Педагогикалық институтының


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі



бет2/7
Дата03.02.2017
өлшемі1,29 Mb.
#8591
1   2   3   4   5   6   7

3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрлері

Тапсырма мазмұны мен мақсаты

Ұсынылған әдебиеттер

Орындалу мерзімі және тапсыру уақыты

Балл

Бақылаудың формасы

1

ОЖСӨЖ орындау

Теориялық білімдерін тексеру

[1-25]


1-15 апта

0,6

Ауызша, жазбаша

Шығармашылық жұмыс



2

СӨЖ орындау

/реферат немесе баяндама/ т.б.


1.Қазақстандағы ән салу мәдениетінің дамуы.

2. Қазақ халық әндерінің тәрбиелік мәні.


3. «А.Жұбановтың музыкаға қосқан үлесі».
4.К.Дүйсекеев шығармалары.
5Балалар сазгерлері» /Баяндама/.




1-15 апта

0,6


Жазбаша

Жазбаша

Жазбаша

Жазбаша


Жазбаша


3

Шығармашы-лық жұмыстар


И.Нүсіпбаев «Айналайын ақ мамам» әніне аннотацтя жазу.

Балаларға арналған әндерді жинау.

К. Қуатбаев «Ақ әжем» әніне аннотация жазу.
1. «Қандай әсем гүл» сөзіне дауыс жаттықтыруға арналған көрнекіліктер жасау.

К.Дүйсекеевтің «Ана» әніне аннотация.


«Көшедегі жаңбыр» әнінің дирижерлық сеткасына қол жаттықтыру.
Ақан сері әндері жинақтау
Дүйсекеев «Солдат болма мен ертең» әнінің өлшеміне дирижерлап, аннотация жазу.

К.Қуатбаев «Ел қорғауға әзірміз» әніне аннотация жазу.


Ж. Еңсепов әндерін жинау.





3, 5, 7, 10, 13 апталарда

1,2

Шығармашылық жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс
Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс




4

Глоссарий


Жыл бойы алған білімдерін бақылау

[1-25].

2-6-14 апталар

2

Ауызша және орындап көрсету



4. Пәннің оқу - әдістемелік қамтылу картасы




Әдебиеттер тізімі

Қамтылу дәрежесі

Кітапханада

Кафедрада

Электронды түрі

Студенттердің қамтылу пайызы

1

Абдуллин Э.Б. Теория и практика музыкального обучения в общеобразовательной школе.-М., 1983.

о/з -2-№5ғимараты


5 %


2

Айтова Б.З. Хор және дирижерлау пәніне арналған оқу құралы.-Алматы, 2003.




+






3

Алиев Ю.Б. Методика музыкального воспитания детей. – Воронеж, 1998.


о/з -2-№5ғимараты







5%

4

Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед,инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983.-224с

о/з -2-№5ғимараты







50%

5

Асафьев Б.В. Музыкальная форма как процесс. –Л., 1971.-Кн. 1, 2.

о/з -2-№5ғимараты







50%

6

Безбородова Л.А., Алиев Ю.Б. Методика преподавания музыки в общеобразовательных учереждениях: Учеб.пособие для студ. Муз фак.педвузов.-М.: Изд.центр «Академия», 2002.

о/з -2-№5ғимараты







50%

7

Дмитреева Методика музыкального воспитания в школе: учеб. Пособие для студентов пед,инст по спец «музыка и пение».-М.: Просвещение, 1983.-224с

о/з -2-№5ғимараты







50%

8

А.Жұбанов Музыкадағы алғашқы адым. 80б.




+







9

Кабалевский Д.Б. Как рассказывать детям о музыке? М., -1989.

о/з -2-№5ғимараты







10 %

10

Осеннева М. С., Безбородова Л.А. методика музыкального воспитания младших школьников: Учеб. пособие для студ. Нач. Фак. Педвузов.-М.: Издательский центр «Академик», 2001.-368.

о/з -2-№5ғимараты







50%

11

Б. Жакеева Хор үйірмесімен жұмыс. Алматы «Өнер» 1988.

о/з -2-№5ғимараты










12

И.Нүсіпбаев Мектеп вальсі Алматы- Өнер1981.

о/з -2-№5ғимараты










13

Байділдаев Ө Музыка сабағы. Орта мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. –Алматы “Рауан” 1997.

о/з -2-№5ғимараты













Балтабаев М., Өтемұратова Б «Елім-ай» бағдарламасы бойынша методикалық құрал. Алматы, «Атамекен», 1993.

о/з -2-№5ғимараты










14

Музыка: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық /А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ж.Еңсепов, Ж.Сәрсембенов. 2-басылымы.-Алматы: Атамұра, 2005.-144бет, суретті, ноталы.

о/з -2-№5ғимараты










5. Дәріс мәтіндері

1 дәріс



Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Вокалды хор тәрбиесі.

Дәріс мазмұны: 1. Вокалды ән салу өнері.

2. Қазақстандағы хор капелласы.



Мақсаты: Вокалды хор тәрбиесі пәнінмен таныстыру.

Кілттік сөздер: Вокал. Хор.

1. Қазақтың халықтық музыка өнері саласында шалқар сахара, дархан даладай кең тараған бір жанр бар. Ол -ән.

Қай халық болсын өзінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен дамытуға тырысады, оны жаңа дәуір, жаңа заман әкелген жаңалықтарымен сабақтастыра отырып байытады. Жаңа дәуір жаңа туындыларды талап етті. Кәсіби музыканың бұрын-соңды халқымызға белгісіз жанрлық түрлері, орындаушы ұжымдар, вокалдық әншілік мектеп, хор айту мәдениеті, музыкатану саласы қалыптасты.

Ән, ұлттық ән дәстүрі, ән өнерінің жаңалық ерекшеліктеріне арналды.

Солардың бірі – вокалдыө өнер, яғни ән салу. Халқымыздың дәстүрі бойынша әнді домбыраның сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз жеке немесе бірнеше адамдар қосылып та орындаған. Әдетте әншілер әнді бір-бірінен ауызекі түрде үйреніп қабылдайтын. Бұл ұлттық ән салу өнеріндегі негізгі бір ерекшелік болып табылады. Жиырмасыншы, әсіресе отызыншы жылдары, қазақтың байырғы унисондық бір дауысты, жеке айтылатын ән дәстүріне жаңалықтар кіре бастады. Ән тұңғыш рет аспап сүйемелдеуімен, оркестрмен, көп адамдардың топтасуында бірнеше дауыстарда айтыла бастады.

Қазіргі кезде қалыптасқан түрлі вокалдық-әншілік мектептер бар. Бұнда талантты әншілер ән өнерімен маманданып, вокалдық пысықтау, жаттығу арқылы дауыс ауқымын кеңейтіп, әншілік үн күшін, регистрлік үн қатарын арттырады. Сол сияқты вокалдық өнерде дауыстың кібіртіктігін, кедір-бұдырын жоюға және оның үн тегістігін қалыптастыруға да назар аударады.

Бүгінде вокалдық әншілер дүниежүзілік классикалық музыкалық шығармаларды орындау дәрежесіне қол жеткізді. Күлаш Байсейітова, Байғали Досымжанов, Рашид Абдуллин, Бибегүл Төлегенова, Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев т.б. сынды республикамыздағы вокалдық үлгінің көрнекті өкілдерінің өнері тек елімізге ғана емес, шетелдерге де аян.

Әнді қосылып айтуды халқымыз той-жиындарда, ойын-сауықтарда екі жаққа бөлісе кетіп, бірі бастап, қалғандары қостап, әншілерге дем беріп отырған. Қазіргі таңда хор айту өнері, хор жанры жан-жақты дамып отыр. Қазақтың мемлекеттік хор капелласы құрылды.


2. Қазақ әндеріпің профессионалдық салаларының бірі — хор өнері.

Жиырмасыншы жылдардың алғашқы кезінен бастап-ақ Қазақстанның жер жерлерінде —Әулие-Ата (Жамбыл), Қарқаралы, Семей, Қызылорда, Ақмола, Павлодар, Оралда көркемөнерпаздардың музыкалық және әдеби-сауық кештері ұйымдастырыла бастады. Мұндай кештерде жеке әншілер, тақпақшылармен қатар топталып, біріне-бірі қосылып ән салушы — хор айтушылар да өз өнерлерін көрсетті. Мәселен, Орынборда алғашқы қазақ хорын ұйымдастырушылардың бірі музыкалық қабілеті зор, өнер сүйгіш Райымбек Мақатаев болса, Ташкентте Құрманбек Жандарбеков қазақ жас-тары хорын ұйымдастырды. Ал осы жылдары ұлттық ән-күй қазынасын жииауға байланысты қазаң арасына мейлінше мол араласқан Александр Викторович Затаевичтің мәлімдемелері Қостанай мен Орынборда қазақ қыздарының хор айтулары сияқты жиырмасыншы жылдары қазақ тілінде шығатын «Ақ жол» газетінде жарияланған көптеген деректер сол кездегі «Сауык кештерінің» көбінесе қосылып хор айтумен аяқталатынын айкындайды. Міне, бұл жайлар қосылып ән салу өнерінің халкымызға жат еместігін байқатады. Отызыншы жылдың бас кезінен хор айту тәсілі професепоналдык жолға бет алды. Ән салушылар тобының үні жуанды-жіңішкелі әйел дауыстары, ерлер дауыстары болып, лебіз үндестіктеріне лайық заңдылық қалпына түсті.

Республикамызда хор өнерін ұйымдастыруда әр кезеңде әр түрлі мамандар жұмыс атқарды. Мәселен, белгілі композитор Л. Хамиди бұл салада кезінде қажырлы еңбек етті. Хор өнерінің нағыз профессионал мамандары Борис Васильевич Лебедов пен Галина Евгеньевна Виноградованың еңбектерін де сүйсіне атаймыз.

Қазір республикамызда хор өнері жан-жақты дамып келеді. Мемлекеттік хор капелласының құрылуы осының жарқын бір айғагы іспетті.

Қазақтың мемлекеттік хор капелласы (аспап сүйемелінсіз айтылатын хор) 1939 жылы ұйымдастырылды. Сөйтіп, республикамызда тұңғыш вокалдық ән салу өнерінің жаңа жанры туды.

Алғашқы кезде аспаптың сүйемелінсіз хор айту коллективке аса жеңіл тимеді. Хор үйренудегі жан-жақты процестерді бірден меңгеріп кету қазақ капелласына қиынырақ соқты. Бұл жайларды жақсы түсінген капелла жетекшілері творчестволық коллективтің қалайда алға талпынып, өсу жолдарын қарастырады. Дауыстың бірыңғай тегіс шығуы, ән айтқанда сөздің тыңдаушыларға анық жетуі, нақыш-бояулардың өзара үндесу үйлесімдігі сияқты хор өнерініц ішкі профессионалдық ерекшеліктерін өз мүмкіншіліктеріише игеруге қатты көңіл аударды. Осындай іздену, толысу арқылы Қазақ мемлекеттік хор капелласы көп ұзамай профессионалдық хор коллективіне айналады. Қазіргі кезде Қазақ мемлекеттік хор капелласы — қанатын кең жайып, жаңа белеске шыққан нағыз творчестволық профессионал коллективтердің бірі.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Вокал термині қандай мағына береді?

2. Вокалды хор тәрбиесі дегеніміз не?

3. Пән нені зерттейді, неге тәрбиелейді?



Әдебиеттер: [ 1]; [2 ]; [3 ]; [4 ];
2 дәріс

Дәріс тақырыбы: Хор және оның түрлері.

Дәріс мазмұны: 1. Хор жөнінде түсінік.

2. Хордың түрлері.



Мақсаты: Хор және оның түрлерімен таныстыру.

Кілттік сөздер: Хор, академиялық хор, халықтық хор, хор партиялары.

көп адамдар тобы

1. ұжым

әншілердің тобы ән салу


Әр түрлі дауыстардан

Ән салу – таңғажайып өнер. Ән салуды немесе ән тыңдауды сүймейтін жан табу мүмкін емес. Ән айтудың бір түрі – хормен ән салу.

2. Хор - әр түрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып, ұйымдасқан коллектив. Оларды творчествалық бағыттарына қарай екі түрге бөлуге болады:

1. Академиялық немесе капеллалар

2. Халық хорлары

Хорлардың бір – бірінен айырмашылығы орындаушылық шеберліктеріне, ән айту үлгісі мен репертуар характеріне байланысты.

Халық хорлары – халықтық стильге бейім, шығармаларды халықтық үлгіде орындайды.

Академиялық хор – көп дауыста қосылып ән айтудың техникасын меңгерген, ән салу теориясын жетік білетін, әнді жинақы, жабық дауыспен айтып жаттыққан коллектив.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Хор дегеніміз не?

  2. Хордың қандай түрлері бар және олардың бір-бірінен айырмашылығы бар?

  3. Академиялық, халықтық т.б. хор түрлері.

Әдебиеттер: [ 1]; [2 ]; [3 ]; [4 ];
3 дәріс

Дәріс тақырыбы: Хор партияларын құрайтын дауыстар.

Дәріс мазмұны: 1. Әйелдердің жоғары дауыстары.

2. Әйелдердің төменгі дауыстары.



Мақсаты: Хор партиясын құрайтын дауыстар, оның ішінде ерлер және әйелдер дауыс ерекшелігімен таныстыру.

Кілттік сөздер: Сопрано. Альт. Тенор. Бас. Баритон.

1. Хорға қатысушы әрбір әншінің дауысы тек өзіне тән болуымен қатар үнінің қатқыл не жұмсақ, зор не бәсең дауыс көлемінің кең не болмаса шағындығымен дараланады. Осы айтылған қасиеттерге байланысты профессионал әншінің ән айтқанда еркін алатын белгілі дауыс көлемі (диапазоны) болады. Диапазонына қарай хор партияларын төмендегідей дауыстарға бөлеміз:

Әйелдердің жоғарғы (жіңішке) дауысы – сопрано /С/

Хор үшін сопрано партияларының ролі өте маңызды. Хорда көбіне негізгі әуенді осы партия орындайтын болғандықтан, оның дауыстық сапасы жоғары, бояуы қанык, үні куатты, жарқын, жеңіл және жүрдек болып келуі шарт. Сопрано партиясының жиі қолданылатын дыбыс аумағы — бірінші октаваның до нотасы мен екінші октаваның ля нотасының аралығы.



2. Әйелдердің төменгі (жуан) дауысы – альт /А/


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет