40 ЖЫЛДАРЫ ҮСТІНДЕ ҚАЗАҚСТАН
ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА
ҮЛЕС ҚОСҚАН ПЕДАГОГТАР МЕН
ҒАЛЫМДАР
Тәжібаев Төлеген - қазақтың тұңғыш
психолог ғалымы, академик
(1910-1964)
1910 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, 9- ауылда туған. 1928 жылы Шымкенттегі Педагогикалық техникумды, 1935 жылы Москвадағы Н. К. Крупская атындағы Коммунистік тәрбие академиясын бітірді. Еңбек жолын 1938 жылы Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика және кафедра меңгерушісі қызметінен бастаған Тәжібаев одан кейінгі мерзімдерде халық ағарту комиссарының бірінші орынбасары, оның комиссары, және Қазақ ССР сыртқы Халкомсовының комисар орынбасары, қызметінде болады. 1944 жылдан бастап Қазақ ССР сыртқы істер Министрі, Қазақтың Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік ұлттық университетінің ректоры және Қазақ ССР Министрлер Советі председателінің орынбасары болды.
1957-1961 жыддары Үндістандағы СССР елшілігінің кеңесті - өкілі болды. Ал, 1961 жылдан Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің педагогика және психолгогия кафедрасының профессоры және меңгерушісі қызметін атқарды.
1938 жылы педагогика ғылымының докторы дәрежесіне ие болды. 1954жылдан Қазақ ССР ғылым академиясының академигі Т. Тәжібаев Қазақ ССР педагогика қоғамының президенті, жоғары және арнаулы орта білім Министрлігінің педагогака және психология саласындағы ғылыми әдістемелік кеңесінін төрағасы т. б. қоғамдық жұмыстар атқарды.
Т.Тәжібаев жауапты қоғамдық, мемлекеттік қызметтер атқарумен бірге, зор ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді-Оның К. Д. Ушинскийдің психологиялық көзқарастары туралы зерттеулерінің зор ғылыми маңызы болды. Ол жас ғалым-
444
психологтарды даярлауда көп еңбек сіңірді.Төжібаев Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің, оқу-ағарту ісінің дамуы және мектептер тарихын, Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын жан-жақты зерттеген ғалым. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы оқу-ағарту ісімен педагогикалық ой-пікір дамуы жөніндегі зерттеулері көлемді, әрі маңызды зерттеулер қатарынан саналады.
Сембаев Ібнияұлы - қазақ мектебінің тарихын
тұңғыш зерттеген ғалым
(1905-1989)
1905 жылы Жезқазған облысы, Шет ауданында Қарабұлақ ауыныңда туған. 1931 жылы Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік Педагогика институтының химия факультетін бітірді. Педагогикалық жұмысты 1925 жылы мектепте мұғалімдіктен бастады. Одан кейінгі жылдары Қазақ ССР Оқу Министрлігінің әдіскері, Қазақтың ауыл шаруашылық институтының оқытушысы, әрі директоры болды. Қазақ ССР Оқу Министрі, әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі және проректоры, қызметін атқарды. Қазақ ССР Оқу министрлігі жанындағы Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры және институт жанындағы үйлестіру Кенесінің меңгерушісі болды.
1966 жылы Ғылым докторы дәрежесін, 1967 жылы профессор атағын алды. Ол ССР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды.
Сембаев Ә. I. Қазақ Совет мектебінің қалыптасуын зерттеуге үлкен еңбек сіңірген ғалым. Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.
Ол үлкен қоғам қайраткерлері бола жүріп, Қазақстандағы, педагогика ғылымының өркендеп өсуіне қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептеріне байланысты К. Д. Ушинскийдің, Н. К. Крупскаяның педагогикалық мұраларын жан-жақты зерттеген ғалым.
445
Лемберг Раиса - Қазақстан педагогикасын
дамытуға үлес қосқан ғалым
(1883-1965)
Соғыстан кейінгі жылдарда дидактиканың әр түрлі бағытында зерттеу жүргізді. 40 жылдары "Сабақтың құрылысы проблемасы","Білімді бекіту және сабақтағы біліктілік" т.б. сабақ өтудегі мұғалім білімі мен оның шеберлігіне үлкен мән берді, оның дидактикалық негізін қалады.
Ал, 50-60 жылдары "Оқыту әдістемесі", "Дидактикалық очерктер" т. б. мақалаларында Лемберг Р.Г. оку процесін психологиялық негізде талдайды және сипаттайды. Оның оқу құралы, оқыту жолдарын айқындайды, оқыту әдістемесінің творчестволық жолын белгілеп берді. Лемберг Р. елімізде бірінші болып психология-педагогикалық тоқыраудың салдарын жою жаңадан оның тиімді жолдарын іздеудің жаршысы болды. Оқудың тұрпайылығын жою, сабақты көрнекілікпен өткізу проблемаларын бірінші кезекке қойды. Оның ғылыми мектебінің шәкірттері - Г.А.Уманов пен Н. Д. Хмель Лембергтің ілімін жалғастырып, өздері оның білімін таратты.
Бержанов Қартбай - "Педагогика тарихы "
оқулығын қазақ тілінде тұңғыш жазған ғалым
(1924-1976)
Педагогика ғылымының докторы, профессор Қ.Бержанов артына үлкен педагогикалық мұра қалдырған, Қазақстандағы педагогика ғылымының да-муына қосқан өзіндік үлесі бар көрнекі ғалым.
1947 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тарих факультетін бітірісімен институт қабырғасындағы қоғамдық және педагогикалық іске қызу араласып, студенттерге тәлім-тәрбие береді. Кейіннен Қазак мемлекеттік қыздар педагогика институтында проректор әрі педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет- атқарған ол 1967 жылдан өмірінің соңына дейін әл-Фараби атындағы
446
Қазақ мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі бодды.
Қ. Бержанов бірнеше оқулық псн монографиялық еңбектің, 200-ге тарта мақаланың авторы. Оның бірі "Қазақстан мұғалімдерінің (1917-1941) коғамдық және мәдени ағартушылық ісі тарихынан" атты монографиясы Қазақстандағы түңғыш жазылған еңбектердің қатарынан орын алады.
Ғалым туындыларының негізгі өзегі педагогика тарихының мәселелері болып саналады. Ол оқу-ағарту және жалпы мәдениет саласындағы халықтар ынтымағы мен достығы өз еңбегіне ұдайы арқау етіп отырады. Оның "Оқу-ағартудағы халықтар достығы" атты ғылыми педагогикалық туындысы осы тұрғыда жазылған маңызды еңбек.
Ол XIX ғасырдың бірінші ширегінде орыс-қазақ қатынастарының даму тарихында Қазақстанның ағарту ісі мен мәдениетіне, оның тарихы мен табиғи байлықтарын зерттеуге ықпал етіп, белгілі із қалдырғандар-декабристердің Қазақстан жерінде болуының зор маңызы бар деген тұжырымға келеді.
Орыс мәдениеті мен оқу-ағарту ісінің Қазақстанның оқу-ағарту ісіне тигізген тағы бір ықпалы ұйымдастырылған кадет корпустары. Сонымен бірге, Россияның ұлт аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда орыс білімінің таралуына ықпалын тигізген, 1789 жылы Орынбордағы Меновой двор мешітінің жанынан қазақ балаларына арналған мұсылман мектебінің ашылуы қазақ жастарының орыс тілін үйренудегі алғашқы қадам болғанын баяндайды.
Қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан, дала қоңырауы атанған Ыбырай Алтынсаринның, ұлы ағартушылар Абай мен Шоқанның орыстың озық мәдениетінен сусындап, оның оқу-ағарту саласындағы озық идеяларын қазақ жеріне тұңғыш таратушы екенін түйіндей отырып, ол бүгінгі Қазақстан мектептеріндегі үлкен өзгерістер ұлы орыс мәдениеті және орыс-қазақ достығының нәтижесінде қол жеткен теңдесі жоқ табыс екенін дәлелдейді.
Ғалымның ұзақ жылдар бойғы зерттеулері нәтижесінде жазылған бағалы еңбектерінің бірі- "Педагогика тарихы" оқулығы. Бұл жоғары оқу орындары оқушыларының мектеп мұғалімдерінің, студенттердің қолтума кітабына айналды.
447
Оның ғылыми еңбегінің қай-қайсысы болмасын адамгершілік және еңбек тәрбиесінің принциптері тұрғысында жазылган. Автор 1920 жылдардағы Қазақстан жерінде алғашқы мектептің киіз үйлерде ашылғаны, алғашқы мұғалімдердің педагогикалық білімі жоқ, қысқа курстарда оқыған сауаты ғана бар екеніне арнайы тоқталып, оның заңды құбылыс екенін ескерте кетеді. Сол мектептердің бүгінгі тәрбие мен оқудың бірлігін, оның берік үлгісін жасаған қазақ мектептерінде дейінгі дәрежеге көтерілуі ұлт саясатының салтанат құрып отырғанының айқын айғағы деп тұжырым жасаған. Сондай-ақ ол кеңес мектебінің алғашқы жылдарындағы халық ағарту ісін дамыту мен қалыптастыруда Н.К. Крупская, М.Н. Калинин, А.В. Луначарский, т.б. көрнекті педагогтердің тәжірибесі, олардың педагогика-лық ықпалының орасан зор болғанын өз еңбектерінде ерекше көрсетеді.
Ол педагогика тарихын белгілі бір жүйемен зерттеді. Мысалы, ол ХҮІ-ХҮІІ ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы ұлы славян педагогі Я.А. Коменскийден бастап, әр түрлі кезеңдегі педагогика ғылымының дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан, педагогикада өз дәуіріне тән бетбұрыс жасаған, демек әрбір ғасырда өмір сүрген педагогтардың: Ж.Ж. Руссо, И. Г. Пестолоции, М.В.Ломоносов, В.Г.Белинский, А.И. Герцен, К.Д. Ушинский, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, Л.Н. Толстой, И.Н. Ульянов, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Қүнанбаев т.б. көптеген педагогтердің еңбектеріне талдау жасап, олар туралы өз кезіңде республикалық журналдар мен газеттерге мақалалар жазды.
Ғалым зерттеулерінің басты бір өзегі - педагогиканың білім беру және оқыту теориясын жетілдіретін саласы дидактиканы зерттеуі еді.
Ол дидактиканы қазақ топырағымен байланыстыра зерттеді. Мысалы, ол біріншіден прогрессивті орыс педагогикасының дидактикалық үлгі-өрнектері қазақ мектептерінде Ы. Алтынсарин ашқан мектептердің тәрбиесі арқылы жүзеге асырылды десе, екіншіден, С. Көбеевтің "Үлгілі бала"оқулығын дидактикалық еңбектер қатарына қосады. Үшіншіден, ол "Айқап" журналының материалдарын да дидактикалық еңбкктер қатарына косуы да оның еңбектерінің жан-жақтылығын дәлелдейді.
448
Қ. Бержанов өмір бойы ұстаздық етті. Одан дәріс алған, лекция тыңдаған, ғылыми білім және тәрбие көрген мұғалімдер республиканың түпкір-түпкірінде жемісті еңбек етіп, ұстаздық қызметте жүр.
Григорий Уманов - Қазақстан педагогикасын
дамытушы ғалым (1931)
Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетінің түлегі бүгінде педагогика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Г. А. Уманов белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз, сондай-ақ өзі еңбек ететін Абай атындағы Алматы мелекеттік Ұлттық педагогика Университетінің педагогика кафедрасының профессоры. Сонымен бірге кафедра жанындағы педагогикадан кандидаттық және докторлық ғылыми дәреже беретін ғылыми кеңес мүшесі, Ташкент ғылыми кеңесінің мүшесі т. б. Ол жергілікті халық тарихын, ұлттық дәстүрін, тілін, мәдениеті мен әдебиетін үйренуді өзінің борышы деп біліп, бүкіл отбасымен қазақ театрына барып, ұлттық өнерден сусындай бастады. Сол кездері ер жетіп қалған Григорий де мұндай мәдени демалыстардан қалыс қалмайтын. Кейін ол Қазақ мемлекеттік университе-тінің тарих факультетіне оқуға түскенде осы бағытынан таңбады.
Шынында да, Г.А. Умановтың студенттік өмірі тек ізденіспен өтті. Оқуда озат болумен қатар, факультеттің, тіпті, университеттің қоғамдық жұмысына да белсене араласты. Үнемі білсем деген талпыныста жүретін оған кезінде тарих ғылымының докторы, атақты академик С. Бейсенбаев, белгілі тарихшы ғалым Е. Бекмахановтар дәріс беріп, ұстаздық етті. Білімдері терең, парасатты да мәдениетті ғалымдардан ғибрат алудың өзі де Г. Абрамович үшін тәнті болган жас сол кезде-ақ "үлкен ғалым боламын" деген арманды көкірегіне мықтап түйген еді.
Университеті 1954 жьшы бітірген ол еңбек жолын Алматы медицина училищесінің таркх пәнінің мүғалімі болудан бастады. Кейін Алматыдағы еңбек колониялары мектептеріңде мұғалім және
449
директор болып еңбек етті. Міне, осы кезден бастап ол қиын балалар тәрбиесін зерттеумен айналысты. Ұзак. жылғы еңбек, мол тәжірибе көп кешікпей өз жемісін берді. Ол 1960 жылдардың басында "СССР- де кәмелетке жетпеген балалардың қылмыс жасау себептері" атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбек кейін монографиялық кітап болып шықты.
Негізі әр ғалымның өзіндік зерттеу ерекшелігі бар. Оның еңбектеріндегі ерекшелік-теорияның тәжірибемен тікелей байланысы. Мысалы, 1968 жылы "Жеке оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мәселелері", 1969 жылы жарық көрген "Кәсіптік-техникалық училищелердегі тәрбие жұмысының жүйесі" атты моногафиялары соның айқын айғағы. Қазақстан-дағы кәсіптік-техникалық оку орындарының әсіресе, училшцелердің озат тәжірибесін жинақтаған бұл дүниелерді оқушылар оқулық ретінде пайдаланып келді. Ал, 1970 жылы Г. Уманов "Қазақстанда кәсіптік техникалық білім дамытудың педагогикалық проблемалары" атты тақырыпқа докторлық диссертация қорғады. Ол көп кешікпей үлкен кітап болып шықты. Мұны педагог ғалымдар, сол кездегі көрнекі педагог Р.Г. Лемберг Қазақстан педагогикасына қосылған үлкен үлес деп бағалады.
Ол өзінің "Бала бақыты" атты кітабында баланы жасынан еңбекке үйретудің тәрбиелік жүйесін жасаған. Тәрбие ісінде орынсыз ағаттықтар жіберуден сақтандырады. Сондай-ақ, ол Москвадан орыс тілінде шыққан "Мы и наши дети" атты еңбегін В. Сухомлинскийдің "Балаға жүрек жылуы" атты кітабы негізінде жазғанын автор мақтаныш тұтады.
Г. А . Уманов зерттеулерінің тағы бір ерекшелігі барлық проблеманың кез келген объектісін жергілікті халықтың топырағынан іздейді. Өзінің өскен ортасының табиғатын, ғылыми-техникалық прогресін мәдениеті, оқу-тәрбие ісін, әдебиетін, тарихын өз зерттеулерінің берік компоненттері етіп ала білді. Соңғы оншақты жылдар ішінде жазған" СССР-де оқушыларға кәсіптік бағдар беру" Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың педагогикалық проблемалары,"Жеке оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жүйесі", "Қиын балалармен жүргізілетін тәрбиенің маңызды мәселелері" атты еңбектерінде және Қазақстандағы оқу-ағарту, тәрбие мәселелеріне арналған теориялық танымды мақалаларында егжей-тегжейлі баяндалған.
Сондай-ақ, Г.Уманов - қазақ әдебиетінің, даму тарихымен
450
де айналысқан ғалым. Ол, тарих, әдебиет және педагогиканы біртұтас деп қарайды. Оған көптеген педагогиканың зерттеулері дәлел. Мысалы, "Бала бақыты" атты кітаптары тәрбиенің түйінді мәселелерін шешуде қазақ балаларының жүріс-тұрыс, қазақ отбасының күй-жайы, дәстүрі, халық педагогикасының мұралары жан-жақты талданып жазылған.
Сондай-ақ, Уманов өте қайырымды да парасатты, зиялы ғалым. Олай дейтініміз, оның жетекшілігімен 100-ден астам адам педагогика ғылымының кандидаты және докторы дәрежесіне ие болды. Ол толып жатқан диссертацияның оппоненті болып сөйледі. Қыруар кітаптар мен монографияларға, әдістемелік оқу құралдарына, окулықтарға беташар жазып, батасын берді. Ол лекция оқуда да еңбек тәрбиесінің майталман маманы. Бүгінгі Қазақстан педагогикасының көш бастаушыларының бірі. Оның педагогика саласындағы жүзеге асырылған істері айтарлықтай. Умановтың бастамасымен Абай атындағы педагогикалық институтың барлық факультеттеріне "Мектеп күнін немесе үзіліссіз педагогикалық тәжірибе" енгізілген болатын. Оның мақсаты педагогикалық практиканың мерзімін ұзарту, яғни студенттер бірінші курстан бастап әр жылы 35-40 сағаттан педагогикалық тәжірибеден өтеді. Көп ұзамай бұл бастама Алматы қаласының барлық педагогикалық оқу орындарында қолдау тапса, ал 1989-90 оқу жылында бұл тәжірибе республиканың барлық педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие жоспарына енгізіліп, жүзеге асырылды.
Соңғы кездері ғалымды еліміздегі оқу-ағарту ісін қайта құру, ондағы басты проблема жаңа адамды дамыту, қалыптастыру және тәрбиелеу қатты толғандыратын болды. Ізденіс тағы да іс жүзінде көрініс тапты. Оның бірі - ғалымның бастамасымен Алматы қаласындагы 36, 65, 31 мектептердің жанынан ғылыми оқу-әдістемелік комплекс құрылуы. Комплекс үш бағытта: (Оқушылардың танымдық іс-қимылын белсендіру", "Оқушыларды идеялық-адамгершілік рухта тәрбиелеу", үшіншіден, "Қиын балалар тәрбиесін жетілдіруде жүйелі жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл іске бүкіл кафедра мүшелері жұмылдырылды. Мұндағы ең түпкі мақсат - қайта құру негізінде жоғары оқу орындарының кызметін мектепке жақындату, оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру еді. Бұл ісі өзінің жалғасын табуда.
Г.А. Уманов өміршең ғалым. Ол соңғы жылдары музыкалық және орта білім беретін мектеп балалар бақшасы мен бағын, университет ашты. Мұның барлығын "Фрестиж" деп атайды.
451
Жарықбаев Құбығұл – Қазақстанның
көрнекті психологы (1929)
Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университетінің профессоры, педагогика және психология ғылымының докторы Қ. Жарықбаевтың тәрбие тағылымы мол адам. Жүсіпбек Айтмауытовтың сөзімен айтқанда
"Тәрбиелі адам, демек иманды адам, ол білімін өз орнына, игілікке, адам-заттың гүлденуіне жұмсайды" - деген екен. 1946 жылы Ақтөбе оқытушы -лар педагогика институтын бітірген балаң жігіт Құбығүл Бозайұлының Жүсіпбек Аймауытовтың осы бір тәрбие туралы ғүламалық даналығы, аталық сөзі кірмегенде шығар, немесе елес берді ме оны сол кезден бастаған тәрбие туралы талпыныс пен білім алу туралы үлкен ұмтылыс, зор арман. Алға қазақ орта мектебінде ұстаздық қызметін бастағанда, оны болашаққа жетелей берді. 1947 жылы алғаш Т.Тәжібаев ұйымдастырған әл-Фараби атындағы қазақтың Ұлттық Университетінің "Логика және психология" бөлімін бітіріп шықты. 1951-1977 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, және Шымкент педагогикалық институтында доцент, психология кафедрасының меңгерушісі больш қызмет атқарды. 1977 жылдан бері әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің меңгерушісі кейінгі жылдары "Этнопсихология және педагогикалық психология кафедрасының профессоры болып қызмет атқарып жүр. Аңсаған арман оның басындағы мінез-құлықтық психологиялық ерекшелік психология ғылымын зерттеуге тұлғалық берілгендігі, оны биік межеге жетеледі. Сөйтіп ол алғашқы еңбегін "Абай қазақ хадқының ұлы ағартушысы" және "Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы" еңбектері жарыққа шыға бастағаннан бері қарай, ол елуге тарта психология саласын қамтитын оқулык пен оқу құрал-дарын, оқу бағдарламаларын жазды. 800-дей ғылыми мақаланың авторы. Мұның барлығы психологияның маңызды мәселелеріне арналған. Демек Қ. Бозайұлы XX ғасырдың соңғы ширегінде педагогика, әсірссе психология ғылымының дамуына зор үлес
452
қосқан корнекті ғалым. Қазақстанның психология ғылымының негізін салушылардың бірі. Абай атындағы АлМУ-дың педагогика кафедрасындағы докторлық ғылыми кеңестің және әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің психологиядан докторлық ғылыми дәреже беретін кеңестің мүшесі.
1962 жылы қазақ тілінде жазған тұңғыш психология оқулығы қайтадан үш рет басылды. Сонымен бірге "Махамбет Өтемісұлы жастар тәрбиесі хақында", "Әл-Фараби", "Аталар сөзі-ақылдың көзі", "Ұстаздық еткен жалықпас" т.б. еңбектері жарық көрді. Осы еңбектерінде автор қазақтың тәлім-тәрбиелік нұсқасын психологиялық ғылыми негізге айналдырып жастар және ұрпақ тәрбиесінің психологиялық негізін салды. Сонымен қатар ол "Қазақтың тәлім-тәрбиелік ой-пікір антологиясы", "Этнопсихология", "Қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие процесінің этнопсихологиялық мәселелері", "Психология пәнін оқытудың кейбір мәселелері" атты еңбектері әл-Фарабиден бері қарайғы қазақтың этнопедагогикалық немесе халықтық педагогиканың күні бүгінге дейінгі дамуына талдау жасайтын тарихи тағылымы мол, жастар тәрбиесін халықтық педагогика негізінде тәрбиелейтін және білім беретін тарихи еңбектер.
Қ.Б. Жарықбаев "Қазақ психологиясының тарихы", "Развитие психологический мысли в Казахстане", "Ж. Аймауытовтың психологиялық ой-пікірлері" еңбектері арқылы Қазақстандағы психологиялық ой-пікірдің дамуын, оның әртүрлі тарихи кезеңін тереңнен тартып талдайды. Осы жоғарыдағы еңбектердің барлығында да Қ. Бозайұлы сан ғасырлық тарихы бар, қазақ халқының көне заманнан бергі тәлім-тәрбиесін, психологаялық және педагогикалық оқу-ағарту туралы ой-пікірдің қалыптасу бағыттарын саралап та, сараптап, бүгінгі өмірдің талаптарына сәйкес зерттеп, жазды.
Қ. Жарықбаевтың ғылыми-ізденіс бағыттарының негізгі-ағартушылықты: тәрбие, оқу-ағарту, білім беруді, оның ішінде психолгиялық ілімді зерттеуді өзінің биік межесі етіп ұстаған. Ғалым - жаңа рухта жас ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік, жақсы мінез-құлық қалыптастыру қажеттіліктерін тек қана тәжірибеде іске асырып қоймай, бұл мәселелерді теориялық тұрғыдан да терең зерттеген.
2004 жылы "Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуы" атты тақырыпта диссертация қорғап, психология ғылымының докторы дәрежесін алды.
453
IX ТАРАУ. ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТАР ЖАС
ӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАНАПІЫРЛАРЫ
Жаңашылдар тәжірибелерінің педагогикалық
негізгі ой-пікірлері
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуып ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, ұжыммен педагогикалық ынтымақтастық орнатуға бейімділігі бар, шығармашылық еңбек ететін маманы болуы керек. Жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесіндегі бәріне ортақ табыс кілті болған жағдайлар: мұғалім — зерттеуші, озық тәжірибені үйренуші өз еңбегінің нәтижесіне талдау жасаушы, тәжірибесін жинақтаушы болғандығында.
Сонымен қатар, жаңашыл мұғалімдерге тән нәрсе олардың жекелеген әдістемелік әдіс-тәсілдермен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде, бірізділікпеп, белгілі бір әдістемелік жүйемен жұмыс жүргізуінде. Олардың іс-тәжірибесі жетік психологиялық-педагогикалық ғылымның озат практикалық тәжірибе мен теориялық ой ықпалының өзара бірін-бірі толықтырып, байытып отыруының жарқын көрінісі.
Өзіндік педагогикалық идея және ұстаздық шеберлік өз-озінен тумайды. Ондаған жылдар ішінде еңбектің, тынбастан жүргізілген жұмыстың, педагогикалық байқаудың, тәжірибенің, теориялық білімнің нәтижесінде айқындалады. Әр мұғалімнің педагогикалық процестің зандылығына сүйене отырып, өзіндік жеке шығармашылық дараланған тәжірибесі жинақталады.
Шығармашылық жолда еңбек ететін барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық идеялар мыналар:
- ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асыру идеясы;
- әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы тығыз қарым-қатынаста болу идеясы;
454
- тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократиядандыру идеясы;
-қиын әрі күрделі мақсаттарды алдын-ала білу идеясы;
-тірек сигналдар арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске үйрету идеясы;
- оқушылардың білім алуында және оны бағалауда еріктілік принциптерін жүзеге асыру идеясы;
- оқу материалын өту барысында бағдарламадан озып отыру идеясы;
- ірі блоктар идеясы:,
- оқушыларды өздерінің білімдеріне, жұмыстарына талдау жасауға және бағалай білуге үйрету идеясы;
-сынып оқушыларының интеллектуалдық дәрежесін жетілдіру идеясы;
- ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру идеясы;
- шығармашылық өнімді еңбекті ұйымдастыру идеясы;
- әр жастағы балалар ұжымдық бір-бірімен ынтымақтастығы және өзін-өзі басқару идеясы;
- мұғалімдер ұжыммен, ата-аналармен және бүкіл жұртшылықпен ынтымақта болу идеясы;
- баланың жалпы жетілуіне, білім алу қабілетіне сеніммен қарау, оқу еңбегі бала үшін азап болмай қуанышты, көңілді ерікті дәрежеге жеткізу идеясы;
- қазіргі уақыттың әлеуметтік парызын орындауда мектеп пен қоғамның тығыз байланысын жүзеге асыру идеясы;
Жаңашыл педагогтар және олардың идеялары мен тәжірибелері
Қазіргі уақыттың алға қойып отырған білім беру мен тәрбие жұмысының сапасын арттыру міндеттерін түбегейлі орындауга бетбұрыс жасап жатқан шығармашылық еңбек ететін жаңашыл мүғалімдер арамызда баршылық. Олар:
А м о н а ш в и л и Шалва — профессор, психология ғылымдарының докторы, ССРО Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Я. С. Готошвили атындагы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры (Тбилиси);
Ш а т а л о в Виктор — мүғалімдер білімін жетілдіру институтының қызметкері, Донецк қаласындағы № 5 мектептің математика пәнінің мұғалімі;
455
Л ы с е н к о в а Софья - РСФСР-дің еңбек сіңірген мұғалімі, Москва қаласындағы №587 мектептің бастауыш сыныптарының оқытушысы;
И л ь и н Евгений — Ленинград қаласындағы №307 мектептің әдебиет пәнінің әдіскер мұғалімі;
В о л к о в Игорь — РСФСР-дің еңбек сіңірген мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Москва облысының №2 Реутова мектебінің сызу-сурет пәндерінің оқытушысы және т. б.
Республикамызда білім берудің бүкіл жүйесін қайта құруда басты тұлға мұғалім-тәрбиеші екеніне жауаптылықпен қарап кәсіби шеберлігімен, белсенді идеялық позициясымен өз талапкерлік ізденістермен үлес қосқан жаңашыл мұгалімдер тобы еңбек етіп жүр. Олар: Құмаш Нүрғалиев, Рафиха Нүртазина, Архимед Ысқақов, Елена Очкур, Құсиын Айтқалиев, Қанипа Бітібаева, Валентин Бучин, Галина Мор, Шарипа Буркеева тағы басқалар. Жоғарыда аталған қазақстандық жаңашыл педагогтардың кейбіреулерінің ұстаздық қызметтеріне тоқталып өтейік.
Нұрғалиев Құмаш (1925-1988)
өмірбаяны және ұстаздық қызметі
Нұрғалиев Қ. Н. 1925 жылы қазан айының 29-жұлдызында Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. Шыңғыстай мектебінің сегізінші класын бітіріп, еңбекке араласады.
19 жасында ұлы Отан соғысы майданына аттанған. 1944 жылы ауыр жараланып, екі аяғы, бір қолынан айырылады. Москва госпиталында екі жыл емделіп, он екі операциядан өткен. Сол госпитальда емделген жылдарында сегізінші, тоғызыншы, оныншы сыныптар емтихандарын "экстерно" тапсырып, орта білім туралы аттестат алады. Сонымен қатар бухгалтерлік курсты сырттай оқып бітіреді. Ауылға оралтан бойда бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан, педагогтық еңбек жолын орыс тілі пәнінен сабақ беруден бастайды. Қазақтың Абай атындағы педагогика инсттутының
456
тарих факультетін сырттай оқып бітіреді. Боран орта мектебінде отыз жылдан астам уақыт үздіксіз директор қызметін атқарады. Қ. Н. Нүрғалиевтың жауынгерлік срлігі мен халыққа сіңірген еңбегі жоғары үкімет наградалары Әскери қызыл Ту, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бес медальмен марапатталды. Құмаш Нұрғалиұлы 1948 жылдан СОКП мүшесі, ССРО Халық мұғалімі және Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі.
Қ. Н. Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен
педагогикалық тәжірибелері
Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздардың ордасына айналдыру идеясы. Озық тәжірибенің лабораториясына жеткізу идеясы. Үнемі жаңалыққа, жаңаруға ұмтылуды нысанаға алу; жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жасалуын ойлау идеясы. Мектепті толық компьютерлендіру және спутник жүйеде "қашықтан оқыту" идеясы.
Жаңашыл ұстаздың жеке басына тән қасиеттері. Қ. Н. Нүрғалиевтің жеке басының ерен ерлігі, ерік күшінің молдығы, қызметіне деген жауапкершілігі, жұмысқа берілгендігі, турашылдығы, өз пәнін жақсы білумен қатар, әр кез білімін көтеруте кұлшынғыштығы, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, жоғары идеялылығы, адамгершілік қасиеті, педагогтік ізденімпаздығы, творчестволық еңбегі Боран мектебін еліміздің таңдаулы мектептері қатарына қосуға жәрдем етті.
Соңғы жылдары мектепке Қ. Нұрғалиевтің есімі берілді. Қазір ол мектеп-гимназия 800 жуық оқушысы бар. Мектеп жанындағы оқу-өндірістік комплексінде 9—10 кластағылар екі жыл ішінде шоферлік, тракторшылық, электрик мамандықтарын алып шығады. Мектептің бүкіл оқу-тәрбие жұмысы техникалық құралдарды қолдануға негізделген. Барлық кырық пән кабинеттерінің техникалық орталығы Республикамызда тұңғыш рет осы мектепте жасалған. Теледидарлық орталығы — телестудиясы бар.
Мектеп оқу жүйесінің жаңа концепциясына сәйкес білім мен еңбек тәрбиесін ұштастыруда аса мол тәжірибе жинақтаған. Жыл сайын мектеп бітірушілердің дені ұжым өндірісінде қалады. Мектептің еңбек қажетін түгелдей оқушылардың өздеріне тапсырған (жөндеу, көгалдандыру т. б.).
457
Мектеп директоры Қ. Н.Нұрғалиев: "Мектепті алға бастыруды анык ойласақ, істі кадрдан бастауымыз қажет. Саяси-идеялық тәрбие беру деген келешектің адамын қалыптастыру, еңбекке баулу, адамгершілікті дарыту - мұның бәрі сүюі кырлы, бір сырлы дейтіи мүғалімдердің ғапа колдарынаи келстіиіи үиемі ескертіп отыруды жақсы үстаз бен жас ғиәкірт арасында моціі үзілмес алтын желі тартылады. Ол — мүғалімнің оқушыға сеиуі, оқушыиың мүгалімді сүюі", - деп оқу-тәрбие процессінің гуманитарландыру идеясын қолдаған.
Заманымыздың ұлы ағартушыларының еңбегінен нәр алған, халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, елінің адал перзенті Қ. Нұргалиевтің 40 жылдық еңбегін бүгінгі ұрпаққа қалдырған педагогикалық ұстаздық мұрасы.
Бұл мектспті баласы Талант Құмашұлы басқарады. Бұл күнде әкесінің авторлық мектебін - Республиканың білім беру заңына толық сай келетін алдыңғы қатарлы мектепке айналдырып отыр.
Р. Б. Нуртазинаның негізгі идеялары мен
педагогикалық тәжірибелері
Педагогтік еңбектің мәнін және ерекшелігін түсіну, мамандықтың адамгершілік қасиеттерін қальштастыру идеясы.
Мұғалімнің үнемі ізденуі, зерттеуші болуы. Педагогикалық ғылымның жетістіктерін, заңдылықтарын, әдебиеттерін оқып үйрену, диалектикалық ойлаумен қорытынды шығара білу идеясы. Мұғалім үшін табиғи байлық адамға ізгілікті ықпал жасай білуді меңгеруі идеясы.
Әр балаға бақыт сыйлау идеясы. Педагогикалық процесте пәнаралық байланыс негізінде творчестволықпен оқыту идеясын жүзеге асыру. Сабақта енжарлыққа жол бермеу идеясы.
Әрбір сабақты оқушы мен мұғалімнің рухани қатынасының қуаныш көзіне айналдыру идеясы. Ол үшін сабақ қаншама қайталанса да, жаңалығы мен мұғалімнің өзінде де, оқушыны да таңдандыратындай болуы тиіс.
Мүғалім әр балаға қайталанбайтын жеке адам деп, сеніммен, мейіріммен қараса, мектеп директоры да әр шәкіртіне әріптес ұстаздарына парасатты қатынаста болу идеясы негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
458
Тіл — барлык халық үшін ұлттық мәдениеттің ошағы болуын насихаттау идеясын елімізде жүріп жатқан қайта құру жағдайында жүзеге асыру;
"Адам білімді — ана тілінде алған жөн", — деген К. Д. Ушинскийдің аталы өсиетін бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесінде қолдану идеясы.
Абай, Шокан, Ыбырайдың өз ана тілдерін жоғары бағалап оның мөлдір бастауынан сусындап дүниежүзілік мәдениетке қол жеткізгенін үлгі ету идеясы.
Міне, осылай, Рафиха Бекенқызы өзінің шығармашылық зертханасын мектептің алдында тұрған идеялық-саяси, әлеуметтік талаптарына сай ғылыми педагогикалық-психологиялық және методикалық негізде құрды. Орыс тілін ұлт мектептерінде оқытудың жинақталған тәжірибелеріне талдау жасады. Оқыту процесінде оқушылардың таным белсенділігін арттыру, оларды өздігінен іс-әрекет жасауға ынталандыру, орыс тілін еркін сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету мақсатында сабақтың оқу материалына байланысты дидактикалық құралдар дайындау ұстаздың өзіндік шеберлігі еді. Әр класқа әр тақырып бойынша әдеби ойындар, әңгімелер, мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, суреттер, кестелер, таблицалар, техникалық оқу құралдары ұзақ ұстаздык еңбек жылдарында жинақталды. Нұртазинаның бұл тәжірибесі Республикалық конференцияларда талқыланды. 1963, 1973 жылы, одан кейінгі жылдарда да арнайы жеке оқулық әдістемелік кітап болып жарияланды. Мысалы, "Қызықты грамматика" атты оқулығы жарық көрді. "Русский язык в казахской школе" т.б. көптеген журналдарда мақалалары үнемі жарияланып отырды. Оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыруда нәнаралық байланыс принципін қолдана отырып біздің еліміздің ұлтаралық қатынасының идеялык, бірлігін көрсету жаңашыл ұстаз Рафиқа Бекенкызының әр сабағының өзекті міндеті болып саналады.
Рафиқа Бекенқызы жас ұрпаққа тәрбие және білім беруді, оқушылар мен мұғалімдер коллективін тиімді ұйымдастыруды ғылыми негізде құрды. Нұртазина Р. Б. балаға деген шынайы махаббат сезімін оқушылар мен мұғалімдер және ата-аналар ұжымына сенім білдіруді, гуманизм және демократизм принциптерін, педагогикалық ынтымақтастық идеясын өзінің ұзақ жылғы мектепті басқару тәжірибесінде басшылыққа алды.
459
Осының нәтижесінде мектепте өз мамандықтарын сүйетін, еңбекке жауапты қарайтын, білікті іскер педагогикалық ұжым құрылды. Мектепте оқушылардың жан-жақты жарасымды дамуына бағытталған, өзін-өзі басқару негізінде құрылған, кластан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мол тәжірибесі жинақталған. Мәселен, "Интернационалдық достық клубы" (КИД), ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан, республика және Одақ көлемінде танымалы болган орыс тілі әдебиеті пәніне арналған "Лира" клубымен оның журналы; педагогикалық консилиум жұмысы; республикада, Одақ көлемінде және социалистік елдерге арнайы шақыру жолдамамен қарым-қатынас жасау жұмыстары.
Мектепте идеялық-адамгершілік тәрбие беруде, сабақ және сабақтан тыс жұмыстар қоғамдық тақырыбы негізінде ұйымдастырылған. Нұртазина Р. Б. өзінің орыс тілі мен әдебиеті сабақтарыңда қызықты материалдары бойынша оқушыларды өздігінен ізденуге, зерттеуге дағдыландырады. Мысалы, Р. Б. Нұртазина қазақстан ақын-жазушылары, композиторлары, сахна режиссерлерінің және тарихшыларының т. б. оқушылардың жинақтаған материалдарын тұтас педагогикалық процесте өте тиімді пайдаланып отырды.
Алматыдағы №12 мектептің республикалық саяси-әлеуметтік рухани дамуындағы рөлін, халық ағарту саласындағы алатын орнын, педагогикалық коллективтің алпыс жылдан астам уақыт ішіндегі оқу-тәрбие процесіндегі творчестволық еңбегін көрсететін тарихи мұражай жұмыс істейді.
Дарынды ұстаз Р.Б.Нұртазина басшылык жасаған Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебінің тәжірибесі — бүгінгі еліміздің революциялық жаңару процесінің жанды көрінісі.
Тынбастан творчестволық еңбек ету Р. Б. Нұртазинаның өмірінің нәріне айналған.
Қазіргі кезде ана тілінің қадір-қасиетін көтеру, тіл мәселесі, адам, қоғам өміріндегі ең негізгі, ең күрделі мәселе екенін түсіндіру мақсатында Рафиқа Бекенқызы Нұртазина қазақ тіліне арналған радио сабақты 1989 жылдан бастап өткізіп келді. Нұртазинаның радио сабаққа арналған бұл іс-әрекеті еңбек сүйгіштікпен ұстаздықтың тізгінін босатпаудың кепілі. Азаматтық ар-ожданның иесі, заман талабының биігінен көрінетін білгір, жаңашыл маман екенін көрсетеді.
460
Архимед Ысқақов- өмірбаяны
және ұстаздық қызметі
А. Ысқаков 1953 жылы туған. Жаңашыл ұстаз. 1975 жылы С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің, физика-математика факультетін бітіріп, Алматы және РСФСР мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп, мол тәжірибе жинақтаған дарынды ұстаз. 1988—1989 оқу жылынан бастап ерекше тәжірибені қажет етегін жоғары класс оқушыларына арналған экспериментті мектептің директоры қызметін атқарады. Бүкілодақтық халыққа білім беру қызметкерлері съезінің делегаты және халыққа білім беру Советінің мүшесі (1988 жыл, желтоқсан айы).
Достарыңызбен бөлісу: |