастарды ыдыратып, капиталистік қатынастардың өтуіне көмектесті.

Екі ұлт аралшындағы ауыл қалыптаса бастаған. Қоғамдық-мәдени байланыстар және олардың қазақ елінің рухани өміріне тигізген прогрестік ықпалы кедергі — тосқауылсыз болып жатпады. Ол даму процесі еді, сондықтан да ол прогресс ұзақ және қиын кезеңдерден өтті. Қазақстанның Россияға қосылуы процесінде қоғамдық мәдени байланыстардың алғашқы қадамы орыс ғылымының алдыңғы қатарлы өкілдері тарапынан басталды.

Орыс ғылымының осындай алғашқы өкілдері Ұлы ғалым М. В. Ломоносовтың замандастары И. К. Кириллов (1689—1707) пен Қазақстанды тұңғыш зерттеушілердің бірі Л. И. Рычков (1712—1717) болды. И. К. Кириллов өзі географ және статист болғандықтан Қазақстан мен Орта Азияның картасын жасауды басқарды.

Россияның қазақ даласына әсері Қазақстанды арнайы мәдениет ошақтарынын, жоқ жағдайында, әсіресе казақтарға арналған бірде-бір орыс мектептерінің ашылмаған кезеңінде, осыған байланысты қазақтар арасында орысша білетін адамдардың саусақпен санауға болатындай аз кезең де басталған еді. Сондықтан, ХҮШ-ғасырдың екінші және үшінші ширегіндегі орыс-қазақ мәдени байланыстарын әлі де болса өрісі тар, сыңар жақтылау, алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің қазак. даласына алғашқы тамыр тарта бастаған кезеңі деуге болады.

19-ғасырдың бірінші ширегінде орыс-қазақ қатынастарының даму тарихында Қазақстанның ағарту ісі мен мәде-

195

ниетіне, оның тарихы мен табиғи байлықтарын зерттеуге ағымды ықпал етіп, белгілі із қалдырғандар орыстың дворян революционерлері - декабристер болды.



Қазақстанда 1847—1857 жылға дейін Украинаның Ұлы ақыны т.б. Т. Г. Шевченко суреттерінде, онын, педагогикалық, эстетикалық көзқарасы айқын аңғарылады. Шевченко кедей балаларының аянышты тағдырына айрықша көңіл аударады. Сондықтан, оның айдаудағы алғашқы суреттерінің көпшілігі бала өмірін бейнелеуге арналған. Мысалы, ол "Байғүстар", "Мысық-пен ойнап жүрген қазақ баласы", "Пеш жағып отыраған қазақ баласы" деген суреттерінде қазақ балаларының ауыр өмірі бейнеленген. Шевченко осылай жас ұрпақтын, өміріне, тұрмысын және аянышты тағдырын көре білді, сонымен бірге ол қазак даласын, халық тұрмыс-салтын ағартушы-ақын, педагог-суретші тұрғыда баяндап, бейнеледі.

1744 жылы Орынборда татар мектебі, 1786 жылы Омскіде "Азия мектебі". 1789 жылы Меновой двор мешітінің жанынан қазақ балаларына арналған мұсылман мектебі ашылды. 19-ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның кейбір қалаларында әскери училищелер ашылып, оларға қазақтың федал-байларының жастары да қабылданды. Мысалы, 1813 жылы Омскіде Сібір Қазақ әскери училищесі ашылды. Мысалы, Неплюев әскери училищесінің ең негізгі міндеттерінің бірі -"Азиялықтарды орыстармен жақындастыруға септігін тигізу жастардың бойында орыс үкіметіне сүйіспеншілік пен сенушілікті сіңіру және өлкеге оқыған қайраткер даярлау" — болды. Тек 1851 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусын 37 адам бітірді. Омск кадет корпусы Жалпы білім беру бағытын ұстады.

Омск кадет корпусында оқығандар арасынан прогресшіл қоғам және әскери қайраткерлер, ғалымдар мен ағартушылар шықты, олар орыс ғылымының әдебиеті мен ағартуының дамуына үлес қосты, бірсыпырасы Қазақстанның саяси-әлеуметтік өміріне белсене араласты. Белгілі Сібір зерттеушісі, ғалым-ағартушы кейінірек Сібірдегі жеке адам қолындағы, тұңғыш болыс органы "Амур" газетінің редакторы В. И. Вагин, Сібір, Қазақстан мен Орталық Азияны зерттеген орыстың атақты саяхатшысы Г. Н. Потанин, Ш. Уәлихановтың жолдасы, ғалым статист және публицист Н.Ф.Аненский де осы корпустан шықты. XIX ғасырддың бірінші жартысында Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуде сол кезеңде университеттерде қалыптасып

196


жатқан Орыс шығыстану ғылымының мәні артты. Жаңадан қабылданған университет жарғысы (1804 жылы) шығыс тілдері қафедраларын құруды белгіледі. Осының негізінде 1806 жылы Харковь университетінде, ал, 1807 жылы Қазан университетінде осындай кафедралар ашылды. Осы кезде Петербергге Азия музейі ұйымдастырылды. Орыс шығыстану ғылымының алғашқы орталығының бірі - Қазан университеті болды. Оның философия факультетінің "Шығыс разряді" (бөлімшесі) басқа шығыс елдерімен бірге қазақ халқының тарихын, этнографиясын және шет тілі мен мәдениетін әр салалы зерттейтін ориенталистер тобын әзерледі. 1828 жылы Қазан университетінде түркі-татар тілінің кафедрасы құрылды. Оны кейінірек профессор М. А. Казембек (1802—1870) басқарды. Оны кафедрада ірі тюркологтар М. А. Казембек пен И. Н. Березиннің (1818—1896) ғылыми және педагогикалық жұмыстары өріс алды.

И. Н. Березин кейіннен түркі-татар тілі кафедрасын он жыл бойы басқарған. Түркі тілі мен әдебиетінен, түркі халықтарының тарихынан ғылыми курстар оқыған. Әсіресе көңіл келерлік жайт: осы ғұлама тюркологтар сол дәуірдегі оқу ғылыми орындарға арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жазумен айналысты. Профессор М. А. Казембек 1839 жылы түркі-татар тілінің грамматикасын жарыққа шығарды. Ол "Түркі-татар тілінің жалпы грамматикасы" деген атпен екінші рет басылды.

И. Н. Березин профессор Казембектің грамматикасын толықтырып, 1853 жылы парсы тілінің грамматикасын, түркі диалектері жөніндегі зерттеулерін жариялады.

Көрнекті орыс тюркологтары жазған алғашқы оқулықтар ең алдымен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы құнды педагогикалық ескерткіштер еді. Бұл оқулықтар кейін орыс-қазақ мектептеріне арнап жазылған оқулықтарға негізгі ғылыми-методикалық басшылық болды.

Қазан университетінің "Шығыс разряді" (бөлімшесі), Петербург университетінде Шығыс факультетінің ашылуына байланысты, 1854 жылы жабылды. Қазан университетінің шығыстану мамандары (И Н. Березин, В. П. Васильев, А. К. Попов т. б.) Петербергке ауысып, өздерінің ғылыми жұмыстарын сондағы университетте жалғастырды.

Қазақстан мен Орта Азияның табиғатын, экономикасын, тұрмысы мен мәдениетін зерттеуде 1845 жылы Петербургте құрылған Орыс географиялық қоғамы маңызды жетекші орынға айналды.

197

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі осы кездегі көрнекті табыстар. Орыс географиялық қоғамының негізін салушылардың бірі А. И. Левшиннің (1799—1879)) есімімен байланысты. Орыс-қазақ мәдени қатынастары Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылу кезеңінен басталды делінген еді. Қазақтар арасында діни емес (дүниелік) білімді таратудың алғашқы бастамалары да осы тарихи оқиғамен байланысты бодды. XVIII ғасырда орыс дворяндарының рөлінің артуына орай, патша өкіметі сол таптың мүддесіне сай діннен тыс білім тарату бағытында біраз шаралар жүргізді. 1731 жылы ұйымдастырылған әскери кадет корпусы жабық түрдегі сословиелік-дворяндық оқу орнының бастамасы болды да, ол дворян жастарын әскери және азаматтық қызметтерге әзірлеуді мақсат етті.



Бұл ұйымдастырылған кадет корпустары өз заманындағы дворян мәдениетінің орталығы бола тұра, Россияның ұлт аймақтарында. соның ішінде Қазақстанда, орыс білімінің таратылуына ықпалын тигізді

1744 жылы Орынборда татар мектебі ашылып, мұнда әскери шендегілердің балалары оқыды. Бұл мектепті бітіргендер өкімет кеңселерінде, сауда-саттық орындарында жұмыс істеп, тілмаштық қызмет атқарды. 1786 жылы Омскіде ашылған "Азия мектебі" де осындай мақсатты көздеді. 1789 жылы Орынбордағы Меновой двор мешітінің жанынан қазақ балаларына арналған мұсылман мектебі ашылды XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның кейбір қалаларында әскери училищелер ашылып, оларға қазақтың феодал-байларының жастары да қабылданды. Мысалы, 1813 жылы Омскіде Сібір қазақ әскери училищесі, ал 1827 жылы Орынборда Неплюев әскери училищесі ашылды.

Әрине, әскери училищелер белгілі мақсатпен ғана ұйымдастырылды. Патша өкіметі ең алдымен сұлтандардың, байлардың және старшиналардың балаларынан басқару аппараты мен әскери орындарға тартып, Қазақстанда царизмнің отаршылық саясатын жүргізуге қабілетті чиновниктерді әзірлеуді көздеді.

Мысалы, Неплюев әскери училищесінің ең негізгі міндеттерінің бірі "азиялықтарды орыстармен жақындастыруға септігін тигізу, жастардың бойына орыс үкіметіне сүйіспеншілік пен сенушілікті сіңіру және өлкеге оқыған қайраткерлер даярлау" болды.

Шынында да Орынбор Омскідегі әскери училищелер қазақтың билеуші топтарының арасында орыс мектебі мен орыс

198


ағартуына қызығушылық туғызды. Мысалы, Неплюев әскери училищесіне қызыққан қазақ әкімдерінің бірсыпырасы оған өз балаларын оқуға жіберіп, училищенің қаражатын өтеуге де келіскен.

Бұл екі училищені бітірген қазақ жастары сан жағынан шамалы ғана болды, сөйткенмен де олардың жалпы ой-өрісі өз кезімен салыстырғанда жоғары болды. Олар жаратылыс тану және математика білімдерінен, әдебиет, көркемөнер, тарих география пәндерінен біршама хабардар болды. Бұл училишелер кейініректе сол қалаларда ашылған кадет корпустарына негіз болды. Орынбордағы Неплюев кадет корпусы 1844 жылы, ал Омскідегі корпус 1847 жылы ашылды. Әскери училищелердің кадет корпустары болып қайта құрылуының басты себебі — отаршылық басқару орындарында "құрметті қазақтар" аталынғандардың жастарынан шыққан сауатты адамдарға қажеттілік артты.

Кадет корпустарының оқу курсы сегіз жылдық, әр класс екі жылдық мерзімді болды. Оқу программаларының әскери училищелерден негізгі өзгешелігі — еуропалық эскадронда француз және неміс тілдері, азиялық эскадронда шығыс тілдері (араб, парсы және татар) оқытылды. Әскери училищелердегі сияқты, кадет корпустарында да жалпы білім беру көзделді. Жалпы білім пәндерімен қатар кадет корпустарында соғыс өнеріне біраз көңіл бөлінді. Корпустарда қатаң тәртіп орнатылды. Қазақ және орыс оқушыларының бос уақыттарында бірге болуы, әсіресе үй тапсырмаларын бірлесе орындауы олардың жақындасуына қолайлы болды. Бұл жөнінде сол корпустардың оқу-тәрбие жұмысын зерттеуші А. В. Васильев былай деп жазды: "Корпустарда орыс балалары басқа халық балаларынан көбірек болды, олардың тығыз қарым-қатынаста болуы басқа халық балаларының орыс тілін үйренуіне және орыс көзқарасын қабылдауына қолайлы жағдай жасады".

Кадет корпустарын бітірушілер Қазақстандағы әр түрлі басқару орындарына қызметке жіберілді. Олардың біразы орыс тілін меңгерген және орыс мәдениетінен хабардар, әжептәуір білімді жастар болды, кейбіреулері орыс баспасөзімен байланыс жасап, қазақтарды орыс оқу орындарымен таныстырды, сол арқылы қазак жастарын оқу орындарына ынталандыруды ойлады. Ондай мақалалар көбіне кадет корпустарын бітіргендердің естеліктері түрінде жазылды. Мысалы, 1855 жылы Орынбор кадет корпусын бітірген сұлтан Сейдалин өз естеліктерінде былай деп жазды: "Корпустың табалдырығын аттасымен-

199

ақ, ол туралы сахарада тараған лақаптардын түгелдей бәтуасыздығына көзім жетті. Алғашқы кезден-ақ тәрбіиешілердің де, ересек оқушылардың да маған деген қамқорлығы, ықыластары бұрын мүлде таныс емес жағдайға тосырқап қарауыма ерік берген жоқ. Керекдесе, айналамдағы өзім сияқты кұрбыларым шат, сергек көңіл күйлерімен корпус өміріне мені бірден-ақ үйіріп а лып кетті.



XIX ғасырдың орта шеніне қарай қазақтың феодал шонжарларының арасында кадет корпустарының беделі өсіп, оларға түсушілердің саны артты. Тек, 1851 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусын 37 адам бітірді.

Омск кадет корпусы да жалпы білім беру бағытын ұстады. Мұнда әсіресе, Қазақстан географиясын оқуға көбірек мән берілді. Корпус шәкірттеріне Қазақстанның территориясы, табиғаты, тарихы, экономикасы мен тұрмысы жөнінде бірсыпыра мәліметтер берілетін. Олар қазақ жерінің шекаралары, жер бетінің ерекшеліктері, өзендері мен көлдері, қазақ бекіністері жөнінен хабардар етілді.

Корпустардағы жалпы білім мен тәрбие жұмыстарының бағытына сол кезеңге сәйкес даярлығы бар оқытушылар тобының болуы әсер етті.

Жалпы алғанда Омск кадет корпусы Шығыс Россияның ұлт аймақтары мұқтаж болған білімді жастар әзірледі. Сол кезеңнің алдыңғы қатарлы адамдары бұл корпустың білім және тәрбие саласындағы ісін жоғары бағалады.

Омск кадет корпусында оқығандар арасынан прогресшіл қоғам және әскери қайраткерлер, ғалымдар мен ағартушылар шықты, олар орыс ғылымының әдебиеті мен ағартуының дамуына үлес қосты, бірсыпырасы Сібір мен Қазақстанның саяси-әлеуметтік өміріне белсенді араласты. Белгілі Сібір зерттеушісі, ғалым-ағартушы, кейінірек Сібірдегі жеке адам қолындагы тұңғыш баспа органы "Амур' газетінің редакторы В. И. Вагин, Ш. Уәлиха-новтың жақын досы, Сібір, Қазақстан мен Орталық Азияны зерттеген орыстың атақты саяхатшысы Г. Н. Потанин, Ш. Уәлихановтың жолдасы, ғалым статист және публицист Н. Ф. Анненский де осы корпустан шықты.

Корпустың оқытушылары мен тәрбиешілерінің құрамында прогресшіл көзқарастағылардың болуы оны бітіргендердің де демократияшыл идеялы, жалынды патриоттар болып шығуына әсер етті. Олар Сібір мен Қазақстан халықтарының қараңғылық пен надандықтан құтылуына көмектесуге, экономикалық артта қалушылығын жоюға тырысты

200

Әрине, патша өкіметі орыстың қоғамдық ойының Қазақстанның ағарту ісіне әсер етуін де, орыс пен қазақ халықтарының алдыңғы қатарлы қайраткерлерінің жақындасуын да ұнатпады. Өкімет сонымен бірге кадет корпустарына қабылданылатын қазақ жастарының санын да көбейткісі келмеді. Әскери оқу орындарының басқармасы кадет корпустарына қазақ жастарының қабылданылуына кедергі болып, бұл корпустарда оқылатын жалпы білім пәндеріне де шек қою шараларын қарастырып отырды. 1851 жылдан бастап қазақ оқушыларына арналған кейбір оқу пәндері (саяси және жаңа тарих) қысқартылып тасталды да, ал олардың соғыс пәндері оқылатын арнайы класта оқуына тыйым салынды. 1863 жылдан бастап Орынбор кадет корпусындағы қазақтарға арналған 30 стипендия жойылды. Үш жылдан кейін, 1866 жылы, Орынбор кадет корпусы әскери гимназия больш қайта құрылды да, енді оған қазақ балалары қабылданбайтын болды.



Ел ішіндегі отаршылдық саясаттың мақсаттарына негізделген осындай мектептер ұйымдастыру әрекетімен кадет корпустарынан және басқа орыс оқу орындарынан білім алған қазақ феодаддары мен шонжарлары да шұғылдана бастайды. Әрине, мұндай мектептер, негізінен, феодалдар мен шонжарлар балаларына білім беруді көздеді, себебі отаршылдық саясатты үдету үшін ру билеушілері мен жергілікті басқару орындарының чиновниктерін тағайындауда орысша сауаттылық талап етілді. Мысалы, өзі орыс оқу орындарынан білім алған Ішкі орда ханы Жәңгір Бөкеев өз ордасында мектеп ашарда ру басшыларына былай деген: "Орысша сауатты болмайынша, Ордада қалаулы қызметкер, әсіресе ру басшысы немесе депутат болу мүмкін емес... Меніңше, сіздер өздеріңіздің туысқандарыңыз бен сыбайластарыңызга орысша білімі болмаса, олардың ру басшылығына және басқа да орындарға тағайындалмайтындығын ұғындырарсыздар".

Осындай мектептің бірі 1841 жылы Ордада ашылды. Мектепте екі орыс және татар кластары болған, онда 9 бен 22 жастың аралығындағы қазақтар оқыған, оқушылардың біразы мектеп жанындағы пансионда, ал қалғандары қатынап оқыған. Феодал-байлардың кертартпа топтары мұсылман дін басыларының ықпалымен өз балаларын әлі де болса орыс мектептерінде оқытқысы келмеді, сондықтан пансиондағы оқушылардың көпшілігі қарапайым қазақтар болған.

Мектептің негізгі мақсаты қазақ балаларын Орынбордағы

201


Неплюев кадет корпусына, гимназияға және басқа оқу орындарына түсуге даярлау болды. Хан ордасындағы бұл мектеп қазақтар арасындағы тұңғыш мектеп еді. Кейіннен Ортдада орыс көшпелілері көбеюіне байланысты мектеп орыс және қазақ балаларына арналған аралас мектепке айналды.

Патша үкіметі тарапынан ашылған мұндай мектептер қазақ даласының мәдени ерекшеліктеріне үйлесетін мектеп жүйесі бола алмады. Қазақстанның мемлекет шеңберінде Россиямен қосылуына байланысты, орыс халқының озық тұрған ағарту ісіне тартылу қазақ даласының кезек күттірмейтін мәдени мұқтажы болды.


ХІХ-ғасырдың алғашқы жартысындағы

педагогика және оның қазақ оку-ағартуына әсері
Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы қазақ халқының мәдениетінің ықпалын күшейте түсті. Оның үстіне XIX ғасырдың 60-жылдары Россияның өзі үшін ірі әлеуметтік-экономикалық қозғалыс кезеңі болды.

XIX ғасырдың 60-жылдарындағы Россиядағы революциялық қозғалыс саяси, экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды. Орыс философиясы мен әдебиеті (Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков-Щедрин т. б.), музыкасы (бір топ композиторлар), бейнелеу өнері ("Передвижники"), ғылымы (Сеченов т. б.) бұл кезеңде дамудың жоғарғы сатысына көтерілді.

60-жылдардағы орыс мәдениетінің барлық саласында да материалистік идеяның, сыншыл реализмнің, халықтық идеяның дамығандығын байқауға болады.

Россиядағы XIX ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық қозғалыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады.

Крепостниктік тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектеп пен ерте мамандандыруға қарсы күрес, жалпы білім, азаматтық тәрбие, әйелдерге білім беру, ескі діни оқуға, құрғақ жаттау — муштраға қарсы күрес баланың жеке басын сыйлау, халық мектептерін көлтеп ашуды талап ету, жоғары мектеп автономиясы, міне, XIX ғасырдың 60-жылдарындағы орыстың прогресшіл педагогикасының көтерген негізгі мәселелері осылар.

Бұл кезеңде бірнеше қоғамдық педагогикалық ұйымдар пайда болды. Олар өз алдарына педагогика теориясы мен практикасының өзекті проблемасын шешу мақсатын қойды.

202

1859 жылы октябрьде Петербургте "педагогикалық жиналыс" ашылып, кейіннен ол Петербург педагогикалық коғамы болып аталды. Оның жұмысына К. Д. Ушинский, В.Я. Стоюнин, В. И. Водовозов, Д. Д. Семенов, Я. Я. Герд т. б. көптеген педагогтар мен әдіскерлер қатысады.



XIX ғасырдың 60-жылдарында орыс педагогикалық ойының дамуында түрліше бағыттар пайда болды.

Әр түрлі қоғамдық топтар мен сол топтарды жақтаушы педагогтар педагогика мәселелерін өз топтарының тұрғысынан түсіндірмек болды. Бұл қозғалыста ағарту мен педагогика мәселелері жөнінен ең алдыңғы қатарлы идеялық бағытты ұстағандар - орыстың революциялық-демократиялық педа-гогикасынын, негізін қалаушылар Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбов еді.

Революциялық-демократиялық педагогиканың көсемдері өз тұжырымдарында халық ағарту ісінің түпкілікті қайта құрылуы және проблемаларының шешілуі халық революциясына тәуелді екендігін дәлелдеді. Демек, олардың саяси-қоғамдық идеялары сияқты, педагогикалық ойларының мазмұнында да таптық талаптар жатты.

Сонымен қатар революцияшыл демократтар тәрбиенің алдына әлеуметтік мәнді міндеттер мен мақсаттар қойды: олар қоғамдық істер мен әрекеттерге бейімделген азаматтарды, қанаушы тапқа қарсы күреске дайын тұратын, социализм үшін күресе білетін, қысқасы, табанды ерлер мен революционерлер ұрпағын даярлауды талап етті.

Сонымен Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбов сол дәуірдегі орыс және басқа ұлттар педагогикасының дамуындағы ең негізгі де өзекті мәселе — халық ағарту ісінің қайта құрылуы революцияға байланысты екендігін айтып, тәрбиенің революциялық-демократиялық мақсаттары жөніндегі мәселелерді жаңаша шешті.

Бұл табанды революцияшыл демократтардың педагогикалық көзқарасы Россияның ұлт аудандарының да алдыңғы қатарлы мүғалімдері мен жастарына күшті әсерін тигізді. Олар өздерінің қатыгез реакцияға қарсы күрестерінде осы көзқарасқа сүйенді.

Орыс педагогикасындағы екінші ірі бағыт буржуазиялық-демократиялық бағыт еді. Оның өкілдерінің қатарына К. Д. Ушинский және басқа педагогтар (В. И. Водовозов, Н. Ф. Бунаков т. б.) жатады. Бұлар белгілі қоғамдык қүрылыстың

203


шеңберінде мектептің жағдайын жақсартуға, адамдарды мәдени және адамгерішлік жағынан тәрбиелеуге болатындығын түсіндірді.

Олар орыс халқының орасан зор творчестволық күшіне сенді, педагогика мен тәрбиеде халықтық идеяны жақтады. Кейбір мәселелерде буржуазияшыл демократтар революцияшыл демократтардың, көзқарастарына жақындады (ұрып-соғып жазалауға қарсы болу жағынан) бірақ өздерінің методикалық және саяси көзқарастары жағынан олардан терең айырмашылықтары болды.

60-жылдардағы халық ағарту жөніндегі алдыңғы қатарлы теориялар біртіндеп мектеп тәжірибесіне, ағарту салаларына ене бастады.Бұл кезде ағарту ісінде қоғамдык орындардың тәуір бастамалары өріс алды. Қалалар мен деревняларда үкімет рұқсатынсыз-ақ бастауыш мектептердің бірнеше түрлері ашылды: жеке адамдар ашқан гимназиялар, жексенбілік мектептер дүниеге келді.

Орыстың ұлы жазушысы және педагогі Л. Н. Толстой шаруа балаларына арнап Ясная поляна мектебін ашып, онда өзі де сабақ берді. Ол Крапивенск уезінің село мектептері жөніндегі училищелер советінің мүшесі де болды. Сол уезде халық мектептерін ұйымдастыру жөнінен қажырлы жұмыс жүргізді.

Л. Н. Толстой өзінің педагогикалық көзқарастары және жігерлі ұйымдастырушылық қызметі арқылы халықпен мейлінше тығыз байланыста болды және халыктың мұң-мұқтажын қанағаттандыратындай мектептер құруға тырысты. Ол бұл жөнінде: "Мектеп халықтың өмірлік мүдделерінің негізгі зандылықтарын аңғарған жағдайда ғана жақсы болмақ", — деді.

Орыстың қоғамдық-педагогикалық қозғалысында Илья Николаевич Ульяновтың (1831—1836) орны ерекше.

И. Н. Ульянов он төрт жыл Пенза мен Нижний Новгородта мұғалім болып, он алты жыл Симбирск губерниясының мектеп инспекторы қызметін атқарды.

Ол ең алдымен К. Д. Ушинский өсиетіне сәйкес жүйелі әрі жоспарлы түрде мүғалімдер әзірлеу ісін қолға алады, педагогикалық курстар, оқу әдістерімен таныстыратын оқытушылар съездерін ұйымдастырады. Өзінің инспекторлық қызметі кезінде ол Симбирск губерниясында 480-ге тарта мектеп ашқан. Илья Николаевич Волга бойындағы барлық халықтарға білім таратудың қажымас бастамашысы болған. Оның чуваш, мордва халықтары арасындағы жүргізген жұмыстары басқа ұлт аудан-

204

дарында жұмыс істеп жүрген орыс мүғалімдері мен мектеп қайраткер- леріне үлгі болды.



Россиядағы 60-шы жылдардағы қоғамдық-педагогикалык қозғалыстың өрлеуі ең алдымен жергілікті орындардағы орыс мектептерінің дамуына әсер етті, осы қозғалыстың ықпалымен орыс мектептері мұғалімдері арасында прогресшіл педагогикалық пікірлер тарады.

Осы кезде қазақ балаларына арналып ашылып жатқан алғашқы үкімет мектептерінің де оқу-тәрбие жұмысы орыстын қоғамдық-педагогикалық қозғалысының прогрестік ықпалында болды.

Орынбор шекара комиссиясының жанынан қазақтарға арналып ашылған бірінші үкімет мектебі қазақ жастарынан патша үкіметінің отаршылық билігін жүргізетін чиновниктер әзірлеуді көздеді. Бұл мектеп жөніндегі "Ереже" 1844 жылдың 14 июніндегі "Орынбор қазақтарын билеу жөніндегі ереже" негізінде қабылданды.

Бұл мектепті ашу, әсіресе, оның оқу-тәрбие жүмысының бағыты мен мазмұны жөнінде күрес өрістеді. Мектеп үйымдастырушылар Орынбор шекара комиссиясының басшы чиновниктері болғанына қарамастан, бірінші үкімет мектебінің айналасында айтыс-тартыстың туындауы ұлт аудандарына 60-жылдардағы орыстың қоғамдық-педагогикалық козғалысының прогрестік әсері болғанын байқатады.

Қазақ балаларына арналған Орынбор орыс мектебі 1850 жылы 22 августа салтанатты түрде ашылды. Мектепте 50 бала қабылданған. Мектептің оқу жұмысы белгілі тәртіпке келтіріле бастады: оқу жылының мерзімі белгіленді, жалпы оқу мерзімі (7 жыл), оқушылар қабылдау кезеңі (әрбір 2 жыл сайын), жазғы демалыс (15 июннен 15 авгуске дейін) анықталды, сабақ кестесі мен оқушыларға арналған үзіліс енгізілді, емтихандардың ережесі жасалды

Орынбор мектебі жұмысының ілгерілеуіне және жалпы Қазақстанда орыс білімін тарату ісіне сол кездегі жергілікті отаршылық басқару орындарындағы бірен-саран алдыңғы қатарлы орыс оқымыстыларының да зор әсері тиді. 1854 жылдан 1859 жылға дейін Орынбор шекара комиссиясының председателі болған В. В. Григорьев сондай кісі еді.

Василий Васильевич Григорьев (1816-1881) белгілі шығыстанушы ғалым, шығыс тілдері мен тарихының жетік маманы болатын.

205


Ол өзінің әкімшілік қызметімен бірге Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тарихы мен мәдениетін зерттеді. Орынборда ашылатын бірінші ғылыми кітапхананың ұйымдастыру жоспарын жасаған да сол. Кітапхана Қазақстан мен Орта Азия тарихын зерттеудің орталығына айналуы тиіс болған. В. В. Гриторьев кітапхана жұмысына, ғылыми-зерттеу істеріне Россияның ірі ғылыми орталықтарын, Ғылым академиясын, Қазан университетін және басқаларды тартты.

Ол Орынбор өлкесіндегі әкімшілік жұмыстан ауысқан соң өзінің көп салалы ғылыми-зертгеу және педагогтік қызметін Петербург университетінде өрістетті.

В. В. Григорьев педагогиканың кейбір маңызды мәселелерімен 50-жылдары, яғни Орынборға келгенге дейін әуестенген еді. Мысалы, Россиядағы қоғамдық-педагогтік қозғалыстың жаршысы болған "Морской сборник" журналымен байланысты болған. Ал, бұл журналдың бетінде 1856 жылы жарияланған орыстың белгілі педагогы Н. И. Пироговтың "Өмір мәселелері" деген мақаласы сол қоғамдық-педагогтық қозғалыстың өзекті мәселелерін көтерген еді.

Сол қоғамдық-педагогтық қозғалыстың ықпалымен В. В. Григорьев 1856 жылы "Россиядағы қоғамдық тәрбиенің кемшіліктері және оларды жою жолдары" деген трактаты мен "Халықтық рухта тәрбиелеу туралы" деген мақаласын жазады. Бұлар жұртшылық назарын аударған.

В. В. Григорьев қазақ арасына білім тарату, казақ тілі, қазақ жазуы жөніндегі негізгі ойлары мен педагогикалық тұжырымдарын: "Қазақ тілінің дыбыстарын орыс әліппесінің әріптері арқылы жазу туралы" (1862), "Қазақтарды орыс тіліне өз бетінше үйрететін құрал" (1861) деп аталатын мақалаларында терең баяндаған.

Бұл мақалаларында ол араб әріптерін орыс шрифтерімен ауыстыру мәселесін ұсынған. "Мен қырғыздардың (қазактардың - Қ. Б.) арасына тараған жалпы мұсылман дыбыстарын орыс әріптерімен ауыстыруды қызу жақтаймын. Менің ойымша жазуды осылай ауыстырудан қырғыздарға да, Россияға да көп пайда тиетіндігіне мен қатты сенемін", — деп жазды.

В.В. Григорьев, әрине, көзқарасы жағынан царизмнің жаршысы, Қазақстандағы отаршылдық аппараттың әкімі болды. Сондықтан ол Россияның крепостникті құрылысы мен царизмнің отарлау саясатының шеңберінде қазақтарды рухани

206


кіріптарлықта ұстау қажет деп есептеді. Бірақ ол қазақ даласын жетік білді, оның үстіне Россияның өзінде өрістеген қоғамдық-педагогикалық қозғалысты да ескерді. Сондықтан ол Орынбор шекара комиссиясының председателі болған кезінде отаршылдық саясатты жүгізуде қазақтардың қоғамдық қатынастары мен тұрмыс ерекшеліктерін ескерудің қажеттілігін мойындады, кейбір реттерде царизмнің Қазақстандағы отарлау саясатының әдістеріне риза болмады. Кейіннен Петербург университетінің профессоры кезінде ол былай деп жазды: "Қырғыздарды (қазақтарды) шындығында қол астымызға көшіру жөніндегі істеріміз күлкі тәрізді... Бұл олардың тілін де, дінін де, үғымдары мен праволарын да білмеуімізден, әрине, мұндай жағдайда біздің әрбір қадамымыз сәтсіздікке ұрындырмақ".

Осындай көзқараста болған В. В. Григорьев Орынбор қазақ мектебінің оқу-тәрбие процесіне көп көңіл бөлді. Әсіресе, ол мектептің ішкі өміріне: оқушылар құрамына, оқудың мазмұны мен әдістеріне, шәкірттердің жалпы мәдени дәрежесіне зер салды.

Тіптен ол мектеп бітірушілерге де қамқорлық жасады, олардың кейіннен білімін толықтырып, кеңітіп отыруына көмектесті.

Мектептің бүкіл есеп-қисабын, оқу жоспарын, программаларды өзгерту және оқушылар саны жөніндегі ұсыныстарды В. В. Григорьев даярлады. "Орынбор шекара комиссиясы жанындағы қазақ мектебінің оқушылар санын арттыру жөніңдегі хатты" да В. В. Григорьев жазған. Бұл "Хаттың" айтарлықтай педагогикалық мәні бар: ол онда қазақ мектебінің, болашағы жөнінен өзінің гуманистік пікірлері мен жоспарын баяндады: мұнда ол алғашқы рет бүл мектепті орыс-қазақ мектебіне айналдыру мәселесін ұсынды. Мүның өзі сол кезде қазақтар арасында орыс білімін таратудағы прогрессивтік идея еді. "Хатта" оқушылардың жалпы білім дәрежесін көтеру және бүкіл оқу программаларын кеңейту талаптары да болды. Онда В. В. Григорьев қазақ балаларының көпшілігі табиғатынан білім алуға қабілетті келеді деген пікір айтады.

Сонымен бірге В. В. Григорьев, қазақ балаларының орыс тілін меңгеруін жеңілдету мақсатында, қазақ мектебіне өз ерікгерімен қатынайтын 10 орыс баласын қабылдауды ұсынды. Оның бұл ұсыныстары кейіннен орыс-қазақ мектептерін құру жөніндегі мәселені қоюға негіз болды.

"Хатта" мектептің оқу жоспарына математика, жалпы және орыс географиясы, жалпы және орыс тарихы, геометрияның

207

бастапқы негіздерін, сызу мен сурет тәрізді жаңа пәндерді енгізу талап етілді.



Мектептің оқу жұмысын қайта қүру жөніндегі бұл ұсыныстарды 1872 жылы сентябрьден бастап енгізілген жаңа оқу жоспары мен программа-ларынан орын алды. Әсіресе, нақты ғалымдар бойынша тарих, орыс тілі, қазақ және татар тілдері жөнінде программаларға көптеген өзгерістер енгізілді. Арифметиканың, геометрия мен геодезияның программалары кеңейтілді. Орыс тіліне, оқушылардың ауызекі сөйлеуіне ерекше көңіл бөлі-нді. Екінші және үшінші кластарда қазақ тілі тереңірек оқытылып. оған Шығыс, түркі жазушыларының шығармалары енгізілді.

Тарих бағдарламасында жалпы және Россия тарихының материалда-рымен бірге аздап болса да "Қырғыздар мен оларға көршілес Орта Азия халықтарының орыс қол астына келгеннен бергі басқарылуы" деген материал да берілді.

Мектеп жұмысын қайта құрудың нәтижесінде оқушылардың орыс тілін меңгеруге жағдайлар жасалды. Мектептің жұмысымен танысқан суретші А. Ф. Чернышев: "Мектепке түскенге дейін ондағы қазақтар орысша бірде-бір сөз білмеген, ал қазір мен мектепте болған кезде олар менің берген барлық сұрақтарыма орысша толық қанағаттанарлық жауап бере алады", — деп жазды.

В. В. Григорьев оқушылардың жалпы мәдени дәрежесін көтеруге көңіл бөліп, бұл бағытта әр түрлі әдістерді іздестіреді. Әсіресе, ол оқушылардың кластан тыс оқуына мән береді. Шәкірттер орыс және дүние жүзілік әдебиеттен Карамзиннің, Жуковскийдің, Гончаровтың, Вальтер Скоттың және басқа жазушылардың шығармаларын оқыған. Мектеп кітапханасында "Табиғат және оның құбылыстары жөніндегі әңгімелер", "Малшылық пен қызығушының альбомы", "Тағы айуандар өмірінен суреттер", "Күн, Ай және жұлдыздар жөніндегі әңгімелер" т. б. кітаптар болтан. Мектепте дене тәрбиесіне де көңіл бөлінген. Шәкірттер ветеринарлық істің негіздерімен де танысқан.

Әрине, В. В. Григорьевтің қазақ мектебіне қатысты істерінің отаршылдық астары да бөлды. Оның үстіне Қазақстан сияқты байтақ өлке үшін мұндай бірер мектептің болуы жоқтың аз алдындағы іс еді.

Бірақ, қазақ балаларына арналған бұл мектеп те жабылып қалды. Оның жабылуына Оқу министрлігінің тікелей қатысы болды. Ол елдегі қоғамдық-педагогтық қозғалыстан сескеніп,

208

мектептердің барлық түрлеріи үкіметтің бірыңғай мектеи жүйесінің шеңберінде ұстағысы келді. Оның үстіне мектепке зор қамқорлық жасаған ғалым В. В. Григорьев осы кезде әкімшілік жұмыстан ауысқан еді, сондықтаы ол енді мектепке тікелей ықпал жасай алмады.



Мектеп 1869 жылы 1 февральда жабылды да, сол жылдың авгусынан бастап Орынбор гимназиясының жанынан қазақ балаларына арналып отыз орындық пансион және гимназияға дайындық сынып ашылды.

Сонымен Орынбордағы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектеп (1850—1869) оқушылар санының тым шағындығына қарамастан, қазақтар арасында орыс білімін таратудың алғашқы ошағы болды. Бұл мектептін, оқу-тәрбие жұмысына орыстың прогресшіл бағыттағы ғалымдарының жағымды әсері болды. Мектептің бүкіл оқу-тәрбие жұмысы арқылы қазақтарға арналған орыс мектебін ұйымдастырудың алғашқы тәжірибесі жинақталды. Бұл тәжірибе кейінірек орыс-қазақ мектептерін ұйымдастыруда пайдаланылды.

Батыс Сібірдің орыстан басқа халықтарының көпшілігі қазақтар болды. Олар негізінен Батыс Сібір генерал-губернаторлығына бағынған Ақмола және Семей облыстарында орналасқан еді. Мұндағы барлық халықтың 51 процентін қазақтар құрайтын. Бұл облыстардағы қазақтар да Россияға өз еркімен қосылу кезеңінен бастап орыстармен тығыз қарым-катынаста болды. Сондықтан ертеден басталған мәдени байланыстары өрістей берді. Әсіресе, қазақтар орысша білу үшін орыс мектептерін ұйымдастыруға ықылас білдірді. Мысалы, олар 1855 жылы жазған өздерінің өтініш хатында көшпелілер арасында орысша оқытатын мектептер ашылуын талап етіп, "барлық қазақтар өз балаларын мектепке зор ынтамен береді", "ол үшін малдарын да аямайды",- деген.

Бірақ патша өкіметі қазақтар арасына білім таратуга қарсы еді. Сондықтан ол феодал-шонжарлардың аздаған балаларын төменгі дәрежедегі басқару аппаратына ғана даярлауды көздеді. Батыс Сібір генерал-губернаторы бұл жөнінде орыс білімінің, мақсаты сауаттыларды көбейте беру емес, өйткені олардын. шамадан артық көбеюі халықты жалған бостаншылыққа әуестенгіш етеді деген. Сондықтан патша өкіметі мектепті қазақ халқының арасынан ашпай, оны генерал-губернаторлықтың орталығы Омскіде (1857 жылы) ашты.

209

Бірақ патша өкіметінің көздеген мақсаттарына қарама-қарсы, Орынбор мектебі сияқты, Омскідегі қазақ мсктебінің оқу-тәрбие жұмысы да XIX ғасырдың 60-жылдарындағы орыстың прогресшіл педагогикасының ыкпалында болды.



Орынбор мектебінің уставына негізделген Омск мектебінің "Ережесін" жасауға Қазақстанды зерттеу ісімен шұғылданып жүрген Петербург университетінің профессоры, белгілі шығыстанушы И. Н. Березин қатысты. Сондықтан мектеп "Ережесінде" 60-жылдардағы педагогикалық қозғалыстың әсері сезілді. Оқуда орыс тілі, Орта Азия жөнінен кеңірек мәліметтер енгізілген география, орысша және қазақша таза жазу, арифметика, қазақ тілі, орыс тілінде іс қағаздарын жүргізу пәндері негізгі орын алды.

Мұнда да қазақтардың орыс тілін меңгеруін жеңілдету мақсатымен, орыс балалары қабылданды. Қазақ балаларына арналған интернат ұйымдастырылды. Омск мектебінің оқушылар саны Орынбордағыға қарағанда кем болды. (20 бала мемлекет қарамағында еді), бірақ соған қарамастан Ақмола мен Семей облыстары қазақтарының арасына орыс білімін таратуда мектеп белгілі рөл атқарды, қазақ балаларына орыс тілін үйретті, оларды өз елінің табиғи байлығымен, тарихы және географиясымен таныстырды, орыс мәдениетіне жақындастырды. Әсіресе, айтарлықтай оқиға: мектепте қазақ және орыс балаларының оқу-тәрбие жұмысы қоян-қолтық бірге ұйымдастырылды, осының барлығы қазақ пен орыс жастарының достық қарым-қатынасын кеңейтті де нығайтты.

1881 жылы Омск мектебі қазақ және орыс балаларына арналған пансион болып қайта құрылды. Осыған байланысты қазақ балаларының оқуына кедергілер көбейе берді.

Дегенмен бұл мектептерден алғаш рет орыс білімін алған қазақ жастарының тобы шықты. Патшалық әкімшіліктің көрнекті өкілдерінің өздері де бұл мектептердің орыс білімін меңгерген қазақ жастарының жаңа тобынын шыққанын, олардың қазақ арасына орыс білімін таратуға әсері ететіндігін мойындауға мәжбүр болды. Мысалы, Орынбор генерал-губернаторы Катенин: "Орыс мектептерінен білім алған жас қырғыздар (қазақтар) өздерінің ой-пікірлері және бағдар-бағыты жағынан молдалардан оқыған жолдастарынан мүлде өзгеше", — деп жазды.

Орынбор және Омск мектептерін бітіргендердің ішінде өз халқына қызмет етудің ауыр да болса, құрметті жолын қалап алған халқымыздың алдыңғы қатарлы ұлдары да бар еді.

210


Солардың бірі — қазақ халқының атақты ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин. "Орыс мектебі бізге Алтынсаринді берді", — деп жазды ол туралы әйгілі ағартушы-педагогтың шәкірттері.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Россияның ішкі өмірінде капитализмнің дамуына байланысты крепостнойлық кұрылыстың іру процесі күшейе берді. Соның нәтижесінде таптық қайшылықтар шиеленісті. Шаруалар қозғалысы өріс алды, дворян революционерлері — декабристер, онан кейін интеллигенция бас көтерді.

XIX гасырдың басында Россияда капиталистік қатынастардың дамып өріс алуымен байланысты, патша үкіметі алдыңғы қатарлы қоғамдық ой-пікірдің алдында көз бояушылық максатымен либералшыл бағытта кейбір реформалар жүргізді.
Мектеп білімінің мемлекеттік жуйесінің құрылуы
Осы кезенде таққа отырған I Александр мемлекеттік билеудің ескірген жүйесін өзгертті. Бұрынғы коллегиялардың орнына бір орталыққа бағынған министрліктер құрды. Соның бірі 1802 жылы құрылған Халық ағарту министрлігі болды. Бұл министрлік ғылым, әдебиет, баспасөз, ағарту және тәрбие ісін басқарды.

1803 жылы Халық ағарту министрлігі "Халық ағарту ісінің бастапқы ережелерін" жариялады. Бұл "Ережелер" бойынша бүкіл Россия 6 оқу округтеріне бөлінді, әр оқу округін мемлекет чиновнигі - оқу округінің попечителі деген басқарды.

Осылай халық ағарту ісін басқарудың қатаң бюрократтық жүйесі құрылды.

Мектеп реформасының келесі сатысы — 1804 жылы қабылданған "Оқу орындарының уставы" болды. Бұл "Устав" бойынша Россияда төмендегідей жаңа оқу орындары ұйымдастырылды.

І.П р и х о д у ч и л и щ е л е р і әр қалалар мен селоларда ұйымдастырылды, оқу мерзімі бір жылдық. Мұның міңдеті: уездік училищелерге оқушылар әзірлеу, дін тәрбиесін және элементарлық сауат ашу. Училищенің оқу жоспарында: "Құдай заңы" мен ережелері, оқу, жазу, арифметиканың бастапқы төрт амалы, үй тұрмысы мен денсаулыққа байланысты оқыту пәндері болды. Сабақты жалғыз оқытушы жүргізуге тиіс еді. Училище мемлекет қамқорлығында болмай, оны қамтамасыз ету жергіікті басқару орындарына жүктелді. Шаруалар помещиктердің қол астында болуына байланысты, олардың балалары бұл училищеде де оқи алмады.

211


2. У е з д і к у ч и л и ще л е р губерниялық және уездік қалаларда ашылды. Оқу мерзімі — екі жылдық. Мұның мақсаты — гимназияга оқушылар әзірлеу, сол кездегі өндіріс және сауда салаларынан білім беру. Осыған байланысты оқу пәндеріеің саны шамадан артық көп болды, сондыктан олардың сапалы түрде өтуі күмәнды еді.

3. Гимназиялар әрбір губерниялық қалаларда ашылды. Оқу мерзімі төрт жыл. Гимназиялардың алдына қойылған міндеттер: университеттерге оқу үшін жастар даярлау, "әдепті тәрбиеленген адамдарды" қалыптастыруға қажетті білімдер беру.

Гимназияның оқу жоспарындағы оқу пәндері кең, әр салалы болды (шет тілдер, география мен тарих, жалпы және Россия мемлекетінің статистикасы, философия ғылымдарының бастапқы курсы), метафизика, логика, этика, мораль, математика, табиғат тарихы (минералогия, ботаника, зоология), коммерция теориясы, технология мен сурет.

Гимназия университтеттерге бағындырылады. Бұл оқу орны халық бұқарасына арналған приход және уездік училищелерге қарағанда материалдық жағынан анағұрлым жақсы жағдайда болды.

4. Университеттер мемлекеттік жұмысқа чиновниктер, оқытушылар даярлады. Оқу орындары уставын әзірлеген ғалымдардың талаптарына сәйкес және үкіметтің либералшыл саясатына байланысты университеттер-дің өзін-өзі басқару түрі қабылданды. Оны сайланып койылатын совет, ректорат және деканаттар басқарды.

Уставта оқу орындарының барлық түрінде жалпыға бірдей, тегін білім берілетіндігін жариялаған еді, бірақ қабылданған уставтың ізінше крепостной шаруалар гимназияларға алынбайды деген түсініктеме хат жіберілді. Купец, мещан, қолөнерші, басы бос егіншілер сияқты сословиелердің өздері балаларын гимназияға қабылдату үшін бұрынғы қоғамдык сословиелерден шығуы тиіс болды.

Осындай тар мағыналығына қарамастан, 1804 жылғы оқу орындарының уставының кейбір тарихи прогресшіл жақтары да болды: оқу орындарының бір-бірімен байланыстылығы, сатылы түрде құрылуы көрсетілді. Уездік училищелер мен гимназиялардың оқу жоспарлары біраз кең көлемді реальдық білімдер талап етті. Осы 1804 жылғы уставтан кейін қалаларда,

212


баяу қарқында болса да, оқу орындарының сапы өсті. 1812 жылғы Отан соғысынын қарсаңында Россияның 47 губерниялық калаларының барлығында да гимназиялар, уездік қалаларда уездік жәпе приход училищелері ашылды.

Бірақ, бұл "либерашыл" делінген оқу орнының уставы сословиелік-крепостнойлық құрылыстың негізін бұзғысы келмеді. Оқу орындары негізінен қалаларда ашылғандықтан, шаруалар бұрынғыша сауатсыз қала берді. Уставта оқытушылардың педагогикалық творчествосына да өзғеріс енгізе алмады, оқытушы өзінің жоғарғы басшыларының өмірін орындайтын дәрменсіз үкімет чиновнигі дережесінде ғана болды. Өкімет крепостнойлық-сословиелік идеологияны күшейту мақсатында барлық оқу орындарына дін оқуын ендірді.

1812 жылғы Отан соғысы орыс халқының сана-сезімін дамытуда ірі рөл атқарды. Елде бостанлық сүйгіш пікірлер өрістеді, крепостнойлық пен самодержавиеге қарсы саяси күреске шыққан құпия, жасырын одақтар құрылды. Оқу орындарында бұрын тыйым салынған Пушкиннің, Рылеевтін, декабрист ақындардың шығармалары тарады.

Бұған үкімет ағарту саласында өріс алған реакцияны күшейтумен жауап берді: оқу орындарында қатал аракчеевтік режим орнады, халыкдың білім алуын тежеуге бағытталған бірнеше указдар қабылданды. Гимназиялардың оқу жоспары ірі өзгеріске ұшырады: дін сабағы кеңінен енгізілді, жастардың санасында бостандық сезімін оятатын философия, саяси экономия, табиғи право, эстетика теориясы пәндері алынып тасталынды.

Дворян революционерлерінің программалық талаптарының негізгі бір саласы — халық және крепостной шаруалардын арасына сауаттылықты тарату еді. Олар патша чиновниктерінің мәдениет пен ғылымның дамуына тигізіп отырған кедергі әрекеттерін, ғалымдар мен оқытушылар үстінен жүргізіп отырған полициялы-бюрократтық бақылау жүйесін қатты сынға алды.

Декабристердің басшыларының бірі — Пестель ағарту ісінің түбірінен қайта құрылуын самодержавиені құлату және жаңа саяси-қоғамдық құрылыс орнату міндеттерімен байланыстырды.

Декабристердің және алдыңғы қатарлы оқытушылардың көмегімен халық арасына крепостнойлыққа қарсы идеялар насихатталынды.

Декабристер көтерілісі күшпен басылғаннан кейін, педагогикалық қоғамдар таратылды, крепостнойлық үкімет ағарту саласында реакцияшыл үстемдікті мейлінше өрістетті.

213

I Николай өкіметінің ағарту ісіндегі шектен асқан реакцияшыл саясатының айқын айғағы ретінде 1828 жылы «Гимназиялар мен училищелер уставы" деген қабылданды. I Никалай өкіметі бұл устав арқылы ғылымды, ағарту ісін және мектепті сол кезде күйреу дәрежесіндегі креностнойлық құрылысты нығайту құралы етуге тырысты. "Устав" бойынша ағарту ісіндегі сословиелік басшы принцип қатаң түрде бекітілді. Мектептің сословиелігін бұзушылар өкімет тарапынан жазаланатындығы көрсетілді. Мектеп өмірінде бюрократиялы-полинейлік тәртігі мейлінше күшейтідді, әскери казармалық тәртіп орнатылцы. Патша үкіметінің халық ағарту саясатын 1833 жылы тағайындалған Оқу министрі Уваров үш салалы ұғыммен анықтады, ол білім мен тәрбие "православиелік", "самодержа-виелік" және "халықтық" негізде болады деген. Бұл дворяндық-монархиялық идеологияны күшейту және негіздеу программасы еді және ағарту ісіне төнген ауыр бағыт, зиянды әрекет болатын.



Бірақ үкіметтің халықтың ағарту ісіне мұндай террорлық әрекеттері оның алға ұмтылуын тоқтата алмады. Барлық кедергілерге қарамастан, баяу қарқынмен болса да, приход училищелері көбейді, уездік училищелерге жаңа оқу құралдары мен оқыту әдістері енгізілді (аналитикалық дыбыс әдісі, көрнекі құралдарды пайдалану т. б.). Тамаша педагог В. Ф. Одоевскийдін (1804— 1869) суреттермен безендірілген балалар кітаптары шықты. Петербург педагогикалық институтының профеесоры Ф. И. Буссе оқу құралдарын жазып, арифметиканы оқытудың әдістерін зерттеді.

Патша өкіметінің ағарту саласындағы реакцияшыл саясатын елдегі прогрессившіл қайраткерлер (жазушылар, ақындар, ғалымдар, педагогтар) жігерлі түрде сынады.


Революцияшыл демократтар

В. Г. Белинский мен А. И. Герценнің

педагогикалық теориясы
XIX ғасырдың 30—40 жылдарында Россияның алдыңғы қатарлы қоғамдық-педагогикалық ой-пікірініц дамуында осы кезеңнің екі ұлы ойшылы болған В. Г. Белинскийдің және А. И. Герценнің алатын орны аса ерекше.

Бұл тамаша қайраткерлердің өмірі Россияның революцияшыл-азаттық қозғалысымен тығыз байланысты, бұлар орыс-

214

тың классикалық философиясының және революцияшыл-дсмократиялық педагогикасының негізін салушылар болып есептелді. В. Г. Белинский мен А. И. Герцеи орыс социал-демократтарының алдынан өтушілер бола отыра, сол кездің озінде социалист-утопистер мен шетелдердегі ағартушылардан анағұрлым жоғары тұрды. Олар 30—40-жылдардағы орыс ой-пікірінің рухани көсемдері болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет