Әл-Фараби еңбек тәрбиесі туралы
Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деді. Ол ғылымды тарихи процесс деп түсініп, ғылым-жүйелі түрде құрылган білімнің жоғарғы формасы деген анықтама жасады. Фараби өмір сүрген дәуірде педагогика ұғымы болмағаны белгілі. Алайда, ол ағарту - оқу мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер - еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады - деген болатын Фараби. Ол еңбектің өзін қоғамның өмір сүруінің негізі адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп қарастырды. Фараби еңбек процесінің бағыттарын белгіледі. Ол мақсатқа сай қызмет, яғни, еңбектің өзі, еңбек заттары мен құралдары. Адам еңбегі бағытталған нәрсенің бәрі еңбек заттары деп аталады. Оның еңбек туралы бұл тұжырымдарын күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан ғалымдар бар.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда Аристотель негізін салган теорияның анықтамасына сүйенеді. Демек, ол қандай да болсын құбылысты түсіңдіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір саласының мәнді байланыстары мен зандылықтары жөнінде толық түсінік беретін ғылыми білімді қорытудың ең жоғарғы формасы деген қағиданы ұдайы басшылыққа алып отырды. Осы негізде алсақ, еңбек тәрбиесінің теориясын Фараби
- "Өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын бір тұтас білім жүйесін құрайды деп тұжырымдады". Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ бұл тұжырым оқушыларға саналы тәртіп, сапалы білім беріп, пайдалы қоғамдық еңбекке баулу - деген сөз. Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің адамның жан-жақты дамуы үшін маңызды еңбек үшін маңызы зор екенін көрсетті.
Өз заманындағы білім-ғылым, өнерден, оқу-тәрбиеден Әл-Фарабидің із калдырмағаны жоқ деуге болады. Одан қалған ғылыми еңбектің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылымдар саласына бөлетін болсақ, олар: математика, логика, музыка, астрономия, дәрігерлік, лингвистика, поэзия-риторика, педагогика (Фараби заманында ағартушылық ғылым деп аталған) оның пікірінше, оқу-тәрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғышарты
56
етіп алады. "Тәрбиені неден бастау керек", "Философиялы үйрену үшін не білу керек" деген еңбегінде, ғылымды, оқу-ағартуды меңгеру, білім-тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны меңгеру үшін адамның ар тазалығы, онын жеке басының тазалығын, еңбек сүйгіштігі мен қызығушылығын бірінші орынға кояды. Осыдан келіп, мұның барлығын меңгеру тәрбие әдістеріне байланысты екенін ғылыми тұрғыда дәлелдейді. Осы негізде ол, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Ғылымдар тізбегі, 'Ғылымдардың шығуы" атты еңбектерінде Фараби ғылымдарын үйрену, үйрету реттерін белгілейді және тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің тарихи тағылымын, үлгісін, болашақ ұрпаққа өнеге, тәлім етіп қалдырады.
Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін, ұстаздық жасайтын адамдарды өте жоғары бағалаған. Оның ойынша тәрбиеші адам (қазіргі мұғалім) - "мәңгі нұрдың қызметшісі". Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр қүятын тынымсыз лаулаған оттың көзі" - деген Фараби. Орта Азия ғүламасы Фарабидің шәкірті, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы Ибн Сина: "Фарабидің тәрбие тағылымдарының ең маңыздысы әрбір жеке адамды еңбекке тәрбиелеу болды. Өйткені, еңбек сүйгіштік, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Ол кімде-кім өзінің тіршілігі үшін, өзіде пайда келтіретін еңбекпеден айналысқанда ғана, нағыз ел адамы бола алады - деген өмірлік өсиет қалдырып кетті",- деп көрсетті.
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда XII ғасырда жазылған "Фарабидің энциклопедиясы" атты еңбектін, маңызы ерекше. Әсіресе, мүның трактат ретінде ғылым тарихында алатын орны ерекше. Бұл трактат "Ғылымдар Энциклопедиясы", "Ғылымдар реті", "Ғылымдар классификациясы" т.б. аттармен Шығыс және Батыс елдерінде өте ертеден-ақ мәлім болған. Бұдан көп ғүламалар тәлім алған.
Еуропа ғалымдары да бұл еңбекпен өте ертеден таныс. Фарабидің "Энциклопедиясы" сол кездің өзінде (ХІІ-ғасырда) арабшадан латын тіліне екі рет аударылған. Одан кейінгі ғасырларда бұл еңбек толық емес үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшыд, француз, ислам және түркі т.б. тілдеріде аударылған. Роджер Бэкон, атақты Әбу Әли Ибн Сида (980-1937) және басқалар Фарабидің Энциклопедиясының тікелей әсерімен өздерінің көпке мәлім энциклопедиялық еңбектерін жазды.
Еңбектің құндылығы, оны басқа халықтардың өз қажетіне
57
жаратуы - оның еңбек заңдарына, еңбек аламдарының өз жұмысына саналылықпен, ұқыптылықпеп қарап, өндірісті дамыту, еңбек өнімін, жеке адамның еңбекке құштарлығын, ынта-жігерін арттыру мақсатында негізделгендігінде.
Әл-Фараби жаратылыс тану ғылымының негізін салған тұнғыш ғүламалардың бірі. Математиканы жаратылыс тану ғылымының басты саласы деп түсіндірген. Біз, қазір техникалық ғылымдарды жаратылыс тану ғылымының басты саласына жатқызамыз. Фараби "теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе"- деп аталатын еңбегінде барлық құбылысты табиғат -жаратылыстану әлемінің ауқымында дамитынын дәлелдеді.
Әл-Фарабидің еңбектерін, оның қоғамды дамытудағы ой-пікірлерін, тәрбие тағылымдарын Ибн-Сина (Авицени), Әл-Бируни, Омар Хайям сияқты шығыс ғүламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Фараби химия, медицина, география, минерология, Азаматтық ғылым – тәрбие туралы т.б. жаратылыс тану ғылымдары бойынша шығармалар жазған. "Ал химия өмірінің қажеттігі туралы" атты трактатында өз тұсындагы қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыс тану ғылымының бір саласы ретінде қарастырды. Әл-Фараби медицина саласында "Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат" 'Темперамент туралы" еңбектер жазған, онда негізінен медицина-ның теориялық мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің мәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Ол еңбекті бірнеше салаға бөліп, медицина саласын дамытуды - "таза еңбектің жемісі дейді де, пайдалы қоғамдық (тіршілік - еңбегі) еңбекті дамытудың, өмір сүрудің құралы деп, қарастырды. Әл-Фараби философиялық және натурфилософиялық еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталды. Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық еңбектері оқу-тәрбие мәселелеріне арналған. Оның пікірінше оқу, білім алу, ғылыми адам болу адамгершілік және еңбек тәрбиесі мәселелерімен тығыз байланысты. Ол білім алу, оқу еңбегін пайдалы еңбекке жатқызады.
Ол жалпы теориялық ой-пікірдің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре түсті. Халык даналығы данышпандық, пікірлерге ден қойды. Сөйтіп, өзінің философиялық төл концепциясын жасады. Қоғам туралы ілімді, этика мен эстетиканы, этнопедагогиканы
58
дамытты. Аристотельдің еңбсктеріне сүйене отырып, ол антика заманының теориялық озат ой-пікірлерін сыннан өткізіп барып, оның қажеттісін ала білді, өз заманының ілімін белгілі бір жүйеге салды. Аристотелдің жараты-лыстанудағы ғылыми және стихиялық материалистік тенденцияларын мейлінше күшейтті. Фараби, Платонның идеалистік және мистикалық қателерін түзетті.
Фараби еңбектерінің, оның өз дәуірі үшін шығармашылық мұраларын зерттеп, кейінгі ұрпаққа қалдырған оқу-ағарту, білім беру ілімінің тәрбиелік мазмұны мен мәнінің еңбек пен еңбек тәрбиесі туралы тағылымының тәжірибелік маңызы мынадай болды.
1. Еңбек әрбір қоғамдық құбылыс ретінде өзгеріп отырады, еңбек - еңбек тәрбиесінің мазмұны мен мәнін өзгертеді.
2. Әл-Фараби ілімі тәрбиенің әлеуметтік мәнін ашты. Фараби ілімі тәрбие - еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негізін қалыптастырды.
3. Ғылымдар тізбегін жасау, оны әрбір топқа бөлу арқылы - болашақ жасөспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажеттілігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді, ғылымныд еңбек пен еңбек тәрбиесіндегі негізін және оның теориясын жасады.
4. Еңбектің, еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін сала отырып, оны практикада, өмірде қолдадудың тәжірибесін көрсетті.
5. Әл-Фараби ілімі шығыс халықтарының педагогикалық ой пікірінің дамуында революциялық - төңкеріс больш есептеледі. Демек, ол шығыс халықтарының салт-санасының, әдеп-ғұрпының ағартушылық, тәлім-тәрбиелік ой-пікірінің, ғұламалық тағылымының дамуында жаңа кезең ашқан -халықтық педагогиканың негізін қалады.
Махмұд Қашқари ілімінің тарихи маңызы
(1030-1090)
Махмұдтың өмірбаянына қатысты мәліметтер өте жарытымсыз. Оның өмірі жайындағы мәлімет өз кітабында айтқан азын-аулақ хабардан әрі аса қоймайды. Махмұдтың толық аты-жөні Махмүд абы Хусейн ибн Мухаммед Қашкари. Оның әкесі Қашқарда туып-өскен. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтымен өз фамилиясын туған жерінің атымен атаған. Сөздің соңындағы – парсының тәндікті, белгіні білдіретін жұрнағы. Қазақша айтсақ - қашқарлық дегенді білдіреді. Әкесі Қашқарда туып-өсіп, соның тұрғыны болғанымен, өмірінін көп
59
кезеңін Баласагұн қаласында кешкен. Атақты ғалым осы Баласағүн қаласында (Қырғызстанның қазіргі Тоқмақ қаласы) туған. Балалық және жастық шағының көп мезгілін Ыстық көл маңындағы қышлақтарда өткізеді. Өз айтуынша, оның әкесі Қараханидтер тұсындағы әміршілердің бірі Насыр ибн Әлидің нәсіліне жатады. Махмүд алғашқы білімді Қашкар қаласында алады да кейін Орта Азия мен Иранның біраз қалаларын аралауға сапар шегеді. Сапарының негізгі мақсаты - өзінің білімін толықтырып, жетілдіру болды. Ол сол замашъі араб мәдениеті мен ғылымының көрнекті орталығы болған Бағдат қаласында да біраз уақыт түрғанға ұқсайды.
Махмүд Қашқари арабша жоғарғы білім алған өз заманының аса көрнекті ғалымы болған. Араб филологиясын жетік білген және өз білімін туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, географиясы жайында зертеулер жүргізуге жұмсаган. Махмұд Қашқаридың дәл қай жылы туып, қанша жыл өмір сүргендігі әзірше белгісіз. Бұл жөнінде жалғыз дерек кітабының аяғында ол "бұл кітап мені өлімге бір табан жақындатты" деп жазады. Бұл бір жағынан, автор өзінің бұл тарихи еңбегін жазуға ұзақ жылдар бойы еңбек еткенін дәлелдесе, екінші жағынан оның біраз жасқа келгендігін де көрсетеді. Олай болса Махмұдтың туған кезі XI ғасырдың басы болса керек. Өйткені "Диуани лүғат-ат-түрк" хиджра есебімен 464-жылдың бесінші айының алғашқы күні (қазіргі жыл санау бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған, 466 жылдың алтыншы айының 10 күні (1074 жылдың 10 ақпанында) аяқталған. Осыдан екі гасыр өткен соң 1266 жылдың тамыз айында "Диуани лүғат-ат-турк" түп нүсқасынан бір сириялык кісі көшіріп алды. Көшіруші былай деп жазады: "Әуелі Сава, кейін Шам (Дамаск) қаласының тұрғыны Мүхаммед бин Әбубәкір ибн Әбәлфатих (оны тәңірі жарылқасын) осы кітапты түп нүсқасынан көшіріп, 664 жылы оныншы айдың жиырма жетінші жексенбі күні бітірді". "Диуани лұғат-ат түрк" автордың соңғы еңбегі болса керек. Өзінің айтуынша ол бұл кітаптан бүрын да түркі тілдерінің статистик жүйесі жайында ("Джавахир аннахви фллахи түрк") "Түрік тілінің синтаксистік жүйесінің негіздері" деген ғылыми трактат жазған. Алайда оның бұл еңбегі сақталмаған болу керек, сондықтан осыдан басқа еш мәлімет жоқ.
Махмұд Қашқаридің түркі халықтарының ішінде нақ қай халық өкілі екені туралы да ешбір мәлімет жоқ. Рас, оны түркі
60
халықтарының біріне телуге тарихи деректер мүмкіндік бермейді. Ойткені қараханидтер тұсындағы түркі халықтарының кейін араласьш, бір-біріне өте жақын болып кеткені соншалық, пәлен тайпа - тек қана пәлен халықтың этногенезін қурады деп айтуға келмейді. Бір тайпаның өзі кейінгі дәуірде бірнеше халықтардың құрамына кіріп, сіңісіп кетіп отырған. Ал Махмұдтың сол кездегі түркі тайпаларының қайсысынан шыққандығы жайында өзінің бір ескертпесі жөнінде айта кеткен жөн. Оның айтуынша, оның ата-бабасы сөз басындағы а дыбысына х дыбысын косып айтатын болған. Бұған қарағанда, оның туған тайпасы Орта Азия жеріне бір жақтан келген емес, осы аймақтың тұрақты ескі тұрғыны. Дегенмен, бұл ескертпенің өзі де Махмұдтың нақ кай тайпадан шыққандығын анықтауға мүмкіндігін бермейді.
Бірсыпыра зерттеушілер Махмұдтың қашқарлық екеніне қарап, оны ұйғыр деп танып, оның ұлы мүрасыи да ескі уйғыр тілінің ескерткіші дейтін пікірге ойысатын сияқты. Бірақ олай деп тұжырымдауға пәлендей айқын дәлел жоқ. Қашқар қаласының ол кездегі этникалық құрамын айырып алудың өзі қиын. Оның бер жағында "Диуани лүғат-ат-түрк"-ті тек ескі ұйғыр тілінің ескерткіші деуге тағы да дәлел табу қажет. Онда сол кездегі түркі тайпаларының бәрінің де әдеби, тілдік мұралары бар. Онан соң, сол кезде Қашқаридың ата-бабасы шыққан рудың немесе тайпаның қай халықтың құрамына енгенін де айту оңайға түсе қоймайды. Кейбір шетел зерттеушілері, де әсіресе, Түркия зерттеушілері Махмұд Қашқари Анатолия түріктерінен шыққан ғалым деп даурығып жүр. Анығында Махмүд Қашқари жоғарыда келтірілген ескертпе арқылы өз ата-бабаларының қалай да Ортаазиялық тұрғын екенін дәлелдеп отыр. Олай болса, бұл жерде оның тұрағы мен шыққан халқын Түркия жеріне көшіре қоярлықтай қисын жоқ. Оның үстіне дәуір ескерткіштеріне Түркия ғалымдарының панисламистік, пантуркистік мақсатпен жармаса кетуі тегін емес. Ғылым тарихы олардың осы тәрізді талай "кәсібін" біледі. Олар тіпті Орхон-Енисей жазбаларын да иемденбекші болғаны да мәлім.
Махмүд Қашқаридың атын бізге, біздің заманымызға жеткізген оның ұлы мұрасы "Диуани лүғат-ат-түрк". Сондықтан Қащқари жайындағы, оның тарихи ерлігі жайындағы мәселені - сол еңбегі, оның мәні мен маңызы, онда сөз болған шешуін тапқан ғылымдық мәселелерден бөлектеп қарауға болмайды. Осы екеуін бірлікте алып, жарыстыра әңгімелегенде ғана бұдан
61
тоғыз жүз жылдай бұрын өмір сүрген, еңбек еткен ұлы ғалымның нағыз бейнесіе еске аламыз.
М. Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік құрылыстарын жүйе-жүйемен баяндауға арналған. Бірақ кітаптың берер мәліметі онымен ғана шектелмейді. Қашқари еңбегін қазіргі заманда, тек. қана тіл мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың да үңіле қараи, жете зерттеп жүргені кездейсоқ жай емес. Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымыстысы М. Хартман "Диуани лұғат-ат-түрк" – халықтық әдебиеттің үлгісі, соның негізінде құрылган" дейді де, осыдан екі-ақ жыл бұрын жазылған "Қүдадқу білікті" ("Бақыттылық жайлы ілім") - сарай әдебиетінің нұсқасы деп табады. Бұл "Диуани лүғат-ат-түрк" түркі халықтарының ескі әдебиетінің тарихында аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анықтаған ғалымның пікірі.
Махмұд Қашқари еңбегінде, жоғарыда көрсегілгендей, сол заманғы түркі тайпалары жайында мәлімет беріледі. Ол мәліметтер қай халықтың қандай тілде сөйлейтіні жайында ғана емес, олардың орналасу тәртібі, қай тайпаның қайдан келгендігі, қандай территорияны мекендейтіні, әдет-ғүрыптық ерекшеліктері және т.б. болып келеді. осыған байланысты М. Қашқари өмір сүрген дәуірдің кейбір тарихи жағдайларын еске түсіре кеткен мақұл. М. Қашқари XI ғасырда өмір сүріп, еңбек етті. Бұл дәуір тарихта қараханидтер деген атпен белгілі. М. Қашқаридың өзі де осы қараханид патшалығы әміршілерінің біріне туыстық жақындығы барын айтады. X ғасырда басқа тайпалар арасында үстемдік алған Қарлүқ тайпалар одағы Жетісу өңірінде негізгі түрік халықтарынан шыққан қараханидтер, яғни Илекхан династаясының бастауымен өздерінің қуатты мемлекетін құрады. Қараханидтер мемлекеті тарихта түркі халықтары арасындағы алғашқы мұсылман династияларының бірі еді. Мемлекеттің орталығы әуелі Баласағүнда (Қырғызстанның Тоқмақ қаласы) болады, кейін Қашқар қаласына ауысады. Қараханидтер мемлекетінің нағыз дәуірлеген кезі Х-ХІ ғасырлар болса керек.
Бұл кездерде қараханидтер мемлекетінің шекарасы Жетісудан бастап Қашқар, Бұқар, Самарқанд қалаларына, Сырдария бойларына дейінгі мол территорияны алып жатқан. Қараханид мемлекетінің құрамы да әрқилы болған. Сол заманда отырықшы әрі мәдениеті жоғары болған ұйғырлар, Сырдария мен Амудария бойларындағы иран мед түркі халықтарының
62
арасынан шыкқан қоспа тұрғындар және т.б. мемлекет құрамының ала-құлалығын доәелдеумен бірге оның мәдениетінің де қат-қабат сырларын аңғартқандай. Қараханидтер мемлекетінің мәдениеті мемлекет құрамындағы халықтар мәденистінің қосылған түрі іспетті болған. Бұл кезде мемлекет территориясындағы қалалар да қатты дамыған. Мемлекеттің халық құрамына қарай, екі түрлі жазба әдеби тіл қалыптасқан. Бірі мемлекеттің шығысында қарлүқ-ұйғыр тайпалары батысында, Хорезм маңында, оғыз-қыпшақ тілдерінің негізінде екіншісі - мемлекеттің тайпалары тілдерінің негізінде қалыптасқан
М. Қашқари еңбегінде Қараханидтер мемлекетінің құрамына еңген түрік тайпалары атап-атап көрсетіліп отырады. Қашқари түрік нәсіліне жиырма түрлі тайпа жатады деп көрсетеді. Осы тайпалардың әрқайсысы бірнеше рулардан тұратыны айтылады. "Бірақ ол рулардың бастыларын атадым да, майдаларын тізіп жатпадым" деп көрсетеді. Қашқари тайпаларды екі топқа бөліп, батыстан шығысқа қарай орналасу тәртібі бойынша санап шығады. Сонда бірінші топқа (солтүстік топқа): батыстағы тайпа - бегенек (печенег), одан соң қыпшақ, оғүз, имек, башқұрт, басмыл, қай, йабақу, татар, қырғыз жатады. Екінші топқа (оңтүстік топқа:) ең батыстағы тайпа - чығыл, тухси, яғма, ырғақ, йарук, йумул (жумул) ұйғыр, қытай, таббач (табқач) жатады. Ал соғдақ арғу (арғұн), түбүт (тибет) тайпалары бұл жерге басқа жерден келгендер деп көрсетіледі. Түбүттер туралы Қашқари былай деп жазады: "Түбүт - түрік жерінде түратын тайпа. Киік әтір соларда болады. Қылмысты болып, қаша көшіп, теңіз жолымен Чинға жетіп, сонда орнығып калған. Өсіп-өнген, олар бани-сабат ұрпағы. Олардың солтүстігінде ұйғыр, шығысында Қытай, батысында Кашмир, оңтүстігінде Үнді теңізі. Олар өз ана тілін әлде қашан ұмытып, түрік тіліне үйренсе де, түрік сөздерін өз тілінің заңдарына лайықтап айтатыны байқалады. Мысалы, ана деген сөзді ума деп, ата деген сөзді оба дел атайды. Арғүлар "Диуани" мәліметтері бойынша осы күнгі Шымкент пен Тоқмақ қалаларының аралығында кең территорияда тұрған. Сол маңдағы тайпалар арасында олар көп уақыттар бойы үстем болған. XI ғасырда яғни "Диуани" жазылған мезгілдерде аргұлар өздерінің бұрынғы басымдығынан айырылады да билік басқа тайпаның қолына көшеді. Сонысына байланысты арғүлар бұрынғы мекенін де өзгертеді.
Ал ұйғырлар негізінен бес үлкен қалада: Сумми, Қужу, Жанбалық,
63
Бесбалық, Ианыбалық (балық - ескі түрік тілінде қала деген сөз) деген қалаларда тұрады деген мәлімет беріледі. Қыпшақтар мекені деп Товар және Қашқар маңындағы бір кішірек қала деп аталады. "Диуанидағы" мәлімет-терге қарағанда олар шаруашылықпен, балықшылықпен айналысқан. Сонымен қатар сол кезеңде қыпшақтар әлсізденіп, ыдырап, біразы оғыздарға, біразы чығылдарға, т.б. тайпаларға қосылып кеткені де аңғарылып отырады. Ал оғыздар - түркі тайпаларының бірі, олар түрікмен болып табылатынын айта келіп, түрікмендердің жиырма екі рудан құралатынын, олардың әр қайсысының өзіне тән таңбасы, малға салатын ендері барлығын, әлгі рулар өзара сол ен - таңба арқылы айырлатынын хабарлайды. Рулардың аттары, ен - таңбаларын атап-атап көрсетіледі. Мұндай тарихи этнографиялық мәліметтер Қашқари еңбегінде жиі кездеседі.
Сөздікте берілетін әрбір сөздің түсында (егер ол этноним, мал, құс, т.б. атауларға немесе әдет ғұрыптарға, салт-сана, шаруашылық кәсіпке байланысты сөз болса) мүмкін боларлық бар мәлімет беріліп отырады. Сөйтіп, Қашқари еңбегінің маңызды бір жері осы материалдарға байланысты болып келеді. Әрине, Махмұт Қашқари филолог және оның еңбегіде осы тұрғыда жазылған. Еңбектің құрылысының жинақы, жүйелілігі, ондағы мәселелердің ғылыми тұрғыдан маңыздылығы мен дәлдігі авторды өз заманының аса ірі оқымыстысы есебінде танытады.
"Түркі тілдері сөздерінің сөздігі" ең алдымен лексикографиялық мұра есебінде көңіл аударады. Қашқари сөздерді реттеп беруде өзіне тән тәсіл қолданады. Ол ең әуелі аз әріптерден құралатын сөздерді береді де, одан әрі әріптің санына қарай дамытып отырады. Қандай сөздерді беріп, қандай сөздерді бермеу мақүл дегенде, сол кезенде тайпалар тілінде қолданылып жүрген яғни, актив сөздерді ғана беру керек деп мәлімдейді. Бұл автордың алдын-ала ойластырылған принцип бойынша жұмыс істегендігін дәлелдейді. Ол сөздік жасауды әйтеуір білген, естіген сөздерді тізе беру деп қарамайды. Сонымен қатар автор тілдің сөздік құрамындағы актив сөздер мен пассив сөздерді айыра қарап, екеуін екі түрлі құбылыс деп есептейді. "Түркі тілдері сөздері жинағының" лексикографиялық мәні мұнымен ғана бітпейді. Онда антоним мен синоним сөздер, омоним сөздер мен метафоралар, диалектілік сөздер бас-басына ажыратылып түсіндіріліп отырады. Ал мұндай жүйеге келтіру, байқампаздық Қашқари заманындағы лингвистика үшін аса бір ірі табыс еді.
64
Автор ескірген сөздерді, шеттен кірген сөздерді сөздікке енгізбедім деп мәлімдейді. Әрине, бүгінгі түркі тарихы тұрғысынан алғанда, олардың "Создікте" берілуі аса маңызды іс болар еді. Алайда автор оз принципіне басынан аяғына дейін берік.
Сонымен қатар Махмүд Қашқари бұл еңбегінде түркі тілдерінің алғашқы классификациясын береді. Осы мақаланың басы жағында сөз болған түркі тайпаларын екі топқа (солтүстік және оңтүстік) бөліп қарауы тюркология тарихындағы алғашқы классификациясы еді. Бұл классифика-цияда Қашқари географиялық (орналасу орнына қарай) принцип қолданады. Алғаш рет Қашқари қолданған географиялық принцип біздің заманымыздағы басқа да классификацияларда да қолдау тапты. Сондай-ақ Қашқари көрсетіп кеткен кейбір диалектілік айырмашылықтар да кейін түрік тілдерін топқа болуде басты принцип болып қалады.
М. Қашқари өз заманындағы түркі тілдерінің қайсысы қандай дәрежеде дамығанын да айтып отырады. Оның айтуынша түркі тілдерінің ішіндегі ең жеңіл тіл оғүз тайпаларының тілі, ең сындарлы, әдемісі яғма, тухси тайпалары мен Іле, Ертіс, Еділ бойларынан бастап ұйғыр қалаларына дейінгі аралықта тұратын тайпалар тілдері. Бұлардың ішінде де ең сындарлысы және көп тарағаны - ұйғыр тілі. Әрине, Қашқари заманында ұйғыр тілі түрік тайпаларының арасында әдеби тіл міндетін атқарады. Сондықтан да ол басқа тілдерге қарағанда көп жерде қолданылады.
Махмүд Қашқари және оның еңбегі "Диуани лүғат-ат-түрк" жайындағы кысқаша мәлімет осындай. Мақалада оның еңбегінің басты-басты мәселелері ғана атап көрсетіледі. "Диуани луғат-ат-түрк" әлі жете зерттелген емес. Соның өзінде бұл еңбектін, тілін бір ғана халық тіліне телуге болмайды. Онда осы күнгі Орта Азия мен Қазақстан, Еділ-Орал бойлары, тіпті солтүстік Кавказ жерін мекендейтін барлық түркі халықтары тілдерінің элементтері бар. "Диуани лүғат-ат-түрк" кітабы тілінің сөздік қорында болса да, грамматикалық құрылысында болса да қазіргі қазақ тілі материалдарымен сай түсіп, кейбір фонетикалық, грамматикалық өзгерістеріне қарамай, мәндес болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге болады. Мұның өзі Қашқари еңбегін қазақ тіліне жақындығы тұрғысынан зерттеу жұмыстарын жүргізудің аса қажет екендігін дәлелдейді.
Махмүд Қашқари өз заманының аса білімдар перзенті болған. Оның ғылыми мұрасы - "Диуани лүғат-ат-түрк" - соның айқын куәсі.
65
Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастанының
тәрбиелік маңызы мен мәні (1011-1075)
Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден XI ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағүн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда барыс жылы (ягни 1021 жылы) туған. Жүсіп туралы жазба деректер көзіп ақынның өз шығармасы "Қүтты біліктен" ғана табамыз. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін айтады. "Құтты білік" дастаны ("Бақытқа жеткізуші білік") түркі тілді туысқан халықтардың бізге келіл жеткен дүниежүзілік мәнге ие бірден-бір жазба әдеби ескерткіші. XI ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мұраларының бірі.
Жүсіп өз заманындағы ғылым саласымен толық танысып кемелденген шағында "Құтты білік" тәрізді классикалық шығармасын жазуға бет бұрды. Араб, парсы тілдерін жақсы білумен бірге өз ана тілін де терең меңгеріп, бар байлығын бойына дарытқан Жүсіп ана тілінің көркемдік қуатын әлемге таныту бағытын ұстады. Өз тілін менсінбей араб, парсы тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты сырттан таңылған қорлық салты үстем кезде өз ана тілінде көркем шығарма жазу дәстүрін қалыптастырып кетуі - соның тарихи еңбегі.
"Құтты білік" - XI ғасырға дейінгі түркі тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопе-диялық қуатқа ие көркем туынды.
Абай шығармаларында жүйелі түрде мол таралатын мораль филосо-фиясы жайлы ой толғаныстардың ішкі төркіндері әсіресе ондағы жәуан мәрттілік жөнінде айтылатын пікірлерімен іштей іліктестік табатын рухани казына көздерінің бірі - XI ғасырда қазақ жерінде жазылып, дүниеге келген "Құтты білік" дастаны. Бұл ойымызға айғақты дәлел ретінде екі түрлі себепті еске алмақ керек. Оның бірі - Абайдың ақындық кітапханасының қорында Жүсіп Баласағүнның атақты дидактикалық дастаны "Құтты біліктің" де болганы жайында ақынның немере інісі Мұтылғанның жазбаша дерегіне сүйенеміз. Дастандағы жәуан мөрттілік жайлы пікірлер желісімен Абайдың 17, 38 - қарасөзі мен "Ғылым таппай мақтанба", "Әсемпаз болма әрнеге" т.б. өлеңдеріндегі ойлардың іліктес, төркіндес келіп жатуы, тамыры тереңде жатқан рухани туыстық танытқандай нақтылы ұғымдармен ұштастырады.
66
М. Әуезов те бұл дастанға көп көңіл бөлген. Москва университетінде оқыған лекциясында осы дастанға арнайы тоқталып, талдау жасап, пікір білдірген. Бұл аталған деректер тобы "Құтты білік" пен қазақ әдебиетінің байланысы жайлы арнайы зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді.
"Қүтты білік" XI ғасырда өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне түсінікті әдеби тіл негізінде жазылуы себепті, оны әр дәуірде мәдениеті мен ғылымы үдере даму жолына түсксн түркі тілді бауырлас халықтардың бәрі де ортақ мұра ретінде зерттеп, ғасырлар сырына қаныға бермек. Мақсат - әр халық осы ұлы мұрадан пікір суыртпақтап, өзінің рухани өзекті желісін тарта білуіне кеп тіреледі
Музыкант отбасында туғандықтан музыканы, күй тартып, олең айтъш, нақышты музыка сазын лез бойына толық дарытқан. Баласағұнның бізге жеткен ең ірі туындысы түркі тілінде жазылған 13 мың жолдың Ғибрат - өнеге поэмасы. "Қүтты білік" 1069 жылы жазылған. Бұл - саясат, өнеге, тәрбие жөнінде толғаныс тапқан, үлкен тәрбиелік мәні мен маңызы бар, тағылымы - терең, философиялық трактат.
Баласағұнның адамның дамуы, жеке адам басының жетіліуі, өсуі тікелей тәрбиенің жетістігі, ол адам табиғатына байланысты бола отырып, оның тарихи дамуының үстінде үнемі өзгеріске ұшырайтынын анықтады. Бұл пікір XIX ғасырдың 40 жылдарынан басталған және 60 жылдар үстінде дами түскен Еуропа педагогтары мен сол жылдардағы прогресшіл-орыс педагогтарының пікірімен үндес келеді.
Баласағүн - философ ретінде және тәрбиелік тағылымға толы - педагог ретінде артына өшпес мұра, тәрбиелік дәстүр, өнеге қалдырған адам. Оның үйретуінше, адамның жетіліп қалыптасуы, оның ішінде жастар тәрбиесі - қоғамдық жағдайлардың, айнала ортаның ықпалымен, оң әсерімен тәрбие арқылы және адам табиғатын туысынан – дүниеге келумен бірге болатын қасиеттер арқылы қалыптасады. Оның ішінде адамнан өсіп-жетілуінде, оның дүниеге келуі мен іле келетін қажетті кейбір сапалар мен қасиеттердің болатындығын мойындады. Өзінің "Құтты білік" деген еңбегінде бұл қасиеттер мен сапалар даяр күйінде бола салған адам ақылының мінез-құлқының дарындылықтары емес, ол туыстан ілесе жүретін ерекшеліктер сол дарындылықтардың дамуына себепкер ғана бола алады. Бұл нәсілдік ерекшеліктер адамның өзі өмір сүретін қоғамдық жағдайлар арқылы және сол адамның қабылдайтын тәрбиесі,
67
тәрбиені жүзеге асыратын - еңбек арқылы сақталады және жетіледі - деп үлкен философиялық тұжырым, педагогикалық мәнді тағылым жасаған адам. Баласағұн орта, айнала дүние, әлем, қоршаған орта мен өмір деген ұғымдарды жете қолданған. Ой-тұжырымдарына қарағанда сол ұғымның барлығы қазіргі қоғам – деген мағынаға, ой жүйесіне, пікірге толық сай келеді. Ол еңбекті сол кездегі, өзі өмір сүрген ортадағы, қарым-қатынас құралы – деп пайдаланған.
Баласағұнның тәрбие тағылымының бастауы боларлықтай мына бір пікірін келтіруге болады: "Тәрбиенің барлық ыждағаттылығы, саласы мен түрі... Өзара ұйымдасқан, ұйымшыл тату да тәтті адамдар құрамының, тобының – зерделі адамдар тобының, зерделі адамдар құрамын толықтыра-тындай биікке көтерілуі қажет. Тәрбие өз кезегінде, әсері мен ықлалында - мирасқорлы", пайдалы еңбектің көзі болуы шарт - деп ой түйеді Баласағұн. Бұл үлкен өсиет. Бүгінгі педагогикалық тұрғыдан алғанда үлкен ұжым тәрбиелейтін, педагогиканың бала тәрбиесіндегі басты мақсаты мен міндетін айқыңдайтын әдіс, еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізі десе де болады. Сондай-ақ, бұл еңбек пен тәрбиенің педагогикалық негізі, теориясы деуге толық болады. Баласағұн рубайларының тәрбиелік тағылымы негізінен үш сатыға болінеді. Бірінші - әрбір жеке адамның білімді болуы. Білімді болу үшін оқу қажет. Екінші - барлық байлык, молшылық - ол үшін еңбек, кәсіп, адалдық, тазалық, қажет. Үшінші - әлеуметтік, табиғи күштілік - ол үшін бірлік, достық бостандық керек.
"Құтты білік" дастанында үйленудің, ұл-қыз өсірудің қиыншылығы көркем суреттелген. Автордың ойынша егер ұл-қызың жаман болса төрдегі басынды көрге сүйрейді. Ал, өзіңе ұқсап туған жетелі бала сенің түрінді, бет-бейнеңді жоғалтпаумен қатар, туган тіліңді де болашаққа жоғалтпай апарады:
"Егер, ұл-қыз жақсы болса, зерделі,
Айтқаныңнан айнымай дәл келгені.
Егер жаман болса, сені ұлытар,
Өзің өлсең - тәрк етер де ұмытар."
(3377, 3378 - бәйіттері) Қараханидтер дәуірінде отанды қорғау, елді басқару, жұмыстың ең ауырын атқару, отбасын асырау, бала-шаға мен ата-анаға қамқорлық жасау, т.б. негізгі жұмыстар ерлердің еншісінде болған. Сондықтан білімді де білікті, ізетті
68
де жүректі ұл өсіру әкенің назарынан тыс қалмаған. Жүсіп Баласағүн дастанында әке тәрбиесіне аса көңіл бөлген:
"Бейбастык, қып өсірсе ұлдың қылығын,
Кінәлі әке, жазығы жоқ ұлының"-
деп ақын ұл бала үшін әке тәрбиесінің орнын ешкім толтыра алмайтындығын айтады. Әке әрқашанда балаға бағыт-бағдар, үлгі-өнеге болып, ұлға, ерлерге тән мінез-құлық қалыптастырады. Ж. Баласағұнның:
"Ұл өсіргің келсе дана жүректі
Қатты ұстап: үйрет білім, ізетті.
Кім ұл-қызын шолжаңдатса бетімен,
Тартар күйік, ет кескендей етінен".
деген ой тұжырымдары бүгінгі педагогика ғылымының негізгі шарттарына сәйкес келіп жатыр.
Ақынның ойынша жақсы әке болу қиынның қиыны. Әке неғұрлым күшті, батыл, кішіпейіл, жұбайына адал, балаларына мейірімді болса, соғүрлым үй ішінде, ауыл-аймағында беделді болады.
Егер ана табиғи ерекшеліктеріне байланысты үйдегі тәрбие жұмысында көбінесе сезімге, эмоцияға жүгінсе, ер кісі бала тәрбиесін ақылға салып, салқынқандылық танытып, сезімге бой алдырмай өмірімен байланыстыра жүргізеді. Әкелік сезімнің ең негізгісі - жауапкершілік сезімі. Осы сезімді болашақ үй иесі болатын ұл балада қалыптастырудың мәні үлкен. Сонымен қатар ұл баланы ағайын-туыстарға, ата-анаға, іні-қарындастарға қолқабыс жасауға үйретіп, оның бойына ерлік, батылдық, тәуекелшілдік сияқты ер адамға тән қасиеттерді сіңіру керек.
Жүсіп Баласағүн жетесіз үлдан жетелі құл артық, пайдасыз ұл жаудан жаман дей келіп, ата-аналарға мынадай кеңес береді:
Ұл-қызыңа үйрет білген білімді
Қолына ұстат кеудендегі күніңді.
Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды
Көңілі таза, көзі шоқтай жайнайды".
Сонымен қатар тәрбиенің күшіне шүбәсіз сенген ақын:
Балам білім жолын қусын десеңіз,
Бесігіңде ақ ілім шоғын көсеңіз...
Білім үйрет сәбиіңе сарыла,
Уыздай ұйып, сүттей сіңір қанына!
Сәбиінде көкірекке түйгені
Өлгенінше санасында жүреді!".
деп педагогикалық ой түйеді. Оқу-тәрбие ісінде балғын жастық табиғатын түсінуге жетелейді. Баланың ақыл-есінің, мінез-құлқының ерекшеліктерін еске алмайтын, олардың бәрін бір қалыпқа сыйғызу тәжірибесінен аулақ болуга шақырады. Ұлы ойшылдың салиқалы педагогикалық пайымдаулары ұрпақ тәрбиелеуде әркез есте үстайтын тағылымдар екендігі сөзсіз.
"Құтты биік" дастанындағы философиялық
және ағартушылық ойлар
ІХ-ХІІ ғасырларда Жетісу қоғамдық ой-дүниесіндегі көрнекті тұлғалардың бірі Жүсіп Баласағүн болды.
Түрік және парсы мәдениетінің нәрлі ұйытқысында туындап, араб дүниетанымының қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығармашылы-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік тарихи, ағартушылық-педагогикалық философиялық мұраттарын дүниеге келтірді. Оның "Құтты білік" атты кітабы - бограханов тілінде түрік сөздерімен жазылған өмірлік ақыл-ойдың педагогикалық, философиялық ескерткіші. Автор өзі айтқанындай, егер араб, тәжік тілдерінде мұндай кітап мол болса, ол біздің тіліміздегі даналықтардың (алғашқы) біртұтас "жиынтық мұрасы".
Ж. Баласағүн Түрік білімімен қатар парсы-тәжік және соғды бастау-ларын қамтыған терең білім алды. Жетісу қашаннан көішіенді әрі отырықшы, түрік және соғды, сондай-ақ басқа да мәдениеттердің тарихи біте қайнасқан орны болғанды. Сол себептен де ол көптеген ғалымдардың, саясатшылардың, ел билеушілері мен әскери басшылардың, көпестер мен қолөнершілердің дүниеге келген отаны болды. А.Ю. Якубовский былай деп жазды: Жерді мадени игерген аймақ пен дала арасында пайдалы байланыс болуына қолайлы жағдай Жетісудағыдай еш жерде қалыптасқан жоқ. Талас және Шу алқабында мәдениеті өркен жайған қалалар болды. Олардың ішінде, әсіресе, Тараз бен Баласағүн қалаларының орны ерекше.
Оңтүстік Қазақстан бұл кезде наным-сенімдердің, конфессиялардың алуандығымен ерекшеленеді. Тәңір, жер-су және Ұмай, сондай-ақ, шаманизм сияқты діни сенімдермен қатар, бұл аймақта, зорастризм, митра кулкті, манихей сенімдері қанат жайды, кейіннен бұған буддизм, несториандық бағыттағы христиан діні, ислам қосылды, мұның өзі діни берік түсініктің болғанын білдіреді. Жетісу тарихын зерттеуші біртұтас, сонымен қатар синкретті өмір болмысын көре алады. Бұл көрініс осы аймақта жоғары деңгейде дамыған Орхон-Енисей, Талас, Жетісу жазу таңбасы негізіндегі жазу мәдениетімен толыға түседі.
70
Баласағүн өз еңбегін түркі династиясының аса гүлденген кезеңі - Қараханидтер дәуірінде жазды. Ислам діні біріктіруші арна ретінде қалыптасып, әскери және мәдени экспансия қуатты қанағат құруға мүмкіндік берді. Кошпенділер мен егіншілердің шаруашыльқ байланысы нығайып, қалалар жедел есті. Мұның себебі - Қараханид билігі кезеңі – олардың кең байтақ империясында елеулі экономикалық, әлеуметтік, мәдени алға басушылық болды. Қолөнер, әдебиет пен мәдениет бұрын болып көрмеген дәрежеде өркендеді. Түрік тілінде аса жоғары көркемдік деңгейдегі шығармалар дүниеге келді. Соның бірі - "Құтты білік" шығармасы. Әр түрлі дүниелердің тоғысқан, әр түрлі мәдени ағымдардың өзара қабысып, бірін-бірі байытқан аймақта гүлденген мәдениет дамыды. Бұдан әкелген Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды дүр сілкіндірген белсенді және саяси-экономи-калық қатынастар болды. Әл-Фараби заманында ерекше әйгілене түскен табиғи және қоғамдық ғалымдар жедел қарқынмен дамыды. Исламның тарихи жеңісіне қарамастан әрқилы конфессиялар қатар өмір сүріп өлке мәдениетін байыта түсті, осының әсерінен исламның түрі де өзгеріске ұшырады. Тиімді экономикалық, сауда және мәдени жағдай тұрғындардың сауаттылығын көтереді, әр тілдерде кітаптардың таралуына әкеледі, оның ішінде түрік тілінде кітаптарда шықты. Мұның өзі гуманитарлық сұранымы жоғары халықтың, білікті дара тұлғалардың туып өсуіне ықпал етті, солардың өзі Орта Азия мен Қытайдың, Дешті Қыпшақ даласымен Мауеранахрдың арасын жалғастыратын маңызды керуен жолдары басып өтетін аймақтың мәдени қазынасының толығуына мол үлес қосты.
Оңтүстік Қазақстан философиясы Шығыс Ренессансы (қайта өрлеу) туының астында дамып, шығыс перипатетизміне үн қосты. Осы уақытта Шығыс философиясы Батыс философиясынан перипатетизмді қабылдай отырып, одан әдде қайда басым тұрған еді. Бұл, әсіресе, екінші ұстаз Әл-Фарабиге тән еді. Шығыс перипатетизмі жергілікті арнаның неғізгі филосо-фиясы болды. Әйткенмен, еуропоцентристер үнемі мұны Аристотель тұжырымдамасының көлеңкесі деп қабылдады. Баласағүн да Аристотельдің, Әл-Фарабидің, Ибн Синаның жолын қуа отырып, араб-мұсылмандық философия арнасына құйды. Шығыс ойы аса жоғары поэтикалық бейнелілігімен ерекшеленеді. Нақты философиялық еңбектерге қадам тартқан мамандар аз болғандығымен негізгі еңбектерді әдебиетшілер,
71
ақындар, ойшылдар, сопылар мен суниттер жазып қалдырды. Сондықтан да Жетісу мәдениетін қазіргіше айтсақ, Орталық Азияның немесе Орта Азия мен Қазақстанның жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі деп қабылдауға болады. Ерекше атап өтеріміз – Баласағұн еңбегінің түрік тілінде жазылғандығы. Бұл еңбек аймақта дәстүрлі белең алған араб тілдік жазудан алшақтап, түрік әдебиеті дамуының басы болды.
"Құтты білік" (Құтты білік) 1069 жылы автор Қашқар қаласында қызмет бабымен ауысқанда жазды. Қараханид Сарайы 85 тарау, 6.520 бәйіттен тұратын және 124 қосымша бәйіттен тұратын еңбекті жоғары бағалап, Баласағүнға бас кемеңгер, сарай министрі атағын берді.
Бұл жұмыс жайлы Кононов былай деп жазды: "Поэтикалық шымылдықтың ар жағынан, меңзеу буалдыры тереңінен сол заман адамдарының күнделікті тіршілігі көрініс берді. Өзінің насихаттық мәтелдерінде Жүсіп ойдан шығарылмаған, нақты бар өмірінен алынған олардың жарқын бейнелерін берді".
Бұл еңбекте ғылым мен мәдениеттің әр қилы салалары саяси жағының басымдылығымен әр қырынан ашылды, мінсіз қоғам қағидалары беріліп, үлкен өмірлік деректер жалпыланып, жазушы өмірінің дүниетанымдық негіздері ашылды. Белгілі бір теориялық тұжырымдар негізінде адамның өмір сүруінің нақты күнделікті бағыттары белгіленеді, өмір мәні пайымдалды. Осы бағыт-бағдар министрге, қолбасшыға хатшыға, елшіге қазынашыға, жазушы, жылнамашы, шарап қүюшы, аспаз, ғалым, емші, балгер, сиқыршы, жұлдызшы, көпес, қолөнерші, егінші, малшы, т.б. тән қасиеттерді сипаттағанда нақты көрініс тапты. Шығармада көтерілген әр түрлі қоғамдық топтарға жататын әр түрлі адамдар арасындағы қоғамдық мінез-құлық ережелері, билеуші мен бағынушы арасындағы қатынас қағидалары қоғамның әлеуметтік орнын айқындауда белгілі рөл атқарды. Өйткені, жүйелі түзілген адамгершілік қатынастардың қажеттілігін ашты. Мұнда қоғамда сол кездің өзінде бар әлеуметтік шындық көрініс тапты. Сондықтан да адам мен қоғамның айқын да нақты философиясы көзге ұрып тұр. "Құтты білік" әр тілде әр қилы болып аударылды. Әйтсе де, ерекше назар аударарлық нәрсе - кітап казақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрікмен, т.б. тілдердің бастауы болып табылатын ататүрік тілінде жазылды. Кітапты философиялық-танымдық тұрғыда қарастырғанды оның қазақ тілінде "Құтты білік" деген атаумен аударылуы неғұрлым жакын.
72
Жалпы алғанда, Баласағүн еңбегін әр қырынан, оныд ішінде этикалық, дидактикалық, эстетикалық және әдеби, лингвистикалық, этнографиялық, тарихи және танушылық мәнде қарастыруға болады, әйткенмен біз теориялық-гносеологиялық қисынынан гөрі өмірлік-практикалық шараларына (компонентіне) баса назар аударьш, танымдық-тәжірибелік моральдық жақтарына деп қоямыз.
Бұл парасат, әділет пен бақыт жайлы сұрақтарға өзіндік ізденістерімен түбірлі жауап берген "Құтты біліктің" орны меп маңызын айқындауға мүмкіндік береді.Танымның бастау көзі ретінде әділеттілік пен бостандыққа ұмтылу алынады. Ықылым заманнан бері таным белгісі саналған әділеттілік пен бостандықты білдіретін қайықтың қос ескегін күрей тартқан адам бей-несі еске түседі. Әділет дами келе заңдылықты ұғынуға, бостандыққа ұмтылуға, өзін - өзі тануға, сана-сезімге әкеледі. Заңдылық жолымен одан әрі даму соның ықпалымен кеңістік пен уақыт категориясын ұғынуға әкеледі, ал сана-сезім символ мен сан ұғымдарында ұласады. Танымның шешуші кезеңінде осыныд бәрі болмыс, кеңістік пен символистиканың бірігуімен түсіндіріледі, яғни ақиқатқа жету жолыныд одан айқын бірегейлігін білдіреді.
"Құтты біліктің" біздің қолымызға үш нұсқасы тиіп отыр. Веналық (гераттык) нұсқа 1439 ж.. Гератта көшірілген, Каир тізбесі Хирукв кітапханасында 1896ж. табылған, неғұрлым жетілдірілген Намалға (Ферғана) нұсқасы 1913 жылы табылған. Бұл еңбек өзінің дүниеге келген күнінен бастап-ақ оқырмандарға күшті әсер етті. Кітаппен танысқан адамдардың әрқайсысы өз талап-тілектеріне сай, қай жақта немесе қандай жағынан қарастырылуына орай әр түрлі атады. Мәселен "Мемлекет құттылығы", "Әмірші (багочинения) әкімшілігінің ережелері", "Бақытқа бөлену ғылымы", "Әмірлер тәжі" және т.б.
Еңбекте жалпы философиялық-әлеуметтік ағартушылық танымдар тәжірибелік және танымдық жақтарды біріктіретін кең ауқымды жобамен, мақсатты мүддемен іске асырылған. Бұл әлемді ғылыми немесе тарихи әдістен гөрі, көркем әдіспен игеруді дәріптеді. Мұнда негізінен символ мен сандарды бейлелеу (образ), меңзеу мен әсерлеуді, уақыт, кеңістік, шындық және постулатпен бірге қатар қолдану басым болды. Мұның өзі танымның көркем және ғылыми әдістерін ұштастыра қолданудың мысалы. Бұл ортағасырлық Шығыс ойшылдарына
73
тән үйлесім Баласағұн ғибратында суреткерлік және ойшылдық, ғұламаның және философиялық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғалым даналығының біртұтастығынан хабардар етеді.
Бейнелеуді қолдану әрбір адамның рухани байлықтарды игеруі мен қабылдауын, оның мінез-құлқының ішкі - сыртқы сырын ұғынуға мүмкіндік береді. Мәдениетті тануға осындай көзқарас ғұламаны осы мәдениет өкілдерін біріктіріп тұрған жалпы адами рухани байлықтардың (нақтырақ айтқанда) - мұрат, діні, этика, өнер және философияның мәнін саралауға алып кедді. Мейірім, ақиқат, сұлулық, ғылым және адам ұғымдарын бірлікте қарастыра отырып, ғүлама күрделі төрт ұғымды ерекше алады, оларға балама бейне ретінде түрікше ат қояды. Заңға хүзыр ететін Әділет-Күнтуды болса, Ақылға-Өгдүлміш уәзірдің баласы жүгінді. Бақытқа-Айтолды, Қанағатқа-Одғүрмыш (уәзірдің хенжейі) ие болды. Бұл атау ретіндегі балама бейнелердің өзіндік мәні бар, Мысалы: Әділет-шыққан күн, Бақыт-толған ай, Ақыл-Өгдүлміш белсенді өмір жолын ұсынса, Қанағат-Одғүрмыш, керісінше, бұл өмірден оқшауланады, тақуалықты, құдаймен қауышуды уағыздайды. Автордың сопылыққа жақындығы осыдан көрінеді. Өйткені, ол бір жағынан көшпелі қарахансу бектерінін, көзқарасын білдіре отырып, отырықшы халық арасындағы өз мұраттарын жүзеге асыру үшін қажетжалпы мұсылмандық қатаң шарттарды да уағыздады, екінші жағынан, қоғамның әлеуметтік және құқықтық кеселін, ақауын сынға алатын сопылыққа ден қойды.
Шығыс философиясы негізінен философиялық емес сипаттағы шығармаларға негізделген, өйткені қатаң бекітілген Батыстағыдай философиялық тұжырымның университеттік емес түрлі, бұл жерде философиялық емес қалыптағы философияның дамуы дүниеге келді. Философия мәдениеттің дүниетанымдық негіздерін ой елегінен өткізу арқылы жаңа мәнділікті дүниеге келтірді, осы әмбебап жаңа мәнділіктерді ақыл таразысына салып, философемдердің, яғни философиялық ұғымдар мен категориялардың жүйесін түзеді. Дегенмен, Шығыста пайымдаудың философиялық емес қалыптарының басымдылығынан бұл үғымдар дәстүрлі текстерде көмескіленіп мәнін теренде сақтаған. Шығармалар тақырып жағынан діни, көркем, қоғамдық-саяси, жаратылыстану ғылымына арналған немесе басқа да салаларды қамтиды. Бұл философиялық жүйелердің зерттеуін әлеуметтік-мәдени негізде құрып, дүниетанымдық мүддені танытатын шығармалардағы философ емдерді екшеп алу қажеттігін алға қояды.
74
Жалпы алғанда, философия адамзаттық мәдениеттің жеткен шегі мен алған биігінің дүниетанымдық әмбебаптығын зерделейді. Барлық адамдарға философияны игеру міндет емес, тек адам тіршілігін қалыптастыратын дүниетаным әмбебаптығын меңгеру ғана қажет екені белгілі. Сонымен, философия мәдениет күйзеліске ұшыраған шақта қажет. Осы кезенде философиялық пайымдаудың айқын әдісі, жоғары деңгейдегі философиялық жалпылаулардың қажеттігі туады. Ал, дәстүрлі, бір қалыпты дамушы мәдениет үшін философиялық емес қалыптағы философиялық ойламалдау тән.
"Құтты біліктің" бар төрт кейіпкері де ұлықтық пен кішіктік ізетін сақтай отырып, сұрақ-жауап жолымен тілдеседі. Өйткені, Күнтуды-әмірші, Айтодды-уәзір, Олар Әділетті, Бақытты, Ақыл мен Қанағатты көрсетеді. Құдіретті әмірші Күнтуды Айтолды уәзірлік қызметке шақырады. Ақ, адал қызмет еткен Айтолды өлген соң әкесінің орнына Өгдүлмішті қызметке алады. Әмірші одан ағасы Одғүрмышты да өкімет ісін араластыруды бірнеше рет өтінеді, бірақ Оғдүрмыш үш мәрте бас тартады.
Күнтуды мен Оғдүрмыш арасындағы күрделі басталған қатынастың соңы, өзара түсіністік пен сенімге ұласады. Бұл олардың өмірдің мәні мен дүниені мистикалық пайымдау жайлы әңгімелерінен көрініс табады.
"Құттың құбылмалығы мен дәулеттің баянсыздығы" (20-бәйіт), "Жігіттікке ашыньш, өкініп, қарттық, егделік хақында айтқандары" (6521-6564-6), "Заманның бұзылғаны, достардың жәбір-жапасы туралы" (6565-6604-6), "Кітап иесі Жүсіп ұлы Хажыб өзіне ақыл-кеңес береді" (6605-6645-б) деген бөлімдері ерекше көңіл аударады. Парасат пен Әділеттіліктің жанталасы жайын баяндайтын жолдарынан ақын қасіретті, осыдан келіп шығатын болмыстың жалғандығьш анық ұғыну, адамгершілігінің мәнсіздігін түсіну көрінеді.
Бұл сөзімді білімдіге арнадым,
Білімсіздің тілін ұға алмадым.
Білімсізбен ешбір сөзім жоқ менің,
Ей, білікті, қызметшіңмін мен сенің.
Бұл тұжырымдама Ф. Бэконның "білім қүдіреті" деген формуласына және И. Канттың "Өзіңнің тіршілік қағидаң сенің ерік-жігерің арқылы табиғаттың жалпы - көпшілік зандарымен ұшырасатындай іс істе" деген категориялық императивіне жақын. Билікке деген ұмтылысты Баласағүн әміршілердің ерекше құлқы ретінде түсінді. Бұл кейіннен 1819 жылы еуропалық жағдайда
75
өмірге деген ерік-жігер мен өмірлік күш ретінде ұсынылды. Табиғи және әлеуметтік құбылыстарды тығыз бірлікте қарастыра отырып, ойшылдың айтары - табиғат өзінің тағдыр-талабының тереңіне болмыс жүйесінің құпиясын бүккендігі. Бұл қүпия халықтың жан дүниесінің тереңінде ұялаған.
Ұлттар арасында жік түсуге себеп болған Баласағұнның шығуы тегі туралы этникалық таласқа айналған идеялары "бөліп ал да билік ет" деген қағиданы ұстаған патша үкіметінің саясатында берік көрініс тапты. Әйтсе де, жалпы адамзаттық рухани байлыққа жаңаша көзқарас, түркі тілдес халықтарды біртұтас деп тану барлық Ұлы түрік халқының қоғамдық ойының тарихын зерделеуге қолайлы жағдай жасады. Ғұламаның Отаны-Тараз, Шу, Отырар (Фараб), Есік-Көл, Ферғана, Шам (Ташкент), Қашқар, Шығыс Түркістан аймақтарын қамтитын түрік жері. Сондықтан да түріктердің бұдан әрі бөлшектенуі жөнсіз. Ол, негізінде, чигилей тайпасының ұлы. Бұл тайпа кейіннен қырғыздың да, қазақтың да құрамына кірген.
Баласагұнның жалпы философиялық танымы, оның қоршаған ортаға пессимистік көзқарасынан көрінеді. Бұл оның мистикалық ағым болып табылатын суфизмге жақындығынан еді. Жалпы бұл тенденция жаңалық та емес. Экклезиаст кезеңінен-ақ "таным қайғы туғызатыны" белгілі, ал қазақ мәдениетінің танымал зерттеушісі Ілияс Омаров былай деп жазды: "Жұмысқа берілген адам үшін өмір әрқашан өгей". Сонымен қатар сопылық Аллаға экстатикалық жақындау ретінде де қайшылықтарға да ие.
Қазақстанға ислам діні келгенге дейін Тәңірі, Жер-Су, Ұмай, митра культі, манихей сенімдері, буддизм, зороастризм, нестроиандық және яковиттік бағыттағы христиандық, шаманизм қалдықтары сақталған еді және IX ғасырдың ортасында Кутейба ибн Муслимнің басып кірген кезеңінен бастап аймақтың мұсылмандануы басталды. Діндердің мұндай көптігі жергілікті діндердің ықпалына ұшыраған мұсылмандықтың бұрмалануына әкеліп соқтырды. Бұл дүниенің қызығынан бас тартқан және тақуалыққа ден қойған кезең еді.
Қожа Ахмет Иассауидың шығармашылығында мейлінше айқын көрініс табатын бұл уағыз өзінің демократиялық бағдарымен ой иелерінің ықыласын аударды. Мәселен бұл жайында И. В. Стеблева былай деп жазады: "Мақсатына орай этикалық-дидактикалық трактат болғанымен Жүсіп Баласағүн дастаны аса
76
көркем әдеби шығарма больш табылады. Адам бақытының баянсыздығы мен тағдыр қатыгезді, адамның байлыққа тойымсыздығы сипатталған".
Егер "Құтті білікті" этикалық тұрғыдан қарастырсақ оның пәндік сүхбаттан айырмашылығы – мұнда қызмет етуші адамның қиналысы мен адамгершілігінен және парасаттылығынан бастау алатын ар-ождан басты нәрсе болып табылады. Этиканың онтологиядан және метафизикадан айырматылығының өзі адамның қайғы-қасіретке тап болған жан дүниесіне бойлауында жатыр. Баласағүн сондықтан да көбінесе кедейліктің, қайғы-қасіреттің тауқыметін тартқан адамдардың жан айғайын тақырыпқа арқау еткен. Сондықтан да гносеология мен ғылымдағы орталық ұғым ретіндегі ақиқаттың орнын этикада қасірет иеленген.
Баласағүн өзінің философиясында басқа барлық ғылымда да жалпы меншік жоқ деп көрсетті. Ойшыл адамзат болмысының мәселелерін арнайы зерделегенде ұстаз шәкіртінің бойынан өзінің бақталасын көре отырып, оның табысқа жетуіне мүлдем мүдделі емес екенін байқатты. Ғүлама "Құтты білікте" этика мен саясатта идеологияны ұйымдастырушылардың өктемдігі жиі кездесетіні жайлы ащы ой туйеді. Олар ғылымның жетістіктерін саралай қарайды, бірін өз мүдделеріне пайдаланса, енді бірін назардан тыс қалдырады, осынын, өзі ғұламаны өмірден торығушылыққа, түнілуге әкеледі. Билік иелері оның еңбегін жоғары бағалағанмен, Баласағұнның өзі олардың тарапынан түсінбеушілікке кездесіп, оның өмірін сарп еткен ісіне қауіп төніп отырды.
Қандай екен өлім деген бұл өмір?
Қайдан келдім, кайда, қалай жүремін?
Неге тудым, тұрса күтіп бір өлім?
Неге күлдім, қайғы барын білемін.
Ауыр не бар бұл өлімнен жаһанда?
Осылай деп өледі адам қашанда.
Алайда, осымен айналыса отырып, ғалам мен адамның бара-барлығы мұратын, идеясын қабылдай отырып, ол дәстүрлі түрде косметологиядан бастайды. Ғұлама бұл салада от, су, ауа және жер құдіреті (стихиясын) ретінде топталатын Зодиактық жұлдыз шоғырлары мұратын көздей отырғанымен, этикалық ой жүйесі ережелеріне көбірек мән береді. Жұлдыз әлемі мен жердің берік тәртіппен орналасуы ғалам үйлесімдігін көрсетеді. Көк сандық ішінен ақ сандық шығатындай ол жеті сферадан және адам әлемінен құралған. Адам ғарыштың бөлшегі ретінде
Достарыңызбен бөлісу: |