Педагогикалық институтының



бет3/7
Дата11.03.2017
өлшемі1,3 Mb.
#11382
1   2   3   4   5   6   7

Әйелдер хорының орналасу үлгісі


3. Хордағы әр түрлі дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анык шығуы хорды ұйымдастырудың негізгі принциптері болып саналады.

Ерлердің жоғарғы (жіңішке) дауысы – тенор /Т/



Ерлердің төменгі (жуан) дауысы – бас, баритон /Б/


Ерлер дауыстарынан қүралатын хор бірыңғай ерлер хоры деп аталады.


Ерлер хорының орналасу үлгісі

Ерлер мен әйелдердің немесе балалардың дауыстарынан кұралатын хор аралас хор болып саналады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Әйелдер хоры қандай дауыстардан тұрады?

  2. Хордың ерекшелігі қандай?

  3. Әйелдердің төменгі және жоғары дауыстары қалай аталады?

  4. Ерлер хоры қандай дауыстардан тұрады?

  5. Хордың ерекшелігі қандай?

  6. Ерлердің төменгі және жоғары дауыстары қалай аталады?

Әдебиеттер: [1]; [3]; [4 ];
4 дәріс

Дәріс тақырыбы: Вокалды-хор техникасы.

Дәріс мазмұны: 1. Вокалды-хор техникасы ұғымына сипаттама

  1. Дауыс аппаратын сақтау.

Мақсаты: вокалды хор техникасын меңгерту.

Кілттік сөздер: Техника. Вокалды хор.

1. Дирижерлерге хорды баскарып, шығарманың идеялык-көркемдік мазмұнын тыңдаушыларға дұрыс жеткізу үшін вокальды-хор техникасын колдана білу керек.

Вокальды-хор техникасы деп хор ансамблінің (түрлі дауыстардың) үйлесіп шығуын, дыбыс үндестігінің таза айтылуын (дикция) және түрлі нюанстарын бере алатын дағдыларды айтады. Қейбір хор коллективтері вокальды-хор техникасының шыңдалмауынан күрделі шығармаларды орындауда төмен деңгей көрсетіп жүр. Репертуардағы шығармалар хордың орындаушылык шеберлігіне лайық іріктелген және өз мүмкіндігіне сәйкес болғаны жөн. Сондықтан, жоғарыдағы атап өткен кемшіліктердің болмауы үшін хорға қатысушы әрбір әнші дауыс кұралын (аппаратын) жаксартуға, өз даусын күтіп, баптауға көңіл бөлгені дұрыс. Жеке әншінің дауыс аппаратына суык тигізуі салдарынан дыбыстың қырылдап таза шықпауы хордағы вокальдық жұмыстарды ауырлатады. Мұндай жағдай-ларда хор жетекшісі әншілерге қатаң талап коя білуі керек, сонымен бірге олардың әнді мәдениетті, сауатты етіп орындауына кеңес беріп, үнемі көмектесіп отырғаны абзал. Әрбір әнші өзінің даусын баптап, ән орындау техникасын дамытып, жетілдіріп отыруы үшін күн-делікті үзбей жаттығу жасаудың мәні зор. Бұл ретте хор басқарушысы хорға қатысушы-ларға қажетті әр түрлі музыкалык жаттығуларды таңдай білуі керек. Себебі, катысушы-лардың шеберлігінің шыңдалуына вокальдық жаттығулардың тигізетін пайдасы өте зор. Әрбір жаттығудың өзіндік ерекшелігі мен мақсаты болады.

Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстың бірқалыпты шығуына, тыныстың дүрыс алынуы-на және жуан дауысты дыбыстардың еркін созылып, ал дауыссыз дыбыстардың анық, қысқа айтылып орындалуына үнемі мән беріп отырған жөн. Әрбір буындағы дауысты дыбыс-тың дұрыс айтылуын қадағалау керек. Дикцияны жаттыктыру үшін әр түрлі буындарды (ди, да, ри, ра, мо, му, т. б.) ақырын және жылдам айтқызу өте-мөте пайдалы. Интонация-ның таза болуына ерекше көңіл аударған жөн.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

Вокалды-хор техникасы дегеніміз не болды?

Хорда ән салу техникасын қалай жетілдіруге болады?

Әдебиеттер: [1 ]; [4 ]; [ 3];
5 дәріс

Дәріс тақырыбы: Балалар хоры.

Дәріс мазмұны: 1. Балалардың жоғары және төмен дауыстары.

2. Балалар дауысын сақтау ережелері.



Мақсаты: Балалар хорының ерекшелігін ұғындыру.

Кілттік сөздер: Балалар хоры. Дискант. Альт.

1. Балалардың жоғары (жіңішке) даусы — сопрано. (Балалардың даусы дискант деп те аталады). Балалардың төменгі (жуан) даусы — альт. Балалар хорындағы сопрано партиясының дыбыс көлемі кіші октаваның ля, си ноталарынан екінші октаваның ми, фа ноталарына даейінгі аралықты қамтиды. Бірыңғай балалар хоры дискант немесе альт дауыстарынан тұрады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы диапазондарының өзгешеліктеріне байланысты. Балалар хорының дауыстары дыбыс көлемі жағынан кішілеу, сол сияқты үн шығару сипаты да әйелдер дауыстарына қарағанда нәзіктеу естіледі. Балалар хорындағы альт партиясының дыбыс көлемі кіші октаваның си нотасынан екінші октаваның ре нотасына дейінгі аралықтарды қамтиды.

2. Балалар дауысын сақтау аса маңызды. Дауысқа бала күнінен мән беріп, оны сақтап отырған жөн. Хорда ән айтар алдында тәтті тағамдар жеуден салқын су, балмұздақ жеуден немесе шемішке т.б. дауықа зиян келтіретін заттардан аулақ болуы керек. Ән айтудан 2-3 сағат бұрын жақсылап тамақтанып алған дұрыс. Тамаққа салқын тигізбей, дауысты күтіп ұстау қажет. Ер балалардағы мутация құбылысы кезінде балаларға көп ән айтқызуға болмайды. Бұл кезеңде ән айту дауысты жойып жібереді.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

Балалар дауысы несімен ерекшеленеді?

Балалар дауыстары қалай аиталады?

Дауысты қалай күтуге болады?



Әдебиеттер: [1]; [7]; [ 8];
6 дәріс

Дәріс тақырыбы: а саpellaлық орындауға арналған шығармалар.

Дәріс мазмұны: 1. а саpella туралы түсінік.

2. «Бір бала» халық әнін тыңдау.

3. К.Қуатбаев «Отаным» әнін орындау.

Мақсаты: а саpella термині туралы түсінік.

Кілттік сөздер: а саpella

1. а саpella – акаппела- шығармаларды аспапсыз орындау деген мағынаны береді. Ол алғаш шіркеулік ән айту үлгісі аспапсыз басталды. Молитваларды аспаптың көмегімен бір дауыста орындады. Кейіннен бұл акапеллаға айналды. Капеллалар орта ғасырда котолик шіркеуінде пайда болды. Кейін бұл атау хорға берілді. Алғашында капелла шығармаларды аспапсыз, вокалдық түрде орындады.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. а саpella дегеніміз не?

  2. Аспапсыз орындалатын шығармаларды ата?

Әдебиеттер: [1]; [7];

7 дәріс



Дәріс тақырыбы: Хор түрлерінің құрамына қарай бөлінуі.

Дәріс мазмұны: 1. Кіші хор.

2.орта хор.

3. Үлкен хор.

Мақсаты: Хор түрлерінің құрамына қарай бөліну ерекшеліктерін түсіндіру.

Кілттік сөздер: Кіші. Орта Үлкен хорлар.


  1. хор түрлері құрамына қарай кіші, үлкен, орта хорлар болып бөлінеді. Кіші немесе камералық хор дегеніміз –аты айтып тұрғандай шағын адамдардың тобынан құралған ұжым. Құрамында 12 адамнан құралады.

  2. Орта хор бұл кіші және үлкен хор аралығындағы хор түрі. Құрамы 25-тен 80-ге даейінгі адамдардан құралады.

  3. Үлкен хор кең тараған хор түрі. Құрамындағы адамдар саны 54-тен 150-ге даейін барады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Кіші хор ерекшелігін ата.

2.орта хор ерекшелігін ата..

3. Үлкен хор ерекшелігін ата..



Әдебиеттер: [ 2]; [ 4]; [ 5];
8 дәріс

Дәріс тақырыбы: Тыныс ала білу әдістері.

Дәріс мазмұны: 1. Демді дұрыс ала білу тәсілі.

2.Тізбекті дем алу.



Мақсаты: Хорда дұрыс дем алып, ән сала білуге баулу.

Кілттік сөздер: Тізбекті дем алу.

1. Хорға қатысушы әншілердің жеке дауыстары жақсы болғанымен, ән айту кезінде ты-нысты дұрыс ала білмесе, хор өзінін мүмкіндіктерін толық көрсете алмайды. Әншінің ты-нысты дұрыс ала білуі оның әнді орындағанда қи.налмай, еркін айтуына көмектеседі. Ән айтарда иықты көтермей, демді іште үстап тұрып, аз кідіріп барып тыныс алғаннан кейін бірден бастап кету керек.

Мұндай кідіріс әншілердін демін реттеуге және әнді дирижердің колына қарап бір мез-гілде бастауға мүмкіндік береді. Әнді айтканда демді үнемдеп пайдалану керек. Демді дұрыс алудың тәсілін хор жетекшісінің іс жузінде көрсеткені дұрыс.

Тыныс алу әдісіне төменде бірнеше мысалдар келтірілді. Сол мысалдарды орындаған кезде дирижер әрбір әншінің ән айтуының дұрыстығын кадағалап, тыныс алу жайын д.і остеріне салып отырғаны жөн.

Дыбыстардың аралары паузамен (тыныс алу) бөлінген бұл мысалда әншілер әуенді кысқа-қыска дыбыстарға үзіп, тыныс алуды жаңартып отырады.

Қөрсетілген әдісті нотамен берілген гаммаларда, не болмаса кез келген бір дыбыста айтып колдануға да болады.



Хорда тыныс ала білуді үйретуде дирижер колының қимылы үлкен роль атқарады. Ол әншілердің әнді бір мезгілде орындауына көмектеседі.

2. Қейбір хор шығармаларын орындаудағы кажетті тәсілдердің бірі — тізбекті дем алу әдісі. Мұндай әншілер ән айту кезінде бірінен соң бірі кезекпе-кезек тыныс алады. Мұндай әдіс хор шығармаларының үздіксіз айтылуын камтамасыз етеді. Тізбекті дем алу, әсіресе, созылыңқы әндерді орындауда өте тиімді болып саналады.







Тізбекті дем алу әдісіне хорға едәуір ұзақтау гаммаларды паузасыз (үзіліссіз) айтқызу арқылы дағдыландыруға болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет