Педагогика



бет15/21
Дата22.03.2017
өлшемі12,35 Mb.
#12061
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

В. Ф. Шаталов белгілі педагог-ғалым, жазушы. Шаталов педагогикалық процестің мақсаты - барлығын оқытып, барлығына берік білім беру (барлық балалар талантты болу), оның ұраны -білім барлығына. Педагогикалық процестің басты принципі - ашық болашақ. Мінез орындалған жұмыс үшін, оған ешқандай көмек болмаса, оған "бестік" баға қойылатыны даусыз. Басқа принциптері материалды бірнеше рет қайталау, аса биік теориялық дайындык оқудың жоғарғы типі және уақыт үнемділігін сақтау. Мұның барлығын сақтау - өмір, мектеп ұраны. Сапалы білім, саналы тәртіп.

В. Ф. Шаталов педагогикасы - оқушыларды ойлау іс-әрекетіне, психологиялық тірек жасайды. Ол оқу процесіндегі үлгерім, сапалы еңбек, тұрақты білім беруге негізделеді. Шаталов оқу материалын мүлде қайта қарап толықтырады. Ол одан ірі блок жасады. Көп қайталаудан бұл блоктар "ықшамдалады" және "жинақталады". Оқу материалы схемаға түсіріледі, конспект жасалады.

269

В. Ф. Шаталов қолданған әртүрлі әдістер: тусіндіру, тірек конспектілер (сигналдар), символдар, дыбыстандыру, оқулықпен жұмыстау, тіректі сигналдарды жазбаша қайта жаңғырту, өзара бақылау қағаздарын толтыру т. б. Оқудың мазмұнын байланыстыру және бұл әдісті бір тұтас педагогикалық процеске пайдалану жаңашылдардын, оқушылардың танымдық іс-қимылын сатылы түрде дамуын қамтамасыз етеді. Бұл туралы В. Ф. Шаталов өзі былай деп жазды: "Бірінші саты - көп салалы, білімдарлықпен - жүйелі, эмоционалды түрде таңдаған параграфты мүғалімнің сабақты түсіндіруі. Екінші саты - тірек плакаттары бойынша, оқу материаддарын түсіндіру, дауыстап оқыту, негізгі ұғымдарды әртүрлі символдардың көмегімен, кодты шешу арқылы түсіндіру және олардың өзара логикалық байланысын анықтау. Үшінші саты - тірек сигналын үйрену, сол арқылы әрбір оқушы үйренеді және альбомдарына жапсырады. Төртінші саты - оқулықпен және үй жағдайында - тірек сигналдарының беттерімен жұмыс істеу. Бесінші саты - келесі сабақта тірек сигналдарын жазбаша еске түсіру. Алтыншы саты - тірек сигналдары бойынша жауап қайтару (жазбаша және ауызша жай дауыспен, магнитофонды өзара бақылау қағаздары бойынша т. б.). Жетінші саты – бұрын өткен материалды тереңдету және жай қайталау. Шаталов -математик, жаңашыл ұстаз-педагог.


ХІХ-ғасырдың екінші XX ғасырдың алғашқы

жартысындағы қазақ оқу-ағарту

ісінің одан әрі дамуы
XIX ғасырдың аяғында отар аймақтарды царизм жоқшылықта, правосыздықта және қараңғылықта тұншықтыра отырып, халықтарды бір-біріне карсы қойды, ұлттық ала ауыздықты кушейтті.

Бірақ царизмнің халыққа қарсы бағытталған саясатына қарамастан, орыс пен қазақ еңбекшілерінің таптық мүдделеріне негізделген қарым-қатынастары, мәдениет саласындағы, атап айтқанда, ғылым мен оку-ағартудағы достық байланысы кеңейіп беки түсті

Шет ұлт аймақтарындағы мәдени байланыстардың маңызды саласы - сол аймақтардың табиғатын және рухани - әлеуметтік

270


өмірін ғылыми зерттеу ісі болды. Ал мұндай зерттеп білу ісі көптеген қайшылыктарға кездесті. Бір жағынан, отарлық басқару орындары Россияның ғылыми-қоғамдық ұйымдарының, алдыңғы қатарлы оқымыстыларының және жергілікті интеллигенциянын, бастамаларын кең түрде қолдағысы келмеді. Екінші жағынан, патшалық биліктің шығыстағы тірегі — орыс помещиктері мен капиталистерінің баю көзі болып отырған Қазақстан мен Орта Азияны зерттеу де тым қажет еді.

Міне, осы терең қайшылықты жағдайда орыс интеллигендиясының прогресшіл тобы табиғи байлығы мен рухани қазынасы жағынан орасан бай, бірақ қыр-сыры беймәлім, ұлан байтақ өлкені зерттеуге кірісті. Қазақстан мен Түркістанды зерттеуде географтар — П.П. Семенов — Тян-Шанский мен Н.А. Северцов, геологтар — И.В. Мушкетов пен Г.И. Романовский, ботаник — А.П. Федченко, зоолог В.Ф. Ошанин, шығыстанушылар - В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Н.И. Веселовский, В.В. Бартольд, тарихшылар — В.В. Вельяминов-Зернов, Н.Н. Аристов, А. Харузин т.б. ғалымдардың еңбектері орасан зор.

Осы тарихи кезенде орыс интеллигенциясы мен оқымыстыларының күш салуымен, Москва мен Петербургтегі ғылыми орталықтардың қолдауымен өлкеде алғашқы ғылыми қоғамдар Омск, Орынбор және Ташкентте құрыла бастайды. Мәселен, осы кезде текТүркістан генерал-губернаторлығының бір өзінде ғана 15 ғылыми қоғам мен солардың бөлімдері құрылған. Олардың ішіндегі көрнектілері орыс географиялық қоғамының, орыс техникалық қоғамының, табиғат, антропология және этнография қоғамының бөлімдері болды. Бұл қоғамдар геология, география, зоология, ботаника, экономика, тарих, шығыстану, археология, этнография, антропология, медицина т.б. салалары бойынша зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді. Бұл қоғамдардың жұмысына мұрындық болғандар ең алдымен алдыңғы қатарлы орыс ғалымдары, прогресшіл бағыттағы, білімді (көбіне шығыстану жөнінен) чиновниктер, оқытушылар, дәрігерлер, агрономдар, экономистер еді. Алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының бұл бастамалары орыс пен қазақ халықтарының мәдени байланыстарының өрісі мен шеңберін кеңейтті, жергілікті қазак интеллигенциясының алғашқы тобын құруға жағдай туғызды.

Қазақстандағы ғылыми қоғамдар мен бөлімдердің жұмысын

271

өрістетуде және орындарымен жақындастыруда Петербург, Москва және Қазан уииверситеттері ғалымдарының рөлі үлкен болды. Әсіресе Петербург университеті, оның 1855 жылы ашылған шығыс тілдер факультеті көптеген жұмыс жүргізді.



Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын1 бірнеше өлеңдерінде ("Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат", "Мен жазбаймын өленді ермек үшін" т.б.) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, фанатизмге, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің "Қырқыншы ғақлиясында" жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді.

Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік, өтірік, өсек пен араздық, надандық пен мәдениетсіздіктің қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.

Ол жастар бойына дарытылуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір өлеңінде ақын:

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,-

деп, өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездерін қатаң сынға алды.

Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Ондайлар туралы:

Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ,

Бәрі де шаруаға келеді олақ.

Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері - қу борбай — сымпыс шолақ, -

деп, күйзеле жазады ұлы ақын.

Абай қоғамдық өнімді еңбек адамның жан-жақты жетіліп

272


калыптасуының шарты деп бағалады. Бұл жөнінде ол өзінің "Қырық екінші сөзінде": "Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғының бір себебі — жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиерме еді?... Қулық-сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз; жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме?", - деп толғанады.

Абай ағартушы-демократтық тұрғыдан орыс пен қазақ халықтарының арасындағы мәдени-ағартушылық байланыстардың жалынды қайраткері болды.

Орыстың революцияшыл интеллигенциясының өкілі Е.П. Михаэлистің қатынасуымен 1878 жылы құрылған Семейдің облыстық статистика комитеті сол кездегі бірден-бір ғылыми-зерттеу қоғамы болды. Е.П. Михаэлис комитеттің жұмысына өзінің досы Абайды да тартқан. Абай осы комитеттің толық мүшесі болып, оның зерттеу жұмысына ат салысқан. 1883 жылы Семейде мәдениет қайраткерлерінің комегімен музей және көпшілік кітапхана ашылады. Абай өзінің досы Н.И. Долгополовпен бірге сол музейдің этнография бөлімін құрысуға ат салысып, көшпелі қазақ елінің тұрмыс салтын көрсететін экспонаттар жиыстырған.

Сол кезде Семейде құрылған өлкелік музей, көпшілік кітапхана, басқа да мәдени-ағарту орындары жұртшылық арасына білім тарату ісінде үлкен рөл атқарды, олар бастауыш білім беру ісіне қамқорлық жасау үшін қалада ұйымдастырылған қоғамға біріккен. Абай екі баласымен (Ақылбай, Мағауия) осы қоғамға толық мүше болып кіріп, үшеуі де мүшелік жарна төлеп тұрған.

Осы деректердің барлығы ұлы ақының әр салалы ағартушылық қызметпен айналыса отырып, орыс-қазақ халықтары арасындағы педагогтық байланысты дамытудың жалынды жаршысы болғандығын дәлелдейді. Арманы орыс және қазақ халықтарының арасындағы достық қатынасты күшейту, қазақ жастарын орыс мәдениетіне үйрету, жас ұрпақты жоғары адамгершілікке тәрбиелеу болған. Ұлы ағартушы ақынның прогресшіл көзқарастары өзінен кейінгі Қазақстан жерінде жаңадан өріс ала бастаған мәдени және педагогтық ой-пікірлерге үлгі және негіз болды.

XIX ғасырдың соңғы ширегінде түркі тіддерін, сонын ішінде қазақ тілін зерттеу өрістеді.

273

Осы факультеттің атақты шығыстанушылары — А. Казембек, И.Н. Березин, В.В. Григорьев, П.М. Мелиоранский, Н.И. Веселовский, В.В. Бартольд, Л.З. Будагов, В.Д. Смирнов, А.Н. Самойлов т.б. оқымыстылар Қазақстандағы ғылыми қоғамдармен және оқу орындарымен байланысты болды да қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілі мен әдебиетін зерттеуге өз үлестерін қосты.



Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің белгілі қайраткерлері А.Е. Алекторов, А.В. Васильев, В.В. Катаринский де қазақтың фольклорын, тілін, тарихы мен этнографиясын зерттеді. Олар өздірінің өлкедегі педагогикалық жұмыстарын ғылыми ізденіспен байланыстырды.

Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталғаннан кейінде оның территориясы Россияның әр түрлі әкімшілік басқару орындарына бөлшектеліп бағынатын. Ішкі қазақ (Бөкей) ордасы Астрахань губерниясына, Торғай және Орал облыстары Орынбор губерниясына, Ақмола және Семей облыстары Степной өлкесіне, Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды.

Осыған орай Қазақстанның әр облысындағы үкіметтік оқу жүйесі жалпы Россиялық жүйеге сәйкес болғанмен, әр облыстағы үкіметтік мектептердің жүйесінде өздеріне тән ерекшеліктері болды.

Ішкі қазақ (Бөкей) ордасында үкімет мектептерінің негізінен екі түрі (алты жылдық екі класты, төрг жылдық бір класты орыс-қазақ училищелері) болды. Мұнымен бірге ауылдарда старшиналық мектептер ашылды.

Торғай және Орал облыстарында алты жылдық екі класты уездік, төрт жылдық болыстық орыс-қазақ училищелері және Ы. Алтынсарин негіздеген ауыл мектептері ұйымдастырылды.

Ақмола мен Семей облыстарында интернатты мектептер көбірек ашылды, олар кейіннен төменгі ауыл шаруашылық мектептеріне айналды. XIX ғасырдың аяғында бұл облыстарда да ауылдық мектептер ашылды.

Қазақстан жерінде ашылып, жұмыс істеп жатқан мұндай үкіметтік мектеп түрлерінің өзі белгілі жүйеге түсе алмаған еді, осыған байланысты қазақтарға арнальш ұйымдастырылған негізгі мектептердің (орыс-қазақ және орыс-тузем училищелері) оқу мазмұны мен оқу жұмысын үйымдастырудың салалары мен әдістерін қарастырып, зерттеу сол дәуірдегі күрделі міндеттердің

274


бірі болды. Сондықтан XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басындағы орыс және қазақ педагог-ағартушылары негізінен, қазақ жастары үшін ұйымдастырылып жатқан үкіметтік мектептердің оқу жұмысының мазмұнын, негізгі түрлері мен әдістерін анықтайтындай оқулықтар мен оқу кітаптардын және методикалық әдебиеттер жасауда бірлесе еңбектенді.

Бұл істе Орынбор оқу округының халық училищелер инспекторы В.В. Катаринский (1846-1902) зор еңбек сіңірді.

1892-1894 жылдардың аралығында В.В. Катаринский орыс-қазақ мектептеріне арнап: "Қазақтарға арналған әліппе", "Қазақтарға арналған орыс тілінің бастапқы оқулығы", "Қазақтарға арналған практикалық сабақтар", "Қысқаша орыс-қазақ сөздігі" атты оқулықтар жазып, бастырған. Бұл оқулықтарының барлығын автор кейбір қазақ дыбыстарының ерекше-ліктерін ескере отырып алфавитке аздап өзгерістер енгізіп, негізінен орыс әрпімен жазып шыққан.

В.В. Катаринский қазақ тілінің ғылыми мәселелерін де зерттеген. Сөйтіп, ол 1897 жылы "Қазақ тілінің грамматикасын" жарыққа шығарды.

Қазақстанның ағарту ісінің дамуына үлес қосуда В.В. Катаринский Ы. Алтынсаринның тәжірибесі мен ғылыми зерттеу дәстүріне сүйеніп отырды. Және окулықтарын қазақ тілінде жазды.

Сөйтіп, В.В. Катаринский өзі жазған оқулықтары арқылы Ы. Алтынсаринның дидактикалық және методикалық ой-пікірлерін іс жүзінде алға апарушы және қазақ мұғалімдерінің жаңа ұрпағына жеткізуші болды.

Сол кездегі қазақтың алдыңғы қатарлы мұғалімдер тобы В.В. Катаринскийдің ағартушылық қызметін, әсіресе оның жазған жаңа оқулықтарын, жоғары бағалады. Олар өздерінің баспасөз бетінде жариялаған В.В. Катаринский оқулықтары жөніндегі пікірлерінде бұл оқулықтар өздерінің мазмұны жағынан Ы. Алтынсаринның оқулықтарынан кейінгі құнды кітаптар деп бағалады.

Қазақстандағы ағарту қайраткерінің бірі — Орынбордағы мұғалімдер мектебінің инспекторы А. Тарнавский болды. Өзінің инспекторлық жұмысында ол мектепте оқып жатқан болашақ қазақ мұғалімдерінің рухани және мәдени ой-өрісінің өсуіне ерекше көңіл бөлді. Өз шәкірттерінің жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту мақсатында, ол 1893 жылы Москваға әдейі саяхат

275

ұйымдастырды. Шәкірттер Москвадағы негізгі мәдени және тарихи орындар: Кремль, Третьяков галереясы, Политехникалық музей, Румянцев музейі, Пушкин ескерткіші, кітап магазиндерін аралап көрді. Шәкірттер кейін әсіресе Третьяков галереясынан күшті әсер алғандығын: "Барлық суреттерді былай қойғанда, олардың ең атактылары жөнінде де жазу қиын. Бізге әсіресе Верещагиннің Орта Азия өміріне арналған суреттері түсінікті болды. "Қазактардың ағаш үйінің іші", "Ат үстіндегі қазақ қызы", "Қазақ көші",. Біздің отанымыздың классик жазушылары Пушкинің, Грибоедовтың, Гогольдің, Крыловтың, Аксаковтың, Карамзиннің т.б. суреттері көз тартады", - дей келе өздерінің саяхаттарын былай қорытты: "Біздің ұрпағымыз орыс халқынан қабылдайтындарының ішінен көркем сурет салу өнеріне де үйренгені жөн болар еді", - деп еске түсіреді.



А. Тарнавский мектептегі оқу-тәрбие жұмысына көп көңіл бөлді, орыс-қазақ мектептеріне арнап оқулық жазумен де айналысты. Өзінің бұл күрделі ісінде ол негізінен оқытушылар мектебіндегі мол педагогикалық тәжірибесіне сүйенді. Сонымен бірге ол бұл іске ұстаздыққа даярланып жатқан қазақ жастарын да баулып, қатыстырып отырды. Осындай зерттеу жұмыстарының нәтижесінде А. Тарнавский 1893 жылы "Қазақ училище-лерінде жазуға, оқуға үйрету тәсілдері" деген методикалық құралын басып шығарды.

А. Тарнавскийдің методикалық әдісінің мәні — оқушыларды орысша сөйлеуге үйрету болды. Оның ойынша, мүғалім мектепте окушьшарды неғүрлым көбірек сөйлеуге үйрету керек. Сөйлеуге үйрету ауызекі әңгімелесу арқылы да, суреттер арқылы да жүргізілуге тиіс. Сөйлеуге үйрету әдісін оның дәріптегені сондайлық, ол оқушылар бірімен-бірі қарым-қатынастарда, күнделікті өмірде, жатақханада тек орысша сөйлесуге тиіс деп тапты.

А. Тарнавский орыс тілінде сөйлеуге - үйретуде Л.Н. Толстойдың "Азбукасын" және К.Д. Ушинскийдің "Родное слово" оқулықтарын қолдануды ұсынды, оларды пайдалану жөнінен методикалық нұсқаулар берді.

Бұл дәуірдегі орыс-қазақ ағартушылық және педагогикалық байланысының көрнекті қайраткері А.В. Васильев болды. Ол Ы. Алтынсариннан кейін, 1889-1894 жылдар аралығында Торғай облысының мектеп инспекторы қызметін атқарды. 1894-1909 жылдарда "Тургайская газетаның" редакторы және Торғай облыстық басқармасының қызметкері болып жұмыс істеді.

276


А.В. Васильев өзінің ресми жұмыстарымен бірге қазақ халқының ауыз әдебиетінің мұраларын жинастырып, қазақ тілінің ғылыми мәселелерін зерттеумен де шұғылданды. Ол әсіресе Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің даму тарихын зер сала зерттеді.

1897-1901 жылдардың аралығында ол қазақ ауыз әдебиетінің әр саласы, әсіресе ертегілер мен жұмбақтардан тұратын жинақтар жариялады.

А.В. Васильев әдеби мұраларды жинастыруды үнемі қазақ тілінің мәселелерін зерттеумен байланыстырып отырды. Ол 1896 жылы "Казақ тілі және оның транскрипциясы туралы" деген ғылыми туындысын жариялады. Педагогтың бұл еңбегі қазақ тілі мәселелерін, қазақ тіліне орыс алфавитін пайдалану мәселелерін зерттеуде және орыс-қазақ мектептері үшін оқу құралдарын жазуда өте мәнді болды.

А.В. Васильев Ы. Алтынсаринның педагогикалық мұрасын өте жоғары бағалады. Оған 1906 жылы қайтадан бастырылған Ы. Алтынсаринның "Қазақ хрестоматиясына" оның редактор болғаны толық дәлел.

Ол Ы. Алтынсарин негізін салып кеткен ауылдық мектептерді дамытуда қажырлы еңбек етті. 1908 жылы Ыбырайдың дәстүріндегі "Қазақтарға арналған әліппесін" жариялады. Ол оқулық 1912 жылы екінші рет жарық көрді. Ыбырайдың жолын қуған А.В. Васильев қазақ балаларына орыс тілін оқытуда ана тіліне сүйенулерін табанды қолдады.

Ұзақ жылдар ішінде жүргізген зерттеу жұмыстарын ал 1896 жылы жарияланған "Торғай облысындағы орысша білім берудің тарихи очеркі және оның қазіргі жайы" деген көлемді еңбегінде баяндады.

А.Е. Алекторов (1861-1918) те Қазақстандағы ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуында және оқулықтар мен оку құралдары жасауда көрнекті еңбек сіңірді.

Александр Ефимович Алекторовтың Қазақстанмен тікелей байланысы 1881 жылдан басталады. 1883-1885 жылдары ол Орынбор оқу округының мектептерінде оқытушылық жұмыста болды. 1886 жылы Бөкей ордасындағы халық училищелерінің инспекторы болып тағайындалып, 1893 жылы Астрахань губерниясының мектептер инспекторлығына ауысады. 1894-1902 жылдар А.Е. Алекторов Торғай облысының мектептер инспекторы, 1902 жылдың март айынан бастап Ақмола және Семей облыстарының халық училищелерінің директоры болды.

277

Сөйтіп, А.Е. Алекторов өмірінің отыз жылдан астамы Қазақстандағы оқу-ағарту ісімен байланысты болды.



Әрине, А.Е. Алекторов ең алдымен патша өкіметінің Қазақстан сияқты шет аймақта оқу-ағарту жағынан отаршылық саясатын жүргізуде тиісті ресми өкілі еді. Бұл саясатты ол шынында да бар күшін сала жүргізді. Әсіресе 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы кезінде реакцияшыл бағыт ұстады. Оның бұл бағыты 1906 жылы Омск гимназиясында өрістеген оқушылар қозғалысы кезінде демократияшыл топтар тарапынан қатаң әшкереленді.

1917 жылғы Февраль революциясы кезінде де А.Е. Алекторов Омскідегі алдыңғы қатарлы оқытушыларды аяусыз қуғынға ұшыратты.

Бірақ А.Е. Алекторов Қазақстанның оқу-ағарту ісіне XIX ғасырдың аяғында араласты. Жоғарыда айтылғандай, бұл кезде Қазақстан мен Россияның арасында рухани, мәдени байланыстар өріс алған еді. Ол өзінің инспекторлық жұмысына қоса кең салалы, тым қажетті ориенталистік, ғылыми зерттеу істерімен айналысты.

А.Е. Алекторов ең алдымен қазақ тілін мейлінше жетік меңгеріп, қазақ елі, жерімен жақсы таныс болды. Осының нәтижесінде онда қазақ халқы жөнінде дұрыс көзқарас қалыптасты.

А.Е. Алекторов 1900 жылы көлемді, мазмұны жағынан өте мәнді "Қырғыздар туралы кітаптар, журналдар, газеттердегі мақалалар мен хабарлардың көрсеткішін" жариялады. Бұл еңбекте XIX ғасырдың аяғына дейін Қазақстан жөнінде жазылған материалдардың қысқаша мазмұны баяндалып, оларға әділ баға берген. Бұл материалдардың Қазақстан тарихын зерттеудегі мәні өте зор болды. А.Е. Алекторовтың ғылыми жағынан бағалы саналатын "Ішкі қырғыз ордасының очерктері", "Торғай облысындағы халық ағарту очерктері", "Қыргыздар өмірінің бейнесі", "Қырғыздардың халық әдебиеттің еңбектерінде Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің қалыптасып дамуы әр тұрғыдан қаральш, жан-жақты сөз болады.

А.Е. Алекторов өзімен замандас орыс педагогтарының ішінде Қазақстандағы оқу-ағарту мен педагогика саласында ең өзекті мәселелерді көтеріп, оқулық пен оқу құралдарын жасауда көп еңбек сіңірді.

А.Е. Алекторов В.В. Катаринский арқылы Ы. Алтынса-

278


ринның педагогикалық мұрасымен және ағартушылық қызметімен жете танысты. Қазақ ағартушысының педагогикалық ойларын ол өте жоғары бағалап: "Қазақтарды орыс мектептерінде оқуға ынталандыра білген адамға сый-құрмет, Торғай облысының мектептерінің қамқоршысы болған адамға сый-құрмет. Бұлай дегенде әрдайым Алтынсаринные есімін еске аламыз, ол — Торғай облысының халық училищелерінің тұңғыш инспекторы еді, ол халық ағарту ісінің ұлы мәніне түсінғен бірінші қазақ еді", - деп аса зор ілтипатпен өз ойын білдірді.

А.Е. Алекторов ең алдымен Ы. Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін-ақ оның педагогикалық мұрасына, әсіресе оның "Қазақ хрестоматиясы" мен "Қазақтарды орыс тіліне оқытуға басшылық" оқулықтарына сүйене отырып, орыс-қазақ мектептеріне арнап оқулық жазу ісін қолға алды. Бұл істе ол өзі тікелей байланысты болған Бөкей ордасы мен Торғай облысының алдыңғы қатарлы оқытушыларының оқыту тәжірибелеріне де сүйене білді. 1891 жылы оның тұңғыш оқулығы: "Орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арналған әліппесі" баспадан шықты. Кейіннен бұл әліппе "Русско-киргизская азбука. К мудрости ступенька" деген атпен бірнеше рет қайта басылды. Бұл әліппені 1891 жылдан бастап Бөкей ордасының, Торғай, Орал, Семей облыстарының мектептері пайдаланды.

Өзінің педагогикалық және методикалық топшылауларында А.Е. Алекторов орыстың демократияшыл педагогикасының негізгі қағидаларын және атақты ағартушы-педагог Ы. Алтынсаринның ой-пікірлерін негізге алады. Олардың ұлт мектептерінің оқушыларын орыс тіліне үйретуде ана тілі мен орыс тілінің арасындағы байланыстың қажеттілігін құптаған пікірлерін қолдайды. Өз "Әліппесінің" екінші және төртінші басылым-дарының алғы сөздерінде: "Сауат ашу оқушылардың ана тілінен басталуға тиіс. Осы жағдайда ғана оқу саналы болады, сонда ғана ол педагогиканың ең басты ережелері болып саналатын — белгіліден (қазақ тілінен) белгісізге (орыс тіліне), жеңілден ауырға көшіп отыруға қайшы келмейді. Ана тілінде оқу балаларды бірден қызықтырады, олар салғаннан барлығына түсініп, барлығына терең үңіле түседі, ынтамен және қажырлылықпен жұмыс істейді", - деген көңіл аударарлықтай дидактикалық тұжырымдар айтады.

А. Е. Алекторов бастауыш орыс-қазақ мектептеріне оқулық жазумен бірге, сол оқулықтардың мазмұнын кеңейту бағытында, Қазақ мектептеріне кластан тыс оқитын әдебиеттер жазуда да

279

біраз еңбек сіңірді. Ол 1898 жылы "Қазақ хрестоматиясы" атты оқулығын жарыққа шығарды.



"Хрестоматияда" әуелі тұрмыс және өмір мәселелері жөнінде, онан кейін жануарлар, өсімдіктер, кең-қазбалар, жыл мезгілдері, адам организмі жайлы әңгімелер, мектеп жөнінен мәліметтер берілген. Мұнда автор орыс тіліне аударып оқитын қазақша текстерді енгізді. Сөйтіп, бұл "Хрестоматия" "Әліппеге" қосымша, түсіндіріп оқу және кластан тыс оқудың құралы ретінде қолданылды.

А.Е. Алекторов Ақмола және Семей облыстарының халық училищеле-рінің директоры болған кезінде (1902 жылы) Ы. Алтынсарин негізін салып кеткен ауылдық мектептердің тәжірибесін қорытып, осындай мектептер ұйымдастыру жөнінен көп еңбек етті. Ауылдық мектептердің жұмыс тәжірибесін корытқан методикалық еңбектер жазумен айналысты. "Ауылдық мектептердің оқулықтары жөне оқыту әдістері", "Орысша сөйлеудің, орфография және грамматика мәліметтерін оқытудың үлгі сабақтарың атты кең көлемді методикалық нұсқауларын жазды. Мұнда оқытудың көрнекілік аударма әдісін, бұл әдісті қолданғанда, оқушылардың өмір тәжірибелері мен бұрынғы білім мәліметтерін пайдалану жолдарын кең түрде баяндаған.

Сонымен А.Е. Алекторов өзінің оқулықтары мен методикалық мақалалары, ағартушылық қызметі арқылы орыс-қазақ мектебінің оқу-тәрбие жұмысының дәрежесін көтеруге, орыс-қазақ педагогикалық ынтымағының нығаюына зор үлес қосты.

Бұл кезде Қазақстанның Оңтүстік аудандары оқу ағарту жөнінен Түркістан округына бағынатын еді. Бұл аймақтың Россияға бағыну процесінің кейінірек аяқталуына және Түркістан гснерал-губернаторлығы-ның оқу ағарту саласында жүргізген саясатының кейбір өзгешеліктеріне байланысты мектеп жүйесінің қалыптасып дамуында, оқу жұмысының мазмұн, әдістерінде біраз ерекшеліктер бар еді.

Қазақстанның Онтүстік аймағындағы орыс-қазақ мәдени-ағарту байланысына Ташкенттегі 1879 жылы ашылған Түркістан мүғалімдер семинариясы ерекше әсер етті. Бұл семинария Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның орыс және аралас мектептері ушін мұғалімдер даярлайтын бірден-бір оқу орны еді. Тіпті 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін жағдай осылай болып келді.

Семинария ашылған күннен бастап көп жылдар бойы (шамамен 1884-1915 жылдар) онда қазақ тілі негізгі пәннің бірі ретінде оқытылды.

280

Семинарияның прогресшіл педагогтары патша чиновниктерінің бөгде ұлт жастарының білім алуына барынша қарсы болуына қарамастан, семинарияны өлке халық ағарту ісінің орталығына айналдыруға бар күштерін салды. Сол дәуірдің озат дәстүрінде тәрбиеленген жас орыс педагогтары қазақ тілі мен әдебиетін дұрыс жолға қою ісіне белсене араласты. Олар қазақ тілін үйренуге, Алтынсаринның жұмыс тәжірибесін практикаға енгізуге шамалары келгенше тырысып бақты. Солардың бірі Петербург университетінің шығыс факультетін бітірген Я.Я. Лютш мұғалімдер семинариясында сабақ берумен бірге, қазақ тілі мен халық творчествосын зсрттеуде үлкен еңбек сіңірді. Осы мақсатта ол 1880-82 жылдары Сырдария қазақтарының қалың ортасына барып қызмет істейді. Соның негізінде 1883 жылы "Қазақ хрестоматиясы" атты кітабын шығарды.



Хрестоматияның үлкен бір құндылығы — автордың оған халық ауыз әдебиетінің шығармаларын енгізуі. Бұл — ол кезең үшін үлкен жетістік еді. Лютш хрестоматияны жасауға қазақ жастарын да қатыстырды және оларды өз елінің мәдениет мұраларын зерттеу ісіне машықтандырды.

Осы "Хрестоматия" жасалып жатқан кезде Лютштің талантты шәкірті Букин қазақ тілінің анықтама оқу құралын құрастырды. Ол еңбек "Русско-киргизсюий и киргазско-русский словарь" (1883 ж.) деп аталады.

Өз заманында бұл алғашқы сөздік болды да, оны оқу орындары зор ықыласпен пайдалана бастады.

Сондай-ақ Ешмұхамед Букин қазақтардың дене және ақыл-ой тәрбиесі жайлы мағлұматтарды жинаумен де шұғылданады. Букин жинастырған материалдар сол кездегі "Туркестанские ведомости" газетінде жарияланып тұрады. Белгілі орыс библиографы В.И. Межов Букиннің газетте басылған зерттеу жұмыстарының басын қосып, "Қазақтар арасындағы дене және ақыл-ой тәрбиесі" деген атпен "Туркестанские сборники" деген жинақтың 341-томына кіргізеді.

Е. Букин өз зерттеулерінде қазақ өмірінің дене дамуына негіз боларлық ерекшеліктеріне, қазақтардың киім киісіне, ерте заманнан қалыптасқан әдет-ғұрыптарына түсінік береді. Қазақтың көшпелі өмірінің көп жақтарымен таныстырады. Діни мектептер мен медреселердегі оқу жүйесін сынайды. Әрине бұл еңбектің орыс-қазақ рухани достығын өркендету ісінде өзіндік үлесі болды.

281


Орыстың озат педагогтары қазақ класына сабақ берудін, әдіс-тәсілдерін тыңбай іздестіреді. Мысалы, Қазандағы мұғалімдер институтын бітіріп келген орыс тілі мүғалімі Ковригин әрбір орыс сөзін қазақшаға аударып, балаларға мағынасын жеткізуге тырысып отырған. Сонымен бірге Ковригин бұрын оқу орындарында айтылып келген әндердің орнына азаматтық жаңа әндер үйреткен. Қазалы қалалық училищесінің мұғалімі Н.П. Остроумов та қазақ класындағы жемісті еңбегімен көзге түскен. 1886 жылы Н.П. Остроумовтың 'География Туркестанского края. Родиноведение' деген кітабы басылып шыққан. Бұл қазақтың жер-су, табиғат байлықтарын баяндайтын алғашқы география оқулығы еді.

1886 жылы қазақтар мен өзбектер оқитын орыс-тузем мектептерінің алдыңғы қатарлы оқытушыларының бірі Г.С. Ячник өзінің көп жылғы мұғалімдік тәжірибесіне сүйене отыра, "Түркістан өлкесінің тузем балаларына арналған әліппеден кейінгі бірінші кітапша..." деген оқулығын жарыкқа шығарды.

Бұл оқулықтың бір ерекшелігі - "Кітапша" К. Д. Ушинскийдің "Родное слово" оқулығыны" әсер-үлгісімен құрастырылған. "Жалпы алғанда, - деп жазды автор, - мен сөздің номенклатурасы мен мазмұнын "Родное словоның" бірінші жылының бастапқы сабақтарына ыңғайладым, ондағы ойлағаным, осы ұсынылып отырған кітапты аяқтағаннан кейін оқушыларды Ушинский кітаптарының оқу материалдарына өтуге жағдай жасау еді"

Түркістан оқу округындағы, әсіресе Сырдария облысының орыс-тузем мектептеріндегі, оқудың мазмұны мен әдістерін жетілдіруде С.М. Граменицкий де (1859-1918) көп еңбек сіңірген. Петербург университетін бітіріп, 1881 жылдан бастап Ташкентте қызметке орналасады. Әуелі Ташкент гимназиясында мұғалім, содан соң 1892 жылдан бастап Сырдария облысының халық училищелерінде инспекторлық қызмет атқарады.

С.М. Граменицкий орыс-тузем мектептерінің оқу жұмысының мазмұны мен әдістерін жетілдіруге көңіл бөлді.

Ол Сырдария облысының орыс-тузем мектептерін көрнекі құралдармен қамтамасыз етуде, бұл мектептерді негізінен Түркістан семинариясында оқыған қазақ немесе қазақ тілін білетін орыс мүғалімдермен толықтыруда недәуір жұмыс жүргізеді. Мұндай практикалық жұмыстармен ғана шектеліп қоймай, ол 1898 жылы мазмұн жағынан бірімен-бірі байланысты бірінші, екінші және үшінші оқу кітаптарын да жазып шығарды.

282

Оның бұл оқу кітаптары сол кездегі орыс-тузем мектептеріне арналған оқулықтардың маңдайалдысы ретінде саналды. Әсіресе оның үшінші оқу кітабы мазмұнды болды. Оның ішіне К.Д. Ушинскийдің "Родное слово" оқулығынан үзінділер, Л.Н. Толстойдың шаруалар мен шаруашылық жөніндегі әңгімелері, И. Крыоовтың таңдамалы мысалдары, А.С. Пушкин мен Н. Некрасовтың шығармалары енгізілді. Осылармен қатар С.М. Граменицкийдің оқу кітаптарында Россия және оның ұлт аймақтары жөніңде тарихи және географиялық материалдар балды.



XX ғасырдың басында Қазақстандағы саяси-қоғамдық және мәдени өрлеудің талаптарына сәйкес елде ауылдық мектептердің санын көбейту, оның оқу-тәрбие жұмысының дәрежесін жетілдіру мәселелері қызу қолға алынды.

Қазақстанның оқу-ағарту ісін басқару орындарында ресми қызмет атқарғандардың ішінде Торғай облысының халық училищелер директоры

М.П. Ронгинский айтулы еңбек сіңірді. Ол 1866 жылы Қазандағы діни академияны бітіреді. 1892-1902 жылдары Қазан оқу округында инспекторлық жұмыста болады. 1903 жыддан бастап Қазан төңкерісіне дейін Торғай облысының халық училищелерінің директоры болып қызмет атқарады. Бұл жұмыста М.П. Ронгинский қазақтың тұнғыш ағартушы-педагогы Ы. Алтынсаринның ағартушылық және педагогикалық дәстүрлерін өнеге тұтып келе жатқан Торғай облысындағы алдыңғы қатарлы орыс және қазақ мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ронгинский 1904 жылы Орынбор оқу округына "Торғай облысында жалпыға бірдей оқу енгізу жөнінде қысқаша пікірлер" деген хатын жолдаған. Ол ауылдық мектептердің оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру үшін мұғалімдердің арасындағы методикалық жұмысқа, әсіресе олардың өзара тәжірибелер алмасуына ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта орыс тілі мұғалімдерінің мәслихаттарын өткізіп тұрады. Мысалы, 1905 жылғы қыркүйекте өткізілген ауылдық мектептердің орыс тілі мұғалімдерінің методикалық мәжілістерінде оқу жұмысын ұйымдастыру, орыс тілі мен арифметиканы оқытудың методикалық мәселелері талқыланған. Мұғалімдер: "Жұртшылықтың ауыл мектептеріне және оның мұғалімдеріне қоятын талаптары, қазақ қыздарының окуы және оларға мектептің беретін білім дәрежесі, ана тілі мен орыс тілдеріне оқытудың мазмұны, балалардың ауызша және жазбаша тілдерін дамытудың әдістері мен жолдары, арифметика мен ауызша санауға үйретудің бастапқы тәсілдері" жөнінде пікір алысқан.

283


М.П. Ронгинский ауылдық мектептердің дамуында қазақ мұғалімдерімен әрқашан тығыз байланыста болды.

Олармен біріге отыра орыс-қазак училищелерінің оқу процесін жетілдіруді ойластырды. Ы. Алтынсаринның педагогикалық мұрасын меңгере отырып оның оқулығының үлгісімен Қостанайдағы қалалық училищенің оқытушысы Ғ. Балғымбаев екеуі 1905 жылы "Ауылдық қазақ мектептеріне арналған әліппе" жазып шығарды. Бұл "Әліппе" ауыл мектебінің бірінші бөліміне арналған құнды оқулық болып есептелді.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қазақстандағы оқу-ағарту орындарында істеген ресми қызметкерлердің педагогтық ой-пікірлерімен ағартушылық қызметтерін Қазақстанда сол дәуірде жаңа қалыптасып жатқан қазақ интеллигенциясымен әсіресе шағын ғана топ — алдыңғы қатарлы қазақ мұғалімдерімен тығыз байланыс жасай отырып жүргізді.

Сөйтіп орыс оқу-ағарту қайраткерлері мен қазақ мұғалімдерінің арасындағы байланыс қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин мен Абай Кұнанбаев заманында қалыптасқан дәстүрді әрі қарай жалғастыра отырып, жаңа кезенде бағыт және жаңа мазмұнға ие болды. Бұл жағдай қазақ ағартушылары мен педагогтарының жаңа тобының қалыптасуына үлкен себін тигізді.

К. Жапановтың "Ағартудын қажеттілігі" атты мақаласында қазақ халқының рухани өміріне орыс білімінің тигізетін мәнді ықпалы көрсетілген. Мұнда ол орыс тілінің білімдік және тәрбиелік мәнін айтып, халық арасына орыс тілін кеңінен үгіттеудің қажеттілігін көрсеткен. Ол өзінің бұл ойын: "Білім деген ұлы күшті меңгерелік, орыс тілін баршамыз болып меңгерелік... Бізге орыс тілі мен орыс білімі қажет... Орыс тілін меңгеру, орысша сауат ашу, сайып келгенде, әрбір қадамымызда керек болады , - деп жақсы баяндаған.

Ы. Алтынсаринның жолын қуушы, орыс-қазақ мектебінің мұғалімі А. Құрманбаев "Қазақ тілі туралы" деген мақаласында қазақ тілінің таза болуын, оның араб тілімен шүбарланбауын талап етті. "Оқу-ағарту ісінін, басты міндеттерінің бірі — жас ұрпақтың ана тілін және орыс тілін меңгеруі", - дейді ол.

Р. Дүйсенбаев "Қазақ алфавиті туралы" деген мақаласында қазақтардың орыс алфавитін қабылдау мәселесіне кеңінен тоқтап, оны дәлелді қолдаған Автор бұл мәселе жөніндегі Ы. Алтынсаринның жаңашыл тәжірибесін жоғары бағалап: "Араб алфавитін орыс алфавитімен ауыстыру — батыл қадам болды", деп жазды.

284


Бұл кездегі педагогикалық ой-пікірдің дамуындағы тағы бір ерекшелік - қазақтың алдыңғы қатарлы мұғалімдерінің Қазақстандағы белгілі оқу-ағарту қайраткерлерінің айналасына топтасуы, солармен творчестволық ынтымақта больш, оқулықтар мен оқу күралдарын жазу ісіне араласуы, орыс, қазақ тілдерін окытудың өзекті мәселелерін бірлесіп зерттеуі.

Орынбор оқу округындағы орыс-қазақ мектептерінің оқытушылары Бақтыгереев, Балғымбаев, Сарыбатыров, Жұмалиев және Бисенов В.В. Катаринскиймен бірлесіп 1897 жылы орыс-қазақ сөздігін жарыққа шығарды.Түркістан мұғалімдер семинариясының оқытушылары Н.А. Воскресенский, Я.Я. Лютштердің көмегімен мұғалім Е. Букин 1883 жылы "Орыс-қазақ және қазақ - орыс сөздігін" жасап, "Қазақтардың дене және ақыл-ой тәрбиесі" деген зерттеуін жариялады.

Ғабдол-Ғали Балғымбаев (1866-1942) орыс және қазақ оқытушыларының арасындағы творчестволық ынтымақты дамытуда көрнекті рөл атқарды. Ы. Алтынсарин ашқан Торғайдағы екі класты орыс-қазақ училищесін бітіріп, кейін Орынбор (Орск) мұғалімдер мектебінде оқыды. Ы. Алтынсаринның жөн сілтеуімен ол Қостанайдағы екі класты орыс-қазақ училищесінің төменгі бөлімдерінде мұғалім болған.

Ғ. Балғымбаевтың педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына Ы. Алтынсаринның әсері күшті болды. Ы. Алтынсаринның көмегімен жас мұғалім орыс педагогикасының классиктері

К.Д. Ушинскийдің, Л.Н. Толстойдың және басқалардың бай мұрала-рымен танысқан. Өз бетінше білімін тереңдетіп, орыс, шетел жазушыла-рының шығармаларымен, методикалық әдебиеттің жаңалықтарымен танысқан. 1907-1917 жылдары Ғ. Балғымбаев Торғай облысы училищеле-рінің инспекторының міндетін атқарды. Осы жұмыста ол орыс-қазақ мектептері мен ауылдық мектептердің оқу-тәрбие процесімен еғжей-тегжейлі танысып, соларда жұмыс істейтін мұғалімдермен творчестволық байланыс орнатқан. Ы. Алтынсарин үлгісімен ол да барлық күш-жігерін ауыл мектептерінің жұмыс жағдайын жақсартуға арнайды.

Оның 1911 жылы Торғай облысының халық училищелерінің Директоры М.П. Ронгинскиймен бірігіп "Торғай аудандық инспекциясындағы ауыл мектептерінің оқу жұмысын жақсарту Шаралары туралы" деген мақала жазғанын, онда жас мұғалімнің Қазақтар арасына оқу-ағартуды тарату жөніндегі Ы. Алтынсарин көз-қарастарын ілгері дамытқанын атап айтқан жөн.

285

Ғ. Балғымбаев қазақ халқын орыс халқының озық мәдениетіне тартуды ең басты мәселе деп санады. Мұндай ойын ол көшпелі қазақ жұртшылығын орыс мәдениетіне жақындастыру барлық шығынды да ақтайды - деп тұжырымдайды. Ол ауыл мектептерінің білім көлемін кеңейтіп, дәрежесін көтеру үшін олардың оқу мерзімін төрт жылға дейін ұзартуды ұсынды. Сонымен қатар төрт жылдық ауыл мектептерінде тек сауат ашу ғана емес, бастауыш білімнің мазмұнын қамтитындай оқу пәндерін де өту керектігін дәлелдеді. Ондай оқу пәндері: орыс тілі мең әдебиеті, география, жаратылыс тану, арифметика т.б. болды. Орыс-қазақ мектептерінде мұндай пәндерді оқу: "Ауыл мектебінің төртінші жылының курсына табиғи-географиялық және тарихи бағьптағы қысқаша мәліметтерді енгізу оқушьшарды әсіресе жергілікті сахара өлкесінің табиғаты және мұқтаждарымен қысқаша таныстыру қажет. Жаратылыс танудың бастамасымен таныстыру- қыр қаза-ғының орта ғасырлық, көлемді саяси көзқарасынын өзгеруіне күшті әсер етіп, қараңғы және надан халықты шырмап жүрген молдалардың ел алдындағы беделін төмендетеді", - деп жазды ол.



Ғ. Балғымбаевтың педагогикалық ойларында оқуды өмірге жақындасты-руға байланысты мәнді пікірлер кездеседі. Ол оқу процесіне көрнекілікті кеңінен ендіруді ұсынды. "Көрнекілік оқу мектеп өмірінің негізі болуға тиіс, сонда ғана ақыл-ой ретті дамытылады, мектеп оқуы дұрыс құрылады" деген пікірде болды.

Ғ. Балғымбаев оқушылардың еңбек және дене тәрбиесіне көп көңіл бөлді, бұл мәселелерді ол сол кездегі қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің жалпы жағдайларына сәйкес қарастырды. Мектептер қазақтың көшпелі тұрмысына қажетті қолөнеріне үйретуі қажет деп есептеді.

XX ғасырдың басындағы қазақтың демократияшыл интеллигенция-сының және қазақ педагогикасының көрнекті өкілі Спандияр Көбеев (1878-1956) болды. Ол Торғай облысының Қостанай уезіндегі Обаған болысының аулында кедей семьясында туған. 9 жасынан бастап Ы.Алтынсарин ашқан орыс-қазақ училищесінде оқиды. Қостанайдағы екі класты орыс-қазақ училищесін бітіргеннен кейін атақты ұстазының кеңесімен ауыл мектептерінің мүғалімдерін даярлайтын педагогикалық кластан білім алған. Сонда оқып жүрген кезінде-ақ ол алдыңғы қатарлы орыс және қазақ жастарымен жақын достық байланыста болады. "Әрқайсымыздың әр түрлі өнеріміз бар-ды. Бекет пен (Бекет Өтетілеуов) екеуіміз өлең жазамыз, Тұрман ән шырқайды,

286


Василий Вахмяков скрипка ойнайды" — дейді Спандияр өзінің естелігінде.

1901 жылдаи бастап Көбеев Ырғыз уезіндегі Кішіқұм ауылындағы бастауыш мектепте мұғалім болған. Осы кезі туралы ол кейін былай деп еске түсіреді. "Алдымда туып өскен ауылым - мәдениеті мен кенже қалған қараңғы ауыл. Менің ендігі өмірім сол ауылда өтпекші. Сол ауылда қолымнан келгенінше мәдениет шамшырағын жақпақшымын... Жас жеткіншектерді оқытып, олардың көзін ашып, ғылым жолына, мәдениет соқпағына түсіремін деп асығып келемін".

С. Көбеевтің мұнан кейінгі өмірі түгелімен оқытушылық, ұстаздықпен байланысты болды.

С. Көбеев ұстазы Ы. Алтынсаринның өсиеттері мен кеңестерін лұғат тұта отыра, атақты орыс педагогтары мен жазушылары Пушкиннің, Гогольдің, Крыловтың, Некрасовтың, Ушинскийдің, Толстойдың шығармаларын зер сала оқиды. Ы. Алтынсаринның үлгісімен ол да оқушыларына өзі оқыған орыс жазушыларының шығармаларын әңгімелеп беріп отырады. Спандиярдың оқушыларға арнап орысшадан аударған мысалдары мен сықақ әңгімелері мектеп балалары арқылы ел арасына тарайды. Оның мысалдарындағы қасқыр, аю, арыстан, жылан, түлкілердің зұлымдық, жауыздық іс-әрекеттері ауыл ішіндегі, ел арасындағы өмір шындығына дәл келді. Педагог Спандияр осылайша мұғалімдікке қоса ауылдағы әр алуан сүм-сүрқиялықтарды сынаушы да болады. Өз шығармасы "Үлгілі тәржімәға" дейін жазылған "Иттің достығы" ("Екі төбет"), "Көлбақа мен Юпитер" т. б. мысалдары осындай туындылар еді.

С.Көбеевтің саяси-қоғамдық және педагогикалық көзқарастарына 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы зор әсер етті. Осы дәуірде С.Көбеев К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың, И.Н.Ульяновтың, Ы.Алтынсаринның жолын ұстап, Қоғамдық өмірге қызу араласты және XX ғасырдың басындағы қазақтың белгілі демократ-жазушысы болып қалыптасы. Сол Дәуірдегі демократияшыл қазақ педагогтарының қоғамдық өмірдегі күресінің бір саласы - әйел теңдігін қорғауға арналған С.Көбеевтің "Қалың мал" романы (1913 ж.) жарияланды.

С.Көбеев қазақ балаларың қазақ және орыс тілдеріне оқыта жүре, Ы.Алтынсаринның дәстүрін жалғастырып, ауылдық мектептерге арналған оқулықтар жазуға да қатысты. 1910 жылы оның "Үлгілі тәржімәға" атты хрестоматиясы. "Үлгілі тәржімәға"

287

педагогтың Крыловтан аударған 37 мысалы енді. Қалған 7 мысал - сол кездегі оқу құралдарында көбірек пайдаланылып жүрген көп авторға ортақ мысалдар.



С. Көбеев оқулық ретінде ұсынған бүл кітабын ауыл мектептерінің оқушыларына да, ересек адамдарға да бірдей арнады. Сондықтан ол оқулық көркем аударма түріңде жазылды.

Кітаптағы "Қарға мен түлкі", "Маймыл мен көзілдірік", "Әтеш пен меруерт тас" атты мысалдар да адамгершілік тақырыбына арналған. Адамгершілік қасиеттерді жоққа шығаратын сарандық, өтірік айту, мақтаншақтық, екі жүзділік, ақымақтық, өзімшілдік т.б. жағымсыз мінез-құлық батыл әшкереленген.

1912 жылы С.Көбеев өзінің екінші оқулығы "Үлгілі баланы" жариялады. Оқулығының мазмұны жайында "Үлгілі бала" хрестоматиясына Крыловтың өзім аударған мысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа әңгімелерін өзімше қазақ тұрмысына лайықтап жаздым, сол сияқты казақтың бай ауыз "әдебиетін сұрыптап пайдаландым",

- дейді автор.

Хрестоматияға енгізілген мысалдар мен әңгімелер алдын-ала ойластырылған педагогикалық мақсаттарға лайық іріктелген. Демократ-педагог С.Көбеев қазақ жастарын ең алдымен білімге, оқу-өнерге шақырады. Бұл жөнінен ол: "Хрестоматияны құрастырғанда, негізгі ойлаған мақсатым, көздеген нысанам -жас ұрпақты өнер-білімге, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу еді. Мұндағы әрбір өлеңнің, әңгіменің мазмұны оқушыларды өнер-білімге шақыру, шыншыл болуға үндеу, жетім-жесірлерді, нашарларды аяу, қайырымсыз байларды әшкерелеу, сол сияқты әлеуметтік тендікті насихаттау еді", - дейді.

Жазушы Сәбит Мүқанов "Үлгілі бала" кітабының кезінде жастарға тигізген күшті тәрбиелік әсерін жоғары бағалап, "Спандияр Көбеевтің "Жегім" деген өлеңі маған аса катты ұнады. Онда ескі ауылда үстемдік еткен озбыр байлардың қысымын көп көрген панасыз жетімнің ауыр халі өте айқын да әсерлі суреттелген",- деп жазады.

Хрестоматияға еңбекті насихаттайтын әңгімелер де еңген. Кітаптағы "Шал мен балалар", "Ақымақ теке", "Өсиет" атгы әңгімелерде жас өспірімдерді еңбек ете білуге, арамдык пен алдамшылықтан аулақ болуға үйретеді.

Көбеев "Үлгілі балада" жастарға білім мен тәрбие беретін орталық -мектептің рөлін жоғары бағалайды. "Мектеп" деген

288

әңгімесі мектепті сипаттауға, "Баланың танертеңі" деген материал мектеп режимін түсіндіруге арналған. Ан хрестоматияның бет ашары "Мектепке шақыру" деген өлеңі К.Д.Ушинскийдің "Приглашение в школу" деген өлеңінің әсерімеи жазылған.



С.Көбеевіің "Үлгілі бала" хрестоматиясы К.Д.Ушинскийдің "Родное слово" оқулығының үлгісімен кұрастырылып, оған Л.Н.Толстойдың "Азбука" оқулығынан 14 әңгіме енгізілген. Сөйтіп С.Көбеев бұл оқулығы арқылы орыстың атақты педагогтары К.Д.Ушинский мен Л.Н.Толстойдың педагогикалық мұраларын творчестволықпен меңгергендігін дәлелдеді. С.Көбеев өзінің "Қалың мал" романы арқылы әйел теңдігі мәселесін көтерді. Жазуіпы бұл мөселеге ағартушы-педагог, демек әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады.

С.Көбеев - Ы.Алтынсарин дәстүрінде тәрбиеленіп, XIX ғасырдың екінші жартысында негізін қалаған әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін ілгері дамытқан педагог. Ол өзінің педагогикалық еңбектері, көркем туындылары арқылы қазақ жастарының сана-сезімінің оятгуына, қоғамдық, әлеуметтік ой-пікірлерінің қалыптасуына игі әсерін тигізді.

Қазақтың демократияшыл интеллигенциясының көрнекті өкілдерінің бірі - мұғалім Бекет Өтетілеуов (1883-1949). Ол Торғай облысының Қостанай уезіндегі Обаған болысында туған. Әуелі ауылдағы орыс-қазақ мектебінен білім алып, онан кейін Қостанайдағы екі класты орыс-қазақ училищесін және 1907 жылы осы мектептегі педагогикалық класты бітіреді. Мұнда ол кезде орыс-қазақ жастары оқитын, сондықтан оқып жүрген көзінің өзіде-ақ олардың арасында мықты қарым-қатынастар қалыптасты. Бұл туралы С.Көбеев: "Бекет Өтетілеуов, Әбубәкір Бәйтішев, Ермантай Алдашов, Василий Вахмяков, Тұрман Шынтасов, Иван Ширяев - бәріміз сабақтада, үйде де, ойында да тобымыз жазылмайтын, "кіндігі бір" достар болдық. Біз оқытушы болуды арман еттік", - деп кейін ерекше ілтипатпен еске түсіреді.

1907 жылы Б.Өтетілеуов педагогикалық класты бітіргеннен кейін, Көкшетау уезінің Қотыр-көл болысының Қаратал ауылдық мектебіне мұғалім болып тағайындалады. Осыдан бастап ол 40 жыл бойы ұстаздық жұмыста болады.

Б.Өтетілеуов те орыс-қазақ педагогикалық ынтымағы дәстүрінде Ы.Алтынсаринның ағартушылық идеяларымен сусындаған адам. Ол өзінің мектептегі ұстаздық жұмысын жұрт-

289


шылық арасына ағартушылық идеяларды таратумен тығыз байланыстырды. С.Көбеев сияқты ұстаздық жұмысының тәжірибесін жинақтап, ауыл мектептеріне арналған шағын оқулық, оқу кітаптарын және балалар әдебиетінің үлгілерін жазды. 1914 жылы ол өзінің "Жиған-теріен" атты тұнғыш кітабын жариялады.

Революцияға дейінгі ауыл мектептерінде окулық ретінде пайдаланылған бұл кітапта А.С.Пушкинің "Евгений Онегин" романынан үзінді, М.Ю.Лермонтовтың "Үш бәйтерек", А.Н.Плещеевтің "Қайыршылар" атты өлендері және И.А.Крыловтың 15 мысалы берілген. Сонымен бірге онда педагогтың бірнеше қолтума өлендері де кірген.

Оның окулық жазу және оны өзінің педагогикалық жұмысымен байланыстыру ерекшелігін ғалым Т.Әбдірахманов: "Б.Өтетілеуов өзінің "Жиған-тергенің" мұғалімдік жұмысында, мектепте көмекілі оқу құралы етіп пайдаланды, шәкірттерін ұлы орыс әдебиетімен өзінің аудармалары арқылы таныстырып, одан әрі орыс тіліндегі нұсқаны оқуға жөн сілтеп отырды", - деп орынды бағалады.

Б.Өтетілеуовтен бала кезінде дәріс алған, қазақтың атақты жазушысы Ғ.Мүсірепов ұстазының орыс және қазақ әдебиетіне оқыту жолдарын: "Ол кейде сабақ біткеннен кейін оқуға, білімге шақыратын әңгімелерді оқып береді. Абай, Ыбырай шығармаларын оқиды. Не түсінгенімізді сұрайды, - деп ерекше ыстык сезіммен еске тусіреді.

Мектеп оқуының мазмұның қатты ойластырған Б.Өтетілеуов әсіресе Крылов мысалдарын аударуда шеберлік танытады. Ол ұлы орыс жазушысы шығармаларынын идеялық мәнін, сатиралық өткірлігін жасытпай, қайта шындай түседі. "Шаруалар мен өзен" деген мысалында халықты қанап, жоқшылыққа душар еткен крепостниктің құрылыс пен патша чиновниктерін мысқыл етеді.

"Шортанның шортуы", "Патша сұраған бақалар" мысалдарында патша, патша әкімдері сықақ етіліп, олардың жағымсыз, жат мінездері сынға алынады.

Б.Өтетілеуов өз оқулығы арқылы ұлы орыс мысалшысының демократиялық бағытын шәкірттерге жеткізуге тырысты. Осы бағытта ол И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ халқының өміріне жақындастыруды көздеп, өзі аударған мысалдардың аяғына жаңа жолдар қосып отырды.

Б.Өтетілеуов аудармаларының тақырыбы көбіне тәрбие және этика мәселелерін қамтиды.

290

Б.Өтетілеуовтің өз қолтумалары ретінде саналатын, "Қазақтың надан байлары мен нашар көршілер және зұлымдық пен надандық" атты олеңінде С.Көбеев сияқты әлеуметтік педагогиканың қөкейтесті мәселелерін көтеріп, байлардың надандық, зорлық-зомбылық, даңғойлық т.б. мінездерін әшкерелеп, білім, ғылым, өнердід мәнін жоғары көтерді.



Ұстаз-жазушы жастарды өнер-білімді бағалай білуге және оны ерінбей-жалықпай меңгеруге үндеді. Ол:

Сол үшін ғылым артық - шамалаймын,

Малдан да өнерді артық бағалаймын,

Заманның осы күнгі қалпын андап,

Адамды малға сенген табалаймын, - деп жазды.

* * *


Орыс-қазақ мәдени-ағарту ынтымағының және Қазақстандағы педагогтық ой-пікірдің дамуында "Айқап" журналының мәні зор. Бұл журнал 1911-1915 жылдары Троицк қаласында шығып тұрды. Журналдың 88 нөмірі жарық көрді.

"Айқап" - саяси-қоғамдық және мәдени-ағартушылық бағытты ұстаған журнал. Оның беттерінде жарияланған мақалалар елдегі мәдени-ағарту, жер шаруашылыгы, право және дін проблемаларын, мектептердегі оқудың мазмұны мен әдістерін кеңінен қамтыды. Журнал негізінен қазақ мұғалімдерінің арасына кең тарады. Сондықтан "Айқап" журналы демокра-тиялық бағыттағы педагогтар мен мұғалімдерді топтастыруда, орыс педагогикасының прогрестік идеяларын насихаттауда, қазақ халқының мәдениетінің, әдебиеті мен тілінің даму жолдарын зерттеуде маңызды рөл атқарды. Журналдың жұмысын бағыттап басқаруда орыс және орыс-қазақ оқу орындарында білім альш тәрбиеленген қазақтын демократиялық интеллигенциясының алдыңгы қатарлы өкілдері (М.Сералин, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Ш.Әлжанов т.б.) үлкен рөл атқарды.

"Айқап" журналының редакторы Мүхамеджан Сералин (1871-1929) бодды. Ол 1891 жылы Қостанайдағы екі класты орыс-қазақ училищесін, 1898 жылы ауыл мектептеріне мұғалімдер даярлайтын педагогика класын бітіреді. Осы оқу орындарында ол орыс педагогикасының мол мұрасымен мұқият танысқан. 1891-1900 жылдары ол негізінен мұғалімдік жұмыстарда болады. 1900 жылы М.Сералин Троицк қаласына келіп, сондағы миллионер татар Якушевке жалдана жүріп, өздігінен білімін тереңдетумен айналысады. Осы кезде ол орыс жазушыларының

291


шығармаларын оқып, қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттей бастайды. "Топ жарған" (1900) және "Гүлхашима" (1903) атты поэмаларын жазып бастырады. Бірінші орыс революдиясы жылдарында ол әлеуметтік революциялық қозгалыстың жергілікті өкілдері И.Ф.Голованов, С.С.Ужгин т.б. танысады.

Болшевиктердің бұл құпия тобы қазақ мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы өкілдері С.Көбеев пен М.Сералинді өздерінің шынайы тілектестері ретінде бағалайды. С.С.Ужгин өз естеліктерінде мұғалім М.Сералиңді білімді, шешен сөйлейтін, мінезі байсалды деп бағалаған. М.Сералин - XX ғасырдың басындағы аддыңғы қатарлы қазақ педагогтарының ірі өкілі. Ол өзінің публицистикалық мақалаларында мектептердегі оқыту, тәрбие беру және оқыту методикасы сияқтъі мәселелсрді үздіксіз көтеріп отырды.

"Айқап" журналының бетінде жарияланған саяси әлеуметтік мәселелер жөніндегі мақалаларында ол қазақтар арасына білім таратуда ең алдымен мәдениеті мен ағарту ісі озық халықтан, демек орыс халқынан, үлгі-өнеге алуга шақырды: "...Орыс халқы хақында айтар сөз де жоқ, олар үздік-кеткен халық", - дейді.

М.Сералин елді өркендетуді орыс тілінде білім берумен және мектептерді жетілдірумен байланыстырды. Ол былай деп жазды: "Россия мемлекетінде бақытты болып тіршілік ету үшін ғылым, өнер керек, орысша тіл білу керек. Бұларды білу үшін мектеп һәм школа керек".

Ол әсіресе сахарадағы көшпелі тұрмысқа сәйкес оқу жылын, оқу мерзімін реттеуді талап етті. Ауылдарда жыл сайын белгілі бір уақытта сабақ бастау, белгілі бір үйді мектепке арнап, онда жаңа тәртіп бойынша оқытатын мұғалім ұстауды алга қойды. Сабақ қыркүйектен мамыр айына дейінгі жүретін және бір ауыл бір мектепті өз қамқорлығына алатын болғанда ғана балаларды оқыту жөнге қойылады деп есептеді.

Сөйтіп М.Сералин XX ғасырдың басындағы педагогтардың ішінде оқу-ағарту мәселелерін саяси-әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білді, мектеп оқуын ұйымдастырудың нақты проблемаларына көніл бөліп, "Айқап" журналына педагогикалық бағыт беруді көздеді.

XX ғасырдың басындағы Қазақстанның педагогикалық ой-пікірінің дамуында атақты ағартушы және ақын Сұлтанмахмұт Торайгыров (1893-1920) ерекше орын алады. С.Торайғыров бала кезінде өзінің әкесінен және ауыл молдаларынан сабақ алып,

292


хат таниды. Мұнан кейін ол Троицк, Семей, Томск қалаларында болып, білім алуды арман етеді. Троицкіде медресеге оқуға түсіп қыста оқиды да, жазда елде бала оқытады. 1913-1914 жылдары "Айқап" журналында хатшылық жұмыс атқарады. 1914-1916 жылдары ол Баянауыл, Семей, Қатонқарағай, Зайсан жақтарында мұғалімдік жұмыста болып, бір жағынан өз бетінше оқып, орыс тілін үйренеді. 1916 жылдың күзінде ол Томск барып, онда курста оқи жүре, орыс әдебиетімен терең танысады. Аздаған уақыт С.Торайғыров өз елінде совет жұмысына да араласқан. Бірақ оның жұмысының қөпшілігі мұғалімдік және журналистікпен байланысты болды. Ол өз шығармаларында оқу-ағарту, балалар мен жастарды оқытып, тәрбиелеу жөнінен құнды педагогикалық ойлар айтты.

С.Торайғыров алғашқы өлеңдерінің өзінде-ақ орыс-қазақ ағартушылық байланыстарының, орыс мәдениетінің мәнін жоғары бағалады, ол үшін орыс тілін үйренуді, оқуда ғылыми пәндердің қажетгілігін қөрсетті.

С.Торайғыров тәрбие мен оқудың мақсатгарын айқындауда XX ғасырдың басындағы қазақ педагогтарының ішінде жаңа бағытты негіздеді. Ол - халықты, жастарды дүниетану оқуына, өнер, кәсіп үйренуге, мәдениет жетілдіруге өнерлі елдерден үлгі алуға, сөйтіп ілгері басып, басқа озық елдермен теңелуге шақырды. Тәрбие мен білімінің мұндай келелі міндетерін ол өзінің "Оқудағы мақсат не?" деген өлеңінде баяндаған:

Тәрбие мен білімнің алдына қойылатын осындай әлеуметтік-қоғамдық зор мақсаттарды корсете отыра, С.Торайғыров өзі осы мақсаттар үшін аянбай күресіп, жаңа адамның үлгісін көрсететіндігін;

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелем шығып күн болам!

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда, кім болам? –

деп шын жүректен шабыттана жыр етті.

С.Торайғыров - Абайдан кейін жаңа тарихи кезеңце қазақ педагогикасында адамгершілік проблемасының өзекті мәселелерін қозғаған демократ ағартушы. Оның шығармаларында жоғары адамгершілік касиеттер болып саналатын адамдағы білімділік, әділеттіліқ, еңбек сүйгіштік, мейірімділік, игі достык пен адал махаббат кең орын алып, қастерленеді. Оның ойынша

293

адамгершілік тәрбиесінің жоғары мақсаты Отанға, тутан жер мен елге деген ыстық сезім мен сүйіспеншілік, жаны дарқан, адамгершілігі мол, тәні мен жаны сұлу, дені сау жас ұрпақтарды тәрбиелеп өсіру болып саналмақ.



Педагог ақын адамгершілікті тәрбие арқылы қалыптастыру жөнінде де құнды ойлар айтты. Тәрбиенің адамды қалыптастырудағы ықпалы мен күшіне мықты сенді. Сондықтан да:

Тұрмыстағы мінезді ешкім жеңбес,

Адамды әділ қылу қолдан келмес,

"Түзесе жаратылыс өзі түзер"

Деген сөзге сондықтан көңілім сенбес.

"Себебін жаратса да адам адал

Бола алмайды" деген сөз кұлаққа енбес, - деді ол.

Педагог-ақын оқу-ағартудың өмірлік түпкі мақсаттарына түсіне білді. Ол білімді меңгеру адам баласын бақытты болуға бастайды, надандықтан арылтады, өмір сүруді жеңілдетеді деп есептеді. Ағарту мен білім қара бастың қамы үшін емес, ел қамы, халықтың қамқоршысы болу үшін жұмсалуы керектігін уағыздады. Халықты ұлы халқының озық мәдениетін игеруге шақырды.

294
VI ТАРАУ. ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет