РЕВОЛЮЦИЯЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ
БУРЖУАЗИЯЛЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ДАМУЫ
Я. Л. Коменский - еуропа педагогикасының
негізін салушы
Ян Амос Коменский 28-наурызда, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге келді. Германияда білім алып, 24 жасында ол туыстар обшинасының дін қызметшісі міндетін атқарды. 1618 жылы Коменский 240 километрге орналасқан Праганың ығысындағы Фулынекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестантизмге қарсы күш - католиктік контирреформация құрылды. 10 жылдық соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сославия өкілдері Коменскийге соған муше больш кіру немесе отанын тастап кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, отбасымен бірге Лешноға келді. Бұл Польшаның белгілі Обшиналық орталығы болатьш. Осыдан бастап, ол қуғын көріп 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына қайтып орала алмады. 1656 жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бұл жылдары ол бала-шағасынан айрылды. Өмірінің соңғы кезін ол Амстердамда өткізді. Голландия да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды. 1657 жылы латын тілінде "Ұлы дидактика" басылды. Я. А. Коменский өмірінің соңғы төрт жылы ішінде -"Адам ісін түзетудің бүкіл жалпылық Кеңесі" атты еңбегін жариялады.
XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменскийдің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жүртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп түрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.
167
XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінгеп Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері меп әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін - оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше - "Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардыц негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек латын тілінде емес) жүргізуді ұсынды.
Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог "Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады", "Адам болу үшін ол білім алуы тиіс", "Білімділер нағыз адам" - деді. "Ілім - нравтылықтың спутнигі"- деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет - деді.
Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айналдырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Оны ғылыми, теориялық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесі - педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.
Оқытудың жана әдісінің қажеттілігі. Коменский дәуірінде мектепте білім беру жүйесі бытыраңқылық күйде болды. Мысалы, ер балалар ғана білім алуға қүқықты болды. Алайда кедей отбасының балалары мектепке кабылданбады. Сабақтарда латын әрпімен балалардың басын қатырды. Орта ғасырда көптеген мектептер Католиктік шіркеудің бақылауында болды. Шіркеудің қызметі латын тілінде жүргізілді. Мақсат мектепті латын тілінде оқытып дін иелерінің орнын толтыру еді. Педагогтар оқыту мақсаты мен міңдетін ешбір ойламады. Жайдан күрделіге көшу ешкімнің есіне келмеді. Тәртіп қатаң болды. Мектептердегі нравтық климат -ұрып, соғу мақсатын көздеді.
Бұл дәуірдегі мектепті Шотландия ағартушысы Саймон Лори
168
- "Ешбір ойластырылмаған", "Ешбір қызықтырмайтьш" деп атады. Ал, Коменский оданда ауыр етіп "Ақыл соғысы" - деп атады.
Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630 жылы отбасында тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналады. 1631 жылы "Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі" атты еңбегі жарық көрді. Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық дәстүрде соққы берген еңбек болды. Кітапта екі колоннаға бөлінген - Чех тілі мен латын тілін салыстыра оқытудың мән-жайы түсіндірілді. Еңбекте латынша оқытудың кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл кітаптың қүндылығы сонда, ол 16 елдің тіліне аударылды.
Коменскийдің көпке, оқушылар қауымына таныс жүмыстарының бірі - "Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі" атты еңбегі. Бұл жасөспірімдерге арналғаи еді. XX ғасырда педагогика профессоры Элвуд Кабберли былай деді. "Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150 жыл орнына 200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың болмағанының куәсі" - деп жазды. Қазіргі кітаптар мен оқулықтар Коменский еңбектері негізінде
иллюстрацияланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тілінде "Ұлы дидактика" атты еңбегін жариялады. Бұл кітап, оны дүние жүзіне танытты. Кітап Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды.
Я. А. Коменскийдің кейбір педагогикалық принциптері:
Мұғалім материалының көлемі. "Мүғалім материалды қанша, білгенінше үйретуі қажет емес, оны оқушылардың меңгергенінше үйретуі тиіс" - деп көрсетті.
Оқыту әдістері. "Барлық уақытта практикалық, әр кезде қызығатын тартымды, осының нәтижесінде мектепте шын мәнінде өмірдің барлық үлгілерін көрсетіп тамаша шығармашылық өнер - бастауы болуы тиіс".
"Жақсы оқу - біреуге жай ғана көмек сияқты болмауы керек, ол аса бір ғанибеттілікпен шын мәнінде білімді меңгеру" - деді Коменский.
"Қабілетті мүғалім деп соларды ғана атауға болады, кім -өте шыдамдылықпен балаға білім бұлағын егетін, қиыншылықпен оны жеңе білетін адамды айтамыз" (Коменский Я. А.)
"Окыту жай ғана көрсету емес: бір заттың пайдаланатын орнына байланысты. екінші заттан айырмашылығын, формасын, шығу тегін т.б. кім жақсы айыра, талдай білсе, сол ғана жақсы оқыта алады" (Коменский Я. А.)
169
Логикалық байланыстар. Мағынасыз нәрсені қанша айтсаңда, түсіне алмайсың, бағалай да алмайсың, дәлірек айтсақ, оны еске түріру де мүмкін емес" (Коменский Я. А.)
"Бір бөлшегі жоқ дүние - түсініксіз де, материалды талдай да алмайсың, алайда оны есіңе де түсіре алмайсың" (Коменский Я.А.)
Түсіну. "Түсіну көп жағдайда адамдар арасындағы ұғынысқа және қарым-қатынасқа байланысы. Неге, ол кіммен, немен байланысты, қандай жағдайда, қалай бірінен-бірінің айырмашылығы, ұқсастығы неде?
"Өте жақсы айтылған, алғаш рет біз мәтіңді оқуымыз қажет, демек, оның мазмұнымен танысу үшін, екінші рет - оны түсіну үшін, үшінші рет оны озінің есінде жаңғырту үшін, төртінші рет біз оны өзімізше қайталауымыз қажет, мақсат оны калай игергенімізде".
"Оқудың негізгі айнала затты және құбылысты таным процесімен байланыстыру, басқалар байқағанда және зат туралы куәлікті жаттаудың қажеті жоқ".
"Құлақ көру мен сөзді байланыстырады - қолмен де жалғастырады". Үйрену сыртқы сезім мен ақылдың ара-қатынасын айқындайды".
Коменский мектепке ана тілін кеңінен ендіру және оны дамыту жолынла қажымас күрес жүргізді. Басқа тілді меңгеру сол ана тілінің көмегімен жүруге тиіс деген пікір ұсынды: "Алдымен, әринс, ана тілі, содан кейінгі ана тілінің орнына жүретін, атап айтқанда, көрші халықтың тілі" (Ұлы дидактика", XXIX тарау), - деді.
Коменский мектеп білімінің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жакты формалистік грамматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан-жақты білім беруге шақырды.
Ұлы педагог жалпы білім негіздерімен қарулану керектігін ескертті. Оның ойынша қай тіл, қай ғылым мен өнер болса да әуелі қарапайым элементтерден бастап оқытылуы керек делінді.
"Біз білім саласындағы тамаша атаулының бәрі ақыл арқылы енгізілуін тілейміз", - деген. Латын мектебінің (гимназия) оқуына: физика, география, тарих пәндері енгізілуі тиіс. Бұл пәндер бір-бірімен байланысты турде берілгені жөн, - деді.
Оқыту теориясы. Коменский өзінің тамаша шығармасы "Ұлы дидактиканы" барлық халық жастарын бүкіл білім
170
салаларына жаңа жолмен оңай және ұғымды етіп оқыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды.
"Ұлы дидактиканың" мұқабасындағы толық аты бұл әйгілі еңбектің мақсаты мен мазмұнын түгелдей ашып берді.
Коменский мектеп үшін жалпы бағдарламалар, оқулықтар, оқыту әдістерін жасап шығару ісін ең негізгі міндет деп санады.
"Жұрттың бәрін қалайша арнаулы бір кітаптан оқытуға болар еді" деген сұраққа ол әр ғылым мен өнер-білім саласы бойынша оқу кітаптары болу керек деп жауап берді. Ол оқулықтарға қойылатын талаптар арқылы дидактика мәселелерін анықтады. "Мұнда кітаптарды жеңілдік, тиянақтылық және ықшамдылық жөніндегі принциптерімізге сәйкес барлық мектептерге арнап шығару керек; олардың баяндалуы толық, негізді және дәл, яғни бүкіл дүние жүзінің дәл суреті сияқты болуға тиіс. Менің айрықша тілейтінім, талап ететінім мынау ғана: ол кітаптар түсінікті және жеңіл тілмен жазылып, оны пайдаланған шәкірттер барлығын, тіпті мұғалімнің көмегінсіз-ақ, өздері түсінетіндей дәрежеге көтерілетін болсын".
"Ұлы дидактика" төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап берілді:
1. Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуга болады.
2. Оқыту мен оқудың жеңілдігі.
3. Оқыту мен оқудың негізділігі.
4. Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.
Коменский өмірге жаңа келген адамнын, ақылын жас ұрық-тұқыммен салыстырады да, оны дамытса, адамның дүниеде түсініп танымайтын нәрсесі жоқ деп тұжырым жасайды.
"Ұлы дидактиканың" арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты-басты дидактикалық талаптар баяндалды.
Олар:
1. Оқытуға қолайлы уақытты таңдау.
2. Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.
3. Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелілік)
4. Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту.
5. Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау.
6. Бала табиғатын ескеріп отыру; қалаған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.
7. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қарастырып оқыту.
171
Коменскийдің өз кезіндегі білім беру жүйесін, схоластикалық мектепті әр жақты және дәлелді сыңға алуының қоғамдық зор мәні болды. Әсіресе оның халықтың төменгі тобының мектепке қолы жетпей отырғандығын, осының арқасында халық арасындағы көптеген таланттар мен дарындардың көзге түспейтіндігін, мұның мемлекет тағдырына зияндылығын көрсетті, мектеп құрылысын қатаң сынады, бұл сол кездегі демократиялық топтардың наразылығын туғызды.
Тәрбие мен білім берудің маңызы. Тәрбиенің басты принципі.
Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. "Ұлы дидактиканың" негізгі тарауларында Коменский реалистік позицияда екендігін, педагогиканың маңызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық топтарының мұқтажына бағындыратынын көрсетті. Ол өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етеді. Сондықтан мектептің мақсаты - ақылды адамды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы, - деді Коменский, - жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша, адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады. Коменский тәрбиенің ықпал ету күшін осылай көре білді. "Адам болу үшін ол білім алуы тиіс". "Білімділер нағыз адам..." - деді.
Бүкіл тәрбие ісі Коменскийше табиғатқа тән, жалпы зандылықтарға сәйкес болуға тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді.
Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейіннен Коменский анықтаған бұл идея педагогикада "табиғатқа сәйкестік принципі" деп аталады.
Коменский адам өзінің жетілуінде жалпы табиғатқа қатынасты заңдарға тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құрылатын тәрбиенің білімінің және оқытудың жалпы принциптерін іздестірді.
"Табиғатка сәйкестілік принципі" оқудағы схоластика мен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау оның мүмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті.
Оның ойынша адам ақылының шындалатынын шеберхана сияқты орны - мектеп. Мектеп - "барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін" адамгершіліктің шеберханасы. Коменскийдің ойынша,
172
мектеп - оқушылардың "адамгершілігін", "ақылын" тәбиелеудегі білім мен оқытуды ұымдастыратын орталық.
Мектеп оқуының жүйесі. Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отыра, бір-бірімен байланысты кұылған оқудың 4 сатылы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.
1) Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде - "Ана мектебі".
2) 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда "Ана тілі" мектебі.
3) 12-ден 18 жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі (гимназия)
4) 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді.
Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір-бірімен байланысты болды; сүйтіп, Коменский XVII ғасырдың өзінде бір тексті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.
Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да, біліммен қаруландыру жағынан да оқудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді.
Коменский сол кездегі мектептерде латын тіліндегі оқу үстем болып тұрған кезде, бастауыш мектептің (элементарлық) ана тілінде болуын талап етті. Бұл мәселеде ол өмірге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана беріледі, тек осылай ғана балалардың акыл-ойын одан әрі дамыту міндетін жемісті шешуге болады деген идея ұсынды.
Коменский "Ұлы дидактикасында" педагогикалық ойды және мектеп оқуын ілгері дамытуда ерекше рөль атқаратын жаңа дидактикалық принциптерді анықтады. Оқудың көрнектілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізді болуы.
Коменскийдің көрсеткен бұл дидактикалық принциптері оның, педагогикалық жүйесінде бір-бірімен өзара тығыз байланысып отырды. Ол көрнекілік принципін психологиялық талаптармен байланыстырады.
1. Дүниетаным әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікге болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес, осыған байланысты оқыту ісін заттар туралы құрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасатудан бастау керек.
173
2. Ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді.
3. Түйсік дегеніміз адал жетекші және зейін; тікелей сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке берік есте дейін есте сақталады.
Сонымен бірге Коменский осы көрнекілік принципіне байланысты мынадай ескерту жасады: дүниеде сезім мүшелері тікелей қабылдай алмайтын нәрселер бар (мәселен, аспан әлемінің денелері және жер астындағы нәрселер немесе басқа елдерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар т.б.)- Бұларды оқытуда Коменский айналадағы заттарды негізге алып, солармен салыстыра отырып оқыту керек деді. Көрнекілікті іске асырудағы оның ұсынған құралдары: заттар, сол заттардың суреттері, модельдері т. б.
Алған білімнің тиянақтылығы жөніндегі мәселе -Коменскийдің педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі.
Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді - деді Коменский.
Ол өзі ұсынған дидактикалық принциптерін ілгері дамыту және оларды нақтылау мақсатында бірнеше методикалық нұсқаулар ұсынды. "Ұлы дидактиканың" XXI тарауы "Өнер білім әдісіне" арналған. Мұнда оқу, жазу, ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты бір қатар ережелер сөз болады. Сондай-ақ адам "практикалық дағдыларға іс жүзінде үйренуге тиіс", "қандай да болсын қызмет, әрекет үшін белгілі бір форма, норма белгіленуі қажет", "жаттығу жұмысын оқушылар өнер-білімді толық меңгергенше жүргізу керек", - деген өте орынды пікірлер айтылды.
Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың "жақыннан алысқа", "белгіліден белгісізге", "нақтылыдан абстрактылыға", жеңілден ауырға" қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды.
Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғаш рет оку тоқсандарына жіктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын үйымдастырудың негізгі түрі болып сынып-сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский сабақты ұйымдастыру жөнінен
174
құнды нүсқаулар берді (жаңа материалды өту, оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтағы тәртін т.б.). Ұлы педагогтың мұғалімдерге қалдырған өшпес өсиеттерінде: бүкіл педағогикалық процестің жастарды оқуға қызықтыра тартатындай болып ұйымдастырылуы, оқу баланың жас ерекшелігіне сай құрылып, қарапайым, балаға жатық болу қажеттігі қарастырылды. Әрине, бұл ұсыныстар орта ғасырлық мектептің дәстүрімен бүтіндей қайшы болды.
Адамгершілік тәрбиесі, тәртіп. "Ұлы дидактиканың" XXVI тарауында мектеп тәртібі адамгершілік тәрбиесі және тәрбие мәселелері қаралды. Адамгершілік тәрбиесі жөніндегі мәселелерде Коменскийдің діни бағыты өте айқын байқалды. Бірақ тәрбиенің бұл саласынан да құнды пікірлер қалдырды.
Ұлы ойшыл адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі - эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету деп есептеді.
Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.
Коменский мектеп тәртібі жөнінен жаңа пікірлер айтты. Оның үлкен еңбегі сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, баламен гуманды қатынас орнатуды –жақтады, сонымсн бірге мұғалім оқушыларынан тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деді. Бұл туралы оның мынадай пікірі бар. Егер егістікті отамайтын болса, егіске қауіп төндіретін арамшөн өседі. Егер ағаш бұтақтары кесіліп отырылмаса, жабайыланады. Бұл пікірден мектепте ұрып-соғып жазалау орын алсын демеген, мұғалімдер де, оқушылар да сергек және бірін-бірі қадірлеп отыратын болсын, тәртіптің үлгісін мүғалімнің өзі көрсетіп отырсын деген сөз аңғарылады. Бірақ Коменский көзқарасының екі жақтылығы сол, ол ұрып-соғып жазалауды дінге байланысты жағдайларда қолдануды жақтады.
Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп есептеді. Оның ойынша, мүғалім - "мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр қүятын тынымсыз лаулаған жалын иесі".
Мүғалімнің балаға әсер ету күшіне ешбір күш тең келе алмайды деген пікірді айта келіп: "Оларға (мұғалімдерге) тамаша кызмет тапсырылған күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес", - деді.
175
Коменскийдің балаларға қандай гуманистік және оптимистік көзқараспен қарағанын оның мына сөздерінен айқын көреміз.
"Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы - біздің қолымыздағы нәрсе".
Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы. Сонымен адам баласы орта ғасырлық идеологияның шырмауынан шыға бастаған айрықша идеялар алғашқы рет зор күш ретінде баяндалып, ғылыми тұрғыдан қорытылды.
Коменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтан да ол "тәрбиенің Галилейі" деген әділ атаққа ие болды. Жаңа ғылым мен философияның ізімен жүре отырып, ол алғашқы рет дидактиканың жүйесін құрды, оған зор мәні бар тың идеялар енгізді. Коменский мектеп оқушыларының оқуына жаңа, әр салалы, ғылыми, реалды білімді енгізуге тырысты, ол табандылықпен мектеп өмірінің барлық күн тәртібін өзгертуді талап етті. Қысқасы, дидактиканың негізгі принциптерін зерттеу Коменскийдің атымен байланысты, сондықтан ол қазіргі дидактиканың атасы болып есептеледі.
Славян халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектері дүние жүзінін барлық елдерінің педагогикалық ойы мен мектеп тәжірибесіне күшті әсерін тигізді. Ол жаңа өмірді байқай білген практик-оқытушы, өз дәуірінің мектептері мен мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін дарындылықпен қорыта білген жаңашыл-педагог болды.
Бірнеше елдің тілдеріне аударылған Коменскийдің оқулықтары XVII ғасырдың өзінде көп елдерге кеңінен тарады, олар 150 жыл бойы бастапқы оқытудың ең жақсы оқу кітаптары ретінде басқа прогресшіл педагогтарға үлгі болды.
Коменский Россияға XVII ғасырдың аяғында-ақ белгілі еді. XVII ғасырдың екінші жартысында оның оқулықтарын Москва университеті және басқа ғылыми орындар бірнеше рет қайта бастырып отырды.
"Ұлы дидактика" Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәледді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ, ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттеледі.
Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгілі болған Коменский 1641жылы мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп
176
реформаларын әзірлеу ісіне оқулықтар және оқыту әдістемеліктерін жасаумен айналысты. 1648 жылы ол шетедден Лешноға келіп, кешікпей "чех туыстық" қауымның басшысы болып сайланды.
Осы жылдары оның "Әлемді суреттеп бейнелеу" оқулығы, "Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары" және "Жастарға арналған мінез-құлық ережелері" деген педагогикалық шығармалары аяқталды. "Әлемді суреттеп бейнелеу" өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциклопедиялық кітап XIX ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болды. 1656 жылы швед-поляк соғысы кезінде "чех туыстығының" ең ақырғы панасы Лешко қаласы өртенді. Өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді.
Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Нарденде қайтыс болды.
Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік формацияларының, аралығында өмір сүрген Коменскийдің көзқарасы сол дәуірлердің ерекшеліктері мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.
Коменский шығармаларына әсіресе оның дидактикасына XVI-XVII ғасырдағы жаңа философиясының (Джорданно Бруно, Галилей, Леонардо до-Винчи т.б.), әсіресе ағылшын материализмін бастауышы Бэкон (1561-1620) философияның әсері болды.
Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көзқарастар сенсуализм тұрғысынан түсіндірді. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын таным проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды. Коменский ақиқаттың бір саласы - логикалық, оның көзі - діни сапа. Ақиқаттың екінші саласы табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі, бұл көзді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім қажет деді.
Коменский көзқарасының жаңа бағыттарына қайта өркендеу дәуіріндегі гуманизмнің әсері күшті болды. Осынан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін "адамгершіліктің шеберханасы" болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды. Қайта өркендеу дәуірінің әсерімен Коменский адамға оның ақылы мен күшіне сенушілікті бірінші қатарға қойды, адам ақылы "ақиқатында бүкіл дүниеде зор" деген тұжырымға кедді. Коменскийдің мұндай гуманизмі адам жөніндегі орта ғасырлық көзқарасқа тікелей қарама-қарсы еді.
177
Сондай-ақ ол өзінің "Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы" деген шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық кұрылысты әшкереледі. Байлығы мен жыныс ерекшеліктеріне қарай бөлінбейтін, біртекті жалпыға бірдей ана тілінде оқытатын мектепті талап етуінен де Коменскийдің демократизмі айқын байқалды.
Коменскийдің еңбектерін орыстың алдыңғы қатарлы өкілдері педагогика ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады. Қазақтың тұңғыш демократ-педагогы Ы. Алтынсарин де және оның замандастары болған басқа халықтардың Гогебашвили, Чавчавадзе сияқты прогресшіл педагогтары да өз еңбектерінде Коменскийдің идеяларын насихаттап отырды.
Бірақ орта ғасырлық дәстурлердің ұзақ уақыт тәрбиемен мектеп өміріне кең түрде қатаң үстемдік құруына байланысты, Коменскийдің жаңашыл педагогикалық идеялары мектеп тәжірибесіне тым шабан, ескі мектеппен тірескен күрес үстінде енін жатты. Сөйте тұрса да Коменский жаңа заман педагогикасының қалыптасуында, әсіресе дидактиканы дамытуда, өте зор тарихи рөл аткарады.
Достарыңызбен бөлісу: |